Теміржол көлігі саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 29 мамырдағы № 669 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 14 шілдеде № 11664 болып тіркелді

Қолданыстағы

      «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 2) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
      1. Мыналар:
      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес «Теміржол көлігі саласында жүктерді тасымалдауға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес «Жылжымалы құрамды мемлекеттік тiркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
      3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес «Жылжымалы құрам кепілін мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.
      2. «Ішкі су және теміржол көлігі саласында мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2014 жылғы 9 сәуірдегі № 239 бұйрығының (нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9374 тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 22 мамырда, «Егемен Қазақстан» газетінде 2015 жылғы 5 наурызда № 43 (28521) жарияланған) 1-тармағының 11) және 12) тармақшаларының күші жойылды деп танылсын.
      3. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті (Ә.А. Асавбаев):
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімдік баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;
      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 3-тармағының 1)2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Инвестициялар және даму министрі           Ә. Исекешев

Қазақстан Республикасы
Инвестициялар   
және даму министрінің
2015 жылғы 29 мамырдағы
№ 669 бұйрығына  
1-қосымша      

«Теміржол көлігі саласында жүктерді тасымалдауға лицензия беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1. Жалпы ережелер

      1. Теміржол көлігі саласында жүктерді тасымалдауға лицензия беру Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Көлік комитетінің аумақтық органдарымен (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.
      2. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған).
      3. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету нәтижесі:
      1) теміржол көлігі саласында жүктерді тасымалдауға лицензияны беру, қайта ресімделген лицензияны беру (бұдан әрі - лицензия);
      2) Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 16 мамырдағы «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Заңының 25-бабы 1-тармағымен қарастырылған жағдайларда мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту (бұдан әрі – бас тарту) болып табылады.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті
берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің)
іс-қимылы тәртібінің сипаттамасы

      4. Көрсетілетін қызметті берушінің Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 555 бұйрығымен бекітілген «Теміржол көлігі саласында жүктерді тасымалдауға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11428 тіркелген), (бұдан әрі – стандарт) 9 тармағына сәйкес өтініш беру мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі рәсімді (іс-қимылды) бастау үшін негіз болып табылады.
      5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін рәсімдер (іс-қимылдар) мазмұны, оларды орындау ұзақтығы:
      1) лицензияны беру:
      жауапты орындаушысымен өтінішті 14 жұмыс күні ішінде белгіленген талаптарға сәйкестігін қарастыруы;
      көрсетілетін қызметті беруші басшысы немесе оның міндетін атқарушының электрондық цифрлық қолымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) 1 жұмыс күні ішінде лицензия, не бас тартуға қол қоюы.
      2) қайта ресімделген лицензияны беру:
      жауапты орындаушымен өтінішті 2 жұмыс күні ішінде белгіленген талаптарға сәйкестігін қарастыруы;
      көрсетілетін қызметті беруші басшысы немесе оның міндетін атқарушының ЭЦҚ 1 жұмыс күні ішінде лицензия, не бас тартуға қол қоюы.
      6. Мынадай рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастау үшін негіз болатын мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижелері:
      1) көрсетілетін қызметті алушының электрондық өтінішін ақпараттық жүйеде тіркеу;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысымен өтінішті қарастыруы;
      3) көрсетілетін қызметті беруші басшысы немесе оның міндетін атқарушының ЭЦҚ лицензия қол қоюы;
      3) лицензияны ақпараттық жүйе арқылы көрсетілетін қызметті алушыға жолдауы.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті
берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара
іс-қимылы тәртібінің сипаттамасы

      7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы;
      3) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы.
      8. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығы, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдер (іс-қимылдар) жүйелігінің сипаттамасы:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысымен порталға жүгінген сәттен бастап лицензияны беруге электрондық өтінішін - 14 жұмыс күні ішінде, қайта ресімделген лицензияны беру – 2 жұмыс күні ішінде қарастыруы;
      2) көрсетілетін қызметті беруші басшысы немесе оның міндетін атқарушының ЭЦҚ 1 жұмыс күні ішінде лицензия, не бас тартуға қол қоюы.
      9. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет мерзімі өтінішті қарастыру порталға жүгінген сәттен бастап 15 (он бес) жұмыс күнінен аспауы қажет.

4. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде ақпараттық жүйелерді
пайдалану тәртібінің сипаттамасы

      11. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы көрсету кезінде көрсетілетін қызметті берушіге өтініш беру тәртібінің сипаттамасы қызмет көрсету барысындағы функционалдық өзара іс-қимылдың № 1 диаграммасы осы регламенттiң 1-қосымшасына сәйкес келтірілген:
      көрсетілетін қызметті алушы өзінің ЭЦҚ тіркеу куәлігінің көмегiмен порталда тiркелуді жүзеге асырады, ол көрсетілетін қызметті алушы компьютерінің интернет-браузерінде сақталады (порталда тiркелмеген көрсетілетін қызметті алушылар үшiн жүзеге асырылады);
      1-үдеріс – көрсетілетін қызметті алушы компьютерінің интернет-браузерінде ЭЦҚ-ның тіркеу куәлігін бекіту, мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін порталда көрсетілетін қызметті алушының паролін енгізу процесі (авторизациялау процесі);
      1-шарт – тіркелген көрсетілетін қызметті алушы туралы деректердің дұрыстығын логин жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН) немесе бизнес сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – БСН) мен пароль арқылы порталда тексеру;
      2-үдеріс – көрсетілетін қызметті алушының деректерiнде бұзушылықтар болуына байланысты порталмен авторизациялаудан бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
      3-үдеріс – көрсетілетін қызметті алушының қызметті көрсету үшін сұрату нысанын экранға шығару және қажетті құжаттарды электрондық түріндегі сұратуын тіркей отырып, көрсетілетін қызметті алушының нысанды оның құрылымы мен форматтық талаптарын ескере отырып стандарттың 9-тармағына сәйкес толтыруы;
      4-үдеріс – көрсетілген қызметке «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі (бұдан әрі - ЭҮШ) арқылы төлеу, содан соң бұл ақпарат порталға түседі, немесе түбіртектің электрондық (сканирленген) түрінде тіркеу;
      2-шарт – көрсетілген мемлекеттік қызметке төлем фактісін порталда тексеру;
      5-үдеріс – қызметке порталдың ЭҮШ арқылы төленгенде, порталда көрсетілген қызметке төлемнің болмауына байланысты, сұратылған қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
      6-үдеріс – көрсетілетін қызметті алушының сұратуды куәландыру (қол қою) үшін ЭЦҚ-ның тіркеу куәлігін таңдауы;
      3-шарт – портал арқылы ЭЦҚ-ның тіркеу куәлігінің қолдану мерзімін және кері қайтарылған (күші жойылған) тіркеу куәліктерінің тізімі ішінде болмауын, сондай-ақ сұратуда көрсетілген ЖСН/БСН және ЭЦҚ-ның тіркеу куәлігінде көрсетілген ЖСН/БСН арасындағы сәйкестендіру деректерінің сәйкестігін тексеру;
      7-үдеріс – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-ның дұрыстығы расталмауына байланысты сұратылған қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
      8-үдеріс – қызметті көрсетуге сұратуға толтырылған нысанды (енгiзiлген деректердi) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ арқылы растауы (қол қою);
      9-үдеріс – порталда электрондық құжатты (көрсетілетін қызметті алушы сұратуын) тіркеу және сұратуды өңдеу;
      4-шарт – көрсетілетін қызметті алушының біліктілік талаптарға және лицензия беру үшін негіздерге сай екенін көрсетілетін қызметті берушінің тексеруі;
      10-үдеріс – порталда көрсетілетін қызметті алушының деректерің бұзылуына байланысты сұратылған қызметінен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
      11-үдеріс – көрсетілетін қызметті алушының ұйымдастырылған қызмет қорытындысын (электронды лицензия) алу. Электронды құжат көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ қолдану арқылы жасалынады.
      12. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдердің (іс-қимылдардың) ретін, көрсетілетін қызметті берушінің толық сипаттамасы құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының, сонымен қатар өзге көрсетілген қызмет берушілермен өзара іс-қимыл тәртібінің және мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді қолдану тәртібінің сипаттамасы осы регламентке 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі.

«Теміржол көлігі саласында жүктерді
тасымалдауға лицензия беру»   
мемлекеттік көрсетілетін     
қызметтің регламентіне      
1-қосымша             

Мемлекеттік қызметті портал арқылы көрсету барысындағы
функционалдық өзара іс-қимылдың № 1 диаграммасы

«Теміржол көлігі саласында жүктерді
тасымалдауға лицензия беру»   
мемлекеттік көрсетілетін     
қызметтің регламентіне      
2-қосымша             

Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы
«Теміржол көлігі саласында жүктерді тасымалдауға лицензия беру»

Қазақстан Республикасы
Инвестициялар   
және даму министрінің
2015 жылғы 29 мамырдағы
№ 669 бұйрығына  
2-қосымша      

«Жылжымалы құрамды мемлекеттік тіркеу»
мемлекеттiк көрсетілетін қызмет регламенті

1. Жалпы ережелер

      1. Жылжымалы құрамды мемлекеттік тіркеу (бұдан әрi – мемлекеттiк көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлiгi Көлiк комитетiнiң аумақтық органдарымен (бұдан әрi – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.
      2. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтiң нысаны: электронды (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
      3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі:
      1) жылжымалы құрамды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлікті (бұдан әрі-куәлік) беру және (немесе) Жылжымалы құрамның мемлекеттік тізілімінен алып тастау туралы хабарлама (бұдан әрі - хабарлама);
      2) Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 16 мамырдағы «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Заңының 25-бабы 1-тармағымен қарастырылған жағдайларда мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту (бұдан әрі – бас тарту) болып табылады.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін
қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің)
іс-қимылдары тәртібін сипаттау

      4. Мемлекеттік қызметті көрсету рәсімдерін (іс-қимылдарын) бастау үшін негіз болып көрсетілетін қызметті берушінің Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 555 бұйрығымен бекітілген, «Жылжымалы құрамды мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11428 тіркелген), (бұдан әрі – стандарт) 9 тармағына сәйкес өтініш беру мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі рәсімді (іс-қимылды) бастау үшін негіз болып табылады.
      5. Мемлекеттік қызмет көрсету процедурасының құрамына кіретін әр процедураның (іс-әрекеті) мазмұны, оларды орындау ұзақтығы:
      1) жауапты орындаушымен көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттарын тапсырған сәттен ХҚО арқылы түскен кезде 8 жұмыс күнінде, порталға жүгінген кезде 5 жұмыс күнінде өтінішті белгіленген талаптарға сәйкестігін қарауы;
      2) ақпараттық жүйе арқылы ХҚО немесе порталға электрондық цифрлық қолымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) куәландырылған электрондық куәлікті немесе бас тарту туралы жауапты жолдауы – 15 минут ішінде.
      6. Мынадай рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастау үшін негіз болатын мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижелері:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысымен ұсынылған құжаттарды қарауы;
      2) көрсетілетін қызметті беруші басшысы немесе оның міндетін атқарушының ЭЦҚ куәлік/хабарламаға қол қоюы;
      3) Көлік комитетінің ақпараттық жүйесіне (бұдан әрі – ақпараттық жүйе) куәлік/хабарламаны жолдауы.

3. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін
қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің)
өзара іс-қимылдары тәртібін сипаттау

      7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы немесе оның міндетін атқарушы.
      8. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) дәйектілігі мен ұзақтығы:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің ХҚО арқылы түскен көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті өтініштері мен өзге де құжаттарын 8 жұмыс күні, портал арқылы түскенде 5 жұмыс күнінде қарауы;
      2) қарау нәтижесі бойынша:
      құжаттардың стандартың 9-тармағына сәйкес келуі жағдайында куәлікті рәсімдеу және көрсетілетін қызметті беруші басшысы не оның міндетін атқарушымен қол қоюға жолдауы – 15 минут;
      ұсынылған құжаттардың толық еместігі анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті берушімен өтінішті бұдан әрі қараудан бас тарту;
      3) көрсетілетін қызметті алушының ақпараттық жүйеге электрондық куәлікті немесе көрсетілетін қызметті берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған бас тарту туралы дәлелді жауапты ХҚО-на немесе портал арқылы қағаз түрінде не электрондық құжат түрінде 15 минут ішінде жіберуі.

4. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде ХҚО-мен өзара
іс-қимыл тәртібі, сондай-ақ ақпараттық жүйені пайдалану
тәртібін сипаттау

      9. Көрсетілетін мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті өтініштері мен өзге де құжаттарын ХҚО-на және (немесе) портал көрсетілетін қызметті берушіге өтініш беру тәртібінің сипаттамасы қызмет көрсету барысындағы функционалдық өзара іс-қимылдың № 1 диаграмма, портал арқылы № 2 диаграммада осы регламенттiң 1-қосымшасына сәйкес келтірілген.
      Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде ХҚО рәсімдерінің (іс-қимылдарының) дәйектілігі мен ұзақтығы:
      ХҚО арқылы:
      1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті көрсетілетін қызметті алушының өтініштері мен өзге де құжаттарын ХҚО-ға не портал арқылы береді;
      2) ХҚО қызметкері 20 минут ішінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті электронды өтініштері мен өзге де құжаттарын тіркеуді жүргізеді және ХҚО қызметкерінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған құжаттардың электрондық көшірмелері нысанында ақпараттық жүйелер арқылы көрсетілетін қызметті берушіге жібереді;
      3) ХҚО қызметкері көрсетілетін қызметті беруші жүгінген сәттен бастап 20 минут ішінде көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін береді.
      портал арқылы:
      көрсетілетін қызметті алушы өзінің ЭЦҚ тіркеу куәлігінің көмегiмен порталда тiркелуді жүзеге асырады, ол көрсетілетін қызметті алушы компьютерінің интернет-браузерінде сақталады (ЭҮП тiркелмеген көрсетілетін қызметті алушылар үшiн жүзеге асырылады);
      1-үдеріс – көрсетілетін қызметті алушы компьютерінің интернет-браузерінде ЭЦҚ-ның тіркеу куәлігін бекіту, мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін порталда көрсетілетін қызметті алушының паролін енгізу процесі (авторизациялау процесі);
      1-шарт – тіркелген көрсетілетін қызметті алушы туралы деректердің дұрыстығын логин ЖСН/БСН мен пароль арқылы порталда тексеру;
      2-үдеріс – көрсетілетін қызметті алушының деректерiнде бұзушылықтар болуына байланысты порталмен авторизациялаудан бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
      3-үдеріс – көрсетілетін қызметті алушының қызметті көрсету үшін сұрату нысанын экранға шығару және қажетті құжаттарды электрондық түріндегі сұратуын тіркей отырып, көрсетілетін қызметті алушының нысанды оның құрылымы мен форматтық талаптарын ескере отырып толтыруы (деректерді енгізу);
      4-үдеріс - көрсетілетін қызметті алушының сұратуды куәландыру (қол қою) үшін ЭЦҚ-ның тіркеу куәлігін таңдауы;
      2-шарт – портал арқылы ЭЦҚ-ның тіркеу куәлігінің қолдану мерзімін және кері қайтарылған (күші жойылған) тіркеу куәліктерінің тізімі ішінде болмауын, сондай-ақ сұратуда көрсетілген ЖСН/БСН және ЭЦҚ-ның тіркеу куәлігінде көрсетілген ЖСН/БСН арасындағы сәйкестендіру деректерінің сәйкестігін тексеру;
      5-үдеріс – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-ның дұрыстығы расталмауына байланысты сұратылған қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
      6-үдеріс – қызметті көрсетуге сұратуға толтырылған нысанды (енгiзiлген деректердi) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ арқылы растауы (қол қою);
      7-үдеріс – порталда электрондық құжатты тіркеу;
      8-үдеріс – көрсетілетін қызметті алушының ұйымдастырылған қызмет қорытындысын алу. Электронды құжат көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ қолдану арқылы жасалынады.
      11. Мемлекеттік қызметті көрсетуге жұмылдырылған, ХҚО арқылы ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-қимыл диаграммасы осы «Жылжымалы құрамды мемлекеттік тіркеу» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет регламентіне 2-қосымшада келтірілген.
      12. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдердің (іс-қимылдардың) ретін, көрсетілетін қызметті берушінің толық сипаттамасы құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының, сонымен қатар өзге көрсетілген қызмет берушілермен өзара іс-қимыл тәртібінің және мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді қолдану тәртібінің сипаттамасы осы Регламентке 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі.

«Жылжымалы құрамды   
мемлекеттік тіркеу»  
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентіне  
1-қосымша       

ХҚО арқылы электронды қызмет көрсетуде функционалды өзара
әрекеттесу № 1 диаграммасы

ЭҮП арқылы электронды қызмет көрсетуде функционалды өзара
әрекеттесу № 2 диаграммасы

«Жылжымалы құрамды   
мемлекеттік тіркеу»  
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентіне  
2-қосымша       

Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы
«Жылжымалы құрамды мемлекеттік тiркеу»

Қазақстан Республикасы
Инвестициялар   
және даму министрінің
2015 жылғы 29 мамырдағы
№ 669 бұйрығына  
3-қосымша      

«Жылжымалы құрам кепілін мемлекеттік тiркеу» мемлекеттiк
көрсетілетін қызмет регламенті

1. Жалпы ережелер

      1. Жылжымалы құрам кепілін мемлекеттік тіркеу мемлекеттiк қызметін (бұдан әрi – мемлекеттiк көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлiгi Көлiк комитетiнiң аумақтық органдарымен (бұдан әрi – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.
      2. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтiң нысаны: электронды (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
      3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі:
      1) жылжымалы құрам кепілін тіркеу туралы куәлік (бұдан әрі - куәлік) беру;
      2) Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 16 мамырдағы «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Заңының 25-бабы 1-тармағымен қарастырылған жағдайларда мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту (бұдан әрі – бас тарту) болып табылады.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін
қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің)
іс-қимылдары тәртібін сипаттау

      4. Мемлекеттік қызметті көрсету рәсімдерін (іс-қимылдарын) бастау үшін негіз болып көрсетілетін қызметті берушінің Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 555 бұйрығымен бекітілген «Жылжымалы құрам кепілін мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11428 тіркелген), (бұдан әрі – стандарт) 9-тармағында көзделген өтініш беру мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі рәсімді (іс-қимылды) бастау үшін негіз болып табылады.
      5. Мемлекеттік қызмет көрсету процедурасының құрамына кіретін әр процедураның мазмұны (іс-әрекеті):
      1) жауапты орындаушымен ұсынылған құжаттардың толықтығын ХҚО арқылы түскенде 2 жұмыс күнінде, ЕДБ арқылы түскен кезде - 1 жұмыс күнінде қарауы;
      2) мемлекеттік қызметті көрсетуші басшымен немесе оны міндетін атқарушымен 15 минут ішінде қол қоюы;
      6. Мынадай рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастау үшін негіз болатын мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижелері:
      1) ұсынылған құжаттарды жауапты орындаушымен қарауы
      2) мемлекеттік қызметті көрсетуші басшымен немесе оны міндетін атқарушымен ЭЦҚ қол қоюы;
      3) Көлік комитетінің ақпараттық жүйесіне куәлікті жолдауы.

3. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін
қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің)
өзара іс-қимылдары тәртібін сипаттау

      7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы немесе оның міндетін атқарушы.
      8. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсетіп, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдер (іс-қимылдар) жүйелігінің сипаттамасы:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің теміржол көлігіндегі бақылау бөлімінің маманы ХҚО арқылы түскен көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті өтініштері мен өзге де құжаттарын 2 жұмыс күнінде және ЕДБ арқылы түскен кезде 1 жұмыс күнінде қарайды;
      2) қарау нәтижесі бойынша:
      құжаттардың стандартың 9-тармағына сәйкес келуі жағдайында куәлікті рәсімдеу және көрсетілетін қызметті беруші басшысы не оның міндетін атқарушымен қол қоюға жолдауы – 15 минут;
      ұсынылған құжаттардың толық еместігі анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті берушімен өтінішті бұдан әрі қараудан бас тарту;
      3) көрсетілетін қызметті алушының ақпараттық жүйеге электрондық куәлікті немесе көрсетілетін қызметті берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған бас тарту туралы дәлелді жауапты ХҚО-на немесе портал арқылы қағаз түрінде не электрондық құжат түрінде 15 минут ішінде жіберуі.

4. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде ХҚО мен ЕДБ өзара
іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ ақпараттық жүйені пайдалану
тәртібін сипаттау

      9. Көрсетілетін мемлекеттік қызметті алу үшін ХҚО-на және (немесе) ЕДБ–ке көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті өтініштері мен өзге де құжаттарын ХҚО-на және (немесе) ЕДБ көрсетілетін қызметті берушіге өтініш беру тәртібінің сипаттамасы қызмет көрсету барысындағы функционалдық өзара іс-қимылдың № 1, 2 диаграммасы осы регламенттiң 1-қосымшасына сәйкес келтірілген: ұсынады.
      1) көрсетілетін мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті өтініштері мен өзге де құжаттарын ХҚО-на және (немесе) ЕДБ ұсынады;
      2) ХҚО қызметкері 20 минут ішінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті электронды өтініштері мен өзге де құжаттарын тіркеуді жүргізеді және ХҚО қызметкерінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған құжаттардың электрондық көшірмелері нысанында ақпараттық жүйелер арқылы көрсетілетін қызметті берушіге жібереді;
      3) ХҚО қызметкері көрсетілетін қызметті беруші жүгінген сәттен бастап 20 минут ішінде көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін береді.
      10. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдердің (іс-қимылдардың) ретін, көрсетілетін қызметті берушінің толық сипаттамасы құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының, сонымен қатар өзге көрсетілген қызмет берушілермен өзара іс-қимыл тәртібінің және мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді қолдану тәртібінің сипаттамасы осы Регламентке 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы «электрондық үкімет» веб-порталында, көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында орналастырылады.

«Жылжымалы құрам кепілін  
мемлекеттік тiркеу» мемлекеттiк
көрсетілетін қызмет регламентіне
1-қосымша          

Диаграмма № 1. ХҚО арқылы электронды қызмет көрсетуде
функционалды өзара әрекеттесу диаграммасы

Диаграмма № 2. ЕДБ арқылы электронды қызмет көрсетуде
функционалды өзара әрекеттесу диаграммасы

«Жылжымалы құрам кепілін  
мемлекеттік тiркеу» мемлекеттiк
көрсетілетін қызмет регламентіне
2-қосымша          

Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы
«Жылжымалы құрам кепілін мемлекеттік тiркеу»