"Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңберінде амбулаториялық деңгейде белгілі бір аурулары (жай-күйі) бар халықты тегін қамтамасыз ету үшін дәрілік заттардың және медициналық мақсаттағы бұйымдардың және бейімделген емдік өнімдердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрінің м.а. 2011 жылғы 4 қарашадағы № 786 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы"

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 мамырдағы № 403 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 30 маусымда № 11505 тіркелді

Қолданыстағы

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз.

      «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 88-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес және тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде халықты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жүйесін жетілдіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңберінде амбулаториялық деңгейде белгілі бір аурулары (жай-күйі) бар халықты тегін қамтамасыз ету үшін дәрілік заттардың және медициналық мақсаттағы бұйымдардың және бейімделген емдік өнімдердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрінің м.а. 2011 жылғы 4 қарашадағы № 786 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7306 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңберінде амбулаториялық деңгейде белгілі бір аурулары (жай-күйі) бар халықты тегін қамтамасыз ету үшін дәрілік заттардың және медициналық мақсаттағы бұйымдардың және бейімделген емдік өнімдердің тізбесінде:
      «Жергілікті бюджет есебінен» деген 1-бөлімде:
      реттік нөмірі 9, 15, 17, 18 және 23-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
«

9

Созылмалы жүрек жетіспеушілігі (СЖЖ), оның ішінде дилатациялыкардиомиопатия

Диспансерлік есептегі барлық санаттар – базалық терапия; әлеуметтік қорғалмаған топтарға қосымша терапия. –******; дилатациялы кардиомиопатия диагнозы бар науқастар

Ауырлықтың барлық сатысы мен дәрежесі

Базалық терапия:
Небиволол, таблетка;
Бисопролол, таблетка
Фозиноприл, таблетка;
Спиронолактон, таблетка, капсула;
Торасемид, таблетка, оның ішінде ұзақ әсерлі;
қосымша терапия:
Кандесартан, таблетка;
Рамиприл, таблетка, капсула;
Дигоксин, таблетка;
Фуросемид, таблетка;
Гидрохлортиазид, таблетка;
Эналаприл, таблетка;

                                                                  »;
«

15

Крон ауруы және бейспецификалы ойықжаралыколит

Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар

Ауырлықтың барлық сатысы мен дәрежесі

Месалазин, таблетка, суппозиторийлер;ұзақ әсерлі түйіршектер;
Преднизолон, таблетка; Метотрексат таблетка;

                                                                  »;
«

17

Эпилепсия

Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар

Ауырлықтың барлық сатысы мен дәрежесі

Вальпроев қышқылы, таблетка, соның ішінде пұзақ әсерліы, капсула, түйір, сироп, ішуге арналған тамышалар; Карбамазепин, соның ішінде таблетка, ұзақ әсерлі; Бензобарбитал, таблетка; Ламотриджин, таблетка, оның ішінде ауыз қуысында еритін және шайналатын таблетка; Топирамат, капсула, таблетка; Леветирацетам, таблетка, ерітінді;

                                                                   »;
«

18
 

Психикалық аурулар

Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар

Ауырлықтың барлық сатысы мен дәрежесі

Диазепам, инъекция үшін ерітінді, таблетка; Оланзапин таблетка; Рисперидон, бұлшық етке енгізу үшін ерітінді суспензиялар дайындауға арналған ұнтақ, таблетка, ішуге арналған ерітінді; Галоперидол, таблетка; инъекцияларға арналған ерітінді; Хлорпромазин, инъекцияларға ерітінді, драже, таблетка; Левомепромазин, таблетка; Амитриптилин, таблетка, драже, инъекция үшін ерітінді; Трифлуоперазин, таблетка; Клозапин, таблетка; Тригексифенидил, таблетка; Флуфеназин, инъекцияларға арналған ерітінді; Венлафаксин, капсула, таблетка, оның ішінде ұзақ әсерлі; Палиперидон, таблетка, оның ішінде ұзақ әсерлі;
бұлшық ет ішіне енгізу үшін инъекцияларға арналған суспензия, ұзақ әсерлі; Дулоксетин, капсула; Амисульприд, таблетка, оның ішінде қабықшамен қапталған; ішуге арналған ерітінді;

                                                        »;
«

23

Онкология

Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар

Қатерлі ісіктердің барлық сатысы

Капецитабин, таблетка; Темозоломид, капсула; Эпоэтин альфа, шприц-сықпадағы инъекцияға арналған ерітінді; Тамоксифен, таблетка; Фулвестрант, бұлшық ет ішіне енгізуге арналған шприц-сықпадағы ерітінді; Трипторелин, инъекциялық ерітінді дайындауға арналған лиофилизат; Гозерелин, шприц-аппликатордағы тері астына енгізуге арналған ұзақ әсерлі депо-капсула (имплантат); Ципротерон, таблетка, инъекцияға арналған ерітінді; Летрозол, таблетка; Анастрозол, таблетка; Бикалутамид, таблетка; Торимефен, таблетка; Золедрон қышқылы, инфузия дайындауға арналған концентрат/лиофилизат; Клодрон қышқылы, капсула, таблетка; Интерферон альфа 2а, 2 b, шприц-сықпада; Тегафур, капсула; Филграстим, шприц-сықпа; БЦЖ вакцинасы, жиынтығында ерітіндісі бар интравизикалды енгізуге арналған суспензия дайындау үшін ұнтақ; Тиогуанин****, таблетка; Меркаптопурин, таблетка; Лейпрорелин, суспензия/ инъекцияға арналған ерітінді дайындау үшін лиофилизирленген ұнтақ/ лиофилизат;

Қатерлі ісіктер кезіндегі паллиативтік терапия

Морфин, инъекцияға арналған ерітінді; Тримепиридина гидрохлорид, инъекцияға арналған ерітінді; Трамадол, ұзақ әсерлі таблетка, капсула, суппозиторийлер, инъекцияға арналған ерітінді; Фентанил, терапиялық трансдермалдық жүйе; Кетопрофен, капсула, таблетка, суппозиторийлер, инъекцияға арналған ерітінді; Диазепам, таблетка, инъекцияға арналған ерітінді; қорғаныш пастасы бар жиынтықта бір компонентті құрғатылатын илео/колостомдық нәжіс қабылдағыш;

                                                                 »;
      «Республикалық бюджет қаражаты есебінен» деген 2-бөлімде:
      реттік нөмірі 3-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«

3

Қант диабеті

Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар

Инсулинге тәуелді қант диабеті ауырлығының барлық сатысы мен дәрежесі

Инсулин аспарт, картридждердегі, сауыттардағы ерітінді;
Екі фазалы инсулин, орташа ұзақтықты инсулинмен комбинацияда (әсері қысқа және орташа ұзақтықты инсулин аналогтарының қоспасы), картридждердегі суспензия;
Инсулин гларгин, картридждердегі ерітінді;
Инсулин глулизин, картридждердегі, сауыттардағы ерітінді;
Гендік-инженерлік адамға арналған екі фазалы инсулин, сауыттардағы суспензия;
Гендік-инженерлік адамға арналған екі фазалы инсулин, картридждердегі суспензия;
Инсулин детемир, картридждердегі ерітінді;
Тәуліктік (орташа) әсері бар гендік-инженерлік адам инсулин изофан, сауыттардағы суспензия; Тәуліктік (орташа) әсері бар гендік-инженерлік адамға арналған инсулин изофан, катриждердегі суспензия;
Инсулин лизпро, картридждердегі; сауыттардағы ерітінді; сауыттардағы ерітінді;
Орташа ұзақтықтағы инсулинімен екі фазалы инсулин лизпро (әсері қысқа және орташа ұзақтықтағы инсулин аналогтарының қоспасы), картридждердегі суспезия;
Гендік-инженерлік адамға арналған еритін инсулин, сауыттардағы ерітінді;
Гендік-инженерлік адамға арналған еритін инсулин, картридждердегі ерітінді;
Шприц-қаламға инелер;
Кетондық денелерге арналған тест-жолақтар;
Қандағы глюкозаны анықтау үшін тест жолақтар;

18 жасқа дейінгі балалар

Шығыс материалдарымен жиынтықта инсулин помпасы;

                                                                 ».
      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті заңнамамен белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін;
      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін 10 жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы бұйрықтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі А.В. Цойға жүктелсін.
      4. Осы бұйрық 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Денсаулық сақтау және
      әлеуметтік даму министрі                   Т. Дүйсенова