Нотариаттық қызмет мәселелері бойынша мемлекеттiк көрсетілетін қызметтердің регламенттерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2015 жылғы 26 мамырдағы № 297 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 13 шілдеде № 11647 тіркелді

Қолданыстағы

      «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 2) тармақшасын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
      Мыналар:
      1) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес «Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына аттестаттау» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламенті;
      2) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес «Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензия беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламенті;
      3) осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес «Нотариустардың өтініштерін қабылдау, мөрлерін тіркеу және беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.
      2. Мыналардың:
      1. «Нотариаттық қызмет мәселелері бойынша мемлекеттiк көрсетілетін қызметтердің регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2014 жылғы 30 қаңтардағы № 39 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9118 болып тіркелген, 2014 жылғы 28 маусымдағы "Егемен Қазақстан" №126 (28350) жарияланған);
      2. «Нотариаттық қызмет мәселелері бойынша мемлекеттiк көрсетілетін қызметтердің регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2014 жылғы 30 қаңтарағы № 39 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2014 жылғы 19 маусымдағы № 208 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9564 болып тіркелген, 2014 жылғы 17 шілдедегі «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті:
      1) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін және оның мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жариялануын;
      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрінің орынбасары Б.Ж. Әбдірайымға жүктелсін.
      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Әділет Министрінің
      міндетін атқарушы                                 З.Баймолдина

Қазақстан Республикасы
Әдiлет министрiнiң 
міндетін атқарушының
2015 жылғы 26 мамырдағы
№ 297 бұйрығына  
1-қосымша     

«Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына аттестаттаудан өткiзу» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламентi 1. Жалпы ережелер

      1. «Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына аттестаттаудан өткiзу» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметiн (бұдан әрi – мемлекеттiк қызмет) Қазақстан Республикасы Әділет министрінiң 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 232 бұйрығымен бекiтiлген «Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына аттестаттаудан өткiзу» мемлекеттiк қызметтер көрсету стандартының (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 11095 болып тіркелген) (бұдан әрі - Стандарт) (бұдан әрi – Стандарт) негiзiнде, аумақтық әдiлет органдары көрсетедi (бұдан әрi – көрсетiлетiн қызметтi берушi), оның ішінде «электрондық үкіметтің» www.e.gov.kz веб-порталы арқылы көрсетіледі (бұдан әрі – портал)
      2. Мемлекеттiк қызметтi көрсету нысаны: электронды
(ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз жүзiнде.
      3. Мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесi: Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына әдiлет аттестациялық комиссиясының (бұдан әрi - Комиссия) аттестаттау туралы шешiмi, комиссияның аттестатталмағаны туралы шешiмi немесе стандарттың 10-тармағында көрсетілген негіздер бойынша аттестаттауға жіберуден дәлелді бас тарту.
      Комиссияның шешiмi қағаз тасымалдағышта не электронды нысанда жүзеге асырылады.
      Комиссиясының аттестаттаудан өткенi не өтпегенi туралы шешiмi Стандарттың 12-қосымшаларымен белгiленген нысандар бойынша аттестаттау өткеннен кейiн келесi күннен кешiктiрiлмей берiледi.

2. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде көрсетiлетiн қызметтi
берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң)
iс-қимыл тәртiбiн сипаттау

      4. Көрсетiлетiн қызметтi берушi мемлекеттiк қызмет көрсету үшiн көрсетiлетiн қызметтi алушының өтініші немесе электронды түрдегі сауалы бастауға негiздеме болып табылады.
      5. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнiң құрамына кiретiн рәсiмдер (iс-қимылдар):
      1) өтiнiштi тiркеу;
      2) өтiнiштi көрсетiлетiн қызметтi берушi басшысының қарауы;
      3) өтiнiштi құқық түсiндiру жұмысы және заң қызметін көрсету бөлімі басшысының қарауы;
      4) құқық түсiндiру жұмысы және заң қызметін көрсету бөлiмiнiң маманы нотариаттық қызметпен айналысуға аттестаттаудан өткiзуге өтiнiштi қарау және хабарлама ресiмдеу;
      5) көрсетiлетiн қызметтi берушi басшысының нотариаттық қызметпен айналысу құқығына аттестаттаудан өткiзу туралы хабарламасына қол қоюы;
      6) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына аттестаттаудан өткiзу туралы хабарламаны жiберу;
      7) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына аттестаттация өткiзу;
      8) мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесiн ресiмдеу және беру.

3. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде көрсетiлетiн қызметтi
берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң)
өзара iс-қимыл тәртiбiн сипаттау

      6. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң мына құрылымдық бөлiмшелерi (қызметкерлерi) қатысады:
      1) көрсетiлетiн қызметтi берушi кеңсесiнiң қызметкерi;
      2) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң басшысы;
      3) құқық түсiндiру жұмысы және заң қызметін көрсету бөлiмiнiң басшысы;
      4) құқық түсiндiру жұмысы және заң қызметін көрсету бөлiмiнiң маманы;
      5) Комиссия.
      7. Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерi (қызметкерлерi) арасындағы рәсiмдердiң (iс-қимылдардың) реттiлiгiн сипаттау:
      1) көрсетiлетiн қызметтi берушi кеңсесiнiң қызметкерi құжаттар түскен күннен бастап 1 (бiр) жұмыс күн iшiнде алынған құжаттарды тiркеуден өткiзедi және көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң басшысына қарауға жiбередi, бұл ретте, өтiнiштiң оң жақ төменгi бұрышына түскен күнi мен кiрiс нөмiрi көрсетiлген мемлекеттiк тiлдегi тiркеу мөртаңбасы қойылады;
      2) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң басшысы құжаттар түскен күннен бастап 1 (бiр) жұмыс күн iшiнде көрсетiлетiн қызметтi алушының өтiнiшiн қарайды және құқық түсiндiру және заң қызметін көрсету бөлiмiнiң басшысына нұсқаумен жiбередi;
      3) құқық түсiндiру жұмысы және заң қызметін көрсету бөлiмiнiң басшысы құжаттар топтамасын түскен күннен бастап 1 (бiр) жұмыс күн iшiнде көрсетiлетiн қызметтi алушының өтiнiшiнiң қойылатын талаптарға сәйкестiгiн қарайды және құқық түсiндiру жұмысы және заң қызметін көрсету бөлiмiнiң маманына нұсқау бередi;
      4) құқық түсiндiру жұмысы және заң қызметін көрсету бөлiмiнiң маманы 2 (екі) жұмыс күн iшiнде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді, ұсынылған құжаттардың толық еместігі фактісі анықталған жағдайда, көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан жазбаша дәлелді бас тартады, 15 (он бес) жұмыс күн iшiнде құжаттарды талаптарға сәйкес тексереді және Комиссияның қарауына жолдайды;
      5) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң басшысы 1 (бiр) жұмыс күн iшiнде өтінішті одан әрі қараудан жазбаша дәлелді бас тарту хатына қол қояды;
      6) Комиссия 1 (бір) жұмыс күн ішінде, аттестаттауға жіберу не жібермеу туралы шешім шығарады;
      7) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң басшысы нотариаттық қызметпен айналысу құқығына аттестация өткізу туралы хабарламаға 1 (бір) жұмыс күні ішінде қол қояды;
      8) көрсетiлетiн қызметтi берушi кеңсесiнiң қызметкерi 1 (бiр) жұмыс күн iшiнде көрсетiлетiн қызметтi алушыға нотариаттық қызметпен айналысу құқығына аттестаттау өткiзiлетiнi туралы хабарламаны жолдайды;
      9) Комиссия нотариаттық қызметпен айналысу құқығына аттестаттау өткiзедi;
      10) Мемлекеттiк қызмет көрсетудiң нәтижесiн көрсетiлетiн қызметтi алушыға беру нотариаттық қызметпен айналысу құқығына аттестаттау тапсырған сәттен бастап аттестация жүргізілгеннен кейінгі күннен кешіктірілмей жүзеге асырылады.

4. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерінің
өзара іс-қимылының және қолдану тәртібінің сипаттамасы

      8. Көрсетілетін қызметті алушының өтініш беру тәртібі мен көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызмет көрсетуге тартылған ақпараттық жүйелердің функционалдық іс-қимылдар диаграммасы түрінде портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі рәсімдер (іс-қимылдар) реттілігінің сипаттамасы графикалық нысанда осы Регламенттің 1-қосымшасында келтірілген.
      Көрсетілетін қызметті алушы өтінішті портал арқылы береді, бұл сұрау салу көрсетілетін қызметті берушінің қарауына жіберіледі.
      Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алуға өтініш жасауы үшін порталдан «Нотариаттық қызметпен айналысуға аттестаттаудан өткізуі» таңдайды. Портал көрсетілетін қызметті алушы туралы деректерді автоматты түрде толтыра отырып, сұрау салуды берудің бастапқы адымын қалыптастырады.
      Көрсетілетін қызметті алушы жылжымалы терезелердегі деректерді толтырады:
      1) бүкіл Қазақстан Республикасы бойынша мәліметтерді көрсете отырып, көрсетілетін қызметті алушының тұрғылықты жері бойынша берілген наркологиялық және психиатриялық диспансерлерден медициналық анықтамалар (электронды өтінімге электронды сканерленген көшірмесін тіркейді);
      2) мәлімет нысаны Стандарттың 2-қосымшасында көрсетілгендей біліктілік талаптарына сәйкес.
      Көрсетiлетiн қызметтi алушы өтінімді сақтап, электронды цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) арқылы қол қояды.
      Өтінімді портал арқылы жолдау барысында көрсетiлетiн қызметтi алушыға «жеке кабинеттен» өтініш туралы мәліметке қол жетімді және көрсетiлетiн қызметтi алушы өтінішті сұрыптау кезінде жаңартады.
      9. Мемлекеттік қызмет көрсетуге тартылған графикалық нысандағы ақпараттық жүйелердің функционалдық іс-қимылдар диаграммасы түрінде көрсетілетін қызметті берушінің портал арқылы көрсетілген қызметті алушының жеке өзі жүгінген кезде өтініш тәртібін рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігін сипаттау (осы Регламенттің 1-қосымшасында келтірілген):
      1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері құжаттар түскен күннен бастап 1 (бір) жұмыс күн ішінде алынған құжаттарды тіркеуден өткізеді және жүйе арқылы қызметті берушінің басшысына қарауына береді;
      2) көрсетiлетiн қызметтi берушiнің басшысы құжаттар түскен күннен бастап 1 (бiр) жұмыс күн iшiнде құқық түсiндiру жұмысы және заң қызметін көрсету бөлiмiнiң басшысына жолдайды;
      3) құқық түсiндiру жұмысы және заң қызметін көрсету бөлiмiнiң басшысы 1 (бiр) жұмыс күн iшiнде құқық түсiндiру жұмысы және заң қызметін көрсету бөлiмiнiң маманына жолдайды;
      4) құқық түсiндiру жұмысы және заң қызметін көрсету бөлiмiнiң маманы портал арқылы түскен өтінімді алған сәттен бастап көрсетiлетiн қызмет алушының өтінімін қарап, көрсетiлетiн қызметтi берушiнің басшысына қол қоюға жолдайды (жолданған құжаттар толық тапсырылмаған жағдай анықталған кезде 2 (екі) жұмыс күні, талаптарға сәйкес келмеген жағдайда 15 (он бес) жұмыс күні);
      5) көрсетiлетiн қызметтi берушiнің басшысы 1 (бiр) жұмыс күн iшiнде өтінімді қарауға дәлелді бас тартуға қол қояды;
      6) Комиссия 1 (бiр) жұмыс күн iшiнде аттестаттауға жіберуге не аттестаттауға жібермеу туралы шешім шығарады;
      7) көрсетiлетiн қызметтi берушiнің басшысы 1 (бiр) жұмыс күн iшiнде нотариаттық қызметпен айналысу құқығына аттестаттау өткiзу туралы хабарламаға қол қояды.
      Көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне автоматты түрде жолданады.
      10. Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (жұмыскерлерiнiң) мемлекеттiк қызмет көрсету процесiндегi рәсiмдерiнiң (iс-қимылдарының), өзара iс-қимылдары кезектiлiгiнiң егжей-тегжейлi сипаттамасы, сондай-ақ, мемлекеттiк қызмет көрсету процесiндегi өзге көрсетiлетiн қызмет берушiлермен және (немесе) халыққа қызмет көрсету орталықтарымен өзара iс-қимыл тәртiбiнiң және ақпараттық жүйелердi қолдану тәртiбiнiң сипаттамасы осы Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет Регламентiнiң 2-қосымшасына сәйкес мемлекеттiк қызмет көрсетудiң бизнес-процестерiнiң анықтамалығында келтiрiлген.
      11. Мемлекеттік қызмет көрсетуде тартылған графикалық нысанда ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-қимыл диаграммасы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінің 3-қосымшасында келтірілген.
      12. Регламентiнiң 4-қосымшасында бланкілердің қалпы мен нысандырына сәйкес мемлекеттiк қызмет көрсетудiң электронды нәтижесі көрсетілген.
      13. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (жұмыскерлерінің) мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі рәсімдерінің (іс-қимылдарының), өзара іс-қимылдары кезектілігінің егжей-тегжейлі сипаттамасы, сондай-ақ, мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі өзге көрсетілетін қызмет берушілермен және (немесе) халыққа қызмет көрсету орталықтарымен өзара іс-қимыл тәртібінің және ақпараттық жүйелерді қолдану тәртібінің сипаттамасы осы Мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінің 5-қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында келтірілсін.

«Нотариаттық қызметпен айналысу
құқығына аттестаттаудан өткiзу»
Мемлекеттiк көрсетiлетiн  
қызмет регламентiне    
1-қосымша         

Портал арқылы электрондық мемлекеттiк қызметтердi көрсету
кезiнде функционалдық өзара iс-қимылдың № 1 диаграммасы

      Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң және көрсетiлетiн қызметтi алушының өтiнiш беру және рәсiмдер (iс-қимылдар) реттiлiгi тәртiбiнiң сипаттамасы:
      1) көрсетiлетiн қызметтi алушы өзiнiң ЭЦҚ тiркеу куәлiгiнiң көмегiмен порталда тiркеудi жүзеге асырады, ол көрсетiлетiн қызметтi алушының компьютерiнiң интернет-браузерiнде сақталады (порталға тiркелмеген тұтынушылар үшiн жүзеге асырылады);
      2) 1-процесс – көрсетiлетiн қызметтi алушының компьютерiнiң интернет-браузерiне ЭЦҚ тiркеу куәлiгiн бекiту, мемлекеттiк қызметтi алу үшiн порталда алушының паролiн енгiзу процесi (авторизациялау процесi);
      3) 1-шарт - тiркелген көрсетiлетiн қызметтi алушы туралы деректердiң түпнұсқалығын логин (ЖСН) және пароль арқылы порталда тексеру;
      4) 2-процесс - порталда көрсетiлетiн қызметтi алушылар деректерiнде бұзушылықтар болуына байланысты авторизациядан бас тарту туралы хабарды қалыптастыру;
      5) 3-процесс – осы Регламентте көрсетiлген қызметтi алушының порталда таңдауы, қызмет көрсету үшiн сұрау салу нысанын экранға шығару және оның құрылымы мен форматтық талаптарын ескере отырып (деректердi енгiзу) нысанды алушының толтыруы, сұрау салу нысанына қажеттi құжаттарды электрондық түрде тiркеу;
      6) 4-процесс – ЭҮТШ-де қызметтердi төлеу, содан кейiн ол ақпарат порталға түседi;
      7) 2-шарт – қызмет көрсеткенi үшiн төлегенi туралы фактiнi порталда тексеру;
      8) 5-процесс – қызмет көрсеткенi үшiн порталда төлемнiң болмауына байланысты, сұратылып отырған қызметтен бас тарту туралы хабарлама қалыптастыру;
      9) 7-процесс көрсетiлетiн қызметтi алушының сұрау салуды куәландыру (қол қою) үшiн ЭЦҚ тiркеу куәлiгiн таңдау;
      10) 3-шарт порталда ЭЦҚ тiркеу куәлiгiнiң қолдану мерзiмiн, тiзiмде керi қайтарылған (жойылған) тiркеу куәлiктерiнiң болмауын, сондай-ақ сәйкестендiру нөмiрлерiнiң сұрау салуда көрсетiлген ЖСН және ЭЦҚ тiркеу куәлiгiнде көрсетiлген ЖСН арасында сәйкестендiру деректерiнiң сәйкестiгiн тексеру;
      11) 7-процесс – көрсетiлетiн қызметтi алушының ЭЦҚ түпнұсқалығын растамауға байланысты сұратылып отырған қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
      12) 8-процесс – көрсетiлетiн қызметтi алушының ЭЦҚ арқылы қызмет көрсетуге сұрау салудың толтырылған нысанын (енгiзiлген деректерiн) куәландыру (қол қою);
      13) 9-процесс – порталда электрондық құжатты (көрсетiлетiн қызметтi алушының сұрау салуын) тiркеу және сұрау салуды порталда өңдеу;
      14) 4-шарт – көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң лицензия беру үшiн көрсетiлетiн қызметтi алушының бiлiктiлiк талаптарға және негiздемелерге сәйкестiгiн тексеру;
      15) 10-процесс – көрсетiлетiн қызметтi алушының порталдағы деректерiнде бұзушылықтардың болуына байланысты сұратылып отырған қызметтен бас тарту туралы хабарлама қалыптастыру;
      16) 11-процесс – көрсетiлетiн қызметтi алушы порталда қалыптастырылған қызмет нәтижесiн (электрондық лицензияны) алу. Электрондық құжатты көрсетiлетiн қызметтi берушi уәкiлеттi тұлғаның ЭЦҚ қолдана отырып, қалыптастырады.

«Нотариаттық қызметпен айналысу
құқығына аттестаттаудан өткiзу»
Мемлекеттiк көрсетiлетiн  
қызмет регламентiне    
2-қосымша          

      Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде көрсетiлетiн қызметтi
берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (жұмыскерлерiнiң) рәсiмдер
(iс-қимылдар) реттiлiгiнiң мәтiндiк кестелiк сипаттамасы

      1 Кесте. Құрылымдық-функционалдық бiрлiктер (бұдан әрi – ҚФБ) әрекетiнiң сипаттамасы

Негiзгi процесстiң iс-қимылы

Рәсiмдердiң (iс-қимылдардың) № ҚФБ-нiң атауы

1

2

3

4

5

Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесi

Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң басшысы

Құқық түсiндiру және халыққа заңгерлік қызмет көрсету бөлiмiнiң басшысы

Құқық түсiндiру және халыққа заңгерлік қызмет көрсету бөлiмiнiң маманы

Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына әдiлет аттестациялық комиссиясы

Iс-қимылдардың атауы және олардың сипаттамасы

Өтiнiштi және қажеттi құжаттарды қабылдау, өтiнiштi тiркеу журналында тiркеу, сонымен қоса өтiнiштiң оң жақтағы астыңғы бұрышында келiп түскен күнi мен кiрiс нөмiрiн көрсете отырып, мемлекеттiк тiлде тiркеу мөртаңбасы қойылады

Өтiнiштi қарау

Ұсынылған құжаттар тiзбесiнiң қойылатын талаптарға сәйкестiгiн қарау

Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына аттестация өткiзiлетiнi туралы хабарламаны ресiмдеу

Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына аттестаттаудан өткiзу

Аяқтау нысаны

Өтiнiштi тiркеу журналында тiркеу, сонымен қоса өтiнiштiң оң жақтағы астыңғы бұрышында тiркеу мөртаңбасын қою

Орындау мерзiмiмен және жауапты орындаушыны қамтыған бұрыштамасымен құжаттар

Орындау мерзiмiмен және бөлiмдегi жауапты орындаушыны қамтыған бұрыштамасымен құжаттар

Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына аттестация өткiзiлетiнi туралы ресiмделген хабарлама

Мемлекеттiк қызметтiң ресiмделген нәтижесi

Орындау мерзiмi

1 жұмыс күнi

1 жұмыс күнi

1 жұмыс күнi

5 жұмыс күндерi

Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына аттестацияны тапсырған сәттен бастап

      2 Кесте. Пайдалану түрлерi. Негiзгi процесс

Негiзгi процесс

Қызмет берушiнiң кеңсесi

Қызмет берушiнiң басшысы

Құқық түсiндiру және халыққа заңгерлік қызмет көрсету бөлiмiнiң басшысы

Құқық түсiндiру және халыққа заңгерлік қызмет көрсету бөлiмiнiң маманы

Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына әдiлет аттестациялық комиссиясы

1. Өтiнiштi және қажеттi құжаттарды қабылдау, өтiнiштi тiркеу журналында тiркеу, сонымен қоса өтiнiштiң оң жақтағы астыңғы бұрышына келiп түскен күнi мен кiрiс нөмiрiн көрсете отырып, мемлекеттiк тiлде тiркеу мөртаңбасы қойылады

2. Өтiнiштi қарау

3. Ұсынылған құжаттар тiзбесiнiң қойылатын талаптарға сәйкестiгiн қарау

4. Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына аттестация өткiзiлетiнi туралы хабарламаға хатты ресiмдеу

7. Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына аттестаттаудан өткiзу

6. Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына аттестация өткiзiлетiнi туралы хабарламаны жiберу

5. Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына аттестация өткiзiлетiнi туралы хабарламаға қол қою



8. Мемлекеттiк қызметтiң нәтижесiн беру

      3-кесте. Портал арқылы ҚФБ iс-әрекеттерiнiң сипаттамасы

1

Iс-әрекет № (жұмыс барысы, ағыны)

1

2

3

4

5

6

2

ҚФБ атауы

Алушы

портал

Алушы

«АИС СУ» АЖ ЖТ МДҚ

Алушы

портал

3

Iс-әрекет атауы (процес, рәсiм, операциялар) және олардың сипаттамасы

Алушының ЭЦҚ тiркеу куәлiгiн компьютердiң интернет-браузерiне бекiту

Алушының деректерiндегi бұзушылықтармен байланысты бас тарту хабарламасын қалыптастырады

Қажеттi құжаттарды электрондық түрде бекiтумен сауал деректерiн қалыптастырады және қызметтi таңдайды;

соттылығы туралы деректердiң болмауына байланысты деректердi алудың мүмкiн еместiгi туралы хабарлама қалыптастырады

Куәландыру (қол қою) үшiн ЭЦҚ таңдауы

Алушының ЭЦҚ шынайылығының расталмауымен байланысты бас тарту туралы хабарламаны қалыптастырады

4

Аяқтау нысаны (деректер, құжаттар, ұйымдастыру-реттеу шешiмi)

Сәттi қалыптастыру және сұрау салу туралы хабарламаны көрсету.

Сұратылып отырған электрондық мемлекеттiк қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру.

Сәттi қалыптастыру және сұрау салу туралы хабарламаны көрсету.

Сұратылып отырған электрондық мемлекеттiк қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру

Сұрау салуды бағыттандыру

Сұратылып отырған электрондық мемлекеттiк қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру.

5

Орындау мерзiмi

10–15 сек

20 сек

1,5 мин

20 сек

10–15 сек

10–15 сек

6

Келесi iс-әрекет нөмiрi

2–алушы деректерiнде бұзушылықтар болғанда; 3–авторландыру табысты өткенде

4

-

7 – ЭЦҚ-да қателiк болғанда; 9 – ЭЦҚ-да қате болмағанда

-

кестенiң жалғасы

7

8

9

Алушы

портал

портал

ЭЦҚ көмегiмен сауалды куәландыру (қол қою)

Электрондық құжатты өтiнiштi (алушының сұрау салуын және сұрау салуды) өңдеу

Алушының деректерiндегi бұзушылықтардың болуымен байланысты бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру

Сұрау салуды бағыттандыру

Өтiнiштiң нөмiрiн бере отырып сұрау салуды тiркеу.

Сұратылып отырған электрондық мемлекеттiк қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру.

1,5 мин

1,5 мин

20 сек

-

10 - алушының бiлiктiлiк талаптарына және лицензия беру негiздерiне сәйкестiгiн қызмет берушiнiң тексеруi

-

«Нотариаттық қызметпен айналысу
құқығына аттестаттаудан өткiзу»
Мемлекеттiк көрсетiлетiн  
қызмет регламентiне    
3-қосымша          

Көрсетiлетiн қызметтi берушi арқылы электрондық мемлекеттiк
қызметтердi көрсету кезiнде функционалдық өзара
iс-қимылдың № 2 диаграммасы

      Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң өтiнiш беру және рәсiмдер (iс-қимылдар) реттiлiгi тәртiбiнiң сипаттамасы:
      1) 1-процесс – көрсетiлетiн қызметтi берушi қызметкерiнiң қызмет көрсету үшiн порталда ЖСН және паролiн (авторизациялау процесiн) енгiзуi;
      2) 2-процесс – көрсетiлетiн қызметтi берушi қызметкерiнiң осы Регламентте көрсетiлген қызметтi таңдауы, қызмет көрсету үшiн сұрау салу нысанын экранға шығару және көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң қызметкерi көрсетiлетiн қызметтi алушының деректерiн енгiзу;
      3) 3-процесс – ЭҮШ арқылы ЖТ МДҚ-на көрсетiлетiн қызметтi алушының деректерi туралы сұрау салуды жiберу;
      4) 1-шарт – ЖТ МДҚ-да «АИС СУ» АЖ-де көрсетiлетiн қызметтi алушының соттылығы туралы деректерiн тексеру;
      5) 4-процесс – ЖТ МДҚ-да көрсетiлетiн қызметтi алушының деректерiнiң «АИС СУ» АЖ-де соттылығы туралы деректердiң болмауына байланысты деректердi алудың мүмкiн еместiгi туралы хабарлама қалыптастыру;
      6) 5-процесс – көрсетiлетiн қызметтi берушi қызметкерiнiң сұрау салу нысанын, оның iшiнде қағаз түрiнде құжаттарының бар екендiгi туралы белгiсiн толтыруы және көрсетiлетiн қызметтi алушы ұсынған құжаттарды сканерлеу, оларды сұрау салудың нысанына бекiтуi және қызмет көрсетуге сұрау салудың толтырылған нысанын (енгiзiлген деректердi) ЭЦҚ арқылы куәландыру;
      7) 6 -процесс – порталда электрондық құжатты тiркеу;
      8) 2-шарт – қоса берiлген құжаттарды көрсетiлетiн қызметтi берушi Стандартта және қызмет көрсету үшiн негiздемелерге сәйкес көрсетiлгенiн тексеру (өңдеу);
      9) 7-процесс – көрсетiлетiн қызметтi алушының деректерiнде бұзушылықтардың болуына байланысты сұратылып отырған қызметтен бас тарту туралы хабарлама қалыптастыру;
      10) 8-процесс – көрсетiлетiн қызметтi алушы қызмет нәтижесiн (нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензия алу) алу.

