«Астық туралы» 2001 жылғы 19 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 30) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналардың көлемi мен құрылымы:
мемлекеттiк азық-түлiктiк астық резервi 500000 (бес жүз мың) тонна мөлшерiнде;
мемлекеттiк жемдiк астық ресурстары 5000 (бес мың) тоннаға дейiнгi мөлшерде;
мемлекеттiк тұқым ресурстары 100000 (бiр жүз мың) тоннаға дейiнгi мөлшерде;
мемлекеттiк сатылатын астық ресурстары 550000 (бес жүз елу мың) тоннаға дейiнгi мөлшерде бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру мен қайта өңдеу және фитосанитариялық қауіпсіздік департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі А. Мамытбеков
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрі
_____________ Б. Сұлтанов
2015 жылғы « »
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрі
___________ Е. Досаев
2015 жылғы « »