Құрылыс материалдарының, бұйымдары мен конструкцияларының энергия тиімділігі жөніндегі талаптарды белгілеу туралы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 401 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 14 шілдеде № 11666 тіркелді.

Жаңартылған

      "Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы" 2012 жылғы 13 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 15-2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса берiлiп отырған Құрылыс материалдарының, бұйымдары мен конструкцияларының энергия тиімділігі жөніндегі талаптар белгіленсін.

      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті (А.Қ. Ержанов):

      1) осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

Қазақстан Республикасының


Инвестициялар және даму министрі

Ә. Исекешев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      ______________ Е. Досаев

      2015 жылғы 9 маусым



      Қазақстан Республикасы

      Инвестициялар және даму министрінің

      2015 жылғы 31 наурыздағы

      № 401 бұйрығымен

      белгіленген

Құрылыс материалдарының, бұйымдары мен конструкцияларының
энергия тиімділігі жөніндегі талаптар

      1. Құрылыс материалдарының, бұйымдары мен конструкцияларының энергия тиімділігі жөніндегі талаптар (бұдан әрі – Талаптар) "Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы" 2012 жылғы 13 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 15-2) тармақшасына сәйкес әзірленді.

      2. Осы Талаптарда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) құрылыс бұйымы - өнеркәсіптік тәсілмен шығарылған және құрылыс конструкциясының немесе басқа құрылыс бұйымының элементі ретінде қолдануға арналған құрылыс өнімі;

      2) құрылыс конструкциясы - құрылыс материалдарынан және/немесе құрылыс бұйымдарынан жасалған, құрылыс объектісінің тұрақты элементі;

      3) құрылыс материалы - құрылыс бұйымдары және/немесе құрылыс конструкцияларын дайындауға арналған табиғи пайда болған немесе өнеркәсіптік тәсілмен өндірілген құрылыс өнімі.

      3. Осы Талаптар тұрғындық, қоғамдық, әлеуметтік және арнайы ғимараттарды салу, күрделі жөндеу, реконструкциялау және пайдалану кезінде қолданылатын құрылыс материалдары, бұйымдары мен конструкциялары үшін қолданылады.

      4. Құрылыс материалдары, бұйымдары мен конструкциялары адамдарға қолайлы жағдайды өзгертпей үйлер және ғимараттардағы энергетикалық ресурстардың тиімді тұтынылуын қамтамасыз етеді.

      5. Құрылыс материалдарының, бұйымдары мен конструкцияларының осы талаптарға сәйкестігін растау "Техникалық реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабына сәйкес айқындалады.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 15.12.2022 № 718 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      6. Осы Талаптар мынадай құрылыс материалдары, бұйымдары мен конструкциялары тобына қолданылады:

      терезе конструкциялары;

      балкон есіктері мен шамдары;

      жылу оқшаулағыш материалдары мен бұйымдары.

      7. Жарық өткізгіш конструкциялардың жылу беру кедергісінің, көлеңкелеу коэффициентінің және күн радиациясының салыстырмалы өткізгіштігінің көрсеткіші осы Талаптарға 1-қосымшаға сәйкес көрсеткіштерден төмен еместі құрайды.

      Ескерту. 7-тармамақ жаңа редакцияда - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің м.а. 16.01.2024 № 17 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      8. Жылу оқшаулағыш материалдардың жылу техникалық көрсеткіштері жөніндегі талаптар осы Талаптарға 2-қосымшаға сәйкес көрсеткіштерден төмен еместі құрайды.

      9. Талаптар мынадай үйлер және ғимараттарды салу, күрделі жөндеу және реконструкциялау және пайдалану кезінде пайдаланылатын құрылыс материалдары, бұйымдары мен конструкцияларына таралмайды:

      1) тарихи-мәдени мұра объектілеріне жататын үйлер, құрылыстар, ғимараттар;

      2) қолдану мерзімі екі жылдан аспайтын шаруашылық мақсатындағы уақытша құрылыстар, қосалқы үй-жайлар;

      3) жалпы ауданы 50 шаршы метр жеке тұрған үйлер, құрылыстар, ғимараттар.

      4) мәдени үйлер, құрылыстар және ғимараттар

      5) бөлек тұрған жылытылмайтын үйлер, құрылыстар, ғимараттар;

      6) жеке тұрғын үйлер, сондай-ақ саяжай және бақша учаскелерінде тұрған құрылыстар.

  Құрылыс материалдарының, бұйымдары
мен конструкцияларының энергия
тиімділігі жөніндегі талаптарға
1-қосымша

Жылу беруге келтірілген кедергі, жарық өткізгіш конструкциялардың көлеңкелеу және күн радиациясының салыстырмалы өткізу коэффициенті

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің м.а. 16.01.2024 № 17 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Жарық ойығын толтыру

Мөлдір жарық конструкциялар

ағаш немесе ПВХ жақтауларда

алюминий жақтауларда

Ror,
м2×°C/
Вт

t

k

Ror,
м2×°C/
Вт

t

k

Қосарланған жақтауларда кәдімгі шыныдан жасалған қосарлы шынылау

0,4

0,75/0,7

0,62

-

0,70

0,62

Қосарланған жақтауларда қатты іріктемелі жабыны бар қосарлы шынылау

0,55

0,75

0,65

-

0,70

0,65

Бөлек жақтауларда кәдімгі шыныдан жасалған қосарлы шынылау

0,44

0,65/0,6

0,62

0,34*

0,8/
0,6 (0,8)

0,62

Бөлек жақтауларда қатты іріктемелі

0,57

0,65

0,60

0,45

0,60

0,60

жабыны бар қосарлы шынылау




194×194×98

0,31

0,9

0,40 (жақтаусыз)

244×244×98

0,33

0,9

0,45 (жақтаусыз)

Қорап қимасының профильді шынысы

0,31

0,9

0,50 (жақтаусыз)

Зениттік шамдар үшін органикалық шыныдан жасалған қосарлы

0,36

0,9

0,9

-

0,90

0,90

Зениттік шамдарға органикалық шыныдан жасалған үштік

0,52

0,9

0,83

-

0,90

0,83

Бөлек-қосарланған жақтауларда
кәдімгі шыныдан жасалған үштік
шынылау

0,55

0,5/-

0,70

0,46

0,5/-

0,70

Бөлек-қосарланған жақтауларда қатты
іріктемелі жабыны бар үштік шынылау

0,60

0,50

0,67

0,50

0,50

0,67

Шыныдан жасалған дара жақтаудағы бір камералы шыныпакет:







кәдімгі

0,38

0,8/-

0,76

0,34

0,8/-

0,76

қатты іріктемелі жабыны бар

0,51

0,8/-

0,75

0,43

0,8/-

0,75

жұмсақ іріктемелі жабыны бар

0,56

0,8/-

0,54

0,47

0,8/-

0,54

Шыныдан жасалған дара жақтаудағы екі камералы шыныпакет:







кәдімгі (8 мм шыныаралық қашықтықта)

0,51

0,80/-

0,74

0,43

0,80/-

0,74

кәдімгі (12 мм шыныаралық қашықтықта)

0,54

0,80/-

0,74

0,45

0,80/-

0,74

қатты іріктемелі жабыны бар жұмсақ іріктемелі жабыны бар

0,58

0,80/-

0,68

0,48

0,80/-

0,68

қатты іріктемелі жабыны бар

0,68

0,80/-

0,48

0,52

0,80/-

0,48

және аргонмен толтырылған

0,65

0,80/-

0,68

0,53

0,80/-

0,68

Кәдімгі шыны және шыныдан жасалған бөлек жақтаулардағы бір
камералы шыныпакет:







кәдімгі

0,56

0,60/-

0,63

-

0,60

0,63

қатты іріктемелі жабыны бар

0,65

0,60/-

0,51

-

0,60

0,58

жұмсақ іріктемелі жабыны бар

0,72

0,60/-

0,51

-

0,60

0,38

қатты іріктемелі жабыны бар және аргонмен толтырылған

0,69

0,60/-

0,58

-

0,60

0,58

* Болатты жақтауларда
1. Жұмсақ іріктемелі шыны жабындарына жылу эмиссиясы 0,15-тен аз жабындар, қатты (К шыны) - 0,15 және одан да көп жабындар жатады.
2. Жарық саңылауларын толтырудың жылу беруге келтірілген кедергісінің мәні шынылау ауданының жарық ойығының толтыру ауданына қатынасы 0,75 болған жағдайда беріледі.
3. Кестеде көрсетілген жылу беруге кедергінің мәндерін конструкцияларға арналған стандарттарда немесе техникалық шарттарда осы мәндер болмаған немесе сынақ нәтижелерімен расталмаған кезде есептеу ретінде қолдануға рұқсат етіледі.
4. Алымда тұрғын, қоғамдық және қосалқы ғимараттардың, бөлгіште - өндірістік ғимараттардың жарық өткізгіш онструкциялары, жақшада - саңылаусыз жақтаулары бар жарық өткізгіш конструкциялар үшін t мәндері келтірілген.
5. Шыныпакеттері бар терезелер үшін мәндер былайша келтірілген:
ағаш терезелер үшін жақтау ені 78 мм;
үш ауа камерасы бар ені 60 мм ПВХ жақтаулардағы терезе конструкциялары үшін. Ені 70 мм және бес ауа камерасы бар ПВХ жақтауларды қолданған кезде жылу беруге кедергі 0,03 м2×°С/Вт артады;
алюминий терезелер үшін мәндер термиялық ендірмелері бар жақтаулар үшін келтірілген.
Қысқартылған атаулардың толық жазылуы:
Ror – берілген жылу беру кедергісі;
м2 – шаршы метр;
°C –Цельси бойынша градус температурасы;
Вт – ватт;
t – жарық өткізбейтін элементтермен көлеңкелеу коэффициенті;
K – терезелердің, балкон есіктерінің және шамдардың күн радиациясының салыстырмалы өткізу коэффициенті;
ПВХ – поливинихлорид;
мм – миллиметр.


  Құрылыс материалдарының, бұйымдары
мен конструкцияларының энергия
тиімділігі жөніндегі талаптарға
2-қосымша

Жылу оқшаулағыш материалдардың жылу техникалық көрсеткіштері

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің м.а. 16.01.2024 № 17 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Материал

Құрғақ күйдегі материалдардың сипаттамасы

Тығыздығы
r0,
кг/м3

Меншікті жылу сыйымдылығы со, кДж/
(кг × оС)

Жылу өткізгіштік коэффициенті
l0, Вт/(м × °С)

1

2

3

4

А. Минералды мақта (МЕМСТ 4640), шыны талшықты, көбік шыны, газды шыны

Тігілетін минерал мақта төсеніштер
(МЕМСТ 21880)

125

0,84

0,044

100

0,84

0,044

75

0,84

0,046

Синтетикалық тұтқырдағы минерал мақта маталар (МЕМСТ 9573)

225

0,84

0,054

175

0,84

0,052

125

0,84

0,049

75

0,84

0,047

Синтетикалық және битум тұқырдағы жұмсақ, жартылай қатты және қатты минералды мақта тақталар (МЕМСТ 9573, МЕМСТ 10140, МЕМСТ 22950)

250

0,84

0,058

225

0,84

0,058

200

0,84

0,056

150

0,84

0,050

125

0,84

0,049

100

0,84

0,044

75

0,84

0,046

Органофосфаттық тұтқырдағы қаттылығы жоғары минерал -мақта тақталар

200

0,84

0,064

Синтетикалық тұтқырдағы шыны штапельді талшықтан жасалған тақталар (МЕМСТ 10499)

45

0,84

0,047

Шыны талшықтан жасалған тігілетін төсеніштер мен жолақтар

150

0,84

0,061

Көбікті шыны немесе газды шыны

400

0,84

0,11

300

0,84

0,09

200

0,84

0,07

Б. Полимерлі

Көбікті полистирол

150

1,34

0,050

100

1,34

0,041

Көбікті полистирол
(МЕМСТ 15588)

40

1,34

0,037

 
Көбікпласт ПХв-1 және ПВ1

125

1,26

0,052

100 және кем

1,26

0,041

Көбікті полиуретан

80

1,47

0,041

60

1,47

0,035

40

1,47

0,029

Резоль-фенолфор-мальдегидті пенопласттан жасалған тақталар (МЕМСТ 20916)

90

1,68

0,045

80

1,68

0,044

50

1,68

0,041

Перлитопластбетон

200

1,05

0,041

100

1,05

0,035

Домен шкаласынан жасалған шағыл тас (МЕМСТ 5578)

1000

0,84

0,21

Ісінген перлиттен жасалған шағыл тас пен құм (МЕМСТ 10832)

500

0,84

0,09

400

0,84

0,076

350

0,84

0,07

300

0,84

0,064

Ісінген вермикулит (МЕМСТ 12865)

200

0,84

0,065

150

0,84

0,060

100

0,84

0,055

Құрылыс жұмыстарына арналған құм (МЕМСТ 8736)

1600

0,84

0,35

Қысқартылған атаулардың толық жазылуы:
r0 – тығыздық;
кг – киллограм;
м3 – текше метр;
со – меншікті жылу сыйымдылығы;
кДж – килоджоуль;
°C – Цельси бойынша градус температурасы;
l0 – жылу өткізгіштік коэффициенті;
Вт – ватт;
м – метр;
ПХВ – поливинилхлорид;
ПВ1 – сым бірінші дәрежелі винил оқшаулау өзектер.