«Нотариаттық қызметпен айналысу
құқығына аттестаттаудан өткiзу»
Мемлекеттiк көрсетiлетiн  
қызмет регламентiне    
4-қосымша          

Комиссияның нотариаттық қызметпен айналысу құқығына
үмiткердi аттестаттау туралы шешiмi

____________ қаласы                 20_____ жылғы «___»_____________

Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына аттестаттау нәтижелерi бойынша
_____________________________________________________________________
                 (Т.А.Ә. (ол болған жағдайда)

      тестiлеу бойынша _____________________балл
      емтихан билетi бойынша ______________балл жинады.

Мына құрамдағы Комиссия:

Төраға

Мүшелерi

________________________________ аттестатталсын деп шештi.
  (Т.А.Ә. (ол болған жағдайда)

Комиссия төрағасы

Комиссия хатшысы

Комиссияның нотариаттық қызметпен айналысу құқығына
Үмiткердi аттестаттамау туралы шешiмi

_______________ қаласы                  20_____ жылғы «__» ________

Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына аттестаттау нәтижелерi бойынша
_____________________________________________________________________
                (Т.А.Ә. (ол болған жағдайда)

тестiлеу бойынша _____________________балл

емтихан билетi бойынша _______________балл жинады.

Мына құрамдағы Комиссия:

Төраға

Мүшелерi

шешiм шығарды:

_________________________________ аттестаттаудан өтпедi деп саналсын.
   (Т.А.Ә. (ол болған жағдайда)

Комиссия төрағасы

Комиссия хатшысы

«Нотариаттық қызметпен айналысу
құқығына аттестаттаудан өткiзу»
Мемлекеттiк көрсетiлетiн  
қызмет регламентiне    
5-қосымша          

«Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына аттестаттаудан өткiзу»
Мемлекеттiк қызмет көрсетудiң бизнес-процестерiнiң анықтамалығы

      *Әдiлет органдарының аумақтық бөлiмшелерi арқылы қызмет көрсеткенде
(Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әдiлет департаменттерi)

      *ҚФБ - құрылымдық – функционалдық бiрлiк: көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшiлерiнiң (жұмыскерлерiнiң), халыққа қызмет көрсету орталығының, «электрондық үкiмет» веб-порталының өзара iс-қимылдары;

- мемлекеттік қызмет көрсетудің басталуы немесе аяқталуы;
- көрсетілетін қызметті алушы рәсімдерінің (іс-қимылының) және немесе ҚФБ атауы;
- таңдау нұсқасы;
- келесі рәсімге (іс-қимылға) өту;

      - ЭҚАБЖ – мемлекеттік органдардың электрондық құжат айналымы бірыңғай жүйесі.
      - «Е-лицензиялау» АЖ - «Е-лицензиялау» Ақпараттық жүйесі;
      - ЭҮП - «Электрондық үкімет» Порталы;
      - МО - Мемлекеттік орган;
      - ҚР БП АЕ АЖ – Бас прокуратураның Арнайы есепке алу ақпараттық жүйесі.

Қазақстан Республикасы
Әдiлет министрiнiң 
міндетін атқарушының
2015 жылғы 26 мамырдағы
№ 297 бұйрығына  
2-қосымша     

«Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензия беру»
мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламентi 1. Жалпы ережелер

      1. «Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензия беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметi (бұдан әрi-мемлекеттiк қызмет) Қазақстан Республикасы Әділет министрiнiң 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 232 бұйрығымен бекiтiлген «Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензия беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының (бұдан әрi – Стандарт) негiзiнде Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi (бұдан әрi – көрсетiлетiн қызметтi берушi), оның iшiнде «электрондық үкiметтiң» www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрi - портал) арқылы көрсетедi.
      2. Мемлекеттiк қызмет көрсету нысаны: электрондық (iшiнара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз жүзiнде.
      3. Мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесi: нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензия беру (электрондық түрде) не осы мемлекеттiк қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауап.

2. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде көрсетiлетiн қызметтi
берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң)
iс-қимыл тәртiбiн сипаттау

      4. Көрсетiлетiн қызметтi берушi мемлекеттiк қызмет көрсету үшiн көрсетiлетiн қызметтi алушының өтiнiшiн және Стандарттың 9-тармағында көрсетiлген өзге де құжаттарын немесе көрсетiлетiн қызметтi алушы электрондық сұратуын алу мемлекеттiк қызмет көрсету жөнiндегi рәсiмдердi (iс-қимылдарды) бастауға негiздеме болып табылады.
      5. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнiң құрамына кiретiн рәсiмдер (iс-қимылдар):
      1) өтінішті көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу;
      2) өтінішті заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы басшысының қарауы;
      3) өтінішті заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасының сарапшысының қарауы және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ресімдеуі;
      4) мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесін тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті (әрі қарай - ТҚжЗҚҰД) директорымен келісі;
      5) көрсетiлетiн қызметтi берушi басшысының мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесiне қол қоюы;
      6) көрсетiлетiн қызметтi алушыға мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесiн жолдау.

3. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде көрсетiлетiн қызметтi
берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң)
өзара iс-қимыл тәртiбiн сипаттау

      6. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiне көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң мына құрылымдық бөлiмшелерi (қызметкерлерi) қатысады:
      1) көрсетiлетiн қызметтi берушi кеңсесiнiң қызметкерi;
      2) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң басшысы;
      3) ТҚжЗҚҰД директоры;
      4) заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасының басшысы;
      5) заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасының сарапшысы.
      7. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлері) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігін сипаттау:
      1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері құжаттар түскен күннен бастап 1 (бір) жұмыс күн ішінде алынған құжаттарды тіркеуден өткізеді және заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасының басшысына қарауға жібереді, бұл ретте, өтініштің оң жақ төменгі бұрышына түскен күні мен кіріс нөмірі көрсетілген мемлекеттік тілдегі тіркеу мөртаңбасы қойылады;
      2) заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасының басшысы құжаттар түскен күннен бастап 1 (бір) жұмыс күн ішінде заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасының сарапшысына нұсқаумен жібереді;
      3) заң қызметiн ұйымдастыру және лицензиялау басқармасының сарапшысы құжаттар топтамасын көрсетiлетiн қызметтi берушiге тапсырған кезден бастап көрсетiлетiн қызметтi алушының өтiнiшiн қарайды, ТҚжЗҚҰД директорына келісуге жібереді, содан кейін көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қоюға жібереді (лицензияны беру кезінде 15 (он бес) жұмыс күні, қайта ресімдеу кезінде 3 (үш) жұмыс күні, лицензияның телнұсқасын берген кезде 2 (екі) жұмыс күні;
      4) ТҚжЗҚҰД директоры 1 (бiр) жұмыс күн iшiнде лицензияға немесе лицензияның телнұсқасын беруге келіседі;
      5) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң басшысы 1 (бiр) жұмыс күн iшiнде лицензияға немесе лицензияның телнұсқасына қол қояды;
      6) көрсетiлетiн қызметтi берушi кеңсесiнiң қызметкерi мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесiн 1 (бiр) жұмыс күн iшiнде көрсетiлетiн қызметтi алушының мекенжайына пошта арқылы жiбередi.

4. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде өзара iс-қимыл және
ақпараттық жүйенi пайдалану тәртiбiн сипаттау

      8. Көрсетілетін қызметті алушының өтініш беру тәртібі мен көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызмет көрсетуге тартылған ақпараттық жүйелердің функционалдық іс-қимылдар диаграммасы түрінде портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі рәсімдер (іс-қимылдар) реттілігінің сипаттамасы графикалық нысанда осы Регламенттің 1-қосымшасында келтірілген.
      Көрсетілетін қызметті алушы өтінішті портал арқылы береді, бұл сұрау салу көрсетілетін қызметті берушінің қарауына жіберіледі.
      Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алуға өтініш жасауы үшін порталдан «Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беруді» таңдайды. Портал көрсетілетін қызметті алушы туралы деректерді автоматты түрде толтыра отырып, сұрау салуды берудің бастапқы адымын қалыптастырады.
      Көрсетілетін қызметті алушы жылжымалы терезелердегі деректерді:
      1) электрондық үкiметтiң төлем шлюзi (бұдан әрi – ЭҮТШ) арқылы бюджетке лицензиялық алымның төленгенi туралы ақпарат, түбiртек қағаз жеткiзгiште болған жағдайда сұрау салуға электрондық құжаттың көшiрмесi түрiнде қоса берiледi;
      2) Қазақстан Республикасы бойынша барлық мәлiметтердi көрсете отырып, наркологиялық және психиатриялық диспансерлерден көрсетiлетiн қызметтi алушының тұрғылықты жерi бойынша берiлген медициналық анықтамалар (көшiрмесi электрондық сұратуға сканерленген түрде қоса берiледi);
      3) Стандарттың 2-қосымшасында көрсетiлген бiлiктiлiк талаптарына сәйкес мәлiметтер нысандары.
      Көрсетiлетiн қызметтi алушы оны электронды цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрi – ЭЦҚ) қол қоя отырып, сұрау салуды сақтайды.
      Көрсетiлетiн қызметтi алушы сұрау салуды портал арқылы «жеке кабинеттен» жiберген кезде өтiнiш туралы ақпарат қол жетiмдi болады, көрсетiлетiн қызметтi берушi өтiнiштi өңдеу барысында жаңартып отырады (жеткiзiлгенi, тiркелгенi, орындалғаны туралы белгi, қаралғаны не қараудан бас тарту туралы жауап).
      9. Мемлекеттік қызмет көрсетуге тартылған графикалық нысандағы ақпараттық жүйелердің функционалдық іс-қимылдар диаграммасы түрінде көрсетілетін қызметті берушінің портал арқылы көрсетілген қызметті алушының жеке өзі жүгінген кезде өтініш тәртібін рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігін сипаттау (осы Регламенттің 1-қосымшасында келтірілген):
      1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері құжаттар түскен күннен бастап 1 (бір) жұмыс күн ішінде алынған құжаттарды тіркеуден өткізеді және жүйе арқылы заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы басшысының қарауына береді;
      2) заң қызметін көрсету және лицензиялау басқармасы басшысы құжаттар түскен күннен бастап 1 (бір) жұмыс күн ішінде заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасының сарапшысына нұсқаумен жібереді;
      3) заң қызметiн ұйымдастыру және лицензиялау басқармасының сарапшысы құжаттар топтамасын көрсетiлетiн қызметтi берушiге тапсырған кезден бастап көрсетiлетiн қызметтi алушының өтiнiшiн қарайды, ТҚжЗҚҰД директорына келісуге жібереді, содан кейін көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қоюға жібереді (лицензияны беру кезінде 15 (он бес) жұмыс күні, қайта ресімдеу кезінде 3 (үш) жұмыс күні, лицензияның телнұсқасын берген кезде 2 (екі) жұмыс күні;
      4) ТҚжЗҚҰД директоры 1 (бiр) жұмыс күн iшiнде лицензияға келісім береді;
      5) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң басшысы 1 (бiр) жұмыс күн iшiнде лицензияға қол қояды.
      Көрсетiлетiн қызметтi алушыға мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесiн беру көрсетiлетiн қызметтi алушының жеке кабинетiне автоматты түрде жолданады.
      10. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде әрбiр рәсiмнiң (iс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерi (қызметкерлерi) арасындағы рәсiмдердiң (iс-қимылдарың) реттiлiгiнiң мәтiндiк кестелiк сипаттамасы осы Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламентiнiң 1-қосымшасында келтiрiлген.
      11. Мемлекеттiк қызмет көрсетуде тартылған графикалық нысанда ақпараттық жүйелердiң функционалдық өзара iс-қимыл диаграммасы осы Регламенттiң 2-қосымшасында келтiрiлген.
      12. Осы Регламенттiң 3-қосымшасында электрондық мемлекеттiк қызмет көрсетудiң нәтижесi ұсынылуы тиiс нысандар, бланкi шаблондары келтiрiлген.
      13. Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (жұмыскерлерiнiң) мемлекеттiк қызмет көрсету процесiндегi рәсiмдерiнiң (iс-қимылдарының), өзара iс-қимылдары кезектiлiгiнiң егжей-тегжейлi сипаттамасы, сондай-ақ, мемлекеттiк қызмет көрсету процесiндегi өзге көрсетiлетiн қызмет берушiлермен және (немесе) халыққа қызмет көрсету орталықтарымен өзара iс-қимыл тәртiбiнiң және ақпараттық жүйелердi қолдану тәртiбiнiң сипаттамасы осы Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламентiнiң 4-қосымшасына сәйкес мемлекеттiк қызмет көрсетудiң бизнес-процестерiнiң анықтамалығында келтiрiлген.

«Нотариаттық қызметпен    
айналысу құқығына лицензия беру»
мемлекеттiк көрсетiлетiн   
қызмет регламентiне     
1-қосымша            

Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде көрсетiлетiн қызметтi
берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) рәсiмдер
(iс-қимылдар) реттiлiгiнiң мәтiндiк кестелiк сипаттамасы

      1-кесте. Құрылымдық-функционалдық бiрлiктер (бұдан әрi – ҚФБ) әрекетiнiң сипаттамасы

Рәсiмдер (iс-қимылдар) №

1

2

3

4

5

ҚФБ атауы

Кеңсе

Заң қызметiн ұйымдастыру және лицензиялау басқармасының басшысы

Заң қызметiн ұйымдастыру және лицензиялау басқармасының сарапшысы

ТҚжЗҚҰД директоры

УО басшысы

Iс-қимылдардың атауы және олардың сипаттамасы

Лицензия беруге, қайта ресiмдеуге, лицензияның телнұсқасын беруге өтiнiштi және қажеттi құжаттар тiзбесiн қабылдау,
алынған құжаттарға тiркеу жасайды, бұл ретте өтiнiштiң оң жақ төменгi бұрышына түскен күнi мен кiрiс нөмiрiн көрсете отырып, мемлекеттiк тiлде тiркеу мөртаңбасын қояды

Тiркеуге келiседi және заң қызметiн көрсету және лицензиялау басқармасының сарапшысына нұсқама жiбередi

Көрсетiлетiн қызметтi алушының өтiнiшiн қарайды, тiзiлiмге лицензия беру, қайта ресiмдеу немесе лицензияның телнұсқасын беру туралы жазба енгiзу, лицензияны қайта ресiмдеу немесе лицензияның телнұсқасын ресiмдеу

Лицензияға, қайта ресiмдеуге немесе лицензияның телнұсқасына қол қоюды келісу.

Өтiнiштi қарау, лицензияға, қайта ресiмдеуге немесе лицензияның телнұсқасына қол қою.

Аяқталу нысаны

Мемлекеттiк қызмет көрсетудiң нәтижесiн көрсетiлетiн қызметтi алушының мекенжайына пошта арқылы жiбередi

Орындау мерзiмi мен басқарманың жауапты орындаушысы қамтылған қарары бар құжаттар

Тiркеу тiзiлiмiне жазба, лицензияны ресiмдеу, қайта ресiмдеу немесе лицензияның телнұсқасын ресiмдеу

Лицензияға, қайта ресiмдеуге немесе лицензияның телнұсқасына келісілген қол қою.

Лицензияға, қайта ресiмдеуге немесе лицензияның телнұсқасына қол қою, электрондық лицензия беру

Орындау мерзiмi

1 жұмыс күн

1 жұмыс күн

11 жұмыс күн

1 жұмыс күн

1 жұмыс күн

      2-кесте. Пайдалану нұсқалары. Баламалы процесс.

Кеңсе

Заң қызметiн көрсету және лицензиялау басқармасының басшысы

Заң қызметiн көрсету және лицензиялау басқармасының сарапшысы

УО басшысы

1. Лицензия беруге, қайта ресiмдеуге, лицензияның телнұсқасын беруге өтiнiш және қажеттi құжаттар тiзбесiн қабылдау, бұл ретте, өтiнiштiң төменгi оң жақ бұрышына түскен күнi мен кiрiс нөмiрiн көрсете отырып, мемлекеттiк тiлде тiркеу мөратаңбасы қойылады.

2. тiркеуге келiседi және заң қызметiн көрсету және лицензиялау басқармасының сарапшысына нұсқама жiбередi

3. Куәлiктi беру немесе куәлiктiң телнұсқасын беруден бас тарту қорытындыны ресiмдейдi.

4. Лицензия беруден, қайта ресiмдеуден немесе лицензияның телнұсқасын беруден бас тарту туралы қорытындыға қол қояды

6. Лицензия беруден, қайта ресiмдеуден немесе лицензияның телнұсқасын беруден бас тарту туралы қорытындыны көрсетiлетiн қызметтi алушының мекенжайына жiбередi


5. Лицензия беруден, қайта ресiмдеуден немесе лицензияның телнұсқасын беруден бас тарту туралы қорытындыны кеңсеге жiбередi.


      3-кесте. Портал арқылы ҚФБ iс-әрекеттерiнiң сипаттамасы

1

Iс-әрекет № (жұмыс барысы, ағыны)

1

2

3

4

5

6

2

ҚФБ атауы

Алушы

портал

Алушы

«АИС СУ» АЖ ЖТ МДҚ

ЭҮТШ

портал

3

Iс-әрекет атауы (процес, рәсiм, операциялар) және олардың сипаттамасы

Алушының ЭЦҚ тiркеу куәлiгiн компьютердiң интернет-браузерiне бекiту

Алушының деректерiндегi бұзушылықтармен байланысты бас тарту хабарламасын қалыптастырады

Қажеттi құжаттарды электрондық түрде бекiтумен сауал деректерiн қалыптастырады және қызметтi таңдайды;

соттылығы туралы деректердiң болмауына байланысты деректердi алудың мүмкiн еместiгi туралы хабарлама қалыптастырады

Қызмет төлемақысын жасау

Төлемақының жоқтығына байланысты бас тарту туралы хабарламаны қалыптастырады

4

Аяқтау нысаны (деректер, құжаттар, ұйымдастыру-реттеу шешiмi)

Сәттi қалыптастыру және сұрау салу туралы хабарламаны көрсету.

Сұратылып отырған электрондық мемлекеттiк қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру.

Сәттi қалыптастыру және сұрау салу туралы хабарламаны көрсету.

Сұратылып отырған электрондық мемлекеттiк қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру

Әрекеттiң сәттi аяқталғаны туралы хабарламаны көрсету.

Сұратылып отырған электрондық мемлекеттiк қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру

5

Орындау мерзiмi

10–15 сек

20 сек

1,5 мин

20 сек

1,5 мин

20 сек

6

Келесi iс-әрекет нөмiрi

2–алушы деректерiнде бұзушылықтар болғанда; 3–авторландыру табысты өткенде

4

-

5 – төлемақысын жасамағанда;
6 – төлемақысын жасағанда

кестенiң жалғасы

7

8

9

10

11

12

Алушы

портал

портал

портал

портал

портал

Куәландыру (қол қою) үшiн ЭЦҚ таңдауы

Алушының ЭЦҚ шынайылығының расталмауымен байланысты бас тарту туралы хабарламаны қалыптастырады

ЭЦҚ көмегiмен сауалды куәландыру (қол қою)

Электрондық құжатты өтiнiштi (алушының сұрау салуын және сұрау салуды ) өңдеу

Алушының деректерiндегi бұзушылықтардың болуымен байланысты бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру

Электрондық құжат

Сұрау салуды бағыттандыру

Сұратылып отырған электрондық мемлекеттiк қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру.

Сұрау салуды бағыттандыру

Өтiнiштiң нөмiрiн бере отырып сұрау салуды тiркеу.

Сұратылып отырған электрондық мемлекеттiк қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру.

Электрондық лицензия

10–15 сек

10–15 сек

1,5 мин

1,5 мин

20 сек

15 жұмыс күнi

7 – ЭЦҚ-да қателiк болғанда; 9 – ЭЦҚ-да қате болмағанда

-

-

10 - алушының бiлiктiлiк талаптарына және лицензия беру негiздерiне сәйкестiгiн қызмет берушiнiң тексеруi

-

«Нотариаттық қызметпен    
айналысу құқығына лицензия беру»
мемлекеттiк көрсетiлетiн   
қызмет регламентiне      
2-қосымша           

Портал арқылы электрондық мемлекеттiк қызметтердi көрсету
кезiнде функционалдық өзара iс-қимылдың № 1 диаграммасы

      Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң және көрсетiлетiн қызметтi алушының өтiнiш беру және рәсiмдер (iс-қимылдар) реттiлiгi тәртiбiнiң сипаттамасы:
      1) көрсетiлетiн қызметтi алушы өзiнiң ЭЦҚ тiркеу куәлiгiнiң көмегiмен порталда тiркеудi жүзеге асырады, ол көрсетiлетiн қызметтi алушының компьютерiнiң интернет-браузерiнде сақталады (порталға тiркелмеген тұтынушылар үшiн жүзеге асырылады);
      2) 1-процесс – көрсетiлетiн қызметтi алушының компьютерiнiң интернет-браузерiне ЭЦҚ тiркеу куәлiгiн бекiту, мемлекеттiк қызметтi алу үшiн порталда алушының паролiн енгiзу процесi (авторизациялау процесi);
      3) 1-шарт - тiркелген көрсетiлетiн қызметтi алушы туралы деректердiң түпнұсқалығын логин (ЖСН) және пароль арқылы порталда тексеру;
      4) 2-процесс - порталда көрсетiлетiн қызметтi алушылар деректерiнде бұзушылықтар болуына байланысты авторизациядан бас тарту туралы хабарды қалыптастыру;
      5) 3-процесс – осы Регламентте көрсетiлген қызметтi алушының порталда таңдауы, қызмет көрсету үшiн сұрау салу нысанын экранға шығару және оның құрылымы мен форматтық талаптарын ескере отырып (деректердi енгiзу) нысанды алушының толтыруы, сұрау салу нысанына қажеттi құжаттарды электрондық түрде тiркеу;
      6) 4-процесс – ЭҮТШ-де қызметтердi төлеу, содан кейiн ол ақпарат порталға түседi;
      7) 2-шарт – қызмет көрсеткенi үшiн төлегенi туралы фактiнi порталда тексеру;
      8) 5-процесс – қызмет көрсеткенi үшiн порталда төлемнiң болмауына байланысты, сұратылып отырған қызметтен бас тарту туралы хабарлама қалыптастыру;
      9) 7-процесс көрсетiлетiн қызметтi алушының сұрау салуды куәландыру (қол қою) үшiн ЭЦҚ тiркеу куәлiгiн таңдау;
      10) 3-шарт порталда ЭЦҚ тiркеу куәлiгiнiң қолдану мерзiмiн, тiзiмде керi қайтарылған (жойылған) тiркеу куәлiктерiнiң болмауын, сондай-ақ сәйкестендiру нөмiрлерiнiң сұрау салуда көрсетiлген ЖСН және ЭЦҚ тiркеу куәлiгiнде көрсетiлген ЖСН арасында сәйкестендiру деректерiнiң сәйкестiгiн тексеру;
      11) 7-процесс – көрсетiлетiн қызметтi алушының ЭЦҚ түпнұсқалығын растамауға байланысты сұратылып отырған қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
      12) 8-процесс – көрсетiлетiн қызметтi алушының ЭЦҚ арқылы қызмет көрсетуге сұрау салудың толтырылған нысанын (енгiзiлген деректерiн) куәландыру (қол қою);
      13) 9-процесс – порталда электрондық құжатты (көрсетiлетiн қызметтi алушының сұрау салуын) тiркеу және сұрау салуды порталда өңдеу;
      14) 4-шарт – көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң лицензия беру үшiн көрсетiлетiн қызметтi алушының бiлiктiлiк талаптарға және негiздемелерге сәйкестiгiн тексеру;
      15) 10-процесс – көрсетiлетiн қызметтi алушының порталдағы деректерiнде бұзушылықтардың болуына байланысты сұратылып отырған қызметтен бас тарту туралы хабарлама қалыптастыру;
      16) 11-процесс – көрсетiлетiн қызметтi алушы порталда қалыптастырылған қызмет нәтижесiн (электрондық лицензияны) алу. Электрондық құжатты көрсетiлетiн қызметтi берушi уәкiлеттi тұлғаның ЭЦҚ қолдана отырып, қалыптастырады.

Көрсетiлетiн қызметтi берушi арқылы электрондық мемлекеттiк
қызметтердi көрсету кезiнде функционалдық өзара
iс-қимылдың № 2 диаграммасы

      Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң өтiнiш беру және рәсiмдер (iс-қимылдар) реттiлiгi тәртiбiнiң сипаттамасы:
      1) 1-процесс – көрсетiлетiн қызметтi берушi қызметкерiнiң қызмет көрсету үшiн порталда ЖСН және паролiн (авторизациялау процесiн) енгiзуi;
      2) 2-процесс – көрсетiлетiн қызметтi берушi қызметкерiнiң осы Регламентте көрсетiлген қызметтi таңдауы, қызмет көрсету үшiн сұрау салу нысанын экранға шығару және көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң қызметкерi көрсетiлетiн қызметтi алушының деректерiн енгiзу;
      3) 3-процесс – ЭҮШ арқылы ЖТ МДҚ-на көрсетiлетiн қызметтi алушының деректерi туралы сұрау салуды жiберу;
      4) 1-шарт – ЖТ МДҚ-да «АИС СУ» АЖ-де көрсетiлетiн қызметтi алушының соттылығы туралы деректерiн тексеру;
      5) 4-процесс – ЖТ МДҚ-да көрсетiлетiн қызметтi алушының деректерiнiң «АИС СУ» АЖ-де соттылығы туралы деректердiң болмауына байланысты деректердi алудың мүмкiн еместiгi туралы хабарлама қалыптастыру;
      6) 5-процесс – көрсетiлетiн қызметтi берушi қызметкерiнiң сұрау салу нысанын, оның iшiнде қағаз түрiнде құжаттарының бар екендiгi туралы белгiсiн толтыруы және көрсетiлетiн қызметтi алушы ұсынған құжаттарды сканерлеу, оларды сұрау салудың нысанына бекiтуi және қызмет көрсетуге сұрау салудың толтырылған нысанын (енгiзiлген деректердi) ЭЦҚ арқылы куәландыру;
      7) 6-процесс – порталда электрондық құжатты тiркеу;
      8) 2-шарт – қоса берiлген құжаттарды көрсетiлетiн қызметтi берушi Стандартта және қызмет көрсету үшiн негiздемелерге сәйкес көрсетiлгенiн тексеру (өңдеу);
      9) 7-процесс – көрсетiлетiн қызметтi алушының деректерiнде бұзушылықтардың болуына байланысты сұратылып отырған қызметтен бас тарту туралы хабарлама қалыптастыру;
      10) 8-процесс – көрсетiлетiн қызметтi алушы қызмет нәтижесiн (нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензия алу) алу.

Шартты белгiлерi:

«Нотариаттық қызметпен   
айналысу құқығына лицензия беру»
мемлекеттiк көрсетiлетiн   
қызмет регламентiне      
3-қосымша          

Шығатын құжаттар
Мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесi

ДӘЛЕЛДI БАС ТАРТУ ЖТ атауы

[УО Атауы], Сiздiң (Өтiнiм күнi) № (өтiнiм нөмiрi) өтiнiшiңiздi қарап шығып, мыналарды хабарлаймыз.

[Бас тартудың себебi]

[Қол қоюшының лауазымы]                    [Қол қоюшының Т.А.Ә.]

Лицензия нысаны

Лицензия

20____ жылғы «___» ___________                         №_____________

_____________________________________________________________________
(«Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес лицензияланатын қызмет түрінің атауы)
__________________________________________________________ айналысуға
_____________________________________________________________ берілді
(заңды тұлғаның (соның ішінде шетелдік заңды тұлғаның) толық атауы, мекенжайы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі, заңды тұлғаның бизнес-сәйкестендіру нөмірі болмаған жағдайда – шетелдік заңды тұлға филиалының немесе өкілдігінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі/жеке тұлғаның толық тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), жеке сәйкестендіру нөмірі)
Ерекше шарттары _____________________________________________________
(«Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабына сәйкес)
Ескерту: ____________________________________________________________
                  (иеліктен шығарылатындығы, рұқсаттың класы)
Лицензиар ___________________________________________________________
                         (лицензиардың толық атауы)
Басшы (уәкiлеттi тұлға) _____________________________________________
                          (тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда)

Қолы ______________ (қағаз тасығыштағы лицензиялар үшін)
Мөр орны (қағаз тасығыштағы лицензиялар үшін)
Алғашқы берілген күні: « » ____________ _______ ж.
Лицензияның қолданылу кезеңі: « » ____________ _______ ж.
Берілген орны ____________________________

«Нотариаттық қызметпен   
айналысу құқығына лицензия беру»
мемлекеттiк көрсетiлетiн   
қызмет регламентiне     
4-қосымша         

«Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензия беру»
Мемлекеттiк қызмет көрсетудiң бизнес-процестерiнiң анықтамалығы

*Қызмет алушының мемлекеттiк органға жүгiнген кезiнде,
қызметтi көрсету тәртiбi;

**Қызметтi «Е-лицензиялау» АЖ арқылы электрондық түрде көрсеткенде

*ҚФБ - құрылымдық – функционалдық бiрлiк: көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшiлерiнiң (жұмыскерлерiнiң), халыққа қызмет көрсету орталығының, «электрондық үкiмет» веб-порталының өзара iс-қимылдары;

- мемлекеттік қызмет көрсетудің басталуы немесе аяқталуы;
- көрсетілетін қызметті алушы рәсімдерінің (іс-қимылының) және немесе ҚФБ атауы;
- таңдау нұсқасы;
- келесі рәсімге (іс-қимылға) өту;
      - ЭҚАБЖ – мемлекеттік органдардың электрондық құжат айналымы бірыңғай жүйесі.
      - «Е-лицензиялау» АЖ - «Е-лицензиялау» Ақпараттық жүйесі;
      - ЭҮП - «Электрондық үкімет» Порталы;
      - МО - Мемлекеттік орган;
      - ҚР БП АЕ АЖ – Бас прокуратураның Арнайы есепке алу ақпараттық жүйесі.

Қазақстан Республикасы
Әдiлет министрiнiң  
міндетін атқарушының 
2015 жылғы 26 мамырдағы
№ 297 бұйрығына   
3-қосымша      

«Нотариустардың өтiнiштерiн қабылдау, мөрлерiн тiркеу және беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламентi 1. Жалпы ережелер

      1. «Нотариустардың өтiнiштерiн қабылдау, мөрлерiн тiркеу және беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметiн (бұдан әрi – мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет) Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 24 сәуірде № 232 бұйрығымен бекiтiлген «Нотариустардың мөрлерiн тiркеу және беру, өтiнiштерiн қабылдау» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты негiзiнде (бұдан әрi – Стандарт) облыстардың, Астана, Алматы қалаларының әдiлет департаменттерi көрсетедi (бұдан әрi – көрсетiлетiн қызметтi берушi).
      2. Мемлекеттiк қызмет көрсету нысаны: қағаз жүзiнде.
      3. Мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесi: Стандарттың 1-қосымшаға сәйкес нотариустардың мөрлерiн беру.
      Көрсетiлетiн қызметтi берушi нотариустардың мөрлерiн Стандарттың 2-қосымшасына сәйкес мөрдi беру журналында қол қою арқылы бередi.

2. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде көрсетiлетiн қызметтi
берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң)
iс-қимыл тәртiбiн сипаттау

      4. Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң Стандарттың 9-тармағына сәйкес құжаттарды көрсетiлетiн қызметтi алушыдан алуы мемлекеттiк қызмет көрсету үшiн рәсiмдердi (iс-қимылдарды) алуына негiздеме болып табылады.
      5. Мемлекеттiк қызметтi көрсету процесiнiң құрамына кiретiн рәсiмдер (iс-қимылдар):
      1) өтiнiштi тiркеу;
      2) өтiнiштi көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң басшысының қарауы;
      3) өтiнiштi құқық түсiндiру жұмысы және заң қызметін көрсету бөлiмi басшысының қарауы;
      4) құқық түсiндiру жұмысы және заң қызметін көрсету бөлiмiнiң маманы өтiнiштi қарау және мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесiн рәсiмдеуi;
      5) мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесiне көрсетiлетiн қызметтi берушi басшысының қол қоюы;
      6) мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нәтижесiн көрсетiлетiн қызметтi алушыға жолдау.

3. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде көрсетiлетiн қызметтi
берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң)
өзара iс-қимыл тәртiбiн сипаттау

      6. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiне көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң мынадай құрылымдық бөлiмшелерi (қызметкерлерi) қатыстырылған:
      1) көрсетiлетiн қызметтi берушi кеңсесiнiң қызметкерi;
      2) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң басшысы;
      3) құқық түсiндiру жұмысы және заң қызметін көрсету бөлiмiнiң басшысы;
      4) құқық түсiндiру жұмысы және заң қызметін көрсету бөлiмiнiң маманы;
      7. Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерi (қызметкерлерi) арасындағы рәсiмдердiң (iс-қимылдардың) реттiлiгiн сипаттау:
      1) көрсетiлетiн қызметтi берушi кеңсесiнiң қызметкерi құжаттар түскен күннен бастап 1 (бiр) жұмыс күн iшiнде алынған құжаттарды тiркеуден өткiзедi және көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң басшысына қарауға жiбередi, бұл ретте, өтiнiштiң оң жақ төменгi бұрышына түскен күн мен кiрiс нөмiрi көрсетiлген мемлекеттiк тiлдегi тiркеу мөртаңбасы қойылады;
      2) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң басшысы құжаттар түскен күннен бастап 1 (бiр) жұмыс күн iшiнде көрсетiлетiн қызметтi алушының өтiнiшiн қарайды және құқық түсiндiру жұмысы және заң қызметін көрсету бөлiмiнiң басшысына нұсқаумен жiбередi;
      3) құқық түсiндiру жұмысы және заң қызметін көрсету бөлiмiнiң басшысы құжаттар топтамасы түскен күннен бастап 1 (бiр) жұмыс күн iшiнде көрсетiлетiн қызметтi алушының өтiнiшiнiң қойылатын талаптарға сәйкестiгiн қарайды, құқық түсiндiру жұмысы және заң қызметін көрсету бөлiмiнiң маманына нұсқау бередi;
      4) құқық түсiндiру жұмысы және заң қызметін көрсету бөлiмiнiң маманы 3 (үш) жұмыс күн iшiнде көрсетiлетiн қызметтi алушының өтiнiшiн қарайды және нотариустардың мөрiн дайындауға аккредиттелген мекемелерге тапсырыс хат ресiмдейдi;
      5) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң басшысы 1 (бiр) жұмыс күн iшiнде нотариустарға мөрдi дайындауға аккредиттелген мекемелерге тапсырыс хатқа қол қояды және көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесiне жiбередi;
      6) көрсетiлетiн қызметтi берушi кеңсесiнiң қызметкерi 1 (бiр) жұмыс күн iшiнде нотариустарға мөрдi дайындауға тапсырыс хатты аккредиттелген мекемелерге жолдайды;
      7) аккредиттелген мекемелер 3 (үш) жұмыс күн iшiнде нотариустардың дайын мөрлерiн көрсетiлетiн қызметтi берушiге жiбередi;
      8) мемлекеттiк қызмет көрсетудiң нәтижесiн көрсетiлетiн қызметтi алушыға берудi құқық түсiндiру жұмысы және заң қызметін көрсету бөлiмiнiң маманы мөрдi берудi Стандарттың 2-қосымшасына сәйкес мөрдi беру журналында қол қою арқылы жүзіге асырады.
      8. Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (жұмыскерлерiнiң) мемлекеттiк қызмет көрсету процесiндегi рәсiмдерiнiң (iс-қимылдарының), өзара iс-қимылдары кезектiлiгiнiң мәтiндiк кестелiк сипаттамасы әр рәсiмнiң (iс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, осы Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламентiнiң 1-қосымшасында келтiрiлген.
      9. Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (жұмыскерлерiнiң) мемлекеттiк қызмет көрсету процесiндегi рәсiмдерiнiң (iс-қимылдарының), өзара iс-қимылдары кезектiлiгiнiң егжей-тегжейлi сипаттамасы, сондай-ақ, мемлекеттiк қызмет көрсету процесiндегi өзге көрсетiлетiн қызмет берушiлер және (немесе) халыққа қызмет көрсету орталықтары өзара iс-қимыл тәртiбiнiң және ақпараттық жүйелердi қолдану тәртiбiнiң сипаттамасы осы Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламентiнiң 2-қосымшасына сәйкес мемлекеттiк қызмет көрсетудiң бизнес-процестерiнiң анықтамалығында келтiрiлген.

«Нотариустардың өтiнiштерiн қабылдау,
мөрлерiн тiркеу және беру»      
Мемлекеттiк көрсетiлетiн        
қызмет регламентiне           
1-қосымша                

Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде рәсiмдердiң
(iс-қимылдардың) реттiлiгiн, көрсетiлетiн қызмет берушiнiң
құрылымдық бөлiмшелерiнiң (жұмыскерлерiнiң) өзара iс-қимылдары
мәтiндiк кестелiк сипаттамасы

1 Кесте. Құрылымдық-функционалдық бiрлiктер (бұдан әрi – ҚФБ) әрекетiнiң сипаттамасы

Рәсiмдер (iс-қимылдардың) № ҚФБ-нiң атауы

1

2

3

4

Көрсетiлетiн қызмет берушiнiң кеңсесi

Көрсетiлетiн қызмет берушiнiң басшысы

құқық түсiндiру жұмысы және заң қызметін көрсету бөлiмiнiң басшысы

құқық түсiндiру жұмысы және заң қызметін көрсету бөлiмiнiң маманы

Әрекеттiң атауы және олардың сипаттамасы

Өтiнiштi және нотариустардың мөрлерiн беруге қажеттi құжаттарды қабылдау, өтiнiштi тiркеу журналында тiркеу, сонымен бiрге өтiнiштiң оң жақтағы астыңғы бұрышы келiп түскен күнi мен кiрiс нөмiрi көрсете отырып мемлекеттiк тiлде тiркеу мөртабан қойылады

Нотариустардың мөрлерiн беру өтiнiшiн қарау

Ұсынылған құжаттар тiзбесiнiң қойылатын талаптарға сәйкестiгiн қарау

Мөрлердi беру журналында жазу мөрлердi дайындау тапсырысына хатты ресiмдеу

Аяқталудың нысаны

өтiнiштi тiркеу журналында тiркеу, сонымен бiрге өтiнiштiң оң жақтағы астыңғы бұрышы тiркеу мөртабанды қою

Орындау мерзiмiмен жауапты орындаушы туралы жазылған бұрыштамасымен құжаттар

Бөлiмдегi орындау мерзiмiмен жауапты орындаушы туралы жазылған бұрыштамасымен құжаттар


Орындау мерзiмi

1 жұмыс күнi

1 жұмыс күнi

1 жұмыс күнi

3 жұмыс күндерi

2 Кесте. Пайдаланудың түрлерi. Негiзгi процессi

Негiзгi процессi

Көрсетiлетiн қызмет берушiнiң кеңсесi

Көрсетiлетiн қызмет берушiнiң басшысы

құқық түсiндiру жұмысы және заң қызметін көрсету бөлiмiнiң басшысы

құқық түсiндiру жұмысы және заң қызметін көрсету бөлiмiнiң маманы


1. Өтiнiштi және қажеттi құжаттарды қабылдау, өтiнiштi тiркеу журналында тiркеу, сонымен қоса өтiнiштiң оң жақтағы астыңғы бұрышына келiп түскен күнi мен кiрiс нөмiрiн көрсете отырып, мемлекеттiк тiлде тiркеу мөртаңбасы қойылады

2. Нотариустардың мөрлерiн беру өтiнiшiн қарау

3. Ұсынылған құжаттар тiзбесiнiң қойылатын талаптарға сәйкестiгiн қарау, нотариустардың мөрлерiн берудi келiсу

4. Мөрлердi беру журналында жазу, мөрлердi дайындау тапсырысына хатты ресiмдеу


6. Мөрлердi дайындау тапсырысына хат жолдау

5. Мөрлердi дайындау тапсырысына хатқа қол қою


7. Нотариустың дайын мөрiн алу. Көрсетiлетiн қызмет берушiнiң стандарттың 2 қосымшасына сәйкес нысанындағы мөрлердi беру журналында қол қойылғаннан кейiн нотариустың мөрiн беру


«Нотариустардың өтiнiштерiн  
қабылдау, мөрлерiн тiркеу және беру»
Мемлекеттiк көрсетiлетiн    
қызмет регламентiне       
2-қосымша              

«Нотариустардың өтiнiштерiн қабылдау, мөрлерiн тiркеу
және беру» Мемлекеттiк қызмет көрсетудiң
бизнес-процестерiнiң анықтамалығы

*Әдiлет органдарының аумақтық бөлiмшелерi арқылы қызмет көрсеткенде
(Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әдiлет департаменттерi)

*ҚФБ - құрылымдық – функционалдық бiрлiк: көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшiлерiнiң (жұмыскерлерiнiң), халыққа қызмет көрсету орталығының, «электрондық үкiмет» веб-порталының өзара iс-қимылдары;

- мемлекеттік қызмет көрсетудің басталуы немесе аяқталуы;
- көрсетілетін қызметті алушы рәсімдерінің (іс-қимылының) және немесе ҚФБ атауы;
- таңдау нұсқасы;
- келесі рәсімге (іс-қимылға) өту;
      - ЭҚАБЖ – мемлекеттік органдардың электрондық құжат айналымы бірыңғай жүйесі.
      - МО – Мемлекеттік орган