Көмірсутек шикізатын, сондай-ақ көмір және уранды қоспағанда, жер қойнауын пайдалану саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 521 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 9 шілдеде № 11606 болып тіркелді.

Жаңартылған

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған:

      1) алып тасталды - ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а 26.01.2016 № 80 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) бұйрығымен.

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес "Жер асты суларын, емдік балшықты және қатты пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге, бірлесіп барлау мен өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығының кепіл шартын тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

      3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес "Таратылған қорды пайдалануға рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

      4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес "Жерасты суларын, емдік балшықты және қатты пайдалы қазбаларды барлауды, өндiрудi жүргiзу үшiн берiлген жер қойнауы учаскесінде сервитуттарды тiркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

      5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес "Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығының кепіл шартын тіркеу" мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандарты бекiтiлсiн.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а 26.01.2016 № 80 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) бұйрығымен.

      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Жер қойнауын пайдалану департаменті (Т.С. Тоқтабаев) заңнамада белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін, оның көшірмесін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелгеннен кейiн он жұмыс күні iшiнде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлiгiнiң Заң департаментiне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралар туралы мәлiметтердi ұсынуды қамтамасыз етсiн.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-миниcтріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

Қазақстан Республикасы


Инвестициялар және даму министрі

Ә. Исекешев

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      _____________ Е.Досаев

      _______________2015 жылы



  Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму
Министрінің
2015 жылғы 28 сәуірдегі
№ 521 бұйрығына 1-қосымша

"Жер асты суларын, емдік балшықты және қатты пайдалы қазбаларды
барлауға, өндіруге, бірлесіп барлау мен өндіруге жер қойнауын
пайдалануға арналған келісімшарттарды жасау, тіркеу және
сақтау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

      Ескерту. 1-қосымша алып тасталды - ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а 26.01.2016 № 80 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) бұйрығымен.

  Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму
Министрінің
2015 жылғы 28 сәуірдегі
№ 521 бұйрығына 2-қосымша

"Жер асты суларын, емдік балшықты және қатты пайдалы қазбаларды
барлауға, өндіруге, бірлесіп барлау мен өндіруге жер қойнауын
пайдалану құқығының кепіл шартын тіркеу" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер

      1. "Көмірсутек шикізатын және кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндiруге немесе бiрлескен барлау мен өндiруге арналған келiсiмшарттарды қоспағанда, жер қойнауын пайдалану құқығының кепіл шартын тiркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі әзірлеген.

      3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;

      2) "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:

      1) құжаттар топтамасын көрсетілетін қызметті берушіге тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде – 5 (бес) жұмыс күні;

      2) құжаттар топтамасын тапсыру кезінде күтудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут;

      3) қызмет көрсетудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут.

      5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз жүзінде.

      6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жер қойнауын пайдалану құқығының кепіл шартын тіркеу туралы куәлік.

      Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық немесе қағас жүзінде.

      Көрсетілетін қызметті алушы куәлікті қағаз тасығышта алу үшін жүгінген жағдайда мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі электрондық форматта ресімделіп, басып шығарылады және көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының мөрімен және қолымен куәландырылады.

      Порталда мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне", көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасың (бұдан әрі – ЭЦҚ) қол қойылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.

      7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.

      8. Жұмыс кестесі:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 9.00-ден бастап сағат 18.30-ға дейін, түскі асқа үзіліс сағат 13.00-ден бастап сағат 14.30-ға дейін.

      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру 9.00-ден сағат 17.30-ға дейін, түскі асқа үзіліс сағат 13.00- ден бастап сағат 14.30-ға дейін жүзеге асырылады.

      Қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек тәртібімен жүзеге асырылады.

      2) порталдың – тәулік бойы, жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда (Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері, жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін қызмет алушының жолдауынан кейін, мемлекеттік қызмет көрсету өтінішін қабылдау және нәтижесін беру келесі жұмыс күнімен жүзеге асырылады).

      9. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

      1) көрсетілетін қызметті берушіге:

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес өтініш;

      белгіленген тәртіппен қол қойылған жер қойнауын пайдалану құқығының кепілі туралы шарт (түпнұсқа үш данада);

      көрсетілетін қызметті алушы өкілінің өкілеттіктерін растайтын құжат (сенімхат).

      Құжаттар түпнұсқалармен және көшірмелермен салыстырып тексеру үшін ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары көрсетілетін қызметті алушыға өтініш берілген күні қайтарылады.

      2) порталға:

      көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен қол қойылған электрондық құжат нысанында сұрау салу;

      белгіленген тәртіппен қол қойылған жер қойнауын пайдалану құқығының кепілі туралы шарттың электрондық көшірмесі.

      Мемлекеттік электрондық ақпараттық жүйелердегі көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы құжаттардың мәліметтерін көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік органдардың уәкілетті тұлғаларының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжаттар нысанында тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

      Қызмет алушының барлық құжаттарын беру кезде:

      Қызмет көрсетушімен (пошта байланысы арқылы немесе қолма-қол) – өтінішті қағаз жүзінде қабылдау құжаттарды қабылдау күні мен уақытын көрсетуімен қызмет көрсету кеңсесінде оның көшірмесіне тіркеу туралы таңбасын растайтын болып саналады.

      Портал арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсынуға арналған сұрау салудың мәртебесі көрсетіледі.

3. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша
көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың
лаузымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне)
шағымдану тәртібі

      10. Мемлеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына беріледі.

      Шағым пошта арқылы жазбаша нысанда не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол қабылданады.

      Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде қабылдап алған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алудың мерзімі мен орны көрсетіле отырып, шағымды тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) оның қабылданғанын растау болып табылады. Тіркелгеннен кейін шағым жауапты орындаушыны айқындау және тиісті шаралар қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жіберіледі.

      Көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Шағымды қараудың нәтижелері туралы дәлелді жауап пошта арқылы көрсетілетін қызметті алушыға жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде қолма-қол беріледі.

      Портал арқылы жүгінген кезде шағым жасаудың тәртібі туралы ақпаратты мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны бойынша алуға болады.

      Шағымды портал арқылы "жеке кабинетінен" жіберген кезде көрсетілетін қызметті алушыға жүгіну туралы ақпарат қолжетімді болады, ол көрсетілетін қызметті беруші өтінішті өңдеу (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жанартылып тұрады.

      Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағым жасай алады.

      Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмысы күні ішінде қаралуға жатады.

      11. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайларда көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

4. Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда
көрсетілетін қызметті көрсетудің ерекшеліктері ескерілген өзге
де талаптар

      12. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары көрсетілетін қызметті берушінің www.mid.gov.kz интернет-ресурсында "Мемлекеттік органның қызметі" бөлімінің "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер және стандарттар" кіші бөлімінде орналасқан.

      13. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алу мүмкіндігі бар.

      14. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдың "жеке кабинеті", сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы 1414 арқылы қашықтықтан қолжетімділік режимінде алу мүмкіндігі бар.

      15. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары: 8 (7172)754467, 8 (7172)754469. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414.

  "Жер асты суларын, емдік балшықты
және қатты пайдалы қазбаларды барлауға,
өндіруге, бірлесіп барлау мен өндіруге
жер қойнауын пайдалануға арналған
келісімшарттарды жасау, тіркеу және сақтау"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына
1-қосымша

      Үлгі

Жер қойнауын пайдалану құқығының кепілі
туралы шартты тіркеу туралы
КУӘЛІК

      20__ жылғы "___"_____________ №_________

      __________________________________________

      (қала, аудан)

      Кепіл беруші: _______________________________________________________

      (заңды немесе жеке тұлғаның атауы, мекенжайы, ЖСН/БСН)

      Кепіл ұстаушы: ______________________________________________________

      (банктің атауы, оның заңды мекенжайы)

      _____________________________________________________________________

      Кепіл шарты: ________________________________________________________

      (нөмірі, күні)

      Жер қойнауын пайдалану құқығының сипаттамасы: _______________________

      _____________________________________________________________________

      (жер қойнауын пайдалану операциясының түрі, кен орнының толық атауы)

      Келісімшарт: ________________________________________________________

      (келісімшарттың нөмірі мен жасалған күні)

      Міндеттеменің сомасы: _______________________________________________

      (санмен және жазумен)

      Міндеттемені өтеу мерзімі: __________________________________________

      (күні)

      Ескертпе: ___________________________________________________________

      Жер қойнауын пайдалану құқығн кепілі туралы шартты тіркеу туралы куәлікті берген мемлекеттік орган басшысының Т.А.Ә., қолы

  "Жер асты суларын, емдік балшықты
және қатты пайдалы қазбаларды барлауға,
өндіруге, бірлесіп барлау мен өндіруге
жер қойнауын пайдалану құқығының
кепіл шартын тіркеу"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына
2-қосымша

      Үлгі

      (көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты,

      бар болса әкесінің аты (бұдан әрі – Т.А.Ә.)

      ____________________________________________

      көрсетілетін қызметті алушының мекенжайы

ӨТІНІШ

      Сізден келісімшарт қызметінің мерзімі (жыл) кен орнының облыс/аумақ басқармасының толық атауын, жер қойнауын пайдалану операцияның түрін, пайдалы қазбалар тобының хаттама күні, хаттама нөмірі келісімшартты жасасу негізінде көпшілікке таралған пайдалы қазбаларды өндіруді, барлауға арналған жер қойнауын пайдалану құқығына кепілдік шартын тіркеуді өткізуді сұраймыз.

      20_____ ж. "_______" _____________ ақпараттық жүйеде болған, құпия заңмен қорғауды жасайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін (қолы)

      Осы өтініш әр тарап үшін бір-бірден 2 данада жасалады.

      Қағаз тасығышта ___________ (егер лицензияны қағаз тасығышта алу қажет болса Х таңбасын қою)

      _____________________________________________________________________

      Т.А.Ә. (қызметкер) (қолы)

      Орындаушы: Т.А.Ә. ____________

      Телефон_________

      Алдым: Т.А.Ә./көрсетілетін қызметті алушының қолы

      20__жылғы "___" ___________

  Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму
Министрінің
2015 жылғы 28 cәуірдегі
№ 521 бұйрығына 3-қосымша

"Тарату қорын пайдалануға рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер

      1. "Тарату қорын пайдалануға рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі әзірлеген.

      3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;

      2) "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:

      1) құжаттар топтамасын көрсетілетін қызметті берушіге тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде – 30 (отыз) жұмыс күні;

      2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут;

      3) қызмет көрсетудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут.

      5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз жүзінде.

      6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – жер қойнауын пайдалану туралы келісімшарттар бойынша тарату қорын пайдалануға рұқсат.

      Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық немесе қағас жүзінде.

      Көрсетілетін қызметті алушы куәлікті қағаз тасығышта алу үшін жүгінген жағдайда мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі электрондық форматта ресімделіп, басып шығарылады және көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының мөрімен және қолымен куәландырылады.

      Порталда мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне", көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасың (бұдан әрі – ЭЦҚ) қол қойылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.

      7. Мемлекеттік қызмет көрсету жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.

      8. Жұмыс кестесі:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 9.00-ден бастап сағат 18.30-ға дейін, түскі асқа үзіліс сағат 13.00-ден бастап сағат 14.30-ға дейін.

      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру 9.00-ден сағат 17.30-ға дейін, түскі асқа үзіліс сағат 13.00- ден бастап сағат 14.30-ға дейін жүзеге асырылады.

      Қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек тәртібімен жүзеге асырылады.

      2) порталдың – тәулік бойы, жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда (Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері, жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін қызмет алушының жолдауынан кейін, мемлекеттік қызмет көрсету өтінішін қабылдау және нәтижесін беру келесі жұмыс күнімен жүзеге асырылады).

      9. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

      1) көрсетілетін қызметті берушіге:

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына осы-қосымшаға сәйкес үлгі бойынша өтініш;

      тарату немесе консервациялау жобасы;

      қоршаған ортаны қорғау саласындағы, жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі, өнеркәсіп қауіпсіздігі, санитариялық-эпидемиологиялық қызмет, жер ресурстарын басқару жөніндегі уәкілетті органдармен келісу хаттарының көшірмелері;

      көрсетілетін қызметті алушы өкілінің өкілеттіктерін растайтын құжат (сенімхат).

      Құжаттар салыстырып тексеру үшін түпнұсқалармен және көшірмелермен ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары көрсетілетін қызметті алушыға өтініш берген күні қайтарылады.

      Мемлекеттік электрондық ақпараттық жүйелердегі көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы құжаттардың мәліметтерін көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік органдардың уәкілетті тұлғаларының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжаттар нысанында тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

      2) порталға:

      көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен қол қойылған электрондық құжат нысанында сұрау салу;

      жою немесе консервациялау жобасы;

      қоршаған ортаны қорғау, өнеркәсіп қауіпсіздігі, санитариялық-эпидемиологиялық қызмет саласындағы, жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі, жер ресурстарын басқару жөніндегі уәкілетті органдардың келісу хаттарының көшірмесі;

      қызмет алушының өкілінің уәкілеттілігін дәлелдейтін құжат (сенімхат).

      Мемлекеттік электрондық ақпараттық жүйелердегі көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы құжаттардың мәліметтерін көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік органдардың уәкілетті тұлғаларының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжаттар нысанында тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

      Қызмет алушының барлық құжаттарын беруден кейін:

      Қызмет көрсетушімен (пошта байланысы арқылы немесе қолма-қол) – өтінішті қағаз жүзінде қабылдау құжаттарды қабылдау күні мен уақытын көрсетуімен қызмет көрсету кеңсесінде оның көшірмесіне тіркеу туралы таңбасын растайтын болып саналады.

      Портал арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсынуға арналған сұрау салудың мәртебесі көрсетіледі.

3. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша
көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды
адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану
тәртібі

      10. Мемлеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым, осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына беріледі.

      Шағым пошта арқылы жазбаша нысанда не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол қабылданады.

      Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде шағымды қабылдап алған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алудың мерзімі мен орны көрсетіле отырып, оны тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады. Тіркелгеннен кейін шағым жауапты орындаушыны айқындау және тиісті шаралар қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жіберіледі.

      Портал арқылы жүгінген кезде шағым жасаудың тәртібі туралы ақпаратты мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны бойынша алуға болады.

      Шағымды портал арқылы "жеке кабинетінен" жіберген кезде көрсетілетін қызметті алушыға жүгіну туралы ақпарат қолжетімді болады, ол көрсетілетін қызметті беруші өтінішті өңдеу (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жанартылып тұрады.

      Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағым жасай алады.

      Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмысы күні ішінде қаралуға жатады.

      11. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайларда көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің ерекшеліктерін ескерілген өзге
де талаптар

      12. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары көрсетілетін қызметті берушінің www.mir.gov.kz интернет-ресурсында "Мемлекеттік органның қызметі" бөлімінің "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер және стандарттар" кіші бөлімінде орналасқан.

      13. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алу мүмкіндігі бар.

      14. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдың "жеке кабинеті", сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы 1414 арқылы қашықтықтан қолжетімділік режимінде алу мүмкіндігі бар.

      15. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары: 8 (7172)754467, 8 (7172)754469. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414.

  "Тарату қорын пайдалануға рұқсат беру"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандартына
қосымша

      Үлгі

      (көрсетілетін қызметті алушының тегі,аты,

      бар болса әкесінің аты (бұдан әрі – Т.А.Ә.)

      ___________________________________________

      көрсетілетін қызметті алушының мекенжайы

ӨТІНІШ

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      Осы өтініш әр тарап үшін бір-бірден 2 данада жасалады.

      _____________________________________________________________________

      Т.А.Ә. (қызметкер) (қолы)

      Орындаушы: Т.А.Ә. ____________

      Телефон_________

      Алдым: Т.А.Ә./көрсетілетін қызметті алушының қолы

      20__жылғы "___" ___________

  Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму
Министрінің
2015 жылғы 28 сәуірдегі
№ 521 бұйрығына 4-қосымша

"Жерасты суларын, емдік балшықты және қатты пайдалы қазбаларды
барлауды, өндiрудi жүргiзу үшiн берiлген жер қойнауы
учаскесінде сервитуттарды тiркеу" мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер

      1. "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда, барлауды, өндіруді жүргізу немесе барлауға немесе өндіруге байланысты емес жерасты құрылыстарын салу және (немесе) пайдалану үшін берілген жер қойнауын пайдалану учаскелеріне сервитуттарды тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірлеген.

      3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;

      2) "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:

      1) құжаттар топтамасын көрсетілетін қызметті берушіге тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде – 30 (отыз) күнтізбелік күн;

      2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут;

      3) қызмет көрсетудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут.

      5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз жүзінде.

      6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – жер қойнауы учаскелеріне барлауды, өндіруді жүргізу үшін берілген сервитутты тіркеу.

      Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық немесе қағас жүзінде.

      Көрсетілетін қызметті алушы куәлікті қағаз тасығышта алу үшін жүгінген жағдайда мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі электрондық форматта ресімделіп, басып шығарылады және көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының мөрімен және қолымен куәландырылады.

      Порталда мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне", көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасың (бұдан әрі – ЭЦҚ) қол қойылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.

      7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) ақылы негізде көрсетіледі.

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексіне сәйкес сервитуттарды мемлекеттік тіркеу үшін 0,5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде алым алынады.

      Мемлекеттік алымды төлеу қолма-қол және қолма-қол емес нысандарда екінші деңгейдегі банктер мен банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы жүзеге асырылады.

      8. Жұмыс кестесі:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 9.00-ден бастап сағат 18.30-ға дейін, түскі асқа үзіліс сағат 13.00-ден бастап сағат 14.30-ға дейін.

      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру 9.00-ден сағат 17.30-ға дейін, түскі асқа үзіліс сағат 13.00-ден бастап сағат 14.30-ға дейін жүзеге асырылады.

      Қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек тәртібімен жүзеге асырылады.

      2) порталдың – тәулік бойы, жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда (Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері, жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін қызмет алушының жолдауынан кейін, мемлекеттік қызмет көрсету өтінішін қабылдау және нәтижесін беру келесі жұмыс күнімен жүзеге асырылады).

      9. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

      1) көрсетілетін қызметті берушіге:

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес өтініш;

      сервитутты белгілеу туралы шарт немесе соттың шешімі (нотариалдық расталған көшірмесі);

      тіркеу алымы төленгенін куәландыратын төлем құжаты;

      көрсетілетін қызметті алушы өкілінің өкілеттіктерін растайтын құжат (сенімхат).

      Құжаттар салыстырып тексеру үшін түпнұсқалармен және көшірмелермен ұсынылады, содан кейін құжаттардын түпнұсқалары көрсетілетін қызметті алушыға өтініш берген күні қайтарылады.

      Мемлекеттік электрондық ақпараттық жүйелердегі көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы құжаттардың мәліметтерін көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік органдардың уәкілетті тұлғаларының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжаттар нысанында тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

      2) порталға:

      көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен қол қойылған электрондық құжат нысанында сұрау салу;

      сервитутты белгілеу туралы шарт немесе соттың шешімі (нотариалдық расталған көшірмесі);

      тіркеу алымы төленгенін куәландыратын төлем құжаты;

      көрсетілетін қызметті алушы өкілінің өкілеттіктерін растайтын құжат (сенімхат).

      Мемлекеттік электрондық ақпараттық жүйелердегі көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы құжаттардың мәліметтерін көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік органдардың уәкілетті тұлғаларының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжаттар нысанында тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

      Қызмет алушының барлық құжаттарын беруден кейін:

      Қызмет көрсетушімен (пошта байланысы арқылы немесе қолма- қол) – өтінішті қағаз жүзінде қабылдау құжаттарды қабылдау күні мен уақытын көрсетуімен қызмет көрсету кеңсесінде оның көшірмесіне тіркеу туралы таңбасын растайтын болып саналады.

      Портал арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсынуға арналған сұрау салудың мәртебесі көрсетіледі.

3. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша
көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды
адамдарының, шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану
тәртібі

      10. Мемлеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым, осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына беріледі.

      Шағым пошта арқылы жазбаша нысанда не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол қабылданады.

      Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде шағымды қабылдап алған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алудың мерзімі мен орны көрсетіле отырып, оны тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады. Тіркелгеннен кейін шағым жауапты орындаушыны айқындау және тиісті қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жіберіледі.

      Портал арқылы жүгінген кезде шағым жасаудың тәртібі туралы ақпаратты мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны бойынша алуға болады.

      Шағымды портал арқылы "жеке кабинетінен" жіберген кезде көрсетілетін қызметті алушыға жүгіну туралы ақпарат қолжетімді болады, ол көрсетілетін қызметті беруші өтінішті өңдеу (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жанартылып тұрады.

      Көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Шағымды қараудың нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде қолма-қол беріледі.

      Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағым жасай алады.

      Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмысы күні ішінде қаралуға жатады.

      11. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайларда көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің ерекшеліктерін
ескерілген өзге де талаптар

      12. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары көрсетілетін қызметті берушінің www.mir.gov.kz интернет-ресурсында "Мемлекеттік органның қызметі" бөлімінің "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер және стандарттар" кіші бөлімінде орналасқан.

      13. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алу мүмкіндігі бар.

      14. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдың "жеке кабинеті", сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығы 1414 арқылы қашықтықтан қолжетімділік режимінде алу мүмкіндігі бар.

      15. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары: 8 (7172)754467, 8 (7172)754469. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414.

  "Жерасты суларын, емдік балшықты
және қатты пайдалы қазбаларды барлауды,
өндiрудi жүргiзу үшiн берiлген жер қойнауы
учаскесінде сервитуттарды тiркеу"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандартына
қосымша

      Үлгі

      (көрсетілетін қызметті алушының тегі,

      аты, бар болса әкесінің аты (бұдан әрі – Т.А.Ә.)

      __________________________________________

      көрсетілетін қызметті алушының мекенжайы

ӨТІНІШ

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      Осы өтініш әр тарап үшін бір-бірден 2 данада жасалады.

      _____________________________________________________________________

      Т.А.Ә. (қызметкер) (қолы)

      Орындаушы: Т.А.Ә. ____________

      Телефон_________

      Алдым: Т.А.Ә./көрсетілетін қызметті алушының қолы

      20__жылғы "___" ___________

  Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму
Министрінің
2015 жылғы 28 сәуірдегі
№ 521 бұйрығына 5-қосымша

"Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге жер
қойнауын пайдалану құқығының кепіл шартын тіркеу" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер

      1. "Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндiруге жер қойнауын пайдалану құқығының кепiл шартын тiркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірлеген.

      3. Мемлекеттік қызмет облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдарымен (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.

      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;

      2) "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі- Мемлекеттік корпорация);

      3) "электрондық үкіметтің" веб-порталы аркалы жүзеге асырылады.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а 26.01.2016 № 80 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) бұйрығымен.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:

      1) құжаттар топтамасын көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) Мемлекеттік корпорацияға тапсырған күннен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде – 5 (бес) жұмыс күні.

      Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді;

      2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут;

      3) қызмет көрсетудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а 26.01.2016 № 80 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) бұйрығымен.

      5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондың (ішінаре автоматтандырылған) және (немесе) қағаз жүзінде.

      6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – осы мемлекеттік көрсетілетін стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жер қойнауын пайдалану құқығының кепіл шартын тіркеу туралы куәлік.

      Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық және қағаз жүзінде.

      Көрсетілетін қызметті алушы куәлікті қағаз тасығышта алу үшін жүгінген жағдайда мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі электрондық форматта ресімделіп, басып шығарылады және көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының мөрімен және қолымен куәландырылады.

      Порталда мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне", көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасын (бұдан әрі- ЭЦҚ) қол қойылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.

      7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.

      8. Жұмыс кестесі:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 9.00-ден бастап сағат 18.30-ға дейін, түскі асқа үзіліс сағат 13.00-ден бастап сағат 14.30-ға дейін.

      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру сағат 9.00-дан 17.30-ға дейін, түскі асқа үзіліс сағат 13.00-ден бастап сағат 14.30-ға дейін жүзеге асырылады.

      Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек тәртібімен көрсетіледі.

      2) Мемлекеттік корпорацияның – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жексенбі және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, сағат 9.00-дан бастап сағат 20.00-ға дейін үзіліссіз.

      Мемлекеттік қызмет жеделдетіп қызмет көрсетусіз, "электрондық кезек" тәртібімен көрсетіледі, электрондық кезекті портал арқылы брондауға болады.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а 26.01.2016 № 80 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) бұйрығымен.

      9. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

      1) көрсетілетін қызметті берушіге:

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бөйынша өтініш;

      белгіленген тәртіппен қол қойылған жер қойнауын пайдалану құқығының кепілі туралы шарт (түпнұсқа үш данада);

      көрсетілетін қызметті алушы өкілінің өкілеттіктерін растайтын құжат (сенімхат).

      2) Мемлекеттік корпорацияға:

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бөйынша өтініш;

      белгіленген тәртіппен қол қойылған жер қойнауын пайдалану құқығының кепілі туралы шарт (түпнұсқа үш данада);

      көрсетілетін қызметті алушы өкілінің өкілеттіктерін растайтын құжат (сенімхат);

      жеке басын куәландыратын құжат (қызметті алушының сәйкестендіру үшін).

      Мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған заңды тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттар, оны мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтерді Мемлекеттік корпорация қызметкері мемлекеттік қызметті көрсету мониторингі ақпараттық жүйесі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден мемлекеттік органдардың уәкілетті тұлғаларының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжаттар нысанында алады.

      Мемлекеттік корпорация қызметкері мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті берушінің жазбаша келісімін алады.

      Мемлекеттік корпорация қызметкері құжаттарды қабылдау кезінде түпнұсқалардың түпнұсқалығын қайта шығарылған құжаттардың электрондық көшірмелерімен салыстырып тексереді, содан кейін түпнұсқаларды көрсетілетін қызметті алушыға қайтарады.

      3) порталға:

      көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен қол қойылған электрондық құжат нысанында сұрауы;

      белгіленген тәртіпте қол қойылған жер қойнауын пайдалану құқығының кепілі туралы шарттың электрондық көшірмесі:

      көрсетілетін қызметті алушы өкілінің уәкілеттілігін дәлелдейтін құжат (сенімхат).

      Мемлекеттік электрондық ақпараттық жүйелердегі көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы құжаттардың мәліметтерін көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік органдардың уәкілетті тұлғаларының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжаттар нысанында тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

      Көрсетілетін қызметті алушының барлық қажетті құжаттарын беру кезде:

      1) Көрсетілетін қызметті берушіге (пошта байланысы арқылы немесе қолма-қол) – өтінішті қағаз тасығышта қабылдауды растау құжаттарды қабылдау күні мен уақытын көрсетуімен көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде оның көшірмесін тіркеу туралы белгі болып табылады.

      2) портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсынуға арналған сұраудың мәртебесі көрсетіледі.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а 26.01.2016 № 80 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) бұйрығымен.

3. Мемлеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының, Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) олардың қызметкерлерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне), шешімдеріне шағындану тәртібі

      Ескерту. 3-тараудың атауы жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а 26.01.2016 № 80 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) бұйрығымен.

      10. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының, халыққа қызмет көрсету орталықтарының және (немесе) олардың қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына не облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тиісті жергілікті атқарушы органы басшысының атына, мемлекеттік көрсетілетін қызметтің тікелей өкілдеріне осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша беріледі.

      Шағым пошта арқылы жазбаша нысанда не көрсетілетін қызметті берушінің немесе облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тиісті жергілікті атқарушы органының кеңсесі арқылы қолма-қол қабылданады.

      Көрсетілетін қызметті берушінің немесе облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тиісті жергілікті атқарушы органының кеңсесінде қабылдап алған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алудың мерзімі мен орны көрсетіле отырып, шағымды тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) оның қабылданғанын растау болып табылады. Тіркелгеннен кейін шағым жауапты орындаушыны айқындау және тиісті шаралар қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің басшысына немесе облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тиісті жергілікті атқарушы органының басшысына жіберіледі.

      Мемлекеттік корпорация қызметкерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым осы мемлекеттік көрсететін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша Мемлекет корпорация басшысына жіберіледі.

      Мемлекеттік корпорация кеңсесінде қолма-қол, сол сияқты пошта арқылы келіп түскен шағымды қабылдауды растау оны тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және тіркеу күні шағымның екінші данасында немесе шағымға ілеспе хатта қойылады) болып табылады.

      Көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушінің, облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тиісті жергілікті атқарушы органының немесе Мемлекеттік корпорацияның атына келіп түскен шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Шағымды қараудың нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің немесе облыстардың, республикалық маңызды бар қаланың, астананың тиісті жергілікті атқарушы органының кеңсесінде қолма-қол беріледі.

      Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағым жергілікті атқарушы органға шағыммен жүгіне алады.

      Көрсетiлетiн қызметтi алушының мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Ескерту. 10-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а 26.01.2016 № 80 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) бұйрығымен.

      11. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайларда көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетудің ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар

      Ескерту. 4-тараудың атауы жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а 26.01.2016 № 80 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) бұйрығымен.

      12. Денсаулық жағдайына байланысты Мемлекеттік корпорацияға жеке өзі келуге мүмкіндігі жоқ көрсетілетін қызметті алушылардан мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттарды қабылдауды Мемлекеттік корпорация қызметкері (қағаз тасығышты толтырылған жағдайда) көрсетілетін қызметті алушының тұрғылықты жеріне барып жургізеді.

      Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а 26.01.2016 № 80 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) бұйрығымен.

      13. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары Мемлекеттік корпорацияның www.con.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған.

      Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а 26.01.2016 № 80 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) бұйрығымен.

      14. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы 1414 арқылы қашықтықтан қолжетімділік режимінде алу мүмкіндігі бар.

      15. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары: 8 (7172) 749929. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414.

  "Кең таралған пайдалы қазбаларды
барлауға, өндiруге жер қойнауын
пайдалану құқығының кепiл шартын тiркеу"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
1-қосымша

      Үлгі

Жер қойнауын пайдалану құқығының кепілі
туралы шартты тіркеу туралы
КУӘЛІК

      20____ жылғы "___"_____________ №_________

      __________________________________________

      (қала, аудан)

      Кепіл беруші: _______________________________________________________

      (заңды немесе жеке тұлғаның атауы, мекенжайы ЖСН/БСН)

      Кепіл ұстаушы: ______________________________________________________

      (банктің атауы, оның заңды мекен-жайы)

      _____________________________________________________________________

      Кепіл шарты: ________________________________________________________

      (нөмірі, күні)

      Жер қойнауын пайдалану құқығының сипаттамасы: _______________________

      _____________________________________________________________________

      (жер қойнауын пайдалану операциясының түрі, кен орнының толық атауы)

      Келісімшарт: ________________________________________________________

      (келісімшарттың нөмірі мен жасалған күні)

      Міндеттеменің сомасы: _______________________________________________

      (санмен және жазумен)

      Міндеттемені өтеу мерзімі: __________________________________________

      (күні)

      Ескертпе: ___________________________________________________________

      Жер қойнауын пайдалану құқығн кепілі туралы шартты тіркеу туралы куәлікті берген мемлекеттік орган басшысының Т.А.Ә., қолы

  "Кең таралған пайдалы қазбаларды
барлауға, өндiруге жер қойнауын
пайдалану құқығының кепiл шартын
тiркеу" мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
2-қосымша

      Нысан

      (көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты,

      бар болса әкесінің аты (бұдан әрі – Т.А.Ә.)

      немесе ұйымынаң атауы)

      ___________________________________________

      (көрсетілетін қызметті алушының мекенжайы)

ӨТІНІШ

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а 26.01.2016 № 80 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) бұйрығымен.

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      Осы өтініш әр тарап үшін бір-бірден 2 данада жасалады.

      _________________________________________________ __________

      Т.А.Ә. (Мемлекеттік корпорация қызметкері) (қолы)

      Орындаушы: Т.А.Ә. ____________

      Телефон _________

      Алдым: Т.А.Ә./көрсетілетін қызметті алушының қолы

      20__жылғы "___" ___________