Кеме экипажы мүшелерін медициналық қарап-тексеру қағидаларын, олардың денсаулығы мен дене жарамдылығына қойылатын талаптарды, сондай-ақ медициналық қорытындының нысанын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 27 наурыздағы № 364 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 3 шілдеде № 11546 болып тіркелді

Жаңартылған

      Ескерту. Орыс тіліндегі мәтіннің тақырыбына өзгеріс енгізілді, мемлекеттік тілдегі мәтін өзгермейді - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 21.07.2016 № 566 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      «Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» 2002 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 3-тармағының 55-28) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Мыналар:
      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Кеме экипажы мүшелерін медициналық қарап тексеру қағидалары;
      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес олардың денсаулығы мен дене жарамдылығына қойылатын талаптар;
      3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес медициналық қорытындының нысаны бекітілсін.
      Ескерту. 1-тармақтың орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізілді, мемлекеттік тілдегі мәтін өзгермейді - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 21.07.2016 № 566 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті (Ә.А. Асавбаев):
      1) осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберуді;
      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;
      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралар туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Инвестициялар және даму
      министрінің міндетін атқарушы         Ж. Қасымбек

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасы
      Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі
      ________________ Т. Дүйсенова
      2015 жылғы 28 мамыр

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасы
      Ұлттық экономика министрі
      ________________ Е. Досаев
      2015 жылғы 13 мамыр

Қазақстан Республикасы   
Инвестициялар және даму  
министрінің міндетін атқарушының
2015 жылғы 27 наурыздағы 
№ 364 бұйрығына      
1-қосымша            

Кеме экипажының мүшелерін медициналық тексеріп қарау қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Кеме экипажының мүшелерін медициналық тексеріп қарау қағидалары, (бұдан әрі - Қағидалар) «Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» 2002 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 3-тармағының 55-28) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 2 наурыздағы № 244 қаулысымен ратификацияланған Теңізшілерді даярлау және диплом беру және Халықаралық теңіз ұйымының вахтасын жүргізу туралы халықаралық конвенцияның 1/9 қағидаларына сәйкес әзірленген және кеме экипажы мүшелерін медициналық тексеріп қарауды жүргізу тәртібін айқындайды.
      2. Осы Қағидалардың талаптары теңіз кемелері экипажының мүшелеріне қолданылады.
      3. Теңіз кемелерінің экипаждарының мүшелерін медициналық тексеріп қарауды медициналық ұйымның бұйрығымен тағайындалған кәсіптік патология бойынша қайта даярлау және маман (кәсіптік патолог) сертификаты бар және теңіз кемелерінің экипаждарының мүшелерін медициналық тексеріп қарауды жүргізу сапасына жауапты тұлға болып табылатын дәрігер (бұдан әрі – Дәрігер) жүргізеді.
      Теңіз кемелерінің экипаждарын медициналық тексеріп қарау осы Қағидаларға және, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 128 бұйрығымен бекітілген Міндетті медициналық қарап тексеруді өткізу қағидаларының (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10634 болып тіркелген) 10-тармағының, 13-тармағы 4) тармақшасының және 14-тармағының талаптарын орындауға сәйкес жүргізіледі.
      Дәрігерді тағайындау туралы бұйрықтың көшірмесі оны бекіткен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде сауда мақсатында теңізде жүзу саласындағы уәкілетті органға жіберіледі, ол оны e-gov.kz порталында жариялайды.
      Дәрігер Кеме экипажы мүшелерінің денсаулық жағдайына және дене жарамдылығына қойылатын талаптарды басшылыққа алады.
      Медициналық тексеріп қарауға біліктілігін арттырудан өткен және жоғарғы немесе бірінші санаты бар мынадай дәрігер-мамандар тартылады: терапевт, офтальмолог, оториноларинголог.
      Қажет болған жағдайда, оның ішінде жүзудің географиялық ауданы және рейс қашықтығы бойынша шектеулер белгілеу кезінде басқа мамандықтардың дәрігерлері тартылады.
      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 21.07.2016 № 566 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      4. Кеме экипажының мүшелеріне үміткерді медициналық тексеріп қараудың мақсаты, мамандығы бойынша денсаулығы жағдайының олардың жұмысқа жарамдылығын айқындау болып табылады.
      5. Жұмыс істейтін кеме экпижының мүшелерін медициналық тексеріп қараудың мақсаты:
      1) кемелерде жұмыс істейтін адамдардың денсалығын динамикалық қадағалау;
      2) ауруларды уақытында, оның ішінде кемелерде жұмысты жалғастыруға кедергі келтіретін кәсіби ауруларға қатысты;
      3) жұмыскерлердің денсаулығын сақтауға және еңбекке қабілеттілігін қалпына келтіруге бағытталған алдын ала және оңалтушылық іс-шараларды жүргізуді бақылау;
      4) инфекциялық және паразитарлық арулардың таралуын диагностикалау және алдын алу болып табылады.
      6. Кеме экипажының мүшелерін кезендік медициналық тексеріп қарау екі жылда бір рет өткізіледі.
      Ішкі суларда жүзетін кемелерде және аралас «өзен–теңіз» суларында жүзетін кемелерде жұмыс істейтін тұлғалар медициналық тексеріп қараудан навигация басталар алдында өтеді.
      Дәрігер келесі медициналық тексеріп қарау мерзімін дербес, бірақ осы тармақта көрсетілген мерзімдерден кешіктірмей белгілейді.
      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 21.07.2016 № 566 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2. Медициналық тексеріп қарау тәртібі

      7. Медициналық тексеріп қарауға 16 жастан төмен емес кеме экипажының мүшелеріне үміткер және жұмыс істейітін кеме экипажының мүшелері жатады.
      8. Медициналық тексеріп қарау кезінде функционалдық және зертханалық зерттеулер мыналарды қамтиды:
      клиникалық қан талдауы, глюкозаға қан талдауы;
      АВИТ қан талдауы;
      есірткі заттары мен ішімдік белгілеріне қан мен несеп талдауы;
      көру өткірлігін зерттеу, көз іші қысымын өлшеу;
      естуін зерттеу.
      9. Медициналық тексеріп қарау процесінде анықталған медициналық көрсеткіштер кезінде зерттеудің қосымша зертханалық-инструменталдық және функционалдық әдістері жүргізіледі.
      10. Алып тасталды - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 21.07.2016 № 566 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      11. Алып тасталды - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 21.07.2016 № 566 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      12. Медициналық қорытынды мынадай шешімдердің біреуін қамтиды:
      шектеусіз (қандай екені көрсетіледі) мамандығы бойынша жүзу құрамындағы жұмысқа денсаулық жағдайы бойынша жарамды;
      (жүзудың климатикалық ауданы, рейстердің ұзақтығы) шектеумен және диспансерлік есепке міндетті қоюмен (қандай екені көрсетіледі) мамандығы бойынша жүзу құрамындағы жұмысқа денсаулық жағдайы бойынша жарамды;
      13. Денсаулық жағдайы бойынша кемелердегі жұмысқа жарамсыз адамдарға медициналық қорытынды берілмейді.
      14. Алып тасталды - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 21.07.2016 № 566 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      15. Медициналық тексеріп қарау қорытындылары бойынша медициналық қорытынды ресімделеді.
      ағылшын тілінде қанда және несепте есірткі препараттарының болуына сертификат.
      Медициналық қорытындының және қанда және несепте есірткі препараттарының болуына сертификаттың көшірмелері амбулаторлық аурудың медициналық картасында сақталады.
      Медициналық қорытынды теңізшінің жасы 18 жастан төмен жағдайларды қоспағанда, екі жылға жарамды болып қала береді, бұл жағдайда жарамдылық мерзімі бір жылды құрайды.
      Егер медициналық қорытындының жарамдылық мерзімі рейс кезінде аяқталатын болса, онда медициналық қорытынды теңіз кемелері экипаждарының мүшелерін медициналық тексеріп қарауды жүргізуге уәкілетті Дәрігер бар келесі портқа дейін, осы мерзім үш айдан аспайтын шартпен, жарамды болып қала береді.
      Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 21.07.2016 № 566 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Қазақстан Республикасы      
Инвестициялар және даму     
министрінің міндетін атқарушының
2015 жылғы 27 наурыздағы    
№ 364 бұйрығына         
2-қосымша            

Кеме экипажы мүшелерінің денсаулық жағдайына және дене
жарамдылығына қойылатын талаптар

      1. Кеме экипажы мүшелерінің денсаулық жағдайына және дене жарамдылығына қойылатын талаптар Талаптарға 1-кестеге сәйкес теңізшілер үшін дененің ең төмен қабілеттілігі негізінде айқындалған.
      2. Теңізшілерді тексеріп қарау кезінде өлшеуге жататын буынның қызметі мен қозғалыс көлемін бағалау Талаптарға 2-кестеге сәйкес жүргізіледі.
      3. Қашықтықтан және түрлі-түсті көруді бағалау Талаптарға 3-кестеге сәйкес теңізшілер үшін ең төменгі қолданыстағы көру стандарттары негізінде жүргізіледі.
      Талап етілетін стандартқа сәйкес болуы үшін көруді түзету құрылғыларын пайдалану қажеттілігі туралы жазу кемелердегі жұмыс үшін денсаулық жағдайы бойынша жарамдылығы туралы медициналық қорытындыға енгізілуі тиіс.
      4. Төменде көрсетілгендерден басқа, теңізшілер үшін есту қабілеттілігі 500, 1000, 2000 және 3000 Гц жиілігі шегінде (шамамен тиісінше 3 м және 2 м қашықтықта сөйлеуді есту сәйкес келеді) жақсы құлақта орташа алғанда ең азы 30 дБ (қосалқы құралдарсыз) және нашар еститін құлақта орташа алғанда 40 дБ (қосалқы құралсыз) болуы тиіс.
      Естуді тексеріп қарау таза есту дыбысының аудиоөлшегішінің көмегімен жүргізіледі.
      Салдарда/көпіршікте міндеттерін орындайтын кеме экипажының мүшелері 3 метр қашықтықта сыбырлап сөйлеуді естуі тиіс. Кеме экипажы мүшелері қосалқы есту құралдарын осы адам оның медициналық куәлігі қолданысы кезеңінде кемеде талап етілетін ерекше күнделікті міндеттер мен авариялық жағдайдағы міндеттерді қауіпсіз және тиімді орындау қабілеті расталған жағдайда пайдаланады.
      5. Төменде аталған аурулары бар немесе бастан өткерген тұлғалар теңіз кемелеріндегі жұмысқа жарамсыз болып табылады.
      - шизофрения, паранойя, аффектілік психоздар тек психиатриялық мекемелерде тексерілгеннен кейін ғана шығарылады. Мұндай аурулары бар тұлғалар ағымына, нысандарына, аурудың мерзіміне, оңалу ұзақтығына қарамастан жұмысқа қайта орналасуға және диспансерлік есептен шығаруға жатпайды;
      - асқынған психоздарды, невроздарды, суицидтік әрекеттерді бастан өткерген тұлғалар;
      - ми қан айналымының ишемиялық және қанды генезінің қатты бұзылуын бастан өткерген ми ишемиясына ауысатын, субарахноидалдық қан құйылу немесе церебралдық тамырлық күрт асқыну ауруымен ауырғандар, сонымен қатар ми қанайналымының созылмалы жеткіліксіздігі бар тұлғалар;
      - нерв жүйесінің органикалық аурулары (ісіктер, жұлын арнасының кеңуі, шашыранды беріш және тағы басқа үдемелі аурулар); орталық нерв жүйесінің жұқпалы ауруларының асқынған және созылмалы түрлері (мидың қабынуы, мидың торлы қабығының қабынуы, нервтік мерез, нерв жүйесі қызметінің бұзылуымен, ликворлық динамикалық бұзылушылық, тырысқақтық ұстамамен нерв жүйесінде жұқпаның және уыттанудың қалдық құбылыстары); нерв-бұлшық ет аппаратының аурулары бар тұлғалар (бұлшық ет әлсіздігі, бұлшық ет дерттері, бұлшық ет тонусы, бұлшық ет күші);
      - лейкоздар, миелома ауруы, лимфогрануломатоз, қатерлі анемия, қанды диатездің ауыр түрі, қанда эритроциттің көбейетін ауруы бар тұлғалар;
      - туберкулезбен немесе көкірек ағзасын ығыстырусыз және сыртқы тыныс алу функциясы бұзылмаған қалдық құбылысымен ауыратын тұлғалар;
      - жүрек ырғағы бұзылған, синустық түйіннің нашарлау белгісі, өткізгіштігі бұзылуымен, жүрек қысылуының 2 секундқа және одан да көп қайталауы, жыпылық аритмиясы ұстамасы, жүрекше үлпілдеуі, суправентикулярлы тахикардия (4 және одан да көп кешен минутына 120 одан да көп жиілігімен), жүрек қарыншаларының кезектен тыс жиырылуы қайталанған би- және тригеминия кезеңімен, қосарланған жүрек қарыншаларының кезектен тыс жиырылуы, эпизодты жүрек қарыншасы тахиакардиасы 3 және одан да көп минутына 120 жиілікпен, кенеттік суправентрикулярлық тахиакардиясы бар болғанда Вольф-Паркинсон-Уайт синдромы бар тұлғалар;
      - ауыр гломерулонефрит кешкен тұлғалар;
      - тән ауру этиологиясы белгіленген кезде, секвестралды қуыс, оның қызметі бұзылу дәрежесіне тәуелсіз куәланушы жыланкөз болса;
      - омыртқа денесі жартылай таюымен сынуынан кейін, омыртқа жотасы туберкулезі (фаза үрдісі мен қызметтік жағдайынан тәуелсіз);
      - тармақша ісіктің орналасуына, мөлшеріне, қатарлас жатқан ағзалармен анатомиялық өзара байланысына, айналасындағы ағзалардың қызметін бұзу мүмкіндігіне байланысты операциялық емдеуге жатқызылмайтын;
      - емдеуге қиын берілетін, созылмалы микробты тері ауруына ауысатын псориаз, пиодермия ауруларының ауыр тараған түрімен ауырған.

Кеме экипажы мүшелерінің
денсаулық жағдайына
және дене жарамдылығына
қойылатын талаптарға
1-кесте        

Теңізшілердің ең төменгі физикалық қабілеті

Кеме тапсырмасы, функциясы, күрделілігі немесе талаптары 3

Тиісті физикалық қабілеті

Қарап тесеруді жүргізетін медицина қызметкері кандидат4 мыналарды орындайтындығына қанағаттануы тиіс:

Кеме бойынша күнделікті қозғалыс:
- жылжитын салдарда
- деңгейлер арасында
- секциялар арасында

1 ескертпе осы қатарға қолданылады

- Баланс пен қозғалтқышты қайта сақтайды
- тік баспалдақтар мен сатылар бойынша көтеріледі және түседі
- Биіктігі 600 мм комингстерден аттап өтеді
- Тұмшаланған есіктерді ашады және жабады

- Баланс сезімімен қиындық тудыртпайды
- Тиісті қозғалыстар мен физикалық жүктерді болдырмайтын қандай да бір патологияның немесе аурудың болмауы
Көмексіз5 мыналар болуы мүмкін:
- Тік баспалдақ пен сатылар бойынша көтерілу
- Биік табалдырықтан аттайды
- Есіктерді басқару жүйелерін басқарады

Борттағы күнделікті тапсырмалар:
- қол құрал-саймандарын пайдалану
- кеме қорларының орнын ауыстыру
- биіктікте жұмыс
- клапандар жұмысын қамтамасыз ету
- 4-сағаттық  вахтаны атқару
- жабық үй-жайлардағы жұмыс
- дабылға, ескертуге және нұсқауға ден қою
- ауызша хабарлама

1-ескертпе осы қатарға қолданылады

- Механикалық құрылғыларды басқару кезіндегі күш, айла және шыдамдылық
- Жүкті көтеру, сүйреу және арқалау (салмағы 18 кг)
- Жоғарыға көтерілу
- Ұзақ кезеңде тұру, жүру және сергек боп қалу
- Шектеулі үй-жайларда жұмыс және тар саңылаулар арқылы қозғалу (н-р, қағида 11-I/3-6.5.1 СОЛАСжүк үй-жайлары мен авариялық шығаберістердегі саңылау 600 мм-ге кемінде 600 мм мөлшерінде құрады)
- Объектілерді, өлшемді және дабылды көзбен айыра білу
- Ескерту мен нұсқауларды есту
- Нақты сөзбен сипаттай білу

- кеменің қауіпсіз жұмысы үшін қажетті ауыр жұмысты орындау қабілеттілігін азайтатын белгілі бір нашарлауы немесе диагностикалық мед.көрсеткішті жоқ
- мынадай қабілеттерге ие:
- көтерілген қолмен жұмыс істеу
- узақ уақыт бойы тұру және жүру
- жабық үй-жайға кіру
- көру стандарттарына сәйкес келу (A-I/9 кестесі)
- құзіретті органдар белгілеген есту стандарттарына сәйкес келу немесе халықаралық нұсқауларды назарға алу
- қалыпты сөйлесуді ұстау

Борттағы авария жағдайындағы міндеттер6:
- кемені авариялық тастап кету
- өрт сөндіру
- көшіру

2 ескертпе осы қатарға қолданылады

- құтқару көкірекше немесе гидрокомбинезон кию
- түтінделген үй-жайды тастап кету
- демалу аппаратурасын пайдалануды қоса алғанда, өрт сөндіру бойынша міндеттерге қатысуы
- кемеден көшіру процесіне қатысу

кеменің қауіпсіз жұмысы үшін қажетті ауыр жұмысты орындау қабілеттілігін азайтатын белгілі бір нашарлауы немесе диагностикалық мед.көрсеткішті жоқ
- мынадай қабілеттерге ие:
- құтқару көкірекшені немесе гидрокомбинезонды кию
- жорғалау
- температурадағы айырмашылықты сезіну
- өрт сөндіру бойынша жабдықты пайдалану
- демалу аппаратурасын сүйреу (онда міндет бөлігі ретінде қажет)

Ескертпе:
      1 Осы кестенің 1 және 2-қатары мыналарды сипаттайды: (a) қарапайым кеме тапсырмалары, функциялары, оқиғалары және талаптары; (b) теңізшінің, экипаждың және кеменің басқа мүшелерінің қауіпсіздігі үшін қажетті деп саналуы мүмкін тиісті физикалық қабілетілігі; (c) теңізшілердің түрлі міндеттерін және олар жұмысқа жалданған бортта олардың жұмыс мәнін назарға ала отырып, медициналық жарамдығын бағалау кезінде тәжірибеленуші дәрігерді пайдалану үшін жоғары өлшемдер.
      2 Жоғарыда көрсетілген кестенің 3-қатары мыналарды сипаттайды: (a) авария жағдайында борттағы тапсырмалар, функциялар, қиындықтар және көрсеткіштер (талаптар); (b) теңізшінің, экипаждың және кеменің басқа мүшелерінің қауіпсіздігі үшін қажетті деп саналуы тиіс, тиісті физикалық қабілетілігі; және (c) теңізшілердің түрлі міндеттерін және олар жұмысқа жалданған бортта олардың жұмыс мәнін назарға ала отырып, медициналық жарамдығын бағалау кезінде тәжірибеленуші дәрігерді пайдалану үшін жоғары өлшемдер.
      3 Осы кесте борттағы мүмкін көрсеткіштерге көрсетуге немесе әлеуетті біліктілігін жоғалтқан медициналық жағдайға көрсетуге ниетті емес. Тараптар теңізшілердің белгілі бір санатына қолданатын физикалық қабілетті нақтылауы тиіс (капитан көмекшісі және машина бөлімінің қатардағы қызметкері ретінде). Жеке тұлғалар және арнайы немесе шектеулі міндеттері барлар үшін ерекше жағдайлар тиісті түрде қаралуы тиіс.
      4 Егер күмән туындаған жағдайда, тәжірибеленуші дәрігер кез келген тиісті нашарлаудың дәрежесін немесе деңгейін объективті тестілерді жүргізу, егер тестілер қолданылған және қол жетімді болған жағдайда, немесе кандидатты одан әрі тексеруге жіберу арқылы есептеуі тиіс.
      5 «Көмекші» термині тапсырманы орындау үшін басқа адамды пайдалануды білдіреді.
      6 «Авариялық жағдайлар кезіндегі міндет» термині жеке күн көрінісін қамтамасыз ету үшін әр теңізші орындауы тиіс рәсімдер ретінде кемені тастап кету немесе өрт сөндіру тәрізді авариялық жағдайға жен қоюдың барлық стандартты жағдайларын қамту үшін пайдаланылады.

Кеме экипажы мүшелерінің
денсаулық жағдайына  
және дене жарамдылығына
қойылатын талаптарға 
2-кесте         

Теңізшілерді тексеріп қарау кезінде өлшеуге жататын буынның
қызметі мен қозғалыс көлемі

Буын

Қимыл бағыты

Өлшем үшін шығару жағдайы; есептеу басталатын бұрыш

Қозғалыс көлемі (бұрыш)

Мөлшерде

Шектеу; елеусіз ретінде жітелуі

1

2

3

4

5

Иық

Бүгілуі (алға жылжу; иық буындарын қосқанда)

Тұрғанда. Қол дене бойына түсірілген; орта қалыпта супинация және пронация арасында (0)

175 – 180

120-ға дейін

Иілуі (артқа жылжу)

Сондай

45-50

20-ға дейін

Бұрылуы (иық буынын қосқанда)

Тұрғанда. Қол тік қалыпты; супинация (0)

180

120-ға дейін

Шынтақ

Бүгілуі

Тұрғанда. Қол түсірілген; кішкене қайырылған (180)

27 – 30

80-ге дейін

Иілуі

Сондай

180

160

Кәрі жілік

Пронация

Тұрғанда және отырғанда. Қол 90 градусқа жиналған. Білек орта қалыпта, саусақ және саусақ сүйектері білекпен бір жазықтықта (0)

90

60-қа дейін

Супинация

Сондай

90

60-қа дейін

Алақан бөліктері

Бүгілуі

Тұрғанда. Қол кеуде бөлігінде, білек буынына бүгілген, білек бүгілген 180

80

30-ға дейін

Иілуі

Сондай

70

15-ке дейін

Бұрылуы

Ол да сондай, білек супинация жағдайда, саусақ суйектері иықпен бір жазықтықта 180

160

175-ке дейін

Келтіруі

Сондай

135 - 140

165-ке дейін

Алақан және саусақ сүйектері

Бүгілуі

Отыру. Шынтақ тірегі тік, саусақтар тік қалыпта (180)

Бірінші саусақ 135-ке дейін, басқасы 90-95

155-ке дейін 60-дейін

Иілуі

Сондай

180 – 210

165-170 Саусақаралық буындарының қозғалысының шектеулі болуына қарай қол үші ұстау қабілеті сақтау керек және 1-ші саусақтың басқаларға қарсы қойылымы сақталуы керек

Жанбас-бел сүйектері

Бүгілуі

Арқаға жату. Тізе бүгілуі. Жанбас бекітілуі (0)

120

100

Иілуі

Ішпен жату болмаса сау бүйірімен жату. Тізені босату. Жанбасты біріктіру (0)

15 – 20

10

Бұрылуы

Арқаға жату. Табан орта жағдайда, тізенің 90к (0) бұрышында

50 – 90

30

Келтіруі

Сондай

20 – 30

10

Супинация

Сондай, тізе босатылған

60

40

Пронация)

Сондай

40

20-ға дейін

Балтыр және табан сүйектері

Бүгілуі

Арқаға жату болмаса бүйірге жату. Балтырға табанның бұрышы 90

130

110

Иілуі

Сондай

70

80

Самай және жақ сүйегі

Тік қозғалыс

Аузын кең ашып см-мен өлшейді төменгі және жоғарғы алдынғы тістердің аралығын

Ауыздың бірқалыпты ашылуы 3 см-ден 6 см-ға дейін

3 см

Кеме экипажы мүшелерінің
денсаулық жағдайына  
және дене жарамдылығына
қойылатын талаптарға 
3-кесте       

Теңізшілер үшін ең төменгі қолданыстағы көру стандарттары

ПДНВ конвенциясының қағидалары

Теңізші санаты

Қосалқы құралды пайдалана отырып, қашықтықтан көру1

Жақын/орташа көру

Түрлі-түсті көру3

Көру аясы4

Түнгі көрмеу4

Диплопия (көзде екі көріну)4



1 көз 2ші көз

Екі көз (қосалқы құралдарды пайдалана отырып және оларды пайдаланбай)





I/11

II/1

II/2

II/3

II/4

II/5

VII/2

Капитандар, командалық құрам және алда қараушылар функцияларын орындауы тиіс қатардағы қызметкерлер

0.52 0.5

Кеме қозғалысы үшін қажетті көру (н-р, карталар мен теңіз жариялымдарға өтіну, көпіршекте құрал-саймандар мен жабдықтарды пайдалану, және кеме жүргізу үшін қосалқы құралдарды анықтау)

6-мысалды қараңыз

Қарапайым көру аясы

Сапаны нашарлатпай қараңғыда барлық қажетті функцияларды орындау үшін қажетті көру

Нақты маңызды жағдайлар жоқ

I/11

III/1

III/2

III/3

III/4

III/5

III/6

III/7

VII/2

Барлық механиктер, электр механиктер, электриктер және қатардағы қызметкерлер және машина бөлімі вахтасының құрамындағы басқа адамдар

0.45 0.45

Жабдықты басқару үшін және ол қажет ететіндей жүйені/компонеттерді анықтау үшін жақын қашықтықтан аспаптарды оқу үшін қажетті көру

7-мысалды қараңыз

Жеткілікті көру аясы

Сапаны нашарлатпай қараңғыда барлық қажетті функцияларды орындау үшін қажетті көру

Нақты маңызды жағдайлар жоқ

I/11

IV/2

ГМССБ радиооператорлары

0.4 0.4

Жабдықты басқару үшін және ол қажет ететіндей жүйені/компонеттерді анықтау үшін жақын қашықтықтан аспаптарды оқу үшін қажетті көру

7-мысалды қараңыз

Жеткілікті көру аясы

Сапаны нашарлатпай қараңғыда барлық қажетті функцияларды орындау үшін қажетті көру

Нақты маңызды жағдайлар жоқ

Ескертпе:
      1 Мәндер он сандық Snellen жүйесінде көрсетілген.
      2 Бір көздегі кем дегенде 0,7 ретінде мәні көз ауруы негізінде жатқан белгісіздік тәуекелін төмендету үшін ұсынылады.
      3 Жарықтандыру жөніндегі халықаралық комиссия Көлік үшін түрлы түсті көріу талаптарына қойылатын халықаралық ұсынымдармен айқындалғандай (кез келген кейінгі нұсқаларды қоса алғанда, CIE-143-2001).
      4 Бастапқы тексеріп қарау кезінде анықталғаны көрсетілген клиникалық көру маманы анықтауы тиіс.
      5 Машина бөлімінің персоналы кемінде 0.4. көруі араласқан болуы тиіс.
      6 CIE 1 немесе 2-түрлі түсті көріу стандарты.
      7 CIE 1, 2 немесе 3-түрлі түсті көріу стандарты.

