Салалық конструкторлық бюролардың жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 24 ақпандағы № 172 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 3 шілдеде № 11556 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 1165 бұйрығымен

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 04.12.2015 № 1165 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      «Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» 2012 жылғы 9 қаңтарындағы Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 15) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Салалық конструкторлық бюролардың жұмыс істеу қағидалары бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Технологиялық және инновациялық даму департаменті (А.Б. Батырқожа):
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін, оның көшірмесін он күнтізбелік күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялау үшін жіберуді;
      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында ресми жариялануын және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;
      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму вице-миниcтрі Е.К. Сағадиевке жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Инвестициялар және даму министрінің
      міндетін атқарушы                          Ж. Қасымбек

      «КЕЛІСІЛДІ»:
      Қазақстан Республикасының
      Қаржы министрі
      __________________ Б. Сұлтанов
      2015 жылғы 2 маусым

      «КЕЛІСІЛДІ»:
      Қазақстан Республикасының
      Ұлттық экономика министрі
      __________________ Е. Досаев
      2015 жылғы 21 сәуір

Қазақстан Республикасы    
Инвестициялар және даму   
министрінің міндетін атқарушының
2015 жылғы 24 ақпандағы    
№ 172 бұйрығымен бекітілген  

Салалық конструкторлық бюролардың жұмыс істеу қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Салалық конструкторлық бюролардың жұмыс істеу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 9 қаңтардағы Заңының 5-бабының 15) тармақшасына сәйкес әзірленді және салалық конструкторлық бюролардың жұмыс істеу тәртібін айқындайды.
      2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар мен терминдер пайдаланылады:
      1) алушы - осы Қағидаларға сәйкес салалық конструкторлық бюролардың қызметтерін көрсету үшін өтінімі қабылданған өтініш беруші;
      2) бірлесіп орындаушы - алушыға салалық конструкторлық бюролар қызметін көрсету шеңберінде жеке іс-шараларды іске асыру үшін мемлекеттік сатып алу туралы Қазақстан Республикасының заңнамасы негізінде салалық конструкторлық бюроларға тартылған, қажетті ресурстар мен мамандықтарды меңгерген жеке немесе заңды тұлға;
      3) жоба - салалық конструкторлық бюролар қызметтерін көрсету процесінде және оның нәтижелерін пайдалана отырып, өтініш беруші іске асыруға жоспарлаған немесе алушы іске асыратын индустриялық-инновациялық жоба;
      4) инжинирингтік қызметтер - өнімдерді (тауарлар, жұмыстар, қызметтер) өндіру процесіне дайындау, жоба алды және жобалық қызметтерді (техникалық-экономикалық негіздемелерді дайындау, жобалық-конструкторлық жұмыстар, басқа да сүйемелдеуші қызметтер) көрсету бойынша инженерлік-консультациялық қызметтер;
      5) инфрақұрылым - ғимараттар, құрылыстар, технологиялық жабдықтар кешені, тәжірибелік-өнеркәсіптік учаске;
      6) өндірісті техникалық даярлау - нақты өндіру шарттарын ескере отырып, анағұрлым оңтайлы тәсілмен жаңа тауардың өндірістік процесінің орындалу бірізділігін айқындайтын жұмыстар жиынтығы;
      7) өндірісті технологиялық даярлау - өндірістің конструкторлық, технологиялық дайындығын және өндіріске тауарларды жеткізу жүйесін регламенттейтін нормативтік-техникалық іс-шаралар кешені;
      8) өндірістің конструкторлық дайындығы - дайындаушы кәсіпорынның сериялық өндірісі шарттарына қатысты конструкторлық құжаттамаларға бейімделу мақсатын көздейтін іс-шаралар кешені;
      9) өтініш беруші - жаңа немесе жетілдірілген тауарларды өндіруді әзірлеумен және енгізумен байланысты индустриялық-инновациялық жобаларды іске асыратын заңды немесе жеке тұлға;
      10) салалық конструкторлық бюро - материалдық-техникалық кешенге иелік ететін, жаңа немесе жетілдірілген тауарлар өндіруді ұйымдастыруда индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне жәрдемдесу үшін технологиялық даму саласындағы ұлттық даму институты құрған заңды тұлға;
      11) сертификаттау - сәйкестікті растау жөніндегі орган жазбаша тауардың, қызметтің белгіленген талаптарға сәйкестігін куәландыратын рәсім;
      12) сынақ - тауар қасиеттерінің сандық және сапалық сипаттамаларын оған әсер ету нәтижесі ретінде сараптамалық айқындау;
      13) роялти - өнімді өндіру кезіндегі техникалық құжаттаманы, лицензияларды, патенттерді және зияткерлік меншіктің басқа түрлерін пайдаланғаны үшін, мөлшері салалық конструкторлық бюро мен алушы арасында жасалатын салалық конструкторлық бюро қызметін көрсетуге арналған шартпен белгіленетін өткізілген өнім құнынан пайыз түрінде төленетін ақшалай өтем;
      14) тауар - салалық конструкторлық бюро қызметтерін көрсету нәтижесінде алушы дайындауға тиіс зат немесе заттар жиынтығы;
      15) техникалық құжаттама - жаңа немесе жетілдірілген өнімдер өндіруді ұйымдастыруға, сондай-ақ оны пайдалану мен жөндеу үшін қажетті конструкторлық, технологиялық және нормативтік құжаттама;
      16) Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік - технологиялық даму саласындағы ұлттық даму институты (бұдан әрі - Агенттік);
      17) технологиялық меморандум - индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органның ұлттық басқарушы холдингтермен, ұлттық холдингтермен, ұлттық компаниялармен және олармен аффилирленген заңды тұлғалармен жасалатын және сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердің тізбесін айқындайтын келісім.
      3. Салалық конструкторлық бюроның (бұдан әрі - СКБ) жұмыс істеу процесінде туындайтын және осы Қағидалармен реттелмейтін мәселелерді шешу Агенттіктің құзыретіне жатады және оның шешімімен ресімделеді.

2. СКБ негізгі мақсаттары

1 Параграф. СКБ-ның жұмыс істеу тәртібі

      4. СКБ алушыларға мынадай қызмет түрлерін көрсетеді (бұдан әрі - СКБ қызметтері):
      1) Алушының дәлелденген өтініші бойынша оның негізінде тауарларды өндіруді ұйымдастыру үшін техникалық құжаттамаларды сатып алу (қажет болған жағдайда - пысықтау, бейімдеу);
      2) технологиялар трансфертіне жәрдемдесу;
      3) жаңа немесе жетілдірілген тауарларды шығаруға жәрдемдесу;
      4) техникалық құжаттаманы әзірлеу;
      5) өндірісті техникалық (конструкторлық және технологиялық) даярлау бойынша қызметтер;
      6) консультациялық және инжинирингтік қызметтер;
      7) аккредиттелген сынақ зертханаларында (орталықтарында) жаңа немесе жетілдірілген өнімдерге сынақ жүргізу кезінде жәрдемдесу;
      8) аккредиттелген уәкілетті органдарда жаңа немесе жетілдірілген өнімдерді сертификаттау кезінде жәрдемдесу.
      5. Қажет болған жағдайда көрсетілетін қызметтердің қажетті сапасы мен толықтығын қамтамасыз ету мақсатында СКБ қызметтерді қөрсетуге бірлесіп орындаушыларды тартады.
      6. СКБ мен алушы арасындағы шартта айқындалған алушы қажеттілігіне байланысты СКБ қызметтерінің нәтижелері мыналар болып табылады:
      1) техникалық құжаттама, дайындау құқығына лицензиялар немесе патенттер;
      2) өнімнің тәжірибелі үлгісі (партиясы);
      3) сынақ (сертификаттау) нәтижелерін және өнімнің қажетті параметрлерін растайтын құжаттар;
      4) осы Қағидалардың 4-тармағына сәйкес СКБ мен алушы арасындағы шарт негізінде СКБ қызметін көрсету аяқталғаннан кейін алушыға берілетін басқа да құжаттар немесе активтер.
      7. СКБ қызметі жүзеге асырылады:
      1) СКБ қызметін көрсетуге жұмсалған шығындарды СКБ қаражатынан қаржыландыра отырып және кейіннен роялти нысанында алушы тарапынан өтей отырып, технологиялық меморандумдарды іске асыру;
      2) СКБ қызметін көрсетуге жұмсалған шығындарды өтініш берушінің жеке қаражатынан қаржыландыра отырып, өтініш беруші бастамасы бойынша қызмет көрсету;
      3) СКБ қызметін көрсетуге жұмсалған шығындарды СКБ қаражатынан қаржыландыра отырып және кейіннен роялти нысанында алушы тарапынан өтей отырып, өтініш беруші бастамасы бойынша қызмет көрсету;
      4) республикалық қаражат есебінен бөлінетін индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау жөніндегі іс-шараларын іске асыруға арналған бюджеттік бағдарлама шеңберінде қызмет көрсету.
      8. СКБ қызметін көрсетуге жұмсалған шығындарды СКБ қаражатынан қаржыландыра отырып және кейіннен роялти нысанында алушы тарапынан өтей отырып, технологиялық меморандумдарды іске асыру шеңберінде СКБ қызмет көрсетуі мынадай кезеңдерді қамтиды:
      1) кәсіпорынның экономикалық орындылығы және мүмкіндіктері ұстанымымен технологиялық меморандумдарға енгізілген өнімдерді талдау;
      2) СКБ-ның өнім өндіруді ұйымдастыру үшін өтініш беруші ұсынатын өнімдер тізбесін бұқаралық ақпарат құралдарында орналастыру;
      3) өтініш берушіден СКБ қызметін көрсетуге өтінім қабылдау;
      4) СКБ өтінімдерін жинау және алдын ала іріктеу;
      5) өтініш беруішілерге СКБ қызметін көрсету туралы немесе қызмет көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдау;
      6) СКБ мен алушы арасында СКБ қызметін көрсетуге және қызмет көрсету нәтижелерін пайдалану құқығын беруге шарттар жасасу;
      7) СКБ қызметін көрсету;
      8) алушының СКБ қызметін қабылдауы;
      9) СКБ-мен бірлесіп, Агенттік жүзеге асыратын СКБ қызметінің нәтижелерін пайдалану бөлігінде алушының шарт талаптарын орындауына мониторинг жүргізу;
      10) СКБ қызметін көрсетуге арналған шартты іске асыру нәтижелерін бағалау.
      9. Осы Қағидалардың 7-тармағының 2) тармақшасына сәйкес СКБ қызметін көрсетуге жұмсалған шығындарды өтініш берушінің жеке қаражатынан қаржыландыра отырып, өтініш беруші бастамасы бойынша қызмет көрсету, сондай-ақ олардың қаражаты есебінен кез келген ұйымның тапсырысы бойынша қызмет көрсету өтініш беруіші мен СКБ арасында жасалған азаматтық-құқықтық шартқа сәйкес жүзеге асырылады.
      Бұл жағдайда СКБ қызмет көрсетуі туралы шешімді СКБ басшысы СКБ-ның тарифтік саясатына және өтініш беруші ұсынған талаптарға сәйкес уақытылы қызмет көрсету үшін ресурстардың бар болуына сүйене отырып, қабылдайды.
      10. СКБ қызметін көрсетуге жұмсалған шығындарды СКБ қаражатынан қаржыландыра отырып және кейіннен роялти нысанында алушы тарапынан өтей отырып, өтініш беруші бастамасы бойынша қызмет көрсету мынадай кезеңдерді қамтиды:
      1) өтініш берушіден СКБ қызметін көрсетуге өтінім қабылдау;
      2) өтініш берушінің экономикалық орындылығы және техникалық мүмкіндіктері ұстанымымен өнімдерді талдау;
      3) СКБ өтінімдерін жинау және алдын ала іріктеу;
      4) өтініш беруішілерге СКБ қызметін көрсету туралы немесе қызмет көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдау;
      5) қызмет көрсетуге және қызмет нәтижелерін пайдалану құқығын беру үлгілік шарттарына сай СКБ мен алушы арасында СКБ қызметін көрсетуге және қызмет нәтижелерін пайдалану құқығын беруге шарттар жасасу;
      6) СКБ қызметін көрсету;
      7) алушының СКБ қызметін қабылдауы;
      8) СКБ-мен бірлесіп, Агенттік жүзеге асыратын СКБ қызметінің нәтижелерін пайдалану бөлігінде алушының шарт талаптарын орындауына мониторинг жүргізу;
      9) СКБ қызмет көрсетуге арналған шартты іске асыру нәтижелерін бағалау.
      11. Республикалық бюджеттен бөлінетін индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау жөніндегі іс-шараларын іске асыруға арналған бюджеттік бағдарлама шеңберінде қызмет көрсету келесі кезеңдерді қамтиды:
      1) өтініш берушіден бюджеттік бағдарлама шеңберінде СКБ қызметін көрсетуге өтінім қабылдау;
      2) кәсіпорынның экономикалық орындылығы және техникалық мүмкіндіктері ұстанымымен өнімдерді талдау;
      3) өтініш берушілерге СКБ қызметін көрсету туралы немесе қызмет көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдау;
      4) СКБ мен алушы арасында қызмет көрсетуге шарт жасасу;
      5) СКБ қызметін көрсету;
      6) алушының СКБ қызметін қабылдауы;
      7) Агенттікке бюджеттік бағдарламасын орындау бойынша есебін беру;
      8) қызмет нәтижелерін енгізу тиімділігін мониторингілеу.

2 Параграф. Өтінімдерді ресімдеудің тәртібі

      12. Өтініш берушілер СКБ-ға мыналарды қамтитын өтінім береді:
      1) осы Қағидаларға 1 қосымшаға сәйкес нысан бойынша жобаны іске асыру үшін СКБ қызметін алуға өтініш;
      2) техникалық тапсырма;
      3) егер СКБ қызметінің құны жиырма мың есе көлеміндегі ең төмен есеп көрсеткішінен асып кеткен жағдайда осы Қағидаларға 2 қосымшаға сәйкес нысан бойынша бизнес-жоспар;
      4) қызметтерді көрсетуге жұмсалған шығындарды СКБ қаражатынан қаржыландыра отырып және кейіннен роялти нысанында алушы тарапынан өтей отырып, өтініш берушінің бастамасы бойынша қызмет көрсету кезінде - өнім сұранысын растайтын құжаттар (ұзақ мерзімді шарт, бастапқы шарт, келісім, меморандум және басқалары) (тиісті құжаттар болса);
      5) өтініш берушінің құқықтық мәртебесін растайтын құжаттар:
      жеке тұлғалар үшін - жеке басты куәландыратын құжаттың көшірмесі, кәсіпкерлік субъектісі ретінде тіркеу туралы құжаттардың көшірмесі, жеке сәйкестендіру нөмірі;
      заңды тұлғалар үшін - заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің* немесе анықтаманың көшірмесі, бизнес-сәйкестендіру нөмірі;
      Ескертпе: * «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметі тоқтатылғанға дейін жарамды болып табылады;
      6) өтінімде көрсетілген тауарларды өндіруді ұйымдастыру үшін біліктілігі сәйкес мамандардың болуын растайтын құжаттар;
      7) өтінімде көрсетілген тауарларды өндіруді ұйымдастыру үшін қажетті инфрақұрылымның болуын растайтын құжаттар.
      13. Өтініш берушіге қажетті СКБ қызметінің тізбесін өтінімді ресімдеу кезінде өтініш беруші осы Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген қызметтер қатарынан белгілейді.
      14. Өтінім СКБ-ға мемлекеттік немесе орыс тілдерінде, қағаз тасығышта екі дана - түпнұсқа және түпнұсқа көшірмесі, сондай-ақ электронды түрде ұсынылады.
      Өтінімнің түпнұсқасы өтініш берушімен қол қойылып және мөрмен куәландырып, беттері нөмірленіп, соңғы беті өтініш беруішімен куәландырылып, тігілген түрінде бірыңғай папкаға жинақталады.
      Өтініш беруші өтінімнің көшірмесін тікпейді.
      15. Құжаттардың түпнұсқалығын, осы Қағидалардың 12-тармағына сәйкес өтінім құрамында берілетін көшірмелерді кейіннен өтініш берушіге қайтарылатын түпнұсқасымен салыстыра отырып, өтінімдерді жинау және тіркеу үшін жауапты СКБ қызметкері белгілейді.
      16. Өтінімде жолдар арасында жазбаларға, өшірулерге немесе қосып жазуға жол беріледі.
      17. Өтініш беруші ұсынылған құжаттардың, өтінімде қамтылған шығыс деректердің, есептеулердің, негіздемелердің толықтығы мен дұрыстығын қамтамасыз етеді. Өтініш берушінің толық емес немесе дұрыс емес деректерді ұсынуы өтінімнен бас тарту үшін негіз болып табылады.

3 Параграф. Өтінімдерді жинау және алдын ала іріктеу

      18. СКБ басшысы СКБ-ның штаттық қызметкерлері қатарынан өтінімді жинау және тіркеу үшін жауапты қызметкерді анықтайды.
      19. Өтінімді жинау және тіркеу үшін жауапты қызметкер олардың тіркелуін түсуі бойынша жүзеге асырады. Өтінімді тіркеу күні СКБ-ға өтінімнің келіп түскен күні болып табылады.
      20. СКБ басшысы анықтайтын СКБ қызметкерлері өтінімді тіркеген күннен бастап екі жұмыс күні ішінде оны қажетті құжаттардың болуы бөлігінде өтінімді осы Қағидалардың 12-14 тармақтарының талаптарына сәйкестігі тұрғысынан қарауды қамтамасыз етеді.
      21. Өтінім осы Қағидалардың 12-14 тармақтарының талаптарына сәйкес болмаған жағдайда, СКБ өтінімді тіркеуден кейін екі жұмыс күнінен кешіктірмей өтініш берушіге ескертулер көрсетілген хабарламаны өтінімде өтініш беруші көрсеткен байланыс құралдарының бірі бойынша жібереді.
      Өтінім өтініш берушіге ескертулерін жою және СКБ-ға қайта тапсыру үшін қайтарылады.
      22. Өтінімді қайта беру үшін өтініш беруші осы Қағидалардың барлық талаптарына сәйкес анықталған ескертулерді жояды.
      23. СКБ пысықталған өтінімді алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде ескертулердің жойылғандығын тексереді.
      Қайтадан ескертулер болмаған жағдайда СКБ өтінімді қайта ұсынған күннен бастап он жұмыс күні ішінде өтініш беруші сұратқан СКБ қызметінің құнын есептейді, одан кейін тиісті есепті өтініш берушіге келісу үшін жібереді.

4 Параграф. СКБ қызметін көрсету немесе қызмет көрсетуден
бас тарту туралы шешім қабылдау

      24. Өтініш беруші сұратқан СКБ қызметінің құны СКБ қызметінің құнын есептеуді өтініш берушіге ұсынған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірілмей өтініш берушімен келісіледі.
      25. Осы Қағиданың 3 қосымшасына сәйкес СКБ қызметінің құнын келісу СКБ және өтініш беруші қол қоятын СКБ қызметін көрсетудің шарттық құны мен СКБ қызметінің нәтижелерін пайдалану құқығын келісу хаттамасымен (бұдан әрі - хаттама) ресімделеді.
      26. Егер СКБ қызметінің құны хаттамаға сәйкес жиырма мың есе көлеміндегі ең төмен есеп көрсеткішінен аспаған жағдайда, СКБ қызметін көрсету туралы немесе қызмет көрсетуден бас тарту туралы шешімді СКБ басшысы қабылдайды және бұйрық ресімделеді. Бұл ретте шешім хаттамаға қол қойылған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірілмей қабылданады.
      27. СКБ қызметін көрсету туралы бұйрықта оны қабылдау негізі (негіздеме) және СКБ қызметін көрсетуге арналған шығындарды қаржыландыру көздері көрсетіледі. Бұйрыққа өтінім, хаттама және СКБ қызметін көрсету туралы шешім қабылдау үшін негіз болатын материалдар қоса беріледі.
      28. СКБ қызметін көрсетуден бас тарту туралы бұйрықта бас тарту себептері көрсетіледі.
      29. Осы Қағидалардың 27, 28-тармақтарына сәйкес қабылданған СКБ шешімі ол қабылданған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде өтініш берушіге хабарланады.
      30. Егер СКБ қызметінің құны хаттамаға сәйкес жиырма мың есе көлемінде ең төмен есеп көрсеткішінен асып кеткен жағдайда, СКБ хаттамаға қол қойылған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей қорытынды дайындайды.
      31. Қорытындыда жобаның сәйкестігін бағалау бойынша келесідей іріктеу өлшемдерін қамтиды:
      1) осы Қағидалардың 17-тармағына сәйкес өтінімде көрсетілген құжаттардың, бастапқы деректердің, есептеулердің, негіздемелердің толықтығы мен сенімділігі;
      2) осы Қағидалардың 25-тармағына сәйкес СКБ қызметі құнымен өтініш берушінің келісуі, СКБ қызметін көрсетудің келісілген құнын хаттамамен ресімдеу және СКБ қызмет нәтижелерін пайдалану құқығы;
      3) осы Қағидалардың 42-тармағының 2) тармақшасына сәйкес қызметтер нәтижелері шартқа сәйкес СКБ-дан алушыға берілген күннен бастап бес жылдан артық емес мерзімде қызмет көрсету процесінде СКБ-ның келтірілген шығыстарының өтелуі;
      4) өнімдердің сұранысқа ие болуы.
      Сонымен қатар, қорытынды ұсынымдардың негіздемесімен қоса беріле отырып, өтініш берушіге СКБ қызметін көрсету немесе одан бас тарту туралы ұсынымдарды қамтуы тиіс.
      32. Қорытынды оған СКБ басшысы қол қойған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде СКБ қызметін көрсету туралы немесе қызмет көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдау үшін Агенттікке жіберіледі. Қорытындыға өтінім көшірмесі мен хаттама қоса беріледі.
      Өтінім түпнұсқасы СКБ-да сақталады.
      33. Агенттік осы Қағидалардың 31-тармағында көрсетілген құжаттарды алған күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде оларды СКБ қызметін көрсету туралы немесе қызмет көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдау мақсатында қарастырады. Қажет болған жағдайда, жобалардың күрделілігі мен құнына байланысты Агенттік өтініш беруші ұсынған жоба саласында біліктілігі бар тәуелсіз сарапшыларды тартады.
      34. Өтінімді және оған қоса берілген материалдарды қарастыру нәтижесі бойынша Агенттік СКБ қызметін көрсету туралы немесе қызмет көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды, ол қабылданған күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде СКБ-ға және өтініш берушіге негіздеме көрсетіліп хабарланады.

5 Параграф. СКБ қызметтерді көрсетуге арналған шарттар жасасу

      35. Осы Қағидалардың 34-тармағына сәйкес СКБ мен өтінімдері бойынша СКБ қызметін көрсету туралы шешім қабылданған өтініш берушілер арасында қызметтерді көрсетуге арналған шарт Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында айқындалған тәртіппен жасалады.
      36. СКБ мен өтініш беруші арасындағы шарттың ажырамас бөлігі мыналар болып табылады:
      1) өтініш берушіге көрсетілетін СКБ қызметінің тізбесі мен көлемін қамтитын техникалық тапсырма;
      2) әрбір кезең құнын және қол жеткізуге жоспарланған нәтижені көрсете отырып, оны іске асыру процесінің кезең-кезеңмен сипаттамасын қамтитын жобаны іске асырудың күнтізбелік жоспары;
      3) СКБ қызметін көрсетудың шарттық құнына және СКБ қызметінің нәтижелерін пайдалану құқығына келісу хаттамасы.
      37. СКБ қызметін көрсетуді бастау күні СКБ мен алушы арасында шарт жасау күні болып саналады.

6 Параграф. Қызметтерді көрсету шеңберінде СКБ-ны қаржыландыру

      38. Өтініш берушілерге СКБ қызметін көрсетумен байланысты СКБ-ның күрделі және ағымдағы шығындарын қаржыландырудың көздері мыналар болып табылады:
      1) СКБ-ның жарғылық капиталының қаражаты;
      2) индустриалық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау жөніндегі іс-шараларды іске асыруға арналған бюджеттік бағдарламалар шеңберінде республикалық бюджеттен бөлінетін қаражат;
      3) шарттық міндеттемелер шеңберіндегі өтініш берушінің жеке қаражаты;
      4) СКБ мен алушы арасындағы шартқа сәйкес СКБ қызметінің нәтижелерін пайдалану құқығы үшін төлем ретінде алушы төлейтін роялти.
      39. СКБ-ның тарифтік саясаты қызмет көрсетудің өзіндік құны мен СКБ-ның жұмыс істеуін қамтамасыз ететін пайдалылық мөлшерін ескере отырып қалыптастырылады.
      40. СКБ-ның қаражатынан жасалған СКБ қызметіне арналған шығындарды өтеу алушының роялти төлеуі арқылы жасалады.
      41. Алушы СКБ қызметінің нәтижелерін пайдалану үшін роялти мөлшері, оны төлеу мерзімдері мен тәртібі хаттама негізінде СКБ мен өтініш беруші арасында жасалған СКБ қызметін көрсетуге арналған шартта айқындалады.
      42. Роялти мөлшерін айқындау кезінде мынадай шектеулер қолданылады:
      1) роялти мөлшері - СКБ қызметінің нәтижелерін пайдалана отырып, алушы өндіретін өнімнің бірлігін іске асыру бағасынан бір пайыздан кем емес;
      2) СКБ қызметін көрсету процесінде СКБ тартқан шығындарды қайтару мерзімі - шартқа сәйкес алушы СКБ-дан қызмет нәтижелерін беру күнінен бастап бес жылдан аспайды;
      3) роялтиді төлеудің жалпы мерзімі - СКБ мен алушы арасында жасалған шарттың қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін, бірақ СКБ қызметін көрсету процесінде СКБ тартқан шығындарды қайтару кезеңінен бір жылдан кем емес.
      43. СКБ мен алушы арасында жасалған шарттың қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін алушы шартта көзделген роялти көлемін төлеу шарттарында, СКБ қызметінің нәтижелерін иелену құқығы шарттың жағдайлары бойынша алушыға беріледі немесе СКБ қалады.
      44. СКБ бюджеттік бағдарлама шеңберінде қызмет көрсеткен жағдайда, қабылдау-табыстау актінің рәсімдеу күннен бастап қызмет нәтижелерін иелену құқығы алушыға беріледі.
      45. Алушы СКБ мен алушы арасында жасалған шарттың қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін - мерзімінен бұрын белгіленген көлемдегі роялти төлеу бойынша міндеттемелерін орындауға құқылы. Бұл ретте СКБ қызмет нәтижелерін иелену құқығы алушыға беріледі.

7 Параграф. СКБ-ның жұмыс істеу мониторингі

      46. СКБ-ның жұмыс істеу мониторингін жүргізудің мақсаты жоспарланған іс-шаралар, күнтізбелік жоспар мен нәтижелерге сәйкес жобаны іске асырудың нақты барысын көрсету болып табылады.
      47. Агенттік жыл сайын, есепті жылдан кейінгі 1 ақпанға дейінгі мерзімде өткен күнтізбелік жыл ішіндегі қызметтің нәтижелері туралы СКБ есептерін тыңдауды ұйымдастырады. Есептерді тыңдауды өткізу тәртібін Агенттік айқындайды.
      48. СКБ қызметтерін көрсетудің аяқталуы жоспарлы немесе мерзімінен бұрын болады.
      49. СКБ қызметін көрсетудің жоспарлы аяқталуы қызметтерді көрсету мерзімінің өтуін білдіреді.
      50. Қызметтерді көрсетудің мерзімінен бұрын аяқталуы мынадай жағдайларда жүзеге асырылады:
      1) іске асыру нәтижелерін ағымдағы бағалау нәтижелері бойынша жобаны одан әрі іске асырудың орындылығы туралы шартты бұзу тәртібінде шешім қабылдау;
      2) жоспарланған нәтижелерге мерзімінен бұрын қол жеткізу және жобаны одан әрі іске асырудың орындылығының болмауын тиесілі қабылдау актілеріне қол қойылған жағдайда;
      3) СКБ тарапынан тартқан шығындарды өтеу шарттарында өтініш беруішінің жобаны одан әрі іске асырудан бас тартудың шартты бұзу тәртібінде.

8 Параграф. СКБ жұмыс істеу тиімділігін бағалау

      51. СКБ жобаларын іске асыру шеңберінде СКБ-ның жұмыс істеу нәтижелерін бағалаудың екі түрі қолданылады:
      1) ағымдық бағалау - тоқсан сайын, әрбір іске асырылатын жобалардың бірін іске асыру барысы туралы тоқсан сайынғы СКБ есептер негізінде;
      2) қорытынды бағалау - алушыға СКБ қызметін көрсету аяқталған соң.
      52. Ағымдағы бағалау іске асырылған іс-шаралардың тиімділігін айқындау, жобаның одан әрі дамуы бойынша ұсынымдар әзірлеу және өткен кезең ішінде нәтижелілігін бағалау мақсатында жасалады.
      53. Қорытынды бағалау нақты алушының жобасы бойынша СКБ қызметін көрсету аяқталған соң жүргізіледі.
      54. СКБ жұмыс істеу нәтижелерін ағымдағы және қорытынды бағалауды Агенттік жүзеге асырады.
      55. СКБ-ның жұмыс істеу тиімділігін бағалау нәтижеліліктің негізгі көрсеткіштерінің жүйесіне (Key Performance Indicators - KPI) сәйкес жүргізіледі. Қорытынды бағалау нәтижелері бойынша танылған жобалардың іске асырылатын жобалардың жалпы санына қатынасы СКБ-ның жұмыс істеу тиімділігін бағалау үшін негіз болады.

Салалық конструкторлық
бюролардың жұмыс істеу
Қағидаларына 1-қосымша

Нысан

      Тіркелу күні Өтінімнің нөмірі;
      20 ____ жылғы «____» _________ (СКБ-ға беріледі)

Салалық конструкторлық бюролардың қызмет
көрсетуіне арналған өтініш

_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
       (заңды тұлғаның және (немесе) жеке тұлғаның атауы)

      осы өтінішті қажетті құжаттар жинағымен салалық конструкторлық
бюролардың қызмет көрсету мақсатында қарау тұрғысынан жібереді:
      Жобаның атауы:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
___________________________________________________________________
      Жобаның толық құны, теңгемен (цифрмен және жазумен):
      Тапсырылған ақпараттың дұрыстығына кепілдік береміз.
      Салалық конструкторлық бюролардың жұмыс істеу қағидалармен
таныстық және келістік.
      Қағидаларға сәйкес талап етілген құжаттар __________ парақта
қоса беріледі.
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(өтініш беруші атынан құжаттарға қол қою өкілеттілігі бар тұлғаның
                               лауазымы)
_____________________________________________________________________
      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), қолы)

ӨТІНІШ БЕРУШІНІҢ САУАЛНАМАСЫ
(заңды тұлғаға арналған)

_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
                         ұйымның толық атауы
      Заңды мәртебесі және меншік түрі:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
      Жетекшілік ететін ведомство, ұйым, жоғарғы оқу орны,
ғылыми-зерттеу институты немесе холдинг:
      _______________________________________________________________
      Құрылған күні:
      _______________________________________________________________
      Мекенжайы:_____________________________________________________
          индекс, облыс, аудан, елді мекен, үй (пәтер, кеңсе), көше
      Тел.: ___________Факс: ________ E-mail:
      ________________________ Web-site: ____________________________
      Банктік деректемелері, есептік шоты, валюталық шоты, банктік
жеке коды, бизнес-сәйкестендіру нөмірі: _____________________________
      Алынған және өтелмеген теңгелік және валюталық кредиттер:
_____________________________________________________________________
      Қызмет түрі:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
      Сала, кіші сала:
_____________________________________________________________________
      Бірінші басшы (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда),
туған жылы, лауазымы, білімі, жұмыс тәжірибесі):
_____________________________________________________________________
      Бас бухгалтер (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда),
телефоны):
_____________________________________________________________________
      Байланысушы тұлға (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған
жағдайда), лауазыны телефоны, ұялы телефоны, e-mail):
_____________________________________________________________________
      Ұйым басшысының қолы
_____________________________________________________________________
      өтініш беру заңды тұлғалар үшін өтініш заңды тұлғаның фирмалық
бланкісінде ресімделіп, заңды тұлғаның мөрімен бекітіледі
      электронды тасығыш редакцияланбайтын (pdf, басқа жалпы таралған
форматтар) және редакцияланатын (Microsoft Word) форматтардағы
файлдарды қамтуы тиіс.

ӨТІНІШ БЕРУШІНІҢ САУАЛНАМАСЫ
(жеке тұлғаға арналған)

_____________________________________________________________________
тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), ЖСН, жеке кәсіпкер
             мәртебесінің бар болуы, туған жылы,
____________________________________________________________________,
                лауазымы, білімі, жұмыс тәжірибесі
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
     Мекенжайы:______________________________________________________
           индекс, облыс, аудан, елді мекен, үй, көше (пәтер, кеңсе)
      Тел.: _______Факс: ________ E-mail:__________ Web-site: _______
      Банктік деректемелері:
_____________________________________________________________________
      Алынған және өтелмеген теңгелік және валюталық кредиттер:
_____________________________________________________________________
      Қызмет түрі:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
      Сала, кіші сала:
_____________________________________________________________________
      Байланысушы тұлға:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), лауазымы, телефоны,
                    ұялы телефоны, e-mail):
_____________________________________________________________________
      Қолы
_____________________________________________________________________
    электронды тасығыш редакцияланбайтын (pdf, басқа жалпы таралған
    форматтар) және редакцияланатын (Microsoft Word) форматтардағы
                        файлдарды қамтуы тиіс.

Салалық конструкторлық
бюролардың жұмыс істеу
Қағидаларына 2-қосымша

Нысан

Бизнес-жоспар*

      1. Өтініш берушінің қысқаша сипаттамасы.
      2. Мәлімделетін өнім сипаттамасы.
      3. Маркетингтік талдау.
      4. Әлеуетті тұтынушы, жеткізу туралы алдын ала уағдаластықтар.
      5. Өндірістік жоспар.
      6. Талап етілетін СКБ қызметтерінің сипаттамасы, олардың нәтижелері.
      7. Жобаны басқарудың институционалдық құрылымы.
      8. Қаржы жоспары.
      9. Тәуекелдерді бағалау.

      Қосымшалар.
      ______________________________________________________________
      *Құрылымда келтірілгендер сәйкес ресімделеді, бөлімдердің мазмұны жобаға қолданылуын ескере отырып сәйкес келтіріледі

Салалық конструкторлық
бюролардың жұмыс істеу
Қағидаларына 3-қосымша

Нысан

20 __ жылғы «__» ____________№ ____ СКБ қызметтің шарттық құнын
және қызмет нәтижелерін пайдалануға құқығын келісу хаттамасы

      Біз, Алушы атынан - Алушының толық атауы, қол қоюшының тегі,
аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), Алушы атынан қолдану үшін
негіздеме
      және СКБ атынан - СКБ-ның толық атауы, қол қоюшының (тегі, аты,
әкесінің аты (бар болған жағдайда), СКБ атынан қолдану үшін негіздеме
қол қоюшылар, тараптар
_____________________________________________________ теңге сомасында
           (цифрлармен, жазбаша)
      20 __ жылғы «__» _______ №___ шарт бойынша қызмет құнының
шамасы туралы келісімге қол жеткізгенімізді куәландырамыз, оның
ішінде:
      1) өндірісті ұйымдастыру үшін тауардың атауы көрсетілсін оның
негізінде _____________________________теңге сомадағы қолдану құқығын
бергені үшін техникалық құжаттың атауы көрсетілсін;
      2) қызметтің басқа нәтижелерін қолдану құқығын бергені үшін
_________________________теңге сомадағы қызметтің атауы көрсетілсін;
  (цифрлармен, жазбаша)
      3) көрсетілсін басқа ілеспе қызметтерді көрсеткені үшін
________________________теңге сомадағы қызметтің атауы көрсетілсін.
  (цифрлармен, жазбаша)
      Осы шарт бойынша роялти шамасы пайызда, цифрлармен және жазбаша
көрсетілсін құрайды, роялти төлеу кезінде: цифрлармен және жазбаша,
роялти төлеуді бастау және аяқтау күні көрсетілсін.
      Осы Хаттама онда қамтылған мәселелер бойынша Тараптардың өзара
уағдаластығын көрсетеді және Алушы мен СКБ арасында өзара есептемелер
және төлемдер жүргізу үшін негіз болып табылады.

СКБ-ның атынан:
______ _______________________
(қолы) тегі, аты, әкесінің аты
       (бар болған жағдайда)
М.О.

Алушының атынан:
______ ________________________
(қолы) тегі, аты, әкесінің аты
      (бар болған жағдайда) М.О.