Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру салаларындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 11 маусымдағы № 376 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 14 шілдеде № 11671 болып тіркелді

Қолданыстағы

      «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Мыналар:
      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес «Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша оқыту үшін жоғары оқу орындарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес «Жоғары білім беру бағдарламалары бойынша оқыту үшін жоғары оқу орындарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
      3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес «Жоғары оқу орындарындағы білім алушыларға жатақхана беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
      4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес «Жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылар құрамы мен ғылыми қызметкерлері лауазымдарына орналасу конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.
      2. «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру салаларындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 17 маусымдағы № 227 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9558 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінің 2015 жылғы 21 қаңтардағы № 12 (28490) санында жарияланған)) күші жойылды деп танылсын.
      3. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім, халықаралық ынтымақтастық департаменті (С.С. Ысмағұлова) белгіленген заңнамалық тәртіппен:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін осы бұйрықты ресми жариялауды;
      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау білім және ғылым вице-министрі Т.О. Балықбаевқа жүктелсін.
      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Білім және ғылым министрі                  А. Cәрінжіпов

Қазақстан Республикасы  
Білім және ғылым министрінің
2014 жылғы 11 маусымдағы  
№ бұйрығына 1-қосымша   

«Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша
оқыту үшін жоғары оқу орындарына құжаттар қабылдау және оқуға
қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1. Жалпы ережелер

      1. Мемлекеттік қызметті жоғары оқу орындары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 10 сәуірдегі № 189 бұйрығымен бекітілген «Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша оқыту үшін жоғары оқу орындарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11286 болып тіркелген) (бұдан әрі - Стандарт) негізінде көрсетеді.
      2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде.
      3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі - түсу емтихандарының қорытындысы бойынша конкурстық іріктеуден өткен тұлғаларды жоғары оқу орындарына қабылдау туралы бұйрық.

2. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің
(қызметкерлерінің) мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі
іс-қимыл жүргізу тәртібінің сипаттамасы

      4. Көрсетілетін қызметті алушының Стандарттың 9-тармағына сәйкес құжаттар топтамасын (бұдан әрі - құжаттар топтамасы) ұсынуы мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімнің (іс-қимылдың) басталуына негіз болып табылады.
      5. Мемлекеттік қызмет корсету процесінің құрамына кіретін рәсімдер (іс-қимылдар):
      1) жоғары оқу орнының қабылдау комиссиясының (бұдан әрі - ЖОО-ның қабылдау комиссиясы) техникалық хатшысы көрсетілетін қызметті алушының ұсынған құжаттар топтамасын 15 минут ішінде қабылдайды және оның толықтығын тексереді;
      2) жоғары оқу орнының қабылдау комиссиясының техникалық хатшысы 15 минут ішінде көрсетілетін қызметті алушыға құжатты қабылдаушы тұлғаның тегін және аты-жөнін, сондай-ақ мөртабан, кіріс нөмірі мен күнін көрсете отырып, қолхат береді;
      3) жоғары оқу орнының қабылдау комиссиясының техникалық хатшысы көрсетілетін қызметті алушының деректерін жоғары оқу орнының (бұдан әрі - ЖОО) деректер базасына енгізеді және көрсетілетін қызметті алушыға 2 сағат ішінде тіркеу нөмірін береді;
      4) көрсетілетін қызметті алушы бекітілген кестеге сәйкес түсу емтихандарын тапсырады;
      5) түсу емтихандарының қорытындысы бойынша ЖОО-ның басшысы 25 тамыздан кешіктірмей түсу емтихандарының қорытындысы бойынша конкурстық іріктеуден өткен тұлғаларды жоғары оқу орнына қабылдау туралы бұйрық шығарады.
      6. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімдер нәтижелері келесі рәсімдерді орындауды бастау үшін негіз болады:
      1) қабылдау комиссиясының техникалық хатшысының құжаттар топтамасын қабылдауы және тексеруі;
      2) қабылдау комиссиясының техникалық хатшысының көрсетілетін қызметті алушыға құжаттар топтамасының қабылданғаны туралы қолхат беруі;
      3) қабылдау комиссиясының техникалық хатшысының көрсетілетін қызметті алушы деректерін ЖОО деректер базасыны енгізуі;
      4) көрсетілетін қызметті алушының түсу емтихандарын тапсыруы;
      5) ЖОО басшысының түсу емтихандарының қорытындысы бойынша конкурстық іріктеуден өткен тұлғаны жоғары оқу орнына қабылдау туралы бұйрығы.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ЖОО-ның қабылдау
комиссиясымен өзара іс-қимыл жүргізу тәртібінің сипаттамасы

      7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне көрсетілетін қызметті берушінің келесі құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлері) қатысады:
      1) ЖОО қабылдау комиссиясының техникалық хатшысы;
      2) ЖОО-ның басшысы.
      8. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлері) арасындағы рәсімдердің (іс-қимыл) реттілігінің сипаттамасы:
      1) ЖОО-ның қабылдау комиссиясының техникалық хатшысы көрсетілетін қызметті алушының ұсынған құжаттар топтамасын 15 минут ішінде қабылдайды және оның толықтығын тексереді;
      2) ЖОО-ның қабылдау комиссиясының техникалық хатшысы 15 минут ішінде көрсетілетін қызметті алушыға құжатты қабылдаушы тұлғаның тегін және аты-жөнін, сондай-ақ мөртабан, кіріс нөмірі мен күнін көрсете отырып, қолхат береді;
      3) ЖОО-ның қабылдау комиссиясының техникалық хатшысы көрсетілетін қызметті алушының деректерін ЖОО-ның деректер базасына енгізеді және көрсетілетін қызметті алушыға 2 сағат ішінде тіркеу нөмірін береді;
      4) көрсетілетін қызметті алушы бекітілген кестеге сәйкес түсу емтихандарын тапсырады;
      5) түсу емтихандарының қорытындысы бойынша ЖОО басшысы 25 тамыздан кешіктірмей, түсу емтихандарының қорытындысы бойынша конкурстық іріктеуден өткен тұлғаларды жоғары оқу орнына қабылдау туралы бұйрық шығарады.
      Әрбір рәсімнің ұзақтығын көрсете отырып, әрбір іс-қимылдан (рәсімнен) өту блок-сызбасы және рәсімдердің (іс-қимылдардың) жүйелілік сипаттамасы «Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша оқыту үшін жоғары оқу орындарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне (бұдан әрі - Регламент) 1-қосымшада келтірілген.

4. Халыққа қызмет көрсету орталығымен және (немесе) басқа да
көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл жүргізу
тәртібінің сипаттамасы, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету
процесінде ақпараттық жүйелерді қолданудың тәртібі

      9. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету процесінде халыққа қызмет көрсету орталығымен және (немесе) басқа да көрсетілетін қызметті берушімен өзара іс-қимыл жүргізбейді.

«Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру 
бағдарламалары бойынша оқыту үшін жоғары
оқу орындарына құжаттар қабылдау және оқуға
қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет
регламентіне 1-қосымша         

Әрбір рәсімнің ұзақтығын көрсете отырып, әрбір іс-қимылдан
(рәсімнен) өту блок-сызбасы және рәсімдердің (іс-қимылдардың)

Қазақстан Республикасы  
Білім және ғылым министрінің
2015 жылғы 11 маусымдағы 
№ 376 бұйрығына 2-қосымша 

«Жоғары білім беру бағдарламалары бойынша оқыту үшін жоғары оқу
орындарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет регламенті

1. Жалпы ережелер

      1. Мемлекеттік қызметті жоғары оқу орындары (бұдан әрі - ЖОО) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 189 бұйрығымен бекітілген «Жоғары білім беру бағдарламалары бойынша оқыту үшін жоғары оқу орындарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11286 болып тіркелген) (бұдан әрі - Стандарт) негізінде көрсетеді.
      2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электронды (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
      3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі - жоғары оқу орындарына қабылдау туралы бұйрық.

2. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің
(қызметкерлерінің) мемлекеттік қызмет корсету процесіндегі
іс-қимыл жүргізу тәртібінің сипаттамасы

      4. Көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасын (бұдан әрі - құжаттар топтамасы) ұсынуы мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімнің (іс-қимылдың) басталуына негіз болып табылады.
      5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін рәсімдер (іс-қимылдар):
      1) жоғары оқу орнының қабылдау комиссиясының (бұдан әрі - ЖОО-ның қабылдау комиссиясы) көрсетілетін қызметті алушыдан тікелей немесе портал арқылы келіп түскен мемлекеттік қызметтерді алуға арналған құжаттар топтамасын қарауы және көрсетілетін қызметті алушыға құжатты қабылдаған тұлғаның тегін, аты-жөнін, сондай-ақ мөртаңбаны, кіріс нөмірі мен күнін көрсете отырып, құжаттарды қабылдағаны туралы қолхатты немесе электронды хабарламаны 15 минут ішінде беруі;
      2) ЖОО-ның қабылдау комиссиясы шарттар мен талаптарға сәйкестігін тексергеннен кейін ЖОО 30 минут ішінде көрсетілетін қызметті алушымен білім беру қызметін көрсету (ақылы немесе білім беру гранты бойынша (ауылдық квота) туралы шарт жасасады;
      3) ЖОО-ның көрсетілетін қызметті алушының сауалнамалық деректерін ЖОО-ның деректер базасына 30 минут ішінде енгізуі (талапкердің сауалнамалық деректері, ҰБТ немесе ТКТ сертификаты, білім беру грантын алу туралы куәліктің № (нөмірі);
      4) сауалнамалық деректер ЖОО-ның деректер базасына енгізілгеннен кейін 25 тамыздан кешіктірмей, ЖОО басшысының көрсетілетін қызметті алушыны ЖОО-ға қабылдау туралы бұйрығы шығарылады.
      6. Мынадай рәсімдерді орындауды бастауға негіз болатын мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі рәсімдердің нәтижелері:
      1) ЖОО қабылдау комиссиясының құжаттарды қарауы және көрсетілетін қызметті алушыға құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат немесе электронды хабарлама беруі;
      2) ЖОО-ның қабылдау комиссиясы шарттар мен талаптарға сәйкестігін қарағаннан кейін ЖОО мен көрсетілетін қызметті алушы арасында білім беру қызметін көрсету туралы шарт жасау жүзеге асырылады;
      3) ЖОО-ның көрсетілетін қызметті алушының сауалнамалық деректерін ЖОО-ның деректер базасына енгізуі;
      4) көрсетілетін қызметті алушыны ЖОО-ға қабылдау туралы бұйрықты шығару.

3. Көрсетілетін қызметті алушының ЖОО-ның қабылдау
комиссиясымен мемлекеттік қызмет көрсету процесінде өзара
іс-қимыл жүргізу тәртібінің сипаттамасы

      7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне көрсетілетін қызметті берушінің мынадай құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлері) қатысады:
      1) ЖОО-ның қабылдау комиссиясы;
      2) комиссия хатшысы;
      3) ЖОО басшысы.
      8. Көрсетілетін қызметті беруші мен көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет корсету кезінде жүгіну тәртібі мен рәсімдер (іс-қимылдар) кезектілігінің сипаттамасы:
      1) ЖОО қабылдау комиссиясының көрсетілетін қызметті алушыдан тікелей немесе портал арқылы келіп түскен мемлекеттік қызметтерді алуға арналған құжаттар топтамасын қарауы және көрсетілетін қызметті алушыға құжатты қабылдаған тұлғаның тегін, аты-жөнін, сондай-ақ мөртаңбаны, кіріс нөмірі мен күнін көрсете отырып, құжаттарды қабылдағаны туралы қолхатты немесе электронды хабарламаны 15 минут ішінде беруі;
      2) ЖОО-ның қабылдау комиссиясы шарттар мен талаптарға сәйкестігін қарағаннан кейін ЖОО көрсетілетін қызметті алушымен білім беру қызметін көрсету (ақылы немесе білім беру гранты бойынша (ауылдық квота) туралы шарт жасасады;
      3) ЖОО-ның көрсетілетін қызметті алушының сауалнамалық деректерін ЖОО-ның деректер базасына 30 минут ішінде енгізуі (талапкердің сауалнамалық деректері, ҰБТ немесе ТКТ сертификаты, білім беру грантын алу туралы куәліктің № (нөмірі);
      4) сауалнамалық деректер ЖОО-ның деректер базасына енгізілгеннен кейін 25 тамыздан кешіктірмей, ЖОО басшысының көрсетілетін қызметті алушыны ЖОО-ға қабылдау туралы бұйрығы шығарылады.
      Әрбір рәсім қызметін көрсете отырып, әрбір іс-қимылдан (рәсімнен) өту блок-сызбасы және рәсімдердің (іс-қимылдардың) жүйелілік сипаттамасы «Жоғары білім беру бағдарламалары бойынша оқыту үшін жоғары оқу орындарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне (бұдан әрі - Регламент) 1-қосымшада келтірілген.

4. Халыққа қызмет көрсету орталығымен және (немесе) басқа да
көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл жүргізу
тәртібінің сипаттамасы, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету
процесінде ақпараттық жүйелерді қолданудың тәртібі

      9. Көрсетілетін қызметті беруші мен көрсетілетін қызметті алушының портал арқылы мемлекеттік қызмет корсету кезінде жүгіну тәртібі мен рәсімдер кезектілігінің сипаттамасы:
      1) көрсетілетін қызметті алушы өзінің электрондық цифрлы қолтаңбасының (бұдан әрі - ЭЦҚ) тіркеу куәлігінің көмегімен тіркеледі, ол қызметті алушының компьютерінің интернет-браузерінде сақталады;
      2) көрсетілетін қызметті алушының компьютерінің интернет-браузеріне ЭСҚ тіркеу куәлігін бекіту, қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызмет алу үшін порталға пароль енгізу процесі;
      3) ЖОО-ның қабылдау комиссиясының логин мен пароль арқылы порталда тіркелген қызмет алушы туралы деректердің түпнұсқалылығын тексеруі;
      4) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ тіркеу куәлігін сұранысты куәландыру (қол қою) үшін таңдауы;
      5) порталда ЭЦҚ тіркеу куәлігінің жарамдылық мерзімін және қайтарылған (жойылған) тіркеу куәліктерінің тізімінде жоқтығын тексеру;
      6) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ түпнұсқалылығы расталмауына байланысты қажетті қызметтен бас тарту туралы хабарлама дайындау;
      7) қызмет алу сұранысына сәйкес қызмет алушының ЭЦҚ арқылы толтырған нысанын (енгізген деректерін) куәландыру (қол қою);
      8) көрсетілетін қызметті алушының «Жеке кабинет» бөлімінде екі жұмыс күнінен кейін мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін алуы.
      «Жоғары білім беру бағдарламалары бойынша оқыту үшін жоғары оқу орындарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығы Регламентке 2-қосымшада келтірілген.

«Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру 
бағдарламалары бойынша оқыту үшін жоғары
оқу орындарына құжаттар қабылдау және оқуға
қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет
регламентіне 1-қосымша          

Әрбір рәсім қызметін көрсете отырып, әрбір іс-қимылдан
(рәсімнен) өту блок-сызбасы және рәсімдердің (іс-қимылдардың)
жүйелілік сипаттамасы

«Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру
бағдарламалары бойынша оқыту үшін жоғары
оқу орындарына құжаттар қабылдау және оқуға
қабылдау» мемлекеттік 2-қосымша      

«Жоғары білім беру бағдарламалары бойынша оқыту үшін жоғары оқу
орындарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік
қызмет көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығы

Қазақстан Республикасы  
Білім және ғылым министрінің
2015 жылғы 11 маусымдағы  
№ 376 бұйрығына 3-қосымша 

«Жоғары оқу орындарындағы білім алушыларға жатақхана беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1. Жалпы ережелер

      1. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті жоғары оқу орындары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 10 сәуірдегі № 189 бұйрығымен бекітілген «Жоғары оқу орындарындағы білім алушыларға жатақхана беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (бұдан әрі - стандарт) негізінде көрсетеді (нормативтік құқықтық актінің мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 11286 тіркелген).
      2. Мемлекеттік қызмет корсету нысаны: қағаз түрінде.
      3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі - жоғары оқу орындарында білім алушыларға жатақхана беру туралы жолдама (бұдан әрі - жолдама).

2. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің
(қызметкерлерінің) мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі
іс-қимыл жүргізу тәртібінің сипаттамасы

      4. Көрсетілетін қызметті алушының Стандарттың 9-тармағына сәйкес құжаттар топтамасын ұсынуы мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімдерді (іс-қимылдарды) бастауға негіздеме болып табылады.
      5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына енетін рәсімдер (іс-қимылдар):
      1) Құжаттар топтамасын жоғары оқу орны кеңсесінің (бұдан әрі - кеңсе) қызметкері 15 минут ішінде қабылдайды, тіркейді және жинақтайды;
      2) 1 (бір) жұмыс күні ішінде комиссияға қарауға береді.
      3) комиссия 3 (үш) жұмыс күні ішінде қарастырады және шешім қабылдағаннан кейін құжаттарды кеңсеге береді, онда жолдама тіркеліп, көрсетілетін қызметті алушыға қолма-қол беріледі.
      6. Келесі рәсімдерді бастау үшін негіз болатын мемлекеттік қызмет көрсету рәсімдерінің нәтижелері:
      1) кеңсе қызметкері құжаттар топтамасын қабылдайды, тіркейді және жинақтайды және комиссияға қарауға береді;
      2) құжаттар топтамасын комиссияның қарауы;
      3) құжаттар комиссияның шешімінен кейін кеңсеге жолданады.
      4) жолдаманы кеңсе қызметкерінің тіркеуі және беруі.

3. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің
(қызметкерлерінің) мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі
өзара іс-қимыл жүргізу тәртібінің сипаттамасы

      7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне көрсетілетін қызметті берушінің мына бөлімшелері қатысады:
      1) жоғары оқу орны кеңсесінің қызметкерлері;
      2) жоғары оқу орнының комиссиясы;
      8. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлері) арасындағы рәсімдер (іс-қимылдар) кезектілігінің сипаттамасы:
      1) Құжаттар топтамасын жоғары оқу орны кеңсесінің (бұдан әрі - кеңсе) қызметкері 15 минут ішінде қабылдайды, тіркейді және жинақтайды;
      2) 1 (бір) жұмыс күні ішінде комиссияға қарауға береді.
      3) комиссия 3 (үш) жұмыс күні ішінде қарастырады және шешім қабылдағаннан кейін құжаттарды кеңсеге береді, онда жолдама тіркеліп, көрсетілетін қызметті алушыға қолма-қол беріледі.
      Әрбір рәсім қызметін корсете отырып, әрбір іс-қимылдан (рәсімнен) өту блок-сызбасы және рәсімдердің (іс-қимылдардың) жүйелілік сипаттамасы «Жоғары оқу орындарындағы білім алушыларға жатақхана беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне (бұдан әрі - Регламент) 1-қосымшада келтірілген.

4. Халыққа қызмет көрсету орталығымен және (немесе) өзге де
көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл жүргізу
тәртібінің, сондай-ақ мемлекеттік қызмет корсету процесінде
ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібінің сипаттамасы

      9. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет корсету проңесінде халыққа қызмет көрсету орталығымен және (немесе) басқа да көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл жүргізбейді.
      «Жоғары оқу орындарындағы білім алушыларға жатақхана беру» мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығы Регламентке 2-қосымшада келтірілген.

«Жоғары оқу орындарындағы білім
алушыларға жатақхана беру»  
мемлекеттік көрсетілетін    
қызмет регламентіне      
1-қосымша           

Әрбір рәсім қызметін көрсете отырып, әрбір іс-қимылдан
(рәсімнен) өту блок-сызбасы және рәсімдердің (іс-қимылдардың)
жүйелілік сипаттамасы

Қазақстан Республикасы  
Білім және ғылым министрінің
2015 жылғы 11 маусымдағы  
№ 376 бұйрығына 4-қосымша 

«Жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылар құрамы мен ғылыми
қызметкерлері лауазымдарына орналасуы конкурсына қатысу үшін
құжаттар қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1. Жалпы ережелер

      1. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті жоғары оқу орындары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 10 сәуірдегі № 189 бұйрығымен бекітілген «Жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылар құрамы мен ғылыми қызметкерлері лауазымдарына орналасу конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (бұдан әрі - стандарт) негізінде көрсетеді (нормативтік құқықтық актінің мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 11286 тіркелген).
      2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде.
      3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі - кафедраға жолдама (бұдан әрі - жолдама).

2. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің
(қызметкерлерінің) мемлекеттік қызмет корсету процесіндегі
іс-қимыл жүргізу тәртібінің сипаттамасы

      4. Көрсетілетін қызметті алушының Стандарттың 9-тармағына сәйкес құжаттар топтамасын ұсынуы мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімдерді (іс-қимылдарды) бастауға негіздеме болып табылады.
      5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына енетін рәсімдер (іс- қимылдар):
      1) 15 минут ішінде құжаттар топтамасын жоғары оқу орны кадр басқармасының қызметкері (бұдан әрі - кадр басқармасы) қабылдайды, тіркейді және жинақтайды және 1 (бір) жұмыс күні ішінде жоғары оқу орны басшысының қолы қойылу үшін жолданады;
      2) жоғары оқу орны басшысының қолы қойылғаннан кейін, 2 (екі) күн ішінде сәкес кафедраға қарауға жолданады.
      3) 1 (бір) жұмыс күн ішінде кадр басқармасы құжаттар топтамасын тіркейді және көрсетілетін қызметті алушыға кафедраға жолдаманы қолма-қол, немесе кеңсе арқылы береді.
      6. Келесі рәсімдерді бастау үшін негіз болатын мемлекеттік қызмет көрсету рәсімдерінің нәтижелері:
      1) кадр басқармасының қызметкері құжаттар топтамасын қабылдайды, тіркейді және жинақтайды;
      2) құжаттар топтамасын қабылданғаннан кейін кафедраға жолдама кеңсеге жолданады;
      3) жолдаманы кеңсе қызметкерінің тіркеуі және беруі.

3. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің
(қызметкерлерінің) мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі
өзара іс-қимыл жүргізу тәртібінің сипаттамасы

      7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне көрсетілетін қызметті берушінің мына бөлімшелері қатысады:
      1) жоғары оқу орнының кадр басқармасы;
      2) жоғары оқу орнының басшысы;
      3) жоғары оқу орнының кафедрасы;
      4) жоғары оқу орнының кеңсесі.
      8. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлері) арасындағы рәсімдер (іс-қимылдар) кезектілігінің сипаттамасы:
      1) 15 минут ішінде құжаттар топтамасын жоғары оқу орны кадр басқармасының қызметкері (бұдан әрі - кадр басқармасы) қабылдайды, тіркейді және жинақтайды және 1 (бір) жұмыс күні ішінде жоғары оқу орны басшысының қолы қойылу үшін жолданады;
      2) жоғары оқу орны басшысының қолы қойылғаннан кейін, 2 (екі) күн ішінде сәкес кафедраға қарауға жолданады.
      3) 1 (бір) жұмыс күн ішінде кадр басқармасы құжаттар топтамасын тіркейді және көрсетілетін қызметті алушыға кафедраға жолдаманы қолма-қол, немесе кеңсе арқылы береді.
      Әрбір рәсім қызметін көрсете отырып, әрбір іс-қимылдан (рәсімнен) өту блок-сызбасы және рәсімдердің (іс-қимылдардың) жүйелілік сипаттамасы «Жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылар құрамы мен ғылыми қызметкерлері лауазымдарына орналасу конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне (бұдан әрі - Регламент) 1-қосымшада келтірілген.

4. Халыққа қызмет көрсету орталығымен және (немесе) өзге де
көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл жүргізу
тәртібінің, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде
ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібінің сипаттамасы

      9. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету процесінде халыққа қызмет көрсету орталығымен және (немесе) басқа да көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл жүргізбейді.
      «Жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылар құрамы мен ғылыми қызметкерлері лауазымдарына орналасу конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік қызмет корсету бизнес-процестерінің анықтамалығы Регламентке 2-қосымшада келтірілген.

«Жоғары оқу орындарының профессор-   
оқытушылар құрамы мен ғылыми қызметкерлері
лауазымдарына орналасу конкурсына    
қатысу үшін құжаттар қабылдау»      
мемлекеттік көрсетілетін қызмет      
регламентіне 1-қосымша           

Әрбір рәсім қызметін көрсете отырып, әрбір іс-қимылдан
(рәсімнен) өту блок-сызбасы және рәсімдердің (іс-қимылдардың) жүйелілік сипаттамасы