Ерекше тәртіп бойынша жүргізілетін тексерулерден босатылатын эпидемиялық маңыздылығы жоғары объектілердің тәуекелдерін басқарудың бағалау жүйесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 29 мамырдағы № 413 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 10 шілдеде № 11639 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 15 сәуірдегі № ҚР ДСМ-31 бұйрығымен.

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 15.04.2021 № ҚР ДСМ-31 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 21-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Ерекше тәртіп бойынша жүргізілетін тексерулерден босатылатын эпидемиялық маңыздылығы жоғары объектілердің тәуекелдерін басқарудың бағалау жүйесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ұлттық Экономика министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Ұлттық экономика министрі

Е. Досаев


  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 29 мамырдағы № 413
бұйрығымен Бекітілген

Ерекше тәртіп бойынша жүргізілетін тексерулерден
босатылатын эпидемиялық маңыздылығы жоғары объектілердің
тәуекелдерін басқаруды бағалау жүйесі
1. Жалпы ережелер

      1. Ерекше тәртіп бойынша жүргізілетін тексерулерден босатылатын эпидемиялық маңыздылығы жоғары объектілердің тәуекелдерін басқаруды бағалау жүйесі (бұдан әрі - Жүйе) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 21-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленген.

      2. Жүйе халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы жоғары тәуекел дәрежесіне жатқызылған субъектілерге (объектілерге) қатысты олардың ерекше тәртіп бойынша жүргізілетін тексерулерден босатылу негіздемесін айқындау мақсатында бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру кезінде қолданылады.

      Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауды жүзеге асыру кезінде тәуекелдерді басқару жүйесі:

      1) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерді;

      2) зертханалық-құрал-саймандық зерттеулер нәтижелерін сақтауға негізделеді.

2. Жүйені қолдану

      3. Эпидемиялық маңызы жоғары объектілер осы Жүйеге сәйкес ерекше тәртіп бойынша жүргізілетін тексерулерден босатылады.

      4. Эпидемиялық маңызы бар объектілерді ерекше тәртіп бойынша жүргізілетін тексерулерден босату халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкес мына негіздемелер бойынша жүргізіледі:

      1) субъектінің (объектінің) санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының болуы;

      2) 12 ай бойы объектінің қызметімен байланысты инфекциялық және (немесе) паразиттік және топтық инфекциялық емес аурулар мен уланулар, оның ішінде тамақтан улану жағдайлары және (немесе) расталған шағымдардың тіркелуінің болмауы.

      5. Эпидемиялық маңызы жоғары объектілерде жүргізілген зертханалық-құрал-саймандық зерттеулердің нәтижелері бойынша оң сынамалардың тіркелуі болмауы қажет.