Қазақстан Республикасы  
Инвестициялар және даму  
министрінің міндетін   
атқарушының       
2015 жылғы 27 наурыздағы
№ 364 бұйрығына 3-қосымша

Нысан

Медициналық қорытынды

      Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 21.07.2016 № 566 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Оң жағы

Medical certification of fitness
Медициналық қорытынды

      This certificate is issued by the Government of Kazakhstan in compliance with the requirement of Article 2(a) (iii) of Merchant Ships (Minimum Standards) Conventions 1976 (ILO 147 & 73) & the international Convention on Standards of Training Certification and Watch keeping for seafarers. 1978, as amended)

Медициналық ұйымның атауы
Мекенжайы
Тел./факс
Медициналық қызметке лицензия №_________берілген күні ______________

Surname of applicant/Тегі

First name/Аты


Date of birth/ Туған күні

Year/жылы

Month/айы

Day/күні

Place of birth/Туған жері:

Address/Мекенжайы:

Medical examination/ Медициналық тексеру деректері

Height/Бойы:

Weight/Салмағы:

Blood pressure/
Қан қысымы

Pulse/пульс

Vision/көру

Right eye/ оң көзі

Left eye/сол көзі

Color test type/ Түрлі-түсті сезіну

System Rabkin/ Рабкин кітабы

Without glasses/ көзілдіріксіз



With glasses/ көзілдірікпен



Hearing /Есту

Right ear/ оң құлақ

Left ear/сол құлақ

HEAD AND NECK/ЛОР

Whispering/

Сыбырлап сөйлесу
 

Ordinari conversation/ Қарапайым сөйлесу



X-ray results/ флюорография

Lungs/ өкпе

Abdomen/қарын

Kidneys / бүйрек

Urine (laboratory findings)/Несеп (талдау)

Genital organs/ Жыныс органдары

Extremities/ Аяқ-қол

Upper/ Жоғары

Lower/Төменгі

Nervous system/Жүйке жүйесі:

Heart (Cardiovascular)/Жүрек-қан тамырлар жүйесі:

Is applicant suffering any disease likely to be aggravated by or render him unfit for, service at likely to endanger the health of other person on beard? Тексерілуші жұмысқа кедергі келтіретін және экипаж үшін қауіпті болатын аурулары бар ма?

Signature of applicant_________________________

Тексерушінің қолы

Date of issue physical certificate ____________________________

Халықаралық сертификатты беру күні

This signature hold be affixed in the presence of the examining Physician

Қол дәрігердің қатысуымен қойылады

This is certify that a physical examination was given to/Медициналық куәлік берілді: _____________________________________________________________________________________________________

He/ She is found to be fit for duty as/ Тексерілуші лаузымда жұмыс үшін жарамды: _______________________________

Certificate is valid till/ Сертификат ________________________________________________________ дейін жарамды




___________________________________
Name of Doctor//Дәрігердің Т.А.Ә.

________________________________
Signature of Doctor/подпись
  врача / Дәрігердің қолы

Теріс жағы 

Drug/alcohol test report

I certify that I am the same person being tested for presence of drug and alcohol in my blood/ urine whose name appears on this medical record and that I have truthfully answered the questions asked regarding my well being.
___________________________________________

Signature

Surname of applicant:

CERTIFICATION

I certify that laboratory examination on the blood/ urine of applicant using the test on the principle:

AGGULUTINATION IMMUNOASSAY:
Din not detect presence of prohibited drugs
Detected presence of prohibited drugs

Amphetamines
(THC) Cannabinoids
(PCP) Phencyclidine
Cocaine
Morphine
Barbiturates
Opiates
Marijuana
Benzodiazepines
Methadone
Propoxyphene

Examination for significant alcohol level using chromatography method:

Did not detect presence of alcohol 0,0 0/00
Detected presence of alcohol
___________    _____________
    date         signature

Test on antibodies to HIV was ____________________
VDRL was ____________________ №___________________

Vaccination against yellow fever at:
Revaccination against diphtheria at:
Revaccination against tetanus at:

DETAILS OF MEDICAL EXAMINATION:
(To be completed by examining physician)

This certificate is issued by authority of the Deputy Commissioner of Maritime Affairs.

      Ескертпе:
      1. Теңізшінің денсаулығы жағдайы туралы медициналық қорытынды (бұдан әрі – Медициналық қорытынды) теңізшілерге олардың денсаулығы жағдайын және мамандығы бойынша еңбекке қабілеттілігін айқындау мақсатында, Теңізшілерді даярлау және диплом беру және Халықаралық теңіз ұйымының вахтасын жүргізу туралы 1978 жылғы халықаралық конвенцияның А-1/9 бөлімінің талаптарына және 1/9 қағидаларына сәйкес ресімделеді.
      2. Медициналық қорытынды теңіз кеме экипажының мүшелерін медициналық тексеріп қарауға уәкілетті етілген дәрігер ресімдейді.
      3. Медициналық қорытындының жоғарғы жағында: медициналық ұйымның атауы, оның мекенжайы, байланыс телефондары, медициналық қызмет көрсетуге берілген лицензияның нөмірі мен күні көрсетіледі. Медициналық қорытындының және сертификаттардың бланкілері қатаң есепке жатады.
      4. Медициналық қорытындыға теңізшінің төлқұжаттық деректері: аты, тегі, туған күні, туған жері, тұратын жерінің мекенжайы, сондай-ақ теңізшінің жеке куәлігінің (теңізшінің паспорты) нөмірі және сериясы енгізіледі.
      5. Медициналық қорытынды ағылшын тілінде, түзетулерсіз ресімделеді, теңізшінің суреті (медициналық ұйымның мөрімен расталады) және оның жеке қолтаңбасы болады.
      6. Медициналық тексеріп қараудың деректері: антропометриялық өлшемдерді, органдар және жүйелер бойынша жағдайдың объективті бағалауды (жүрек-қан тамырлары, тыныс, ас қорыту, жүйке, сүйек-бұлшықет, зәр шығару), көздің өткірлігін анықтауды және екі көздің түсті айыруды, аудиометриялық деректерді қамтиді. Медициналық қорытындыда көкірек қуысы органдарын зерттеудің флюорографиялық (рентгенологиялық) деректері қамтылуы, ВИЧ-инфекциясына зерттеудің деректері көрсетіледі.
      7. Медициналық қорытындыда: құжатты ресімдеген күн, сертификатты алған теңізшінің тегі, аты, мамандығы бойынша жұмысқа жарамдылығы және қорытындының мерзімі аяқталған күні көрсетіледі. Медициналық қорытындының қолданылу мерізімі екі жылдан, ал 18 жастан кіші тұлғаларға – бір жылдан аспауы тиіс.
      8. Медициналық қорытындыға теңіз кеме экипажының мүшелерін медициналық тексеріп қарауға уәкілетті етілген дәрігер қол қояды және оны мөрмен растау қажет (ағылшын тілінде).
      9. Медициналық ұйымдарды Теңізшінің денсаулығы жағдайы туралы медициналық қорытындының бланкілерімен (бұдан әрі – Қорытынды бланкілері) қамтамасыз ету орталықтандыру жүзеге асыру қажет.
      Корытынды бланкілерінде нөмірлер мен сериялар болуы қажет.
      10. Сауда мақсатында теңізде жүзу саласындағы уәкілетті орган кеме экипажының мүшелерін медициналық тексеріп қарауды жүргізуге уәкілетті әрбір медициналық ұйымға серияның жеке нөмірін беретін Қазақстан Республикасындағы бірегей нөмірлеу жүйесін бекітеді.
      11. Қорытынды бланкілер және сертификаттардың тапсырушысы – сауда мақсатында теңізде жүзу саласындағы уәкілетті орган, оларды медициналық ұйымдардың берген өтінімдері және олармен жасасқан шарттар негізінде полиграфиялық қорғау дәрежесі бар баспа өнімдерін шығаруға рұқсаты бар ұйымдарға тапсырыс береді.
      12. Сериялардың нөмірлері сандардан немесе әріптер мен сандардан құралады.
      Қорытынды бланкілерінің нөмірлері сандардан құралады, бланктердің нөмірлері толассыз, сандар бірігіп көрсетіледі. Қорытынды бланкілерінің нөмірлеріндегі белгілердің саны оның қажеттілігін қанағаттандыратын нақты медициналық ұйым үшін болуы тиіс.
      13. Қорытынды бланкілері қатаң заттай-сандық есепке жатқызылады.
      Қорытынды бланкілерін сақтау, есепке алу және беру медициналық ұйымның басшысы бұйрығымен тағайындалған жауапты тұлғамен жүзеге асырылады.