"Ветеринария туралы" 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 21) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларды аттестаттау қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринария және тамақ қауіпсіздігі департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Ауыл шаруашылығы министрі | А. Мамытбеков |
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрі
_________________Ә. Исекешев
2 сәуір 2015 жыл
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
__________________ Е. Досаев
9 маусым 2015 жыл
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 13 наурыздағы № 7-1/221 бұйрығымен бекітілген |
Ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын
жеке және заңды тұлғаларды аттестаттау қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларды аттестаттау қағидалары (бұдан әрі – қағидалар), "Ветеринария туралы" 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 21) тармақшасына сәйкес әзірленді және ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларды аттестаттау тәртібін айқындайды.
2. Осы қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) аттестаттау – ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың білімін және кәсіби біліктілігін бағалау мақсатында жүргізілетін кезең-кезеңімен жүзеге асырылатын рәсім;
2) ветеринария саласындағы уәкiлеттi органның ведомствосы (бұдан әрi – ведомство) – мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын ветеринария саласындағы уәкiлеттi органның комитеті;
3) тестілеу – тестілік тапсырмаларды пайдалана отырып жүргізілетін аттестатталушының теориялық білімін және практикалық дағдыларын тексеру нысаны;
4) ведомствоның аумақтық бөлімшелері – тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктерде орналасқан ведомствоның аумақтық бөлімшелері (облыс, аудан, облыстық немесе республикалық маңызы бар қала, астана).
3. Ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларды аттестаттау ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарының бөлімшелері (бұдан әрі – ЖАО бөлімшелері) жүргiзедi.
Ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғаларды аттестаттау, осы заңды тұлғаның ветеринариялық мамандарын аттестаттау жолымен жүргізіледі.
Ветеринариялық маман аттестаттаудан өткен және ол басқа заңды тұлғаға жұмыс iстеуге өткен жағдайда, маманды аттестаттау мерзiмі аттестаттаудан өткізілген сәттен бастап есептеледі және аттестаттауды нәтижелері үш жыл бойында жарамды.
Ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар (бұдан әрі – Кәсіпкерлер), ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру кезінде кейінгі үш жыл өткен соң аттестатталуға тиіс.
4. Аттестаттау екi кезеңнен тұрады: тестiлеу және әңгiмелесу, олар бір күнде өткізіледі.
Егер мәлiмдемемен бiрге (кемiнде 10 жылдық жұмыс тәжiрибесi бар, бiлiм беру қызметіне мемлекеттiк лицензиясы бар оқу орындарда аттестацияланатын мамандығы бойынша бiлiктiлiкті арттыру курстарын тамамдаған) аттестаттауға мәлiм етiлетiн облыстағы жұмыстың түбегейлi тәжiрибесi туралы куәландыратын құжаттарды ұсынса, кәсiпкерлерге тестілеудi өткiзусiз аттестациядан өтуге рұқсат етiледi.
2. Ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларды аттестаттау тәртiбi
5. Аттестаттауға дайындық рәсімі мынадай iс-шараларды қамтиды:
1) Аттестаттау үшін қажеттi құжаттарды дайындау;
2) аттестаттау кестелерiн әзiрлеу және бекiту;
3) аттестаттау комиссияларының құрамын айқындау;
4) аттестаттаудың мақсаттары мен тәртiбi туралы түсiндiру жұмысын ұйымдастыру;
5) аттестаттау басталғанға дейiн күнтiзбелiк отыз күннен кешiктiрмей кәсіпкерлерді оны өткiзу мерзiмi туралы осы қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша хабардар ету;
6) аттестаттауға жататын тұлғалардың құжаттарын қабылдау және талдау.
6. Аттестаттау үшін ЖАО бөлімшелері аттестациялық комиссияларды (бұдан әрі – комиссия) құрады, аттестаттауға жататын адамдардың тiзiмiн, тестiлеу сұрақтарын айқындайды және аттестаттау мерзiмiн, жұмыс кестесiн белгілейді.
Комиссия комиссия мүшелерінен және хатшысынан құрылады. Комиссия мүшелерінен ЖАО бөлімшесінің басшысы төрағаны тағайындайды. Комиссия мүшелері тақ болуы және кемінде бес адамнан болуы керек.
Комиссия төрағасы отырыстарда төрағалық етеді, қабылданатын шешімге жалпы басшылықты және бақылауды жүзеге асырады.
Комиссия құрамына жоғарғы ветеринариялық білімі бар, тәжірибелі жұмыс өтілі бес жылдан кем емес тұлғалар кіреді. Комиссия құрамына ЖАО бөлімшелерінің өкілдері және 50 пайыздан кем емес қоғамдық ұйымдардың өкілдері, бұдан басқа ведомствоның аумақтық бөлімшелердің мамандары келісім бойынша кiредi.
Комиссия хатшысы комиссияның отырысына тиісті материялдарды дайындайды және ол өткенінен кейін хаттаманы ресімдейді. Хатшы комиссияға техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асырады және дауыс беруге қатыспайды.
7. Кәсіпкер жазбаша хабар алғаннан кейін күнтiзбелiк он бес күннен кешiктiрмей электрондық нысанда "электрондық үкімет" веб-порталына немесе қағаз нысанында комиссияға мынадай құжаттарды ұсынады:
1) осы қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) соңғы үш жылда бiлiктiлiктi арттыру курстарынан өткенi туралы куәліктердің (сертификаттардың) көшiрмелерi;
3) ғылыми дәрежесiнiң, атағының бар болуы туралы дипломның көшiрмесi (бар болса).
8. Тестiлеу қағаз тасымалдаушыда тест сұрақтарын қолдану арқылы жүргізіледі (бір сұрақ бір ұпайға теңеледі, барлығы жүз сұрақ).
Тест тапсырмаларын орындауға берілетін жалпы уақыт тоқсан минутты құрайды.
Тестілеудің нәтижесін есептеуді дұрыс жауаптар кодтарын қолдану арқылы комиссия өткізеді.
Комиссия құрамының кемінде үштен екісі қатысқан кезде нәтижелер заңды деп саналады.
Сұрақтардың жалпы санынан жетпіс және одан көп пайыз дұрыс жауап алған жағдайда тестілеудің нәтижесі өтті деп саналады және тестілеу өткен күннен бастап бір жыл мерзімге жарамды.
Кәсіпкерге тестілеудің нәтижелері осы қағидаларға 3–қосымшаға сәйкес нысан бойынша "электрондық үкімет" веб-порталындағы жеке кабинетіне жолданады немесе қолма-қол табысталады.
9. Тестiлеуден өтпеген кәсіпкер аттестаттаудың екінші кезеңіне жіберілмейді (әңгiмелесу).
Қайта тестiлеу осы қағидаларға сәйкес бастапқы тестiлеу өткен күннен бастап алты айдан кейiн өткiзiледi.
10. Әңгiмелесуді теориялық және практикалық сұрақтар бойынша комиссия мүшелері өткізеді, қойылатын сұрақтың саны бес сұрақтан артық емес.
Дауыс беру нәтижелерi ашық түрде комиссия мүшелерiнiң көпшiлiк дауысымен айқындалады. Дауыстар тең болған кезде комиссия төрағасының дауысы шешушi болып табылады. Хатшы дауыс бере алмайды.
Әңгімелесудің нәтижелері бойынша комиссия мынадай шешiмдердiң бiрiн қабылдайды:
1) аттестатталды;
2) қайта әңгiмелесуге жатады;
3) аттестатталмады.
11. Қайта әңгiмелесу осы қағидаларда айқындалған тәртiппен бастапқы әңгiмелесу өткен күннен бастап бір айдан соң өткiзiледi.
Комиссия, қайта әңгімелесу қорытындылары бойынша мынадай шешiмдердiң бiрiн қабылдайды:
1) аттестатталды;
2) аттестатталған жоқ.
Аттестаттаудан теріс нәтиже алған кәсіпкер осы қағидаларда белгіленген тәртiппен аттестаттау нәтижесін алған күннен бастап бір жыл өткен соң қайтадан аттестаттауға қатысуына болады.
12. Комиссияның шешiмi "электрондық үкімет" веб-порталында қалыптастырылатын және отырысқа қатысқан комиссиясы төрағасының, мүшелерiнің және хатшысының электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылатын хаттамамен ресімделеді.
Кәсіпкер комиссияның шешiмiмен аттестаттаудан өткен күні танысады.
Комиссияның қабылданған шешiмдері осы қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аттестаттау парағына енгізіледі, "электрондық үкімет" веб-порталында электрондық түрде ресімделеді, қағаз нұсқасы аттестаттау аяқталғаннан кейін кәсіпкерге табысталады.
Кәсіпкердің аттестаттау парағы, тестілеу нәтижелері, отырыс хаттамасы үш жыл мерзімінде аттестаттауды өткізген органда сақталады. Аттестатталғандар туралы ақпарат ЖАО бөлімшелерінің ресми интернет-ресурсында орналастырылады.
3. Комиссияның шешiмдерiне шағымдану
13. Аттестаттау комиссиясының шешімімен келіспеген жағдайда, сондай-ақ аттестаттауды өткізу кезінде туындаған даулы мәселелер кезінде кәсіпкер комиссияның шешіміне шағымдануына болады.
Ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларды аттестаттау қағидаларына 1–қосымша |
Нысан/форм
________________________________________
________________________________________
(ветеринария саласындағы кәсіпкерлік
қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды
тұлғалардың атауы, мекен жайы, тегі,
аты және әкесінің аты (бар болса)/
наименование, адрес, фамилия,
имя и отчество (при наличии)
физических и юридических лиц,
осуществляющих предпринимательскую
деятельность в области ветеринарии)
Хабарлама
Уведомление
ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларды аттестаттау туралы/об аттестации физических и юридических лиц, осуществляющих предпринимательскую деятельность в области ветеринарии
_____________________________________________________________________
(ЖАО бөлімшелерінің атауы/наименование подразделения МИО)
Сізге хабарлайды/уведомляет Вас _____________________________________
_____________________________________________________________________
(тегі, аты және әкесінің аты (бар болса)/
фамилия, имя и отчество (при наличии))
Жұмыс орны және лауазымы/Место работы и должность ___________________
_____________________________________________________________________
ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларды аттестаттау туралы/о аттестации физических и юридических лиц, осуществляющих предпринимательскую деятельность в области ветеринарии.
Аттестаттаудың ұсынылатын күні және уақыты/Предлагаемая дата и время аттестации "___" __________ 20__ жыл/год сағат __:__ час
Аттестаттауды жүргізу орны/Место проведения аттестации ________
_____________________________________________________________________
Қолы/Подпись ___________ ____________________________________________
(лауазымды тұлғаның тегі, аты және әкесінің
аты (бар болса)/ фамилия, имя и отчество
(при наличии) должностного лица)
Ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларды аттестаттау қағидаларына 2–қосымша |
Нысан/форм
________________________________________
________________________________________
(ЖАО бөлімшелерінің атауы/
наименование подразделения МИО)
_______________________________________
_______________________________________
(үміткердің тегі, аты және әкесінің аты
(бар болса)/фамилия, имя, отчество
(при наличии) претендента)
Тұрғылықты мекен жайы, байланыс
телефоны/Адрес проживания, контактный
телефон
_____________________________________
_____________________________________
Өтініш/Заявление
Сізден ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларды аттестаттауға рұқсат беруіңізді сұраймын/Прошу Вас допустить к аттестации физических и юридических лиц, осуществляющих предпринимательскую деятельность в области ветеринарии.
Қоса беріліп отырған құжаттар/Прилагаемые документы:
1. __________________________________________________________________
2. __________________________________________________________________
3. __________________________________________________________________
4. __________________________________________________________________
____________________________________
(үміткердің қолы/подпись претендента)
____________________________________
(толтырылған күні/дата заполнения)
*үміткердің өтініші өз қолымен толтырылады/заявление претендента заполняется собственноручно
Ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларды аттестаттау қағидаларына 3–қосымша |
Нысан/форм
Тестілеудің нәтижелері
1. Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса): _______________________
_____________________________________________________________________
2. Ветеринария саласындағы маман жүзеге асыратын қызметтің түрі (кіші түрі) _________________________________________________________
3. Лицензиия нөмірі (бар болса):_______________________________
4. Білімі: ____________________________________________________
5. Туған жылы: "___" ____________ _____жыл
6. Жынысы: _______________
7. Ұлты: _____________
8. Тестілеу өткізу орны:_____________________________
№ р/с | Тесттің атауы | Өту пайызы | Тесттегі сұрақтардың саны | Дұрыс жауаптардың саны | Нәтиже |
Комиссия төрағасы __________________________________ _______
(Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)) (қолы)
Комиссия хатшысы __________________________________ _______
(Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)) (қолы)
Комиссия мүшелерi: _______________________________________
________________________________________
(Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))
Атестаттау өткiзiлген күн 20____ жылғы "__"_______________
аттестаттау парағымен таныстым ____________________________
(кәсіпкердің қолы және күнi)
Ветеринария саласындағы кәсіпкерлік
қызметті жүзеге асыратын
жеке және заңды тұлғаларды
аттестаттау қағидаларына
4–қосымша
Нысан/форм
Аттестациялық парақ
Аттестатталушы адамның тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болса) ____
_____________________________________________________________________
Туған жылы "___" ____________ _____ жыл
Бiлiмi туралы мәлiметтер ______________________________________
_____________________________________________________________________
Бiлiктiлiгiн арттыру туралы мәлiметтер (соңғы 3 жылдағы) ______
_____________________________________________________________________
Жалпы еңбек өтілі _____________________________________________
Мамандығы бойынша жұмыс өтілі _________________________________
Бiлiктiлiк санатын беру туралы маман сертификатының болуы немесе болмауы ______________________________________________________
Тестiлеу нәтижелерi __________%
Отырысқа ___________ комиссия мүшелерi қатысты
Дауыстар саны:
________ "иә" деп дауыс бердi
________ "қарсы" деп дауыс бердi
________ "дауыс беруден қалыс қалғандар"
Комиссия шешiмi _______________________________________________
Комиссия төрағасы ___________________________________ _________
(Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)) (қолы)
Комиссия хатшысы ___________________________________ _________
(Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)) (қолы)
Комиссия мүшелерi: ____________________________________________
____________________________________________
(Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))
Аттестаттау өткiзiлген күн 20____ жылғы "__"____________
аттестаттау парағымен таныстым ________________________________
(аттестатталушы адамның қолы және күнi)