«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Мыналар:
1. осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес «Авиация персоналына куәлiктер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес «Азаматтық авиацияның авиациялық оқу орталығының сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.
2. «Әуеайлақтардың (тікұшақ айлақтарының), шетел тасымалдаушыларының, авиациялық оқу орталықтары мен авиация персоналының, авиациялық қауіпсіздік пен әуе кеңістігін пайдалану қызметі саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы көлік және коммуникация министрінің 2014 жылғы 9 сәуірдегі № 243 бұйрығының 1-тармағы 1) және 4) тармақшаларының (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9463 тіркелген) күші жойылған деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті (Б.К. Сейдахметов):
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдарының интранет-порталында орналастыруды;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 3-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық оның ағашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму
Министрінің міндетін атқарушы А. Рау
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрінің
міндетін атқарушының
2015 жылғы 28 мамырдағы
№ 623 бұйрығына
1-қосымша
«Авиациялық персоналға куәліктер беру» мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. «Авиациялық персоналға куәліктер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Инвестициялар министрлігінің Азаматтық авиация комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) Қазақстан Республикасы Инвестициялар министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 518 бұйрығымен бекітілген, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11401 тіркелген «Авиациялық персоналға куәліктер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – Стандарт) негізінде көрсетеді.
Мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы не «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы арқылы (бұдан әрі - портал) жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде және (немесе) электрондық (ішінара автоматтандырылған).
3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: авиациялық персоналға куәліктер (бұдан әрі – куәлік) беру болып табылады;
2. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін
қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің)
іс-қимылдары тәртібін сипаттау
4. Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімдерді (іс-қимылдарды) бастау үшін негіз «Авиациялық персоналға куәліктер беру» стандартының 9-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының өтініші немесе электрондық сұрау салуының болуы болып табылады.
5. Мемелекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оны орындау ұзақтығы:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі маманының өтінішті қабылдауы және тіркеу нөмірі мен күнін беру арқылы оны тіркеу отыз минут ішінде;
2) басшының және оның орынбасарының қарарын қою және жауапты құрылымдық бөлімшені (басқарманы) анықтау екі сағат ішінде;
3) басшының (басшының орынбасарының) жауапты орындаушы жауапты құрылымдық бөлімшені(басқарма басшысын) анықтауы он бес минут ішінде;
4) жауапты орындаушының өтінішті толықтығына қарауы екі жұмыс күні ішінде. Көрсетілетін қызметті алушы өтінішінің 9-тармақ талаптарына сәйкестігі жағдайында көрсетілетін қызметті алушының өтінішін медицина бойынша мемлекеттік сараптамаға беру;
5) медицина бойынша мемлекеттік инспектордың сараптама жүргізуі бес жұмыс күні ішінде. Өтініштің медицина талаптарына сәйкестігі жағдайында өтінішті авиациялық оқу орталығы бойынша мемлекеттік инспектордың сараптамасына беру;
6) оқу орталығы бойынша мемлекеттік инспектордың өтінішке сараптама жүргізуі алты жұмыс күні ішінде. Өтініштің оқу орталығы бойынша талаптарға сәйкестігі жағдайында өтінішті авиаперсонал бойынша мемлекеттік инспекторға беру;
7) өтініш тақырыбын талдау және авиаперсонал бойынша мемлекеттік инспекторының орындау мүмкіндігі туралы шешім қабылдау бес жұмыс күні ішінде және жауапты орындаушыға куәлікті толтыру үшін өтінішті беру;
8) жауапты орындаушының куәлікті ресімдеуі бір жұмыс күні ішінде және куәлікті басшыға беру;
9) басшылықтың куәлікке қол қоюы бір жұмыс күні ішінде.
Куәлік көрсетілетін қызметті алушыға немесе азаматтық авиация ұйымының бірінші басшысына немесе оның сенім білдірілген тұлғаларына беріледі.
6. Мынадай рәсімдердің (іс-қимылдардың) орындалуын бастау үшін негіз болатын мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімдерді (іс-қимылдардың) нәтижелері:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті көрсетілетін қызметті алушының ұсынған құжаттарын қабылдау және тіркеу:
2) өтінішті жауапты құрылымдық бөлімшенің (Басқарма басшысы) қарауы үшін көрсетілетін қызметті беруші басшысының қарары;
3) жауапты құрылымдық бөлімше басшысының (басқарма басшысы) жауапты орындаушыны анықтауы;
4) жауапты орындаушының өтінішті толықтығына тексеру;
5) медицина бойынша мемлекеттік инспектордың өтінішке сараптама жүргізуі;
6) авиациялық оқу орталығы бойынша мемлекеттік инспектордың өтінішке сараптама жүргізуі;
7) авиаперсонал бойынша мемлекеттік инспектордың өтінішке сараптама жүргізуі;
8) басқарманың жауапты орындаушысының куәлікті ресімдеуі және оны көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қою үшін беру;
9) көрсетілетін қызметті беруші басшысының куәлікке қол қоюы;
10) көрсетілетін қызметті алушыға куәлік беру.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін
қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің)
өзара іс-қимылдары тәртібін сипаттау
7. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің мынадай құрылымдық бөлімшелері қатысады:
1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің маманы;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;
3) көрсетілетін қызметті беруші басшысының орынбасары;
4) жауапты құрылымдық бөлімшенің басшысы (басқарма басшысы);
5) жауапты орындаушы;
6) медицина бойынша мемлекеттік инспектор;;
7) авиациялық оқу орталығы бойынша мемлекеттік инспектор;
8) авиаперсонал бойынша мемлекеттік инспектор.
8. қызметкерлер арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) жүйелігін әрбір рәсімдердің (іс-қимылдардың) ұзақтығын көрсетіп сипаттау:
1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің маманы отыз минут ішінде құжаттарды қабылдау мен тіркеуді жүзеге асырады, оларды көрсетілетін қызметті беруші басшысына (басшының орынбасары) жібереді.
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы (басшысының орынбасары) екі сағат ішінде қарар қояды және өтінішті көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің басшысына (басқарма басшысы) қарауға жібереді;
3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің басшысы (басқарма басшысы) он бес минут ішінде жауапты орындаушыны анықтайды және құжаттарды жауапты орындаушыға қарауға береді:
4) жауапты орындаушы көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынған құжаттарын тіркеген күннен бастап екі жұмыс күнінен аспайтын мерзімде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді. Ұсынылған құжаттардың толықтығы жағдайында көрсетілетін қызметті алушының ұсынған құжаттарын медицина бойынша мемлекеттік инспектордың сараптамасына береді;
5) медицина бойынша мемлекеттік инспектор бес жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың сараптамасын жүргізеді. Ұсынылған құжаттардың медицина талаптарына сәйкестігі жағдайында медицина бойынша мемлекеттік инспектор ұсынылған құжаттарды авиациялық оқу орталықтары бойынша мемлекеттік инспектордың сараптамасына береді.
6) авиациялық оқу орталықтары бойынша мемлекеттік инспектор алты жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың сараптамасын жүргізеді. Ұсынылған құжаттардың авиациялық оқу орталықтары бойынша талаптарға сәйкестігі жағдайында авиациялық оқу орталықтары бойынша мемлекеттік инспектор ұсынылған құжаттарды авиаперсонал бойынша мемлекеттік инспекторға береді;
7) авиаперсонал бойынша мемлекеттік инспектор ұсынылған құжаттардың тақырыбына талдау жүргізеді және авиациялық персоналға куәлік беру туралы бес жұмыс күні ішінде шешім қабылдайды және жауапты орындаушыға ұсынылған құжаттарды куәлікті ресімдеу үшін береді;
8) жауапты орындаушы куәлікті бір жұмыс күні ішінде ресімдейді және куәлікті басқарма басшысына қол қоюға береді;
9) басқарма басшысы куәлікке бір жұмыс күні ішінде қол қояды және жауапты орындаушыға береді;
10) жауапты орындаушы куәлікті көрсетілетін қызметті алушыға немесе онығ сенім білдірілген тұлғасына береді;
9. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің рәсімдері (іс-қимылдары жүйелігін, өзара іс-қимылдарын) егжей-тегжейлі сипаттау, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау осы регламентке 1-қосымшаға сәйкес «Авиациялық персоналға куәліктер беру» мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процестерінің анықтамасында көрсетіледі.
