«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған:
1) «Отандық теле-, радиоарнаны есепке қою, қайта есепке қою, куәліктің телнұсқасын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес;
2) «Теле-, радиоарналарды тарату жөніндегі қызметпен айналысу үшін лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес;
3) «Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын шетелдік теле-, радиоарнаны есепке қою, қайта есепке қою, куәліктің телнұсқасын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес;
4) «Мерзімді баспасөз басылымын және ақпарат агенттігін есепке қою, қайта есепке қою, есепке қойылғанын куәландыратын құжаттың телнұсқасын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Мыналар:
1) «Отандық теле-, радиоарналарды есепке, қайта есепке қою» және «Қазақстан Республикасының аумағына таралатын шетелдік теле-, радиоарналарды есепке, қайта есепке қою» мемлекеттік қызмет регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2012 жылғы 4 қазандағы № 165 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілер мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2012 жылы 19 қазанда № 8030 болып тіркелді, «Егемен Қазақстан» газетінде 2013 жылы 24 сәуірде № 143-144 (27417-27418 жарияланған);
2) «Теле-, радиоарналарды тарату жөніндегі қызметпен айналысу үшін лицензия беру» электрондық мемлекеттік қызмет регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2012 жылғы 7 қарашада № 179 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілер мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2012 жылы 19 қазанда № 8180 болып тіркелді, «Егемен Қазақстан» газетінде 2012 жылы 29 желтоқсанда № 453-455 (27272-27274 жарияланған) күші жойылсын деп танылсын.
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті (С.С. Сарсенов):
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін, он күнтізбелік күн ішінде көшірмесін «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға мерзімді баспа басылымдарында және жіберуді қамтамасыз етсін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында жариялануын;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін 10 жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.
Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрінің
міндетін атқарушы А. Рау
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрінің
міндетін атқарушысының
2015 жылғы 28 мамырдағы
№ 655 бұйрығына
1-қосымша
«Отандық теле-, радиоарнаны есепке қою, қайта есепке қою,
куәліктің телнұсқасын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет
регламенті
1. Жалпы ережелер
1. «Отандық теле-, радиоарнаны есепке қою, қайта есепке қою, куәліктің телнұсқасын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетімен (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) нормативтік құқықтық актілер мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11301 болып тіркелген «Ақпарат саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 505-бұйрығымен бекітілген «Отандық теле-, радиоарнаны есепке қою, қайта есепке қою, куәліктің телнұсқасын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі Стандартына (бұдан әрі – стандарт) сәйкес көрсетіледі.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру:
1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация);
2) www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 17.02.2016 № 198 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі:
1) отандық теле-, радиоарнаны есепке қою туралы куәлiгі;
2) отандық теле-, радиоарнаны қайта есепке қою, отандық теле-, радиоарнаны есепке қою туралы телнұсқасын беру;
3) мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы 2012 жылғы 18 қаңтардағы «Телерадио хабарларын тарату туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 17-бабының 4-тармағында көзделген негіздері бойынша дәлелді жауап.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық және (немесе) қағаз түрінде.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету барысындағы көрсетілетін
қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің)
әрекеттері ретінің сипаттамасы
4. Мемлекеттік қызметті көрсетудің рәсімін (әрекетін) бастау үшін көрсетілетін қызметті берушіге көрсетілетін қызмет алушының өтінішін немесе электрондық тапсырысын (бұдан әрі – өтініш), стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттарын беру негіз болып табылады.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету әрекетінің құрамына кіретін рәсімдер (әрекеттер), оның орындалуының ұзақтығы:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкерімен өтінішті қабылдау және тіркеу, және оны көрсетілетін қызмет берушінің құрылымдық бөлімше басшысына он бес минут ішінде қарауға беру (өтініш қағаз түрінде берілген жағдайда);
2) көрсетілетін қызмет берушінің құрылымдық бөлімше басшысымен өтінішті қарастыру және оны жауапты орындаушыға қарастыруға екі сағат ішінде беру;
3) көрсетілетін қызмет берушінің құрылымдық бөлімшесінің жауапты орындаушысымен өтінішті бір сағат ішінде өңдеу және порталға жіберу (өтініш қағаз түрінде берілген жағдайда);
4) жауапты орындаушымен өтінішке қоса берілген құжаттарды бекітілген квалификациялық талаптарға сәйкестігіне қарау. Құжаттардың рәсімделуінің дұрыстығы мен құжаттардың толықтығын сараптау жұмысын жүргізу, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін жеті жұмыс күні ішінде немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты рәсімдеу үшін құжаттарды бір жұмыс күні ішінде дайындау;
5) көрсетілетін қызмет берушінің құрылымдық бөлімше басшысынан шешімге төрт сағат ішінде келісім алу (куәлік беру, куәлікті қайта есепке қою, куәліктің телнұсқасын немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру);
6) көрсетілетін қызмет берушінің басшысының орынбасарынан шешімге келісім алу (куәлік беру, куәлікті қайта есепке қою, куәліктің телнұсқасын немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру) (4 сағат);
7) көрсетілетін қызмет берушінің басшысымен немесе орынбасарымен куәлікке, қайта есепке қою куәлігіне, куәліктің телнұсқасына немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапқа қол қою (4 сағат);
8) кеңсе қызметкерімен мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру (2 сағат);
6. Келесі рәсімге (әрекетке) негіз болып табылатын мемлекеттік қызмет көрсету рәсімінің (әрекетінің) нәтижесі:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкерімен өтінішті қабылдау және тіркеу, және оны көрсетілетін қызмет берушінің құрылымдық бөлімше басшысына беру;
2) құрылымдық бөлімше басшысымен өтінішті қарастыру және оны жауапты орындаушыға қарастыруға беру;
3) өңделген өтінішті порталға орналастыру (өтініш қағаз түрінде берілген жағдайда);
4) жауапты орындаушымен куәлікті (қайта есепке қою куәлігін, куәліктің телнұсқасын) рәсімдеу, құрылымдық бөлімше басшысының немесе орынбасарының келісімін алу және қолын қойдыру;
5) куәлікті (қайта есепке қою куәлігін, куәліктің телнұсқасын) беру.
Мемлекеттік қызметті алу үшін өтініш мына жағдайда түссе:
электрондық түрде – нәтижесі электрондық құжат түрінде рәсімделеді;
қағаз түрде – нәтижесі электрондық құжат түрінде рәсімделеді, көрсетілетін қызметті беруші басшысымен немесе орынбасарымен қол қойылады және көрсетілетін қызметті берушінің мөрімен куәландырылады.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету барысындағы көрсетілетін
қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің)
өзара әрекет жасау ретінің сипаттамасы
7. Мемлекеттік қызметті көрсету барысында көрсетілетін қызметті берушінің келесі құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлері) әрекет етуге қатысады:
көрсетілетін қызметті беруші басшысы немесе орынбасары;
құрылымдық бөлімше басшысы немесе орынбасары;
жауапты орындаушы;
кеңсе қызметкері;
8. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлері) арасындағы рәсімдер (әрекеттер) реттілігінің сипаттамасы:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкерімен өтінішті қабылдау және тіркеу, және оны көрсетілетін қызмет берушінің құрылымдық бөлімше басшысына он бес минут ішінде беру;
2) көрсетілетін қызмет берушінің құрылымдық бөлімше басшысымен өтінішті қарастыру және оны жауапты орындаушыға қарастыруға екі сағат ішінде беру;
3) жауапты орындаушы көрсетілетін қызмет берушінің кеңсе қызметкерінен өтініш түскен сәттен бастап оны өңдейді және порталға бір сағат ішінде жібереді (өтініш қағаз түрінде берілген жағдайда);
4) жауапты орындаушымен өтінішке қоса берілген құжаттарды бекітілген квалификациялық талаптарға сәйкестігіне қарастыру. Құжаттардың рәсімделуінің дұрыстығы мен құжаттардың толықтығын сараптау жұмысын жүргізу, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін жеті жұмыс күні ішінде немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты рәсімдеу үшін құжаттарды бір жұмыс күні ішінде дайындау;
5) көрсетілетін қызмет берушінің құрылымдық бөлімше басшысынан шешімге төрт сағат ішінде келісім алу (куәлік беру, куәлікті қайта есепке қою, куәліктің телнұсқасын немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру);
6) көрсетілетін қызмет берушінің басшысымен немесе орынбасарымен куәлікке, қайта есепке қою куәлігіне, куәліктің телнұсқасына немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапқа төрт сағат ішінде қол қою;
7) кеңсе қызметкерімен мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін екі сағат ішінде беру;
4. Мемлекеттік корпорациямен және (немесе) өзге де
көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібінің,
сондай-ақ мемлекеттік қызметті көрсету процесінде ақпараттық
жүйелерді пайдалану тәртібінің сипаттамасы
Ескерту. 4-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 17.02.2016 № 198 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
9. Мемлекеттік корпорацияға жүгіну тәртібінің сипаттамасы және көрсетілетін қызметті алушының сұрауын өңдеу ұзақтығы:
1) мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызмет алушы Мемлекеттік корпорацияға жүгінеді;
Мемлекеттік корпорацияда қабылдау шұғыл түрде қызмет көрсетілмей, «электрондық кезек» тәртібінде көрсетіледі. Көрсетілетін қызметті алушының қалауы бойынша портал арқылы электрондық кезекті «броньдауға» мүмкіндігі бар.
2) Мемлекеттік корпорацияда көрсетілетін қызметті алушының сұрауын өңдеу ұзақтығы - 20 минуттан артық емес;
3) Мемлекеттік корпорациядан көрсетілетін қызметті алушының сұрауын көрсетілетін қызметті берушіге жіберу мерзімі – сұрауды қабылдау күні;
4) стандарттың 9-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының (немесе уәкілетті өкілі: өкілеттігін растайтын құжаттар бойынша заңды тұлға; нотариалды расталған сенімхат бойынша жеке тұлға) жүгінуі кезінде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі.
Өтінішті қабылдағанын растау, көшірмесі аталған Мемлекеттік корпорацияның құжаттарды қабылдау күні мен мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін берудің жоспарланған күні белгіленіп, көрсетілетін қызметті алушыға ұсынылатын қолхат болып табылады.
Стандарттың 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес көрсетілетін қызметті алушы ұсынатын құжаттар топтамасы толық болмаған жағдайда, Мемлекеттік корпорация операторы өтінішті қабылдаудан бас тартады және стандартқа 4-қосымшаға сәйкес құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхатты береді.
Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 17.02.2016 № 198 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
10. Мемлекеттік қызметті портал арқылы көрсету барысында көрсетілетін қызметті берушінің және көрсетілетін қызметті алушының өтініш беру реті мен рәсімдер (әрекеттер) реттілігі осы Регламентке 1-қосымшада № 1 ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара әрекеттің диаграммасында келтірілген.
1) көрсетілетін қызметті алушы порталда компьютердің интернет-браузеріне бекітіп қойған өзінің электрондық цифрлық қолтаңбасының (бұдан әрі – ЭЦҚ) тіркеу куәлігінің көмегі арқылы жүзеге асырады (порталда тіркелмеген көрсетілетін қызметті алушылар үшін жүзеге асырылады);
2) 1-үдеріс – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ тіркеу куәлігін компьютерінің интернет-браузеріне бекітуі, мемлекеттік қызметті алу үшін алушының порталда парольді енгізуі (авторизациялау үдерісі);
3) 1-шарт – жеке сәйкестендіру нөмірін (бұдан әрі – ЖСН) немесе бизнес-сәйкестендіру нөмірін (бұдан әрі – БСН) және логин мен пароль арқылы тіркелген көрсетілетін қызметті алушы туралы деректердің дұрыстығын порталда тексеру;
4) 2-үдеріс – көрсетілетін қызмет алушының деректерінде бұзушылықтардың болуымен байланысты, портал авторизациялаудан бас тарту хабарламасын қалыптастырады;
5) 3-үдеріс – көрсетілетін қызметті алушының осы Регламентте көрсетілген электрондық мемлекеттік қызметті таңдауы, сауалдың нысанын экранға шығару, оның құрылымдық пен форматтық талаптарын ескеріп, қажетті құжаттарды электрондық түрде бекітумен сауал нысанын толтыру (деректер енгізу);
6) 4-үдеріс – өтінішті куәландыру (қол қою) үшін көрсетілетін қызметті алушымен ЭЦҚ тіркеу куәлігін таңдау;
7) 2-шарт – порталда ЭЦҚ тіркеу куәлігінің әрекет ету мерзімін және тізімде қайтарып алынған (күші жойылған) тіркеу куәлігінің болмауын, сондай-ақ сауалда және ЭЦҚ тіркеу куәлігінде көрсетілген ЖСН немесе БСН арасындағы сәйкестендірме деректерге сәйкес келуін тексеру;
8) 5-үдеріс – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ шынайылығының расталмауымен байланысты сұрау салынған электрондық мемлекеттік қызметтен бас тарту туралы хабарламаны құрастыру;
9) 6-үдеріс – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ көмегімен сауалдың толтырылған нысанын (енгізілген деректерді) және оған электрондық мемлекеттік қызмет көрсетудің электрондық түрде бекітілген құжаттарын куәландыру (қол қоюы);
10) 7-үдеріс – «Е-лицензиялау» мемлекеттік деректер базасының ақпараттық жүйесіне (бұдан әрі – МДБ АЖ) электрондық құжатты (көрсетілетін қызметті алушының сауалын) тіркеу және «Е-лицензиялау» МДБ АЖ-дағы сауалды өңдеу;
11) 3-шарт – көрсетілетін қызмет алушының біліктілік талаптарына және бұйрық беру негіздеріне сәйкестігін қызмет көрсетушінің тексеруі;
12) 8-үдеріс – «Е-лицензиялау» МДБ АЖ-дағы көрсетілетін қызметті алушының деректерінде бұзушылықтардың болуымен байланысты сұрау салынған мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
13) 9-үдеріс – көрсетілетін қызметті алушының порталда қалыптастырылған мемлекеттік қызмет нәтижесін (бұйрықты) алуы. Электрондық құжат қызмет көрсетушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ-сын пайдалануымен құрастырылады.
11. Көрсетілетін қызметті беруші арқылы қадамдық әрекеттер және шешімдер (қызмет көрсетуші арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі функционалдық өзара әрекеттің № 2 диаграммасы) келесі жолмен жүзеге асырылады:
1) 1-үдеріс – қызмет көрсетушінің жауапты орындаушысы мемлекеттік қызметті алу үшін «Е-лицензиялау» МДБ АЖ логині мен паролін енгізу үдерісі (авторизациялау үдерісі);
2) 1-шарт – қызмет көрсетушінің тіркелген жауапты орындаушысы туралы деректердің нақтылығын «Е-лицензиялау» МДБ АЖ-да логин және пароль арқылы тексеру;
3) 2-үдеріс – қызмет көрсетуші қызметкерінің деректерінде бұзушылықтардың болуына байланысты авторизациялаудан бас тарту туралы хабарламаны «Е-лицензиялау» МДБ АЖ-да қалыптастыру;
4) 3-үдеріс – көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысының осы Регламентте көрсетілген электрондық мемлекеттік қызметті таңдауы, қызмет көрсетуге арналған сауал нысанын экранға шығаруы және көрсетілетін қызмет алушының деректерін енгізуі;
5) 4-үдеріс – «жеке тұлғалар» мемлекеттік деректер базасы (бұдан әрі – ЖТ МДБ) немесе «заңды тұлғалар» мемлекеттік деректер базасы (бұдан әрі – ЗТ МДБ) базасында «электрондық үкіметтің» шлюзі (бұдан әрі – ЭҮШ) арқылы алушының деректері туралы сұрау салу;
6) 2-шарт – ЖТ МДБ/ЗТ МДБ-да көрсетілетін қызмет алушы деректерінің болуын тексеру;
7) 5-үдеріс – ЖТ МДБ/ЗТ МДБ-да көрсетілетін қызмет алушы деректерінің болмауымен байланысты деректерді алу мүмкін еместігі туралы хабарламаны құрастыру;
8) 6-үдеріс – сауал нысанын құжаттардың қағаз нысанында болуын белгілеу бөлігінде толтыру және жауапты орындаушының қызметті алушы ұсынған қажетті құжаттарды сканерлеуі және оларды сауал нысанына бекітуі;
9) 7-үдеріс – «Е-лицензиялау» МДБ АЖ-да сұрау салуды тіркеу және «Е-лицензиялау» МДБ АЖ-да қызметті өңдеу;
10) 3-шарт – көрсетілетін қызмет алушының біліктілік талаптарына және бұйрық беру негіздеріне сәйкестігін қызмет көрсетушінің тексеруі;
11) 8-үдеріс – көрсетілетін қызмет алушының деректерінде бұзушылықтардың болуымен байланысты сұрау салынған мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы хабарламаны «Е-лицензиялау» МДБ АЖ-да қалыптастыру;
12) 9-үдеріс – көрсетілетін қызметті алушының «Е-лицензиялау» МДБ АЖ-да қалыптастырған мемлекеттік қызмет нәтижесін (рұқсаттарды) алуы. Электрондық құжат көрсетілетін қызмет берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ-сын пайдаланумен қалыптастырылады.
12. Осы Регламенттің 2-қосымшасына сәйкес, мемлекеттік қызметті көрсету барысында құрылымдық бөлімшелердің (қызметкерлердің) ақпараттық жүйелерді пайдаланудағы өзара әрекет жасаудың реті мен рәсімдер (әрекеттер) сипаттамасы бизнес-үдерістер анықтамасында келтірілген.
«Отандық теле-, радиоарнаны есепке қою,
қайта есепке қою, куәліктің телнұсқасын беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне
1-қосымша
Мемлекеттік қызметті көрсетуге тартылған ақпараттық жүйелердің
функционалдық өзара іс-қимылының
№ 1 диаграммасы
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 17.02.2016 № 198 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін электрондық
мемлекеттік қызметті көрсету кезіндегі функционалдық
өзара іс-қимылының № 2 диаграммасы
Шартты белгілер:
Отандық теле-, радиоарнаны есепке,
қайта есепке қою, куәліктің телнұсқасын
беру» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет регламентіне
2-қосымша
Мемлекеттік қызметті көрсету бизнес-үдерісінің
анықтамасы
«Отандық теле-, радиоарнаны есепке, қайта есепке қою, куәліктің телнұсқасын беру»
Шартты белгілер:
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрінің
міндетін атқарушысының
2015 жылғы 28 мамырдағы
№ 655 бұйрығына
2-қосымша
«Теле-, радиоарналарды тарату жөніндегі қызметпен айналысу үшін
лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. «Теле-, радиоарналарды тарату жөніндегі қызметпен айналысу үшін лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетімен (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) нормативтік құқықтық актілер мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11301 болып тіркелген «Ақпарат саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 505-бұйрығымен бекітілген «Теле-, радиоарналарды тарату жөніндегі қызметпен айналысу үшін лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі Стандартына (бұдан әрі – стандарт) сәйкес көрсетіледі.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру:
1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);
2) www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 17.02.2016 № 198 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі:
1) теле-, радиоарналарды тарату жөніндегі қызметпен айналысу үшін лицензия;
2) теле-, радиоарналарды тарату жөніндегі қызметпен айналысу үшін қайта рәсімделген лицензия;
3) мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы 2014 жылғы 16 мамырдағы «Рұқсаттар мен хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 32-бабының 1-тармағында көзделген негіздері бойынша дәлелді жауап.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық және (немесе) қағаз түрінде.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету барысындағы көрсетілетін
қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің)
әрекеттері ретінің сипаттамасы
1. Мемлекеттік қызметті көрсетудің рәсімін (әрекетін) бастау үшін көрсетілетін қызметті берушіге көрсетілетін қызмет алушының өтінішін немесе электрондық тапсырысын (бұдан әрі – өтініш), стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттарын беру негіз болып табылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету әрекетінің құрамына кіретін рәсімдер (әрекеттер), оның орындалуының ұзақтығы:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкерімен өтінішті қабылдау және тіркеу, және оны көрсетілетін қызмет берушінің құрылымдық бөлімше басшысына он бес минут ішінде қарауға беру (өтініш қағаз түрінде берілген жағдайда);
2) көрсетілетін қызмет берушінің құрылымдық бөлімше басшысымен өтінішті қарастыру және оны жауапты орындаушыға қарастыруға екі сағат ішінде беру;
3) көрсетілетін қызмет берушінің құрылымдық бөлімшесінің жауапты орындаушысымен өтінішті өңдеу және порталға бір сағат ішінде жіберу (өтініш қағаз түрінде берілген жағдайда);
4) жауапты орындаушымен өтінішке қоса берілген құжаттарды бекітілген квалификациялық талаптарға сәйкестігіне қарастыру. Құжаттардың рәсімделуінің дұрыстығы мен құжаттардың толықтығын сараптау жұмысын жүргізу, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін он екі жұмыс күні ішінде немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты рәсімдеу үшін құжаттарды бір жұмыс күні ішінде дайындау;
5) көрсетілетін қызмет берушінің құрылымдық бөлімше басшысынан шешімге төрт сағат ішінде келісім алу (лицензия беру, қайта рәсімделген лицензия немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру);
6) көрсетілетін қызмет берушінің басшысының орынбасарынан шешімге төрт сағат ішінде келісім алу (лицензия беру, қайта рәсімделген лицензия немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру);
7) көрсетілетін қызмет берушінің басшысымен немесе орынбасарымен куәлікке, қайта есепке қою куәлігіне, куәліктің телнұсқасына немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапқа төрт сағат ішінде қол қою;
8) кеңсе қызметкерімен мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін екі сағат ішінде беру;
3. Келесі рәсімге (әрекетке) негіз болып табылатын мемлекеттік қызмет көрсету рәсімінің (әрекетінің) нәтижесі:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкерімен өтінішті қабылдау және тіркеу және оны көрсетілетін қызмет берушінің құрылымдық бөлімше басшысына беру;
2) құрылымдық бөлімше басшысымен өтінішті қарастыру және оны жауапты орындаушыға қарастыруға беру;
3) өңделген өтінішті порталға орналастыру (өтініш қағаз түрінде берілген жағдайда);
4) жауапты орындаушымен лицензияны (қайта рәсімделген лицензияны) рәсімдеу, құрылымдық бөлімше басшысының немесе орынбасарының келісімін алу және қолын қойдыру;
5) лицензияны (қайта рәсімделген лицензияны) беру.
Мемлекеттік қызметті алу үшін өтініш мына жағдайда түссе:
электрондық түрде – нәтижесі электрондық құжат түрінде рәсімделеді;
қағаз түрде – нәтижесі электрондық құжат түрінде рәсімделеді, басшымен немесе орынбасарымен қол қойылады және көрсетілетін қызметті берушінің мөрімен куәландырылады.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету барысындағы көрсетілетін
қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің)
өзара әрекеттесулері ретінің сипаттамасы
7. Мемлекеттік қызметті көрсету барысында көрсетілетін қызметті берушінің келесі құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлері) әрекет етуге қатысады:
көрсетілетін қызметті беруші басшысы немесе орынбасары;
құрылымдық бөлімше басшысы немесе орынбасары;
жауапты орындаушы;
кеңсе қызметкері;
8. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлері) арасындағы рәсімдер (әрекеттер) реттілігінің сипаттамасы:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкерімен өтінішті қабылдау және тіркеу, және оны көрсетілетін қызмет берушінің құрылымдық бөлімше басшысына он бес минут ішінде беру;
2) көрсетілетін қызмет берушінің құрылымдық бөлімше басшысымен өтінішті қарастыру және оны жауапты орындаушыға қарастыруға екі сағат ішінде беру;
3) жауапты орындаушы көрсетілетін қызмет берушінің кеңсе қызметкерінен өтініш түскен сәттен бастап оны өңдейді және порталға бір сағат ішінде жібереді (өтініш қағаз түрінде берілген жағдайда);
4) жауапты орындаушымен өтінішке қоса берілген құжаттарды бекітілген квалификациялық талаптарға сәйкестігіне қарастыру. Құжаттардың рәсімделуінің дұрыстығы мен құжаттардың толықтығын сараптау жұмысын жүргізу, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін он екі жұмыс күні ішінде немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты рәсімдеу үшін құжаттарды бір жұмыс күні ішінде дайындау;
5) көрсетілетін қызмет берушінің құрылымдық бөлімше басшысынан шешімге төрт сағат ішінде келісім алу (лицензия беру, қайта рәсімделген лицензияны немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру);
6) көрсетілетін қызмет берушінің басшысымен немесе орынбасарымен лицензияға, қайта рәсімделген лицензияға немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапқа төрт сағат ішінде қол қою;
7) кеңсе қызметкерімен мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін екі сағат төрт сағат ішінде беру;
4. Мемлекеттік корпорациямен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібінің, сондай-ақ мемлекеттік қызметті көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібінің сипаттамасы
Ескерту. 4-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 17.02.2016 № 198 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
9. Мемлекеттік корпорацияға жүгіну тәртібінің сипаттамасы және көрсетілетін қызметті алушының сұрауын өңдеу ұзақтығы:
1) мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорацияға жүгінеді:
Мемлекеттік корпорацияда қабылдау шұғыл түрде қызмет көрсетілмей, «электрондық кезек» тәртібімен көрсетіледі. Көрсетілетін қызметті алушының қалауы бойынша портал арқылы электрондық кезекті «броньдауға» мүмкіндігі бар.
2) Мемлекеттік корпорацияда көрсетілетін қызметті алушының сұрауын өңдеу ұзақтығы - 20 минуттан артық емес;
3) Мемлекеттік корпорациядан көрсетілетін қызметті алушының сұрауын көрсетілетін қызметті берушіге жіберу мерзімі – өтінішті қабылдаған күні;
4) стандарттың 9-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті алушы (немесе оның уәкілетті өкілі: өкілеттігін растайтын құжаттар бойынша заңды тұлға; нотариалды расталған сенімхат бойынша жеке тұлға) жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қызметті құжаттар тізбесі.
Өтінішті қабылдауды растау көшірмесі Мемлекеттік корпорацияның құжаттарды қабылдау күні мен мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беру жоспарланған күні белгіленіп көрсетілетін қызметті алушыға ұсынылған қолхат болып табылады.
Стандарттың 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттар топтамасы толық болмаған жағдайда, Мемлекеттік корпорация операторы өтінішті қабылдаудан бас тартады және стандартқа 4-қосымшаға сәйкес құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхатты береді.
Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 17.02.2016 № 198 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
10. Мемлекеттік қызметті портал арқылы көрсету барысында көрсетілетін қызметті берушінің және көрсетілетін қызметті алушының өтініш беру реті мен рәсімдер (әрекеттер) реттілігі осы Регламентке 1-қосымшада № 1 ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара әрекеттің диаграммасында келтірілген.
1) көрсетілетін қызметті алушы порталда компьютердің интернет-браузеріне бекітіп қойған өзінің электрондық цифрлық қолтаңбасының (бұдан әрі – ЭЦҚ) тіркеу куәлігінің көмегі арқылы жүзеге асырады (порталда тіркелмеген көрсетілетін қызметті алушылар үшін жүзеге асырылады);
2) 1-үдеріс – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ тіркеу куәлігін компьютерінің интернет-браузеріне бекітуі, мемлекеттік қызметті алу үшін алушының порталда парольді енгізуі (авторизациялау үдерісі);
3) 1-шарт – жеке сәйкестендіру нөмірін (бұдан әрі – ЖСН) немесе бизнес-сәйкестендіру нөмірін (бұдан әрі – БСН) және логин мен пароль арқылы тіркелген көрсетілетін қызметті алушы туралы деректердің дұрыстығын порталда тексеру;
4) 2-үдеріс – көрсетілетін қызмет алушының деректерінде бұзушылықтардың болуымен байланысты, портал авторизациялаудан бас тарту хабарламасын қалыптастырады;
5) 3-үдеріс – көрсетілетін қызметті алушының осы Регламентте көрсетілген электрондық мемлекеттік қызметті таңдауы, сауалдың нысанын экранға шығару, оның құрылымдық пен форматтық талаптарын ескеріп, қажетті құжаттарды электрондық түрде бекітумен сауал нысанын толтыру (деректер енгізу);
6) 4-үдеріс – өтінішті куәландыру (қол қою) үшін көрсетілетін қызметті алушымен ЭЦҚ тіркеу куәлігін таңдау;
7) 2-шарт – порталда ЭЦҚ тіркеу куәлігінің әрекет ету мерзімін және тізімде қайтарып алынған (күші жойылған) тіркеу куәлігінің болмауын, сондай-ақ сауалда және ЭЦҚ тіркеу куәлігінде көрсетілген ЖСН немесе БСН арасындағы сәйкестендірме деректерге сәйкес келуін тексеру;
8) 5-үдеріс – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ шынайылығының расталмауымен байланысты сұрау салынған электрондық мемлекеттік қызметтен бас тарту туралы хабарламаны құрастыру;
9) 6-үдеріс – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ көмегімен сауалдың толтырылған нысанын (енгізілген деректерді) және оған электрондық мемлекеттік қызмет көрсетудің электрондық түрде бекітілген құжаттарын куәландыру (қол қоюы);
10) 7-үдеріс – «Е-лицензиялау» мемлекеттік деректер базасының ақпараттық жүйесіне (бұдан әрі – МДБ АЖ) электрондық құжатты (көрсетілетін қызметті алушының сауалын) тіркеу және «Е-лицензиялау» МДБ АЖ-дағы сауалды өңдеу;
11) 3-шарт – көрсетілетін қызмет алушының біліктілік талаптарына және бұйрық беру негіздеріне сәйкестігін қызмет көрсетушінің тексеруі;
12) 8-үдеріс – «Е-лицензиялау» МДБ АЖ-дағы көрсетілетін қызметті алушының деректерінде бұзушылықтардың болуымен байланысты сұрау салынған мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
13) 9-үдеріс – көрсетілетін қызметті алушының порталда қалыптастырылған мемлекеттік қызмет нәтижесін (бұйрықты) алуы. Электрондық құжат қызмет көрсетушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ-сын пайдалануымен құрастырылады.
11. Көрсетілетін қызметті беруші арқылы қадамдық әрекеттер және шешімдер (қызмет көрсетуші арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі функционалдық өзара әрекеттің № 2 диаграммасы) келесі жолмен жүзеге асырылады:
1) 1-үдеріс – қызмет көрсетушінің жауапты орындаушысы мемлекеттік қызметті алу үшін «Е-лицензиялау» МДБ АЖ логині мен паролін енгізу үдерісі (авторизациялау үдерісі);
2) 1-шарт – қызмет көрсетушінің тіркелген жауапты орындаушысы туралы деректердің нақтылығын «Е-лицензиялау» МДБ АЖ-да логин және пароль арқылы тексеру;
3) 2-үдеріс – қызмет көрсетуші қызметкерінің деректерінде бұзушылықтардың болуына байланысты авторизациялаудан бас тарту туралы хабарламаны «Е-лицензиялау» МДБ АЖ-да қалыптастыру;
4) 3-үдеріс – көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысының осы Регламентте көрсетілген электрондық мемлекеттік қызметті таңдауы, қызмет көрсетуге арналған сауал нысанын экранға шығаруы және көрсетілетін қызмет алушының деректерін енгізуі;
5) 4-үдеріс – «жеке тұлғалар» мемлекеттік деректер базасы (бұдан әрі – ЖТ МДБ) немесе «заңды тұлғалар» мемлекеттік деректер базасы (бұдан әрі – ЗТ МДБ) базасында «электрондық үкіметтің» шлюзі (бұдан әрі – ЭҮШ) арқылы алушының деректері туралы сұрау салу;
6) 2-шарт – ЖТ МДБ/ЗТ МДБ-да көрсетілетін қызмет алушы деректерінің болуын тексеру;
7) 5-үдеріс – ЖТ МДБ/ЗТ МДБ-да көрсетілетін қызмет алушы деректерінің болмауымен байланысты деректерді алу мүмкін еместігі туралы хабарламаны құрастыру;
8) 6-үдеріс – сауал нысанын құжаттардың қағаз нысанында болуын белгілеу бөлігінде толтыру және жауапты орындаушының қызметті алушы ұсынған қажетті құжаттарды сканерлеуі және оларды сауал нысанына бекітуі;
9) 7-үдеріс – «Е-лицензиялау» МДБ АЖ-да сұрау салуды тіркеу және «Е-лицензиялау» МДБ АЖ-да қызметті өңдеу;
10) 3-шарт – көрсетілетін қызмет алушының біліктілік талаптарына және бұйрық беру негіздеріне сәйкестігін қызмет көрсетушінің тексеруі;
11) 8-үдеріс – көрсетілетін қызмет алушының деректерінде бұзушылықтардың болуымен байланысты сұрау салынған мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы хабарламаны «Е-лицензиялау» МДБ АЖ-да қалыптастыру;
12) 9-үдеріс – көрсетілетін қызметті алушының «Е-лицензиялау» МДБ АЖ-да қалыптастырған мемлекеттік қызмет нәтижесін (рұқсаттарды) алуы. Электрондық құжат көрсетілетін қызмет берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ-сын пайдаланумен қалыптастырылады.
12. Осы Регламенттің 2-қосымшасына сәйкес, мемлекеттік қызметті көрсету барысында құрылымдық бөлімшелердің (қызметкерлердің) ақпараттық жүйелерді пайдаланудағы өзара әрекет жасаудың реті мен рәсімдер (әрекеттер) сипаттамасы бизнес-үдерістер анықтамасында келтірілген.
«Теле-, радиоарналарды тарату жөніндегі
қызметпен айналысу үшін лицензия беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне
1-қосымша
Мемлекеттік қызметті көрсетуге тартылған ақпараттық жүйелердің
функционалдық өзара іс-қимылының
№ 1 диаграммасы
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 17.02.2016 № 198 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін электрондық
мемлекеттік қызметті көрсету кезіндегі функционалдық
өзара іс-қимылының № 2 диаграммасы
Шартты белгілер:
«Теле-, радиоарналарды тарату жөніндегі
қызметпен айналысу үшін лицензия беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
регламентіне
2-қосымша
Мемлекеттік қызметті көрсету бизнес- үдерісінің
анықтамасы
«Теле-, радиоарналарды тарату жөніндегі қызметпен айналысу үшін лицензия беру»
Шартты белгілер:
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрінің
міндетін атқарушысының
2015 жылғы 28 мамырдағы
№ 655 бұйрығына
3-қосымша
«Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын шетелдік
теле-, радиоарнаны есепке қою, қайта есепке қою, куәліктің
телнұсқасын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. «Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын шетелдік теле-, радиоарнаны есепке қою, қайта есепке қою, куәліктің телнұсқасын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – Мемлекеттік көрсетілетін қызмет) нормативтік құқықтық актілер мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11301 болып тіркелген «Ақпарат саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 505-бұйрығымен бекітілген «Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын шетелдік теле-, радиоарнаны есепке қою, қайта есепке қою, куәліктің телнұсқасын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі Стандартына (бұдан әрі – стандарт) сәйкес көрсетіледі.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру:
1) Көрсетілетін қызметті беруші;
2) www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 17.02.2016 № 198 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі:
1) шетелдік теле-, радиоарнаны есепке қою туралы куәлiгі;
2) Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын шетелдік теле-, радиоарнаны қайта есепке қою, шетелдік теле-, радиоарнаны есепке қою туралы телнұсқасын беру;
3) мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы 2012 жылғы 18 қаңтардағы «Телерадио хабарларын тарату туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 21-бабының 1-тармағында көзделген негіздері бойынша дәлелді жауап.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық және (немесе) қағаз түрінде.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету барысындағы көрсетілетін
қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің)
әрекеттері ретінің сипаттамасы
1. Мемлекеттік қызметті көрсетудің рәсімін (әрекетін) бастау үшін көрсетілетін қызметті берушіге көрсетілетін қызмет алушының өтінішін немесе электрондық тапсырысын (бұдан әрі – өтініш), стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттарын беру негіз болып табылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету әрекетінің құрамына кіретін рәсімдер (әрекеттер), оның орындалуының ұзақтығы:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкерімен өтінішті қабылдау және тіркеу, және оны көрсетілетін қызмет берушінің құрылымдық бөлімше басшысына қарауға он бес минут ішінде беру (өтініш қағаз түрінде берілген жағдайда);
2) көрсетілетін қызмет берушінің құрылымдық бөлімше басшысымен өтінішті қарастыру және оны жауапты орындаушыға қарастыруға екі сағат ішінде беру;
3) көрсетілетін қызмет берушінің құрылымдық бөлімшесінің жауапты орындаушысымен өтінішті өңдеу және порталға бір сағат ішінде жіберу (өтініш қағаз түрінде берілген жағдайда);
4) жауапты орындаушымен өтінішке қоса берілген құжаттарды бекітілген квалификациялық талаптарға сәйкестігіне қарастыру. Құжаттардың рәсімделуінің дұрыстығы мен құжаттардың толықтығын сараптау жұмысын жүргізу, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін он күнтізбелік күн ішінде немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты рәсімдеу үшін құжаттарды бір жұмыс күні ішінде дайындау;
5) көрсетілетін қызмет берушінің құрылымдық бөлімше басшысынан шешімге төрт сағат ішінде келісім алу (куәлік беру, куәлікті қайта есепке қою, куәліктің телнұсқасын немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру);
6) көрсетілетін қызмет берушінің басшысының орынбасарынан шешімге төрт сағат ішінде келісім алу (куәлік беру, куәлікті қайта есепке қою, куәліктің телнұсқасын немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру);
7) көрсетілетін қызмет берушінің басшысымен немесе орынбасарымен куәлікке, қайта есепке қою куәлігіне, куәліктің телнұсқасына немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапқа төрт сағат ішінде қол қою;
8) кеңсе қызметкерімен мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін екі сағат ішінде беру;
3. Келесі рәсімге (әрекетке) негіз болып табылатын мемлекеттік қызмет көрсету рәсімінің (әрекетінің) нәтижесі:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкерімен өтінішті қабылдау және тіркеу және оны көрсетілетін қызмет берушінің құрылымдық бөлімше басшысына беру;
2) құрылымдық бөлімше басшысымен өтінішті қарастыру және оны жауапты орындаушыға қарастыруға беру;
3) өңделген өтінішті порталға орналастыру (өтініш қағаз түрінде берілген жағдайда);
4) жауапты орындаушымен куәлікті (қайта есепке қою куәлігін, куәліктің телнұсқасын) рәсімдеу, құрылымдық бөлімше басшысының немесе орынбасарының келісімін алу және қолын қойдыру;
5) куәлікті (қайта есепке қою куәлігін, куәліктің телнұсқасын) беру.
Мемлекеттік қызметті алу үшін өтініш мына жағдайда түссе:
электрондық түрде – нәтижесі электрондық құжат түрінде рәсімделеді;
қағаз түрде – нәтижесі электрондық құжат түрінде рәсімделеді, басшымен немесе орынбасарымен қол қойылады және көрсетілетін қызметті берушінің мөрімен куәландырылады.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету барысындағы көрсетілетін
қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің)
өзара әрекеттесулері ретінің сипаттамасы
7. Мемлекеттік қызметті көрсету барысында көрсетілетін қызметті берушінің келесі құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлері) әрекет етуге қатысады:
көрсетілетін қызметті беруші басшысы немесе орынбасары;
құрылымдық бөлімше басшысы немесе орынбасары;
жауапты орындаушы;
кеңсе қызметкері;
8. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлері) арасындағы рәсімдер (әрекеттер) реттілігінің сипаттамасы:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкерімен өтінішті қабылдау және тіркеу, және оны көрсетілетін қызмет берушінің құрылымдық бөлімше басшысына он бес минут ішінде беру;
2) көрсетілетін қызмет берушінің құрылымдық бөлімше басшысымен өтінішті қарастыру және оны жауапты орындаушыға қарастыруға екі сағат ішінде беру;
3) жауапты орындаушы көрсетілетін қызмет берушінің кеңсе қызметкерінен өтініш түскен сәттен бастап оны өңдейді және порталға бір сағат ішінде жібереді (өтініш қағаз түрінде берілген жағдайда);
4) жауапты орындаушымен өтінішке қоса берілген құжаттарды бекітілген квалификациялық талаптарға сәйкестігіне қарастыру. Құжаттардың рәсімделуінің дұрыстығы мен құжаттардың толықтығын сараптау жұмысын жүргізу, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін он күнтізбелік күн ішінде немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты рәсімдеу үшін құжаттарды бір жұмыс күні ішінде дайындау;
5) көрсетілетін қызмет берушінің құрылымдық бөлімше басшысынан шешімге төрт сағат ішінде келісім алу (куәлік беру, куәлікті қайта есепке қою, куәліктің телнұсқасын немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру);
6) көрсетілетін қызмет берушінің басшысымен немесе орынбасарымен куәлікке, қайта есепке қою куәлігіне, куәліктің телнұсқасына немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапқа төрт сағат ішінде қол қою);
7) кеңсе қызметкерімен мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін екі сағат ішінде беру;
4. Өзге қөрсетелетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібінің, сондай-ақ мемлекеттік қызметті көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібінің сипаттамасы
Ескерту. 4-тарау жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 17.02.2016 № 198 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
9. Мемлекеттік қызметті портал арқылы көрсету негізінде көрсетілетін қызметті берушінің және көрсетілетін қызметті алушының жүгіну тәртібі мен рәсімдердің (іс-қимылының) бірізділігі осы Регламентке 1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызметті көрсетуге тартылған ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-қимылдың диаграммасында келтірілген.
1) көрсетілетін қызметті алушы порталда көрсетілетін қызметті алушының компьютерінің интернет-браузеріне сақталған өзінің электрондық цифрлық қолтаңбасының (бұдан әрі – ЭЦҚ) тіркеу куәлігінің көмегімен жүзеге асырады (порталда тіркелмеген алушылар үшін жүзеге асырылады);
2) 1-үдеріс – көрсетілетін қызметті алушының компьютерінің интернет-браузеріне ЭЦҚ тіркеу куәлігін бекітуі, мемлекеттік қызметті алу үшін алушының порталда парольді енгізуі (авторизациялау үдерісі);
3) 1-шарт – логин (жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН)/бизнес-сәйкестендіру нөмірін (бұдан әрі – БСН) мен пароль арқылы тіркелген көрсетілетін қызметті алушы туралы деректердің дұрыстығын порталда тексеру;
4) 2-үдеріс – көрсетілетін қызметті алушының деректерінде бұзушылықтардың болуына байланысты, портал авторизациялаудан бас тарту туралы хабарламаны қалыптастырады;
5) 3-үдеріс – алушының осы Регламентте көрсетілген қызметті таңдауы, қызметті көрсету үшін сұрау нысанын экранға шығару, оның құрылымдық және форматтық талаптарын ескеріп, қажетті құжаттарды электрондық түрде бекіте отырып алушының нысанды толтыруы (деректер енгізу);
6) 4-үдеріс – сұрауды куәландыру (қол қою) үшін алушымен ЭЦҚ тіркеу куәлігін таңдауы;
7) 2-шарт – порталда ЭЦҚ тіркеу куәлігінің әрекет ету мерзімін және тізімде қайтарып алынған (күші жойылған) тіркеу куәлігінің болмауын, сондай-ақ сауалда көрсетілген ЖСН/БСН және ЭЦҚ тіркеу куәлігінде көрсетілген ЖСН/БСН арасындағы сәйкестендіру деректеріне сәйкес келуін тексеру;
8) 5-үдеріс – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ шынайылығының расталмауымен байланысты сұратылған қызметтен бас тарту туралы хабарламаны құрастыру;
9) 6-үдеріс – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы арқылы қызметті көрсетуге сауалдың толтырылған нысанын (енгізілген деректерді) куәландыруы (қол қоюы);
10) 7-үдеріс – «Е-лицензиялау» мемлекеттік деректер базасының ақпараттық жүйесіне (бұдан әрі – МДБ АЖ) электрондық құжатты (көрсетілетін қызметті алушының сауалын) тіркеу және «Е-лицензиялау» МДБ АЖ-дағы сауалды өңдеу;
11) 3-шарт – көрсетілетін қызмет алушының біліктілік талаптарына және бұйрық беру негіздеріне сәйкестігін көрсетілетін қызметті берушінің тексеруі;
12) 8-үдеріс – «Е-лицензиялау» МДБ АЖ-дағы көрсетілетін қызметті алушының деректерінде бұзушылықтардың болуына байланысты сұратылған қызметті көрсетуден бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
13) 9-үдеріс – алушының порталда қалыптастырылған қызмет нәтижесін (бұйрықты) алуы. Электрондық құжат көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ-сын пайдалануымен құрастырылады.
10. Көрсетілетін қызметті беруші арқылы қадамдық іс-қимылдар және шешімдер (электрондық мемлекеттік қызметті көрсету кезінде функционалдық өзара іс-қимылдың № 2 диаграммасы) мынадай жолмен жүзеге асырылады:
1) 1-үдеріс – көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы мемлекеттік қызметті көрсету үшін «Е-лицензиялау» МДБ АЖ-ғе логин мен паролін енгізуі (авторизациялау үдерісі);
2) 1-шарт – көрсетілетін қызметті берушінің тіркелген жауапты орындаушысы туралы деректердің нақтылығын «Е-лицензиялау» МДБ АЖ-да логин және пароль арқылы тексеру;
3) 2-үдеріс – көрсетілетін қызметті беруші жауапты орындаушысының деректерінде бұзушылықтардың болуына байланысты авторизациялаудан бас тарту туралы хабарламаны «Е-лицензиялау» МДБ АЖ-да қалыптастыру;
4) 3-үдеріс – көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысының осы Регламентте көрсетілген қызметті таңдауы, қызметті көрсету үшін сұрау нысанын экранға шығаруы және көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушының көрсетілетін қызметті алушының деректерін енгізуі;
5) 4-үдеріс – «жеке тұлғалар» мемлекеттік дерекқорында (бұдан әрі – ЖТ МДҚ)/«заңды тұлғалар» мемлекеттік дерекқорында (бұдан әрі – ЗТ МДҚ) «электрондық үкіметтің» шлюзі (бұдан әрі – ЭҮШ) арқылы көрсетілетін қызметті алушының деректері туралы сұрау салу;
6) 2-шарт – ЖТ МДҚ/ЗТ МДҚ-да көрсетілетін қызметті алушы деректерінің болуын тексеру;
7) 5-үдеріс – ЖТ МДҚ/ЗТ МДҚ-да көрсетілетін қызметті алушы деректерінің болмауына байланысты деректерді алу мүмкін еместігі туралы хабарламаны құрастыру;
8) 6-үдеріс – сауал нысанын құжаттардың қағаз нысанында болуын белгілеу бөлігінде толтыру және жауапты орындаушының көрсетілетін қызметті алушы ұсынған қажетті құжаттарды сканерлеуі және оларды сұрау нысанына бекітуі;
9) 7-үдеріс – «Е-лицензиялау» МДҚ АЖ-да сұрауды тіркеу және «Е-лицензиялау» МДҚ АЖ-да көрсетілетін қызметті өңдеу;
10) 3-шарт – көрсетілетін қызметті алушының біліктілік талаптарына және бұйрық беру негіздеріне сәйкестігін көрсетілетін қызметті берушінің тексеруі;
11) 8-үдеріс – көрсетілетін қызметті алушының деректерінде бұзушылықтардың болуына байланысты сұратылған қызметті көрсетуден бас тарту туралы хабарламаны «Е-лицензиялау» МДҚ АЖ-да қалыптастыру;
12) 9-үдеріс – алушының «Е-лицензиялау» МДҚ АЖ-да қалыптастырған қызмет нәтижесін (рұқсаттарды) алуы. Электрондық құжат көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ-сын пайдаланумен қалыптастырылады.
11. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлері) арасында рәсімдердің (іс-қимылдардің) бірізділігін сипаттау және мемлекеттік қызметті көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібі осы Регламентке 2-қосымшаға сәйкес, мемлекеттік қызметті көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында келтірілген.
«Қазақстан Республикасының аумағында
таратылатын шетелдік теле-, радиоарнаны
есепке қою, қайта есепке қою, куәліктің
телнұсқасын беру» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет регламентіне
1-қосымша
Мемлекеттік қызметті көрсетуге тартылған ақпараттық жүйелердің
функционалдық өзара әрекет жасаудың № 1 диаграммасы
Шартты белгілер:
«Қазақстан Республикасының аумағына
таралатын шетелдік теле-, радиоарнаны
есепке, қайта есепке қою, куәліктің
телнұсқасын беру» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет регламентіне
2-қосымша
Мемлекеттік қызметті көрсету бизнес- үдерісінің
анықтамасы
«Қазақстан Республикасының аумағына таралатын шетелдік теле-, радиоарнаны есепке, қайта есепке қою, куәліктің телнұсқасын беру»
Шартты белгілер:
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрінің
міндетін атқарушысының
2015 жылғы 28 мамырдағы
№ 655 бұйрығына
4-қосымша
«Мерзімді баспасөз басылымын және ақпарат агенттігін есепке
қою, қайта есепке қою, есепке қойылғанын куәландыратын құжаттың
телнұсқасын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. «Мерзімді баспасөз басылымын және ақпарат агенттігін есепке қою, қайта есепке қою, есепке қойылғанын куәландыратын құжаттың телнұсқасын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – Мемлекеттік көрсетілетін қызмет) нормативтік құқықтық актілер мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11301 болып тіркелген «Ақпарат саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 505-бұйрығымен бекітілген «Мерзімді баспасөз басылымын және ақпарат агенттігін есепке қою, қайта есепке қою, есепке қойылғанын куәландыратын құжаттың телнұсқасын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі Стандартына (бұдан әрі – стандарт) сәйкес көрсетіледі.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру көрсетілетін қызметті беруші арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нысаны: қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі:
1) мерзімді баспасөз басылымын есепке қою, қайта есепке қою туралы куәлiгі;
2) мерзімді баспасөз басылымын есепке қою туралы куәліктің телнұсқасын беру;
3) мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы 1999 жылғы 23 шілдедегі «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 4-тармағында көзделген негіздері бойынша дәлелді жауап.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық және (немесе) қағаз түрінде.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету барысындағы көрсетілетін
қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің)
әрекеттері ретінің сипаттамасы
1. Мемлекеттік қызметті көрсетудің рәсімін (әрекетін) бастау үшін көрсетілетін қызметті берушіге көрсетілетін қызмет алушының өтінішін немесе электрондық тапсырысын (бұдан әрі – өтініш), стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттарын беру негіз болып табылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету әрекетінің құрамына кіретін рәсімдер (әрекеттер), оның орындалуының ұзақтығы:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкерімен өтінішті қабылдау және тіркеу, және оны көрсетілетін қызмет берушінің құрылымдық бөлімше басшысына қарауға он бес минут ішінде беру (өтініш қағаз түрінде берілген жағдайда);
2) көрсетілетін қызмет берушінің құрылымдық бөлімше басшысымен өтінішті қарастыру және оны жауапты орындаушыға екі сағат ішінде қарастыруға беру;
3) жауапты орындаушымен өтінішке қоса берілген құжаттарды бекітілген квалификациялық талаптарға сәйкестігіне қарастыру. Құжаттардың рәсімделуінің дұрыстығы мен құжаттардың толықтығын сараптау жұмысын жүргізу, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін жеті жұмыс күні ішінде немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты рәсімдеу үшін құжаттарды бір жұмыс күну ішінде дайындау;
4) көрсетілетін қызмет берушінің құрылымдық бөлімше басшысынан шешімге төрт сағат ішінде келісім алу (куәлік беру, куәлікті қайта есепке қою, куәліктің телнұсқасын немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру);
5) көрсетілетін қызмет берушінің басшысының орынбасарынан шешімге төрт сағат ішінде келісім алу (куәлік беру, куәлікті қайта есепке қою, куәліктің телнұсқасын немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру);
6) көрсетілетін қызмет берушінің басшысымен немесе орынбасарымен куәлікке, қайта есепке қою куәлігіне, куәліктің телнұсқасына немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапқа төрт сағат ішінде қол қою;
7) кеңсе қызметшісімен мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін екі сағат ішінде беру;
3. Келесі рәсімге (әрекетке) негіз болып табылатын мемлекеттік қызмет көрсету рәсімінің (әрекетінің) нәтижесі:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкерімен өтінішті қабылдау және тіркеу және оны көрсетілетін қызмет берушінің құрылымдық бөлімше басшысына беру;
2) құрылымдық бөлімше басшысымен өтінішті қарастыру және оны жауапты орындаушыға қарастыруға беру;
3) жауапты орындаушымен куәлікті (қайта есепке қою куәлігін, куәліктің телнұсқасын) рәсімдеу, құрылымдық бөлімше басшысының немесе орынбасарының келісімін алу және қолын қойдыру;
4) куәлікті (қайта есепке қою куәлігін, куәліктің телнұсқасын) беру.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету барысындағы көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара әрекеттесулері ретінің сипаттамасы
7. Мемлекеттік қызметті көрсету барысында көрсетілетін қызметті берушінің келесі құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлері) әрекет етуге қатысады:
көрсетілетін қызметті беруші басшысы немесе орынбасары;
құрылымдық бөлімше басшысы немесе орынбасары;
жауапты орындаушы;
кеңсе қызметкері;
8. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлері) арасындағы рәсімдер (әрекеттер) реттілігінің сипаттамасы:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкерімен өтінішті қабылдау және тіркеу, және оны көрсетілетін қызмет берушінің құрылымдық бөлімше басшысына он бес минут ішінде беру;
2) көрсетілетін қызмет берушінің құрылымдық бөлімше басшысымен өтінішті қарастыру және оны жауапты орындаушыға қарастыруға екі сағат ішінде беру;
3) жауапты орындаушымен өтінішке қоса берілген құжаттарды бекітілген квалификациялық талаптарға сәйкестігіне қарастыру.Құжаттардың рәсімделуінің дұрыстығы мен құжаттардың толықтығын сараптау жұмысын жүргізу, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін жеті жұмыс күні ішінде немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты рәсімдеу үшін құжаттарды бір жұмыс күні ішінде дайындау;
4) көрсетілетін қызмет берушінің құрылымдық бөлімше басшысынан шешімге төрт сағат ішінде келісім алу (куәлік беру, куәлікті қайта есепке қою, куәліктің телнұсқасын немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру);
5) көрсетілетін қызмет берушінің басшысымен немесе орынбасарымен куәлікке, қайта есепке қою куәлігіне, куәліктің телнұсқасына немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапқа төрт сағат ішінде қол қою;
6) кеңсе қызметкерімен мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін екі сағат ішінде беру;
9. Рәсімдер (әрекеттер) реттілігінің толық сипаттамасы, мемлекеттік қызметті көрсету барысында көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара әрекеті, сондай-ақ мемлекеттік қызметті көрсету барысындағы ақпараттық жүйелерді пайдаланудың сипаттамасы осы Регламентке 1-қосымшаға сәйкес бизнес-процестер анықтамасында келтірілген. Бизнес-үрдістер анықтамасы «электрондық үкімет» веб-порталында, көрсетілетін қызмет берушінің интернет ресурсында орналастырылады.
«Мерзімді баспасөз басылымын және ақпараттық
агенттікті есепке, қайта есепке қою,
куәліктің телнұсқасын беру» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет регламентіне
1-қосымша
Мемлекеттік қызметті көрсету бизнес- үдерісінің
анықтамасы
«Мерзімді баспасөз басылымын және ақпараттық агенттікті есепке, қайта есепке қою, куәліктің телнұсқасын беру»
Шартты белгілер: