Медициналық қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 мамырдағы № 401 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 8 шілдеде № 11575 тіркелді

Жаңартылған

      «Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 2) тармақшасына, 16-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Мыналар:
      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес «Клиникалық практикаға жіберу үшін біліктілік санатын бермей маман сертификатын беру»;
      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес «Тиісті біліктілік санатын бере отырып маман сертификатын беру»;
      3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес «Денсаулық сақтау субъектілерін аккредиттеу»;
      4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес «Жеке тұлғаларды денсаулық сақтау субъектілерінің қызметіне тәуелсіз сараптамалық бағалау жүргізу құқығына аккредиттеу»;
      5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес «Сот-психиатриялық және сот-наркологиялық сарапшыларды аттестаттау»;
      6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес «Сот-психиатриялық және сот-наркологиялық сараптамасының белгiлi бір түрiн жүргізу құқығына бiлiктiлiк беру»;
      7) осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес «Адам ағзаларын (ағзаларының бөлiктерiн) және (немесе) тiндерiн, қан мен оның компоненттерiн Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және (немесе) Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге лицензия беру»;
      8) осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес «Туыстас емес транспаланттауды жүргізу мақсатында гемопоэздік дің жасушаларың, сүйек кемігін өткізген жағдайда, оларды, сонай-ақ диагностикалық мақсаттарға арналған немесе биомедициналық зерттеулер жүргізу процесінде алынған жасушалардың, тіндердін, биологиялық сұйықтықтар мен сөлдердін, оның ішінде адамның тіршілік әрекеті өнімдерінің, физиологиялық және патологиялық шығындылардың, сүртінділердің, қырындылардың, шайындылардың үлгілерін Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынын әкетуге қорытынды (рұқсат беру құжатын) беру»;
      9) осы бұйрыққа 9-қосымшаға сәйкес «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету жөніндегі қызметтер берушінің қойылатын талаптарға сәйкестігін (сәйкес еместігін) анықтау»;
      10) осы бұйрыққа 10-қосымшаға сәйкес «Медициналық технологияларға клиникалық зерттеу жүргізуге рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттері бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті заңнамамен белгіленген тәртіпте:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімдік баспа басылымдарына және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберілуін;
      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін;
      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметті ұсынуды қамтамасыз етсін.
      3. Мыналардың:
      1) «Медициналық қызмет саласындағы мемлекеттік қызмет регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2014 жылғы 19 наурыздағы № 144 бұйрығының (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде № 9357 тіркелді, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 2 маусымда жарияланды);
      2) «Медициналық технологияларға клиникалық зерттеу жүргізуге рұқсат беру» мемлекеттік қызмет регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2014 жылғы 20 мамырдағы № 270 бұйрығының (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде № 9533 тіркелді, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 30 маусымда жарияланды) күші жойылды деп танылсын.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі А.В. Цойға жүктелсін.
      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Денсаулық сақтау және
      әлеуметтік даму министрі                   Т. Дүйсенова

Қазақстан Республикасы   
Денсаулық сақтау және   
әлеуметтік даму министрінің
2015 жылғы 28 мамырдағы  
№ 401 бұйрығына      
1-қосымша         

«Клиникалық практикаға жіберу үшін
біліктілік санатын бермей маман сертификатын беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1. Жалпы ережелер

      1. «Клиникалық практикаға жіберу үшін біліктілік санатын бермей маман сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің аумақтық департаменттері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 294 бұйрығымен бекітілген Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11356 болып тіркелген «Клиникалық практикаға жіберу үшін біліктілік санатын бермей маман сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі – Стандарт) сәйкес көрсетеді.
      Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін өтініштерді қабылдау:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
      2) www.egov.kz, www.elicense.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру портал арқылы жүзеге асырылады.
      2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық.
      3. Мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесі – көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті лауазымды тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы клиникалық практикаға жіберу үшін біліктілік санаты берілмейтін маман сертификаты (бұдан әрі – сертификат) немесе сертификатты беруден бас тарту туралы дәлелді жауап.
      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электронды.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін
қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің)
әрекеттерінің тәртібін сипаттау

      4. Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімді (әрекетті) бастау үшін көрсетілетін қызметті алушының өтініші немесе электрондық сұратуының болуы, сондай-ақ Стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттар негіз болып табылады.
      5. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (әрекеттің) мазмұны, оны орындау ұзақтығы:
      1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері порталда құжаттарды қабылдауды, оларды тіркеуді немесе электрондық сұратуды тіркеуді өтініш түскен күні жүзеге асырады;
      2) басшы орындаушыны өтініш түскен күні белгілейді;
      3) жауапты орындаушы ұсынылған құжаттардың толықтығы мен сәйкестігін тексереді. Стандарттың 9-тармағында көрсетілген, ұсынылған құжаттар дұрыс ресімделмеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушыға электрондық құжат нысанында өтінішті қараудан бас тарту туралы дәлелді жауап жіберіледі – орындау мерзімі құжаттарды алған кезден бастап 2 (екі) жұмыс күні;
      4) жауапты орындаушы құжаттарды қарау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті алушыға тестілеуді өткізу орны мен күні туралы портал арқылы хабарлайды, тестілеуге жіберілгендердің тізімдерін ресімдейді – орындау мерзімі 2 (екі) жұмыс күні;
      5) жауапты орындаушы тестілеуді өткізеді – орындау уақыты 1 (бір) жұмыс күні;
      6) тестілеу нәтижелері бойынша басшы сертификатты беру немесе беруден бас тарту туралы шешім қабылдайды. Жауапты орындаушы басшы шешімінің негізінде бұйрық жобасын дайындайды. Басшы бұйрыққа қол қояды және жауапты орындаушыға орындауға береді – орындау мерзімі 3 (үш) жұмыс күні;
      7) жауапты орындаушы көрсетілетін қызметті алушының тестілеу нәтижесін порталға енгізеді, басшы бұйрығының негізінде сертификат немесе тестілеудің бастапқы деңгейінен, әңгімелесу немесе бағалау кезеңінен өтпеген жағдайда сертификатты беруден бас тарту туралы дәлелді жауапты ресімдейді – орындау мерзімі 2 (екі) жұмыс күні;
      8) басшы ресімдеу күні электрондық құжат нысанындағы сертификатқа немесе сертификатты беруден бас тарту туралы дәлелді жауапқа қол қояды.
      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.
      Көрсетілетін қызметті қағаз жеткізгіште алу үшін жүгінген жағдайда мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі электрондық форматта ресімделеді, басып шығарылады, көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының мөрімен және қолымен расталады.
      6. Келесі рәсімді (әрекетті) орындауды бастау үшін негіз болып қызмет ететін мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі рәсімнің (әрекеттің) нәтижесі:
      1) кіріс нөмірі бар тіркелген өтініш;
      2) жауапты орындаушыны белгілеу;
      3) ұсынылған құжаттардың толықтығы мен сәйкестігін анықтау, сәйкес келмеген кезде өтінішті қарауды тоқтату туралы дәлелді жауапты жіберу;
      4) тестілеуге жіберілгендердің тізімін дайындау және тестілеу орны мен күні туралы хабарлау;
      5) тестілеудің нәтижесі;
      6) бұйрыққа қол қою;
      7) тестілеу нәтижесін порталға енгізу, сертификатты немесе сертификатты беруден бас тарту туралы дәлелді жауапты электрондық форматта ресімдеу;
      8) көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ қойылған электронды құжат (сертификат) немесе сертификатты беруден бас тарту туралы дәлелді жауап.

3. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін
қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің)
      өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау

      7. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті беруші қызметкерлерінің тізбесі:
      1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы;
      3) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы.
      8. Әрбір рәсімнің (әрекеттің) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелердің (қызметкерлердің) арасындағы рәсімдердің (әрекеттердің) ретін сипаттау:
      1) мемлекеттік қызмет көрсетуге арналған өтінімді түскен күні тіркеу;
      2) орындаушыны белгілеу;
      3) ұсынылған құжаттардың толықтығы мен сәйкестігін тексеру, сәйкес келмеген кезде өтінішті қарауды тоқтату туралы дәлелді жауап жіберу – орындау мерзімі – 2 (екі) жұмыс күні;
      4) тестілеуді өткізу орны мен күні туралы хабарлау және құжаттарды тестілеуге дайындау – орындау мерзімі 2 (екі) жұмыс күні;
      5) тестілеуді өткізу – орындау мерзімі 1 (бір) жұмыс күні;
      6) бұйрыққа қол қою және орындауға беру – орындау мерзімі 3 (үш) жұмыс күні;
      7) тестілеу нәтижесін порталға енгізу, сертификатты немесе тестілеудің бастапқы деңгейінен өтпеген жағдайда дәлелді жауапты ресімдеу – 2 (екі) жұмыс күні;
      8) сертификатқа немесе сертификатты беруден бас тарту туралы дәлелді жауапқа ресімделген күні қол қою.

4. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау

      Ескерту. 4-тараудың атауы жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 29.02.2016 № 160 (алғаш ресми жариялағаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      9. Көрсетілетін қызметті берушіге жүгіну тәртібін сипаттау, көрсетілетін қызметті алушының сұратуын өңдеу ұзақтығы:
      1) мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушы порталға немесе көрсетілетін қызметті берушіге жүгінеді.
      Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен жүзеге асырылады;
      2) мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушы Стандарттың 9-тармағына сәйкес қажетті құжаттар тізбесін ұсынады.
      Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат мәліметтерін көрсетілетін қызметті беруші «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
      10. Мемлекеттік қызметті портал арқылы көрсету кезінде көрсетілетін қызметті беруші мен көрсетілетін қызметті алушының жүгіну тәртібін және рәсімдерінің (әрекеттерінің) ретін сипаттау:
      1) көрсетілетін қызметті алушы тіркеуді көрсетілетін қызметті алушы компьютерінің интернет-браузерінде сақталатын өзінің ЭЦҚ тіркеу куәлігінің көмегімен «Е-лицензиялау» мемлекеттік дерекқоры ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі – «Е-лицензиялау» МДҚ АЖ) жүзеге асырады, осы ретте жүйеде «Жеке тұлғалар» мемлекеттік дерекқорынан (бұдан әрі – ЖТ МДҚ) көрсетілетін қызметті алушы туралы мәліметтер автоматты түрде ұсынылады және сақталады («Е-лицензиялау» МДҚ АЖ-да тіркелмеген көрсетілетін қызметті алушылар үшін жүзеге асырылады);
      2) 1-процесс – көрсетілетін қызметті алушы компьютерінің интернет-браузеріне ЭЦҚ тіркеу куәлігін тіркеу, көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті алу үшін «Е-лицензиялау» МДҚ АЖ-да пароль енгізу процесі (тіркелу процесі);
      3) 1-шарт – «Е-лицензиялау» МДҚ АЖ-да (жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі - ЖСН) және пароль арқылы тіркелген көрсетілетін қызметті алушы туралы деректердің тұпнұсқалығын тексеру;
      4) 2-процесс – көрсетілетін қызметті алушының деректерінде бар бұзушылықтарға байланысты, «Е-лицензиялау» МДҚ АЖ-ның іске қосудан бас тарту туралы хабарлама қалыптастыруы;
      5) 3-процесс – көрсетілетін қызметті алушының осы Регламентте көрсетілген қызметті таңдауы, қызметті көрсету үшін сұрату нысанын экранға шығару және көрсетілетін қызметті алушының оның құрылымы мен форматтық талаптарын ескере отырып нысанды толтыруы (деректерді енгізуі), сондай-ақ электрондық үкімет шлюзі (бұдан әрі – ЭҮШ) арқылы ЖТ МДҚ көрсетілетін қызметті алушы деректері туралы сұрату;
      6) 2-шарт – ЖТ МДҚ-да көрсетілетін қызметті алушы деректерін тексеру;
      7) 4-процесс – ЖТ МДҚ-да көрсетілетін қызметті алушы деректерінің расталмауына байланысты, сұратылған қызметтен бас тарту туралы хабарлама қалыптастыру;
      8) 5-процесс – көрсетілетін қызметті алушының сұратуды куәландыру (қол қою) үшін ЭЦҚ тіркеу куәлігін таңдауы;
      9) 3-шарт – «Е-лицензиялау» МДҚ АЖ-да ЭЦҚ тіркеу куәлігінің қолданылу мерзімін және тізімде кері шақыртылған (жойылған) тіркеу куәліктерінің болмауын, сондай-ақ сұратуда көрсетілген ЖСН мен ЭЦҚ тіркеу куәлігінде көрсетілген ЖСН арасындағы сәйкестендіру деректерінің сәйкестігін тексеру;
      10) 6-процесс – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ түпнұсқалығының расталмауына байланысты, сұратылған қызметтен бас тарту туралы хабарлама қалыптастыру;
      11) 7-процесс – қызмет көрсетуге арналған сұратудың толтырылған нысанын (енгізілген деректерді) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ арқылы куәландыру (қол қою);
      12) 8-процесс – электрондық құжатты (көрсетілетін қызметті алушының сұратуын) «Е-лицензиялау» МДҚ АЖ-да тіркеу және сұратуды «Е-лицензиялау» МДҚ АЖ-да өңдеу;
      13) 4-шарт – өтініш бойынша деректерді тексеру;
      14) 9-процесс - «Е-лицензиялау» МДҚ АЖ өтінішінде көрсетілген көрсетілетін қызметті алушының деректерінде бұзушылықтардың болуына байланысты, сұратылған қызметтен бас тарту туралы хабарлама қалыптастыру;
      15) 10-процесс – көрсетілетін қызметті алушыға тестілеуден өтуі туралы хабарлама жіберу;
      16) 11-процесс – көрсетілетін қызметті алушының ақпараттық тестілеу жүйесі бойынша тестілеуден өтуі;
      17) 5-шарт – тестілеу жүргізу арқылы тиісті мамандық бойынша теориялық білім мен практикалық дағдыларды тексеру;
      18) 12-процесс – «Е-лицензиялау» МДҚ АЖ-да тестілеудің теріс нәтижесінің болуына байланысты, сұратылған қызметтен бас тарту туралы хабарлама қалыптастыру;
      19) 13-процесс – көрсетілетін қызметті алушының «Е-лицензиялау» МДҚ АЖ-да қалыптастырылған қызмет көрсету нәтижесін (электрондық құжат нысанындағы біліктілік санаты берілетін сертификат немесе сертификат беруден бас тарту туралы дәлелді жауап) алуы. Электрондық құжат көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ-сын қолдана отырып қалыптастырылады.
      көрсетілетін қызметті беруші арқылы:
      1) 1-процесс – көрсетілетін қызметті беруші қызметкерінің мемлекеттік қызмет көрсету үшін «Е-лицензиялау» МДҚ АЖ-да логин мен парольді енгізуі (тіркелу процесі);
      2) 1-шарт – «Е-лицензиялау» МДҚ АЖ-да логин мен пароль арқылы көрсетілетін қызметті берушінің тіркелген қызметкері туралы деректердің түпнұсқалығын тексеру;
      3) 2-процесс – «Е-лицензиялау» МДҚ АЖ көрсетілетін қызметті беруші қызметкерінің деректерінде бұзушылықтардың болуына байланысты іске қосудан бас тарту туралы хабарлама қалыптастыруы;
      4) 3-процесс – көрсетілетін қызметті беруші қызметкерінің осы Регламентте көрсетілген қызметті таңдауы, қызметі көрсету үшін сұрату нысанын экранға шығару және көрсетілетін қызметті беруші қызметкерінің көрсетілетін қызметі алушы деректерін енгізу;
      5) 4-процесс – ЭҮШ арқылы ЖТ МДҚ-ға көрсетілетін қызметті алушының деректері туралы сұрату жіберу;
      6) 2-шарт – ЖТ МДҚ-да көрсетілетін қызметті алушы деректерінің болуын тексеру;
      7) 5-процесс – ЖТ МДҚ-да көрсетілетін қызметті алушы деректерінің болмауына байланысты деректерді алудың мүмкін еместігі туралы хабарлама қалыптастыру;
      8) 6-процесс – көрсетілетін қызметті беруші қызметкерінің көрсетілетін қызметті алушы ұсынған қажетті құжаттар мен мәліметтер нысанының бөлігінде сұрату нысанын толтыру;
      9) 7-процесс – «Е-лицензиялау» МДҚ АЖ-да сұратуды тіркеу және «Е-лицензиялау» МДҚ АЖ-да көрсетілетін қызметті өңдеу;
      10) 3-шарт – өтініш бойынша деректерді тексеру;
      11) 8-процесс - «Е-лицензиялау» МДҚ АЖ құжаттарында бұзушылықтардың болуына байланысты, сұратылған қызметтен бас тарту туралы хабарлама қалыптастыру;
      12) 9-процесс – көрсетілетін қызметті алушыға тестілеуден өту туралы хабарлама жіберу;
      13) 10-процесс – көрсетілетін қызметті алушының тестілеуден өту;
      14) 4-шарт – тестілеу жүргізу арқылы тиісті мамандық бойынша теориялық білім мен практикалық дағдыны тексеру;
      15) 11-процесс – тестілеудің теріс нәтижелеріне байланысты, «Е-лицензиялау» МДҚ АЖ-да сұратылған қызметтен бас тарту туралы хабарлама қалыптастыру;
      16) 12-процесс – көрсетілетін қызметті алушының «Е-лицензиялау» МДҚ АЖ-да қалыптастырылған қызмет көрсету нәтижесін (электрондық құжат нысанындағы біліктілік санаты берілмейтін сертификат немесе сертификатты беруден бас тарту туралы дәлелді жауап) алу. Электрондық құжат көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ-сын қолдана отырып қалыптастырылады.
      Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде рәсімдер (әрекеттер) ретінің, көрсетілетін қызметті беруші қызметкерлерінің өзара іс-қимылының толық сипаттамасы, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібінің сипаттамасы осы Регламентке қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестері анықтамалығында көрсетіледі.

"Клиникалық практикаға жіберу    
үшін біліктілік санатын бермей   
маман сертификатын беру" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет регламентіне 
қосымша               

Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы
"Клиникалық практикаға жіберу үшін біліктілік санатын бермей
маман сертификатын беру"

*ҚФБ - құрылымдық - функционалдық бірлік: көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің), халыққа қызмет көрсету орталықтарының, «электрондық үкімет» веб-порталының өзара іс-қымылдары;

Қазақстан Республикасы    
Денсаулық сақтау және әлеуметтік
даму министрінің       
2015 жылғы 28 мамырдағы   
№ 401 бұйрығына       
2-қосымша          

«Тиісті біліктілік санатын бере отырып маман сертификатын беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1. Жалпы ережелер

      1. «Тиісті біліктілік санатын бере отырып маман сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің аумақтық департаменттері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 294 бұйрығымен бекітілген Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11356 болып тіркелген «Біліктілік санатын бере отырып маман сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі – Стандарт) сәйкес көрсетеді. көрсетеді.
      Мемлекеттік қызметті алуға өтінішті қабылдау:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
      2) www.egov.kz, www.elicense.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
      Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру портал арқылы жүзеге асырылады.
      2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық.
      3. Мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесі – тиісті біліктілік санаты берілетін маман сертификаты (бұдан әрі – сертификат) немесе көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті лауазымды тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сертификатты беруден бас тарту туралы дәлелді жауап.
      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны электрондық.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін
қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің)
әрекеттерінің тәртібін сипаттау

      4. Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімді (әрекетті) бастау үшін көрсетілетін қызметті алушының өтініші немесе электрондық сұратуының болуы, сондай-ақ Стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттар негіз болып табылады.
      5. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (әрекеттің) мазмұны, оны орындау ұзақтығы:
      1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері порталда құжаттарды қабылдауды, оларды тіркеуді порталда немесе электрондық сұратуды тіркеуді кестеде бекітілген мерзімде – өтініш түскен күні жүзеге асырады;
      2) өтініш келіп түскен күні басшы орындаушыны айқындайды;
      3) жауапты орындаушы ұсынылған құжаттардың толықтығы мен сәйкестігін тексереді. Стандарттың 9-тармағында көрсетілген, ұсынылған құжаттар дұрыс ресімделмеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушыға электрондық құжат нысанында өтінішті қараудан бас тарту туралы дәлелді жауап жіберіледі – орындау мерзімі құжаттарды алған сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні;
      4) жауапты орындаушы құжаттарды қарау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті алушыға тестілеуді, әңгімелесуді және білім мен дағдыны бағалауды (бұдан әрі - бағалау) өткізу орны мен күні туралы портал арқылы хабарлайды. Тестілеуге, әңгімелесуге және бағалауға құжаттарды (тізімдер және хаттамалар) дайындайды – орындау мерзімі 4 (төрт) жұмыс күні;
      5) жауапты орындаушы тестілеуді өткізеді, бірінші деңгейден өткен кезде көрсетілетін қызметті алушыны әңгімелесуге немесе бағалауға жібереді. Әңгімелесу мен бағалаудың жүргізілуін ұйымдастырады және хаттама ресімдейді – орындау уаақыты 10 (он) жұмыс күні;
      6) тестілеу, әңгімелесу немесе бағалау нәтижелері бойынша басшы сертификатты беру немесе беруден бас тарту туралы шешім қабылдайды. Басшы бұйрыққа қол қояды және жауапты орындаушыға орындауға береді – орындау мерзімі 3 (үш) жұмыс күні;
      7) жауапты орындаушы көрсетілетін қызметті алушының тестілеу, әңгімелесу немесе бағалау нәтижесін порталға енгізеді және басшы бұйрығының негізінде сертификат немесе тестілеудің бастапқы деңгейінен, әңгімелесу немесе бағалау кезеңінен өтпеген жағдайда сертификатты беруден бас тарту туралы дәлелді жауап ресімдейді – орындау мерзімі 3 (үш) жұмыс күні;
      8) басшы ресімдеу күні сертификатқа немесе сертификатты беруден бас тарту туралы дәлелді жауапқа қол қояды.
      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызмтті берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.
      Көрсетілетін қызметті қағаз жеткізгіште алу үшін жүгінген жағдайда мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі электрондық форматта ресімделеді, басып шығарылады, көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының мөрімен және қолымен расталады.
      6. Келесі рәсімді (әрекетті) орындауды бастау үшін негіз болып қызмет ететін мемлекеттік қызметті көрсету жөніндегі рәсімнің (әрекеттің) нәтижесі:
      1) кіріс нөмірі бар тіркелген өтініш;
      2) жауапты орындаушыны айқындау;
      3) ұсынылған құжаттардың толықтығы мен сәйкестігін анықтау, сәйкес келмеген кезде өтінішті қарауды тоқтату туралы дәлелді жауап жіберу;
      4) құжаттарды (тізімдер мен хаттамалар) тестілеуге, әңгімелесуге немесе бағалауға дайындау және тестілеу, әңгімелесу және бағалау орны мен күні туралы хабарлау;
      5) тестілеудің, әңгімелесудің және бағалаудың нәтижесі, хаттама, бұйрық жобасын ресімдеу;
      6) бұйрыққа қол қою;
      7) тестілеу, әңгімелесу және бағалау нәтижесін порталға енгізу және сертификатты немесе сертификатты беруден бас тарту туралы дәлелді жауапты электронды форматта ресімдеу;
      8) көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ қойылған электронды құжат (сертификат) немесе сертификатты беруден бас тарту туралы дәлелді жауап.

3. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін
қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің)
өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау

      7. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті беруші қызметкерлерінің тізбесі:
      1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы;
      3) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы.
      8. Әрбір рәсімнің (әрекеттің) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелердің (қызметкерлердің) арасындағы рәсімдердің (әрекеттердің) ретін сипаттау:
      1) мемлекеттік қызметті көрсетуге арналған өтінімді түскен күні тіркеу;
      2) орындаушыны айқындау;
      3) ұсынылған құжаттардың толықтығы мен сәйкестігін тексеру, сәйкес келмеген кезде өтінішті қарауды тоқтату туралы дәлелді жауап жіберу – орындау мерзімі – 2 (екі) жұмыс күні;
      4) тестілеуді, әңгімелесуді және бағалауды өткізу орны мен күні туралы хабарлау және құжаттарды тестілеуге, әңгімелесуге немесе бағалауға дайындау – орындау мерзімі 4 (төрт) жұмыс күні;
      5) тестілеуді, әңгімелесуді және бағалауды өткізу, хаттама, бұйрық жобасын ресімдеу – орындау мерзімі 10 (он) жұмыс күні;
      6) бұйрыққа қол қою және орындауға беру – орындау мерзімі 3 (үш) жұмыс күні;
      7) тестілеу, әңгімелесу, бағалау нәтижесін порталға енгізу, басшы бұйрығының негізінде сертификатты немесе тестілеудің бастапқы деңгейінен, әңгімелесу немесе бағалау кезеңінен өтпеген жағдайда дәлелді жауапты ресімдеу – 3 (үш) жұмыс күні;
      8) сертификатқа немесе сертификатты беруден бас тарту туралы дәлелді жауапқа ресімделген күні қол қою.

4. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау

      Ескерту. 4-тараудың атауы жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 29.02.2016 № 160 (алғаш ресми жариялағаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      9. Көрсетілетін қызметті берушіге жүгіну тәртібін сипаттау, көрсетілетін қызметті алушының сұратуын өңдеу ұзақтығы:
      1) мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушы порталға немесе көрсетілетін қызметті берушіге жүгінеді.
      Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жылдамдатылған қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен жүзеге асырылады;
      2) мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушы Стандарттың 9-тармағына сәйкес қажетті құжаттар тізбесін ұсынады.
      Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат мәліметтерін көрсетілетін қызметті беруші «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
      10. Мемлекеттік қызметті портал арқылы көрсету кезінде көрсетілетін қызметті беруші мен көрсетілетін қызметті алушының жүгіну тәртібін және рәсімдерінің (әрекеттерінің) ретін сипаттау:
      1) көрсетілетін қызметті алушы тіркеуді көрсетілетін қызметті алушы компьютерінің интернет-браузерінде сақталатын өзінің ЭЦҚ тіркеу куәлігінің көмегімен «Е-лицензиялау» мемлекеттік дерекқоры ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі – «Е-лицензиялау» МДҚ АЖ) жүзеге асырады, осы ретте жүйеде жеке тұлғалар мемлекеттік дерекқорынан (бұдан әрі – ЖТ МДҚ) көрсетілетін қызметті алушы туралы мәліметтер автоматты түрде ұсынылады және сақталады («Е-лицензиялау» МДҚ АЖ-да тіркелмеген көрсетілетін қызметті алушылар үшін жүзеге асырылады);
      2) 1-процесс – көрсетілетін қызметті алушы компьютерінің интернет-браузеріне ЭЦҚ тіркеу куәлігін тіркеу, көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті алу үшін «Е-лицензиялау» МДҚ АЖ-да пароль енгізу процесі (іске қосу процесі);
      3) 1-шарт – «Е-лицензиялау» МДҚ АЖ-да логин (жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі - ЖСН) және пароль арқылы тіркелген көрсетілетін қызметті алушы туралы деректердің тұпнұсқалығын тексеру;
      4) 2-процесс – көрсетілетін қызметті алушының деректерінде бар бұзушылықтарға байланысты, «Е-лицензиялау» МДҚ АЖ-ның іске қосудан бас тарту туралы хабарлама қалыптастыруы;
      5) 3-процесс – көрсетілетін қызметті алушының осы Регламентте көрсетілген қызметті таңдауы, қызметті көрсету үшін сұрату нысанын экранға шығару және көрсетілетін қызметті алушының оның құрылымы мен форматтық талаптарын ескере отырып нысанды толтыруы (деректерді енгізуі), сондай-ақ электрондық үкімет шлюзі (бұдан әрі – ЭҮШ) арқылы ЖТ МДҚ көрсетілетін қызметті алушы деректері туралы сұрату;
      6) 2-шарт – ЖТ МДҚ-да көрсетілетін қызметті алушы деректерін тексеру;
      7) 4-процесс – ЖТ МДҚ-да көрсетілетін қызметті алушы деректерінің расталмауына байланысты, сұратылған қызметтен бас тарту туралы хабарлама қалыптастыру;
      8) 5-процесс – көрсетілетін қызметті алушының сұратуды куәландыру (қол қою) үшін ЭЦҚ тіркеу куәлігін таңдауы;
      9) 3-шарт – «Е-лицензиялау» МДҚ АЖ-да ЭЦҚ тіркеу куәлігінің қолданыс мерзімін және тізімде кері шақырылған (жойылған) тіркеу куәліктерінің болмауын, сондай-ақ сұратуда көрсетілген ЖСН мен ЭЦҚ тіркеу куәлігінде көрсетілген ЖСН арасындағы сәйкестендіру деректерінің сәйкестігін тексеру;
      10) 6-процесс – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ түпнұсқалығының расталмауына байланысты, сұратылған қызметтен бас тарту туралы хабарлама қалыптастыру;
      11) 7-процесс – қызмет көрсетуге арналған сұратудың толтырылған нысанын (енгізілген деректерді) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ арқылы куәландыру (қол қою);
      12) 8-процесс – электрондық құжатты (көрсетілетін қызметті алушының сұратуын) «Е-лицензиялау» МДҚ АЖ-да тіркеу және сұратуды «Е-лицензиялау» МДҚ АЖ-да өңдеу;
      13) 4-шарт – өтініш бойынша деректерді тексеру;
      14) 9-процесс - «Е-лицензиялау» МДҚ АЖ өтінішінде көрсетілген көрсетілетін қызметті алушының деректерінде бұзушылықтардың болуына байланысты, сұратылған қызметтен бас тарту туралы хабарлама қалыптастыру;
      15) 10-процесс – көрсетілетін қызметті алушыға тестілеуден, әңгімелесуден және бағалаудан өтуі туралы хабарлама жіберу;
      16) 11-процесс – көрсетілетін қызметті алушының жүйеден тыс тестілеу мен әңгімелесу және бағалау ақпараттық жүйесі бойынша тестілеуден өтуі;
      17) 5-шарт – тестілеу, әңгімелесу және бағалау жүргізу арқылы тиісті мамандық бойынша теориялық білім мен практикалық дағдыларды тексеру;
      18) 12-процесс – «Е-лицензиялау» МДҚ АЖ-да тестілеудің, әңгімелесудің және бағалауың теріс нәтижесінің болуына байланысты, сұратылған қызметтен бас тарту туралы хабарлама қалыптастыру;
      19) 13-процесс – көрсетілетін қызметті алушының «Е-лицензиялау» МДҚ АЖ-да қалыптастырылған қызмет көрсету нәтижесін (электрондық құжат нысанындағы біліктілік санаты берілетін сертификат немесе сертификат беруден бас тарту туралы дәлелді жауап) алуы. Электрондық құжат көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ-сын қолдана отырып қалыптастырылады.
      көрсетілетін қызметті беруші арқылы:
      1) 1-процесс – көрсетілетін қызметті беруші қызметкерінің мемлекеттік қызмет көрсету үшін «Е-лицензиялау» МДҚ АЖ-да логин мен парольді енгізуі (іске қосу процесі);
      2) 1-шарт – «Е-лицензиялау» МДҚ АЖ-да логин мен пароль арқылы көрсетілетін қызметті берушінің тіркелген қызметкері туралы деректердің түпнұсқалығын тексеру;
      3) 2-процесс – «Е-лицензиялау» МДҚ АЖ көрсетілетін қызметті беруші қызметкерінің деректерінде бұзушылықтардың болуына байланысты іске қосудан бас тарту туралы хабарлама қалыптастыруы;
      4) 3-процесс – көрсетілетін қызметті беруші қызметкерінің осы Регламентте көрсетілген қызметті таңдауы, қызметі көрсету үшін сұрату нысанын экранға шығару және көрсетілетін қызметті беруші қызметкерінің көрсетілетін қызметі алушы деректерін енгізуі;
      5) 4-процесс – ЭҮШ арқылы ЖТ МДҚ-ға көрсетілетін қызметті алушының деректері туралы сұрату жіберу;
      6) 2-шарт – ЖТ МДҚ-да көрсетілетін қызметті алушы деректерінің болуын тексеру;
      7) 5-процесс – ЖТ МДҚ-да көрсетілетін қызметті алушы деректерінің болмауына байланысты деректерді алудың мүмкін еместігі туралы хабарлама қалыптастыру;
      8) 6-      процесс – көрсетілетін қызметті беруші қызметкерінің көрсетілетін қызметті алушы ұсынған қажетті құжаттар мен мәліметтер нысан бөлігінде сұрату нысанын толтыру;
      9) 7-процесс – «Е-лицензиялау» МДҚ АЖ-да сұратуды тіркеу және «Е-лицензиялау» МДҚ АЖ-да көрсетілетін қызметті өңдеу;
      10) 3-шарт – өтініш бойынша деректерді тексеру;
      11) 8-процесс - «Е-лицензиялау» МДҚ АЖ құжаттарында бұзушылықтардың болуына байланысты, сұратылған қызметтен бас тарту туралы хабарлама қалыптастыру;
      12) 9-процесс – көрсетілетін қызметті алушыға тестілеуден, әңгімелесуден және бағалаудан өту туралы хабарлама жіберу;
      13) 10-процесс – көрсетілетін қызметті алушының жүйеден тыс тестілеу мен әңгімелесу және бағалау ақпараттық жүйесі бойынша тестілеуден өту;
      14) 4-шарт – тестілеу, әңгімелесу және бағалау жүргізу арқылы тиісті мамандық бойынша теориялық білім мен практикалық дағдыны тексеру;
      15) 11-процесс – тестілеудің, әңгімелесудің және бағалаудың теріс нәтижелеріне байланысты, «Е-лицензиялау» МДҚ АЖ-да сұратылған қызметтен бас тарту туралы хабарлама қалыптастыру;
      16) 12-процесс – көрсетілетін қызметті алушының «Е-лицензиялау» МДҚ АЖ-да қалыптастырылған қызмет көрсету нәтижесін (электрондық құжат нысанындағы біліктілік санаты берілетін сертификат немесе сертификатты беруден бас тарту туралы дәлелді жауап) алу. Электрондық құжат көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ-сын қолдана отырып қалыптастырылады.
      Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде рәсімдер (әрекеттер) ретінің, көрсетілетін қызметті беруші қызметкерлерінің өзара іс-қимылының толық сипаттамасы, сондай-ақ мемлекеттік қызметті көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібінің сипаттамасы осы Регламентке қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызметті көрсетудің бизнес-процестері анықтамалығында көрсетіледі.

«Тиісті біліктілік санатын бере
отырып маман сертификатын беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
регламентіне қосымша     

Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің
анықтамалығы «Тиісті біліктілік санатын бере отырып маман
сертификатын беру»

*ҚФБ - құрылымдық - функционалдық бірлік: көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің), халыққа қызмет көрсету орталықтарының, «электрондық үкімет» веб-порталының өзара іс-қымылдары;

Қазақстан Республикасы   
Денсаулық сақтау және әлеуметтік
даму министрiнiң      
2015 жылғы 28 мамырдағы   
№ 401 бұйрығына      
3-қосымша        

«Денсаулық сақтау субъектілерін аккредиттеу»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1. Жалпы ережелер

      1. «Денсаулық сақтау субъектілерін аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті (бұдан әрі - Комитет) және оның аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 294 бұйрығымен бекітілген Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11356 болып тіркелген «Денсаулық сақтау субъектілерін аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі – Стандарт) сәйкес көрсетеді.
      Мемлекеттік қызмет көрсетуге өтінішті қабылдау:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі – Комитеттің аумақтық бөлімшелері;
      2) www.egov.kz, www.elicense.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
      Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру портал, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
      2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық және (немесе) қағаз түрінде.
      3. Мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесі денсаулық сақтау субъектілеріне аккредиттеу туралы куәлік (бұдан әрі – куәлік) беру, куәлікті қайта ресімдеу (субъектінің атауы, ұйымдық-құқықтық нысаны өзгерген жағдайда), аккредиттеу туралы куәлік жоғалған немесе бүлінген жағдайда куәліктің телнұсқасын беру немесе көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті лауазымды тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы куәлікті беруден бас тарту туралы дәлелді жауап;
      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті
берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің)
әрекеттерінің тәртібін сипаттау

      4. Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімді (әрекетті) бастау үшін заңды тұлға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетілетін қызметті берушіге қағаз немесе электрондық сұрату нысанында берген өтініштің немесе электрондық сұратудың болуы, сондай-ақ Стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттар негіз болып табылады.
      5. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (әрекеттің) мазмұны, оны орындау ұзақтығы:
      1) көрсетілетін қызметті алушы куәлік беруге өтініш берілген сәтке дейін «Медициналық қызметтердің сапасын басқару жүйесі» ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі – МҚСБЖ АЖ) өзін-өзі бағалауды жүргізеді;
      2) Комитеттің жауапты қызметкері МҚСБЖ АЖ-да денсаулық сақтау субъектілерін аккредиттеуді жүргізу кестесін тіркейді;
      3) өтініш қағаз жеткізгіште түскен жағдайда Комитеттің аумақтық бөлімшесі кеңсесінің қызметкері көрсетілетін қызметті алушы Комитеттің аумақтық бөлімшесіне қағаз түрінде сұрату берген күні 15 (он бес) минут ішінде барлық қажетті ақпараттық жолдарды толтырып және барлық ұсынылған құжаттарды тіркей отырып, МҚСБЖ АЖ-да мемлекеттік қызмет көрсетуге арналған қағаз түріндегі сұратуды тіркеуді жүзеге асырады.
      Портал арқылы сұрату түскен жағдайда: көрсетілетін қызметті алушы порталда барлық қажетті ақпараттық жолдарды толтырып және барлық қажетті құжаттарды тіркей отырып, мемлекеттік қызмет көрсетуге арналған сұратуды толтырады, ЭЦҚ арқылы қол қояды.
      Комитеттің аумақтық бөлімшесінің басшысы «электрондық үкімет» шлюзі арқылы порталдан МҚСБЖ АЖ-ға түскен көрсетілетін қызметті алушының электронды сұратуын қарайды, жауапты орындаушыны белгілейді – орындау мерзімі 2 (екі) сағат;
      4) Жауапты орындаушы ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді. Құжаттарды қараудың оң нәтижесі кезінде көрсетілетін қызметті алушыға сыртқы кешенді бағалау жүргізу туралы хабарландыру жібереді. Стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттар пакеті толық ұсынылмаған жағдайда көрсетілетін қызметті алушыға порталдағы «Жеке кабинетіне» МҚСБЖ АЖ-да қалыптастырылған, көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті лауазымды тұлғасының ЭЦҚ-мен куәландырылған өтінішті қарауды тоқтату туралы дәлелді жауап жіберіледі – орындау мерзімі 2 (екі) жұмыс күні;
      5) жауапты орындаушы сыртқы кешенді бағалау жүргізу кестесі және сараптама топтарының құрамы бойынша бұйрық жобасын қалыптастырады және басшыға бекітуге енгізеді – орындау мерзімі 5 (бес) жұмыс күні;
      6) сараптама тобының мүшелері денсаулық сақтау субъектілерін сыртқы кешенді бағалауды жүргізеді, сыртқы кешенді бағалау нәтижелерін МҚСБЖ АЖ-ға енгізеді – орындау мерзімі 24 (жиырма төрт) жұмыс күні;
      7) Комитеттің жауапты орындаушысы сараптама тобының қарауы үшін көрсетілетін қызметті алушылардың материалдарын дайындайды, сараптама тобының хатшысы ретінде қатысады, отырыс хаттамасын жүргізеді, сараптама тобы отырысының нәтижесін МҚСБЖ АЖ-да тіркейді – орындау мерзімі 10 (он) жұмыс күні;
      8) сараптама тобы отырысының нәтижелері бойынша Комитет басшысы куәлікті беру немесе беруден бас тарту туралы шешім қабылдайды. Жауапты орындаушы МҚСБЖ АЖ-да бұйрықты тіркейді – орындау мерзімі 7 (жеті) жұмыс күні;
      9) Комитет басшысы Комитет басшысының бұйрығы негізінде МҚСБЖ АЖ-да қалыптастырылған куәлікке немесе куәлік беруден бас тарту туралы дәлелді жауапқа қол қояды – орындау мерзімі 3 (үш) жұмыс күні.
      Көрсетілетін қызметті алушы аккредиттеу туралы куәлікті қағаз жеткізгіште алу үшін жүгінген жағдайда куәлік электронды нысанда ресімделеді, басып шығарылады және көрсетілетін қызметті беруші басшысының мөрімен және қолымен расталады.
      Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы жүгінген жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетіне» Комитеттің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ-мен куәландырылған электронды құжат нысанында жіберіледі.
      Қайта ресімдеу кезінде:
      1. Көрсетілетін қызметті алушы тиісті жолдарды толтырып және көрсетілетін қызметті алушының атауының немесе ұйымдық-құқықтық нысанының өзгергенін растайтын құжатты тіркей отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне қағаз жеткізгіште сұрату береді немесе портал арқылы электронды форматта сұрату береді.
      Комитет кеңсесінің қызметкері барлық қажетті ақпаратты МҚСБЖ АЖ-ға енгізе отырып, қағаз жеткізгіште алынған сұратуды тіркейді. Порталдан электронды форматта алынған сұрату МҚСБЖ АЖ-да тіркеу процесін талап етпейді;
      2. Комитет басшысы сұратуды қарайды және куәлік беру немесе беруден бас тарту туралы шешім қабылдайды. Шешім бұйрық түрінде ресімделеді. Жауапты орындаушы бұйрықты МҚСБЖ АЖ-да тіркейді;
      3. Комитет басшысы Комитет басшысының бұйрығы негізінде МҚСБЖ АЖ-да қалыптастырылған куәлікке немесе куәлік беруден бас тарту туралы дәлелді жауапқа қол қояды және порталға көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» электронды форматта жіберіледі, жауапты орындаушы куәлікті немесе куәлікті беруден бас тарту туралы дәлелді жауапты басып шығарады және қолма-қол береді – орындау мерзімі 3 (үш) жұмыс күні.
      Аккредиттеу туралы куәліктің телнұсқасын алу үшін:
      1) көрсетілетін қызметті алушы тиісті жолдарды толтырып және куәліктің жоғалғанын немесе бүлінгенін растайтын құжатты тіркей отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне мемлекеттік көрсетілетін қызмет автоматтандырылған сәтке дейін берілген куәліктің телнұсқасын беруге қағаз жеткізгіште сұрату береді немесе портал арқылы электронды форматта сұрату береді.
      Көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері барлық қажетті ақпаратты МҚСБЖ АЖ-ға енгізе отырып, қағаз жеткізгіште алынған сұратуды тіркейді. Порталдан электронды форматта алынған сұрату МҚСБЖ АЖ-да тіркеу процесін талап етпейді;
      2) Комитет басшысы көрсетілетін қызметті алушының сұратуын қарайды және куәлік беру немесе беруден бас тарту туралы шешім қабылдайды. Шешім бұйрық түрінде ресімделеді. Жауапты орындаушы бұйрықты МҚСБЖ АЖ-да тіркейді;
      3) Комитет басшысы Комитет басшысының бұйрығы негізінде МҚСБЖ АЖ-да қалыптастырылған куәлікке немесе куәлік беруден бас тарту туралы дәлелді жауапқа қол қояды және порталға көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» электронды форматта жіберіледі, куәлікті немесе куәлікті беруден бас тарту туралы дәлелді жауапты жауапты орындаушы басып шығарады және қолма-қол береді – орындау мерзімі 3 (үш) жұмыс күні.
      Куәліктің телнұсқасы көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті лауазымды тұлғасының ЭЦҚ-мен куәландырылған ӘҚНЖК (әкімшілік құжаттарды нөмірлендіру және кодтау) нөмірін бере отырып электронды форматта жаңа куәлік түрінде қалыптастырылады.
      6. Келесі рәсімді (әрекетті) орындауды бастау үшін негіз болатын мемлекеттік қызметті көрсету жөніндегі рәсімнің (әрекеттің) нәтижесі:
      1) ӘҚНЖК нөмірі бар тіркелген өтініш;
      2) жауапты орындаушыны белгілеу;
      3) ұсынылған құжаттардың толықтығын анықтау;
      4) сыртқы кешенді бағалау жүргізу кестесі және сараптама топтарының құрамы бойынша бұйрық жобасын қалыптастыру және басшыға бекітуге енгізу;
      5) денсаулық сақтау субъектілерін сыртқы кешенді бағалауды жүргізу және бағалау нәтижелерін МҚСБЖ АЖ-ға енгізу;
      6) аккредиттеу комиссиясының қарауы үшін көрсетілетін қызметті алушылардың материалдарын дайындау, аккредиттеу комиссиясы отырысының шешімін МҚСБЖ АЖ-да тіркеу;
      7) аккредиттеу комиссиясы отырысының нәтижелері бойынша Комитет басшысының куәлік беру немесе беруден бас тарту туралы шешім қабылдап, осы шешімді МҚСБЖ АЖ-ға енгізуі. Шешімді бұйрық түрінде ресімдеу;
      8) Комитет басшысының бұйрығы негізінде электронды форматта куәлікті немесе куәлікті беруден бас тарту туралы дәлелді жауапты ресімдеу;
      9) куәлікті немесе куәлікті беруден бас тарту туралы дәлелді жауапты электронды форматта порталға көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» жіберу немесе электронды форматта ресімделген куәлікті немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты басып шығару және қолма-қол беру.

3. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін
қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің)
өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау

      7. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
      1) Комитеттің аумақтық бөлімшесі кеңсесінің қызметкері;
      2) Комитеттің аумақтық бөлімшесінің жауапты орындаушысы;
      3) Комитеттің аумақтық бөлімшесінің басшысы;
      4) Комитет басшысы;
      5) сараптама тобы.
      8. Әрбір рәсімнің (әрекеттің) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелердің (қызметкерлердің) арасындағы рәсімдердің (әрекеттердің) ретін сипаттау:
      1) көрсетілетін қызметті алушының МҚСБЖ АЖ-да өзін-өзі бағалауды жүргізуі;
      2) денсаулық сақтау субъектілерін аккредиттеуді жүргізу кестесін тіркеу;
      3) құжаттарды қабылдау және тіркеу – орындау мерзімі 15 (он бес) минут ішінде;
      жауапты орындаушыны белгілеу – орындау мерзімі 2 (екі) сағат;
      4) ұсынылған құжаттардың толықтығын анықтау. Құжаттарды қарау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті алушыға құжаттардың қабылданғаны туралы хабарлау және МҚСБЖ АЖ-ға ұсынылған құжаттар бойынша мәліметтерді енгізу. Құжаттар пакеті толық ұсынылмаған жағдайда қағаз нысанында немесе көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті лауазымды тұлғасының ЭЦҚ-мен куәландырылған электронды құжат нысанында өтінішті қарауды тоқтату туралы дәлелді жауап жіберу – орындау мерзімі 2 (екі) жұмыс күні;
      5) сыртқы кешенді бағалау жүргізу кестесі және сараптама топтарының құрамы бойынша бұйрық жобасын қалыптастыру және басшыға бекітуге енгізу – орындау мерзімі 5 (бес) жұмыс күні;
      6) денсаулық сақтау субъектілерін сыртқы кешенді бағалау нәтижелерін МҚСБЖ АЖ-ға енгізу – орындау мерзімі 24 (жиырма төрт) жұмыс күні;
      7) сараптама тобының қарауы үшін көрсетілетін қызметті алушылардың материалдарын дайындау, сараптама тобының хатшысы ретінде қатысу, жауапты орындаушының отырыс хаттамасын жүргізуі – орындау мерзімі 10 (он) жұмыс күні;
      8) Комитет басшысының куәлікті беру немесе беруден бас тарту туралы шешім қабылдауы, шешімді МҚСБЖ АЖ-ға енгізу. Шешім бұйрық түрінде ресімделеді – орындау мерзімі 7 (жеті) жұмыс күні;
      9) куәлік немесе куәлікті беруден бас тарту туралы дәлелді жауап, көрсетілетін қызметті алушының порталдағы «жеке кабинетіне» электронды форматта жіберу немесе басып шығару және қолма-қол беру – орындау мерзімі 3 (үш) жұмыс күні.

4. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау

      Ескерту. 4-тараудың атауы жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 29.02.2016 № 160 (алғаш ресми жариялағаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      9. Көрсетілетін қызметті берушіге жүгіну тәртібін сипаттау, көрсетілетін қызметті алушының сұратуын өңдеу ұзақтығы:
      1) мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушы порталға немесе көрсетілетін қызметті берушіге жүгінеді.
      Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жылдамдатылған қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен денсаулық сақтау субъектілерін аккредиттеуді жүргізу кестесіне сәйкес жүзеге асырылады.
      2) мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушы Стандарттың 9-тармағына сәйкес қажетті құжаттар тізбесін ұсынады.
      Мемлекеттік ақпараттық ресурстар болып табылатын, заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, көрсетілетін қызметті алушының денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен аккредиттеу стандарттарына сәйкестігіне өзін-өзі бағалау нәтижелері туралы, медициналық және (немесе) фармацевтикалық қызметті жүзеге асыру құқығына лицензия туралы құжаттардың мәліметтерін көрсетілетін қызметті беруші «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
      10. Мемлекеттік қызметті портал арқылы көрсету кезінде көрсетілетін қызметті беруші мен көрсетілетін қызметті алушының жүгіну тәртібін және рәсімдерінің (әрекеттерінің) ретін сипаттау:
      1) көрсетілетін қызметті алушы бизнес сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі - БСН) арқылы порталда тіркеуден өтуі тиіс (порталдағы тіркелмеген көрсетілетін қызметті алушылар үшін жүзеге асырылады);
      2) 1-процесс – мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін порталда көрсетілетін қызметті алушының БСН және пароль енгізуі арқылы (іске қосу процесі) көрсетілетін қызметті алушы туралы деректердің тұпнұсқалығын тексеру процесі, 1-ақпараттық жүйеден қажетті ақпаратты сұрату;
      3) 2-процесс - көрсетілетін қызметті алушының деректерінде бар бұзушылықтарға байланысты, сұратылған электронды мемлекеттік қызметтен бас тарту туралы хабарлама қалыптастыру;
      4) 3-процесс - көрсетілетін қызметті алушының осы Регламентте көрсетілген қызметті таңдауы, қызметті көрсету үшін сұрату нысанын экранға шығару және көрсетілетін қызметті алушының оның құрылымы мен форматтық талаптарын ескере отырып нысанды толтыру (деректерді енгізуі);
      5) 4-процесс – куәландыру орталығының ақпараттық жүйесінен (бұдан әрі - КО) сәйкестендіру деректерін және көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ тіркеу куәлігінің қолданыс мерзімі туралы деректерді сұрату;
      6) 1-шарт – көрсетілетін қызметті алушының криптографиялық қорғау құралдарын және КО ақпараттық жүйесін қолдана отырып, көрсетілетін қызметті алушының тіркеу куәлігінің қолданыс мерзімін және ЭЦҚ түпнұсқалының тексеру;
      7) 5-процесс – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ түпнұсқалығының расталмауына байланысты, сұратылған мемлекеттік қызметтен бас тарту туралы хабарлама қалыптастыру;
      8) 6-процесс – мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ арқылы толтырылған нысандағы (деректері енгізілген) қызмет көрсетуге арналған сұратуға қол қою;
      9) 7-процесс – Комитеттің аумақтық бөлімшесінің лауазымды тұлғасының МҚСБЖ АЖ-да электрондық құжатты (мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушының сұратуын) өңдеу;
      10) 8-процесс - Комитеттің аумақтық бөлімшесінің лауазымды тұлғасының көрсетілетін қызметті алушы ұсынған қажетті құжаттардың сәйкестігін тексеру;
      11) 9-процесс – МҚСБЖ АЖ-да көрсетілетін қызметті алушы деректерінде бұзушылықтардың болуына байланысты, өтінішті қарауды тоқтату туралы дәлелді жауап қалыптастыру, бұзушылықтар болмаған жағдайда көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне кейіннен «Е-лицензиялау» МДҚ АЖ-да көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне жібере отырып, сыртқы кешенді бағалау жүргізудің орны, күні, уақыты туралы хабарлама жіберіледі;
      12) 10-процесс – лауазымды тұлғаның сыртқы кешенді бағалаудың оң нәтижесі кезінде куәлік немесе сыртқы кешенді бағалаудың теріс нәтижесі кезінде дәлелді бас тарту беру туралы бұйрық жобасын әзірлеуі, Комитет басшысына қол қоюға жіберу;
      13) 11-процесс – көрсетілетін қызметті алушының сұратуына сәйкес Комитеттің лауазымды тұлғасының қызмет көрсету нәтижесін (электронды құжат) қалыптастыруы. Электронды құжат уәкілетті лауазымды тұлғаның ЭЦҚ қолдана отырып қалыптастырылады.
      Көрсетілетін қызметті беруші арқылы:
      1) 1-процесс – Комитеттің аумақтық бөлімшесі қызметкерінің мемлекеттік қызметті көрсету үшін МҚСБЖ АЖ-да логин мен парольді енгізу (іске қосу процесі);
      2) 1-шарт – МҚСБЖ АЖ-да логин мен пароль арқылы тіркелген маман туралы деректердің түпнұсқалығын тексеру;
      3) 2-процесс – маман деректерінде бұзушылықтардың болуына байланысты, МҚСБЖ АЖ іске қосудан бас тарту туралы хабарлама қалыптастыру;
      4) 3-процесс – Комитеттің аумақтық бөлімшесінің лауазымды тұлғасының көрсетілетін қызметті алушы типін таңдауы, көрсетілетін қызметті алушының тіркеу деректерін енгізу және өтініш түрін таңдау. Қызмет көрсетуге арналған сұрату нысанын экранға шығару және Комитеттің лауазымды тұлғасының өтініш пен мәліметтер нысанын толтыруы және оларды сұрату нысанына тіркеу;
      5) 4-процесс – «электрондық үкімет» шлюзі (бұдан әрі - ЭҮШ) арқылы «Е-лицензиялау» МДҚ АЖ-ға өтінішке нөмір беру (ӘҚНЖК) туралы сұрату жіберу;
      6) 5-процесс – МҚСБЖ АЖ-да тіркелген электронды сұратуды «Е-лицензиялау» МДҚ АЖ-ға жіберу;
      7) 6-процесс – Комитеттің аумақтық бөлімшесі лауазымды тұлғасының МҚСБЖ АЖ-да электрондық құжатты (мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушының сұратуын) өңдеу;
      8) 7-процесс - Комитеттің аумақтық бөлімшесі лауазымды тұлғасының көрсетілетін қызметті алушы ұсынған қажетті құжаттардың сәйкестігін тексеру;
      9) 3-шарт - Комитеттің аумақтық бөлімшесі лауазымды тұлғасының көрсетілетін қызметті алушы ұсынған қажетті құжаттардың сәйкестігін тексеру;
      10) 8-процесс - МҚСБЖ АЖ-да көрсетілетін қызметті алушы деректерінде бұзушылықтардың болуына байланысты, өтінішті қарауды тоқтату туралы дәлелді жауап қалыптастыру, бұзушылықтар болмаған жағдайда көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне кейіннен «Е-лицензиялау» МДҚ АЖ-да көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне жібере отырып, сыртқы кешенді бағалау жүргізудің орны, күні, уақыты туралы хабарлама жіберіледі;
      11) 9-процесс – лауазымды тұлғаның сыртқы кешенді бағалауды жүргізудің оң нәтижесі кезінде куәлік немесе сыртқы кешенді бағалауды жүргізудің теріс нәтижесі кезінде дәлелді бас тарту беру туралы бұйрық жобасын әзірлеу;
      12) 10-процесс – Комитеттің лауазымды тұлғасының электронды құжат нысанында куәлік немесе дәлелді бас тарту беру туралы бұйрық жобасын әзірлеуі, Комитет басшысына қол қоюға жіберу;
      13) 11-процесс – Комитеттің лауазымды тұлғасының көрсетілетін қызметті алушының сұратуына сәйкес қызмет көрсету нәтижесін (электронды құжат) қалыптастыруы. Электронды құжат уәкілетті лауазымды тұлғаның ЭЦҚ қолдана отырып қалыптастырылады.
      14) 12-процесс – мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушыға ЭҮШ арқылы «Е-лицензиялау» МДҚ АЖ жеке кабинетіне көрсетілетін қызмет нәтижесін (электрондық куәлік немесе куәлікті беруден бас тарту туралы электрондық дәлелді жауап) жіберу;
      15) 13-процесс – мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушының «Е-лицензиялау» МДҚ АЖ-да қалыптастырылған көрсетілетін қызмет нәтижесін (куәлік немесе дәлелді бас тарту беру) алуы. Электронды құжат маманның ЭЦҚ қолдана отырып қалыптастырылады.
      Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде рәсімдер (әрекеттер) ретінің, көрсетілетін қызметті беруші қызметкерлерінің өзара іс-қимылының толық сипаттамасы, сондай-ақ мемлекеттік қызметті көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібінің сипаттамасы осы Регламентке 1, 2-қосымшаларға сәйкес мемлекеттік қызметті көрсетудің бизнес-процестері анықтамалығында көрсетіледі.

«Денсаулық сақтау субъектілерін  
аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентіне       
1-қосымша            

Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы
«Денсаулық сақтау субъектілерін аккредиттеу»

«Денсаулық сақтау субъектілерін  
аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентіне       
2-қосымша            

Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы
«Денсаулық сақтау субъектілерін аккредиттеу»

*ҚФБ - құрылымдық - функционалдық бірлік: көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің), халыққа қызмет көрсету орталықтарының, «электрондық үкімет» веб-порталының өзара іс-қымылдары;

Қазақстан Республикасы   
Денсаулық сақтау және   
әлеуметтік даму министрiнiң
2015 жылғы 28 мамырдағы  
№ 401 бұйрығына     
4-қосымша       

«Жеке тұлғаларды денсаулық сақтау субъектілерінің қызметіне
тәуелсіз сараптамалық бағалау жүргізу құқығына аккредиттеу»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1. Жалпы ережелер

      1. «Жеке тұлғаларды денсаулық сақтау субъектiлерiнiң қызметiне тәуелсiз сараптамалық бағалау жүргiзу құқығына аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті (бұдан әрі - Комитет) және оның аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 294 бұйрығымен бекітілген Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11356 болып тіркелген «Жеке тұлғаларды денсаулық сақтау субъектiлерiнiң қызметiне тәуелсiз сараптамалық бағалау жүргiзу құқығына аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі – Стандарт) сәйкес көрсетеді.
      Мемлекеттік қызмет көрсетуге өтінішті қабылдау:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі – Комитеттің аумақтық бөлімшелері;
      2) www.egov.kz, www.elicense.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
      Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру портал, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
      2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық және (немесе) қағаз түрінде.
      3. Мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті лауазымды тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында жеке тұлғаларды денсаулық сақтау субъектiлерiнiң қызметiне тәуелсiз сараптамалық бағалау жүргiзу құқығына аккредиттеу туралы куәлік (бұдан әрі – куәлік) немесе куәлікті беруден бас тарту туралы дәлелді жауап беру болып табылады.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін
қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің)
әрекеттерінің тәртібін сипаттау

      4. Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімді (әрекетті) бастау үшін көрсетілетін қызметті алушының өтінішінің немесе электрондық сұратуының болуы, сондай-ақ Стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттар негіз болып табылады.
      5. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (әрекеттің) мазмұны, оны орындау ұзақтығы:
      1) қағаз жеткізгіште өтініш келіп түскен жағдайда кестеде бекітілген мерзімде Комитеттің аумақтық бөлімшесі кеңсесінің қызметкері немесе басқа жауапты тұлға барлық қажетті ақпараттық жолдарды толтырып және барлық қажетті құжаттарды тіркеп, «Медициналық қызметтердің сапасын басқару жүйесі» ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі – МҚСБЖ АЖ) оны тіркеуді жүргізеді. Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы берген кезде (қолма-қол немесе пошталық байланыс арқылы) қағаз жеткізгіштегі өтініштің қабылданғанын растау оның көшірмесінде құжаттар пакетінің қабылданған күні мен уақытын көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркелуі туралы белгі болып табылады.
      Мемлекеттік қызмет көрсетуге арналған электрондық сұрату кестеде бекітілген мерзімде портал арқылы берілген жағдайда осы сұрату автоматты түрде МҚСБЖ АЖ-ға түседі. Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды портал арқылы берген кезде көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» тестілеу мен әңгімелесуден өту күні, уақыты және орны көрсетіле отырып, мемлекеттік қызмет көрсетуге арналған сұратудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі (ол құжаттарды тексеру нәтижелері бойынша тестілеуге және тестілеудің нәтижелері бойынша әңгімелесуге жіберілген жағдайда) – орындау мерзімі өтініш түскен күні;
      2) Комитеттің аумақтық бөлімшесінің басшысы жауапты орындаушыны белгілейді – орындау мерзімі өтініш түскен күні;
      3) Комитеттің аумақтық бөлімшесінің жауапты орындаушысы ұсынылған құжаттардың толықтығын және біліктілік талаптарына сәйкестігін тексереді, құжаттарды қарау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті алушыға тестілеуді өткізу орны мен күні туралы хабарлайды. Стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттар пакеті толық ұсынылмаған жағдайда көрсетілетін қызметті алушыға қағаз нысанында немесе көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті лауазымды тұлғасының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында өтінішті қарауды тоқтату туралы дәлелді жауап жіберіледі – орындау мерзімі құжаттарды алған сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні;
      4) Комитеттің аумақтық бөлімшесінің жауапты орындаушысы тестілеуді жүргізеді және тестілеудің нәтижелерін МҚСБЖ АЖ-ға енгізеді;
      5) лауазымды тұлға тестілеудің нәтижелері бойынша әңгімелесу жүргізу үшін портал арқылы Комитетке көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын немесе көрсетілетін қызметті алушыға өтінішті қарауды тоқтату туралы дәлелді жауапты жібереді – орындау уақыты 2 (екі) сағат;
      6) Комитеттің жауапты орындаушысы МҚСБЖ АЖ-да үміткерлердің тіркелген құжаттарын қарайды, көрсетілетін қызметті алушыға әңгімелесуді жүргізу орны мен күні туралы хабарлайды, аккредиттеу жөніндегі комиссия отырысына құжаттарды (тізімдер мен хаттамалар) дайындайды. Көрсетілетін қызметті алушы әңгімелесуге тестілеудің нәтижесі оң болған кезде жіберіледі – орындау мерзімі 5 жұмыс күні ішінде;
      7) құрамын Комитет төрағасы бекітетін аккредиттеу жөніндегі комиссия көрсетілетін қызметті алушылармен әңгімелесу жүргізеді – орындау мерзімі 7 (жеті) жұмыс күні;
      8) Комитеттің жауапты орындаушысы әңгімелесудің нәтижелері бойынша хаттама ресімдейді – орындау мерзімі 1 (бір) жұмыс күні ішінде;
      9) Комитет басшысы әңгімелесу қорытындылары бойынша аккредиттеу комиссиясының куәлікті беру немесе беруден бас тарту туралы ұсынымдарын ескере отырып шешім қабылдайды. Комитеттің жауапты орындаушысы басшы шешімінің негізінде бұйрық жобасын дайындайды – орындау мерзімі 2 (екі) жұмыс күні ішінде;
      10) басшы бұйрыққа қол қояды және жауапты орындаушыға орындауға береді – орындау уақыты 3 (үш) сағат ішінде;
      11) жауапты орындаушы көрсетілетін қызметті алушының әңгімелесу нәтижесін МҚСБЖ АЖ-ға енгізеді және электрондық нысанда куәлікті немесе куәлікті беруден бас тарту туралы дәлелді жауапты ресімдейді – орындау уақыты 5 (бес) сағат ішінде;
      12) басшы МҚСБЖ АЖ-да куәлікке немесе куәлікті беруден бас тарту туралы дәлелді жауапқа қол қояды – орындау уақыты 1 (бір) сағат.
      Көрсетілетін қызметті алушы куәлікті қағаз жеткізгіште алу үшін жүгінген жағдайда куәлік электронды нысанда ресімделеді, басып шығарылады және көрсетілетін қызметті беруші басшысының мөрімен және қолымен расталады.
      Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы жүгінген жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетіне» Комитеттің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ-мен куәландырылған электронды құжат нысанында жіберіледі.
      6. Келесі рәсімді (әрекетті) орындауды бастау үшін негіз болатын мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі рәсімнің (әрекеттің) нәтижесі:
      1) тіркелген өтініш немесе мемлекеттік қызмет көрсетуге электрондық сұрату;
      2) жауапты орындаушыны белгілеу;
      3) ұсынылған құжаттардың толықтығын және біліктілік талаптарына сәйкестігін анықтау, көрсетілетін қызметті алушыға тестілеуді жүргізу орны мен күні туралы хабарлай немесе өтінішті қарауды тоқтату туралы дәлелді жауап жіберу;
      4) тестілеуді жүргізу және тестілеудің нәтижелерін МҚСБЖ АЖ-ға енгізу;
      5) құжаттарды Комитетке әңгімелесу жүргізу үшін жіберу немесе көрсетілетін қызметті алушыға өтінішті қарауды тоқтату туралы дәлелді жауап ұсыну;
      6) көрсетілетін қызметті алушыға әңгімелесуді өткізу орны мен күні туралы хабарлау, құжаттарды аккредиттеу жөніндегі комиссия отырысына дайындау;
      7) әңгімелесу жүргізу;
      8) әңгімелесу нәтижелері бойынша хаттама;
      9) куәлікті беру немесе беруден бас тарту туралы шешім қабылдау, бұйрық жобасы;
      10) қол қойылған бұйрық;
      11) электрондық нысандағы ресімделген куәлік немесе куәлікті беруден бас тарту туралы дәлелді жауап;
      12) электрондық нысандағы қол қойылған куәлік немесе куәлікті беруден бас тарту туралы дәлелді жауап.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті
берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара
іс-қимыл тәртібін сипаттау

      7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
      1) Комитеттің аумақтық бөлімшесі кеңсесінің қызметкері;
      2) Комитеттің аумақтық бөлімшесінің басшысы;
      3) Комитеттің аумақтық бөлімшесінің жауапты орындаушысы;
      4) Комитеттің жауапты орындаушысы;
      5) Комитет басшысы.
      8. Әрбір рәсімнің (әрекеттің) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелердің (қызметкерлердің) арасындағы рәсімдердің (әрекеттердің) ретін сипаттау:
      1) құжаттарды қабылдау және тіркеу – түскен күні;
      2) жауапты орындаушыны белгілеу – түскен күні;
      3) ұсынылған құжаттардың толықтығын және біліктілік талаптарына сәйкестігін анықтау, құжаттарды қарау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті алушыға тестілеуді жүргізу орны мен күні туралы хабарлау немесе өтінішті қарауды тоқтату туралы дәлелді жауап жіберу –2 (екі) жұмыс күні ішінде;
      4) тестілеуді жүргізу және тестілеудің нәтижелерін МҚСБЖ АЖ-ға енгізу – 5 (бес) жұмыс күні ішінде;
      5) құжаттарды Комитетке әңгімелесу жүргізу үшін жіберу немесе көрсетілетін қызметті алушыға өтінішті қарауды тоқтату туралы дәлелді жауап ұсыну – орындау уақыты 2 сағат;
      6) МҚСБЖ АЖ-да тіркелген құжаттарды қарау, көрсетілетін қызметті алушыға әңгімелесуді жүргізу орны мен күні туралы хабарлау, аккредиттеу жөніндегі комиссия отырысына құжаттарды (тізімдер мен хаттамалар) дайындау, әңгімелесу жүргізуді ұйымдастыру – 5 (бес) жұмыс күні ішінде;
      7) әңгімелесу жүргізу – 7 (жеті) жұмыс күні ішінде;
      8) хаттама ресімдеу – 1 (бір) жұмыс күні ішінде;
      9) Комитет басшысының аккредиттеу туралы куәлік беру немесе беруден бас тарту туралы шешім қабылдауы. Бұйрық жобасын дайындау – 2 (екі) жұмыс күні ішінде;
      10) бұйрыққа қол қою – 3 (үш) сағат ішінде;
      11) МҚСБЖ АЖ-да әңгімелесу нәтижесін енгізу және электрондық нысанда куәлікті немесе куәлікті беруден бас тарту туралы дәлелді жауапты ресімдеу – 5 (бес) сағат ішінде;
      12) куәлікке немесе куәлікті беруден бас тарту туралы дәлелді жауапқа қол қою және көрсетілетін қызметті алушыға жеке кабинетіне жіберу – 1 (бір) сағат ішінде.

4. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау

      Ескерту. 4-тараудың атауы жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 29.02.2016 № 160 (алғаш ресми жариялағаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      9. Көрсетілетін қызметті берушіге жүгіну тәртібін сипаттау, көрсетілетін қызметті алушының сұратуын өңдеу ұзақтығы:
      1) мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушы порталға немесе көрсетілетін қызметті берушіге жүгінеді.
      Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жылдамдатылған қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен жүзеге асырылады.
      2) мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушы Стандарттың 9-тармағына сәйкес қажетті құжаттар тізбесін ұсынады.
      Мемлекеттік ақпараттық ресурстар болып табылатын, жеке басын куәландыратын құжаттың және бірінші немесе жоғары біліктілік санаттарын беру туралы сертификаттың мәліметтерін көрсетілетін қызметті беруші «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
      10. Мемлекеттік қызметті портал арқылы көрсету кезінде көрсетілетін қызметті беруші мен көрсетілетін қызметті алушының жүгіну тәртібін және рәсімдерінің (әрекеттерінің) ретін сипаттау:
      1) көрсетілетін қызметті алушы жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі - ЖСН) арқылы порталда тіркеуден өтуі тиіс (порталдағы тіркелмеген көрсетілетін қызметті алушылар үшін жүзеге асырылады);
      2) 1-процесс – мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін порталда көрсетілетін қызметті алушының ЖСН және пароль енгізуі арқылы (іске қосу процесі) көрсетілетін қызметті алушы туралы деректердің тұпнұсқалығын тексеру процесі, 1-ақпараттық жүйеден қажетті ақпаратты сұрату;
      3) 2-процесс - көрсетілетін қызметті алушының деректерінде бар бұзушылықтарға байланысты, сұратылған электронды мемлекеттік қызметтен бас тарту туралы хабарлама қалыптастыру;
      4) 3-процесс - көрсетілетін қызметті алушының осы Регламентте көрсетілген қызметті таңдауы, қызметті көрсету үшін сұрату нысанын экранға шығару және көрсетілетін қызметті алушының оның құрылымы мен форматтық талаптарын ескере отырып нысанды толтыруы (деректерді енгізуі);
      5) 4-процесс – куәландыру орталығының ақпараттық жүйесінен (бұдан әрі - КО) сәйкестендіру деректерін және көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ тіркеу куәлігінің қолданыс мерзімі туралы деректерді сұрату;
      6) 1-шарт – көрсетілетін қызметті алушының криптографиялық қорғау құралдарын және КО ақпараттық жүйесін қолдана отырып, көрсетілетін қызметті алушының тіркеу куәлігінің қолданыс мерзімін және ЭЦҚ түпнұсқалының тексеру;
      7) 5-процесс – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ түпнұсқалығының расталмауына байланысты, сұратылған мемлекеттік қызметтен бас тарту туралы хабарлама қалыптастыру;
      8) 6-процесс – мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ арқылы толтырылған нысандағы (деректері енгізілген) қызмет көрсетуге арналған сұратуға қол қоюы;
      9) 7-процесс – Комитеттің аумақтық бөлімшесінің лауазымды тұлғасының МҚСБЖ АЖ-да электрондық құжатты (мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушының сұратуын) өңдеуі;
      10) 8-процесс - Комитеттің аумақтық бөлімшесінің лауазымды тұлғасының көрсетілетін қызметті алушы ұсынған қажетті құжаттардың сәйкестігін тексеруі;
      11) 9-процесс – МҚСБЖ АЖ-да көрсетілетін қызметті алушы деректерінде бұзушылықтардың болуына байланысты, сұратылған қызметтегі дәлелді жауап қалыптастыру, бұзушылықтар болмаған жағдайда көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне кейіннен «Е-лицензиялау» МДҚ АЖ-да көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне жібере отырып, тестілеудің орны, күні, уақыты туралы хабарлама жіберіледі;
      12) 10-процесс – көрсетілетін қызметті алушының тестілеу нәтижесі МҚСБЖ АЖ-ға енгізіледі, тестілеудің оң нәтижесі кезінде кейіннен «Е-лицензиялау» МДҚ АЖ көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне жібере отырып, МҚСБЖ АЖ-да әңгімелесудің орны, күні және уақыты туралы хабарлама, тестілеудің теріс нәтижесі кезінде өтінішті қарауды тоқтату туралы дәлелді жауап қалыптастыру;
      13) 11-процесс – Комитеттің лауазымды тұлғасының әңгімелесудің оң нәтижесі кезінде куәлік беру туралы бұйрық жобасын немесе әңгімелесудің теріс нәтижесі кезінде дәлелді бас тарту құрастыруы, Комитет басшысына қол қоюға жіберу;
      14) 12-процесс – Комитеттің лауазымды тұлғасының көрсетілетін қызметті алушының сұратуына сәйкес қызмет көрсету нәтижесін (электрондық құжат) қалыптастыруы. Электрондық құжат уәкілетті лауазымды тұлғаның ЭЦҚ қолдана отырып қалыптастырылады;
      15) 13-процесс – мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушыға «электрондық үкімет» шлюзі (бұдан әрі – ЭҮШ) арқылы «Е-лицензиялау» МДҚ АЖ жеке кабинетіне МҚСБЖ АЖ-да қалыптастырылған көрсетілетін қызмет нәтижесін (электрондық аккредиттеу туралы куәлік немесе куәлікті беруден бас тарту туралы электрондық дәлелді жауап) жіберу.
      Көрсетілетін қызметті беруші арқылы:
      1) 1-процесс – Комитеттің аумақтық бөлімшесі лауазымды тұлғасының мемлекеттік қызметті көрсету үшін МҚСБЖ АЖ-да логин мен парольді енгізу (іске қосу процесі);
      2) 1-шарт – МҚСБЖ АЖ-да логин мен пароль арқылы тіркелген маман туралы деректердің түпнұсқалығын тексеру;
      3) 2-процесс – маман деректерінде бұзушылықтардың болуына байланысты, МҚСБЖ АЖ іске қосудан бас тарту туралы хабарлама қалыптастыруы;
      4) 3-процесс – Комитеттің аумақтық бөлімшесі лауазымды тұлғасының көрсетілетін қызметті алушы типін таңдауы, көрсетілетін қызметті алушының тіркеу деректерін енгізу және өтініш түрін таңдау. Қызмет көрсетуге арналған сұрату нысанын экранға шығару және Комитеттің лауазымды тұлғасының өтініш пен мәліметтер нысанын толтыруы және оларды сұрату нысанына тіркеуі;
      5) 4-процесс – «электрондық үкімет» шлюзі (бұдан әрі - ЭҮШ) арқылы «Е-лицензиялау» МДҚ АЖ-ға өтінішке нөмір беру (ӘҚНЖК) туралы сұрату жіберу;
      6) 5-процесс – МҚСБЖ АЖ-да тіркелген электронды сұратуды «Е-лицензиялау» МДҚ АЖ-ға жіберу;
      7) 6-процесс – Комитеттің аумақтық бөлімшесі лауазымды тұлғасының МҚСБЖ АЖ-да электрондық құжатты (мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушының сұратуын) өңдеуі;
      8) 7-процесс - Комитеттің аумақтық бөлімшесі лауазымды тұлғасының көрсетілетін қызметті алушы ұсынған қажетті құжаттардың сәйкестігін тексеруі;
      9) 8-процесс - МҚСБЖ АЖ-да көрсетілетін қызметті алушы деректерінде бұзушылықтардың болуына байланысты, өтінішті қарауды тоқтату туралы дәлелді жауап қалыптастыру, бұзушылықтар болмаған жағдайда көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне кейіннен «Е-лицензиялау» МДҚ АЖ-да көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне жібере отырып, тестілеудің орны, күні, уақыты туралы хабарлама қалыптастыру;
      10) 9-процесс – көрсетілетін қызметті алушының тестілеу нәтижесі МҚСБЖ АЖ-ға енгізіледі, тестілеудің оң нәтижесі кезінде кейіннен «Е-лицензиялау» МДҚ АЖ көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне жібере отырып, МҚСБЖ АЖ-да әңгімелесудің орны, күні және уақыты туралы хабарлама, тестілеудің теріс нәтижесі кезінде өтінішті қарауды тоқтату туралы дәлелді жауап қалыптастыру;
      11) 10-процесс – Комитеттің лауазымды тұлғасының электронды құжат нысанында куәлік немесе дәлелді бас тарту беру туралы бұйрық жобасын әзірлеуі, Комитет басшысына қол қоюға жіберуі;
      12) 11-процесс - Комитеттің лауазымды тұлғасының көрсетілетін қызметті алушының сұратуына сәйкес қызмет көрсету нәтижесін (электронды құжат) қалыптастыруы. Электронды құжат уәкілетті лауазымды тұлғаның ЭЦҚ қолдана отырып қалыптастырылады;
      13) 12-процесс – мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушыға «электрондық үкімет» шлюзі (бұдан әрі – ЭҮШ) арқылы «Е-лицензиялау» МДҚ АЖ жеке кабинетіне МҚСБЖ АЖ-да қалыптастырылған көрсетілетін қызмет нәтижесін (электрондық аккредиттеу туралы куәлік немесе куәлікті беруден бас тарту туралы электрондық дәлелді жауап) жіберу;
      14) 13-процесс – мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушының «Е-лицензиялау» МДҚ АЖ-да жеке кабинетінде көрсетілетін қызмет нәтижесін (аккредиттеу туралы куәлік немесе аккредиттеу туралы куәлік беруден дәлелді бас тарту) алуы.
      Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдер (әрекеттер) ретінің, көрсетілетін қызметті беруші қызметкерлерінің өзара іс-қимылының толық сипаттамасы, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібінің сипаттамасы осы Регламентке қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестері анықтамалығында көрсетіледі.

«Жеке тұлғаларды денсаулық сақтау    
субъектілерінің қызметіне тәуелсіз  
сараптамалық бағалау жүргізу құқығына
аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентіне қосымша   

Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы
«Жеке тұлғаларды денсаулық сақтау субъектілерінің қызметіне
тәуелсіз сараптамалық бағалау жүргізу құқығына аккредиттеу»

*ҚФБ - құрылымдық - функционалдық бірлік: көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің), халыққа қызмет көрсету орталықтарының, «электрондық үкімет» веб-порталының өзара іс-қымылдары;

Қазақстан Республикасы    
Денсаулық сақтау және әлеуметтік
даму министрiнiң       
2015 жылғы 28 мамырдағы   
№ 401 бұйрығына       
5-қосымша          

«Сот-психиатриялық және сот-наркологиялық сарапшыларын
аттестаттау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1. Жалпы ережелер

      1. «Сот-психиатриялық және сот-наркологиялық сарапшыларды аттестаттау» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті (бұдан әрі – Комитет) және оның аумақтық бөлімшелері Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 294 бұйрығымен бекітілген Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11356 болып тіркелген «Сот-психиатриялық және сот-наркологиялық сарапшыларды аттестаттау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі – Стандарт) сәйкес көрсетеді.
      Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін өтінішті қабылдау:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі - Министрліктің Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің аумақтық бөлімшелері;
      2) www.e.gov.kz, www.elicense.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал)арқылы жүзеге асырылады.
      Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру портал арқылы жүзеге асырылады.
      2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны: электрондық және (немесе) қағаз түрінде.
      3. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі – аттестаттау куәлігі не көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында аттестаттау куәлігін беруден бас тарту туралы дәлелді жауап.
      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электронды.

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет процесінде қызметті
берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл
тәртібін сипаттау

      4. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (әрекетті) бастау үшін көрсетілетін қызметті алушының өтінішінің немесе электрондық сұратуының болуы, сондай-ақ Стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттар негіз болып табылады.
      5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (әрекеттің) мазмұны, оны орындау ұзақтығы:
      Комитеттің аумақтық бөлімшелері:
      1) өтініш келіп түскен күні кеңсе қызметкері құжаттарды қабылдау, оларды порталда тіркеуді не бекітілген тізбедегі мерзімде электрондық сұрау салуды тіркеуді жүзеге асырады;
      2) өтініш келіп түскен күні басшы орындаушыны айқындайды;
      3) жауапты орындаушы ұсынылған құжаттардың толықтығы мен сәйкестігін тексереді. Құжаттарды тексеру нәтижесі бойынша көрсетілетін қызметті алушыға портал арқылы тестілеудің өткізу орны мен күні туралы хабарлайды. Стандарттың 9-тармағында көрсетілген, ұсынылған құжаттар дұрыс ресімделмеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушыға электрондық құжат нысанында өтінішті қарауды тоқтату туралы дәлелді жауап жіберіледі – орындау мерзімі 2 (екі) жұмыс күні;
      4) жауапты орындаушы тестілеу өткізеді, порталға тестілеудің нәтижесін енгізеді және оның нәтижесі бойынша көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын портал арқылы Комитетке әңгімелесу жүргізу үшін құжаттарды не көрсетілетін қызметті алушыға өтінішті қарауды тоқтату туралы дәлелді жауап жібереді – орындау мерзімі 1 (бір) жұмыс күні;
      Комитет:
      5) кеңсе қызметкері құжаттар келіп түскен күні Комитеттің аумақтық бөлімшелерінен келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын тіркейді;
      6) құжаттар келіп түскен күні басшы орындаушыны айқындайды;
      7) жауапты орындаушы құжаттар келіп түскен күні құжаттарды қарау нәтижесі бойынша көрсетілетін қызметті алушыға әңгімелесудің өткізу орны мен күні туралы хабарлайды;
      8) жауапты орындаушы құжаттарды (тізім және хаттамалар) дайындайды, әңгімелесудің өткізуін ұйымдастырады және нәтижесі бойынша хаттаманы ресімдейді – орындау мерзімі 2 (екі) жұмыс күні;
      9) әңгімелесу нәтижесінің қорытындысы бойынша басшы аттестаттау куәлігін беру не беруден бас тарту туралы шешім қабылдайды. Жауапты орындаушы басшының шешімінің негізінде бұйрықтың жобасын дайындайды – орындау мерзімі 1 (бір) жұмыс күні;
      10) басшы бұйрыққа қол қояды және жауапты орындаушыға орындау үшін жолдайды - орындау мерзімі 1 (бір) жұмыс күні;
      11) жауапты орындаушы көрсетілетін қызметті алушының әңгімелесу нәтижесін порталға енгізеді және электрондық пішімде аттестаттау куәлігін не оны беруден бас тарту туралы дәлелді жауапты рәсімдейді – орындау мерзімі 1 (бір) жұмыс күні;
      12) басшы аттестаттау куәлігін ресімдеген күні аттестаттау куәлігін не аттестаттау куәлігін беруден бас тарту туралы дәлелді жауапқа қол қояды.
      Көрсетілетін қызметті алушы аттестаттау куәлігін қағаз жеткізгіште алу үшін жүгінген жағдайда аттестаттау куәлігі электронды форматта ресімделеді, басып шығарылады, көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының мөрімен және қолымен расталды.
      Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы жүгінген кезде мемлекеттік қызмет нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» жіберіледі.
      6. Келесі рәсімді (әрекетті) орындауды бастау үшін негіз мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі рәсімнің (әрекеттің) нәтижесі болып табылады:
      Комитеттің аумақтық бөлімшелері:
      1) кіріс нөмірі бар тіркелген өтініш;
      2) жауапты орындаушыны айқындау;
      3) ұсынылған құжаттардың толықтығын анықтау және тестілеудің өткізу орны мен күні туралы хабарлау не өтінішті қарауды тоқтату туралы дәлелді жауап жібереді;
      4) тестілеудің нәтижесі, оны порталға енгізу және Комитетке әңгімелесу жүргізу үшін құжаттарды не көрсетілетін қызметті алушыға өтінішті қарауды тоқтату туралы дәлелді жауап жібереді;
      Комитет:
      5) кіріс нөмірі бар тіркелген өтініш;
      6) жауапты орындаушыны айқындау;
      7) әңгімелесудің өткізу орны мен күні туралы хабарлау;
      8) құжаттарды әңгімелесуге дайындау, әңгімелесудің өткізуін ұйымдастырады және хаттаманы ресімдейді;
      9) бұйрық жобасын ресімдеу;
      10) бұйрыққа қол қою және жауапты орындаушыға жіберу;
      11) порталға әңгімелесудің нәтижесін енгізу және электрондық пішімде аттестаттау куәлігін не аттестаттау куәлігін беруден бас тарту туралы дәлелді жауапты ресімдеу;
      12) уәкілетті тұлғаның ЭЦҚ қойылған электронды құжат (аттестаттау куәлігі не аттестаттау куәлігін беруге бас тарту туралы дәлелді жауап).

3. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет процесіндегі қызмет
көрсететін құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлердің) өзара
іс-қимыл тәртібін сипаттау

      7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет процесіне қатысатын құрылымдық бөлімшелердің (қызметкерлердің) қызмет берушілердің тізбесі:
      1) Комитеттің аумақтық бөлімшесі кеңсесінің қызметкері;
      2) Комитеттің аумақтық бөлімшесінің жауапты орындаушы;
      3) Комитеттің аумақтық бөлімшесінің басшысы;
      4) Комитет кеңсесінің қызметкері;
      5) Комитеттің жауапты орындаушысы;
      6) Комитет басшысы.
      8. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлері) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдар) жүйелілігінің сипаттамасы:
      Комитеттің аумақтық бөлімшелері:
      1) мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуге өтінішті келіп түскен күні тіркейді;
      2) өтініш келіп түскен күні орындаушыны айқындайды;
      3) ұсынылған құжаттардың толықтығы мен сәйкестігін тексеру. Тестілеудің өткізу орны мен күн туралы хабарлау не өтінішті қарауды тоқтату туралы дәлелді жауапты жіберу – орындау мерзімі 2 (екі) жұмыс күні;
      4) тестілеу өткізу, порталға тестілеудің нәтижесін енгізу және Комитетке әңгімелесу жүргізу үшін құжаттарды не көрсетілетін қызметті алушыға өтінішті қарауды тоқтату туралы дәлелді жауап жолдау – орындау мерзімі 1 (бір) жұмыс күні;
      Комитет:
      5) көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын келіп түскен күні тіркеу;
      6) құжаттар келіп түскен күні орындаушыны айқындау;
      7) құжаттар келіп түскен күні көрсетілетін қызметті алушыға әңгімелесудің өткізу орны мен күні туралы хабарлау;
      8) әңгімелесуге құжаттар дайындау, әңгімелесудің өткізуін ұйымдастыру және хаттаманы ресімдеу – орындау мерзімі 2 (екі) жұмыс күні;
      9) бұйрықтың жобасын дайындау – орындау мерзімі 1 (бір) жұмыс күні;
      10) бұйрыққа қол қою және орындауға жіберу - орындау мерзімі 1 (бір) жұмыс күні;
      11) әңгімелесудің нәтижесін порталға енгізу және электрондық пішімде аттестаттау куәлігін не оны беруден бас тарту туралы дәлелді жауапты ресімдеу – орындау мерзімі 1 (бір) жұмыс күні;
      12) порталда аттестаттау куәлігіне не аттестаттау куәлігін беруден бас тарту туралы дәлелді жауапқа қол қою.

4. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау

      Ескерту. 4-тараудың атауы жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 29.02.2016 № 160 (алғаш ресми жариялағаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      9. Көрсетілетін қызметті берушіге жүгіну тәртібін сипаттау, көрсетілетін қызметті алушының сұратуын өңдеу ұзақтығы:
      1) мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушы порталға немесе көрсетілетін қызметті берушіге жүгінеді.
      Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жылдамдатылған қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен жүзеге асырылады;
      2) мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушы Стандарттың 9-тармағына сәйкес қажетті құжаттар тізбесін ұсынады.
      Мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстар болып табылатын, көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттардың мәліметтерін көрсетілетін қызметті беруші «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
      10. Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті беруші мен көрсетілетін қызметті алушының жүгіну және рәсімдерінің (іс-қимылдарының) реттілігі тәртібін сипаттау:
      1) көрсетілетін қызметті алушы тіркеуді көрсетілетін қызметті алушы компьютерінің интернет-браузерінде сақталатын өзінің ЭЦҚ тіркеу куәлігінің көмегімен «Е-лицензиялау» мемлекеттік дерекқоры ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі – «Е-лицензиялау» МДҚ АЖ) жүзеге асырады, осы ретте жүйеде жеке тұлғалар мемлекеттік дерекқорынан (бұдан әрі – ЖТ МДҚ) көрсетілетін қызметті алушы туралы мәліметтер автоматты түрде ұсынылады және сақталады («Е-лицензиялау» МДҚ АЖ-да тіркелмеген көрсетілетін қызметті алушылар үшін жүзеге асырылады);
      2) 1-процесс - мемлекеттік қызметті алу үшін порталда мемлекеттік қызметті алушының жеке сәйкестендіру нөмірін (бұдан әрі - ЖСН)немесе парольді енгізу (іске қосу процесі) арқылы көрсетілетін қызметті алушы туралы деректердің түпнұсқалылығын тексеру процесі, ақпараттық жүйеден қажетті ақпаратты сұратуы;
      3) 2-процесс – көрсетілетін қызметті алушының деректерінде бұзушылықтардың болуына байланысты сұратылған электрондық мемлекеттік көрсетілетін қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыруы;
      4) 3-процесс - көрсетілетін қызметті алушының осы Регламентте көрсетілген қызметті таңдауы, қызмет көрсету үшін сұрату нысанын экранға шығару және көрсетілетін қызметті алушының құрылымдық және форматтық талаптарды ескере отырып нысанды, толтыруы (деректерді енгізу);
      5) 4-процесс – сәйкестендіру деректерінің және куәландыру орталығының (бұдан әрі - КО) ақпараттық жүйесінде көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ тіркеу куәлігінің қолданылу мерзімі туралы деректерді сұратуы;
      6) 1-шарт – көрсетілетін қызметті алушының криптографиялық қорғау құралын және КО ақпараттық жүйесін пайдалана отырып, тіркеу куәлігінің қолданылу мерзімін және көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ түпнұсқалылығын тексеру;
      7) 5-процесс – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ түпнұсқалығының расталмауына байланысты сұратылған қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыруы;
      8) 6-процесс – қызмет көрсетуге сұратудың толтырылған нысанын (енгізілген деректерді) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ арқылы қол қоюы;
      9) 7-процесс - «Е-лицензиялау» мемлекеттік дерекқорының ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі - «Е-лицензиялау» МДҚ АЖ) электрондық құжатты (көрсетілетін қызметті алушының сұратуын) тіркеу және «Е-лицензиялау» МДҚ АЖ-да сұрауды өңдеуі;
      10) 8-процесс – лауазымды тұлғаның көрсетілетін қызметті алушының қажетті құжаттарды ұсыну сәйкестігін тексеруі;
      11) 9-процесс - «Е-лицензиялау» МДҚ АЖ-да мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушының деректерінде бұзушылықтардың болуына байланысты сұратылған қызметтен дәлелді бас тартуды қалыптастыру, бұзушылықтар болмаған жағдайда көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне тестілеу орны, күні және уақыты туралы хабарламаны қалыптастыруы;
      12) 10-процесс – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің ақпараттық тестілеу жүйесінде (бұдан әрі – ҚР ДСӘДМ АТЖ) қалыптастырылған көрсетілетін қызметті алушыны тестілеу нәтижесі «Е-лицензиялау» МДҚ АЖ-да сақталады, тестілеуден оң нәтиже алған жағдайда әңгімелесудің өтетін орны, күні және уақыты туралы хабарламаны көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетінде қалыптастыру, тестілеуден теріс нәтиже алған жағдайда аттестаттау куәлігін беруден дәлелді бас тартуы;
      13) 11-процесс – Комитеттің лауазымды тұлғасының әңгімелесуден оң нәтиже алған жағдайда аттестаттау куәлігін беру туралы бұйрық жобасын жасауы, Комитет басшысына қол қоюға жіберуі;
      14) 12-процесс - Комитеттің жауапты орындаушысы көрсетілетін қызметті алушының сұратуына сәйкес қызмет көрсету нәтижесін (электрондық құжатты) қалыптастыруы. Электрондық құжат уәкілетті лауазымды тұлғаның ЭЦҚ қолдана отырып қалыптастырылады.
      Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдер (әрекеттер) ретінің, көрсетілетін қызметті беруші қызметкерлерінің өзара іс-қимылының толық сипаттамасы, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібінің сипаттамасы осы Регламентке қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестері анықтамалығында көрсетіледі.

«Сот-психиатриялық және       
сот-наркологиялық сарапшыларын   
аттестаттау» мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентіне       
қосымша             

Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы
«Сот-психиатриялық және сот-наркологиялық сарапшыларын
аттестаттау»

*ҚФБ - құрылымдық - функционалдық бірлік: көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің), халыққа қызмет көрсету орталықтарының, «электрондық үкімет» веб-порталының өзара іс-қымылдары;

Қазақстан Республикасы     
Денсаулық сақтау және әлеуметтік
даму министрiнiң        
2015 жылғы 28 мамырдағы    
№ 401 бұйрығына        
6-қосымша            

«Сот-психиатриялық және сот-наркологиялық
сараптаманың белгілі түрін өндіру құқығына біліктілік беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1. Жалпы ережелер

      1. «Сот-психиатриялық және сот-наркологиялық сараптаманың белгілі түрін өндіру құқығына біліктілік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті (бұдан әрі - Комитет) және оның аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі – Комитеттің аумақтық бөлімшелері) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 294 бұйрығымен бекітілген Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11356 болып тіркелген «Сот-психиатриялық және сот-наркологиялық сараптаманың белгілі түрін өндіру құқығына біліктілік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі – Стандарт) сәйкес көрсетеді.
      Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін өтінішті қабылдау:
      3) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі - Министрліктің Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің аумақтық бөлімшелері;
      4) www.e.gov.kz, www.elicense.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал)арқылы жүзеге асырылады.
      Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру портал арқылы жүзеге асырылады.
      2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны: электрондық және (немесе) қағаз түрінде.
      3. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі – сот сараптамасының белгілі бір түрін өндіру құқығына берілетін біліктілік куәлігі (бұдан әрі – біліктілік куәлігі) не көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында біліктілік куәлігін беруден бас тарту туралы дәлелді жауап.

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет процесінде қызметті
берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл
тәртібін сипаттау

      4. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (әрекетті) бастау үшін көрсетілетін қызметті алушының өтінішінің немесе электрондық сұратуының болуы, сондай-ақ Стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттар негіз болып табылады.
      5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (әрекеттің) мазмұны, оны орындау ұзақтығы:
      Комитеттің аумақтық бөлімшелері:
      1) өтініш келіп түскен күні кеңсе қызметкері құжаттарды қабылдау, оларды порталда тіркеуді не бекітілген тізбедегі мерзімде электрондық сұрау салуды тіркеуді жүзеге асырады;
      2) өтініш келіп түскен күні басшы орындаушыны айқындайды;
      3) жауапты орындаушы ұсынылған құжаттардың толықтығы мен сәйкестігін тексереді. Құжаттарды тексеру нәтижесі бойынша көрсетілетін қызметті алушыға портал арқылы тестілеудің өткізу орны мен күні туралы хабарлайды. Стандарттың 9-тармағында көрсетілген, ұсынылған құжаттар дұрыс ресімделмеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушыға электрондық құжат нысанында өтінішті қарауды тоқтату туралы дәлелді жауап жіберіледі – орындау мерзімі 2 (екі) жұмыс күні;
      4) жауапты орындаушы тестілеу өткізеді, порталға тестілеудің нәтижесін енгізеді және оның нәтижесі бойынша көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын портал арқылы Комитетке әңгімелесу жүргізу үшін құжаттарды не көрсетілетін қызметті алушыға өтінішті қарауды тоқтату туралы дәлелді жауап жібереді – орындау мерзімі 1 (бір) жұмыс күні;
      Комитет:
      5) кеңсе қызметкері құжаттар келіп түскен күні Комитеттің аумақтық бөлімшелерінен келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын тіркейді;
      6) құжаттар келіп түскен күні басшы орындаушыны айқындайды;
      7) жауапты орындаушы құжаттар келіп түскен күні құжаттарды қарау нәтижесі бойынша көрсетілетін қызметті алушыға әңгімелесудің өткізу орны мен күні туралы хабарлайды;
      8) жауапты орындаушы құжаттарды (тізім және хаттамалар) дайындайды, әңгімелесудің өткізуін ұйымдастырады және нәтижесі бойынша хаттаманы ресімдейді – орындау мерзімі 2 (екі) жұмыс күні;
      9) әңгімелесу нәтижесінің қорытындысы бойынша басшы біліктілік куәлігін беру не беруден бас тарту туралы шешім қабылдайды. Жауапты орындаушы басшының шешімінің негізінде бұйрықтың жобасын дайындайды – орындау мерзімі 1 (бір) жұмыс күні;
      10) басшы бұйрыққа қол қояды және жауапты орындаушыға орындау үшін жолдайды - орындау мерзімі 1 (бір) жұмыс күні;
      11) жауапты орындаушы көрсетілетін қызметті алушының әңгімелесу нәтижесін порталға енгізеді және электрондық пішімде біліктілік куәлігін не оны беруден бас тарту туралы дәлелді жауапты рәсімдейді – орындау мерзімі 1 (бір) жұмыс күні;
      12) басшы біліктілік куәлігін ресімдеген күні біліктілік куәлігін не біліктілік куәлігін беруден бас тарту туралы дәлелді жауапқа қол қояды.
      Көрсетілетін қызметті алушы біліктілік куәлігін қағаз жеткізгіште алу үшін жүгінген жағдайда біліктілік куәлігі электронды форматта ресімделеді, басып шығарылады, көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының мөрімен және қолымен расталды.
      Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы жүгінген кезде мемлекеттік қызмет нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» жіберіледі.
      6. Келесі рәсімді (әрекетті) орындауды бастау үшін негіз мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі рәсімнің (әрекеттің) нәтижесі болып табылады:
      Комитеттің аумақтық бөлімшелері:
      1) кіріс нөмірі бар тіркелген өтініш;
      2) жауапты орындаушыны айқындау;
      3) ұсынылған құжаттардың толықтығын анықтау және тестілеудің өткізу орны мен күні туралы хабарлау не өтінішті қарауды тоқтату туралы дәлелді жауап жібереді;
      4) тестілеудің нәтижесі, оны порталға енгізу және Комитетке әңгімелесу жүргізу үшін құжаттарды не көрсетілетін қызметті алушыға өтінішті қарауды тоқтату туралы дәлелді жауап жібереді;
      Комитет:
      5) кіріс нөмірі бар тіркелген өтініш;
      6) жауапты орындаушыны айқындау;
      7) әңгімелесудің өткізу орны мен күні туралы хабарлау;
      8) құжаттарды әңгімелесуге дайындау, әңгімелесудің өткізуін ұйымдастырады және хаттаманы ресімдейді;
      9) бұйрық жобасын ресімдеу;
      10) бұйрыққа қол қою және жауапты орындаушыға жіберу;
      11) порталға әңгімелесудің нәтижесін енгізу және электрондық пішімде біліктілік куәлігін не біліктілік куәлігін беруден бас тарту туралы дәлелді жауапты ресімдеу;
      12) уәкілетті тұлғаның ЭЦҚ қойылған электронды құжат (біліктілік куәлігі не біліктілік куәлігін беруге бас тарту туралы дәлелді жауап).

3. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет процесіндегі қызмет
көрсететін құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлердің) өзара
іс-қимыл тәртібін сипаттау

      7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет процесіне қатысатын құрылымдық бөлімшелердің (қызметкерлердің) қызмет берушілердің тізбесі:
      1) Комитеттің аумақтық бөлімшесі кеңсесінің қызметкері;
      2) Комитеттің аумақтық бөлімшесінің жауапты орындаушы;
      3) Комитеттің аумақтық бөлімшесінің басшысы;
      4) Комитет кеңсесінің қызметкері;
      5) Комитеттің жауапты орындаушысы;
      6) Комитет басшысы.
      8. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлері) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдар) жүйелілігінің сипаттамасы:
      Комитеттің аумақтық бөлімшелері:
      1) мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуге өтінішті келіп түскен күні тіркейді;
      2) өтініш келіп түскен күні орындаушыны айқындайды;
      3) ұсынылған құжаттардың толықтығы мен сәйкестігін тексеру. Тестілеудің өткізу орны мен күн туралы хабарлау не өтінішті қарауды тоқтату туралы дәлелді жауапты жіберу – орындау мерзімі 2 (екі) жұмыс күні;
      4) тестілеу өткізу, порталға тестілеудің нәтижесін енгізу және Комитетке әңгімелесу жүргізу үшін құжаттарды не көрсетілетін қызметті алушыға өтінішті қарауды тоқтату туралы дәлелді жауап жолдау – орындау мерзімі 1 (бір) жұмыс күні;
      Комитет:
      5) көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын келіп түскен күні тіркеу;
      6) құжаттар келіп түскен күні орындаушыны айқындау;
      7) құжаттар келіп түскен күні көрсетілетін қызметті алушыға әңгімелесудің өткізу орны мен күні туралы хабарлау;
      8) әңгімелесуге құжаттар дайындау, әңгімелесудің өткізуін ұйымдастыру және хаттаманы ресімдеу – орындау мерзімі 2 (екі) жұмыс күні;
      9) бұйрықтың жобасын дайындау – орындау мерзімі 1 (бір) жұмыс күні;
      10) бұйрыққа қол қою және орындауға жіберу - орындау мерзімі 1 (бір) жұмыс күні;
      11) әңгімелесудің нәтижесін порталға енгізу және электрондық пішімде біліктілік куәлігін не оны беруден бас тарту туралы дәлелді жауапты ресімдеу – орындау мерзімі 1 (бір) жұмыс күні;
      12) порталда біліктілік куәлігіне не біліктілік куәлігін беруден бас тарту туралы дәлелді жауапқа қол қою.

4. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау

      Ескерту. 4-тараудың атауы жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 29.02.2016 № 160 (алғаш ресми жариялағаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      9. Көрсетілетін қызметті берушіге жүгіну тәртібін сипаттау, көрсетілетін қызметті алушының сұратуын өңдеу ұзақтығы:
      1) мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушы порталға немесе көрсетілетін қызметті берушіге жүгінеді.
      Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жылдамдатылған қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен жүзеге асырылады;
      2) мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушы Стандарттың 9-тармағына сәйкес қажетті құжаттар тізбесін ұсынады.
      Мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстар болып табылатын, көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттардың мәліметтерін көрсетілетін қызметті беруші «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
      10. Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті беруші мен көрсетілетін қызметті алушының жүгіну және рәсімдерінің (іс-қимылдарының) реттілігі тәртібін сипаттау:
      1) көрсетілетін қызметті алушы тіркеуді көрсетілетін қызметті алушы компьютерінің интернет-браузерінде сақталатын өзінің ЭЦҚ тіркеу куәлігінің көмегімен «Е-лицензиялау» мемлекеттік дерекқоры ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі – «Е-лицензиялау» МДҚ АЖ) жүзеге асырады, осы ретте жүйеде жеке тұлғалар мемлекеттік дерекқорынан (бұдан әрі – ЖТ МДҚ) көрсетілетін қызметті алушы туралы мәліметтер автоматты түрде ұсынылады және сақталады («Е-лицензиялау» МДҚ АЖ-да тіркелмеген көрсетілетін қызметті алушылар үшін жүзеге асырылады);
      2) 1-процесс - мемлекеттік қызметті алу үшін порталда мемлекеттік қызметті алушының жеке сәйкестендіру нөмірін (бұдан әрі - ЖСН)немесе парольді енгізу (іске қосу процесі) арқылы көрсетілетін қызметті алушы туралы деректердің түпнұсқалылығын тексеру процесі, ақпараттық жүйеден қажетті ақпаратты сұратуы;
      3) 2-процесс – көрсетілетін қызметті алушының деректерінде бұзушылықтардың болуына байланысты сұратылған электрондық мемлекеттік көрсетілетін қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыруы;
      4) 3-процесс - көрсетілетін қызметті алушының осы Регламентте көрсетілген қызметті таңдауы, қызмет көрсету үшін сұрату нысанын экранға шығару және көрсетілетін қызметті алушының құрылымдық және форматтық талаптарды ескере отырып нысанды, толтыруы (деректерді енгізу);
      5) 4-процесс – сәйкестендіру деректерінің және куәландыру орталығының (бұдан әрі - КО) ақпараттық жүйесінде көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ тіркеу куәлігінің қолданылу мерзімі туралы деректерді сұратуы;
      6) 1-шарт – көрсетілетін қызметті алушының криптографиялық қорғау құралын және КО ақпараттық жүйесін пайдалана отырып, тіркеу куәлігінің қолданылу мерзімін және көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ түпнұсқалылығын тексеру;
      7) 5-процесс – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ түпнұсқалығының расталмауына байланысты сұратылған қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыруы;
      8) 6-процесс – қызмет көрсетуге сұратудың толтырылған нысанын (енгізілген деректерді) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ арқылы қол қоюы;
      9) 7-процесс - «Е-лицензиялау» мемлекеттік дерекқорының ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі - «Е-лицензиялау» МДҚ АЖ) электрондық құжатты (көрсетілетін қызметті алушының сұратуын) тіркеу және «Е-лицензиялау» МДҚ АЖ-да сұрауды өңдеуі;
      10) 8-процесс – лауазымды тұлғаның көрсетілетін қызметті алушының қажетті құжаттарды ұсыну сәйкестігін тексеруі;
      11) 9-процесс - «Е-лицензиялау» МДҚ АЖ-да мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушының деректерінде бұзушылықтардың болуына байланысты сұратылған қызметтен дәлелді бас тартуды қалыптастыру, бұзушылықтар болмаған жағдайда көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне тестілеу орны, күні және уақыты туралы хабарламаны қалыптастыруы;
      12) 10-процесс – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің ақпараттық тестілеу жүйесінде (бұдан әрі – ҚР ДСӘДМ АТЖ) қалыптастырылған көрсетілетін қызметті алушыны тестілеу нәтижесі «Е-лицензиялау» МДҚ АЖ-да сақталады, тестілеуден оң нәтиже алған жағдайда әңгімелесудің өтетін орны, күні және уақыты туралы хабарламаны көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетінде қалыптастыру, тестілеуден теріс нәтиже алған жағдайда біліктілік куәлігін беруден дәлелді бас тартуы;
      13) 11-процесс – Комитеттің лауазымды тұлғасының әңгімелесуден оң нәтиже алған жағдайда біліктілік куәлігін беру туралы бұйрық жобасын жасауы, Комитет басшысына қол қоюға жіберуі;
      14) 12-процесс - Комитеттің жауапты орындаушысы көрсетілетін қызметті алушының сұратуына сәйкес қызмет көрсету нәтижесін (электрондық құжатты) қалыптастыруы. Электрондық құжат уәкілетті лауазымды тұлғаның ЭЦҚ қолдана отырып қалыптастырылады.
      Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдер (әрекеттер) ретінің, көрсетілетін қызметті беруші қызметкерлерінің өзара іс-қимылының толық сипаттамасы, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібінің сипаттамасы осы Регламентке қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестері анықтамалығында көрсетіледі.

«Сот-психиатриялық және    
сот-наркологиялық сараптаманың 
белгілі түрін өндіру құқығына 
біліктілік беру» мемлекеттік  
көрсетілетін қызмет регламентіне
қосымша             

Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы
«Сот-психиатриялық және сот-наркологиялық сараптаманың белгілі
түрін өндіру құқығына біліктілік беру»

*ҚФБ - құрылымдық - функционалдық бірлік: көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің), халыққа қызмет көрсету орталықтарының, «электрондық үкімет» веб-порталының өзара іс-қымылдары;

Қазақстан Республикасы     
Денсаулық сақтау және әлеуметтік
даму министрiнiң       
2015 жылғы 28 мамырдағы   
№ 401 бұйрығына       
7-қосымша           

«Адам ағзаларын (ағзаларының бөлiктерiн) және (немесе) адам
тiндерiн, қан мен оның компоненттерін Қазақстан Республикасының
аумағына әкелуге және (немесе) Қазақстан Республикасының
аумағынан әкетуге лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламенті

1. Жалпы ережелер

      1. «Адам ағзаларын (ағзаларының бөлiктерiн) және (немесе) адам тiндерiн, қан мен оның компоненттерін Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және (немесе) Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 294 бұйрығымен бекітілген Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11356 болып тіркелген «Адам ағзаларын (ағзаларының бөлiктерiн) және (немесе) адам тiндерiн, қан мен оның компоненттерін Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және (немесе) Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі – Стандарт) сәйкес көрсетеді.
      2. Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
      2) www.egov.kz, www.elicense.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
      Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық және (немесе) қағаз түрінде.
      3. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі – қағаз нысанында немесе көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті лауазымды тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында адам ағзаларын (ағзаларының бөлiктерiн) және (немесе) адам тiндерiн, қан мен оның компоненттерін Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және (немесе) Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге арналған лицензия.
      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электронды.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті
берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің)
әрекеттерінің тәртібін сипаттау

      4. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (әрекетті) бастау үшін көрсетілетін қызметті алушының өтінішінің немесе электрондық сұратуының болуы, сондай-ақ Стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттар негіз болып табылады.
      5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (әрекеттің) мазмұны, оны орындау ұзақтығы:
      1) кеңсе қызметкері портал арқылы келіп түскен мемлекеттік қызмет көрсетуге арналған электрондық сұратуды тіркеуді жүзеге асырады. Өтініш қағаз жеткізгіште түскен жағдайда кеңсе қызметкері қажетті ақпараттық жолдарды толтырып және қажетті құжаттарды тіркеп, өтінішті порталда тіркеуді жүргізеді:
      адам ағзаларын (ағзаларының бөлiктерiн) әкелуге және (немесе) әкетуге лицензия беру кезінде орындау мерзімі – 1 (бір) сағат ішінде;
      адам тiндерiн, қан мен оның компоненттерін әкелуге, әкетуге лицензия беру кезінде орындау мерзімі – өтініш түскен күні;
      2) басшы жауапты орындаушыны белгілейді:
      адам ағзаларын (ағзаларының бөлiктерiн) әкелуге және (немесе) әкетуге лицензия беру кезінде орындау мерзімі – 1 (бір) сағат ішінде;
      адам тiндерiн, қан мен оның компоненттерін әкелуге, әкетуге лицензия беру кезінде орындау мерзімі – өтініш түскен күні;
      3) жауапты орындаушы ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
      Стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттар пакеті толық ұсынылмаған жағдайда көрсетілетін қызметті алушыға қағаз нысанында немесе көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті лауазымды тұлғасының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында өтінішті қарауды тоқтату туралы дәлелді жауап жіберіледі:
      адам ағзаларын (ағзаларының бөлiктерiн) әкелуге және (немесе) әкетуге лицензия беру кезінде орындау мерзімі – 1 (бір) сағат ішінде;
      адам тiндерiн, қан мен оның компоненттерін әкелуге, әкетуге лицензия беру кезінде орындау мерзімі – өтініш түскен күні;
      4) жауапты орындаушы лицензия беруден бас тарту үшін негіздердің болуына (болмауына) құжаттарды тексереді. Құжаттарды қарау нәтижелері бойынша жауапты орындаушы лицензия беру немесе беруден бас тарту туралы бұйрық жобасын дайындайды және басшылыққа қол қоюға ұсынады:
      адам ағзаларын (ағзаларының бөлiктерiн) әкелуге және (немесе) әкетуге лицензия беру кезінде орындау мерзімі – 1 (бір) сағат ішінде;
      адам тiндерiн, қан мен оның компоненттерін әкелуге, әкетуге лицензия беру кезінде орындау мерзімі – 1 (бір) жұмыс күні;
      5) басшы бұйрыққа қол қояды және оны орындаушыға орындау үшін жібереді:
      адам ағзаларын (ағзаларының бөлiктерiн) әкелуге және (немесе) әкетуге лицензия беру кезінде орындау мерзімі – 2 (екі) сағат ішінде;
      адам тiндерiн, қан мен оның компоненттерін әкелуге, әкетуге лицензия беру кезінде орындау мерзімі – 1 (бір) жұмыс күні;
      6) жауапты орындаушы электрондық құжат нысанында лицензияны немесе лицензия беруден бас тарту туралы дәлелді жауапты ресімдейді және басшыға қол қоюға жібереді орындау мерзімі – 1 (бір) сағат ішінде;
      7) басшы лицензияға немесе лицензия беруден бас тарту туралы дәлелді жауапқа қол қояды орындау мерзімі – 1 (бір) сағат ішінде.
      Көрсетілетін қызметті алушы лицензияны қағаз жеткізгіште алу үшін жүгінген жағдайда лицензия электрондық нысанда ресімделеді, басып шығарылады және көрсетілетін қызметті беруші басшысының қолымен және мөрімен расталады.
      Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы жүгінген кезде мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.
      6. Келесі рәсімді (әрекетті) орындауды бастау үшін негіз болатын мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі рәсімнің (әрекеттің) нәтижесі:
      1) кіріс нөмірі бар тіркелген өтініш;
      2) жауапты орындаушыны белгілеу;
      3) ұсынылған құжаттардың толықтығын анықтау. Құжаттар пакеті толық ұсынылмаған жағдайда өтінішті қарауды тоқтату туралы дәлелді жауап жіберу;
      4) лицензия беруден бас тарту үшін негіздердің болуын (болмауын) тексеру. Бұйрық жобасын ресімдеу;
      5) лицензия беру немесе лицензия беруден бас тарту туралы бұйрыққа қол қою;
      6) электрондық құжат нысанында лицензияны немесе лицензия беруден бас тарту туралы дәлелді жауапты ресімдеу;
      7) уәкілетті тұлғаның ЭЦҚ қойылған электрондық құжат (лицензия немесе лицензия беруден бас тарту туралы дәлелді жауап).

3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті
берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара
іс-қимыл тәртібін сипаттау

      7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
      1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы;
      3) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы.
      8. Әрбір рәсімнің (әрекеттің) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелердің (қызметкерлердің) арасындағы рәсімдердің (әрекеттердің) ретін сипаттау:
      1) құжаттарды қабылдау және тіркеу:
      адам ағзаларын (ағзаларының бөлiктерiн) әкелуге және (немесе) әкетуге лицензия беру кезінде орындау мерзімі – 1 (бір) сағат ішінде;
      адам тiндерiн, қан мен оның компоненттерін әкелуге, әкетуге лицензия беру кезінде орындау мерзімі – өтініш түскен күні;
      2) жауапты орындаушыны белгілеу:
      адам ағзаларын (ағзаларының бөлiктерiн) әкелуге және (немесе) әкетуге лицензия беру кезінде орындау мерзімі – 1 (бір) сағат ішінде;
      адам тiндерiн, қан мен оның компоненттерін әкелуге, әкетуге лицензия беру кезінде орындау мерзімі – өтініш түскен күні;
      3) ұсынылған құжаттардың толықтығын тексеру. Құжаттар пакеті толық ұсынылмаған жағдайда өтінішті қарауды тоқтату туралы дәлелді жауап жіберу:
      адам ағзаларын (ағзаларының бөлiктерiн) әкелуге және (немесе) әкетуге лицензия беру кезінде орындау мерзімі – 1 (бір) сағат ішінде;
      адам тiндерiн, қан мен оның компоненттерін әкелуге, әкетуге лицензия беру кезінде орындау мерзімі – өтініш түскен күні;
      4) лицензия беруден бас тарту үшін негіздердің болуын (болмауын) тексеру. Құжаттарды қарау нәтижелері бойынша лицензия беру немесе беруден бас тарту туралы бұйрық жобасын дайындау және басшылыққа қол қоюға беру:
      адам ағзаларын (ағзаларының бөлiктерiн) әкелуге және (немесе) әкетуге лицензия беру кезінде орындау мерзімі – 1 (бір) сағат ішінде;
      адам тiндерiн, қан мен оның компоненттерін әкелуге, әкетуге лицензия беру кезінде орындау мерзімі – 1 (бір) жұмыс күні;
      5) бұйрыққа қол қою және оны орындау үшін жіберу:
      адам ағзаларын (ағзаларының бөлiктерiн) әкелуге және (немесе) әкетуге лицензия беру кезінде орындау мерзімі – 2 (екі) сағат ішінде;
      адам тiндерiн, қан мен оның компоненттерін әкелуге, әкетуге лицензия беру кезінде орындау мерзімі – 1 (бір) жұмыс күні;
      6) электрондық құжат нысанында лицензияны немесе лицензия беру туралы дәлелді жауапты ресімдеу және басшыға қол қоюға жіберу:
      адам ағзаларын (ағзаларының бөлiктерiн) әкелуге және (немесе) әкетуге лицензия беру кезінде орындау мерзімі – 1 (бір) сағат ішінде;
      адам тiндерiн, қан мен оның компоненттерін әкелуге, әкетуге лицензия беру кезінде орындау мерзімі – 1 (бір) жұмыс күні;
      7) лицензияға немесе лицензия беруден бас тарту туралы дәлелді жауапқа қол қою орындау мерзімі – 1 (бір) сағат ішінде.

4. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау

      Ескерту. 4-тараудың атауы жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 29.02.2016 № 160 (алғаш ресми жариялағаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      9. Көрсетілетін қызметті берушіге жүгіну тәртібін сипаттау, көрсетілетін қызметті алушының сұратуын өңдеу ұзақтығы:
      1) мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушы порталға немесе көрсетілетін қызметті берушіге жүгінеді.
      Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жылдамдатылған қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен жүзеге асырылады;
      2) мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушы Стандарттың 9-тармағына сәйкес қажетті құжаттар тізбесін ұсынады.
      10. Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті беруші мен көрсетілетін қызметті алушының жүгіну тәртібін және рәсімдерінің (әрекеттерінің) ретін сипаттау:
      1) көрсетілетін қызметті алушы тіркеуді көрсетілетін қызметті алушы компьютерінің интернет-браузерінде сақталатын өзінің ЭЦҚ тіркеу куәлігінің көмегімен «Е-лицензиялау» мемлекеттік дерекқоры ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі – «Е-лицензиялау» МДҚ АЖ) жүзеге асырады, осы ретте жүйеде «Заңды тұлғалар» мемлекеттік дерекқорынан (бұдан әрі – ЗТ МДҚ) көрсетілетін қызметті алушы туралы мәліметтер автоматты түрде тартылады және сақталады («Е-лицензиялау» МДҚ АЖ-да тіркелмеген көрсетілетін қызметті алушылар үшін жүзеге асырылады);
      2) 1-процесс – көрсетілетін қызметті алушы компьютерінің интернет-браузеріне ЭЦҚ тіркеу куәлігін тіркеу, көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті алу үшін «Е-лицензиялау» МДҚ АЖ-да пароль енгізу процесі (іске қосу процесі);
      3) 1-шарт – «Е-лицензиялау» МДҚ АЖ-да бизнес сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі - БСН) және пароль арқылы тіркелген көрсетілетін қызметті алушы туралы деректердің тұпнұсқалығын тексеру;
      4) 2-процесс – көрсетілетін қызметті алушының деректерінде бар бұзушылықтарға байланысты, «Е-лицензиялау» МДҚ АЖ-ның іске қосудан бас тарту туралы хабарлама қалыптастыруы;
      5) 3-процесс – көрсетілетін қызметті алушының осы Регламентте көрсетілген қызметті таңдауы, қызметті көрсету үшін сұрату нысанын экранға шығару және көрсетілетін қызметті алушының оның құрылымы мен форматтық талаптарын ескере отырып нысанды толтыруы (деректерді енгізуі), сондай-ақ электрондық үкімет шлюзі (бұдан әрі – ЭҮШ) арқылы ЗТ МДҚ көрсетілетін қызметті алушы деректері туралы сұрату;
      6) 2-шарт – ЗТ МДҚ-да көрсетілетін қызметті алушы деректерін тексеру;
      7) 4-процесс – ЗТ МДҚ-да көрсетілетін қызметті алушы деректерінің расталмауына байланысты, сұратылған қызметтен бас тарту туралы хабарлама қалыптастыру;
      8) 5-процесс – көрсетілетін қызметті алушының сұратуды куәландыру (қол қою) үшін ЭЦҚ тіркеу куәлігін таңдауы;
      9) 3-шарт – «Е-лицензиялау» МДҚ АЖ-да ЭЦҚ тіркеу куәлігінің қолданыс мерзімін және тізімде кері шақырылған (жойылған) тіркеу куәліктерінің болмауын, сондай-ақ сұратуда көрсетілген БСН мен ЭЦҚ тіркеу куәлігінде көрсетілген БСН арасындағы сәйкестендіру деректерінің сәйкестігін тексеру;
      10) 6-процесс – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ түпнұсқалығының расталмауына байланысты, сұратылған қызметтен бас тарту туралы хабарлама қалыптастыру;
      11) 7-процесс – қызмет көрсетуге арналған сұратудың толтырылған нысанын (енгізілген деректерді) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ арқылы куәландыру (қол қою);
      12) 8-процесс – электрондық құжатты (көрсетілетін қызметті алушының сұратуын) «Е-лицензиялау» МДҚ АЖ-да тіркеу және сұратуды «Е-лицензиялау» МДҚ АЖ-да өңдеу;
      13) 4-шарт – өтініш бойынша деректерді тексеру;
      14) 9-процесс - «Е-лицензиялау» МДҚ АЖ өтінішінде көрсетілген көрсетілетін қызметті алушының деректерінде бұзушылықтардың болуына байланысты, сұратылған қызметтен бас тарту туралы хабарлама қалыптастыру;
      15) 10-процесс – көрсетілетін қызметті алушының «Е-лицензиялау» МДҚ АЖ-да қалыптастырылған қызмет көрсету нәтижесін (лицензия немесе электрондық құжат нысанындағы дәлелді бас тарту) алуы. Электрондық құжат көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ-сын қолдана отырып қалыптастырылады.
      көрсетілетін қызметті беруші арқылы:
      1) 1-процесс – көрсетілетін қызметті беруші қызметкерінің мемлекеттік қызмет көрсету үшін «Е-лицензиялау» МДҚ АЖ-да логин мен парольді енгізуі (іске қосу процесі);
      2) 1-шарт – «Е-лицензиялау» МДҚ АЖ-да логин мен пароль арқылы көрсетілетін қызметті берушінің тіркелген қызметкері туралы деректердің түпнұсқалығын тексеру;
      3) 2-процесс – «Е-лицензиялау» МДҚ АЖ көрсетілетін қызметті беруші қызметкерінің деректерінде бұзушылықтардың болуына байланысты іске қосудан бас тарту туралы хабарлама қалыптастыруы;
      4) 3-процесс – көрсетілетін қызметті беруші қызметкерінің осы Регламентте көрсетілген қызметті таңдауы, қызметі көрсету үшін сұрату нысанын экранға шығару және көрсетілетін қызметті беруші қызметкерінің көрсетілетін қызметі алушы деректерін енгізуі;
      5) 4-процесс – ЭҮШ арқылы ЗТ МДҚ-ға көрсетілетін қызметті алушының деректері туралы сұрату жіберу;
      6) 2-шарт – ЗТ МДҚ-да көрсетілетін қызметті алушы деректерінің болуын тексеру;
      7) 5-процесс – ЗТ МДҚ-да көрсетілетін қызметті алушы деректерінің болмауына байланысты деректерді алудың мүмкін еместігі туралы хабарлама қалыптастыру;
      8) 6-процесс – көрсетілетін қызметті беруші қызметкерінің көрсетілетін қызметті алушы ұсынған қажетті құжаттар мен мәліметтер нысан бөлігінде сұрату нысанын толтыруы;
      9) 7-процесс – «Е-лицензиялау» МДҚ АЖ-да сұратуды тіркеу және «Е-лицензиялау» МДҚ АЖ-да көрсетілетін қызметті өңдеу;
      10) 2-шарт – өтініш бойынша деректерді тексеру;
      11) 8-процесс - «Е-лицензиялау» МДҚ АЖ құжаттарында бұзушылықтардың болуына байланысты, сұратылған қызметтен бас тарту туралы хабарлама қалыптастыру;
      12) 9-процесс – көрсетілетін қызметті алушының «Е-лицензиялау» МДҚ АЖ-да қалыптастырылған қызмет көрсету нәтижесін (электрондық құжат нысанындағы рұқсат немесе дәлелді бас тарту) алуы. Электрондық құжат көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ-сын қолдана отырып қалыптастырылады;
      13) 10-процесс – жоба маманының лицензия беру туралы бұйрық жобасын әзірлеуі, көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қоюға жіберуі;
      14) 11-процесс – маманның көрсетілетін қызметті алушының сұратуына сәйкес қызмет көрсету нәтижесін (электрондық құжат) қалыптастыруы. Электрондық құжат уәкілетті лауазымды тұлғаның ЭЦҚ-сын қолдана отырып қалыптастырылады.
      Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдер (әрекеттер) ретінің, көрсетілетін қызметті беруші қызметкерлерінің өзара іс-қимылының толық сипаттамасы, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібінің сипаттамасы осы Регламентке қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестері анықтамалығында көрсетіледі.

«Адам ағзаларын (ағзаларының бөлiктерiн)  
және (немесе) адам тiндерiн, қан мен    
оның компоненттерін Қазақстан        
Республикасының аумағына әкелуге және   
(немесе) Қазақстан Республикасының    
аумағынан әкетуге лицензия беру»       
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне
қосымша                  

Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы
«Адам ағзаларын (ағзаларының бөлiктерiн) және (немесе) адам
тiндерiн, қан мен оның компоненттерін Қазақстан Республикасының
аумағына әкелуге және (немесе) Қазақстан Республикасының
аумағынан әкетуге лицензия беру»

*ҚФБ - құрылымдық - функционалдық бірлік: көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің), халыққа қызмет көрсету орталықтарының, «электрондық үкімет» веб-порталының өзара іс-қымылдары;

Қазақстан Республикасы    
Денсаулық сақтау және әлеуметтік
даму министрiнiң        
2015 жылғы 28 мамырдағы    
№ 401 бұйрығына        
8-қосымша            

«Туыстас емес транспаланттауды жүргізу мақсатында гемопоэздік
дің жасушаларын, сүйек кемігін өткізген жағдайда, оларды,
сондай-ақ диагностикалық мақсаттарға арналған немесе
биомедициналық зерттеулер жүргізу процесінде алынған
жасушалардың, тіндердің, биологиялық сұйықтықтар мен сөлдердің,
оның ішінде адамның тіршілік әрекеті өнімдерінің, физиологиялық
және патологиялық шығындылардың, сүртінділердің, қырындылардың,
шайындылардың үлгілерін Қазақстан Республикасының аумағына
әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынын әкетуге
қорытынды (рұқсат беру құжатын) беру» мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламенті

1. Жалпы ережелер

      1. «Туыстас емес транспаланттауды жүргізу мақсатында гемопоэздік дің жасушаларын, сүйек кемігін өткізген жағдайда, оларды, сонай-ақ диагностикалық мақсаттарға арналған немесе биомедициналық зерттеулер жүргізу процесінде алынған жасушалардың, тіндердің, биологиялық сұйықтықтар мен сөлдердің, оның ішінде адамның тіршілік әрекеті өнімдерінің, физиологиялық және патологиялық шығындылардың, сүртінділердің, қырындылардың, шайындылардың үлгілерін Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге қорытынды (рұқсат беру құжаттарын) беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 294 бұйрығымен бекітілген Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11356 болып тіркелген «Туыстас емес транспаланттауды жүргізу мақсатында гемопоэздік дің жасушаларын, сүйек кемігін өткізген жағдайда, оларды, сонай-ақ диагностикалық мақсаттарға арналған немесе биомедициналық зерттеулер жүргізу процесінде алынған жасушалардың, тіндердің, биологиялық сұйықтықтар мен сөлдердің, оның ішінде адамның тіршілік әрекеті өнімдерінің, физиологиялық және патологиялық шығындылардың, сүртінділердің, қырындылардың, шайындылардың үлгілерін Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге қорытынды (рұқсат беру құжаттарын) беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі – Стандарт) сәйкес көрсетеді.
      2. Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
      2) www.egov.kz, www.elicense.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
      Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
      3. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі – туыстас емес транспаланттауды жүргізу мақсатында гемопоэздік дің жасушаларын, сүйек кемігін өткізген жағдайда, оларды, сондай-ақ диагностикалық мақсаттарға арналған немесе биомедициналық зерттеулер жүргізу процесінде алынған жасушалардың, тіндердің, биологиялық сұйықтықтар мен сөлдердің, оның ішінде адамның тіршілік әрекеті өнімдерінің, физиологиялық және патологиялық шығындылардың, сүртінділердің, қырындылардың, шайындылардың үлгілерін Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынын әкетуге қорытынды (рұқсат беру құжаты) (бұдан әрі - қорытынды);
      қорытындыны қайта ресімдеу;
      қорытындының телнұсқасы.
      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электронды.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті
берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің)
әрекеттерінің тәртібін сипаттау

      4. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (әрекетті) бастау үшін көрсетілетін қызметті алушының өтінішінің немесе электрондық сұратуының болуы, сондай-ақ Стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттар негіз болып табылады.
      5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (әрекеттің) мазмұны, оны орындау ұзақтығы:
      1) кеңсе қызметкері немесе басқа жауапты тұлға портал арқылы келіп түскен мемлекеттік қызмет көрсетуге арналған электрондық сұратуды тіркеуді жүзеге асырады. Өтініш қағаз жеткізгіште түскен жағдайда кеңсе қызметкері немесе басқа жауапты тұлға өтініш немесе электрондық сұрату түскен күні қажетті ақпараттық жолдарды толтыра отырып және қажетті құжаттарды тіркей отырып, өтінішті порталда тіркеуді жүзеге асырады;
      2) басшы жауапты орындаушыны белгілейді – өтініш тіркелген күні;
      3) жауапты орындаушы ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
      Стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттар пакеті толық ұсынылмаған жағдайда көрсетілетін қызметті алушыға көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті лауазымды тұлғасының ЭЦҚ-мен куәландырылған, қағаз нысанындағы немесе электрондық құжат нысанындағы өтінішті қарауды тоқтату туралы дәлелді жауап жіберіледі.
      Қорытындының телнұсқасын беру үшін өтініш берген кезде – қорытындыны берудің дұрыстығы анықталғаннан кейін бұйрық бекітіледі және қорытындының телнұсқасы беріледі, орындау мерзімі – құжаттарды алған сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні;
      4) жауапты орындаушы құжаттарды қарау нәтижелері бойынша бұйрық жобасын дайындайды және басшылыққа қол қоюға ұсынады:
      қорытынды беру кезінде орындау мерзімі – 4 (төрт) жұмыс күні;
      қайта ресімделген қорытындыны беру кезінде – 2 (екі) сағат.
      5) басшы бұйрыққа қол қояды және оны орындаушыға орындау үшін жібереді:
      қорытынды беру кезінде орындау мерзімі – 1 (бір) жұмыс күні;
      қайта ресімделген қорытындыны беру кезінде орындау мерзімі – 2 (екі) сағат.
      6) жауапты орындаушы электрондық құжат нысанында қорытындыны ресімдейді және басшыға қол қоюға жібереді:
      қорытынды беру кезінде орындау мерзімі – 2 (екі) жұмыс күні;
      қайта ресімделген қорытындыны беру кезінде орындау мерзімі – 2 (екі) сағат.
      7) басшы қорытындыға қол қояды:
      қорытынды беру кезінде орындау мерзімі – 1 (бір) жұмыс күні;
      қайта ресімделген қорытындыны беру кезінде орындау мерзімі – 2 (екі) сағат.
      Көрсетілетін қызметті алушы қорытындыны, қайта ресімделген қорытындыны немесе қорытындының телнұсқасын қағаз жеткізгіште алу үшін өтініш берген жағдайда қорытынды электрондық форматта ресімделеді, басып шығарылады және көрсетілетін қызметті беруші басшысының қолымен және мөрімен расталады.
      Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы жүгінген кезде мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызмтті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.
      6. Келесі рәсімді (әрекетті) орындауды бастау үшін негіз болатын мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі рәсімнің (әрекеттің) нәтижесі:
      1) кіріс нөмірі бар тіркелген өтініш немесе электрондық сұрату;
      2) жауапты орындаушыны белгілеу;
      3) ұсынылған құжаттардың толықтығын анықтау. Құжаттар пакеті толық ұсынылмаған жағдайда өтінішті қарауды тоқтату туралы дәлелді жауап жіберу. Қорытындының телнұсқасын беру үшін өтініш берген кезде – бекітілген бұйрық және қорытындының телнұсқасы.
      4) қорытынды беру туралы бұйрық жобасы. Қорытындыны қайта ресімдеу үшін өтініш берген кезде – бекітілген бұйрық және қайта ресімделген қорытынды;
      5) қорытынды беру туралы қол қойылған бұйрық;
      6) электрондық құжат нысанындағы қорытынды жобасы;
      7) көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ қойылған электронды құжат (қорытынды).

3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті
берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара
іс-қимыл тәртібін сипаттау

      7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
      1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы;
      3) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы.
      8. Әрбір рәсімнің (әрекеттің) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелердің (қызметкерлердің) арасындағы рәсімдердің (әрекеттердің) ретін сипаттау:
      1) мемлекеттік қызмет көрсетуге арналған өтінішті немесе электрондық сұратуды қабылдау және тіркеу, өтініш түскен күні;
      2) жауапты орындаушыны белгілеу, өтініш түскен күні;
      3) ұсынылған құжаттардың толықтығын анықтау. Құжаттар пакеті толық ұсынылмаған жағдайда өтінішті қарауды тоқтату туралы дәлелді жауап жіберу.
      Қорытындының телнұсқасын беру үшін өтініш берген кезде – қорытындыны берудің дұрыстығы анықталғаннан кейін бұйрық бекітіледі және қорытындының телнұсқасы беріледі, орындау мерзімі – құжаттарды алған сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні;
      4) құжаттарды қарау нәтижелері бойынша қорытынды беру туралы бұйрық жобасын дайындау және басшылыққа қол қоюға беру:
      Қорытынды беру кезінде орындау мерзімі – 4 (төрт) жұмыс күні;
      қайта ресімделген қорытындыны беру кезінде – 2 (екі) сағат.
      5) бұйрыққа қол қою және оны жауапты орындаушыға орындау үшін жіберу:
      қорытынды беру кезінде орындау мерзімі – 1 (бір) жұмыс күні;
      қайта ресімделген қорытындыны беру кезінде орындау мерзімі – 2 (екі) сағат.
      6) электрондық құжат нысанында қорытындыны ресімдеу және басшыға қол қоюға жіберу:
      қорытынды беру кезінде орындау мерзімі – 2 (екі) жұмыс күні;
      қайта ресімделген қорытындыны беру кезінде орындау мерзімі – 2 (екі) сағат.
      7) басшы қорытындыға қол қояды:
      қорытынды беру кезінде орындау мерзімі – 1 (бір) жұмыс күні;
      қайта ресімделген қорытындыны беру кезінде орындау мерзімі – 2 (екі) сағат.

4. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау

      Ескерту. 4-тараудың атауы жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 29.02.2016 № 160 (алғаш ресми жариялағаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      9. Көрсетілетін қызметті берушіге жүгіну тәртібін сипаттау, көрсетілетін қызметті алушының сұратуын өңдеу ұзақтығы:
      1) мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушы порталға немесе көрсетілетін қызметті берушіге жүгінеді.
      Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жылдамдатылған қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен жүзеге асырылады;
      2) мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушы Стандарттың 9-тармағына сәйкес қажетті құжаттар тізбесін ұсынады.
      10. «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті беруші мен көрсетілетін қызметті алушының жүгіну тәртібін және рәсімдерінің (әрекеттерінің) ретін сипаттау:
      1) көрсетілетін қызметті алушы тіркеуді көрсетілетін қызметті алушы компьютерінің интернет-браузерінде сақталатын өзінің ЭЦҚ тіркеу куәлігінің көмегімен «Е-лицензиялау» мемлекеттік дерекқоры ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі – «Е-лицензиялау» МДҚ АЖ) жүзеге асырады, осы ретте жүйеде «Заңды тұлғалар» мемлекеттік дерекқорынан (бұдан әрі – ЗТ МДҚ) көрсетілетін қызметті алушы туралы мәліметтер автоматты түрде тартылады және сақталады («Е-лицензиялау» МДҚ АЖ-да тіркелмеген көрсетілетін қызметті алушылар үшін жүзеге асырылады);
      2) 1-процесс – көрсетілетін қызметті алушы компьютерінің интернет-браузеріне ЭЦҚ тіркеу куәлігін тіркеу, көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті алу үшін «Е-лицензиялау» МДҚ АЖ-да пароль енгізу процесі (іске қосу процесі);
      3) 1-шарт – «Е-лицензиялау» МДҚ АЖ-да бизнес сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі - БСН) және пароль арқылы тіркелген көрсетілетін қызметті алушы туралы деректердің тұпнұсқалығын тексеру;
      4) 2-процесс – көрсетілетін қызметті алушының деректерінде бар бұзушылықтарға байланысты, «Е-лицензиялау» МДҚ АЖ-ның іске қосудан бас тарту туралы хабарлама қалыптастыруы;
      5) 3-процесс – көрсетілетін қызметті алушының осы Регламентте көрсетілген қызметті таңдауы, қызметті көрсету үшін сұрату нысанын экранға шығару және көрсетілетін қызметті алушының оның құрылымы мен форматтық талаптарын ескере отырып нысанды толтыруы (деректерді енгізуі), сондай-ақ электрондық үкімет шлюзі (бұдан әрі – ЭҮШ) арқылы ЗТ МДҚ көрсетілетін қызметті алушы деректері туралы сұрату;
      6) 2-шарт – ЗТ МДҚ-да көрсетілетін қызметті алушы деректерін тексеру;
      7) 4-процесс – ЗТ МДҚ-да көрсетілетін қызметті алушы деректерінің расталмауына байланысты, сұратылған қызметтен бас тарту туралы хабарлама қалыптастыру;
      8) 5-процесс – көрсетілетін қызметті алушының сұратуды куәландыру (қол қою) үшін ЭЦҚ тіркеу куәлігін таңдауы;
      9) 3-шарт – «Е-лицензиялау» МДҚ АЖ-да ЭЦҚ тіркеу куәлігінің қолданыс мерзімін және тізімде кері шақырылған (жойылған) тіркеу куәліктерінің болмауын, сондай-ақ сұратуда көрсетілген БСН мен ЭЦҚ тіркеу куәлігінде көрсетілген БСН арасындағы сәйкестендіру деректерінің сәйкестігін тексеру;
      10) 6-процесс – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ түпнұсқалығының расталмауына байланысты, сұратылған қызметтен бас тарту туралы хабарлама қалыптастыру;
      11) 7-процесс – қызмет көрсетуге арналған сұратудың толтырылған нысанын (енгізілген деректерді) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ арқылы куәландыру (қол қою);
      12) 8-процесс – электрондық құжатты (көрсетілетін қызметті алушының сұратуын) «Е-лицензиялау» МДҚ АЖ-да тіркеу және сұратуды «Е-лицензиялау» МДҚ АЖ-да өңдеу;
      13) 4-шарт – өтініш бойынша деректерді тексеру;
      14) 9-процесс - «Е-лицензиялау» МДҚ АЖ өтінішінде көрсетілген көрсетілетін қызметті алушының деректерінде бұзушылықтардың болуына байланысты, сұратылған қызметтен бас тарту туралы хабарлама қалыптастыру;
      15) 10-процесс – көрсетілетін қызметті алушының «Е-лицензиялау» МДҚ АЖ-да қалыптастырылған қызмет көрсету нәтижесін (электрондық құжат нысанындағы біліктілік санаты берілмейтін сертификат немесе дәлелді бас тарту) алуы. Электрондық құжат көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ-сын қолдана отырып қалыптастырылады.
      көрсетілетін қызметті беруші арқылы:
      1) 1-процесс – көрсетілетін қызметті беруші қызметкерінің мемлекеттік қызмет көрсету үшін «Е-лицензиялау» МДҚ АЖ-да логин мен парольді енгізуі (іске қосу процесі);
      2) 1-шарт – «Е-лицензиялау» МДҚ АЖ-да логин мен пароль арқылы көрсетілетін қызметті берушінің тіркелген қызметкері туралы деректердің түпнұсқалығын тексеру;
      3) 2-процесс – «Е-лицензиялау» МДҚ АЖ көрсетілетін қызметті беруші қызметкерінің деректерінде бұзушылықтардың болуына байланысты іске қосудан бас тарту туралы хабарлама қалыптастыруы;
      4) 3-процесс – көрсетілетін қызметті беруші қызметкерінің осы Регламентте көрсетілген қызметті таңдауы, қызметі көрсету үшін сұрату нысанын экранға шығару және көрсетілетін қызметті беруші қызметкерінің көрсетілетін қызметі алушы деректерін енгізуі;
      5) 4-процесс – ЭҮШ арқылы ЗТ МДҚ-ға көрсетілетін қызметті алушының деректері туралы сұрату жіберу;
      6) 2-шарт – ЗТ МДҚ-да көрсетілетін қызметті алушы деректерінің болуын тексеру;
      7) 5-процесс – ЗТ МДҚ-да көрсетілетін қызметті алушы деректерінің болмауына байланысты деректерді алудың мүмкін еместігі туралы хабарлама қалыптастыру;
      8) 6-процесс – көрсетілетін қызметті беруші қызметкерінің көрсетілетін қызметті алушы ұсынған қажетті құжаттар мен мәліметтер нысан бөлігінде сұрату нысанын толтыруы;
      9) 7-процесс – «Е-лицензиялау» МДҚ АЖ-да сұратуды тіркеу және «Е-лицензиялау» МДҚ АЖ-да көрсетілетін қызметті өңдеу;
      10) 2-шарт – өтініш бойынша деректерді тексеру;
      11) 8-процесс - «Е-лицензиялау» МДҚ АЖ құжаттарында бұзушылықтардың болуына байланысты, сұратылған қызметтен бас тарту туралы хабарлама қалыптастыру;
      12) 9-процесс – көрсетілетін қызметті алушының «Е-лицензиялау» МДҚ АЖ-да қалыптастырылған қызмет көрсету нәтижесін (электрондық құжат нысанындағы рұқсат немесе дәлелді бас тарту) алуы. Электрондық құжат көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ-сын қолдана отырып қалыптастырылады;
      13) 10-процесс – жоба маманының рұқсат беру туралы бұйрық жобасын әзірлеуі, көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қоюға жібері;
      14) 11-процесс – маманның көрсетілетін қызметті алушының сұратуына сәйкес қызмет көрсету нәтижесін (электрондық құжат) қалыптастыруы. Электрондық құжат уәкілетті лауазымды тұлғаның ЭЦҚ-сын қолдана отырып қалыптастырылады.
      Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдер (әрекеттер) ретінің, көрсетілетін қызметті беруші қызметкерлерінің өзара іс-қимылының толық сипаттамасы, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібінің сипаттамасы осы Регламентке қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестері анықтамалығында көрсетіледі.

«Туыстас емес транспаланттауды жүргізу
мақсатында гемопоэздік дің жасушаларын,
сүйек кемігін өткізген жағдайда, оларды,
сондай-ақ диагностикалық мақсаттарға
арналған немесе биомедициналық зерттеулер
жүргізу процесінде алынған жасушалардың,
тіндердің, биологиялық сұйықтықтар мен
сөлдердің, оның ішінде адамның тіршілік
әрекеті өнімдерінің, физиологиялық және
патологиялық шығындылардың, сүртінділердің,
қырындылардың, шайындылардың үлгілерін
Қазақстан Республикасының аумағына
әкелуге және Қазақстан Республикасының
аумағынан әкетуге қорытынды (рұқсат беру
құжатын) беру» мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламенті қосымша

Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы
«Туыстас емес транспаланттауды жүргізу мақсатында гемопоэздік
дің жасушаларын, сүйек кемігін өткізген жағдайда, оларды,
сондай-ақ диагностикалық мақсаттарға арналған немесе
биомедициналық зерттеулер жүргізу процесінде алынған
жасушалардың, тіндердің, биологиялық сұйықтықтар мен сөлдердің,
оның ішінде адамның тіршілік әрекеті өнімдерінің, физиологиялық
және патологиялық шығындылардың, сүртінділердің, қырындылардың,
шайындылардың үлгілерін Қазақстан Республикасының аумағына
әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге
қорытынды (рұқсат беру құжатын) беру»

*ҚФБ - құрылымдық - функционалдық бірлік: көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің), халыққа қызмет көрсету орталықтарының, «электрондық үкімет» веб-порталының өзара іс-қымылдары;

Қазақстан Республикасы     
Денсаулық сақтау және әлеуметтік
даму министрiнiң        
2015 жылғы 28 мамырдағы     
№ 401 бұйрығына        
9-қосымша            

«Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін
көрсетудің әлеуетті қызметтер берушісінің қойылатын талаптарға
сәйкестігін (сәйкес келмейтінін) анықтау» мемлекеттік
көрсетілетін қызметтің регламенті

1. Жалпы ережелер

      1. «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсетудің әлеуетті қызметтер берушісінің қойылатын талаптарға сәйкестігін (сәйкес келмейтінін) анықтау» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Медициналық қызметке ақы төлеу комитетінің аумақтық департаменттері (бұдан әрі – көрсетілетін қызмет беруші) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 294 бұйрығымен бекітілген Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11356 болып тіркелген «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсетудің әлеуетті қызметтер берушісінің қойылатын талаптарға сәйкестігін (сәйкес келмейтінін) анықтау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі – Стандарт) сәйкес көрсетеді.
      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру:
      1) көрсетілетін қызметті беруші;
      2) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы жүзеге асырылады.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 29.02.2016 № 160 (алғаш ресми жариялағаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      2. Мемлекеттік қызметті ұсыну нысаны: қағаз түрінде.
      3. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі – Стандарттың 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін (бұдан әрі – ТМККК) көрсетуге қатысу үшін әлеуетті қызметтер берушіге қойылатын талаптарға сәйкестігі (сәйкес келмейтіні) туралы хаттама.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісінде көрсетілетін
қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің)
іс-қимыл тәртібін сипаттау

      4. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (әрекетті) бастау үшін көрсетілетін қызметті алушының өтінішінің немесе электрондық сұратуының болуы, сондай-ақ Стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттар негіз болып табылады.
      5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (әрекеттің) мазмұны, оны орындау ұзақтығы:
      1) ТМККК қызметтерін берушілерді таңдау жөніндегі комиссияның (бұдан әрі – комиссия) хатшысы көрсетілетін қызметті берушіге тікелей жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушының ТМККК қызметтерін берушілерді таңдау рәсіміне қатысуға арналған өтінімін (бұдан әрі – өтінім) қабылдауды және өтінімдерді тіркеу журналына тіркеуді жүзеге асырады және өтінімнің көшірмесіне алу туралы белгіні қояды – орындау мерзімі 20 (жиырма) минут.
      Мемлекеттік корпорацияға жүгіну кезінде Мемлекеттік корпорацияның қызметкері көрсетілетін қызметті алушының өтінімін қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады. Қолхат қабылдауды растау болып табылады, оның көшірмесі Мемлекеттік корпорация филиалының құжаттарды қабылдау күні бар белгісімен және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін тапсырудың болжамды күнімен көрсетілетін қызметті алушыға беріледі – орындау мерзімі 20 (жиырма) минут.
      Мемлекеттік корпорацияның қызметкері өтінімді және оған қоса берілген құжаттарды комиссияның хатшысына тапсырады – орындау мерзімі 1(бір) күн.
      Комиссияның хатшысы көрсетілетін қызметті алушының өтінімін өтінімдерді тіркеу журналына тіркеуді жүзеге асырады – орындау мерзімі 20 (жиырма) минут;
      2) комиссияның хатшысы өтінімді және оған қоса берілген құжаттарды көрсетілетін қызметті алушының өтінімімен ТМККК қызметтерін берушілерді таңдау жөніндегі комиссияға ұсынады – орындау мерзімі 10 (он) минут;
      3) комиссия көрсетілетін қызметті алушының өтінімін қарайды:
      ұсынылған құжаттардың толықтығы және тиісті ресімделу пәніне;
      құжаттарда көрсетілген мәліметтерге мәлімделген медициналық көмектің сәйкестігіне – орындау мерзімі 3 (үш) жұмыс күні;
      4) Комиссия қараудың нәтижелері бойынша ТМККК әлеуетті қызметтер берушісінің қойылатын талаптарға сәйкестігі (сәйкес келмейтіні) туралы шешімді қабылдайды – орындау мерзімі 1 (бір) сағат;
      5) комиссияның хатшысы комиссия шешімінің негізінде ТМККК көрсетуге қатысу үшін әлеуетті қызметтер берушілерге қойылатын талаптарға сәйкестігі (сәйкес келмейтіні) туралы хаттаманы (бұдан әрі – хаттама), Стандарттың 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ресімдейді – орындау мерзімі 1 (бір) сағат;
      6) комиссия хаттамаға қолын қояды – орындау мерзімі 20 (жиырма) минут;
      7) комиссия хатшысы хаттамадан үзінді көшірмені ресімдейді – орындау мерзімі 20 (жиырма) минут;
      8) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы хаттамадан үзінді көшірмеге қолын қояды – орындау мерзімі 20 (жиырма) минут;
      9) өтінімді тікелей қабылдаған жағдайда комиссияның хатшысы хаттамадан үзінді көшірмені көрсетілетін қызметті алушыға тапсырады – орындау мерзімі 10 (он) минут;
      өтінімді Мемлекеттік корпорация арқылы қабылдаған жағдайда комиссияның хатшысы хаттамадан үзінді көшірмені Мемлекеттік корпорацияға тапсырады – орындау мерзімі 1 (бір) күн;
      Мемлекеттік корпорацияның қызметкері хаттамадан үзінді көшірмені тапсырады – орындау мерзімі 10 (он) минут.
      Ескерту. 5-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 29.02.2016 № 160 (алғаш ресми жариялағаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      6. Мынадай рәсімдерді орындауды бастауға негіздеме болатын мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижелері:
      1) тіркелген өтінім;
      2) өтінімді және оған қоса берілген құжаттарды ұсыну;
      3) көрсетілетін қызметті алушының өтінімін қарау;
      4) ТМККК әлеуетті қызметтер берушісінің қойылатын талаптарға сәйкестігі (сәйкес келмейтіні) туралы шешімді қабылдау;
      5) хаттаманы ресімдеу;
      6) хаттамаларға қол қою;
      7) хаттамадан үзінді көшірмені ресімдеу;
      8) хаттамадан үзінді көшірмеге қол қою;
      9) көрсетілетін қызметті берушінің хаттамадан үзінді көшірмені беруі немесе хаттамадан үзінді көшірмені Мемлекеттік корпорацияға жіберу және хаттамадан үзінді көшірмені Мемлекеттік корпорацияда беру.
      Ескерту. 6-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 29.02.2016 № 160 (алғаш ресми жариялағаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

3. Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісінде құрылымдық
бөлімшелердің (қызметкерлердің) өзара іс-қимыл тәртібін
сипаттау

      7. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету үдерісіне қатысатын құрылымдық бөлімшелердің (қызметкерлердің), көрсетілетін қызметтерді берушілердің тізбесі:
      1) комиссияның хатшысы;
      2) Мемлекеттік корпорацияның қызметкері;
      3) комиссия;
      4) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы.
      Ескерту. 7-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 29.02.2016 № 160 (алғаш ресми жариялағаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      8. Құрылымдық бөлімшеледің (қызметкерлердің) арасында рәсімнің реттілігін әр рәсімнің (іс-қимылдың) қызметін көрсетумен сипаттау:
      1) көрсетілетін қызмет берушіге тікелей жүгінген кезде: мемлекеттік қызметті алуға өтінімді және оған қоса берілген құжаттарды қабылдау – орындау мерзімі 20 (жиырма) минут;
      Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде: өтінімді және оған қоса берілген құжаттарды қабылдау, тіркеу және комиссияның хатшысына жіберу – орындау мерзімі 1 (бір) күн;
      2) ХҚО-ға жүгінген кезде: өтінімді және оған қоса берілген құжаттарды қабылдау, тіркеу және комиссияның хатшысына жіберу – орындау мерзімі 1 (бір) күн;
      3) комиссияның мемлекеттік қызметті көрсетуге өтініммен және оған қоса берілген құжаттармен танысуы – орындау мерзімі 10 (он) минут;
      4) комиссияның көрсетілетін қызмет алушының өтінімін қарауы – орындау мерзімі 3 (үш) жұмыс күні;
      5) комиссияның ТМККК әлеуетті қызметтер берушісінің қойылатын талаптарға сәйкестігі (сәйкес келмейтіні) туралы шешімді қабылдауы – орындау мерзімі 1 (бір) сағат;
      6) хаттаманы ресімдеу – орындау мерзімі 1 (бір) сағат;
      комиссияның хаттамаға қол қоюы – орындау мерзімі 20 (жиырма) минут;
      7) комиссия хатшысының хаттамадан үзінді көшірмені ресімдеуі - орындау мерзімі 20 (жиырма) минут;
      8) көрсетілетін қызметті беруші басшысының хаттамадан үзінді көшірмеге қол қоюы - орындау мерзімі 20 (жиырма) минут;
      9) көрсетілетін қызметті берушінің хаттамадан үзінді көшірмені тікелей қабылдау кезінде көрсетілетін қызмет берушіге беру – орындау мерзімі 10 (он) күн;
      өтінімді Мемлекеттік корпорация арқылы қабылдаған кезде хаттамадан үзінді көшірмені Мемлекеттік корпорацияға жіберу – орындау мерзімі 1 (бір) күн;
      хаттамадан үзінді көшірмені Мемлекеттік корпорацияда беру – орындау мерзімі 10 (он) минут.
      Ескерту. 8-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 29.02.2016 № 160 (алғаш ресми жариялағаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

4. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде Мемлекеттік корпорациямен өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау

      Ескерту. 4-тараудың атауы жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 29.02.2016 № 160 (алғаш ресми жариялағаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      9. Мемлекеттік корпорацияға немесе көрсетілетін қызмет берушіге жүгіну тәртібін сипаттау, көрсетілетін қызметті алушының өтінімін өңдеу ұзақтығы:
      1) мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорацияға немесе көрсетілетін қызметті берушіге жүгінеді.
      Мемлекеттік қызмет кезексіз тәртіпте, алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады.
      Мемлекеттік корпорацияға жүгіну кезінде көрсетілетін қызметті алушының өтінімін қабылдау «электрондық кезек» тәртібінде жеделдетілген қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады. Көрсетілетін қызметті алушының қалауы бойынша электрондық кезекті портал арқылы «брондауға» болады;
      2) көрсетілетін қызметті алушының (немесе оның өкілінің сенімхаты бойынша) жүгінуі кезінде көрсетілетін мемлекеттік қызметті көрсету үшін Стандарттың 9-тармағына сәйкес қажетті құжаттардың тізбесін ұсынады;
      3) көрсетілетін қызмет алушының Мемлекеттік корпорацияға өтінімін өңдеудің ұзақтығы – орындау уақыты 20 минуттан аспайды;
      4) көрсетілетін қызмет алушының өтінімін Мемлекеттік корпорациядан көрсетілетін қызмет берушіге жіберу мерзімі – орындау мерзімі 1 (бір) жұмыс күні.
      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 29.02.2016 № 160 (алғаш ресми жариялағаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      10. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін Мемлекеттік корпорация арқылы алу үрдісін сипаттау, оның ұзақтығы:
      1) Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін алу үшін көрсетілетін қызметті алушы өтінімді беру кезінде оған берілген қолхатпен бірге Мемлекеттік корпорацияға жүгінеді;
      2) Мемлекеттік корпорацияның қызметкері қолхаттың негізінде көрсетілетін қызмет алушыға мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижелерін қағаз тасымалдағышта тапсырады. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижелерін Мемлекеттік корпорацияға тапсыру ұзақтығы – 20 минуттан аспайды.
      Рәсімдер (іс-қимылдар) реттілігінің, мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті беруші қызметкерлерінің өзара іс-қимылының толық сипаттамасы осы Регламентке қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі.
      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 29.02.2016 № 160 (алғаш ресми жариялағаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

«Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген
көлемін көрсетудің әлеуетті қызметтер   
берушісінің қойылатын талаптарға сәйкестігін
(сәйкес келмейтінін) анықтау» мемлекеттік  
көрсетілетін қызмет регламентіне қосымша  

«Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін
көрсетудің әлеуетті қызметтер берушісінің қойылатын талаптарға
сәйкестігін (сәйкес келмейтінін) анықтау» мемлекеттік
көрсетілетін қызметті көрсетудің бизнес-процестерінің
анықтамалығы

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 29.02.2016 № 160 (алғаш ресми жариялағаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

*ҚФБ - құрылымдық-функционалдық бірлік: көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің), Мемлекеттік корпорацияның өзара іс-қимылы;

Қазақстан Республикасы    
Денсаулық сақтау және әлеуметтік
даму министрiнiң       
2015 жылғы 28 мамырдағы    
№ 401 бұйрығына       
10-қосымша          

«Медициналық технологияларға клиникалық зерттеулер жүргізуге
рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1. Жалпы ережелер

      1. «Медициналық технологияларға клиникалық зерттеу жүргізуге рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 294 бұйрығымен бекітілген Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11356 болып тіркелген «Медициналық технологияларға клиникалық зерттеу жүргізуге рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі – Стандарт) сәйкес Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
      Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
      2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.
      3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – клиникалық зерттеу жүргізуге рұқсат немесе рұқсатты беруден бас тарту туралы дәлелді жауап.
      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде қызметті беруші
құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл
тәртібінің сипаттамасы

      4. Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастау үшін негіздеме көрсетілетін қызметті алушы өтінішті немесе электрондық сұранысты, сондай-ақ Стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсыну болып табылады.
      5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оны орындау ұзақтығы:
      1) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Ғылым және адами ресурстар департаменті (бұдан әрі - Департамент) қеңсесінің қызметкері мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды қабылдайды және тіркейді, орындау мерзімі - 15 (он бес) минут;
      2) қөрсетілетін қызметті берушінің басшысы орындаушыны анықтайды - орындау мерзімі 15-20 минут;
      3) Департаменттің жауапты орындаушысы өтініштерді қарайды, құжаттар пакетінің толықтығын, Стандарттың 9-тармағында көзделген құжаттардың сәйкестігін (сәйкес еместігін) тексереді, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Медициналық ғалымдар кеңесінің (бұдан әрі – Ғалымдар кеңесі) мүшелерінің сараптамасына жіберу үшін құжаттарды дайындайды. Егер ұсынылған құжаттар толық және (немесе) қойылатын талаптарға сәйкес болмаса, өтінішті қарауды тоқтату туралы дәлелді жауап әзірлейді, орындау мерзімі – 1 (бір) жұмыс күні;
      4) Ғалымдар кеңесі мүшелері ұсынылған құжаттарға сараптама жүргізеді, орындау мерзімі – 17 (он жеті) жұмыс күні;
      5) Департаменттің жауапты орындаушысы Ғалымдар кеңесінің төрағасымен Ғалымдар кеңесі өтетін күнді келіседі, орындау мерзімі - 1 (бір) жұмыс күні;
      6) Ғалымдар кеңесінің мүшелері отырыста сараптаманың нәтижелерін қарайды және рұқсат беру немесе рұқсат беруден бас тарту туралы дәлелді жауап жөніндегі шешім қабылдайды, орындау мерзімі – 1 (бір) жұмыс күні;
      7) Департаменттің жауапты орындаушысы рұқсат беру немесе рұқсат беруден бас тарту туралы дәлелді жауапты ресімдейді және Ғалымдар кеңесі төрағасының қолын алады, орындау мерзімі - 2 (екі) жұмыс күні.
      6. Мынадай рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастау үшін негіздеме болатын мемлекеттік қызметті көрсету рәсімінің (іс-қимылының) нәтижесі:
      1) кіріс нөмірімен тіркелген өтініш;
      2) жауапты орындаушыны анықтау;
      3) ұсынылған құжаттардың толықтығын және сәйкестігін анықтау, құжаттарды Ғалымдар кеңесі мүшелеріне сараптамаға жолдауға дайындау немесе өтінішті қарау тоқтатылатыны туралы дәлелді бас тартуды жолдау;
      4) ұсынылған құжаттарға сараптама жүргізу;
      5) Ғалымдар кеңесі төрағасымен Ғалымдар кеңесі өтетін күнді келісу;
      6) Ғалымдар кеңесі отырысын ұйымдастыру және өткізу және рұқсат беруді немесе рұқсат беруден бас тарту туралы шешім қабылдау;
      7) рұқсат беруді немесе рұқсат беруден бас тарту туралы дәлелді жауапты ресімдеу және оған қол қою.

3. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін
қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің өзара іс-қимыл
тәртібінің сипаттамасы

      7. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіне көрсетілетін қызмет берушінің мынадай құрылымдық бөлімшелері қатысады:
      1) Құжаттар айналымы және бақылауды қамтамасыз ету басқармасы;
      2) Ғылым және адами ресурстар департаменті;
      3) Ғалымдар кеңесі.
      8. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсетіп, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдер (іс-қимылдар) реттілігін сипаттау:
      1) құжаттарды қабылдау және тіркеу, орындау мерзімі - 15 (он бес) минут;
      2) жауапты орындаушыны анықтау, орындау мерзімі - 15-20 (он бес-жиырма) минут;
      3) ұсынылған құжаттардың толықтығын, сәйкестігін анықтау, Ғалымдар кеңесі мүшелерінің сараптамасына жіберу үшін деректерді дайындау немесе өтінішті қарауды тоқтату туралы дәлелді жауапты жіберу, орындау мерзімі – 1 (бір) жұмыс күні;
      4) ұсынылған құжаттарға сараптама жүргізу, орындау мерзімі – 17 (он жеті) жұмыс күні;
      5) Ғалымдар кеңесінің төрағасымен Ғалымдар кеңесі өтетін күнді келісу, орындау мерзімі - 1 (бір) жұмыс күні;
      6) Ғалымдар кеңесі отырысын ұйымдастыру және өткізу және рұқсат беру немесе рұқсат беруден бас тарту туралы шешім қабылдау, орындау мерзімі – 1 (бір) жұмыс күні;
      7) рұқсат беру немесе рұқсат беруден бас тарту туралы дәлелді жауапты ресімдеу және оған қол қою, орындау мерзімі - 2 (екі) жұмыс күні.
      9. Рәсімдердің (іс-қимылдың) мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызмет беруші қызметкерлерінің өзара іс-қимыл реттілігінің жете сипаттамасы, сонымен қатар мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібінің осы сипаттамасы Регламентке 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі.

«Медициналық технологияларға      
клиникалық зерттеу жүргізуге      
рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентіне          
қосымша               

Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы
«Медициналық технологияларға клиникалық зерттеу жүргізуге
рұқсат беру»