Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарын топографиялық және арнайы карталармен және геодезиялық пункттердің координаталары каталогтарымен жабдықтау нормаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының 2015 жылғы 3 маусымдағы № 46 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 3 шілдеде № 11558 тіркелді

Қолданыстағы

      «Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы» 2005 жылғы 7 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 26-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарын топографиялық және арнайы карталармен және геодезиялық пункттердің координаталары каталогтарымен жабдықтау нормалары бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі заңнамада белгіленген тәртіпте:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспасөз басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.
      3. Топографиялық және арнайы карталарын және геодезиялық пункттердің координаталары каталогтарын сатып алуды тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджеттен Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетіне бөлінген қаражат есебінен және шегінде кезең-кезеңімен жүзеге асыру белгіленсін.
      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Комитет Төрағасы                                 Н. Әбіқаев

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
________________ Б.Сұлтанов
2015 жылғы «__» ______
 

№ дана           
Қазақстан Республикасы Ұлттық
қауіпсіздік комитеті Төрағасының
2015 жылғы 3 маусымдағы 
№ 46 бұйрығымен      
бекітілген         

Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарын
топографиялық және арнайы карталармен және геодезиялық
пункттердің координаталары каталогтарымен жабдықтау нормасы

№ Р/с

Құрамалар мен бөлімдердің атауы

Өлшем бірлігі

Карталар масштабы және бір номенклатуралық парақ даналарының тиісті саны

1:50000

1:100000

1:200000

1:500000

1:1000000

1:2000000

1:4000000

координаталар каталогы

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

1

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің (бұдан әрі – ҰҚК) Шекара жасағы

парақ

250

150

30

15

3

-

-

1

2

Авиациялық база

парақ

10

50

50

100

150

150

-

1

3

Жеке авиациялық эскадрилья

парақ

5

10

30

30

20

70

-

-

4

Шекаралық бақылау жасағы (жеке бақылау-өткізу пункті)

парақ

2

2

2

1





5

Десанттық-шабуылдаушы мотоманеврлік топтар (десанттық-шабуылдаушы заставалар)

парақ

50

15

15

-

-

-

-

-

6

Шекара комендатурасы

парақ

50

15

5

-

-

-

-

-

7

Шекара заставасы

парақ

10

5

5

-

-

-

-

-

8

Шекара қызметінің академиясы

парақ

80

70

50

15

2

5

-

1

9

Шекара қызметін қамтамасыз ету бөлімдері *

парақ

50

80

50

10

5

-

-

-

10

ҰҚК Орталық әскери госпиталі (ҰҚК Өңірлік әскери гостипалі)

парақ

2

3

5

1

-

-

-

-

11

ҰҚК Санитарлық-эпидемиологиялық жасағы

парақ

-

15

10

2

-

-

-

-

      Ескертпе:
      1. Ірі масштабтағы карталар болмаған кезде белгіленген нормалар шегінде оларды неғұрлым кіші масштабтағы карталармен ауыстыру жүргізуге рұқсат етіледі. Кіші масштабтағы карталарды неғұрлым ірі масштабтағы карталармен ауыстыруға рұқсат етілмейді.
      2. ҰҚК Орталық әскери госпиталі үшін қарастырылған нормалар бойынша бір номенклатуралық парақ даналарының тиісті саны көрсетілмеген Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары топографиялық және арнайы карталармен нақты қажеттілік бойынша қамтамасыз етіледі.
      *- байланыс полкі, кинологиялық орталық, шекаралық оқу жасағы, жеке инженерлік-саперлік батальон, жабдықтау базалары, күзет және қамтамасыз ету комендатуралары, десанттық-шабуылдаушы маневрлік топтар, аудандық пайдалану бөлімдері мен өзге де қамтамасыз ету бөлімдері.