"Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландыру орталығының тіркеу куәлігін беру және қайтарып алу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 25 мамырдағы № 601 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 3 шілдеде № 11552 болып тіркелді

Қолданыстағы

      «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған «Қазақстан Республикасы Ұлттық куәландыру орталығының тіркеу куәлігін беру және қайтарып алу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің
2014 жылғы 26 наурыздағы № 209 «Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі көрсететін ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің регламенттерін бекіту туралы» бұйрығының 1-тармағының 5) тармақшының күші жойылды деп танылсын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9361 жарияланған).
      3. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті (С.С. Сарсенов):
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;
      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 3-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
      4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Инвестициялар және даму
      министрі                              Ә. Исекешев

Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің      
2015 жылғы 25 мамырдағы
№ 601 бұйрығымен 
бекітілген     

«Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландыру орталығының тіркеу
куәлігін беру және қайтарып алу» мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламенті

1. Жалпы ережелер

      1. «Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландыру орталығының тіркеу куәлігін беру және қайтарып алу» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің «Мемлекеттік техникалық қызмет» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
      Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру:
      1) көрсетілетін қызметті беруші;
      2) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің "Халыққа қызмет көрсету орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - ХҚКО);
      3) www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.
      2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны - электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
      3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі:
      1) электрондық құжат нысанында тіркеу куәлігін беру;
      2) кері қайтарып алынған тіркеу куәліктерінің тізімінде сериялық нөмірін орналастырып, тіркеу куәліктерін электрондық құжат нысанында кері қайтарып алу.
      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: электрондық.

2. Көрсетілетін қызметті беруші құрылымдық бөлімшелерінің
(жұмыскерлерінің) мемлекеттік қызметті көрсету үдерісіндегі
іс-әрекеттері тәртібінің сипаттамасы

      4. Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша процедураны (іс-әрекетті) бастау үшін Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің «Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландырушы орталығының тіркеу куәлігін беру және кері қайтарып алу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы» 2014 жылғы 24 сәуірдегі № 491 бұйрығымен бекітілген «Қазақстан Республикасы ұлттық куәландырушы орталығының тіркеу куәлігін беру және кері қайтарып алу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі - Стандарт) 9-тармағына сәйкес электрондық сұрау салуды және (немесе) өтінішті беру негіздеме болып табылады.
      5. Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісінің құрамына кіретін әрбір процедураның (іс-әрекеттің) мазмұны, орындау уақытының ұзақтығы:
      1) тіркеу куәліктерін алуға сұрау салуды көрсетілетін қызметті алушының есептеу техникасы құралдары арқылы ұсынған кезде:
      «Жеке тұлғалар» мемлекеттік дерекқорында және (немесе) «Заңды тұлғалар» мемлекеттік дерекқорында (бұдан әрі – ЖТ/ЗТ МДҚ) көрсетілетін қызметті алушы туралы деректер болған жағдайда, «Қазақстан Республикасының ұлттық куәландырушы орталығы» ақпараттық жүйесі (бұдан әрі - Ақпараттық жүйе) 5 минуттың ішінде электрондық сұрау салуды тіркейді және одан әрі Көрсетілетін қызметті берушіге жіберу үшін көрсетілетін қызметті алушыға тіркеу куәліктерін алу өтінішін жібереді;
      Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы 20 минуттың ішінде өтінішті қабылдауды, көрсетілетін қызметті алушының тұлғасын тексеруді (сәйкестендіруді) және өтінішті тексеруді жүзеге асырады;
      көрсетілетін қызметті алушының тұлғасын тексеру (сәйкестендіру) оң болған және ұсынылған өтініш сәйкес келген жағдайда, Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы 15 минуттың ішінде өзінің ЭЦҚ куәландыру арқылы көрсетілетін қызметті алушының электрондық сұрау салуын растауды және оны Ақпараттық жүйеге жіберуді қамтамасыз етеді;
      Көрсетілетін қызметті беруші жауапты орындаушысының ЭЦҚ куәландырылған көрсетілетін қызметті алушының электрондық сұрау салуын тексеру оң болған жағдайда, Ақпараттық жүйе 7 сағаттың ішінде көрсетілетін қызметті алушының электрондық пошта макенжайына орнату үшін сілтемелер көрсетілген тіркеу куәліктері ойдағыдай шығарылғаны туралы хабарлама жібереді;
      2) көрсетілетін қызметті алушының есептеу техникасы құралдары арқылы тіркеу куәліктерін екінші рет алуға сұрау салуды ұсынған кезде:
      ЖТ/ЗТ МДҚ көрсетілетін қызметті алушы туралы деректер болған жағдайда, Ақпараттық жүйе 5 минуттың ішінде электрондық сұрау салуды тіркейді.
      Ақпараттық жүйе 1 жұмыс күні ішінде тіркеу куәліктерін шығарады және көрсетілетін қызметті алушының электрондық пошта макенжайына орнату үшін сілтемелер көрсетілген тіркеу куәліктері ойдағыдай шығарылғаны туралы хабарлама жібереді;
      3) тіркеу куәліктерін алуға сұрау салуды электрондық ақпаратты тасығышты (чип) қамтитын жеке куәлікке (бұдан әрі - жеке куәлік) және (немесе) ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарын қамтитын sim-картаға (бұдан әрі - sim-карта) ұсынған кезде:
      көрсетілетін қызметті алушыдан оның жеке куәлігін және (немесе) sim-картасын алған сәттен бастап Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы 1 минуттың ішінде көрсетілетін қызметті алушының тұлғасын тексеруді (сәйкестендіруді) жүзеге асырады;
      көрсетілетін қызметті алушының тұлғасын тексеру (сәйкестендіру) оң болған жағдайда, Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы 15 минуттың ішінде тиісті мемлекеттік қызметті таңдайды, жеке кабинетке кіреді және тіркеу куәліктерін алуға электрондық сұрау салудың нысандарын толтырып, оны «электрондық үкімет» шлюзі (бұдан әрі - ШЭП) арқылы ЖТ/ЗТ МДҚ жібереді;
      ЖТ/ЗТ МДҚ көрсетілетін қызметті алушы туралы деректер болған жағдайда, Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы 2 минуттың ішінде көрсетілетін қызметті алушы туралы деректердің бар екендігі туралы хабарлама алады және электрондық сұрау салудың нысандарын одан әрі толтыруды қамтамасыз етеді;
      Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы 1 минуттың ішінде көрсетілетін қызметті алушыға пин–кодты енгізу үшін оның жеке куәлігін және (немесе) sim-картасын ұсынады;
      Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы 2 минуттың ішінде электрондық сұрау салуды Ақпараттық жүйеде тіркейді және тіркеу куәліктерін алуға өтінішті алады;
      Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы 1 минуттың ішінде тіркеу куәліктерін алуға өтінішке көрсетілетін қызметті алушының қолын қойғызады;
      көрсетілетін қызметті алушы өтінішке қол қойғаннан кейін Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы 4 минуттың ішінде өзінің ЭЦҚ куәландыру арқылы электрондық сұрау салуды растауды және электрондық сұрау салуды Ақпараттық жүйеге жіберуді қамтамасыз етеді;
      оның ЭЦҚ куәландырылған электрондық сұрау салуды Ақпараттық жүйенің тексеруі оң болған жағдайда, Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы 4 минуттың ішінде көрсетілетін қызметті алушының жеке куәлігіне және (немесе) sim-картасына тіркеу куәліктерін жазады;
      4) көрсетілетін қызметті алушының қолданысында ЭЦҚ болып, тіркеу куәліктерін кері қайтарып алуға сұрау салуды ұсынған кезде:
      Ақпараттық жүйе 5 минуттың ішінде көрсетілетін қызметті алушы ЭЦҚ қойылған электрондық сұрау салуды тіркейді;
      Ақпараттық жүйе 1 жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ куәландырылған электрондық сұрау салуды тексеруді және көрсетілетін қызметті алушының электрондық пошта макенжайына тіркеу куәліктері сәтті кері қайтарып алынғаны туралы хабарлама жібере отырып, көрсетілетін қызметті алушының тіркеу куәліктерін кері қайтарып алуды жүзеге асырады;
      5) тіркеу куәліктерін кері қайтарып алуға өтініш берген кезде:
      көрсетілетін қызметті алушы өтінішті берген сәттен бастап 5 минуттың ішінде Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы көрсетілетін қызметті алушының тұлғасын тексеруді (сәйкестендіруді) және өтінішті тексеруді жүзеге асырады;
      көрсетілетін қызметті алушының тұлғасын тексеру (сәйкестендіру) оң болған және ұсынылған өтініш сәйкес келген жағдайда, Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы 15 минуттың ішінде тиісті мемлекеттік қызметті таңдайды, жеке кабинетке кіреді және тіркеу куәліктерін кері қайтарып алуға электрондық сұрау салудың нысанын толтырып, оны өзінің ЭЦҚ куәландыру арқылы растайды және Ақпараттық жүйеге жібереді;
      Көрсетілетін қызметті беруші жауапты орындаушысының ЭЦҚ куәландырылған электрондық сұрау салуды тексеру оң болған жағдайда, Ақпараттық жүйе 1 жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушының тіркеу куәліктерін кері қайтарып алады және көрсетілетін қызметті алушының электрондық пошта мекенжайына тіркеу куәліктері сәтті кері қайтарылғаны туралы хабарлама жібереді;
      6. Келесі процедураны (іс-әрекетті) орындауды бастау үшін негіздеме болатын мемлекеттік қызметті көрсету бойынша процедураның (іс-әрекеттің) нәтижесі:
      1) тіркеу куәліктерін алуға сұрау салуды көрсетілетін қызметті алушының есептеу техникасы құралдары арқылы ұсынған кезде:
      көрсетілетін қызметті алушының электрондық сұрау салуын Ақпараттық жүйеде тіркеу;
      көрсетілетін қызметті алушының тұлғасын сәйкестендіру;
      көрсетілетін қызметті алушының электрондық сұрау салуын растау және оны Ақпараттық жүйеге жіберу;
      тіркеу куәліктерін шығару және көрсетілетін қызметті алушыға тіркеу куәліктері сәтті шығарылғаны туралы хабарлама жіберу;
      2) көрсетілетін қызметті алушының есептеу техникасы құралдары арқылы тіркеу куәліктерін екінші рет алуға сұрау салуды ұсынған кезде:
      көрсетілетін қызметті алушының электрондық сұрау салуын Ақпараттық жүйеде тіркеу;
      тіркеу куәліктерін шығару және көрсетілетін қызметті алушыға тіркеу куәліктері сәтті шығарылғаны туралы хабарлама жіберу;
      3) тіркеу куәліктерін алуға сұрау салуды жеке куәлікке және (немесе) sim-картаға ұсынған кезде:
      көрсетілетін қызметті алушының тұлғасын сәйкестендіру және жеке куәлікті және (немесе) sim-картаны қабылдау;
      электрондық сұрау салуды Ақпараттық жүйеде тіркеу;
      тіркеу куәліктерін беруге өтініш жіберу;
      көрсетілетін қызметті алушының өтінішке қол қоюы;
      көрсетілетін қызметті алушының электрондық сұрау салуын растау және оны Ақпараттық жүйеге жіберу;
      тіркеу куәліктерін жеке куәлікке және (немесе) sim-картаға жазу;
      4) көрсетілетін қызметті алушының қолданысында ЭЦҚ болып, тіркеу куәліктерін кері қайтарып алуға сұрау салуды ұсынған кезде:
      электрондық сұрау салуды Ақпараттық жүйеде тіркеу;
      көрсетілетін қызметті алушының тіркеу куәліктерін кері қайтарып алу және көрсетілетін қызметті алушыға тіркеу куәліктері сәтті кері қайтарылғаны туралы хабарлама жіберу;
      5) тіркеу куәліктерін кері қайтарып алуға өтініш берген кезде:
      өтінішті қабылдау, көрсетілетін қызметті алушының тұлғасын сәйкестендіру;
      электрондық сұрау салуды Ақпараттық жүйеде тіркеу;
      көрсетілетін қызметті алушының тіркеу куәліктерін кері қайтарып алу және көрсетілетін қызметті алушыға тіркеу куәліктері сәтті кері қайтарылғаны туралы хабарлама жіберу.

3. Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісінде халыққа қызмет
көрсету орталықтарымен және (немесе) өзге де көрсетілетін
қызметті берушілермен өзара іс-әрекеттесу тәртібінің, сондай-ақ
ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібінің сипаттамасы

      7. ХҚКО жүгіну тәртібінің сипаттамасы, көрсетілетін қызметті алушының сұранысын өңдеу ұзақтығы:
      1) көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы тіркелген жері бойынша ХҚКО-ға өтініш береді.
      ХҚКО қабылдау жеделдетілген қызмет көрсетусіз «электрондық кезек» тәртібімен жүзеге асырылады. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушының қалауы бойынша портал арқылы электрондық кезекті «броньдауға» болады.
      Құжаттар пакетін қабылдау кезінде ХҚКО операторы көрсетілетін қызметті алушы берген құжаттардың толықтығын тексереді, ЖТ/ЗТ МДҚ–дағы деректерді көрсетілетін қызметті алушы құжаттарының түпнұсқасымен салыстырады және түпнұсқаларын көрсетілетін қызметті алушыға қайтарады.
      Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгесі көзделмесе, ХҚКО операторы ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияларды құрайтын деректерді қолдануға жазбаша келісім алады.
      Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде ХҚКО операторы көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттарды алғаны туралы қолхат береді;
      2) ХҚКО-да көрсетілетін қызметті алушының сұрауын өңдеу ұзақтығы – 20 минуттан артық емес;
      3) Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) өтініш берген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі.
      Көрсетілетін қызметті алушы Стандарттың 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес ұсынған құжаттар пакеті толық болмаған жағдайда, ХҚКО операторы өтінішті қабылдаудан бас тартады және Стандартқа 13-қосымшаға сәйкес құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.
      8. Көрсетілетін қызмет алушының сұрау салуын ХҚКО интеграцияланған ақпараттық жүйесінде тіркеу және өңдеу кезіндегі ХҚКО жұмыскерлері іс-қимылдарын сипаттамасы:
      1) көрсетілетін қызметті алушының тіркеу куәліктерін алуға электрондық сұрау салуын растау:
      ХҚКО операторы мемлекеттік қызметті көрсету үшін 1 минуттың ішінде ХҚКО интеграцияланған ақпараттық жүйесіне логин мен парольді (авторлау үдерісі) енгізеді;
      ХҚКО операторы 15 минуттың ішінде тиісті мемлекеттік қызметті таңдайды, өзінің ЭЦҚ куәландыру арқылы көрсетілетін қызмет алушының электрондық сұрау салуын растауды және оны Ақпараттық жүйеге жіберуді қамтамасыз етеді.
      ХҚКО операторының ЭЦҚ куәландырылған электрондық сұрау салуды тексеру оң болған жағдайда, Ақпараттық жүйе 1 жұмыс күні ішінде автоматты түрде көрсетілетін қызметті алушының тіркеу куәліктерін шығарады және көрсетілетін қызметті алушының электрондық пошта мекенжайына тіркеу куәліктері сәтті шығарылғаны туралы хабарлама жібереді;
      2) тіркеу куәліктерін жеке куәлікке және (немесе) sim-картаға жазған кезде:
      көрсетілетін қызметті алушыдан жеке куәлігін және (немесе) sim-картасын алған сәттен бастап ХҚКО операторы 1 минуттың ішінде көрсетілетін қызметті алушының тұлғасын тексеруді (сәйкестендіруді) жүзеге асырады;
      көрсетілетін қызметті алушының тұлғасын тексеру (сәйкестендіру) оң болған жағдайда, ХҚКО операторы 5 минуттың ішінде мемлекеттік қызметті таңдайды, ХҚКО интеграцияланған ақпараттық жүйесіне логин мен парольді (авторлау үдерісі) енгізеді, тіркеу куәліктерін алуға электрондық сұрау салулардың нысанын толтырады және электрондық сұрау салуды ЭҮШ арқылы ЖТ/ЗТ МДҚ жібереді;
      ЖТ/ЗТ МДҚ-да көрсетілетін қызметті алушы туралы деректер болған жағдайда, ХҚКО интеграцияланған ақпараттық жүйесі 2 минуттың ішінде ХҚКО операторына көрсетілетін қызметті алушы туралы деректердің бар болуы хабарлама шығарады және электрондық сұрау салудың нысанын одан әрі толтыруды қамтамасыз етеді;
      ХҚКО операторы пин-код енгізу үшін 1 минуттың ішінде көрсетілетін қызметті алушыға жеке куәлігін және (немесе) sim-картасын береді.
      ХҚКО операторы 3 минуттың ішінде электрондық сұрау салуды Ақпараттық жүйеде тіркейді, өтінішті қабылдайды, өтінішті басып шығарады және көрсетілетін қызметті алушының қолын қойғызады;
      көрсетілетін қызметті алушы өтінішке қол қойғаннан кейін ХҚКО операторы 4 минуттың ішінде өзінің ЭЦҚ куәландыру арқылы электрондық сұрау салуды растауды және оны Ақпараттық жүйеге жіберуді қамтамасыз етеді;
      оның ЭЦҚ куәландырылған электрондық сұрау салуды Ақпараттық жүйенің тексеруі оң болған жағдайда, ХҚКО операторы 4 минуттың ішінде тіркеу куәліктерін көрсетілетін қызметті алушының жеке куәлігіне және (немесе) sim-картасына жазады;
      3) тіркеу куәліктерін кері ақйтарып алған кезде:
      ХҚКО операторы мемлекеттік қызметті көрсету үшін 1 минуттың ішінде ХҚКО интеграцияланған ақпараттық жүйесіне логин мен парольді (авторлау үдерісі) енгізеді;
      ХҚКО операторы 15 минуттың ішінде мемлекеттік қызметті таңдайды, тіркеу куәліктерін кері ақйтарып алуға электрондық сұрау салудың нысанын толтырады, өзінің ЭЦҚ куәландыру арқылы оны растайды және Ақпараттық жүйеге жібереді;
      ХҚКО операторының ЭЦҚ куәландырылған электрондық сұрау салуды тексеру оң болған жағдайда, Ақпараттық жүйе 1 жұмыс күні ішінде автоматты түрде көрсетілетін қызметті алушының тіркеу куәліктерін кері ақйтарып алады және оны электрондық пошта мекенжайына тіркеу куәліктері сәтті кері қайтарылғаны туралы хабарлама жібереді.
      9. ХҚКО арқылы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін алу үдерісінің сипаттамасы, оның ұзақтығы:
      тіркеу куәліктерін жеке куәлікке және (немесе) sim-картаға жазған кезде мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі 20 минуттың ішінде көрсетілетін қызметті алушының жеке куәлігіне және (немесе) sim-картасына жазылады.
      10. Мемлекеттік қызметті Портал арқылы көрсеткен кезде Көрсетiлетін қызметті берушi мен көрсетiлетін қызметті алушы үдерістері (іс-қимылдары) реттілігінің және жүгіну тәртібі осы Регламентке 1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызметті көрсетуге қатысушы ақпараттық жүйелердің функционалдық іс-қимылының № 1, 2, 3 диаграммаларында көрсетілген:
      тіркеу куәліктерін алуға сұрау салуды ұсынған кезде:
      1) 1 үдеріс - көрсетiлетін қызметті алушының Портал арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметті таңдауы, оның құрылымы мен форматты талаптарды ескере отырып (деректерді енгізу), көрсетiлетін қызметті алушының тіркеу куәліктерін алуға электрондық сұрау салудың нысанын толтыруы;
      2) 2 үдеріс - көрсетiлетін қызметті алушының деректері туралы сұрау салуды ЭҮШ арқылы ЖТ/ЗТ МДҚ жіберу;
      1 шарт - ЖТ/ЗТ МДҚ –да көрсетiлетін қызметті алушы туралы деректердің болуын тексеру;
      3) 3 үдеріс - ЖТ/ЗТ МДҚ –да көрсетiлетін қызметті алушы туралы деректердің жо болуына байланысты деректерді алу мүмкінсіздігі себепті сұрау салынып отырған қызметті көрсетуден бас тарту;
      4) 4 үдеріс - электрондық сұрау салуды Ақпараттық жүйеде тіркеу;
      5) 5 үдеріс - көрсетiлетін қызметті алушыға Көрсетiлетін қызметті берушіге жіберу үшін оның электрондық пошта мекенжайына бірегей нөмірі көрсетілген өтініш келіп түседі;
      6) 6 үдеріс - көрсетiлетін қызметті алушы Стандарттың 9-тармағына сәйкес құжаттар қоса берілген бірегей нөмірі бар өтінішті Көрсетiлетін қызметті берушіге жібереді;
      2 шарт - Көрсетiлетін қызметті беруші жауапты орындаушысының көрсетiлетін қызметті алушының тұлғасын тексеруі (сәйкестендіруі) және өтінішті Стандарттың 9-тармағына сәйкестігіне тексеруі;
      7) 7 үдеріс – 2 шартта орын алған бұзушылықтарға байланысты сұрау салынып отырған мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту;
      8) 8 үдеріс - Көрсетiлетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы өзінің ЭЦҚ куәландыру арқылы көрсетiлетін қызметті алушының электрондық сұрау салуын растайды және оны Ақпараттық жүйеге жібереді;
      3 шарт - Ақпараттық жүйе Көрсетiлетін қызметті беруші жауапты орындаушысының ЭЦҚ куәландырылған көрсетiлетін қызметті алушының электрондық сұрау салуын тексеруді жүзеге асырады;
      9) 9 үдеріс - 3 шартта орын алған бұзушылықтарға байланысты сұрау салынып отырған мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту;
      10) 10 үдеріс – тіркеу куәліктерін шығару және көрсетiлетін қызметті алушыға оның электрондық пошта мекенжайына орнатуға сілтемелер берілген тіркеу куәліктері сәтті шығарылғаны туралы хабарлама жіберу.
      Тіркеу куәліктерін екінші рет алуға сұрау салу ұсынған кезде:
      1) 1 үдеріс - көрсетiлетін қызметті алушының Порталда мемлекеттік қызметті таңдауы, жеке кабинетке кіруі, оның құрылымы мен форматты талаптарды ескере отырып (деректерді енгізу), көрсетiлетін қызметті алушының тіркеу куәліктерін алуға электрондық сұрау салудың нысанын толтыруы, оған өзінің ЭЦҚ қоюы;
      2) 2 үдеріс - көрсетiлетін қызметті алушының деректері туралы сұрау салуды ЭҮШ арқылы ЖТ/ЗТ МДҚ жіберу;
      1 шарт - ЖТ/ЗТ МДҚ–да көрсетiлетін қызметті алушы туралы деректердің болуын тексеру;
      3) 3 үдеріс - ЖТ/ЗТ МДҚ–да көрсетiлетін қызметті алушы туралы деректердің жо болуына байланысты деректерді алу мүмкінсіздігі себепті сұрау салынып отырған қызметті көрсетуден бас тарту;
      4) 4 үдеріс - электрондық сұрау салуды Ақпараттық жүйеде тіркеу;
      2 шарт – Ақпараттық жүйе көрсетiлетін қызметті алушының ЭЦҚ куәландырылған электрондық сұрау салуды тексеруді жүзеге асырады;
      5) 5 үдеріс - 2 шартта орын алған бұзушылықтарға байланысты сұрау салынып отырған мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту;
      6) 6 үдеріс - тіркеу куәліктерін шығару және көрсетiлетін қызметті алушыға оның электрондық пошта мекенжайына орнатуға сілтемелер берілген тіркеу куәліктері сәтті шығарылғаны туралы хабарлама жіберу.
      Тіркеу куәліктерін кері қайтарып алуға сұрау салу ұсынған кезде:
      1) 1 үдеріс - көрсетiлетін қызметті алушының Порталда мемлекеттік қызметті таңдауы, жеке кабинетке кіруі, оның құрылымы мен форматты талаптарды ескере отырып (деректерді енгізу), көрсетiлетін қызметті алушының тіркеу куәліктерін кері қайтарып алуға электрондық сұрау салудың нысанын толтыруы;
      2) 2 үдеріс - электрондық сұрау салуға көрсетiлетін қызметті алушының ЭЦҚ қою;
      3) 3 үдеріс - электрондық сұрау салуды Ақпараттық жүйеде тіркеу;
      шарт – Ақпараттық жүйе көрсетiлетін қызметті алушының ЭЦҚ куәландырылған электрондық сұрау салуды тексеруді жүзеге асырады;
      4) 4 үдеріс - шартта орын алған бұзушылықтарға байланысты сұрау салынып отырған мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту;
      5) 5 үдеріс - тіркеу куәліктерін кері қайтарып алу және көрсетiлетін қызметті алушыға оның электрондық пошта мекенжайына тіркеу куәліктері сәтті кері қайтарылғаны туралы хабарлама жіберу.
      11. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіндегі Көрсетілетін қызметті беруші құрылымдық бөлімшелерінің (жұмыскерлерінің) өзара іс-қимылы, үдерістерінің (іс-әрекеттері) реттілігінің толық сипаттамасы, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде ақпараттық жүйелерді пайдаланудың сипаттамасы осы Регламентке 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызметті көрсетудің бизнес-үдерістері анықтамалығында көрсетіледі. Мемлекеттік қызметті көрсету бизнес-үдерістерінің анықтамалығы Көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында орналастырылған.

«Қазақстан Республикасы ұлттық куәландырушы
орталығының тіркеу куәлігін беру және кері
қайтарып алу» мемлекеттік көрсетілетін  
қызмет регламентіне 1-қосымша      

Тіркеу куәліктерін алуға сұрау салуды ұсынған кездегі
функционалдық өзара іс-қимылдың № 1 диаграммасы

Тіркеу куәліктерін екінші рет алуға сұрау салуды ұсынған
кездегі функционалдық өзара іс-қимылдың № 2 диаграммасы

Тіркеу куәліктерін кері қайтарып алуға сұрау салуды ұсынған
кездегі функционалдық өзара іс-қимылдың № 3 диаграммасы

Шартты белгілер:

«Қазақстан Республикасы ұлттық куәландырушы
орталығының тіркеу куәлігін беру және кері
қайтарып алу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет
регламентіне 2-қосымша             

«Қазақстан Республикасы ұлттық куәландырушы орталығының тіркеу
куәлігін беру және кері қайтарып алу» мемлекеттік қызметті
көрсету бизнес-үдерістерінің анықтамалығы

Тіркеу куәліктерін алуға сұрау салуды көрсетілетін қызметті алушының
есептеу техникасы құралдарына ұсынған кезде

Көрсетілетін қызметті алушының есептеу техникасы құралдарына
тіркеу куәліктерін екінші рет алуға сұрау салуды ұсынған кезде

Тіркеу куәліктерін алуға сұрау салуды ақпаратты электрондық
тасығышты және (немесе) sim-картаны қамтитын жеке куәлікке
ұсынған

Тіркеу куәлігін кері қайтарып алуға өтініш берген кезде

Тіркеу куәлігін кері қайтарып алуға өтініш берген кезде