4. Халыққа қызмет көрсету орталығымен және (немесе) өзге де
көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимылдар тәртібін,
сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық
жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау
1. Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті беруші мен көрсетілетін қызметті алушының жүгіну тәртібі мен рәсімдерінің (іс-қимылдарының) жүйелігі осы регламентке 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуге тартылған ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-қимылының 1, 2- диаграммаларында көрсетілген.
Көрсетілетін қызметті алушы арқылы қадамды іс-қимылдар:
1) көрсетілетін қызметті алушы өзінің электрондық-цифрлық қолы тіркеу куәлігінің көмегімен (бұдан әрі – ЭЦҚ) порталда тіркеуді жүзеге асырады, ол көрсетілетін қызметті алушының компьютерінің интернет-браузерінде сақталады (порталда тіркелмеген көрсетілетін қызметті алушы үшін жүзеге асырылады);
2) 1-процесс – көрсетілетін қызметті алушының компьютерінің интернет-браузерінде ЭЦҚ тіркеу куәлігін бекіту, мемлекеттік қызметті алу үшін порталда пайдаланушының пароль енгізу процесі (авторландыру процесі);
3) 1-шарт – логин (бизнес сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – БСН) және пароль арқылы тіркелген пайдаланушы туралы деректердің түпнұсқалығын порталда тексеру;
4) 2-процесс – пайдаланушының деректеріндебқзушылықтардың болуы жағдайында авторландырудан бас тарту туралы хабарламаны порталды қалыптастыру;
5) 3-процесс – пайдаланушының осы Регламентте көрсетілген қызметтерді таңдауы, қызмет көрсету үшін сұрау салу нысанын экранға шығару және сұрау салу нысанына қажетті құжаттарды электрондық түрде бекітумен, оның құрылымы мен форматтық талаптарын ескере отырып, пайдаланушының нысанды толтыруы (деректер енгізуі);
6) 4-процесс – сұрау салуды куәландыру (қол қою) үшін пайдаланушының ЭЦҚ тіркеу куәлігін таңдауы;
7) 3-шарт – порталда ЭЦҚ тіркеу куәлігінің қолданылу мерзімін және кері қайтарылып алынған (жойылған) тіркеу куәліктерінің тізімде болмауын, сондай-ақ сұрау салуда көрсетілген БСН мен ЭЦҚ тіркеу куәлігінде көрсетілген БСН арасындағы сәйкестендіру деректерінің сәйкестігін тексеру;
8) 5-процесс – пайдаланушының ЭЦҚ түпнұсқалығы расталмаған жағдайда сұратылатын қызметтерден бас тарту туралы хабарлама қалыптастыру;
9) 6-процесс – қызметтер көрсетуге сұрау салудың толтырылған нысанын (деректер енгізу) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ арқылы сұрау салуды куәландыру (қол қою);
10) 7-процесс – электрондық құжатты (көрсетілетін қызметті алушының сұрау салуын) мемлекеттік дерекқордың ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі – МДҚ АЖ) тіркеу және «Е-лицензиялау» МДҚ АЖ сұрау салуды өңдеу;
11) 8-процесс – көрсетілетін қызметті алушының порталмен қалыптастырылған қызмет нәтижесін (электрондық лицензия) алуы. Электрондық құжат көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ пайдалану арқылы қалыптастырылады.
Көрсетілетін қызметті беруші арқылы қадамды іс-қимылдар мынадай түрде жүзеге асырылады:
1) процесс 1 – көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысының мемлекеттік қызметті көрсету үшін «Е-лицензиялау» МДҚ АЖ логин мен пароль енгізуі (авторландыру процесі);
2) 1-шарт – «Е-лицензиялау» МДҚ Логин мен пароль арқылы көрсетілетін қызметті берушінің тіркелген жауапты орындаушысы туралы деректердің түпнұсқалығын тексеру;
3) 2-процесс – «Е-лицензиялау» МДҚ көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысының деректерінде бұзушылықтардың болуы жағдайында авторландырудан бас тарту туралы хабарламасын қалыптастыру;
4) 3-процесс – көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысының осы регламентте көрсетілген қызметтерді таңдауы, қызмет көрсету үшін сұрау салу нысанын экранға шығару және көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысының көрсетілетін қызметті алушының деректерін енгізуі;
5) 4-процесс – сұрау салуды электрондық үкімет шлюзы (бұдан әрі – ЭҮШ) арқылы көрсетілетін қызметті алушының деректері туралы «Заңды тұлға» (бұдан әрі – ЗД МДҚ) мемлекеттік дерекқордың ақпараттық жүйесіне жіберу;
6) 2-шарт – ЗД МДҚ көрсетілетін қызметті алушының деректерінің болуын тексеру;
7) 5-процесс – ЗД МДҚ көрсетілетін қызметті алушының деректерінің болмауы жағдайында деректерді алу мүмкін еместігі туралы хабарлама қалыптастыру;
8) 6-процесс – сұрау салу нысанын қағаз нысанда құжаттардың болуы туралы белгі бөлігінде толтыру және көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысының көрсетілетін қызметті алушы ұсынған қажетті құжаттарды сканерлеу және оларды сұрау салу нысанына бекіту;
9) 7-процесс – «Е-лицензиялау» ЗД МДҚ сұрау салуды тіркеу және «Е-лицензиялау» ЗД МДҚ қызметті өңдеу;
10) 9-процесс – көрсетілетін қызметті алушының «Е-лицензиялау» ЗД МДҚ қалыптастырылған қызметтің (электрондық лицензия) нәтижесін алу. Электрондық құжат көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ пайдалану арқылы қалыптастырылады.
10. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың жүйелігін сипаттау және мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібі осы Регламентке 1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процестерінің анықтамасында көрсетіледі.
«Авиациялық персоналға куәліктер беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне
1-қосымша
«Авиациялық персоналға куәліктер беру»
мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процестерінің анықтамасы
«Авиациялық персоналға куәліктер беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне
2-қосымша
Мемлекеттік қызмет көрсетуге тартылған
ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-қимылының № 1
диаграммасы
Көрсетілетін қызметті беруші арқылы электрондық мемлекеттік
қызмет көрсету кезіндегі функционалдық өзара іс-қимылдың № 2
диаграмма
Шартты белгілер:
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрінің
міндетін атқарушының
2015 жылғы 28 мамырдағы
№ 623 бұйрығына 2-қосымша
«Азаматтық авиацияның авиациялық оқу орталығының сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. «Азаматтық авиацияның авиациялық оқу орталығының сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Инвестициялар министрлігінің Азаматтық авиация комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) Қазақстан Республикасы Инвестициялар министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 518 бұйрығымен бекітілген, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11401 тіркелген «Азаматтық авиацияның авиациялық оқу орталығының сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – Стандарт) негізінде көрсетеді.
Мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы не «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы арқылы (бұдан әрі - портал) жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде және (немесе) электрондық (ішінара автоматтандырылған).
3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: авиациялық персоналға куәліктер (бұдан әрі – куәлік) беру болып табылады;
2. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін
қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің)
іс-қимылдары тәртібін сипаттау
4. Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімдерді (іс-қимылдарды) бастау үшін негіз «Азаматтық авиацияның авиациялық оқу орталығының сертификатын беру» стандартының 9-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының өтініші немесе электрондық сұрау салуының болуы болып табылады.
5. Мемелекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оны орындау ұзақтығы:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі маманының өтінішті қабылдауы және тіркеу нөмірі мен күнін беру арқылы оны тіркеу отыз минут ішінде;
2) басшының және оның орынбасарының қарарын қою екі сағат ішінде;
3) жауапты орындаушының құрылымдық бөлімшесін анықтауы екі сағат ішінде ішінде;
4) жауапты орындаушының өтінішті толықтығына қарауы бес жұмыс күні ішінде;
5) жауапты орындаушының ұсынылған құжаттардың тақырыбы мен мазмұнын талдауы он төрт жұмыс күні ішінде;
6) көрсетілетін қызметті алушы өтінішінің Стандарт талаптарына сәйкестігі жағдайында сертификаттық тексеру жөніндегі комиссия (бұдан әрі – Комиссия) құрылады;
7) көрсетілетін қызметті алушы өтінішін сертификаттық тексеру бес жұмыс күні ішінде;
8) аяқталуы бойынша Сертификаттық тексеру актісі он жұмыс күні ішінде;
9) оң шешім қабылданған жағдайда сертификат дайындалады және құрылымдық бөлімше басшысына төрт жұмыс күні ішінде жіберіледі;
10) құрылымдық бөлімше басшысы сертификатқа қол қояды және жауапты орындаушыға бір жұмыс күні ішінде жібереді;
11) жауапты орындаушы авиациялық оқу орталығының сертификатын көрсетілетін қызметті алушыға береді.
6. Мынадай рәсімдердің (іс-қимылдардың) орындалуын бастау үшін негіз болатын мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімдерді (іс-қимылдардың) нәтижелері:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті көрсетілетін қызметті алушының ұсынған құжаттарын қабылдау және тіркеу:
2) өтінішті жауапты құрылымдық бөлімшенің қарауы үшін көрсетілетін қызметті беруші басшысының (басшысы орынбасарының) қарары;
3) жауапты орындаушының өтінішті толықтығына тексеру;
4) Комиссияның оң және теріс (алқалық) шешімі;
5) авиациялық оқу орталығының сертификатын беру.
3. Халыққа қызмет көрсету орталығымен және (немесе) өзге де
көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимылдар тәртібін,
сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық
жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау
7. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің мынадай құрылымдық бөлімшелері қатысады:
1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің маманы;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы (Комиисия төрағасы);
3) көрсетілетін қызметті беруші басшысының орынбасары;
4) жауапты құрылымдық бөлімшенің басшысы;
5) жауапты орындаушы;
8. Қызметкерлер арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) жүйелігін әрбір рәсімдердің (іс-қимылдардың) ұзақтығын көрсетіп сипаттау:
1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің маманы отыз минут ішінде құжаттарды қабылдау мен тіркеуді жүзеге асырады, оларды көрсетілетін қызметті беруші басшысына (басшының орынбасары) жібереді.
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы (басшысының орынбасары) екі сағат ішінде қарар қояды және көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесін анықтайды;
3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің басшысы он бес минут ішінде жауапты орындаушыны анықтайды және құжаттарды жауапты орындаушыға қарауға береді:
4) жауапты орындаушы көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті ұсынған құжаттарын тіркеген күннен бастап бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді;
5) жауапты орындаушы ұсынылған құжаттардың тақырыбы мен мазмұнына талдауды он төрт жұмыс күні ішінде жүргізеді;
6) ұсынылған құжаттардың толықтығы жағдайында көрсетілетін қызметті берушінің басшысы (Төраға) Сертификаттық тексеру жөніндегі комиссияны екі жұмыс күні ішінде құрады;
7) Комиссия сертификаттық тексеруді бес жұмыс күні ішінде жүргізеді;
8) сертификаттық тексерудің аяқталуы бойынша Комиссия Сертификаттық тексеру актісін он жұмыс күнінен аспайтын мерзімде жасалады;
9) Комиссия оң шешем қабылдаған жағдайда жауапты орындаушы төрт жұмыс күні ішінде сертификатты дайындайды және құрылымдық бөлімшенің басшысына қол қоюға жібереді;
10) құрылымдық бөлімшенің басшысы сертификатқа қол қояды және жауапты орындаушыға бір жұмыс күнінен аспайтын мерзімде жібереді;
11) жауапты орындаушы көрсетілетін қызметті алушыға оқу орталығының сертификатын береді.
9. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің рәсімдері (іс-қимылдары жүйелігін, өзара іс-қимылдарын) егжей-тегжейлі сипаттау, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау осы регламентке 1-қосымшаға сәйкес «Азаматтық авиацияның авиациялық оқу орталығының сертификатын беру» мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процестерінің анықтамасында көрсетіледі.
4. Халыққа қызмет көрсету орталығымен және (немесе) өзге де
көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимылдар тәртібін,
сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық
жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау
1. Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті беруші мен көрсетілетін қызметті алушының жүгіну тәртібі мен рәсімдерінің (іс-қимылдарының) жүйелігі осы регламентке 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуге тартылған ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-қимылының 1, 2-диаграммаларында көрсетілген.
Көрсетілетін қызметті алушы арқылы қадамды іс-қимылдар:
1) көрсетілетін қызметті алушы өзінің электрондық-цифрлық қолы тіркеу куәлігінің көмегімен (бұдан әрі – ЭЦҚ) порталда тіркеуді жүзеге асырады, ол көрсетілетін қызметті алушының компьютерінің интернет-браузерінде сақталады (порталда тіркелмеген көрсетілетін қызметті алушы үшін жүзеге асырылады):
2) 1-процесс – көрсетілетін қызметті алушының компьютерінің интернет-браузерінде ЭЦҚ тіркеу куәлігін бекіту, мемлекеттік қызметті алу үшін порталда пайдаланушының пароль енгізу процесі (авторландыру процесі);
3) 1-шарт – логин (бизнес сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – БСН) және пароль арқылы тіркелген пайдаланушы туралы деректердің түпнұсқалығын порталда тексеру;
4) 2-процесс – пайдаланушының деректерінде бұзушылықтардың болуы жағдайында авторландырудан бас тарту туралы хабарламаны порталды қалыптастыру;
5) 3-процесс – пайдаланушының осы Регламентте көрсетілген қызметтерді таңдауы, қызмет көрсету үшін сұрау салу нысанын экранға шығару және сұрау салу нысанына қажетті құжаттарды электрондық түрде бекітумен, оның құрылымы мен форматтық талаптарын ескере отырып, пайдаланушының нысанды толтыруы (деректер енгізуі);
6) 4-процесс – «электрондық үкіметтің» төлем шлюзында ұызметтке төлеу, одан кейін бұл ақпарат «Е-лицензиялау» МДҚ АЖ мемлекеттік дерекқордың ақпараттық жүйесіне (бұдан әрі - МДҚ АЖ) түседі;
7) 2-шарт «Е-лицензиялау» МДҚ АЖ көрсетілген қызметке төлеу фактісін тексеру;
8) 5-процесс – «Е-лицензиялау» МДҚ АЖ көрсетілген қызметке төлеу болмаған жағдайда сұратылған қызметен бас тарту туралы хабарлама қалыптастыру;
9) 6-процесс - сұрау салуды куәландыру (қол қою) үшін пайдаланушының ЭЦҚ тіркеу куәлігін таңдауы;
10) 3-шарт – порталда ЭЦҚ тіркеу куәлігінің қолданылу мерзімін және кері шақыртып алынған (жойылған) тіркеу куәліктерінің тізімде болмауын, сондай-ақ сұрау салуда көрсетілген БСН мен ЭЦҚ тіркеу куәлігінде көрсетілген БСН арасындағы сәйкестендіру деректерінің сәйкестігін тексеру;
11) 7-процесс – пайдаланушының ЭЦҚ түпнұсқалығы расталмаған жағдайда сұратылатын қызметтерден бас тарту туралы хабарлама қалыптастыру.
12) 8-процесс – қызметтер көрсетуге сұрау салудың толтырылған нысанын көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ арқылы сұрау салуды куәландыру (қол қою);
13) 9-процесс – электрондық құжатты (көрсетілетін қызметті алушының сұрау салуын) мемлекеттік дерекқордың ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі – МДҚ АЖ) тіркеу және «Е-лицензиялау» МДҚ АЖ сұрау салуды өңдеу;
14) 10-процесс – көрсетілетін қызметті алушының порталмен қалыптастырылған қызмет нәтижесін (электрондық лицензия) алуы. Электрондық құжат көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ пайдалану арқылы қалыптастырылады.
Көрсетілетін қызметті беруші арқылы қадамды іс-қимылдар мынадай түрде жүзеге асырылады:
1) процесс 1 – көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысының мемлекеттік қызметті көрсету үшін «Е-лицензиялау» МДҚ АЖ логин мен пароль енгізуі (авторландыру процесі);
2) 1-шарт – «Е-лицензиялау» МДҚ Логин мен пароль арқылы көрсетілетін қызметті берушінің тіркелген жауапты орындаушысы туралы деректердің түпнұсқалығын тексеру;
3) 2-процесс – «Е-лицензиялау» МДҚ көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысының деректерінде бұзушылықтардың болуы жағдайында авторландырудан бас тарту туралы хабарламасын қалыптастыру;
4) 3-процесс – көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысының осы регламентте көрсетілген қызметтерді таңдауы, қызмет көрсету үшін сұрау салу нысанын экранға шығару және көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысының көрсетілетін қызметті алушының деректерін енгізуі;
5) 4-процесс – сұрау салуды электрондық үкімет шлюзы (бұдан әрі – ЭҮШ) арқылы көрсетілетін қызметті алушының деректері туралы «Заңды тұлға» (бұдан әрі – ЗД МДҚ) мемлекеттік дерекқордың ақпараттық жүйесіне жіберу;
6) 2-шарт – ЗД МДҚ көрсетілетін қызметті алушының деректерінің болуын тексеру;
7) 5-процесс – ЗД МДҚ көрсетілетін қызметті алушының деректерінің болмауы жағдайында деректерді алу мүмкін еместігі туралы хабарлама қалыптастыру;
8) 6-процесс – сұрау салу нысанын қағаз нысанда құжаттардың болуы туралы белгі бөлігінде толтыру және көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысының көрсетілетін қызметті алушы ұсынған қажетті құжаттарды сканерлеу және оларды сұрау салу нысанына бекіту;
9) 7-процесс – «Е-лицензиялау» ЗД МДҚ сұрау салуды тіркеу және «Е-лицензиялау» ЗД МДҚ қызметті өңдеу;
10) 9-процесс – көрсетілетін қызметті алушының «Е-лицензиялау» ЗД МДҚ қалыптастырылған қызметтің (электрондық лицензия) нәтижесін алу. Электрондық құжат көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ пайдалану арқылы қалыптастырылады.
10. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың жүйелігшін сипаттау және мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібі осы регламентке 1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процестерінің анықтамасында көрсетіледі.
«Азаматтық авиацияның авиациялық
оқу орталығының сертификатын беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызметі
регламентіне 1-қосымша
«Азаматтық авиацияның авиациялық оқу орталығының сертификатын
беру» мемлекеттік қызметін көрсету бизнес-процесінің анықтамасы
«Азаматтық авиацияның авиациялық
оқу орталығының сертификатын беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызметі
регламентіне 2-қосымша
Мемлекеттік қызмет көрсетуге тартылған ақпараттық жүйелердің
функционалдық өзара іс-қимылының № 1 диаграммасы
Көрсетілетін қызметті беруші арқылы электрондық мемлекеттік
қызмет көрсету кезіндегі функционалдық өзара іс-қимылдың № 2
диаграмма
Шартты белгілер: