Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 19.02.2020 № 57 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 69-бабының 2-тармағына және "Өсімдіктер карантині туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 06.06.2022 № 183 бұйрығымен.1. Қоса беріліп отырған мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдарды нысанды киіммен (погонсыз), сондай-ақ материалдық құралдармен, фото- және бейнетіркеуге арналған техникалық құралдармен қамтамасыз етудің заттай нормалары бекітілсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 19.02.2020 № 57 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру мен қайта өңдеу және фитосанитариялық қауіпсіздік департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі |
А. Мамытбеков |
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
_____________ Б. Сұлтанов
2015 жылғы "09" маусым
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 2 маусымдағы № 15-2/509 бұйрығымен бекітілген |
Мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдарды нысанды киіммен (погонсыз), сондай-ақ материалдық құралдармен, фото- және бейнетіркеуге арналған техникалық құралдармен қамтамасыз етудің заттай нормалары
Ескерту. Заттай нормалар жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 06.06.2022 № 183 бұйрығымен.
Р/с № | Нысанды киім бұйымдарының атауы | Өлшем бірлігі | Бір адамға арналған жиынтық немесе бұйымдар саны | Киім кию мерзімі, жыл | Қолданылу саласы | Таралу саласы | Заттай нормалардың анықтамасы мен қолданылуын нақтылайтын сипаттамасы |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
1-тарау. Ерлердің нысанды киімі | |||||||
1 | Қара-көк түсті нысанды фуражка | дана | 1 | 2 | Өсімдіктер карантині саласында-ғы мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүргізу кезінде | Өсімдіктер карантині саласындағы уәкілетті орган ведомствосының облыстық, қалалық, аудандық аумақтық инспекциялары мен фитосанитариялық бақылау бекеттері | Қара-көк түсті жартылай жүн матадан жасалады. Сопақша түбі және дөңгелек қабырғасы, қара-көк түсті шұға немесе барқытты шеңбері мен күнқағардан тұрады. Түбінің шетінен шеңбердің жоғары жағына дейінгі алдыңғы жағы 70 миллиметр (бұдан әрі - мм). Түбінің шетінен шеңбердің шетіне дейінгі бүйір және артқы жағы 40 мм. Түбінің шеті және киетін шеңберінің жоғарғы жиегі бойымен ені 2,5 мм көгілдір түсті жиек салынған. Қалқанша ортасының үстіне қалқанға кокарда бекітіледі. Күнқағар үстіңгі жағынан лакталған қара терімен, ал төменгі жағынан қара түсті жұмсақ терімен немесе жүннен тоқылған матамен қапталған. Күнқағардың үстіңгі жағында, киетін шеңберіне диаметрі 14 мм екі нысанды түймелермен ілінеді, алтын түсті тоқылған филигран бауы тағылады. |
2 | Қой терісінен тігілген қысқы құлақшын | дана | 1 | 3 | Ашық сұр түсті цигейкадан тігіледі. Құлақшынның ортасында кокарда орналасады. | ||
3 | Қой терісінен тігілген қысқа тон | дана | 1 | 3 | Қысқа тон тік пішінді, қой терісінен жасалған жылы астары бар, қара түсті жүн матадан жасалады. Бүйірлерінде жапырақ тәріздес ойылып салынған қалталары бар. Жеңдері жапсырма тігісті қайырмаларымен. Сол жақ жеңінде өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторының жеңге тігілетін белгісі тігілген. Жағасы қондырмалы, қайырмалы, қара түсті қой терісінен жасалған. | ||
4 | Маусымдық күрте | дана | 1 | 3 | Маусымдық, тік пішінді, қысқартылған шешіліп алынатын жылы астары бар күрте қара-көк түсті жартылай жүнді матадан тігіледі және өңірі сыдырмалы ілгекпен түймеленеді. Бүйірлерінде жапырақ тәріздес ойылып салынған қалталары бар. Арқасында екі жалғап тігілген иінішті және ортаңғы тігісі бар. Жеңі жапсыра тігілген, қос тігісті, жеңнің төменгі жағында белдікше тігіледі, оның бос ұшы диаметрі 24 мм нысанды түймеге түймеленеді. Сол жақ жеңінде өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторының жеңге тігілетін белгісі тігілген. Жағасы қайырмалы, ашық сұр түсті алмалы цигейкамен және классикалық ағылшын үлгісіндегі лацканымен. Астары сырылып тігілген. | ||
5 | Күнделікті күртеше | дана | 1 | 2 | Күнделікті күртеше қара-көк түсті жартылай жүнді матадан тігіледі. Күртеше тік пішінді, өңірі сыдырмалы ілгекпен түймеленеді. Бүйірлері жалғап тігілген иінішті, жалғап тігілген жерінде жапсырылып салынған клапанды төс қалталар мен ойылып салынған рамкалы екі жан қалтасы бар, олар сыдырмалы ілгекпен түймеленеді. Арқасында жалғап тігілген иініші және иініш жапсырылған тігіс бойымен екі жерден қаусырылған. Жағасы қондырмалы, қайырылған. Жағаның екі жағында тігілген ілмек бар. Жеңі қос тігісті, жапсыра тігілген манжеттері және шынтақ тігісінде тілігі бар. Сол жақ жеңінде өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторының жеңге тігілетін белгісі тігілген. Күртешенің төменгі жағында екі бүйірі жалғап тігілген, төрт қатар резинкамен тартылған болады. Манжеттері диаметрі 14 мм нысанды екі, ал клапандары бір түймемен түймеленеді. | ||
6 | Күнделікті киетін шалбары бар қара-көк түсті китель | дана | 1 | 2 | Күнделікті ашық китель қара-көк түсті жартылай жүн матадан жасалады. Астарында лацканның қайырылғанына дейін түймеленетін диаметрі 24 мм ұзартылған төрт нысанды түймеге түймеленетін жартылай қынамалы пішінді, бір өңірлі. Жағасы мен лацканы қайырылған. Жағасының шетіне ені 2,5 мм көгілдір түсті жиек салынған. Жағаның екі жағында тігілген ілмек бар. Жеңі жапсыра тігілген, қос тігісті, шлицтің шынтақтағы тігісінде диаметрі 14 мм екі нысанды түймелер бар. Сол жақ жеңінде өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторының жеңге тігілетін белгісі тігілген. Арқа тұсының ортаңғы тігісі шлицамен бітеді, қапталы бүйірінің жырығымен және белі бойынша алдыңғы бүкпелі, бүйірінде клапанды тілік қалталары және кеуденің сол жағында тілінген омырау жапырақ қалталары бар. | ||
7 | Ақ түсті ұзын жеңді жейде | дана | 2 | 1 | Ұзын жеңді жейде ақ түсті мақта-матадан тігіледі. Жейде тік пішінді, орталық өңірден түймелермен түймеленеді және клапанды екі жапсырма төс қалтасы бар. Жейденің төменгі жағында белі сырылып тігілген, екі жақ бүйір тігістері екі түймемен түймеленеді. Қондырмалы қайырма жағалы, тіктеп жалғанған. Жеңі жапсыра тігілген, қос тігісті, шынтақ тігістері шлицамен өңделген, жеңінің төменгі жағына түймелермен түймеленетін манжеталар жалғана тігілген. Арқасында жалғана тігілген қос қабатты иініші бар, тігілген тігіс бойымен екі жерден қаусырылған. | ||
8 | Ақ түсті қысқа жеңді жейде | дана | 2 | 1 | Қысқа жеңді жейде ақ түсті мақта-матадан тігіледі. Жейде тік пішінді, орталық өңірден түймелермен түймеленеді және клапанды екі жапсырма төс қалтасы бар. Жейденің төменгі жағында белі сырылып тігілген, екі жақ бүйір тігістері екі түймемен түймеленеді. Қондырмалы қайырма жағалы, лацканы бар, тіктеп жалғанған. Жеңі қысқа, сырылған қос тігісті, жеңінің төменгі жағына имитациялы манжеталар салынған. Сол жақ жеңінде өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторының жеңге тігілетін белгісі тігілген. Арқасында жалғана тігілген қос қабатты иініші бар, тігілген тігіс бойымен екі жерден қаусырылған. | ||
9 | Ақшыл-көк түсті ұзын жеңді жейде | дана | 2 | 1 | Ұзын жеңді жейде ақшыл-көк түсті полиэстердің үйлесуімен мақта-матадан тігіледі. Жейде тік пішінді, орталық өңірден түймелермен түймеленеді және клапанды екі жапсырма төс қалтасы бар. Жейденің төменгі жағында белі сырылып тігілген, екі жақ бүйір тігістері екі түймемен түймеленеді. Қондырмалы қайырма жағалы, тіктеп жалғанған. Жеңі жапсыра тігілген, қос тігісті, шынтақ тігістері шлицамен өңделген, жеңінің төменгі жағына түймелермен түймеленетін манжеталар жалғана тігілген. Арқасында жалғана тігілген қос қабатты иініші бар, тігілген тігіс бойымен екі жерден қаусырылған. | ||
10 | Ақшыл-көк түсті қысқа жеңді жейде | дана | 2 | 1 | Қысқа жеңді жейде ақшыл-көк түсті полиэстердің үйлесуімен мақта-матадан тігіледі. Жейде тік пішінді, орталық өңірден түймелермен түймеленеді және клапанды екі жапсырма төс қалтасы бар. Жейденің төменгі жағында белі сырылып тігілген, екі жақ бүйір тігістері екі түймемен түймеленеді. Қондырмалы қайырма жағалы, лацканы бар, тіктеп жалғанған. Жеңі қысқа, сырылған қос тігісті, жеңінің төменгі жағына имитациялы манжеталар салынған. Сол жақ жеңінде өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторының жеңге тігілетін белгісі тігілген. Арқасында жалғана тігілген қос қабатты иініші бар, тігілген тігіс бойымен екі жерден қаусырылған. | ||
11 | Галстук | дана | 2 | 1 | Галстук қара-көк түсті тығыз матадан тігіледі және тік бұрыш болып аяқталатын созылған трапеция түрінде негізгі бөліктен тұрады. | ||
12 | Галстукке арналған қысқыш | дана | 1 | 3 | Галстукке арналған қысқыш стандартты сары алтын түспен қапталған металл қорытпасынан жасалады. | ||
13 | Қара түсті былғары туфли | жұп | 1 | 2 | Туфли қара түсті былғарыдан жасалады, өкшесі биік емес. | ||
14 | Қара түсті қысқа қонышты былғары бәтеңке | жұп | 1 | 2 | Қысқа қонышты бәтеңке қара түсті былғарыдан жасалады. | ||
15 | Ұзын қонышты былғары жылы бәтеңке | жұп | 1 | 2 | Қара түсті, табаны қалың ұзын қонышты былғары жылы бәтеңке. | ||
16 | Былғары белбеу | дана | 1 | 2 | Былғарыдан жасалған қара түсті белбеу. | ||
17 | Қысқы бас киімге тағатын кокарда | дана | 1 | 3 | Бас киімнің кокардасы сары алтын түсті бүтін металл қорытпасынан жасалады, ортасында көгілдір түс аясында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы бейнеленген, төменгі жағында және симметриялы түрде екі жағынан масақтармен жиектелген. Кокарданың көмкерілген жиектерінің өлшемдері биіктігі бойынша 40 мм, ені бойынша 70 мм. Сыртқы жағында екі металдан жасалған қадауыш дәнекерленген. Кокарда бас киімнің алдыңғы жағында ортасына бекітіледі. | ||
18 | Фуражкаға тағатын кокарда | дана | 1 | 3 | Кокарданың көмкерілген жиектерінің өлшемдері биіктігі бойынша 40 мм, ені бойынша 70 мм. Сыртқы жағында екі металдан жасалған қадауыш дәнекерленген. Кокарда бас киімнің алдыңғы жағында ортасына бекітіледі. | ||
19 | Алтын түсті тігілетін ілмек | жұп | 1 | 2 | Тігілетін алтын түсті ілмек, жылан оратылған бидай масағы эмблемасын бейнелейді және жекелей эмблеманың астында көмкерілген. | ||
20 | Стандартты алтын түсті үлкен металл түйме | дана | 5 | 2 | Түймелер домалақ формалы, ілмешегі бар, көлемі 24 мм (кительге), алтын түсті металл қорытпасынан жасалған, Қазақстан Республикасының Елтаңбасы рельефтік бейнесі бейнеленген. | ||
21 | Стандартты алтын түсті кішкентай металл түйме | дана | 5 | 2 | Түймелер домалақ формалы, ілмешегі бар, көлемі 14 мм (кительдің жеңіне), алтын түсті металл қорытпасынан жасалған, Қазақстан Республикасының Елтаңбасы рельефтік бейнесі бейнеленген. | ||
22 | Нөмірлік төс белгі (жетон) | дана | 1 | 5 | Өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторының нөмірлі кеуде белгісі (жетон), өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторының жеке нөмірі бар кеуде белгісі ретінде арнайы нысанды киімге тағып жүруге арналады. Өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспектордың жеке нөмірі үш таңбалы цифрлы нөмірден тұрады. | ||
23 | Сопақ пішінді жеңге тігілетін белгі | дана | 5 | 2 | Сопақ пішінді жеңге тігілетін белгі, өлшемі 100x80 мм, белгінің ортасында көгілдір түс аясында жылан оратылған бидай масағы бейнеленген, жоғары жағында "ӨСІМДІКТЕР", төменгі жағында "КАРАНТИНІ" деген жазумен өрнектелген. Белгінің ішкі беті өрілген масақтармен, сыртқы беті алтын түспен көмкеріліп жиектелген. Белгідегі жазулар мен бейнелер алтын түсті тоқыма тәсілімен жазылады. Жең белгісінің жиектері ашық-сұр түсті тігіспен жиектелген. Жең белгісі сол қол жеңінің сырт жағына, сыртқы киім жеңінің жоғарыдан 120 мм аралығына тігіледі. | ||
24 | Шарф | дана | 2 | 5 | Шарф ашық-сұр түсті жүн матадан жасалады. | ||
25 | Халат | дана | 2 | 1 | Халат ақ немесе қара-көк түсті мақта-матасынан тігіледі. Тік пішінді, төрт түймеге түймеленген, жағасы қайырылған, бүйірінде клапанды тілік қалталары бар. Арқа тұсының ортаңғы тігісі шлицамен бітеді. | ||
2-тарау. Әйелдердің нысанды киімі | |||||||
26 | Қара-көк түсті жаздық берет | дана | 1 | 2 | Өсімдіктер карантині саласындағы мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүргізу кезінде | Өсімдіктер карантині салсындағы уәкілетті орган ведомствосының облыстық, қалалық, аудандық аумақтық инспекциялары және фитосанитариялық бақылау бекеттері | Берет астары бар қара-көк түсті жүн матадан тігіледі. Береттің асты ені 50 мм қара-көк түсті трикотаж матасынан тігіледі. Береттің алдындағы ортасына кокарда тағылады. |
27 | Қой терісінен тігілген қысқы құлақшын | дана | 1 | 3 | Құлақшын ашық сұр түсті цигейкадан жасалады. Құлақшынның ортасында кокарда орналасады. | ||
28 | Қой терісінен тігілген қысқа тон | дана | 1 | 3 | Қысқа тон тік пішінді, қой терісінен жасалған жылы астары бар, қара түсті жүн матадан жасалады. Бүйірлерінде жапырақ тәріздес ойылып салынған қалталары бар. Жеңдерінде жапсырма тігісті қайырмаларымен. Сол жақ жеңінде өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторының жеңге тігілетін белгісі тігілген. Жағасы қондырмалы, қайырмалы, қара түсті қой терісінен жасалған. | ||
29 | Маусымдық күртеше | дана | 1 | 3 | Маусымдық, тік пішінді, қысқартылған күртеше қара-көк түсті жартылай жүнді матадан алмалы жылы астармен тігіледі және өңірі сыдырмалы ілгекпен түймеленеді. Бүйірлерінде жапырақ тәріздес ойылып салынған қалталары бар. Арқасында екі жалғап тігілген иінішті және ортаңғы тігісі бар. Жеңі жапсыра тігілген, қос тігісті, жеңнің төменгі жағында белдікше тігіледі, оның бос ұшы диаметрі 24 мм нысанды түймеге түймеленеді. Сол жақ жеңінде өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторының жеңге тігілетін белгісі тігілген. Жағасы қондырмалы, қайырылған, ашық сұр түсті алмалы цигейкамен және классикалық ағылшын үлгісіндегі лацканымен. Астары сырылып тігілген. | ||
30 | Плащ-пальто | дана | 1 | 2 | Әйелдер киетін жартылай қынамалы пішінді плащ-пальто, қара-көк түсті су өткізбейтін матадан жасалады, алынатын жылы астары бар және өңірі сыдырмалы ілгекпен түймеленеді (3-сурет). Бүйірлерінде жапырақ тәріздес ойылып салынған қалталары бар. Арқасының ортасында шлицамен аяқталатын тігіс бар. Жеңі жапсыра тігілген, қос тігісті, жеңнің төменгі жағында белдікше тігіледі, оның бос ұшы диаметрі 24 мм нысанды түймеге түймеленеді. Сол жақ жеңінде өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторының жеңге тігілетін белгісі тігілген. Белдігі алмалы-салмалы тоғаға буылады. Жағасы қондырмалы, қайырмалы, ашық сұр түсті алмалы цигейкасымен және классикалық ағылшын үлгісіндегі лацканымен. Астары сырылып тігілген, төменгі жағы ашық. | ||
31 | Күнделікті киетін шалбары бар қара-көк түсті китель | дана | 1 | 2 | Күнделікті китель қара-көк түсті жартылай жүн матадан жасалады. Китель жартылай қынамалы пішінді, бір жаққа ілме өңірлі, астары бар, ұзартылған, лацканның бүгілетін жеріне дейін диаметрі 24 мм төрт нысанды түймелермен түймеленеді. Жағасы мен лацкандары қайырылған. Жағасының шетіне ені 2,5 мм көгілдір түсті жиек салынған. Жағаның екі жағында тігілген ілмек бар. Жеңі жапсыра тігілген, қос тігісті, шлицтің шынтақтағы тігісінде диаметрі 14 мм үш нысанды түймелері бар. Сол жақ жеңінде өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторының жеңге тігілетін белгісі тігілген. Арқа тұсының ортаңғы тігісі бар, клапандары бар жанындағы көлденең ойылған қалталарымен бүйірлерінде қапталдық өңірлік тігістер салынған. | ||
32 | Қара-көк түсті юбка | дана | 1 | 2 | Юбка тік пішінді, қара-көк түсті, жартылай жүн матадан тігіледі, астары бар ұзындығы тізенің ортасына дейін. Юбканың артқы және алдыңғы жақтарындағы тігістер сырмаланып өңделген. Юбканың ортаңғы және сол жақ тігісінің арасындағы алдыңғы сол жақ тігісіне төменнен жоғары қарай ені 2,5 мм көгілдір түсті жиек салынған. Юбканың артқы жағының ортаңғы тігісі шлицаға ұласады. Артқы жағының орталық тігісіне сыдырма ілгек салынған. Белі сырылып тігілген, түймемен түймеленеді. Қайылған тігістерінің ені 10 мм. Әрленген тігістерінің ені 2 мм. | ||
33 | Ақ түсті ұзын жеңді әйел жейдесі | дана | 2 | 1 | Ұзын жеңді әйел жейдесі ақ түсті мақта-матадан тігіледі. Жейде тік пішінді, орталық өңірден түймелермен түймеленеді және клапанды екі жапсырма төс қалтасы бар. Жейденің төменгі жағында белі сырылып тігілген, екі жақ бүйір тігістері екі түймемен түймеленеді. Қондырмалы қайырма жағалы, тіктеп жалғанған. Жеңі жапсыра тігілген, қос тігісті, шынтақ тігістері шлицамен өңделген, жеңінің төменгі жағына түймелермен түймеленетін манжеталар жалғана тігілген. Арқасында жалғана тігілген қос қабатты иініші бар, тігілген тігіс бойымен екі жерден қаусырылған. | ||
34 | Ақ түсті қысқа жеңді әйел жейдесі | дана | 2 | 1 | Қысқа жеңді әйел жейдесі ақ түсті мақта-матадан тігіледі. Жейде тік пішінді, орталық өңірден түймелермен түймеленеді және клапанды екі жапсырма төс қалтасы бар. Жейденің төменгі жағында белі сырылып тігілген, екі жақ бүйір тігістері екі түймемен түймеленеді. Қондырмалы қайырма жағалы, лацканы бар, тіктеп жалғанған. Жеңі қысқа, сырылған қос тігісті, жеңінің төменгі жағына имитациялы манжеталар салынған. Сол жақ жеңінде өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторының жеңге тігілетін белгісі тігілген. Арқасында жалғана тігілген қос қабатты иініші бар, тігілген тігіс бойымен екі жерден қаусырылған. | ||
35 | Ақшыл-көк түсті ұзын жеңді әйел жейдесі | дана | 2 | 1 | Ұзын жеңді әйел жейдесі ақшыл-көк түсті полиэстердің үйлесуімен мақта-матадан тігіледі. Жейде тік пішінді, орталық өңірден түймелермен түймеленеді және клапанды екі жапсырма төс қалтасы бар. Жейденің төменгі жағында белі сырылып тігілген, екі жақ бүйір тігістері екі түймемен түймеленеді. Қондырмалы қайырма жағалы, тіктеп жалғанған. Жеңі жапсыра тігілген, қос тігісті, шынтақ тігістері шлицамен өңделген, жеңінің төменгі жағына түймелермен түймеленетін манжеталар жалғана тігілген. Арқасында жалғана тігілген қос қабатты иініші бар, тігілген тігіс бойымен екі жерден қаусырылған. | ||
36 | Ақшыл-көк түсті қысқа жеңді әйел жейдесі | дана | 2 | 1 | Қысқа жеңді әйел жейдесі ақшыл-көк түсті полиэстердің үйлесуімен мақта-матадан тігіледі. Жейде тік пішінді, орталық өңірден түймелермен түймеленеді және клапанды екі жапсырма төс қалтасы бар. Жейденің төменгі жағында белі сырылып тігілген, екі жақ бүйір тігістері екі түймемен түймеленеді. Қондырмалы қайырма жағалы, лацканы бар, тіктеп жалғанған. Жеңі қысқа, сырылған қос тігісті, жеңінің төменгі жағына имитациялы манжеталар салынған. Сол жақ жеңінде өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторының жеңге тігілетін белгісі тігілген. Арқасында жалғана тігілген қос қабатты иініші бар, тігілген тігіс бойымен екі жерден қаусырылған. | ||
37 | Галстук | дана | 2 | 1 | Галстук қара-көк түсті тығыз матадан тігіледі және созылған трапеция тәрізді, негізгі бөлігі тік бұрыш болып аяқталады. | ||
38 | Галстукке арналған қысқыш | дана | 1 | 3 | Галстукке, арналған қысқыш, стандартты сары алтын түсті бүтін металл қорытпасынан жасалады. | ||
39 | Қара түсті былғары туфли | жұп | 1 | 2 | Қара түсті өкшесі биік емес былғары туфли. | ||
40 | Қара түсті қысқа қонышты былғары етік | жұп | 1 | 2 | Қара түсті өкшесі биік емес қысқа қонышты былғары етік. | ||
41 | Қара түсті жылы былғары етік | жұп | 1 | 2 | Қара түсті табаны қалың жылы былғары етік. | ||
42 | Былғары белбеу | дана | 1 | 2 | Былғарыдан жасалған қара түсті белбеу. | ||
43 | Қысқы бас киімге тағатын кокарда | дана | 1 | 3 | Бас киімнің кокардасы сары алтын түсті бүтін металл қорытпасынан жасалған, ортасында көгілдір түс аясында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы бейнеленген, төменгі жағында және симметриялы түрде екі жағынан масақтармен жиектелген. Кокарданың көмкерілген жиектерінің өлшемдері биіктігі бойынша 40 мм, ені бойынша 70 мм. Сыртқы жағында екі металдан жасалған қадауыш дәнекерленген. Кокарда бас киімнің алдыңғы жағында ортасына бекітіледі. | ||
44 | Беретке тағатын кокарда | дана | 1 | 3 | Бас киімнің кокардасы сары алтын түсті бүтін металл қорытпасынан жасалған, ортасында көгілдір түс аясында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы бейнеленген, төменгі жағында және симметриялы түрде екі жағынан масақтармен жиектелген. Кокарданың көмкерілген жиектерінің өлшемдері биіктігі бойынша 40 мм, ені бойынша 70 мм. Сыртқы жағында екі металдан жасалған қадауыш дәнекерленген. Кокарда бас киімнің алдыңғы жағында ортасына бекітіледі. | ||
45 | Алтын түсті тігілетін ілмек | жұп | 1 | 3 | Тігілетін алтын түсті ілмек, жылан оратылған бидай масағы эмблемасын бейнелейді және жекелей эмблеманың астында көмкерілген. | ||
46 | Стандартты алтын түсті үлкен металл түйме | дана | 5 | 2 | Түймелер домалақ формалы, ілмешегі бар, көлемі 24 мм (кительге), алтын түсті металл қорытпасынан жасалған, Қазақстан Республикасының Елтаңбасы рельефтік бейнесі бейнеленген. | ||
47 | Стандартты алтын түсті кішкентай металл түйме | дана | 5 | 2 | Түймелер домалақ формалы, ілмешегі бар, көлемі 14 мм (кительдің жеңіне), алтын түсті металл ерітіндісінен жасалған, Қазақстан Республикасының Елтаңбасы рельефтік бейнесі бейнеленген. | ||
48 | Нөмірлік төс белгі (жетон) | дана | 1 | 5 | Сопақ пішінді нөмірлік төс белгі алтын түсті бүтін металл қорытындысынан жасалған. Төменгі жағы лентамен, жоғарғы жағында Қазақстан Республикасының Елтаңбасымен (екі жағынан жиектелген) жиектелген қалқан тәріздес эмблеманы құрайды, қалқанның ортасында жалпы қою қызыл түс аясында көгілдір түсті Қазақстан Республикасының аумағы контурында жылан оратылған бидай масағы, жоғары жағында "ӨСІМДІКТЕР КАРАНТИНІ" деген қазақ тіліндегі қызметтің атауы бейнеленген. Белгідегі жазулар мен бейнелер алтын түсті болып келеді. | ||
49 | Сопақ пішінді жеңге тігілетін белгі | дана | 5 | 2 | Сопақ пішінді жеңге тігілетін белгі, өлшемі 100x80 мм, белгінің ортасында көгілдір түс аясында жылан оратылған бидай масағы бейнеленген, жоғары жағында "ӨСІМДІКТЕР", төменгі жағында "КАРАНТИНІ" деген жазумен өрнектелген. Белгінің ішкі беті өрілген масақтармен, сыртқы беті алтын түспен көмкеріліп жиектелген. Белгідегі жазулар мен бейнелер алтын түсті тоқыма тәсілімен жазылады. Жең белгісінің жиектері ашық-сұр түсті тігіспен жиектелген. Жең белгісі сол қол жеңінің сырт жағына, сыртқы киім жеңінің жоғарыдан 120 мм аралығына тігіледі. | ||
50 | Шарф | дана | 2 | 5 | Шарф ашық сұр түсті жүннен жасалады. | ||
51 | Халат | дана | 2 | 1 | Ақ немесе қара-көк түсті халат мақта-матасынан дайындалады. Тік пішінді, төрт түймеге түймеленген, жағасы қайырылған, бүйірінде клапанды тілік қалталары бар. Арқа тұсының ортаңғы тігісі шлицамен бітеді. | ||
3-тарау. Фото және бейнетіркеуге арналған материалдық құралдар, техникалық құралдар | |||||||
52 | Бейнетіркеуіш | дана | 1 | 7 жыл | Өсімдіктер карантині саласында мемлекеттік бақылау және қадағалау жүргізу кезінде | Өсімдіктер карантині саласындағы уәкілетті орган ведомствосының облыстық, қалалық, аудандық аумақтық инспекциялары және фитосанитариялық бақылау бекеттері | Портативтік бейнетіркеуіш – сырғанамайтын жабыны бар соққыға төзімді корпус; кең бұрышты объектив; инфрақызыл LED жарықтандырғыш, лазерлі нысана көрсеткіш, IR-түнгі көру. |
53 | Планшеттік компьютер | дана | 1 | 3 жыл | Андроид 7.1-ден ескі емес нұсқа, процессоры кемінде 8 ядро, жедел жады кемінде 3 гигабайт, сыйымдылығы сағатына 4 450 миллиамперден кем емес алмалы-салмалы аккумулятор, стилус жиынтықта бар. | ||
54 | Деректерді орталықтандырылған сақтауға арналған серверлер | дана | 1 | 3 жыл | Қосылған портативті камералар: қосылатын камералар нұсқасы DS-MH2111, DS- H2211. Материал: металл. | ||
55 | Бейнекамера (бейнебақылау жүйесі үшін) | дана | 1 | 3 жыл | Камера: 1/3 CMOS матрицасы, көру бұрышы кемінде 110 градус. Бейне параметрлері: Бейне кірісі кемінде 1080 пиксель. Жад сақтау кіріктірілген чип, кем дегенде 32 гегабайт. Кірістірілген GPS модулі Wi-Fi қолдауымен. Батарея алмалы-салмалы, 1650 милиампер-сағат (4 сағат жазу рұқсатымен 1080 пиксель). |