«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 10-бабы 2) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес «Авторлық құқықпен қорғалатын туындыларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
2) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес «Мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымдарды аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
3) осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес «Жарияланбаған туындылардың қолжазбаларын сақтауға тапсыру туралы анықтамалар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті.
2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы департаменті осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін және оның Қазақстан Республикасының заңымен белгіленген тәртіпте ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Мыналардың:
1) «Авторлық және сабақтас құқықтар саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2014 жылғы 27 ақпандағы № 85 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімде 2014 жылғы 15 наурызда № 9224 болып тіркелген, 2014 жылғы 14 мамырда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);
2) «Авторлық және сабақтас құқықтар саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2014 жылғы 27 ақпандағы № 85 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2014 жылғы 13 маусымдағы № 200 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2014 жылғы 1 тамызда № 9661 болып тіркелген, 2014 жылғы 12 тамызда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің міндетін атқарушы З. Баймолдина
Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2015 жылғы 29 мамырдағы
№ 305 бұйрығына
1-қосымша
«Авторлық құқықпен қорғалатын туындыларға құқықтарды
мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. «Авторлық құқықпен қорғалатын туындыларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 250 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 19 маусымда № 11400 болып тіркелеген) «Авторлық құқықпен қорғалатын туындыларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу» мемлекеттiк көрсетілетін қызметтер стандартының (бұдан әрі – Стандарт) негізінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – авторлық құқық объектісіне құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы куәлік не ұсынылған материалдарды қайтара отырып, қағаз тасығышта берілетін қараудан бас тарту туралы дәлелді жауап.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызмет
берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл
тәртібін сипаттау
4. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушының өтінішін және Стандарттың 9-тармағында көрсетілген мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажет өзге де құжаттарын алу мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі рәсімдерді (іс-қимылдарды) бастауға негіздеме болып табылады.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына енетін рәсімдер (іс-қимылдар):
1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкерімен өтінішті мемлекеттік органдардың бірыңғай электронды құжат айналым жүйесінде (бұдан әрі – БЭҚАЖ) тіркеу;
2) өтінішті Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Зияткерлік меншік құқығы департаментінің (бұдан әрі – Департамент) басшысының қарауы;
3) өтінішті Департамент басшысы орынбасарының қарауы;
4) өтінішті Департаментінің авторлық және сабақтас құқықтар бойынша басқармасы (бұдан әрі – басқармасы) басшысының қарауы;
5) өтінішті басқармасының бас сарапшысы немесе сарапшысының қарауы және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ресімдеуі;
6) көрсетілетін қызметті беруші басшысының орынбасарының мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесіне қол қоюы;
7) көрсетілетін қызметті алушысына мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін жолдауы.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті
берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара
іс-қимылының сипаттамасы
6. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне көрсетілетін қызметті берушінің мына құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлері) қатысады:
1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері;
2) көрсетілетін қызметті беруші басшысының орынбасары;
3) Департаментінің басшысы;
4) Департамент басшысының орынбасары;
5) басқармасының басшысы;
6) басқармасының бас сарапшысы немесе сарапшысы.
7. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлері) арасындағы процестер (іс-қимылдар) кезектілігінің сипаттамасы:
1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері құжаттар түскен күні үш сағат ішінде алынған құжаттарды тіркеуден өткізеді және Департаментінің басшысына қарауға жібереді, бұл ретте, өтініштің оң жақ төменгі бұрышына түскен күні мен кіріс нөмірі көрсетілген мемлекеттік тілдегі тіркеу мөртаңбасы қойылады;
2) Департаментінің басшысы өтінішті қарап, құжаттар түскен күні үш сағат ішінде Департамент басшысының орынбасарына нұсқаумен жібереді;
3) Департамент басшысының орынбасары құжаттар түскен күні үш сағат ішінде басқармасының басшысына нұсқаумен жібереді;
4) басқармасының басшысы өтінішті қарап, құжаттар түскен күні үш сағат ішінде басқармасының бас сарапшысы немесе сарапшысына нұсқаумен жібереді;
5) басқармасының бас сарапшысы немесе сарапшысы құжаттар пакетін қарауға алғаннан бастап он алты жұмыс күні ішінде, көрсетілетін қызметті алушының өтінішін қарайды, телнұсқасын берген кезде алты жұмыс күні ішінде мерзімінде көрсетіледі, сосын көрсетілетін қызметті берушінің басшысы орынбасарының қолын қоюға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін жолайды.
6) көрсетілетін қызметті берушінің басшысының орынбасары бір жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесіне қол қояды:
7) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін бір жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушының мекенжайына пошта арқылы жібереді.
Мемлекеттік қызмет құжаттарды тапсырғаннан кейін 20 (жиырма) жұмыс күні мерзімі ішінде, телнұсқасын берген кезде 10 (он) жұмыс күні мерзімінде көрсетіледі7
Мемлекеттік қызметті алу схемасы осы регламенттің қосымшасында көрсетілген.
4. Халыққа қызмет көрсету орталығымен және (немесе) өзге де
көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл жасасу
тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде
ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау.
8. Мемлекеттік қызмет қағаз түрінде көрсетіледі.
Көрсетілетін қызметті беруші халыққа қызмет көрсету орталығымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл жасамайды.
«Авторлық құқықпен қорғалатын
туындыларға құқықтарды
мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет регламентіне
қосымша
Мемлекеттік қызметті көрсет схемасы
көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде
Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2015 жылғы 29 мамырдағы
№ 305 бұйрығына
2-қосымша
«Мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымдарды
аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. «Мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымдарды аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 250 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 19 маусымда № 11400 болып тіркелеген) «Мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымдарды аккредиттеу» мемлекеттiк көрсетілетін қызметтер стандартының (бұдан әрі – Стандарт) негізінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші), оның ішінде www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы немесе www.elicense.kz «Е-лицензиялау» веб-порталы арқылы көрсетіледі.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз жүзінде.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі:
1) қызмет берушіге жүгінген кезде – бес жыл мерзiмге аккредиттеу туралы куәлiк немесе қағаз тасығышта берілетін мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
2) портал арқылы жүгінген кезде – бес жыл мерзiмге аккредиттеу туралы куәлiк немесе «жеке кабинетте» - көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанда берілетін мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі нысаны осы регламенттің
1-қосымшасында көрсетілген.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызмет
берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл
тәртібін сипаттау
4. Мемлекеттік қызмет көрсету рәсімдерінің (іс-қимылдарды) негіздемесі көрсетілетін қызмет берушінің көрсетілетін қызметті алушының өтінішін және Стандарттың 9-тармағында мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажет құжаттарын алу немесе көрсетілетін қызметті алушының Стандарттың 9-тармағында көрсетілген мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажет электрондық сұрауын алу болып табылады.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына енетін рәсімдер (іс-қимылдар):
1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкерімен өтінішті мемлекеттік органдардың бірыңғай электронды құжат айналым жүйесінде (бұдан әрі – БЭҚАЖ) тіркеу;
2) өтінішті көрсетілетін қызмет берушінің басшысы орынбасарының қарауы;
3) өтінішті Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Зияткерлік меншік құқығы департаментінің (бұдан әрі –Департамент) басшысының қарауы;
4) өтінішті Департамент басшысы орынбасарының қарауы;
5) өтінішті Департаментінің авторлық және сабақтас құқықтар бойынша басқармасы (бұдан әрі – басқармасы) басшысының қарауы;
6) өтінішті басқармасының бас сарапшысы немесе сарапшысымен қарауы;
7) өтінішті ұйымды аккредиттеудi мүлiктiк құқықтарды ұжымдық негiзде басқаратын ұйымдарды акредиттеу жөнiндегi комиссиямен (бұдан әрі – комиссия) қарауы және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ресімдеуі;
8) көрсетілетін қызметті беруші басшысының орынбасарымен мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесіне қол қоюы;
9) көрсетілетін қызмет алушысына мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін жолдауы.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті
берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара
іс-қимылының сипаттамасы
6. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне көрсетілетін қызметті берушінің мына құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлері) қатысады:
1) көрсетілетін қызмет беруші кеңсесінің қызметкері;
2) көрсетілетін қызмет беруші басшысының орынбасары;
3) Департаментінің басшысы;
4) Департамент басшысының орынбасары;
5) басқармасының басшысы;
6) басқармасының бас сарапшысы немесе сарапшысы.
7. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлері) арасындағы процестер (іс-қимылдар) кезектілігінің сипаттамасы:
1) көрсетілетін қызмет беруші кеңсесінің қызметкері құжаттар түскен күні үш сағат ішінде, алынған құжаттарды БЭҚАЖ-да тіркеуден өткізеді және көрсетілетін қызметті беруші басшысының орынбасарына қарауға жібереді, бұл ретте, өтініштің оң жақ төменгі бұрышына түскен күні мен кіріс нөмірі көрсетілген мемлекеттік тілдегі тіркеу мөртаңбасы қойылады;
2) көрсетілетін қызмет беруші басшысының орынбасары құжаттар түскен күннен бастап бір жұмыс күні ішінде Департаментінің басшысына нұсқаумен жібереді;
3) Департаментінің басшысы құжаттар түскен күні үш сағат ішінде Департамент басшысының орынбасарына нұсқаумен жібереді;
4) Департамент басшысының орынбасары құжаттар түскен күні үш сағат ішінде өтінішті басқармасының басшысына нұсқаумен жібереді;
5) өтінішті басқармасының басшысы құжаттар түскен күні үш сағат ішінде өтінішті басқармасының бас сарапшысына немесе сарапшысына нұсқаумен жібереді;
6) өтінішті басқармасының бас сарапшысы немесе сарапшысы түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде құжаттар пакетін қарауға алғаннан кезден бастап көрсетілетін қызметті алушының өтінішін қарайды, телнұсқасын берген кезде бес жұмыс күні ішінде мерзімінде көрсетіледі, мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажет құжаттарды комиссияның қарауына жолдайды.
7) комиссия отырысының қорытындылары бойынша көрсетілетін қызмет беруші отырыс аяқталған күннен кейiн бес жұмыс күнiнен аспайтын мерзiмде аккредиттеу туралы немесе аккредитеуден дәлелді бас тарту туралы шешiм қабылдайды. Аккредиттеу туралы шешім қабылдаған жағдайда көрсетілетін қызмет беруші көрсетілетін қызмет алушыға бес жыл мерзiмге аккредиттеу туралы куәлiк бередi.
8) көрсетілетін қызметті беруші басшысының орынбасары бір жұмыс күні ішінде куәлікке немесе аккредиттеудан дәлелді бас тарту жауабына қол қояды;
9) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін бір жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушының мекенжайына пошта арқылы жібереді.
Мемлекеттік қызметті алу схемасы осы регламенттің 2-қосымшасында көрсетілген.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі өзара іс-қимыл
және пайдалану тәртібінің сипаттамасы
8. Көрсетілетін қызмет беруші мемлекеттік қызмет көрсету процесінде халыққа қызмет көрсету орталықтары және (немесе) басқа көрсетілетін қызмет берушілерімен байланыспайды.
9. Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушының өтініш беру тәртібі мен көрсетілетін қызмет алушы және көрсетілетін қызмет беруші рәсімінің (іс-қыймылдар) кезектілігінің сипаттамасы мемлекеттік қызмет көрсету көрсету қолданылатын ақпараттық жүйелердің функционалдық іс-қимылдар диаграммасы түрінде кестелік нысанда осы Регламенттің 3-қосымшасында келтірілген.
Мемлекеттік қызмет көрсету рәсімдерінің (іс-қимылдарды) негіздемесі көрсетілетін қызмет берушінің көрсетілетін қызметті алушының Стандарттың 9-тармағында көрсетілген мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажет электрондық сұрауын алу болып табылады.
Ескертпе: көрсетілетін қызметті алушы порталда тіркелуі және авторизациялануы тиіс.
10. Мемлекеттік қызметті алушының портал арқылы жүгінген кезіндегі көрсетілетін қызметті берушінің өтініш беру тәртібі мен рәсімдер (іс-қимылдар) кезектілігінің сипаттамасы:
1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері порталға құжаттар түскен күннен бастап бір жұмыс күні ішінде алынған құжаттарды порталда тіркеуден өткізеді және портал арқылы заң қызметін көрсету және көрсетілетін қызметті беруші басшысы орынбасарының қарауына береді.
2) көрсетілетін қызметті беруші басшысының орынбасары Департаментінің басшысына нұсқаумен жібереді;
3) Департаментінің басшысы Департаментінің басшысы орынбасарына нұсқаумен жібереді;
4) Департамент басшысының орынбасары өтінішті басқармасының басшысына нұсқаумен жібереді;
5) өтінішті басқармасының басшысы құжаттар түскен күннен бастап бір жұмыс күні ішінде өтінішті басқармасының бас сарапшысына немесе сарапшысына нұсқаумен жібереді;
6) өтінішті басқармасының бас сарапышысы немесе сарапшысы құжаттар пакетін көрсетілетін қызметті берушіге тапсырған кезден бастап құжаттарды комиссияның қарауына дайындайды.
7) комиссия отырысының қорытындылары бойынша көрсетілетін қызметті беруші отырыс аяқталған күннен кейiн бес жұмыс күнiнен аспайтын мерзiмде аккредиттеу туралы немесе бас тарту туралы шешiм қабылдайды. Аккредиттеу туралы шешім қабылдаған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға бес жыл мерзiмге аккредиттеу туралы куәлiк бередi;
8) көрсетілетін қызметті беруші басшысының орынбасары бір жұмыс күні ішінде куәлікке немесе аккредиттеудан бас тартуға қол қояды:
Көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызмет алушының жеке кабинетіне автоматты түрде жолданады.
«Мүліктік құқықтарды
ұжымдық негізде басқаратын
ұйымдарды аккредиттеу»
1-қосымша
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі нысаны
«Мүліктік құқықтарды
ұжымдық негізде басқаратын
ұйымдарды аккредиттеу»
2-қосымша
Көрсетілетін мемлекеттік қызметті алу схемасы
көрсетілетін қзметті берушіге жүгінген кезде
Көрсетілетін мемлекеттік қызметті алу схемасы
«электрондық үкіметтің» порталы арқылы
«Мүліктік құқықтарды
ұжымдық негізде басқаратын
ұйымдарды аккредиттеу»
3-қосымша
ЭҮП арқылы электрондық мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде
функционалдық өзара іс-қимылдың № 1 диаграммасы
Көрсетілетін қызметті берушінің және көрсетілетін қызметті алушының өтініш беру және рәсімдер (іс-қимылдар) кезектілігі тәртібінің сипаттамасы:
1) көрсетілетін қызметті алушы өзінің ЭЦҚ тіркеу куәлігінің көмегімен порталда тіркеуді жүзеге асырады, ол көрсетілетін қызметті алушының компьютерінің интернет-браузерінде сақталады (порталға тіркелмеген тұтынушылар үшін жүзеге асырылады);
2) 1-процесс – көрсетілетін қызметті алушының компьютерінің интернет-браузеріне ЭЦП тіркеу куәлігін бекіту, мемлекеттік қызметті алу үшін порталда алушының паролін енгізу процесі (авторизациялау процесі);
3) 1-шарт - тіркелген көрсетілетін қызметті алушы туралы деректердің түпнұсқалығын логин (ЖСН) және пароль арқылы порталда тексеру;
4) 2-процесс - порталда көрсетілетін қызметті алушылар деректерінде бар бұзушылықтарға байланысты авторизацияда бас тарту туралы хабарды қалыптастыру;
5) 3-процесс – осы Регламентте көрсетілген қызметті алушының порталда таңдауы, қызмет көрсету үшін сұрау нысанын экранға шығару және оның құрылымы мен форматтық талаптарын ескере отырып (деректерді енгізу) нысанды алушының толтыруы, сұрау салу нысанына қажетті құжаттарды электрондық түрде тіркеуі;
6) 4-процесс – ЭҮТШ-де қызметтерді төлеу, сосын ол ақпарат порталға түседі;
7) 2-шарт – қызмет көрсеткені үшін төлегені туралы фактіні порталда тексеру;
8) 5-процесс – қызмет көрсеткені үшін порталда төлемнің болмауына байланысты, сұратылып отырған қызметтен бас тарту туралы хабарлама қалыптастыру;
9) 7-процесс алушының сұрау салуды куәландыру (қол қою) үшін ЭЦҚ тіркеу куәлігін таңдауы;
10) 3-шарт порталда ЭЦҚ тіркеу куәлігінің қолданыс мерзімін, тізімде кері қайтарылған (жойылған) тіркеу куәліктерінің болмауын, сондай-ақ сәйкестендіру нөмірлерінің сұрау салуда көрсетілген ЖСН және ЭЦҚ тіркеу куәлігінде көрсетілген ЖСН арасында сәйкестендіру деректерінің сәйкестігін тексеру;
11) 7-процесс – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ түпнұсқалығын растамауға байланысты сұратылып отырған қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
12) 8-процесс – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ арқылы қызмет көрсетуге сұрау салудың толтырылған нысанын (енгізілген деректерін) куәландыру (қол қою);
13) 9-процесс – порталда электрондық құжатты (алушының сұрау салуын) тіркеу және сұрау салуды порталда салуды өңдеу. Электрондық құжат көрсетілетін мемлекеттік қызмет берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ қолдану арқылы жасалады.
Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2015 жылғы 29 мамырдағы
№ 305 бұйрығына
3-қосымша
«Жарияланбаған туындылардың қолжазбаларын сақтауға тапсыру
туралы анықтамалар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет
регламенті
1. Жалпы ережелер
1. «Жарияланбаған туындылардың қолжазбаларын сақтауға тапсыру туралы анықтамалар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 250 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 19 маусымда № 11400 болып тіркелеген) «Қолжазбаны сақтауға, жарияланбаған туындылардың қолжазбаларын сақтауға тапсыру туралы анықтамалар беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – Стандарт) негізінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны – қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – қолжазбаны сақтауға, жарияланбаған туындылардың қолжазбаларын сақтауға қабылдау туралы анықтама.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызмет
берушінің құрылымдық бөлімшелерінің іс-қимыл тәртібін сипаттау
4. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушының өтінішін және Стандарттың 9-тармағында көрсетілген өзге де мемлекеттік қызметті көрсетуге қажет құжаттарын алу мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі рәсімдерді (іс-қимылдарды) бастауға негіздеме болып табылады.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына енетін рәсімдер (іс-қимылдар):
1) өтінішті көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу;
2) өтінішті Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Зияткерлік меншік құқығы департаментінің (бұдан әрі –Департамент) басшысының қарауы;
3) өтінішті Департамент басшысы орынбасарының қарауы;
4) өтінішті Департаментінің авторлық және сабақтас құқықтар бойынша басқармасы (бұдан әрі – басқармасы) басшысының қарауы;
5) басқармасының бас сарапшысы немесе сарапшысының өтінішті қарауы және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ресімдеуі;
6) көрсетілетін қызметті беруші басшысының орынбасарының мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесіне қол қоюы;
7) көрсетілетін қызметті алушысына мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін жолдауы.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті
берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара
іс-қимылының сипаттамасы
6. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне көрсетілетін қызметті берушінің мына құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлері) қатысады:
1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері;
2) көрсетілетін қызметті беруші басшысының орынбасары;
3) Департаментінің басшысы;
4) Департамент басшысының орынбасары;
5) басқармасының басшысы;
6) басқармасының бас сарапшысы немесе сарапшысы.
7. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлері) арасындағы процестер (іс-қимылдар) кезектілігінің сипаттамасы:
1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері құжаттар түскен күні үш сағат ішінде алынған құжаттарды тіркеуден өткізеді және Департаментінің басшысына қарауға жібереді, бұл ретте, өтініштің оң жақ төменгі бұрышына түскен күні мен кіріс нөмірі көрсетілген мемлекеттік тілдегі тіркеу мөртаңбасы қойылады;
2) Департаментінің басшысы құжаттар түскен күні үш сағат ішінде Департамент басшысының орынбасарына нұсқаумен жібереді;
3) Департамент басшысының орынбасары құжаттар түскен күні үш сағат ішінде басқармасының басшысына нұсқаумен жібереді;
4) басқармасының басшысы құжаттар түскен күні үш сағат ішінде басқармасының бас сарапшысы немесе сарапшысына нұсқаумен жібереді;
5) басқармасының бас сарапшысы немесе сарапшысы құжаттар пакетін қарауға алған кезден бастап бір жұмыс күні ішінде, көрсетілетін қызметті алушының өтінішін қарайды, сосын көрсетілетін қызметті беруші басшысының орынбасарына қол қоюына жібереді.
6) көрсетілетін қызметті беруші басшысының орынбасары бір жұмыс күні ішінде анықтамаға қол қояды:
7) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін бір жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушының мекенжайына пошта арқылы жібереді.
Мемлекеттік қызметті алу схемасы осы регламенттің 1-қосымшасында көрсетілген.
4. Халыққа қызмет көрсету орталығымен және (немесе) өзге де
көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл жасасу
тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде
ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау.
8. Мемлекеттік қызмет қағаз түрінде көрсетіледі.
Көрсетілетін қызметті беруші халыққа қызмет көрсету орталығымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл жасамайды.
«Қолжазбаны сақтауға,
жарияланбаған туындылардың
қолжазбаларын сақтауға тапсыру
туралы анықтамалар беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
регламентіне қосымша
Мемлекеттік қызметті көрсет схемасы
көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде