"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес "Әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметінің қарап тексеруді ұйымдастыруы жөнінде сертификат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес "Экипаж мүшесінің куәлігін беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.
2. "Әуеайлақтардың (тікұшақ айлақтарының), шетел тасымалдаушыларының, авиациялық оқу орталықтары мен авиация персоналының, авиациялық қауіпсіздік пен әуе кеңістігін пайдалану қызметі саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2014 жылғы 9 сәуірдегі № 243 бұйрығының 1-тармағы 5) және 9) тармақшаларының (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тiзiлiмiнде № 9463 тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті (Б.К. Сейдахметов):
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 3-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Инвестициялар және даму | |
министрінің міндетін атқарушы | А. Рау |
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 28 мамырдағы № 621 бұйрығына 1-қосымша |
"Әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметін қарап тексеруді
ұйымдастыру бойынша сертификат беру" мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. "Әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметін қарап тексеруді ұйымдастыру бойынша сертификат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі – әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметін қарап тексеруді ұйымдастыру бойынша сертификат, әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметін қарап тексеруді ұйымдастыру бойынша сертификаттың телнұсқасы.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін
қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің)
іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы
4. Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімнің (іс-қимылдың) басталуына негіздеме "Авиациялық қауіпсіздік саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 514 бұйрығымен (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11344 болып тіркелген) бекітілген "Әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметін қарап-тексеруді ұйымдастыру бойынша сертификат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген көрсетілетін қызметті алушының құжаттарының бар болуы болып табылады.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің құрылымына ішіне кіретін әр рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оны орындаудың жалпы мерзімі:
сертификат беру кезінде:
1) көрсетілетін қызметті алушының өтінімін көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкерінің отыз минут ішінде тіркеу нөмірін және күнін берумен қабылдауы және тіркеуі;
2) өтінімді көрсетілетін қызметті берушінің басшысының екі сағат ішінде қарауы;
3) өтінімді көрсетілетін қызметті беруші құрылымдық бөлімшесінің басшысының екі сағат ішінде қарауы;
4) өтінімді жауапты орындаушының қарауы және он күнтізбелік күн ішінде сертификациялық тексеру жүргізу үшін өтінім бойынша шешімнің қабылдануы:
өтінім бойынша шешім қабылданған сәттен бастап сертификациялық тексеру жүргізу үшін комиссия құру туралы көрсетілетін қызметті беруші басшысының бұйрығын рәсімдеу және қол қою қамтамасыз етіледі;
5) сертификациялық тексеруді жүргізу және он күнтізбелік күн ішінде сертификациялық тексеру актісінің жасалуы;
6) сертификатты құрылымдық бөлімше басшысының рәсімдеуі мен қол қоюы және актіні бекіткен күннен бастап тоғыз күнтізбелік күн ішінде оның берілуі;
телнұсқаны беру кезінде:
сертификаттың телнұсқасын беру – көрсетілетін қызметті алушының сертификаттың телнұсқасын алу үшін қажетті өтінімін тіркеген күннен бастап екі жұмыс күні.
6. Мынадай рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастау үшін негіздеме болатын мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі:
1) сертификатты беру кезінде:
өтінімді көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінде тіркеу;
көрсетілетін қызметті беруші басшысының қарары;
құрылымдық бөлімше басшысының қарары;
жауапты орындаушының өтінімді қарауы және өтінім бойынша шешім не бас тарту туралы дәлелді жауапты қабылдауы;
сертификациялық тексеруді жүргізу үшін бұйрықтың ресімделуі;
сертификациялық тексеру жүргізу және сертификациялық тексеру актісін ресімдеу;
кемшіліктерді жою бойынша көрсетілетін қызметті алушының түзетуші іс-қимылдар жоспарының келісілуі (сертификациялық талаптарға сәйкессіздіктері тізбесінің қосымшасымен бірге сертификат беру мүмкін еместігі туралы қорытынды актіде көрсетілген жағдайда);
кемшіліктерді жою туралы көрсетілетін қызметті алушының анықтамасының тіркелуі;
сертификаттың ресімделуі;
көрсетілетін қызметті беруші басшысының сертификатқа қол қоюы;
көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсету туралы сертификаттың немесе бас тарту туралы дәлелді жауаптың берілуі;
2) сертификаттың телнұсқасын беру кезінде:
көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде өтінімнің тіркелуі;
көрсетілетін қызметті беруші басшысының қарары;
құрылымдық бөлімше басшысының қарары;
жауапты орындаушымен өтінімнің қарастырылуы;
көрсетілетін қызметті алушыға сертификаттың телнұсқасының берілуі.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет процесінде қызметті беруші
құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл
тәртібінің сипаттамасы
7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті беруші құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
1) кеңсе қызметкері;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;
3) құрылымдық бөлімше басшысы;
4) жауапты орындаушы;
5) көрсетілетін қызметті берушінің комиссиясы.
8. Құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) бірізділігінің сипаттамасы әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып осы регламентке 1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызметті көрсету бойынша бизнес-процестердің анықтамалығында келтірілген.
4. Өзге де көрсетілетін қызметті берушімен өзара іс-қимыл
жасасу тәртібінің, сондай-ақ мемлекеттік қызметті көрсету
процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібінің
сипаттамасы
9. Мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі жүгіну және көрсетілетін қызметі мен көрсетілетін қызметті алушы рәсімдерінің (іс-қимылдарының) тәртібі осы Регламентке 2-қосымшаға сәйкес портал арқылы мемлекеттік қызметті көрсетуде көрсетіледі.
Көрсетілетін қызметті алушының порталдағы қадамдық іс-қимылдары:
1) көрсетілетін қызметті алушы порталда көрсетілетін қызметті алушының компьютерінің интернет-браузерінде сақталынған (порталда тіркелмеген көрсетілетін қызметті алушылар үшін жүзеге асырылады) электронды-цифрлік қолдың (ЭЦҚ) өз тіркеу куәлігі көмегімен тіркеуді жүзеге асырады;
2) 1 - процесс – көрсетілетін қызметті алушы компьютерінің интернет-браузеріне ЭЦҚ тіркеу куәлігін бекіту, мемлекеттік қызметті көрсету үшін порталда пайдаланушы паролін енгізу процесі (авторизация процесі);
3) 1 - шарт – Логин (бизнес сәйкестендіру нөмір (бұдан әрі - БСН) және пароль арқылы тіркелген пайдаланушы туралы деректердің дұрыстығын порталда тексеру;
4) 2 - процесс – пайдаланушының деректерінде бұзушылықтар болған жағдайда авторизациядан бас тарту туралы хабарды порталмен құрастыру;
5) 3 - процесс – пайдаланушының осы Регламентте көрсетілген көрсетілетін қызметті таңдауы, қызмет көрсету үшін тапсырыс нысанын экраннан шығару және құрылым мен формат талаптарына сай пайдаланушының нысанын (ақпараттарды енгізу) толтыру, тапсырыс нысанына қажетті құжаттарды электронды түрде енгізу;
6) 4 - процесс – тапсырысты куәландыру (қол қою) үшін ЭЦҚ тіркеу куәлігін қолданушымен таңдау;
7) 2 - шарт – порталда ЭЦҚ тіркеу куәлігінің қолданыс мерзімін және кері шақырылған тіркеу куәліктерінің тізімінде жоқтығын, сондай-ақ идентификациялық ақпараттарды тапсырыста көрсетілген БСН және ЭЦҚ тіркеу куәлігінде көрсетілген БСН тиістілігін тексеру;
8) 5 - процесс – пайдаланушының ЭЦҚ түпнұсқалығының расталмағаны жағдайында көрсетілген қызметте бас тарту туралы хабарды құрастыру;
9) 6 - процесс – көрсетілетін қызмет тапсырысының толтырылған нысанын (енгізілген ақпараттар) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ арқылы тапсырысы куәландыру (қол қою);
10) 7 - процесс – "Е-лицензиялау" мәліметтердің мемлекеттік базасының ақпараттық жүйесіне (бұдан әрі –ММБ АЖ) электронды құжатты (көрсетілетін қызметті алушының тапсырысын) тіркеу және "Е-лицензиялау" ММБ АЖ тапсырысын өндеу;
11) 8 - процесс – порталмен құрастырылған қызмет нәтижесін (электронды лицензия) көрсетілетін қызметті алушымен алынуы. Электронды құжат көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасымен ЭЦҚ қолдануымен құрастырылады.
Көрсетілетін қызметті берушінің порталдағы қадамдық іс-қимылдары:
1) 1 - процесс – көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушымен логині мен құпия сөзін (авторизация рәсімі) мемлекеттік қызметті көрсету үшін "Е-лицензиялау" ММБ АЖ енгізу;
2) 1 - шарт – көрсетілетін қызметті берушінің тіркелген жауапты орындаушы туралы нақты мәліметтерді "Е-лицензиялау" ММБ АЖ логині мен құпия сөзі арқылы тексеру;
3) 2 - процесс – көрсетілетін қызметті алушының жауапты орындаушының мәліметтерінде бұзушылықтар болған жағдайда, "Е-лицензиялау" ММБ АЖ арқылы авторизациядан бас тарту туралы хабар құрастыру;
4) 3 - процесс – осы регламентте көрсетілген көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушымен көрсетілетін қызметті таңдауы, қызметті көрсету үшін тапсырыс нысанын экранға шығару және көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысымен көрсетілетін қызметті алушының мәліметтерін енгізу;
5) 4 - процесс – электронды үкімет шлюзі (бұдан әрі – ЭҮШ) арқылы "Заңды тұлғалар" мемлекеттік мәліметтер базасының ақпараттық жүйесіне (бұдан әрі – ЗТ ММБ АЖ) көрсетілетін қызметті алушының мәліметтері туралы тапсырысты бағыттау;
6) 2 - шарт – ЗТ ММБ АЖ көрсетілетін қызметті алушының мәліметтерінің бар екендігін тексеру;
7) 5 - процесс – көрсетілетін қызметті алушының мәліметтері ЗТ ММБ АЖ жоқ болған жағдайда, мәліметтерді алудың мүмкінсіздігі туралы хабар құрастыру;
8) 6 - процесс – қағаз нысанында құжаттардың бар екендігі туралы таңбалау жағында тапсырыс нысанын толтыру және көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысымен көрсетілетін қызметті алушы берген қажетті құжаттарды сканирлеу және оларды тапсырыс нысанына енгізу;
9) 7 - процесс – ММБ АЖ "Е-лицензиялау" тапсырысты тіркеу және ММБ АЖ "Е-лицензиялау" көрсетілетін қызметті өңдеу;
10) 8 - процесс – ММБ АЖ "Е-лицензиялау" құрастырылған көрсетілетін қызметтің (электронды лицензия) нәтижесін көрсетілетін қызметті алушымен алу. Электронды құжат көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ қолдануымен құрастырылады.
10. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлері) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) кезектілігінің сипаттамасы осы Регламентке 1 және 2-қосымшаларда көрсетілген.
"Әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметін қарап тексеруді ұйымдастыру бойынша сертификат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 1-қосымша |
Мемлекеттік қызметті көрсету қызмет бойынша бизнес-процестердің
анықтамалығы
Шартты белгілер:
"Әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметін қарап тексеруді ұйымдастыру бойынша сертификат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 2-қосымша |
Портал арқылы мемлекеттік қызметті көрсетудің № 1 диаграммасы
Портал арқылы мемлекеттік қызметті көрсетудің № 2 диаграммасы
Шартты белгілер:
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 28 мамырдағы № 621 бұйрығына 2-қосымша |
"Экипаж мүшесінің куәлігін беру" мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. "Экипаж мүшесінің куәлігін беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – экипаж мүшесінің куәлігі.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы
4. Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімнің (іс-қимылдың) басталуына негіздеме "Авиациялық қауіпсіздік саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 514 бұйрығымен (Нормативті-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11344 болып тіркелген) бекітілген "Экипаж мүшесінің куәлігін беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген көрсетілетін қызметті алушының құжаттарының бар болуы болып табылады.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің құралымына кіретін әр рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оны орындаудың жалпы мерзімі:
1) көрсетілетін қызметті алушының өтінім-хатын көрсетілетін қызметті беруші кеңсесі қызметкерінің отыз минут ішінде тіркеу нөмірін және күнін беруімен қабылдауы және тіркеуі;
2) өтінімді көрсетілетін қызметті берушінің басшысының екі сағат ішінде қарауы;
3) өтінімді көрсетілетін қызметті беруші құрылымдық бөлімшесінің басшысы екі сағат ішінде қарауы;
4) он төрт жұмыс күн ішінде өтінім-хаттың көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысының қарауы және экипаж мүшесінің куәлігін (бұдан әрі – ЭМК) рәсімдеу, не өтінім-хат тіркелген сәттен мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуде бас тарту туралы дәлелді жауап;
5) ЭМК тіркелуі және берілуі.
6. Келесідей рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастау мақсатында негіз ретінде саналатын мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі:
1) өтінім-хаттың көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінде тіркелуі;
2) көрсетілетін қызметті беруші басшысының қарары;
3) құрылымдық бөлімше басшысының қарары;
4) өтінім-хатты жауапты орындаушымен қаралуы;
5) ЭМК рәсімдеу, не бас тарту туралы дәлелді жауап;
6) ЭМК тіркеу және беру.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде қызметті беруші
құрылымдық бөлімшелердің (қызметкерлердің) өзара іс-қимыл
тәртібінің сипаттамасы
7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету процесіне қатысатын қызмет көрсетуші құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;
3) құрылымдық бөлімшенің басшысы;
4) жауапты орындаушы.
8. Құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) бірізділігінің сипаттамасы әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, осы регламентке 1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету бойынша бизнес-процестердің анықтамалығында келтірілген.
4. Өзге де көрсетілетін қызметті берушімен өзара іс-қимыл
жасасу тәртібінің, сондай-ақ мемлекеттік қызметті көрсету
процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібінің
сипаттамасы
9. Мемлекеттік қызметті көрсету кезіндегі жүгіну және көрсетілетін қызметті беруші мен көрсетілетін қызметті алушы рәсімдерінің (іс-қимылдарының) тәртібі осы Регламентке 2-қосымшаға сәйкес портал арқылы мемлекеттік қызметті көрсетуде көрсетіледі.
Көрсетілетін қызметті алушының қадамдық іс-қимылдары:
1) көрсетілетін қызметті алушы порталда көрсетілетін қызметті алушының компьютерінің интернет-браузерінде сақталынған (порталда тіркелмеген көрсетілетін қызметті алушылар үшін жүзеге асырылады) электронды-цифрлік қолдың (ЭЦҚ) өз тіркеу куәлігі көмегімен тіркеуді жүзеге асырады;
2) 1 - процесс – көрсетілетін қызметті алушы компьютерінің интернет-браузеріне ЭЦҚ тіркеу куәлігін бекіту, мемлекеттік қызметті көрсету үшін пайдаланушымен порталда паролін енгізу процесі (авторизация процесі);
3) 1 - шарт – логин (бизнес сәйкестендіру нөмір (бұдан әрі - БСН) және пароль арқылы тіркелген пайдаланушы туралы деректердің дұрыстығын порталда тексеру;
4) 2 - процесс – пайдаланушының деректерінде бұзушылықтар болған жағдайда авторизациядан бас тарту туралы хабарды порталмен құрастыру;
5) 3 - процесс – пайдаланушының осы Регламентте көрсетілетін қызметті таңдауы, қызмет көрсету үшін тапсырыс нысанын экраннан шығару және құрылым мен формат талаптарына сай пайдаланушының нысанын (ақпараттарды енгізу) толтыру, тапсырыс нысанына қажетті құжаттарды электронды түрде енгізу;
6) 4 - процесс – тапсырысты куәландыру (қол қою) үшін ЭЦҚ тіркеу куәлігін қолданушымен таңдау;
7) 3 шарт – порталда ЭЦҚ тіркеу куәлігінің қолданыс мерзімін және кері шақырылған тіркеу куәліктерінің тізімінде жоқтығын, сондай-ақ идентификациялық ақпараттарды тапсырыста көрсетілген БСН және ЭЦҚ тіркеу куәлігінде көрсетілген БСН тиістілігін тексеру;
8) 5 - процесс – қолданушының ЭЦҚ түпнұсқалығының расталмағаны жағдайында көрсетілген қызметте бас тарту туралы хабарды құрастыру;
9) 6 - процесс – көрсетілетін қызметке сұрау салу толтырылған нысанын (енгізілген ақпараттар) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ арқылы сұрау салуды куәландыру (қол қою);
10) 7 - процесс – "Е-лицензиялау" мәліметтердің мемлекеттік базасының ақпараттық жүйесіне (бұдан әрі –ММБ АЖ) электронды құжатты (көрсетілетін қызметті алушының сұрау салуын) тіркеу және "Е-лицензиялау" ММБ АЖ тапсырысын өңдеу;
11) 8 - процесс – порталмен құрастырылған қызмет нәтижесін (электронды лицензия) көрсетілетін қызметті алушымен алынуы. Электронды құжат көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасымен ЭЦҚ қолдануымен құрастырылады.
Көрсетілетін қызметті беруші арқылы қадамдық әрекеттер келесідей жолмен жүзеге асырады:
1) 1 - процесс – көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушымен логині мен құпия сөзін (авторизация процесі) мемлекеттік қызметті көрсету үшін "Е-лицензиялау" ММБ АЖ-ға енгізу;
2) 1 шарт – көрсетілетін қызметті берушінің тіркелген жауапты орындаушы туралы нақты мәліметтерді "Е-лицензиялау" ММБ АЖ-ға логині мен құпия сөзі арқылы тексеру;
3) 2 - процесс – көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушының мәліметтерінде бұзушылықтар болған жағдайда, ММБ АЖ "Е-лицензиялау" арқылы авторластырудан бас тарту туралы хабар жасалуы;
4) 3 - процесс – пайдаланушының осы регламентте көрсетілген көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушымен көрсетілетін қызметін таңдау, қызметті көрсету үшін тапсырыс нысанын экранға шығару және көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысымен көрсетілетін қызметті алушының мәліметтерін енгізу;
5) 4 - процесс – электронды үкімет шлюзі (бұдан әрі – ЭҮШ) арқылы "Заңды тұлғалар" мемлекеттік мәліметтер базасының ақпараттық жүйесіне (бұдан әрі – ЗТ ММБ) көрсетілетін қызметті алушының мәліметтері туралы тапсырысты бағыттау;
6) 2 - шарт – ЗТ ММБ көрсетілетін қызметті алушының мәліметтерінің бар екендігін тексеру;
7) 5 - процесс – көрсетілетін қызметті алушының мәліметтері ЗТ ММБ жоқ болған жағдайда, мәліметтерді алудың мүмкінсіздігі туралы хабар жасалуы;
8) 6 - процесс – қағаз нысанында құжаттарының бар екендігі туралы таңбалау жағында тапсырыс нысанын толтыру және көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысымен көрсетілетін қызметті алушы берген қажетті құжаттарды сканерлеу және оларды тапсырыс нысанына енгізу;
9) 7 - процесс – ММБ АЖ "Е-лицензиялау" тапсырысты тіркеу және ММБ АЖ "Е-лицензиялау" көрсетілетін қызметті өңдеу;
10) 8 - процесс – ММБ АЖ "Е-лицензиялау" құрастырылған көрсетілетін қызметтің (электронды лицензия) нәтижесін көрсетілетін қызметті алушымен алу. Электронды құжат көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ қолдануымен құрастырылады.
10. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлері) арасындағы рәсімдердің (әрекеттердің) кезектілігінің сипаттамасы осы Регламентке 1 және 2-қосымшаларда көрсетілген.
"Экипаж мүшесінің куәлігін беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 1-қосымша |
Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша бизнес-процестердің
анықтамалығы
Шартты белгілер:
"Экипаж мүшесінің куәлігін беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 2-қосымша |
Портал арқылы мемлекеттік қызметті көрсетудің № 1 диаграммасы
Көрсетілетін кызметті беруші арқылы мемлекеттік қызметті
көрсетудің № 2 диаграмма
Шартты белгілер: