"Жеке істері бойынша Қазақстан Республикасына кіруіне шақыруларды ресімдеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 30 мамырдағы № 496 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 7 шілдеде № 11570 тіркелді

Қолданыстағы

      «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса берiлiп отырған «Жеке істері бойынша Қазақстан Республикасына кіруіне шақыруларды ресімдеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекiтiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасы Iшкi істер министрлiгiнiң Көшi-қон полициясы департаменті:
      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлiгiнде заңнамада белгіленген тәртіпте мемлекеттік тiркеудi;
      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарында және «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдауды;
      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Iшкi істер министрлiгiнiң интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Iшкi істер министрiнiң орынбасары Е.З. Тургумбаевқа және Қазақстан Республикасы Iшкi істер министрлiгiнiң Көшi-қон полициясы департаментіне (С.С. Сайынов) жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Ішкі істер министрі
      полиция генерал-полковнигі                 Қ. Қасымов

Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2015 жылғы 30 мамырдағы
№ 496 бұйрығымен   
бекітілген     

«Жеке істері бойынша Қазақстан Республикасына кіруіне
шақыруларды ресімдеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет
регламенті

1. Жалпы ережелер

      1. «Жеке істері бойынша Қазақстан Республикасына кіруіне шақыруларды ресімдеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті (бұдан әрі – регламент) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 344 бұйрығымен бекітілген «Жеке істері бойынша Қазақстан Республикасына кіруіне шақыруларды ресімдеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (Нормативтік құқықтық актілер мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11101 тіркелді) (бұдан әрі – стандарт) сәйкес көрсетілетін қызметті алушының тұрғылықты тұратын орны бойынша көрсетіледі.
      2. Мемлекеттік қызметті Министрліктің www.mvd.gov.kz интернет-ресурсында «Ішкі істер органдарының қызметі туралы» бөлімінде көрсетілген мекенжайлар бойынша Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің аумақтық бөліністері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
      3. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.
      4. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша белгіленген үлгідегі хабарлама не мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 10-қосымшада көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

2. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөліністерінің
(қызметкерлерінің) мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі
іс-әрекеттері тәртібінің сипаттамасы

      5. Мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі рәсімдерді (іс-қимылдарды) бастау үшін негіз көрсетілетін қызметті берушіге немесе Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынның (бұдан әрі – ХҚКО) қызметкеріне берілген стандарттың 9-тармағына сәйкес құжаттар қоса берілген көрсетілетін қызметті алушының қағаз тасымалдағыштағы өтініш-сауалнамасы (бұдан әрі – сауалнама) болып табылады.
      6. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оны орындау ұзақтығы:
      1) көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушіге берген не ХҚКО-дан келіп түскен өтінішін онда көрсетілген мәліметтердің дұрыстығына, сондай-ақ стандарттың 9-тармағында көрсетілген тізбеге сәйкес келуін отыз минут ішінде тексеру;
      2) мемлекеттік қызметті алуға өтінішті көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде он минут ішінде тіркеу;
      3) Ішкі істер департаменті Көші-қон полициясы басқармасы (бұдан әрі – ІІД КҚПБ) басшысының ІІД КҚПБ орындаушысын он минут ішінде таңдауы;
      4) ІІД КҚПБ орындаушысының көрсетілетін қызмет алушы және шақырылатын адам туралы ақпаратты «Бүркіт» бірыңғай ақпараттық жүйесінің «Бүркіт-ІІМ» кіші жүйесіне бір жұмыс күні ішінде енгізуі;
      5) ІІД КҚПБ орындаушысының бір жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушы мен шақырылатын адамды стандарттың 10-тармағында көзделген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздердің бар-жоғына Ішкі істер минитстрлінің Ақпараттық деректер базасы (бұдан әрі – АДБ) арқылы қашықтықтан қолжетімдік арқылы Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің есептері бойынша тексеруі;
      6) ІІД КҚПБ орындаушысының АДБ арқылы тексеру нәтижелерінің негізінде жеке істері бойынша Қазақстан Республикасына кіруіне шақыруды не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты бір жұмыс күні ішінде ресімдеуі;
      7) ІІД КҚПБ басшылығы жеке істері бойынша Қазақстан Республикасына кіруіне шақыруға қол қояды және ІІД КҚПБ елтаңбалық мөрімен куәландырады не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты он минут ішінде береді;
      8) көрсетілетін қызметті берушінің жеке істері бойынша Қазақстан Республикасына кіруіне шақыруды немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты беруі;
      9) ХҚКО-ға жеке істері бойынша Қазақстан Республикасына кіруіне шақыруды немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты (ХҚКО арқылы өтініш берген көрсетілетін қызметті алушылар үшін) бір жұмыс күні ішінде жолдау.
      7. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі күнтізбелік 5 күнді құрайды.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті
берушінің құрылымдық бөліністерінің (қызметкерлерінің)
өзара-іс-қимыл жасасу тәртібінің сипаттамасы

      8. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөліністерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
      1) көрсетілетін қызметті алушыдан құжаттарды қабылдауды жүзеге асыратын ІІД КҚПБ орындаушысы;
      2) ІІД КҚПБ кеңсе қызметкері;
      3) ІІД КҚПБ бастығы (бастықтың орынбасары);
      4) ІІД КҚПБ жауапты орындаушысы.
      9. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөліністер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдер (іс-қимылдар) реттілігінің сипаттамасы:
      1) отыз минут ішінде құжаттарды қабылдау, көрсетілетін қызмет алушы ұсынған құжаттардың толықтығы мен шынайылығын тексеру;
      2) он минут ішінде қағаз тасымалдағышта келіп түскен мемлекеттік қызметті алуға өтінішті келіп түскен күні тіркеу;
      3) ІІД КҚПБ басшылығының ІІД КҚПБ орындаушысын таңдауы;
      4) бір жұмыс күні ішінде ІІД КҚПБ орындаушысының сұрау салуда ұсынылған құжаттарды мемлекеттік қызмет көрсету үшін негіздердің болмауына тексеруі;
      5) бір жұмыс күні ішінде ІІД КҚПБ орындаушысының жеке істері бойынша Қазақстан Республикасына кіруіне шақырулар туралы нәтижелердің негізінде не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты ресімдеуі;
      6) он минут ішінде ІІД КҚПБ бастығының жеке істері бойынша Қазақстан Республикасына кіруіне шақыруға не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапқа қол қоюы.

4. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде халыққа қызмет
көрсету орталығымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті
берушілермен өзара іс-қимыл жасасу тәртібінің, сондай-ақ
ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібінің сипаттамасы

      10. Халыққа қызмет көрсету орталығына және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілерге жүгіну тәртібінің сипаттамасы, көрсетілетін қызмет алушының сұрау салуын өңдеу ұзақтығы:
      1) он бес минут ішінде ХҚКО қызметкерінің өтініште көрсетілген мәліметтердің дұрыстығын, сондай-ақ құжаттардың стандартың 9-тармағында көрсетілген тізбеге сәйкестігін тексеруі;
      2) бес минут ішінде көрсетілетін қызметті алушының жеке басының ұсынылған жеке басты куәландыратын құжат бойынша сәйкестендіру;
      3) бес минут ішінде тұрғылықты жері бойынша тіркеу туралы мәліметті тексеру;
      4) қабылданған құжаттар қарау үшін көрсетілетін қызметті берушіге бір жұмыс күні ішінде жолданады;
      5) қабылдаған құжаттарды көрсетілетін қызметті берушіге жеткізгеннен кейін мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөліністерінің (қызметкерлерінің) іс-қимылдарының тәртібі осы регламенттің 2-бөлімі 6-тармағының 1) – 9) тармақшаларына сәйкес жүзеге асырылады;
      6) стандарттың 10-тармағында көзделген мемлекеттік қызметті ұсынудан бас тартқан жағдайда ХҚКО қызметкері көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы қолхат береді;
      7) мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін КҚПБ қызметкері ХҚКО-ға стандартта көзделген мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталардан бір күн бұрын жолдайды.
      11. Жеке істері бойынша Қазақстан Республикасына кіруіне шақыруды не көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты беруді ХҚКО-ның қызметкері қолхат негізінде онда көрсетілген мерзімде күн сайын «терезе» арқылы жүзеге асырады.
      12. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөліністерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл жасасу рәсімдерінің (іс-қимылдарының) реттілігінің толық сипаттамасы, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен және (немесе) халыққа қызмет көрсету орталығымен өзара іс-қимыл жасасу тәртібінің және ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібінің сипаттамасы осы регламентке қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі.
      Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі және қажетті құжаттар, оларды толтыру үлгілері туралы толық ақпарат, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы Ішкі істер министрлігінің www.mvd.gov.kz, облыстардың, Алматы, Астана қалаларының интернет-ресурсында, сондай-ақ ресми ақпарат көздері мен Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің аумақтық бөліністерінде орналасқан стенділерде орналастырылады.

«Жеке істері бойынша Қазақстан 
Республикасына кіруіне шақыруларды
ресімдеу» мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентіне қосымша  

Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процесінің анықтамалығы
«Жеке істері бойынша Қазақстан Республикасына кіруіне
шақыруларды ресімдеу»