Отырғызылатын материалды және арнайы мақсаттағы плантациялық екпелерді өсіру үшін мемлекеттік орман қоры учаскелерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 19 мамырда № 18-1/451 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 8 шілдеде № 11589 болып тіркелді.

Жаңартылған

      "Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шілдедегі Орман кодексінің 13-бабы 1-тармағының 18-26) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 5 шілдедегі № 479 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 194) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 17.06.2024 № 123 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған Отырғызылатын материалды және арнайы мақсаттағы плантациялық екпелерді өсіру үшін мемлекеттік орман қоры учаскелерін пайдалану қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануға жіберілуін;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы


Ауыл шаруашылығы министрі

А. Мамытбеков

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасы

      Энергетика министрі

      __________ В. Школьник

      2015 жылғы 5 маусым



  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2015 жылғы 19 мамырдағы
№ 18-1/451 бұйрығымен
бекітілген

Отырғызылатын материалды және арнайы мақсаттағы плантациялық екпелерді өсіру үшін мемлекеттік орман қоры учаскелерін пайдалану қағидалары

      1. Осы Отырғызылатын материал және арнайы мақсаттағы плантациялық екпелерді өсіру үшін мемлекеттік орман қоры учаскелерін пайдалану қағидалары Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 5 шілдедегі № 479 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 194) тармақшасына сәйкес әзірленді және отырғызылатын материалды және арнайы мақсаттағы плантациялық екпелерді өсіру үшін мемлекеттік орман қоры учаскелерін пайдалану тәртібін айқындайды.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 17.06.2024 № 123 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Осы Қағидалар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға қолданылмайды.

      2. Отырғызылатын материалды және арнайы мақсаттағы плантациялық екпелер өсіру үшін мемлекеттік орман қоры учаскелерін пайдалану орман өсіруді, республика экономикасының сүрек ресурстарына мұқтажын қамтамасыз ету мақсатында шығымдылығы жоғары плантациялық екпелер құруды, мұрагерлік қасиеттері жақсартылған орман тұқымдарын қолданып селекциялық-генетикалық негiзде орман питомниктерін құру мен дамытуды және отырғызылатын материал өндiруді ынталандыруды көздейді.

      3. Отырғызылатын материалды және арнайы мақсаттағы плантациялық екпелер өсіру үшін мемлекеттік орман қоры учаскелері жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – орман пайдаланушы) Орман кодексінің 5-тарауына сәйкес ұзақ мерзімді орман пайдалануға беріледі.

      4. Арнайы мақсаттағы плантациялық екпелерді және ағаш және бұта тұқымдыларының отырғызылатын материалды өсіру үшін мемлекеттік орман қорының ормансыз жерлерге жататын учаскелері бөлінеді.

      5. Арнайы мақсаттағы плантациялық екпелерді және ағаш және бұта тұқымдыларының отырғызылатын материалды өсіру жұмыстары осы салада маманданған жобалау-iздестiру ұйымдары орман пайдаланушылардың қаражаты есебінен әзірлейтін тез өсетін ағаш және бұта тұқымдыларының плантацияларын отырғызуға және өсіруге немесе жекеше орман питомниктерін құруға және дамытуға арналған жұмыс жобасына (бұдан әрі – жұмыс жобасы) сәйкес жүзеге асырылады.

      6. Жұмыс жобасы өнімді өсіруден бастап өткізуге немесе өңдеуге дейінгі жұмыстар циклын қамтиды және міндетті мемлекеттік экологиялық сараптамадан өтуге жатады.

      7. Орман пайдаланушы мемлекеттік орман қоры учаскелерін отырғызылатын материалды және арнайы мақсаттағы плантациялық екпелерді өсіру үшін пайдалану кезінде Орман кодексінің 63-бабы 2-тармағымен бекітілетін ормандарда өрт қауiпсiздiгi қағидаларының, Орман кодексінің 67-бабы 3-тармағымен бекітілетін санитариялық қағидалардың және Қазақстан Республикасының Экология кодексінің 261-бабына сәйкес экологиялық талаптардың сақталуын қамтамасыз етеді.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 17.06.2024 № 123 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.