Автомобиль көлігі саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 557 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2015 жылы 30 маусымда № 11476 болып тіркелді

Қолданыстағы

      «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Мыналар:
      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес «Халықаралық жүк көлік құралдарын өлшеу сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес «Халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыруға рұқсат беру куәлігін және рұқсат карточкасын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
      3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес «Халықаралық техникалық байқау сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
      4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес «Жолаушыларды облысаралық қалааралық, ауданаралық (облысішілік, қалааралық) және халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты емес тасымалдау, сондай-ақ жолаушыларды халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты тасымалдау қызметімен айналысу үшін лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
      5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес «Қазақстан Республикасының аумағы арқылы ауыр салмақты және (немесе) ірі көлемді көлік құралдарының (шетелдік көліктерді қоса алғанда) жүріп өтуі үшін арнайы рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
      6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес «Техникалық байқау операторларының тізіліміне енгізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
      7) осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес «Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес Қазақстан Республикасының тасымалдаушыларына шет мемлекет аумағы арқылы жүріп өтуге рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
      8) осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес «1, 6 және 7-сыныптағы қауіпті жүкті тасымалдауға арнайы рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты.
      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті (Ә.А. Асавбаев):
      1) осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімдік баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;
      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
      4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Инвестициялар және даму министрі          Ә.Исекешев

      "КЕЛІСІЛДІ"
      Қазақстан Республикасының
      Ұлттық экономика министрі
      _____________Е.Досаев
      2015 жылғы 23 қыркүйек

Қазақстан Республикасы     
Инвестициялар және даму министрінің
2015 жылғы 30 сәуірдегі     
№ 557 бұйрығына         
1-қосымша             

«Халықаралық жүк көлік құралдарын өлшеу сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. «Халықаралық жүк көлік құралдарын өлшеу сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсететін қызмет).
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі.
      3. Мемлекеттік қызметті Министрліктің Көлікт комитетінің аумақтық органдары Қазақстан Республикасы аумағы бойынша көлік құралының жүру бағытында орналасқан стационарлық көліктік бақылау бекеттерінде (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
      Өтініштерді қабылдауды және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беруді көрсетілетін қызметті беруші жүзеге асырады.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:
      1) көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезінен бастап: 1 сағат;
      2) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға жүгіну кезінде кезек күтудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты - 15 минут;
      3) қызмет көрсетудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты - 45 минут.
      5. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз жеткізгіште.
      6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі - жүк көлік құралдарын өлшеудің халықаралық сертификаты (бұдан әрі - сертификат).
      Берілген рұқсаттар туралы мәлімет «Мемлекеттік деректер қоры «Е-лицензиялау» ақпараттық жүйесіне көрсетілетін қызметті берушімен енгізіледі.
      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету нәтижесінің нысаны: қағаз жеткізгіште.
      7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) ақысыз негізде көрсетіледі.
      8. Жұмыс кестесі:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің - еңбек заңнамасына сәйкес демалыссыз және мереке күндерінсіз, тәулік бойы;
      2) порталда - тәулік бойы, жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда тәулік бойы жүзеге асырылады (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсетуге өтінішті мен мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады).
      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз, кезек күту тәртібімен көрсетіледі.
      9. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша сертификаттың 1-3-бағандарын толтырады, Толтырылған сертификат бланкісі көрсетілетін қызметті берушінің қызметкеріне тапсырылады.

3. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша
көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе)
олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне,
әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      10. Көрсетілетін қызмет берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдері, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 14-тармағында көрсетілген мекенжайы бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының немесе Министрлік басшысының атына беріледі.
      Шағым жазбаша нысанда пошта арқылы не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жұмыс күндері қабылданады.
      Шағымды қабылдаған нөмірі, күні, адамның тегі көрсетілген, байланыс деректері көрсетілуімен, сондай-ақ, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орнын көрсете отырып, шағымды қарастыру барысын білуге болатын лауазымды тұлғалардың байланыс деректері көрсетілуімен көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.
      Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы мәліметті  бірыңғай байланыс-орталығының1414 телефоны арқылы алуға болады.
      Шығымды портал арқылы жіберген кезде көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетінен» шағым туралы ақпарат қолжетімді болады, ол көрсетілетін қызметті беруші шағымды өңдеген кезде жаңартылып отырады (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгі, шағымды қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап).
      Көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің мекенжайына түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады.
      Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
      Шағымда:
      1) жеке тұлғаның - тегі, аты, сондай-ақ қалауы бойынша әкесінің аты, пошталық мекенжайы көрсетіледі;
      2) заңды тұлғаның - атауы, пошталық мекенжайы, шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі. Шағымға көрсетілетін қызметті алушының қол қоюға тиіс.
      11. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

4. Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге талаптар

      12. Заңнамада белгіленген тәртіппен толық немесе ішінара өзіне өзі қызмет ету, өздігінен ілгері басу, бағдарлану қабілетін немесе мүмкіндігін жойылуы бойынша көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік қызмет көрсету үшін 1414 Бірыңғай байланыс орталығына жүгіну арқылы ХҚО-ның қызметкерінің тұрғылықты мекен жайына бара отырып құжаттарды қабылдау жүзеге асырылады.
      13. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары Министрлігінің - www.mid.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған.
      14. Көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы болған жағдайда мемлекеттік қызметті портал арқылы электрондық түрде алуға мүмкіндігі бар.
      15. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдағы «жеке кабинеті», сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде алуға мүмкіндігі бар.
      16. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары: 8 (7172) 24-04-06. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414.

«Халықаралық жүк көлік құралдарын
өлшеу сертификатын беру»   
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандартына          
қосымша            

Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің     
2015 жылғы 30 сәуірдегі
№ 557 бұйрығына   
2-қосымша      

«Халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыруға рұқсат беру
куәлігін және рұқсат карточкасын беру» мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. «Халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыруға рұқсат беру куәлігін және рұқсат карточкасын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
      3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрліктің Көлiк комитетiнiң аумақтық органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызмет беруші) көрсетеді.
      Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға өтініштерді қабылдау:
      1) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – ХҚО);
      2) www.egov.kz, www.elincense.kz «электрондық үкіметтің» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады;
      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру ХҚО арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:
      1) көрсетілетін қызметті берушіге, ХҚО-ға құжаттар топтамасын тапсырған кезден бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде – 3 жұмыс күні.
      ХҚО-ға жүгінгенде қабылдаған күн мемлекеттік қызмет көрсету мерзiмiне кiрмейдi;
      2) ХҚО-ға құжаттар топтамасын тапсыру кезінде кезек күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 минут;
      3) ХҚО-да қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 20 минут.
      5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
      6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыруға рұқсат беру куәлігі (бұдан әрi – рұқсат беру куәлігі) және автокөлік құралына рұқсат карточкасы (бұдан әрi – рұқсат карточкасы), не осы мемлекеттік көрсетілетін қызметті стандартының 10-тармағымен көзделген жағдайда және негіздерде дәлелді бас тарту.
      Порталға жүгіну жағдайында мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін алу үшін орны мен күні көрсете отырып хабарлама «жеке кабинетіне» жіберіледі.
      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету нәтижесінің нысаны: электрондық және (немесе) қағаз жеткізгіште.
      7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы):
      1) рұқсат беру куәлігі ақылы негізде;
      2) рұқсат карточкасы тегін негізде көрсетіледі.
      Рұқсат беру куәлігін бергені үшін мемлекеттік баж 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) белгіленген баж мөлшерлемесіне сәйкес республикалық бюджетке төленеді және мемлекеттік баж төлеу күніне белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 25 пайызын құрайды.
      Мемлекеттік баж бюджетке екінші деңгейдегі банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы немесе «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) арқылы қолма-қол ақшалай және қолма-қол ақшасыз түрде төленеді.
      8. Жұмыс кестесі:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұмаға дейін, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
      Мемлекеттік қызметке өтінішті қабылдау және нәтижесін беру сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен, сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін жүзеге асырылады.
      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет (көрсетілетін қызметті алушының тіркеу орны бойынша) алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен көрсетіледі;
      2) ХҚО – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбі – сенбі аралығында, жұмыс кестесіне сәйкес түскі үзіліссіз сағат 09.00-ден 20.00-ге дейін;
      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет (көрсетілетін қызметті алушының тiркеу орны бойынша) жеделдетіп қызмет көрсетусіз, «электрондық» кезек тәртібімен жүзеге асырылады, портал арқылы электрондық кезекті брондауға болады;
      3) порталда – тәулік бойы, жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда тәулік бойы жүзеге асырылады (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсетуге өтінішті мен мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады).
      4) Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) жылжымалы құрамын мемлекеттік тізілімде мемлекеттік тiркеу (қайта тіркеу) кезінде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
      1) рұқсат беру куәлігін және (немесе) рұқсат карточкасын алу үшін, оның ішінде автокөлiк құралдарының паркiн көбейту кезінде:
      ХҚО-ға:
      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
      ЭҮТШ арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, рұқсат беру куәлігін беру үшін мемлекеттік баж төленгендігін растайтын құжат;
      автокөлiк құралдарын жалға алу шарттарының көшiрмелерi (автокөлік құралдары жалға алынған жағдайда);
      тахографты тексеру туралы сертификаттардың көшiрмелерi (жүргiзушiлердiң еңбек және тынығу режимiн тiркеудiң бақылау құрылғысы).
      ХҚО қызметкері құжаттардың түпнұсқасынан құжаттардың электрондық көшірмесін жасайды, одан кейін құжаттардың түпнұсқаларын көрсетілетін қызметті алушыға қайтарады.
      порталға:
      порталда көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;

      автокөлiк құралдарын жалға алу шарттарының электрондық көшiрмелерi (автокөлік құралдары жалға алынған жағдайда);
      тахографты тексеру туралы сертификаттардың электрондық көшiрмелерi (жүргiзушiлердiң еңбек және тынығу режимiн тiркеудiң бақылау құрылғысы);
      3) дара кәсiпкердiң тегi, аты, әкесінің аты, атауы және орналасқан жерi өзгерген, заңды тұлғаның атауы, орналасқан жерi өзгерген және қайта ұйымдастырылған, автокөлік құралының мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі ауысқан, автокөлік құралын сатып алған немесе жалға алған жағдайларда жаңа рұқсат беру куәлігін және (немесе) рұқсат карточкасын алу үшiн:
      ХҚО-ға:
      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
      ЭҮТШ арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, рұқсат беру куәлігін беру үшін мемлекеттік баж төленгендігін растайтын құжат;
      автокөлiк құралдарын жалға алу шарттарының көшiрмелерi (автокөлік құралдары жалға алынған жағдайда);
      тахографты тексеру туралы сертификаттардың көшiрмелерi (жүргiзушiлердiң еңбек және тынығу режимiн тiркеудiң бақылау құрылғысы).
      ХҚО қызметкері құжаттардың түпнұсқасынан құжаттардың электрондық көшірмесін жасайды, одан кейін құжаттардың түпнұсқаларын көрсетілетін қызметті алушыға қайтарады.
      порталға:
      порталда көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
      ЭҮТШ арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, рұқсат беру куәлігін беру үшін мемлекеттік баж төленгендігін растайтын құжат;
      автокөлiк құралдарын жалға алу шарттарының электрондық көшiрмелерi (автокөлік құралдары жалға алынған жағдайда);
      тахографты тексеру туралы сертификаттардың электрондық көшiрмелерi (жүргiзушiлердiң еңбек және тынығу режимiн тiркеудiң бақылау құрылғысы).
      ХҚО қызметкері құжаттардың түпнұсқасынан құжаттардың электрондық көшірмесін жасайды, одан кейін құжаттардың түпнұсқаларын көрсетілетін қызметті алушыға қайтарады.
      Көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде ақпараттық жүйелердегі, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға жазбаша келісім береді.
      Мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған жеке басты растайтын құжат туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы мәліметті ХҚО қызметкері, көрсетілетін қызметті беруші «электрондық үкіметтің» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
      Көрсетілетін қызметті алушылардан ақпараттық жүйелерден алуға болатын құжаттарды талап етуге жол берілмейді.
      Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды берген кезде:
      ХҚО-ға – тиісті құжаттардың нөмірі және қабылданған күні туралы қолхат беріледі;
      портал арқылы – көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрінеді.
      Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхат негізінде, тауарлық-материалдық құндылықтарды алуға арналған белгіленген нысандағы сенімхатты және ЭҮТШ арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, төлем құжатты, жеке басын куәландыратын (немесе нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша өкілі) құжатты көрсеткен кезде жүзеге асырылады.
      ХҚО нәтижелерді бір ай ішінде сақтауды қамтамасыз етеді, одан кейін оларды көрсетілетін қызметті алушыға бұдан әрі сақтауға береді. Көрсетілетін қызметті алушы бір ай өткеннен кейін жүгінген кезде, ХҚО-ның сұрауы бойынша көрсетілетін қызметті беруші бір жұмыс күні ішінде дайын құжаттарды ХҚО-на көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін жолдайды.
      10. Мемлекеттік қызметті ұсынудан бас тартудың негіздемелері:
      1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, ХҚО қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді;
      2) көрсетілетін қызмет беруші құжаттарын алған кезден бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді. Ұсынған құжаттардың топтамасын толық емес фактісін анықталған жағдайда, көрсетілетін қызмет беруші көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан уәжді түрде бас тартады;
      3) сол бір автокөлік құралына қолданыстағы рұқсат карточкасы бары анықталған жағдайларда бас тартады.

3. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша
көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды
адамдарының, халыққа қызмет көрсету орталықтарының және
(немесе) олардың қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекетіне
(әрекетсіздгіне) шағымдану тәртібі

      11. Көрсетілетін қызмет берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдері, әрекеттеріне (әрекетсiздiктерiне) шағымдану осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 14-тармағында көрсетілген мекенжайы бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының немесе Министрлік басшысының атына беріледі.
      Шағым жазбаша нысанда пошта арқылы не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жұмыс күндері қабылданады.
      Шағымды қабылдаған нөмірі, күні, адамның тегі көрсетілген, байланыс деректері көрсетілуімен, сондай-ақ, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орнын көрсете отырып, шағымды қарастыру барысын білуге болатын лауазымды төлғалардың байланыс деректері көрсетілуімен көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.
      Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы мәліметті  бірыңғай байланыс-орталығының 1414 телефоны арқылы алуға болады.
      Шығымды портал арқылы жіберген кезде көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетінен» шағым туралы ақпарат қолжетімді болады, ол көрсетілетін қызметті беруші шағымды өңдеген кезде жаңартылып отырады (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгі, шағымды қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап).
      Көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің мекенжайына түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады.
      Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
      Шағымда:
      1) жеке тұлғаның – тегі, аты, сондай-ақ қалауы бойынша әкесінің аты, пошталық мекенжайы көрсетіледі;
      2) заңды тұлғаның – атауы, пошталық мекенжайы, шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі. Шағымға көрсетілетін қызметті алушының қол қоюға тиіс.
      12. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті, оның ішінде электрондық
түрде және халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы көрсету
ерекшеліктері ескеріле отырып, қойылатын өзге де талаптар

      13. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет мүмкіндігі шектеулі көрсетілетін қызметті алушыларға қызмет көрсету үшін пандустар көзделген ғимараттарда көрсетіледі. Көрсетілетін қызмет берушінің ғимаратында: анықтама бюросы, күту креслосы және өтініштерді толтыру бланкілерінің үлгісі бар ақпараттық стенділер орналастырылады.
      14. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:
      көрсетілетін қызметті берушінің – www.mid.gov.kz («Көлік комитеті» бөлімінің «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлігінде орналастырылған.
      15. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы болған жағдайда, мемлекеттік қызмет портал арқылы көрсетіледі.
      16. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы «жеке кабинеті», сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алу мүмкіндігі бар.
      17. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратты мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны арқылы да алуға болады.

«Халықаралық автомобиль тасымалдарын 
жүзеге асыруға рұқсат беру куәлігін  
және рұқсат карточкасын беру» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандартына   
1-қосымша               

нысан                 

______________________________
(көліктік бақылау органының атауы)

Рұқсат беру куәлігін және (немесе) рұқсат карточкасын алуға
Өтініш

____________________________________________________________
(дара кәсіпкердің тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде)
немесе заңды тұлғаның атауы)

      Халықаралық автомобильмен жүк тасымалдарын жүзеге асыруға
рұқсат беру куәлігін және (немесе) рұқсат карточкасын мынадай
автокөлік құралдарына беруді сұраймын:

Р/с

Автокөлік құралының маркасы

Мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі

Ескертпе

      ЖСН/БСН:
_____________________________________________________________________
Дара кәсіпкерді немесе заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәлік

                       (№ және қашан берілген)
Мекенжайы:___________________________________________________________
      (индексі, қаласы, ауданы, облысы, көшесі, үй №, телефон, факс)

Қоса берілетін құжаттар:

      ______________________________ ________________________
                 (Т.А.Ә.)                     (қолы)

             М.О.
      (болған жағдайда)

20__ жылғы «___» __________ өтініш қарауға қабылданды

_____________________________________________________________________
        (мемлекеттік органның жауапты адамының Т.А.Ә., қолы)

«Халықаралық автомобиль тасымалдарын 
жүзеге асыруға рұқсат беру куәлігін  
және рұқсат карточкасын беру» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандартына   
2-қосымша               

нысан                 

_________________________________________
(Тегі, аты, әкесінің аты болған жағдайда
(бұдан әрі – Т.А.Ә) не көрсетілетін қызметті
алушы ұйымның атауы)

_______________________________
(көрсетілетін қызметті алушының
мекенжайы)

Құжаттарды қабылдаудан
бас тарту туралы қолхат

      «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15
сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 20-бабының 2-тармағын
басшылыққа ала отырып, «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК
филиалының № ___ бөлімі
___________________ «Халықаралық автомобиль тасымалдарын
(мекенжайды көрсету) жүзеге асыруға рұқсат беру куәлігін және рұқсат
карточкасын беру» мемлекеттік қызметін көрсетуге құжаттарды
қабылдаудан мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген
тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбауыңызға байланысты бас
тартады, атап айтқанда:
      жоқ құжаттардың атауы:
      1. ___________________________________________________________;
      2. ___________________________________________________________;
      3. ___________________________________________________________;
      4. ___________________________________________________________.
      Осы қолхат әрбір тарапқа бір-бір данадан, 2 данада жасалды.
      Т.А.Ә. ____________________ ____________
               (ХҚО қызметкері)      (қолы)

      Орындаушы: Т.А.Ә.____________________ Телефон: ________________

      Алдым: Т.А.Ә. / көрсетілетін қызметті алушының қолы
      20__ жылғы «___» _________

Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің     
2015 жылғы 30 сәуірдегі
№ 557 бұйрығына   
3-қосымша      

«Халықаралық техникалық байқау сертификатын беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты 1. Жалпы ережелер

      1. «Халықаралық техникалық байқау сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
      3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
      Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға өтініштерді қабылдау:
      1) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – ХҚО);
      2) www.egov.kz, www.elincense.kz «электрондық үкіметтің» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады;
      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру ХҚО арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
      1) көрсетілетін қызметті алушы ХҚО-ға не порталға құжаттар топтамасын тапсырған кезден бастап:
      халықаралық техникалық байқау сертификатын беру – 2 жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады;
      мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы жазбаша дәлелді жауап беру – 1 (бір) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады;
      2) ХҚО-ға құжаттар топтамасын тапсыру кезінде кезек күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 минут;
      3) ХҚО-да қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 минут;
      5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
      6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – халықаралық техникалық байқау сертификаты (бұдан әрі – халықаралық сертификат) қағаз түрінде не мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беруден бас тарту туралы жазбаша дәлелді жауап қағаз және (немесе) электрондық түрде.
      7. Мемлекеттік қызмет ақылы негізде көрсетіледі.
      Халықаралық сертификатты немесе халықаралық сертификаттың телнұсқасын бергені үшін мемлекеттік баж 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) белгіленген баж мөлшерлемесіне сәйкес халықаралық сертификатты және халықаралық сертификаттың телнұсқасын беру орны бойынша төленеді және мемлекеттік баж төлеу күніне белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 50 пайызын құрайды.
      Төлеу тәсілі: мемлекеттік баж бюджетке банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы, сондай-ақ «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) арқылы аудару жолымен не қолма-қол ақшамен төленеді.
      8. Жұмыс кестесі:
      1) ХҚО – еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерiнен басқа, дүйсенбі – сенбі аралығында жұмыс кестесiне сәйкес, түскi үзiлiссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейiн.
      Өтініштер мен құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру жедел қызмет көрсетусіз «электрондық» кезек тәртібімен жүзеге асырылады, портал арқылы электрондық кезекті броньдауға болады;
      2) порталда – тәулік бойы (жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда).
      9. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) ХҚО-ға (қағаз түрінде) не порталға (электрондық түрде «pdf» фоматында) жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш не порталда көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
      2) халықаралық сертификатты беруге мемлекеттiк баждың төленгенi туралы түбiртек;
      3) жеке тұлғалардың Салық кодексiнде белгiленген тәртiппен ағымдағы күнтiзбелiк жыл үшiн көлiк құралдарына салықты төлегенiн растайтын немесе оны төлеуден босату құқығын растайтын құжаттардың көшірмелері;
      4) мемлекеттік немесе міндетті техникалық байқаудан өту туралы куәліктің көшірмелері.
      Бұл ретте көрсетілетін қызметті алушы ХҚО-ға көрсетілген құжаттардың түпнұсқаларын салыстыру үшін ұсынады.
      Мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстар болып табылатын мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші портал арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден немесе мемлекеттік қызметтер көрсетуді ақпараттық мониторингілеу жүйесі арқылы уәкілетті адамдардың ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжаттар нысанында алады.
      Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, көрсетілетін қызметті беруші, ХҚО ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді мемлекеттік қызметті көрсету кезінде пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының жазбаша келісімін алады.
      Көрсетілетін қызметті алушылардан ақпараттық жүйелерден алуға болатын құжаттарды талап етуге жол берілмейді.
      Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды берген кезде:
      1) ХҚО-ға – мыналар:
      құжаттың нөмірі және қабылданған күні;
      сұрау салынған мемлекеттiк көрсетілетін қызметтiң атауы;
      қоса берілген құжаттардың атауы мен саны;
      мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу күні (уақыты) және құжаттарды беру орны;
      құжаттарды қабылдаған жауапты адамның тегі, аты, әкесінің аты;
      көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты (жеке тұлғалар үшін) немесе атауы (заңды тұлғалар үшін), байланыс деректері көрсетіле отырып, тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхат беріледі;
      2) портал арқылы – көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алатын күнін көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрінеді.
      Көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру туралы хабарламаны алғаннан кейін, жеке өзі келгенде және жеке басын куәландыратын құжатты, тауарлық-материалдық құндылықтарды алуға арналған белгіленген нысандағы сеиімхатты және ЭҮТШ арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, төлем құжатын ұсынған кезде тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхаттың негізінде, онда көрсетілген мерзімде жүзеге асырылады.
      10. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделғен тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, ХҚО қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.

3. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша
көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды
адамдарының, халыққа қызмет көрсету орталықтарының және
(немесе) олардың қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекетіне
(әрекетсіздгіне) шағымдану тәртібі

      11. Көрсетілетін қызмет берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдері, әрекеттеріне (әрекетсiздiктерiне) шағымдану осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 14-тармағында көрсетілген мекенжайы бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының немесе Министрлік басшысының атына беріледі.
      Шағым жазбаша нысанда пошта арқылы не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жұмыс күндері қабылданады.
      Шағымды қабылдаған нөмірі, күні, адамның тегі көрсетілген, байланыс деректері көрсетілуімен, сондай-ақ, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орнын көрсете отырып, шағымды қарастыру барысын білуге болатын лауазымды төлғалардың байланыс деректері көрсетілуімен көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.
      Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы мәліметті бірыңғай байланыс-орталығының 1414 телефоны арқылы алуға болады.
      Шығымды портал арқылы жіберген кезде көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетінен» шағым туралы ақпарат қолжетімді болады, ол көрсетілетін қызметті беруші шағымды өңдеген кезде жаңартылып отырады (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгі, шағымды қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап).
      Көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің мекенжайына түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады.
      Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
      Шағымда:
      1) жеке тұлғаның – тегі, аты, сондай-ақ қалауы бойынша әкесінің аты, пошталық мекенжайы көрсетіледі;
      2) заңды тұлғаның – атауы, пошталық мекенжайы, шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі. Шағымға көрсетілетін қызметті алушының қол қоюға тиіс.
      12. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті, оның ішінде электрондық
түрде және халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы көрсету
ерекшеліктері ескеріле отырып, қойылатын өзге де талаптар

      13. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет мүмкіндігі шектеулі көрсетілетін қызметті алушыларға қызмет көрсету үшін пандустар көзделген ғимараттарда көрсетіледі. Көрсетілетін қызмет берушінің ғимаратында: анықтама бюросы, күту креслосы және өтініштерді толтыру бланкілерінің үлгісі бар ақпараттық стенділер орналастырылады.
      14. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:
      көрсетілетін қызметті берушінің – www.mid.gov.kz («Көлік комитеті» бөлімінің «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлігінде орналастырылған.
      15. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы болған жағдайда, мемлекеттік қызмет портал арқылы көрсетіледі.
      16. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы «жеке кабинеті», сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алу мүмкіндігі бар.
      17. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратты мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны арқылы да алуға болады.

«Халықаралық техникалық байқау
сертификатын беру» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандартына
1-қосымша           

Нысан            

_________________облысы (қаласы)
бойынша жергілікті атқарушы органның
басшысына           

Халықаралық техникалық байқау сертификатын беруге
Өтініш

_____________________________________________________________________
           (жеке тұлғаның Т.А.Ә. немесе заңды тұлғаның атауы)

      Мынадай автокөлік құралдарына халықаралық техникалық байқау
сертификатын беруді сұраймын:

Р/с

АКҚ маркасы

Мемлекеттік нөмір

Сәйкестендіру нөмірі (VIN)

      ЖСН/БСН:
_____________________________________________________________________
Дара кәсіпкерді немесе заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәлік
_____________________________________________________________________
                       (№ және қашан берілген)
Мекенжайы:___________________________________________________________
      (индексі, қаласы, ауданы, облысы, көшесі, үй №, телефон, факс)

Қоса берілетін құжаттар:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________

__________________ __________________________________________________
      (қолы)       (жеке тұлғаның Т.А.Ә. немесе заңды тұлғаның атауы)

             М.О.

             20___ жылғы «____»_______________

«Халықаралық техникалық байқау
сертификатын беру» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандартына
2-қосымша           

нысан                 

_________________________________________
(Тегі, аты, әкесінің аты болған жағдайда
(бұдан әрі – Т.А.Ә) не көрсетілетін қызметті
алушы ұйымның атауы)

_______________________________
(көрсетілетін қызметті алушының
мекенжайы)

Құжаттарды қабылдаудан
бас тарту туралы қолхат

      «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15
сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 20-бабының 2-тармағын
басшылыққа ала отырып, «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК
филиалының № ___ бөлімі
___________________ «Халықаралық техникалық байқау сертификатын беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге
сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбауыңызға байланысты бас
тартады, атап айтқанда:
      жоқ құжаттардың атауы:
      1. ___________________________________________________________;
      2. ___________________________________________________________;
      3. ___________________________________________________________;
      4. ___________________________________________________________.
      Осы қолхат әрбір тарапқа бір-бір данадан, 2 данада жасалды.
      Т.А.Ә. ____________________ ____________
               (ХҚО қызметкері)      (қолы)

      Орындаушы: Т.А.Ә.____________________ Телефон: ________________

      Алдым: Т.А.Ә. / көрсетілетін қызметті алушының қолы
      20__ жылғы «___» _________

Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің     
2015 жылғы 30 сәуірдегі
№ 557 бұйрығына   
4-қосымша      

«Жолаушыларды облысаралық қалааралық, ауданаралық (облысішiлiк
қалааралық) және халықаралық қатынаста автобустармен, шағын
автобустармен тұрақты емес тасымалдау, сондай-ақ жолаушыларды
халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен
тұрақты тасымалдау қызметiмен айналысу үшін лицензия беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. «Жолаушыларды облысаралық қалааралық, ауданаралық (облысішiлiк қалааралық) және халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты емес тасымалдау, сондай-ақ жолаушыларды халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты тасымалдау қызметiмен айналысу үшін лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
      3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
      Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға өтініштерді қабылдау:
      1) 1) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – ХҚО);
      2) 2) www.egov.kz, www.elincense.kz «электрондық үкіметтің» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру ХҚО арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттiк қызметті көрсету мерзiмi:
      1) көрсетілетін қызметті алушы ХҚО-ға құжаттар топтамасын тапсырған кезден бастап:
      лицензияны беру – 15 (он бес) жұмыс күні ішінде;
      лицензияны қайта ресімдеу – 3 (үш) жұмыс күні ішінде;
      лицензияның телнұсқасын беру – 2 (екі) жұмыс күні ішінде;
      2) ХҚО-ға құжаттар топтамасын тапсыру кезінде кезек күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 минут;
      3) ХҚО-да қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 20 минут.
      5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
      6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – жолаушыларды облысаралық қалааралық, ауданаралық (облысішiлiк қалааралық) және халықаралық қатынастарда автобустармен, шағын автобустармен тұрақты емес тасымалдау, сондай-ақ жолаушыларды халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты тасымалдау жөніндегі қызметпен айналысу үшін лицензия, лицензияны қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқалары не мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беруден бас тарту туралы жазбаша дәлелді жауап қағаз және (немесе) электрондық түрде.
      7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет ақылы негізде көрсетіледі. Лицензиялық алым 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) белгіленген алымдар мөлшерлемесі бойынша жергілікті бюджетке төленеді және мыналарды құрайды:
      1) лицензияны, сондай-ақ лицензияның телнұсқасын беруге – алымды төлеу күні қолданылатын үш еселенген айлық есептік көрсеткіш;
      2) лицензияны қайта ресімдеуге – лицензияны беру кезіндегі мөлшерлемеден 10%.
      Төлеу тәсілі: лицензиялық алым банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы, сондай-ақ «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) арқылы аудару жолымен не қолма-қол ақшамен төленеді.
      8. Жұмыс кестесі:
      1) ХҚО – еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерiнен басқа, дүйсенбі – сенбі аралығында жұмыс кестесiне сәйкес, түскi үзiлiссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейiн.
      Өтініштер мен құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру жедел қызмет көрсетусіз «электрондық» кезек тәртібімен жүзеге асырылады, портал арқылы электрондық кезекті броньдауға болады;
      2) порталда – тәулік бойы (жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда).
      9. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) ХҚО-ға (қағаз түрінде) не порталға (электрондық түрде «pdf» фоматында) жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
      лицензияны алуға:
      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш не порталда көрсетілетін қызмет алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
      2) заңды тұлға үшін – заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманың не куәліктің көшірмесі;
      3) дара кәсіпкер үшін – жеке басын куәландыратын құжаттың және дара кәсіпкер ретінде тіркеу туралы куәліктің көшірмесі;
      4) ЭҮТШ арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, қызметтің жекелеген түрлерімен айналысуға құқық үшін лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі;
      5) жеке меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде иеленетін автобустар мен шағын автобустардың болуын растайтын құжаттардың көшірмелері;
      6) жеке меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде тасымалдаушыға тиесілі жөндеу-өндірістік базасының не ұйыммен(-дармен) жасалған қызметтер көрсету туралы шарттың болуын растайтын құжаттардың көшірмелері;
      7) автобустар мен шағын автобустарға рейс алдындағы техникалық байқау (инженер-механик), жүргізушілерге рейс алдындағы (ауысым алдындағы) медициналық куәландыру жүргізу үшін қызметтердің және білікті персоналдың немесе осындай қызметті жүзеге асыратын тиісті ұйымдармен шарттардың болуын растайтын құжаттардың көшірмелері;
      8) тахографтарды тексеру туралы тиісті сертификаттың көшірмелері;
      9) автобустар мен шағын автобустар иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартының және тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарттарының, сондай-ақ тасымалдауға ұсынылатын барлық жылжымалы құрамға міндетті техникалық байқаудан өткізу туралы куәліктің көшірмелері;
      10) жеке тұлғалар үшін – тиісті санаттағы жүргізуші куәлігінің не заңды тұлғалар үшін – жүргізушілер құрамының тиісті санаттағы жүргізушілер куәліктерінің, тиісті санаттағы көлік құралы жүргізушісінің жұмыс өтілін растайтын құжаттың көшірмелері;
      11) тасымалдарды жүзеге асыру қауіпсіздігі үшін жауапты тұлғаны тағайындау туралы бұйрықтың көшірмесі.
      Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушы салыстыру үшін түпнұсқасы ұсынылмаған жағдайда жоғарыда көрсетілген құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшірмелерін ұсынады.
      Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманың (куәліктің) көшірмесін, жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті және салық органында есепке қою туралы куәлікті ұсыну оларда қамтылған ақпаратты мемлекеттік ақпараттық жүйелерден және (немесе) мәліметтер нысанынан алу мүмкіндігі болған жағдайда талап етілмейді.
      лицензияны қайта рәсімдеуге:
      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында порталда сұрау салу;
      2) ЭҮТШ арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, лицензияны қайта ресімдеу үшін лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі;
      лицензияның түпнұсқасын алуға:
      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында порталда сұрау салу;
      2) ЭҮТШ арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, лицензияның телнұсқасын беру үшін лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі.
      Мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстар болып табылатын мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші портал арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден немесе мемлекеттік қызметтер көрсетуді ақпараттық мониторингілеу жүйесі арқылы уәкілетті адамдардың ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжаттар нысанында алады.
      Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, көрсетілетін қызметті беруші, ХҚО ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді мемлекеттік қызметті көрсету кезінде пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының жазбаша келісімін алады.
      Көрсетілетін қызметті алушылардан ақпараттық жүйелерден алуға болатын құжаттарды талап етуге жол берілмейді.
      Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды берген кезде:
      1) ХҚО-ға – мыналар:
      құжаттың нөмірі және қабылданған күні;
      сұрау салынған мемлекеттiк көрсетілетін қызметтiң атауы;
      қоса берілген құжаттардың атауы мен саны;
      мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу күні (уақыты) және құжаттарды беру орны;
      құжаттарды қабылдаған жауапты адамның тегі, аты, әкесінің аты;
      көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты (жеке тұлғалар үшін) немесе атауы (заңды тұлғалар үшін), байланыс деректері көрсетіле отырып, тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхат беріледі;
      2) портал арқылы – көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алатын күнін көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрінеді.
      Көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру туралы хабарламаны алғаннан кейін, жеке өзі келгенде және жеке басын куәландыратын құжатты, тауарлық-материалдық құндылықтарды алуға арналған белгіленген нысандағы сенімхатты ұсынған кезде тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхаттың негізінде, онда көрсетілген мерзімде жүзеге асырылады.
      Портал арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін электрондық сұрау салу берген кезде көрсетілетін кызметті алушының порталдағы «жеке кабинетіне» белгіленген мерзімде мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі жолданады.
      10. Мыналар:
      1) осы субъектілер санаты үшін Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынған қызмет түрлерімен айналысуы;
      2) қызмет түріне лицензия беруге арналған өтініш берілген жағдайда қызметтің жекелеген түрімен айналысу құқығына лицензиялық алымның енгізілмеуі;
      3) өтініш берушінің біліктілік талаптарына сәйкес келмеуі;
      4) өтініш берушіге қатысты оған қызметтің жекелеген түрімен айналысуға тыйым салатын соттың заң күшіне енген үкімінің болуы;
      5) сот орындаушысының ұсынымы негізінде соттың өтініш берушіге лицензия алуға тыйым салуы мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздеме болып табылады.
      Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші 2 (екі) жұмыс күні ішінде (құжаттарды қабылдаған кезден бастап) өтінішті одан әрі қараудан бас тарту туралы жазбаша дәлелді жауап береді.
      Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, ХҚО қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.

3. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша
көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды
адамдарының, халыққа қызмет көрсету орталықтарының және
(немесе) олардың қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекетіне
(әрекетсіздгіне) шағымдану тәртібі

      11. Көрсетілетін қызмет берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдері, әрекеттеріне (әрекетсiздiктерiне) шағымдану осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 14-тармағында көрсетілген мекенжайы бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының немесе Министрлік басшысының атына беріледі.
      Шағым жазбаша нысанда пошта арқылы не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жұмыс күндері қабылданады.
      Шағымды қабылдаған нөмірі, күні, адамның тегі көрсетілген, байланыс деректері көрсетілуімен, сондай-ақ, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орнын көрсете отырып, шағымды қарастыру барысын білуге болатын лауазымды төлғалардың байланыс деректері көрсетілуімен көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.
      Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы мәліметті  бірыңғай байланыс-орталығының 1414 телефоны арқылы алуға болады.
      Шығымды портал арқылы жіберген кезде көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетінен» шағым туралы ақпарат қолжетімді болады, ол көрсетілетін қызметті беруші шағымды өңдеген кезде жаңартылып отырады (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгі, шағымды қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап).
      Көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің мекенжайына түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады.
      Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
      Шағымда:
      1) жеке тұлғаның – тегі, аты, сондай-ақ қалауы бойынша әкесінің аты, пошталық мекенжайы көрсетіледі;
      2) заңды тұлғаның – атауы, пошталық мекенжайы, шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі. Шағымға көрсетілетін қызметті алушының қол қоюға тиіс.
      12. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті, оның ішінде электрондық
түрде және халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы көрсету
ерекшеліктері ескеріле отырып, қойылатын өзге де талаптар

      13. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет мүмкіндігі шектеулі көрсетілетін қызметті алушыларға қызмет көрсету үшін пандустар көзделген ғимараттарда көрсетіледі. Көрсетілетін қызмет берушінің ғимаратында: анықтама бюросы, күту креслосы және өтініштерді толтыру бланкілерінің үлгісі бар ақпараттық стенділер орналастырылады.
      14. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:
      көрсетілетін қызметті берушінің – www.mid.gov.kz («Көлік комитеті» бөлімінің «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлігінде орналастырылған.
      15. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы болған жағдайда, мемлекеттік қызмет портал арқылы көрсетіледі.
      16. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы «жеке кабинеті», сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алу мүмкіндігі бар.
      17. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратты мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны арқылы да алуға болады.

«Жолаушыларды облысаралық қалааралық,  
ауданаралық (облысішiлiк қалааралық)  
және халықаралық қатынаста автобустармен,
шағын автобустармен тұрақты емес тасымалдау,
сондай-ақ жолаушыларды халықаралық қатынаста
автобустармен, шағын автобустармен тұрақты
тасымалдау қызметiмен айналысу үшін   
лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін 
қызмет стандартына            
1-қосымша                  

Кімге ____________________________
(лицензиардың толық атауы)
кімнен ______________________________
(заңды тұлғаның толық атауы, БСН не жеке
тұлғаның, дара кәсіпкердің Т.А.Ә. (болған
кезде), ЖСН)

ӨТIНIШ

___________________________________________________________
(қызметтің түрі көрсетiлсiн)

      жүзеге асыруға лицензия берудi сұраймын.
қағаз жеткізгіште ___________________________________________________
(егер лицензияны қағаз жеткізгіште алу қажет болса, Х белгісін қою керек)
Мекенжайы ___________________________________________________________
_____________________________________________________________________
      (индексі, облысы, қаласы, ауданы, көшесі, үй нөмірі)
      Электрондық почта _____________________________________________
      Байланыс телефоны/факс ________________________________________
      Банктік есепшоты ______________________________________________
                   (банктік есепшот нөмірі, атауы және орналасу орны)
      Қызметті жүзеге асыру мекенжайлары ____________________________

      Қоса беріледі _____________ парақ

      Осы арқылы:
      барлық көрсетілген деректер ресми байланыс болып табылатыны
және оларға лицензияны беру немесе беруден бас тарту мәселесі бойынша
кез келген ақпаратты жіберуге болатынын;
      өтініш берушіге лицензияланатын қызмет түрімен айналысуға сот
тыйым салмағанын;
      барлық қоса беріліп отырған құжаттар шындыққа сәйкес келетінін
және нақты болып табылатынын растаймын.

      _________________________________________ ________________
                     (Т.А.Ә.)                       (қолы)

           М.О.              Өтінішті беру күні: 20 __ жылғы ______
    (болған жағдайда)

«Жолаушыларды облысаралық қалааралық,  
ауданаралық (облысішiлiк қалааралық)  
және халықаралық қатынаста автобустармен,
шағын автобустармен тұрақты емес тасымалдау,
сондай-ақ жолаушыларды халықаралық қатынаста
автобустармен, шағын автобустармен тұрақты
тасымалдау қызметiмен айналысу үшін   
лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін 
қызмет стандартына            
2-қосымша                  

Кімге ____________________________
(лицензиардың толық атауы)
кімнен ______________________________
(заңды тұлғаның толық атауы, БСН не жеке
тұлғаның, дара кәсіпкердің Т.А.Ә. (болған
кезде), ЖСН)

ӨТIНIШ

___________________________________________________________
(қызметтің түрі көрсетiлсiн)

      қағаз жеткізгіште _____________________________________________
(егер лицензияны қағаз жеткізгіште алу қажет болса, Х белгісін қою
керек)
      1) жеке тұлғаның тегiнің, атының, әкесiнiң атының (болған
кезде) өзгеруіне;
      2) дара кәсiпкер қайта тiркелуіне, оның атауы мен мекенжайының
өзгеруіне;
      3) заңды тұлғаның бiрiгу, қосылу, бөлiнiп шығу немесе қайта
құрылу нысанында қайта ұйымдастырылуына;
      4) заңды тұлғаның атауы және (немесе) заңды мекенжайының
өзгеруіне;
      5) лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның жоғалуына,
бүлiнуіне байланысты лицензияны қайта ресімдеу (телнұсқасын берудi)
сұраймын (қажеті сызылсын).

      Мекенжайы _____________________________________________________
_____________________________________________________________________
         (индексі, облысы, қаласы, ауданы, көшесі, үй нөмірі)

      Электрондық почта _____________________________________________
      Байланыс телефоны/факс ________________________________________

      Банктік есепшоты ______________________________________________
                   (банктік есепшот нөмірі, атауы және орналасу орны)

      Қызметті жүзеге асыру мекенжайлары ____________________________
_____________________________________________________________________
        (индексі, облысы, қаласы, ауданы, көшесі, үй нөмірі)

      Қоса беріледі _____________ парақ

      Осы арқылы:
      барлық көрсетілген деректер ресми байланыс болып табылатыны
және оларға лицензияны беру немесе беруден бас тарту мәселесі бойынша
кез келген ақпаратты жіберуге болатынын;
      өтініш берушіге лицензияланатын қызмет түрімен айналысуға
сот тыйым салмағанын;
      барлық қоса беріліп отырған құжаттар шындыққа сәйкес келетінін
және нақты болып табылатынын растаймын.

      ________________________________  ________________
                  (Т.А.Ә.)                   (қолы)

            М.О.               Өтінішті беру күні: 20 __ жылғы ______
     (болған жағдайда)

«Жолаушыларды облысаралық қалааралық,  
ауданаралық (облысішiлiк қалааралық)  
және халықаралық қатынаста автобустармен,
шағын автобустармен тұрақты емес тасымалдау,
сондай-ақ жолаушыларды халықаралық қатынаста
автобустармен, шағын автобустармен тұрақты
тасымалдау қызметiмен айналысу үшін   
лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін 
қызмет стандартына            
3-қосымша                  

нысан

_________________________________________
(Тегі, аты, әкесінің аты болған жағдайда
(бұдан әрі – Т.А.Ә) не көрсетілетін қызметті
алушы ұйымның атауы)

_______________________________
(көрсетілетін қызметті алушының
мекенжайы)

Құжаттарды қабылдаудан
бас тарту туралы қолхат

      «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15
сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 20-бабының 2-тармағын
басшылыққа ала отырып, «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК
филиалының № ___ бөлімі ___________________________ «Жолаушыларды
облысаралық қалааралық, (мекенжайды көрсету) ауданаралық (облысішiлiк
қалааралық) және халықаралық қатынастарда автобустармен, шағын
автобустармен тұрақты емес тасымалдау, сондай-ақ жолаушыларды
халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты
тасымалдау жөніндегі қызметпен айналысу үшін лицензия беру, қайта
ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік қызметін
көрсетуге құжаттарды қабылдаудан мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық
ұсынбауыңызға байланысты бас тартады, атап айтқанда:
      жоқ құжаттардың атауы:
      1. ___________________________________________________________;
      2. ___________________________________________________________;
      3. ___________________________________________________________;
      4. ___________________________________________________________.
      Осы қолхат әрбір тарапқа бір-бір данадан, 2 данада жасалды.
      Т.А.Ә. ____________________ ____________
               (ХҚО қызметкері)     (қолы)

      Орындаушы: Т.А.Ә._______________ Телефон: ________________

      Алдым: Т.А.Ә. / көрсетілетін қызметті алушының қолы

      20__ жылғы «___» __________

Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің     
2015 жылғы 30 сәуірдегі
№ 557 бұйрығына   
5-қосымша      

«Қазақстан Республикасының аумағы арқылы ауыр салмақты және
(немесе) ірі көлемді көлік құралдарының (шетелдік көліктерді
қоса алғанда) жүріп өтуі үшін арнайы рұқсат беру» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандарты 1. Жалпы ережелер

      1. «Қазақстан Республикасының аумағы арқылы ауыр салмақты және (немесе) ірі көлемді көлік құралдарының (шетелдік көліктерді қоса алғанда) жүріп өтуі үшін арнайы рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
      3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) Министрліктің Көлiк комитетiнiң аумақтық органдары және Кеден одағының кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автокөлік құралдарын өткізу пункттеріндегі кеден органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті берушілер) көрсетеді.
      Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға өтініштерді қабылдау:
      1) отандық көрсетілетін қызметті алушы үшін:
      Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – ХҚО);
      Кеден одағының кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автокөлік құралдарын өткізу пункттеріндегі кеден органдары;
      www.egov.kz, www.elincense.kz «электрондық үкіметтің» веб-порталы (бұдан әрі – портал);
      2) шетелдік көрсетілетін қызметті алушы үшін көрсетілетін қызметті беруші арқылы жүзеге асырылады.
      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру:
      1) отандық көрсетілетін қызметті алушы үшін:
      ХҚО;
      Кеден одағының кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автокөлік құралдарын өткізу пункттеріндегі кеден органдары;
      2) шетелдік көрсетілетін қызметті алушы үшін көрсетілетін қызметті берушілер арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттiк қызметті көрсету мерзiмi:
      1) көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушілерге және (немесе) ХҚО-ға өтінішті тапсырған кезден бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде:
      iрi көлемді және (немесе) ауыр салмақты отандық және шетелдiк автокөлiк құралдарының Қазақстан Республикасының аумағы арқылы жүріп өтуіне алым сомасын төлеу үшін мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру туралы хабарламаны (бұдан әрі – хабарлама) қағаз немесе электронды түрде беру – 5 (бес) жұмыс күні ішінде, ал тасымалдау бағытын келісу қажет болмаған жағдайларда 1 (бір) жұмыс күні ішінде;
      мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру (қызмет берушіге күнтізбелік он бес күн ішінде алым сомасының республикалық бюджетке төленгенін растайтын төлем құжаты түскен кезден бастап) – 1 (бір) жұмыс күні ішінде;
      2) өтінішті тапсыру кезінде кезек күтудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты – 15 минут;
      3) қызмет көрсетудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты – 15 минут;
      5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
      6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – Қазақстан Республикасының аумағы арқылы ауыр салмақты және (немесе) iрi көлемді көлiк құралдарының жүрiп өтуіне арнайы рұқсат (бұдан әрі – арнайы рұқсат) және оған бақылау талоны қағаз түрінде.
      7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет ақылы негізде көрсетіледі.
      Ірi көлемді және (немесе) ауыр салмақты отандық және шетелдiк автокөлiк құралдарының Қазақстан Республикасының аумағы арқылы жүрiп өтуі үшін алым (бұдан әрі – алым) 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) белгіленген алым мөлшерлемелері бойынша республикалық бюджетке төленеді, ол:
      1) автокөлiк құралының (жүгi бар немесе жүгi жоқ) жалпы нақты массасының рұқсат берiлетiн жалпы салмақтан асып түскенi үшiн есепті қамтиды, ол 0,005 еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерiндегi алым мөлшерлемесін асып түскен әрбiр (толық емесiн қоса алғанда) тоннаға және бағыт бойынша тасымалдау арақашықтығына (километрмен) көбейту арқылы жүргізіледі;
      2) автокөлік құралының (жүгі бар немесе жүгі жоқ) нақты осьтік жүктемелерінің рұқсат берілетін осьтік жүктемелерден асып түскені үшін есепті қамтиды, ол әрбір артық жүк тиелген жеке, қосарланған және үштіктелген біліктер үшін есептеледі және осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшада көрсетілген тиісті тарифтерді бағыт бойынша тасымалдау арақашықтығына (километрмен) көбейту арқылы жүргізіледі;
      3) автокөлік құралы (жүгі бар немесе жүгі жоқ) көлемінің рұқсат берілген көлемдік өлшемдерінен асып түскені үшін есепті қамтиды, ол автокөлік құралдарының биіктігі, ені және ұзындығы бойынша асып түскені үшін есептеледі және осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшада көрсетілген тиісті тарифтерді бағыт бойынша тасымалдау арақашықтығына (километрмен) көбейту арқылы жүргізіледі.
      Төлеу тәсілі: алым сомасын бюджетке төлеу банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар немесе бақылау-өткізу пункттер не өзге де арнайы жабдықталған орындар арқылы белгілеген нысан бойынша қатаң есептілік бланкiлерi негiзiнде, сондай-ақ «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) арқылы аудару жолымен не қолма-қол ақшамен жүргізіледі.
      8. Жұмыс кестесі:
      1) көрсетілетін қызметті берушілер:
      Көлiктiк бақылау комитетiнiң аумақтық органдары – еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерiнен басқа, дүйсенбi – сенбі аралығында, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейiн түскi үзiлiспен, жұмыс кестесiне сәйкес сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін;
      автокөлік құралдарын өткізу пункттеріндегі кеден органдары – www.е.customs.kz интернет-ресурсында орналастырылған жұмыс кестесі бойынша еңбек заңнамасына сәйкес көрсетiледi.
      Өтініштер мен құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусiз, кезек күту тәртiбiмен жүзеге асырылады;
      2) ХҚО – еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерiнен басқа, дүйсенбі – сенбі аралығында жұмыс кестесiне сәйкес, түскi үзiлiссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейiн.
      Өтініштер мен құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру жедел қызмет көрсетусіз «электрондық» кезек тәртібімен жүзеге асырылады, портал арқылы электрондық кезекті броньдауға болады;
      3) порталда – тәулік бойы (жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда).
      9. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) ХҚО-ға жүгінген кезде осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті не порталда көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салуды толтырады.
      Мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстар болып табылатын мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші портал арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден немесе мемлекеттік қызметтер көрсетуді ақпараттық мониторингілеу жүйесі арқылы уәкілетті адамдардың ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжаттар нысанында алады.
      Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, көрсетілетін қызметті беруші, ХҚО ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді мемлекеттік қызметті көрсету кезінде пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының жазбаша келісімін алады.
      Көрсетілетін қызметті алушылардан ақпараттық жүйелерден алуға болатын құжаттарды талап етуге жол берілмейді.
      Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды берген кезде:
      1) ХҚО-ға – мыналар:
      құжаттың нөмірі және қабылданған күні;
      сұрау салынған мемлекеттiк көрсетілетін қызметтiң атауы;
      қоса берілген құжаттардың атауы мен саны;
      мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу күні (уақыты) және құжаттарды беру орны;
      құжаттарды қабылдаған жауапты адамның тегі, аты, әкесінің аты;
      көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты (жеке тұлғалар үшін) немесе атауы (заңды тұлғалар үшін), байланыс деректері көрсетіле отырып, тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхат беріледі;
      2) портал арқылы – көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алатын күнін көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрінеді.
      Көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру туралы хабарламаны алғаннан кейін, жеке өзі келгенде және жеке басын куәландыратын құжатты, тауарлық-материалдық құндылықтарды алуға арналған белгіленген нысандағы сенімхатты және ЭҮТШ арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, төлем құжатын ұсынған кезде тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхаттың негізінде, онда көрсетілген мерзімде жүзеге асырылады.
      Бұл ретте көрсетілетін қызметті алушы ХҚО-ға көрсетілген құжаттардың түпнұсқаларын салыстыру үшін ұсынады.
      Алым сомасы бюджетке төленгендігінің растауы он бес күнтізбелік күн ішінде болмаған жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетілмейді.

3. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша
көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды
адамдарының, халыққа қызмет көрсету орталықтарының және
(немесе) олардың қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекетіне
(әрекетсіздгіне) шағымдану тәртібі

      11. Көрсетілетін қызмет берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдері, әрекеттеріне (әрекетсiздiктерiне) шағымдану осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 14-тармағында көрсетілген мекенжайы бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының немесе Министрлік басшысының атына беріледі.
      Шағым жазбаша нысанда пошта арқылы не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жұмыс күндері қабылданады.
      Шағымды қабылдаған нөмірі, күні, адамның тегі көрсетілген, байланыс деректері көрсетілуімен, сондай-ақ, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орнын көрсете отырып, шағымды қарастыру барысын білуге болатын лауазымды төлғалардың байланыс деректері көрсетілуімен көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.
      Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы мәліметті  бірыңғай байланыс-орталығының 1414 телефоны арқылы алуға болады.
      Шығымды портал арқылы жіберген кезде көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетінен» шағым туралы ақпарат қолжетімді болады, ол көрсетілетін қызметті беруші шағымды өңдеген кезде жаңартылып отырады (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгі, шағымды қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап).
      Көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің мекенжайына түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады.
      Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
      Шағымда:
      1) жеке тұлғаның – тегі, аты, сондай-ақ қалауы бойынша әкесінің аты, пошталық мекенжайы көрсетіледі;
      2) заңды тұлғаның – атауы, пошталық мекенжайы, шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі. Шағымға көрсетілетін қызметті алушының қол қоюға тиіс.
      12. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті, оның ішінде электрондық
түрде және халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы көрсету
ерекшеліктері ескеріле отырып, қойылатын өзге де талаптар

      13. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет мүмкіндігі шектеулі көрсетілетін қызметті алушыларға қызмет көрсету үшін пандустар көзделген ғимараттарда көрсетіледі. Көрсетілетін қызмет берушінің ғимаратында: анықтама бюросы, күту креслосы және өтініштерді толтыру бланкілерінің үлгісі бар ақпараттық стенділер орналастырылады.
      14. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:
      көрсетілетін қызметті берушінің – www.mid.gov.kz («Көлік комитеті» бөлімінің «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлігінде орналастырылған.
      15. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы болған жағдайда, мемлекеттік қызмет портал арқылы көрсетіледі.
      16. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы «жеке кабинеті», сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алу мүмкіндігі бар.
      17. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратты мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны арқылы да алуға болады.

«Қазақстан Республикасының аумағы    
арқылы ауыр салмақты және (немесе)  
ірі көлемді көлік құралдарының     
(шетелдік көліктерді қоса алғанда)   
жүріп өтуі үшін арнайы рұқсат беру»  
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына
1-қосымша                

Автокөлік құралының (жүгі бар немесе жүгі жоқ)
нақты осьтік жүктемелерінің рұқсат берілетін осьтік
жүктемелерден асып түскені үшін тарифтер

Р/с

Нақты осьтік жүктемелерден асып түсу, %-бен

Рұқсат берілетін осьтік жүктемелерден асып түскені үшін тариф (АЕК)

1

2

3

1.

5,0%-ға дейін қоса алғанда

0,011

2.

5,0%-тен 10,0%-ға дейін қоса алғанда

0,014

3.

10,0%-тен 20,0%-ға дейін қоса алғанда

0,190

4.

20,0%-тен 30,0%-ға дейін қоса алғанда

0,380

5.

30,0%-тен 50%-ға дейін қоса алғанда

0,500

6.

50%-дан жоғары

1,0

«Қазақстан Республикасының аумағы    
арқылы ауыр салмақты және (немесе)  
ірі көлемді көлік құралдарының     
(шетелдік көліктерді қоса алғанда)   
жүріп өтуі үшін арнайы рұқсат беру»  
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына
2-қосымша                

Автокөлік құралы (жүгі бар немесе жүгі жоқ) көлемінің
рұқсат берілген көлемдік өлшемдерінен асып түскені
үшін тарифтер

Р/с

Автокөлік құралдарының көлемдік өлшемдері, метрмен

Рұқсат берілетін көлемдік өлшемдерден асып түскені үшін тариф (АЕК)

1

2

3

1.

Биіктігі:

1.2.

4-тен жоғары 4,5-ке дейін қоса алғанда

0,009

1.3.

4,5-тен жоғары 5-ке дейін қоса алғанда

0,018

1.4.

5-тен жоғары

0,036

2.

Ені:

2.1.

2,55-тен (изометриялық қораптар үшін 2,6-дан) жоғары 3-ке дейін қоса алғанда

0,009

2.2.

3-тен жоғары 3,75-ке дейін қоса алғанда

0,019

2.3.

3,75-тен жоғары

0,038

3.

Ұзындығы:

3.1.

жол берілетін ұзындықтан асып түсетін әрбір метр үшін (толық емесін қоса алғанда)

0,004

«Қазақстан Республикасының аумағы    
арқылы ауыр салмақты және (немесе)  
ірі көлемді көлік құралдарының     
(шетелдік көліктерді қоса алғанда)   
жүріп өтуі үшін арнайы рұқсат беру»  
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына
3-қосымша                

___________ облысы (қаласы) бойынша
кедендік/көліктік бақылау органының
басшысына

Ауыр салмақты және (немесе) ірі көлемді автокөлік
құралының жүріп өтуіне арнайы рұқсатты алу үшін
Өтініш

Тасымалдаушының атауы _______________________________________________
ЖСН/БСН _____________________________________________________________
Мекенжайы, телефоны _________________________________________________
Автомобильдің маркасы ________мем.нөмірi ____________________________
Тіркеменің (жартылай тіркеменің) маркасы _____ мем.нөмірi ___________
Көлік құралының түрі
Изотермиялық шанақтың болуы
Әуе немесе оған балама аспаның болуы
Жүру бағыты _________________________________________________________
Бағыттың жалпы ұзақтығы, км _________________________________________
оның ішінде қалалардың аумағы бойынша, км ___________________________
Жүргізушінің Т.А.Ә. _________________________________________________
Ілесуші адамның Т.А.Ә. ______________________________________________
Ілесіп жүру түрi ____________________________________________________
Жүктің атауы мен салмағы, т. ________________________________________
АКҚ жүк көтергіштігі ________________________________________________
Жүру күні мен уақыты ________________________________________________

Автокөлік құралының жүгін қоса есептегендегі
нақты салмақтық және көлемдік өлшемдері

Өлшемдерi

Нақты

Рұқсат етілген

Асқаны

Жол бетінен биіктігі, м

Ені, м

Автокөлік құралының ұзындығы, м

Толық салмағы, т

Тіркеменің толық салмағы, т

АКҚ-ның дөңгелектік формуласы

1-ось

2-ось

3-ось

4-ось

5-ось

6-ось

7-ось

8-ось

9-ось

Еңістігі

Осьтердің ара қашықтығы, м

Оське нақты жүктеме, т.с.

Оське рұқсат етілген жүктеме, т.с.

Асқаны, %

      Автокөлік құралының ең кіші бұрылу радиусы ____________________

      Қосымша деректер
_____________________________________________________________________
_____________________________________           _____________________
(тасымалдаушының лауазымы, Т.А.Ә.)                 (М.О. қолы)

      Өтініш беру күнi _____________

      Келісуші органның шешімi
____________________________________________
____________________________________________ _______________
    (лауазымы, Т.А.Ә.) (М.О. қолы) 

Келісуші органның шешімi ___________________________________
____________________________________________ _______________
        (лауазымы, Т.А.Ә.)                     (М.О. қолы)

«Қазақстан Республикасының аумағы арқылы
ауыр салмақты және (немесе) ірі көлемді
көлік құралдарының (шетелдік көліктерді қоса
алғанда) жүріп өтуі үшін арнайы рұқсат беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына
4-қосымша

нысан

_________________________________________
(Тегі, аты, әкесінің аты болған жағдайда
(бұдан әрі – Т.А.Ә) не көрсетілетін қызметті
алушы ұйымның атауы)

__________________________________________
(көрсетілетін қызметті алушының мекенжайы) 

Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат

      «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15
сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 20-бабының 2-тармағын
басшылыққа ала отырып, «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК
филиалының № ___ бөлімі
___________________ «Халықаралық автомобиль тасымалдарын
(мекенжайды көрсету) жүзеге асыруға рұқсат беру куәлігін және рұқсат
карточкасын беру» мемлекеттік қызметін көрсетуге құжаттарды
қабылдаудан мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген
тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбауыңызға байланысты бас
тартады, атап айтқанда:
      жоқ құжаттардың атауы:
      1. ___________________________________________________________;
      2. ___________________________________________________________;
      3. ___________________________________________________________;
      4. ___________________________________________________________.
      Осы қолхат әрбір тарапқа бір-бір данадан, 2 данада жасалды.
      Т.А.Ә. ____________________ ____________
               (ХҚО қызметкері)      (қолы)

      Орындаушы: Т.А.Ә._______________ Телефон: ________________

      Алдым: Т.А.Ә./көрсетілетін қызметті алушының қолы
      20__ жылғы «___» _________

Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің    
2015 жылғы 30 сәуірдегі
№ 554 бұйрығына  
6-қосымша     

«Техникалық байқау операторларының тізіліміне енгізу»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты 1. Жалпы ережелер

      1. «Техникалық байқау операторларының тізіліміне енгізу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі.
      3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) Министрліктің Көлік комитетінің аумақтық органдары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
      Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру:
      1) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - ХҚО);
      2) www.egov.kz, www.elicense.kz «электрондық үкіметтің» веб- порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:
      1) көрсетілетін қызметті алушы ХҚО-ға немесе порталға құжаттар топтамасын тапсырған кезден бастап:
      техникалық байқау операторларының тізіліміне енгізу туралы хабарлама (бұдан әрі - хабарлама) немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы жазбаша дәлелді жауап беру - 5 (бес) жұмыс күні ішінде;
      2) ХҚО-ға құжаттар топтамасын тапсыру кезінде кезек күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 15 минут;
      3) ХҚО-да қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 15 минут.
      5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
      6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі - техникалық байқау операторларының тізіліміне енгізу не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап қағаз және (немесе) электрондық түрде.
      7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет тегін көрсетіледі.
      8. Жұмыс кестесі:
      1) ХҚО - еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбі - сенбі аралығында жұмыс кестесіне сәйкес, түскі үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін.
      Өтініштер мен құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру жедел қызмет көрсетусіз «электрондық» кезек тәртібімен жүзеге асырылады, портал арқылы электрондық кезекті броньдауға болады;
      2) порталда - тәулік бойы ұсынылады (жөндеу жұмыстарын жүргізуіне байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда).
      9. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) ХҚО-ға (қағаз түрінде) немесе порталға (электрондық түрде «pdf» форматында) жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш не порталда көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі - ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
      2) заңды тұлға үшін - заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманың немесе куәліктің көшірмесі;
      3) дара кәсіпкер үшін - жеке басын куәландыратын құжаттың және дара кәсіпкер ретінде тіркеу туралы куәліктің көшірмесі;
      4) техникалық байқау операторының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу жүргізілгені туралы мөртаңба қойылған, жылжымайтын мүлікке меншік немесе оны иелену және пайдалану құқығын растайтын құжаттардың нотариалды куәландырған көшірмелері;
      5) сынақ жабдықтарын аттестаттау және өлшем құралдарын салыстырып тексеру сертификаттарының көшірмелері;
      6) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сынақ жабдықтары мен өлшеу құралдары туралы ақпарат.
      Бұл ретте көрсетілетін қызметті алушы ХҚО-га көрсетілген құжаттардың түпнұсқаларын салыстыру үшін ұсынады.
      Мемлекеттік электрөндық ақпараттық ресурстар болып табылатын мәліметтерді көрсетілетін қызмет беруші портал арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден немесе мемлекеттік қызметтер көрсетуді ақпараттық мониторингілеу жүйесі арқылы уәкілетті адамдардың ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжаттар нысанында алады.
      Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, көрсетілетін қызметті беруші, ХҚО ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді мемлекеттік қызметті көрсету кезінде пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының жазбаша келісімін алады.
      Көрсетілетін қызметті алушылардан ақпараттық жүйелерден алуға бөлатын құжаттарды талап етуге жол берілмейді.
      Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды берген кезде:
      1) ХҚО-га - мыналар:
      құжаттың нөмірі және қабылданған күні;
      сұрау салынған мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы;
      қоса берілген құжаттардың атауы мен саны;
      мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу күні (уақыты) және құжаттарды беру орны;
      құжаттарды қабылдаған жауапты адамның тегі, аты, әкесінің аты;
      көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты (жеке тұлғалар үшін) немесе атауы (заңды тұлғалар үшін), байланыс деректері көрсетіле отырып, тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхат беріледі;
      2) портал арқылы - көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алатын күнін көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрінеді.
      Көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру туралы хабарламаны алғаннан кейін, жеке өзі келгенде және жеке басын куәландыратын құжатты, тауарлық-материалдық құндылықтарды алуға арналған белгіленген нысандағы сенімхатты ұсынған кезде тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхаттың негізінде, онда көрсетілген мерзімде жүзеге асырылады.
      Портал арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін электрондық сұрау салу берген кезде көрсетілетін қызметті алушының порталдағы «жеке кабинетіне» белгіленген мерзімде мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі жолданады.
      10. Мыналар:
      1) ұсынылған құжаттарда көрсетілген мәліметтердің дәйексіздігі;
      2) мынадай негіздер:
      техникалық байқау операторларының тізіліміне енгізу кезінде көрінеу дәйексіз ақпарат беру;
      механикалық көлік құралдарын және олардың тіркемелерін міндетті техникалық байқаудан өткізу және жөндеу, оларға техникалық қызметтер көрсету бойынша қызметтер көрсетуді қоса атқару;
      механикалық көлік құралдарын және олардың тіркемелерін міндетті  техникалық байқауды жүзеге асыру саласында әкімшілік құқық бұзушылықты бір жыл ішінде қайталап жасау бойынша өтініш берілген күнге дейін алты ай ішінде техникалық байқау операторларының тізілімінен шығару мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіз болып табылады.
      Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, ХҚО қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.

3. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша
көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды
адамдарының, халыққа қызмет көрсету орталықтарының және
(немесе) олардың қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекетіне
(әрекетсіздгіне) шағымдану тәртібі

      11. Көрсетілетін қызмет берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдері, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 14-тармағында көрсетілген мекенжайы бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының немесе Министрлік басшысының атына беріледі.
      Шағым жазбаша нысанда пошта арқылы не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жұмыс күндері қабылданады.
      Шағымды қабылдаған нөмірі, күні, адамның тегі көрсетілген, байланыс деректері көрсетілуімен, сондай-ақ, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орнын көрсете отырып, шағымды қарастыру барысын білуге болатын лауазымды тұлғалардың байланыс деректері көрсетілуімен көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.
      Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы мәліметті бірыңғай байланыс-орталығының 1414 телефоны арқылы алуға болады.
      Шығымды портал арқылы жіберген кезде көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетінен» шағым туралы ақпарат қолжетімді болады, ол көрсетілетін қызметті беруші шағымды өңдеген кезде жаңартылып отырады (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгі, шағымды қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап).
      Көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің мекенжайына түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады.
      Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
      Шағымда:
      1) жеке тұлғаның - тегі, аты, сондай-ақ қалауы бойынша әкесінің аты, пошталық мекенжайы көрсетіледі;
      2) заңды тұлғаның - атауы, пошталық мекенжайы, шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі. Шағымға көрсетілетін қызметті алушының қол қоюға тиіс.
      12. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті, оның ішінде электрондық
түрде және халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы көрсету
ерекшеліктері ескеріле отырып, қойылатын өзге де талаптар

      13. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет мүмкіндігі шектеулі көрсетілетін қызметті алушыларға қызмет көрсету үшін пандустар көзделген ғимараттарда көрсетіледі. Көрсетілетін қызмет берушінің ғимаратында: анықтама бюросы, күту креслосы және өтініштерді толтыру бланкілерінің үлгісі бар ақпараттық стенділер орналастырылады.
      14. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:
      көрсетілетін қызметті берушінің - www.mid.gov.kz, («Көлік комитеті» бөлімінің «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлігінде орналастырылған.
      15. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы болған жағдайда, мемлекеттік қызмет портал арқылы көрсетіледі.
      16. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы «жеке кабинеті», сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алу мүмкіндігі бар.
      17. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратты мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны арқылы да алуға болады.

«Техникалық байқау операторларының
тізіліміне енгізу» мемлекеттік  
көрсетілетін қызмет стандартына 
1-қосымша             

__________________ облысы (қаласы)
бойынша аумақтық көліктік бақылау
органының басшысына

Техникалық байқау операторларының тізіліміне енгізуге
Өтініш

Сізді

______________________________________________________________
(жеке тұлғаның Т.А.Ә. немесе заңды тұлғаның атауы)
_______________________________________________ мекенжайы бойынша
(индексі, қала, аудан, облыс, көше, үй №, телефон)
 
механикалық көлік құралдарының және оларға тіркемелердің міндетті
техникалық байқаудан өту үшін техникалық байқау операторларының
тізіліміне енгізуіңізді сұраймын.
      Техникалық байқаудың стационарлық желісінің ____ бірлігі және
техникалық, байқаудың мобильді желісінің бірлігі бар.

      Өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:

____________________________________________________________________

____________
____________________________________________________________________
Қолы       (жеке тұлғаның Т.А.Ә, немесе заңды тұлғаның атауы)

      М.О.

      20___жылғы «__» ________

«Техникалық байқау операторларының
тізіліміне енгізу» мемлекеттік  
көрсетілетін қызмет стандартына 
2-қосымша            

Сынау жабдықтары және өлшеу құралдары туралы ақпарат

      1. Техникалық байқау орталығында пайдаланылатын сынау жабдықтары (бұдан әрі - СЖ)

Анықтаушы сипаттамалар (көрсеткіштер)

СЖ атауы, түрі (маркасы), шығарушы, зауыттық немесе түгендеу нөмірі

Негізгі техникалық сипаттамалар

Пайдалануға енгізу жылы

СЖ аттестаттау бойынша құжаттың күні мен нөмірі, кезеңділігі

1

2

3

4

5

      2. Техникалық байқау орталығында пайдаланылатын өлшеу құралдары (бұдан әрі - ӨҚ)

Анықтаушы сипаттамалар (көрсеткіштер)

ӨҚ атауы, түрі (маркасы), шығарушы, зауыт немесе түгендеу нөмірі

Негізгі метрологиялық сипаттамалар

Пайдалануға енгізу жылы

Тексеру немесе аттестаттау туралы сертификатының (куәлік) күні мен нөмірі, кезеңділігі

1

2

3

4

5

«Техникалық байқау операторларының
тізіліміне енгізу» мемлекеттік  
көрсетілетін қызмет стандартына 
3-қосымша            

нысан

________________________________________
(Тегі, аты, әкесінің аты болған жағдайда
(бұдан әрі - Т.А.Ә) не көрсетілетін қызметті
алушы ұйымның атауы)

_______________________________
(көрсетілетін қызметті алушының
мекенжайы)

Құжаттарды қабылдаудан
бас тарту туралы қолхат

      «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15
сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 20-бабының 2-тармағын
басшылыққа ала отырып, «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК
филиалының № ____ бөлімі
____________________ «Халықаралық автомобиль тасымалдарын (мекенжайды
көрсету) жүзеге асыруға рұқсат беру куәлігін және рұқсат карточкасын
беру» мемлекеттік қызметін көрсетуге құжаттарды қабылдаудан
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес
құжаттар топтамасын толық ұсынбауыңызға байланысты бас тартады, атап
айтқанда:
      жоқ құжаттардың атауы:
      1.___________________________________________________________;
      2.___________________________________________________________;
      3.___________________________________________________________;
      4.___________________________________________________________.
      Осы қолхат әрбір тарапқа бір-бір данадан, 2 данада жасалды.
      Т.А.Ә. ______________                  _______________
           (ХҚО қызметкері)                     (қолы)

      Орындаушы: Т.А.Ә. _______________    Телефон: _______________

      Алдым: Т.А.Ә./көрсетілетін қызметті алушының қолы
20 __ жылғы «__» ________

Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің     
2015 жылғы 30 сәуірдегі
№ 557 бұйрығына    
7-қосымша      

«Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес Қазақстан Республикасының тасымалдаушыларына шет мемлекет аумағы арқылы жүріп өтуге рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. «Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес Қазақстан Республикасының тасымалдаушыларына шет мемлекет аумағы арқылы жүріп өтуге рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі.
      3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) (жолаушылар мен багажды тұрақты емес тасымалдауға және жүктерді тасымалдауға шетелдік рұқсаттарды берген кезде) Министрліктің Көлік комитетінің аумақтық органдары және (жарамдылық мерзімі күнтізбелік бір жыл жолаушылар мен багажды тұрақты тасымалдауға арналған шетелдік рұқсаттарды берген кезде) Министрліктің Көлік комитеті (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті берушілер) көрсетеді.
      Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға өтініштерді қабылдау:
      1) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - ХҚО);
      2) www.egov.kz» www.elincense.kz «электрондық үкіметтің» веб порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.
      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру ХҚО арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:
      1) көрсетілетін қызметті алушы көрсететін қызметті берушіге және (немесе) ХҚО-ға құжаттар топтамасын тапсырған кезден бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде:
      Автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағы бойынша жүріп өтуіне алым мөлшерін төлеу үшін мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру туралы хабарламаны (бұдан әрі - хабарлама) қағаз немесе электронды түрде беру - 2 (екі) жұмыс күні ішінде;
      мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру (көрсетілетін қызметті берушілерге республикалық бюджетке алым сомасының төленгенін растайтын төлем құжаты түскен кезден бастап) - 1 (бір) жұмыс күні ішінде;
      2) ХҚО-ға құжаттардың топтамасын тапсыру кезінде кезек күтудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты - 15 минут;
      3) ХҚО-да қызмет көрсетудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты - 15 минут.
      5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
      6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі:
      1) жолаушылар мен багажды тұрақты емес тасымалдауға және жүктерді тасымалдауға шетелдік рұқсаттары қағаз түрінде;
      2) отандық тасымалдаушыларға жолаушылар мен багажды тұрақты тасымалдауға және жүктерді тасымалдауға шетелдік рұқсаттар қағаз түрінде.
      7. Мемлекеттік қызмет ақылы негізде көрсетіледі.
      Автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағы арқылы жүріп өтуі үшін алым 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін баска да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) белгіленген алым мөлшерлемесі бойынша республикалық бюджетке төленеді және:
      1) отандық тасымалдаушыларға жолаушылар мен багажды тұрақты емес тасымалдау және жүк тасымалдауға шетелдік рұқсаттарды бергені үшін алым төлеу күні қолданылатын үш еселенген айлық есептік көрсеткішті;
      2) отандық тасымалдаушыларға жолаушылар мен багажды тұрақты тасымалдауға шетелдік рұқсаттарды бергені үшін алым төлеу күні қолданылатын он еселенген айлық есептік көрсеткішті құрайды.
      Төлеу тәсілі: алым сомасын бюджетке төлем банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы, сондай-ақ «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі (бұдан әрі - ЭҮТШ) арқылы аудару жолымен не қолма-кол ақшамен жүргізіледі.
      8. Жұмыс кестесі:
      1) ХҚО - еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен баска, дүйсенбі - сенбі аралығында жұмыс кестесіне сәйкес, түскі үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін.
      Өтініштер мен құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру жедел қызмет көрсетусіз «электрондық» кезек тәртібімен жүзеге асырылады, портал арқылы электрондық кезекті броньдауға болады;
      2) портал - тәулік бойы (жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда).
      9. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) ХҚО-ға (қағаз түрінде) не порталға (электрондық түрде «pdf» фоматында) жүгінген кезде мемлекеттік қызметті керсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш не порталда көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі - ЭЦҚ) қойылған электронды құжат нысанындағы сұрау салу;
      2) халықаралық автомобильмен жүк тасымалдауды жүзеге асыруға рұқсат беру куәлігінің көшірмесі;
      3) ұсынылған автокөлік құралдарына халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыруға рұқсат беру карточкасының көшірмесі;
      4) ұсынылған автокөлік құралдарына халықаралық техникалық байқау сертификатының көшірмесі;
      5) жолаушылар мен багажды тұрақты және тұрақты емес тасымалдауға шетелдік рұқсаттарды алу үшін халықаралық және қалааралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен жолаушыларды және багажды тасымалдауға лицензияның көшірмесі;
      Бұл ретте көрсетілетін қызмет алушы ХҚО-ға көрсетілген құжаттардың түпнұсқаларын салыстыру үшін ұсынады.
      Мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстар болып табылатын мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші портал арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден немесе мемлекеттік қызметтер көрсетуді ақпараттық мониторингілеу жүйесі арқылы уәкілетті адамдардың ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжаттар нысанында алады.
      Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, көрсетілетін қызметті беруші, ХҚО ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен корғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді мемлекеттік қызметті көрсету кезінде пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының жазбаша келісімін алады.
      Көрсетілетін қызметті алушылардан ақпараттық жүйелерден алуға болатын құжаттарды талап етуғе жол берілмейді.
      Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды берген кезде:
      1 ХҚО-ға - мыналар:
      құжаттың нөмірі және қабылданған күні;
      сұрау салынған мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы;
      қоса берілген құжаттардың атауы мен саны;
      мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу күні (уақыты) және құжаттарды беру орны;
      құжаттарды қабылдаған жауапты адамның тегі, аты, әкесінің аты;
      көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты әкесінің аты (жеке тұлғалар үшін) немесе атауы (заңды тұлғалар үшін), байланыс деректері көрсетіле отырып, тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхат беріледі;
      2) портал арқылы - көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алатын күнін көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрінеді.
      Көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру туралы хабарламаны алғаннан кейін, жеке өзі келгенде және жеке басын куәландыратын құжатты, тауарлық-материалдық құндылықтарды алуға арналған белгіленген нысандағы сенімхатты және ЭҮТШ арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, төлем құжатын ұсынған кезде тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхаттың негізінде, онда көрсетілген мерзімде жүзеге асырылады.
      10. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, ХҚО қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.

3. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының, халыққа қызмет көрсету орталықтарының және (немесе) олардың қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      11. Көрсетілетін қызмет берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдері, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 14-тармағында көрсетілген мекенжайы бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының немесе Министрлік басшысының атына беріледі.
      Шағым жазбаша нысанда пошта арқылы не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жұмыс күндері қабылданады.
      Шағымды қабылдаған нөмірі, күні, адамның тегі көрсетілген, байланыс деректері көрсетілуімен, сондай-ақ, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орнын көрсете отырып, шағымды қарастыру барысын білуге болатын лауазымды тұлғалардың байланыс деректері көрсетілуімен көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.
      Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы мәліметті бірыңғай байланыс-орталығының 1414 телефоны арқылы алуға болады.
      Шығымды портал арқылы жіберген кезде көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетінен» шағым туралы ақпарат қолжетімді болады, ол көрсетілетін қызметті беруші шағымды өңдеген кезде жаңартылып отырады (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгі, шағымды қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап).
      Көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің мекенжайына түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады.
      Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
      Шағымда:
      1) жеке тұлғаның - тегі, аты, сондай-ақ қалауы бойынша әкесінің аты, пошталық мекенжайы көрсетіледі;
      2) заңды тұлғаның - атауы, пошталық мекенжайы, шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі. Шағымға көрсетілетін қызметті алушының қол қоюға тиіс.
      12. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті, оның ішінде электрондық түрде және халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қойылатын өзге де талаптар

      13. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет мүмкіндігі шектеулі көрсетілетін қызметті алушыларға қызмет көрсету үшін пандустар көзделген ғимараттарда көрсетіледі. Көрсетілетін қызмет берушінің ғимаратында: анықтама бюросы, күту креслосы және өтініштерді толтыру бланкілерінің үлгісі бар ақпараттық стенділер орналастырылады.
      14. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:
      көрсетілетін қызметті берушінің - www.mid.gov.kz («Көлік комитеті» бөлімінің «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлігінде орналастырылған.
      15. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы болған жағдайда, мемлекеттік қызмет портал арқылы көрсетіледі.
      16. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы «жеке кабинет}», сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алу мүмкіндігі бар.
      17. Мемлекеттік қызмет корсету тәртібі туралы ақпаратты мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны арқылы да алуға болады.

«Қазақстан Республикасы      
ратификациялаған халықаралық     
шарттарға сәйкес Қазақстан      
Республикасының          
тасымалдаушыларына шет мемлекет   
аумағы арқылы жүріп өтуге рұқсат  
беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандартына            
1-қосымша             

нысан

__________________________________
(көліктік бақылау органының атауы)

Жүкті тасымалдауға, жолаушылар мен багажды тұрақты емес тасымалдауға және (немесе) күнтізбелік бір жыл қолданылу мерзімімен жолаушылар мен багажды тұрақты тасымалдауға арналған шетелдік рұқсаттар алуға
Өтініш

____________________________________________________________________
(дара кәсіпкердің тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде) немесе заңды
тұлғаның атауы)

      Жүкті тасымалдауға, жолаушылар мен багажды тұрақты емес
тасымалдауға және (немесе) күнтізбелік бір жыл қолданылу мерзімімен
жолаушыларды және багажды тұрақты тасымалдауға арналған шетелдік
рұқсаттарды (қажеттісін астын сызу) беруді сұраймын:

Шетелдік рұқсаттардың саны

Рұқсат түрі

Елдер бойынша орындалатын тасымалдардың түрлері

Рұқсат түрі

ЖСН/БСН

__________________________________________________________________
____________________________________________________________________

      Дара кәсіпкерді немесе заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы
куәлік
____________________________________________________________________
                (№ және қашан берілген)
Мекенжайы
_________________________________________________________________
____________________________________________________________________
(индексі, қаласы, ауданы, облысы, көшесі, үй №, телефон, факс)

      Қоса берілетін құжаттар:______________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
     _____________________                            ______________
           (Т.А.Ә.)                                        (қолы)

      М.О.
      (болған жағдайда)

      20 жылғы «__» өтініш қарауға қабылданды

      ______________________________________________________________
          (Мемлекеттік органдағы жауапты адамның Т.А.Ә., қолы)

«Қазақстан Республикасы      
ратификациялаған халықаралық     
шарттарға сәйкес Қазақстан      
Республикасының          
тасымалдаушыларына шет мемлекет   
аумағы арқылы жүріп өтуге рұқсат  
беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандартына            
2-қосымша             

      нысан

________________________________________
(Тегі, аты, әкесінің аты болған жағдайда
(бұдан әрі - Т.А.Ә), не көрсетілетін қызметті
алушы ұйымның атауы)

_________________________________________
(көрсетілетін қызметті алушының мекенжайы)

Құжаттарды қабылдаудан
бас тарту туралы қолхат

      «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15
сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 20-бабының 2-тармағын
басшылыққа ала отырып, «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК
филиалының № ______ бөлімі
___________________________ «Қазақстан Республикасы ратификациялаған
(мекенжайды көрсету) халықаралық шарттарға сәйкес Қазақстан
Республикасының тасымалдаушыларына шет мемлекеттер аумағы арқылы
жүріп өтуге рұқсат беру» мемлекеттік қызметін көрсетуге құжаттарды
қабылдаудан мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген
тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбауыңызға байланысты бас
тартады, атап айтқанда:
      жоқ құжаттардың атауы:
      1.___________________________________________________________;
      2.___________________________________________________________;
      3.___________________________________________________________;
      4.___________________________________________________________.
      Осы қолхат әрбір тарапқа бір-бір данадан, 2 данада жасалды.
      Т.А.Ә. ______________                  _______________
           (ХҚО қызметкері)                     (қолы)

      Орындаушы: Т.А.Ә. _______________    Телефон: _______________

      Алдым: Т.А.Ә./көрсетілетін қызметті алушының қолы

      20___жылғы «__» ______________

Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің     
2015 жылғы 30 сәуірдегі
№ 557 бұйрығына    
8-қосымша      

«1, 6 және 7-сыныптағы қауіпті жүкті тасымалдауға арнайы рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. «1, 6 және 7-сыныптағы қауіпті жүкті тасымалдауға арнайы рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі.
      3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) Министрліктің Көлік комитетінің аумақтық органдары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
      Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға өтініштерді қабылдау:
      1) отандық көрсетілетін қызметті алушы үшін:
      Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - ХҚО);
      www.egov.kz, www.elincense.kz «электрондық үкіметтің» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады;
      2) шетелдік көрсетілетін қызметті алушы үшін көрсетілетін қызметті беруші арқылы жүзеге асырылады.
      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру:
      1) отандық көрсетілетін қызметті алушы үшін - ХҚО;
      2) шетелдік көрсетілетін қызметті алушы үшін - көрсетілетін қызметті беруші арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:
      1) көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) ХҚО-ға не порталға құжаттар топтамасын тапсырған кезден бастап - 8 жұмыс күн;
      2) құжаттар топтамасын тапсыру кезінде кезек күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 15 минут;
      3) қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 15 минут.
      5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
      6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі - Қазақстан Республикасының аумағы арқылы автокөлік құралымен 1, 6 және 7-сыныптағы қауіпті жүктерді тасымалдауды жүзеге асыруға арнайы рұқсат (бұдан әрі - арнайы рұқсат) қағаз түрінде.
      7. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
      8. Жұмыс кестесі:
      1) көрсетілетін қызметті беруші - еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен баска, дүйсенбі - сенбі аралығында, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен, жұмыс кестесіне сәйкес сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
      Өтініштер мен құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз, кезек күту тәртібімен жүзеге асырылады.
      2) ХҚО - еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбі - сенбі аралығында жұмыс кестесіне сәйкес, түскі үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін.
      Өтініштер мен құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру жедел қызмет көрсетусіз «электрондық» кезек тәртібімен жүзеге асырылады, портал арқылы электрондық кезекті броньдауға болады;
      3) порталда - тәулік бойы (жөндеу жұмыстарын жүргізуіне байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда).
      9. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) ХҚО-ға (қағаз түрінде) не порталға (электрондық түрде «pdf» форматында) жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш не порталда көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі - ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
      2) қауіпті жүктерді тасымалдау үшін пайдаланылатын көлік құралын тіркеу туралы куәліктің, сондай-ақ егер ол тасымалдаушының меншігі болып табылмаса, осындай көлік құралын заңды негіздерде иелену құқығын растайтын құжаттың көшірмесі;
      3) құзырлы органдармен келісілген қауіпті жүкті тасымалдау бағдары;
      4) қауіпті жүктерді тасымалдайтын көлік құралы жүргізушісінің дайындығы туралы куәліктің (жүргізушіге қауіпті жүктерді автокөлік құралдарымен тасымалдауға рұқсат беру туралы куәлік) көшірмесі;
      5) тасымалданатын қауіпті жүкке арналған қауіпсіздік туралы ақпараттандыру жүйесінің апаттық карточкасы;
      6) көрсетілетін қызметті берушінің өкілі органға өтініш берген жағдайда өкілдің өкілеттігін растайтын құжаттар.
      Мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстар болып табылатын мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші портал арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден немесе мемлекеттік қызметтер көрсетуді ақпараттық мониторингілеу жүйесі арқылы уәкілетті адамдардың ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжаттар нысанында алады.
      Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, көрсетілетін қызметті беруші, ХҚО ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді мемлекеттік қызметті көрсету кезінде пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының жазбаша келісімін алады.
      Көрсетілетін қызметті алушылардан ақпараттық жүйелерден алуға болатын құжаттарды талап етуге жол берілмейді.
      Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды берген кезде:
      1) ХҚО-ға - мыналар:
      құжаттың нөмірі және қабылданған күні;
      сұрау салынған мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы;
      қоса берілген құжаттардың атауы мен саны;
      мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу күні (уақыты) және құжаттарды беру орны;
      құжаттарды қабылдаған жауапты адамның тегі, аты, әкесінің аты;
      көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты (жеке тұлғалар үшін) немесе атауы (заңды тұлғалар үшін), байланыс деректері көрсетіле отырып, тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхат беріледі;
      2) портал арқылы - көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алатын күнін көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрінеді.
      Көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру туралы хабарламаны алғаннан кейін, жеке өзі келгенде және жеке басын куәландыратын құжатты, тауарлық-материалдық құндылықтарды алуға арналған белгіленген нысандағы сенімхатты ұсынған кезде тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхаттың негізінде, онда көрсетілген мерзімде жүзеге асырылады.
      10. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, ХҚО қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.

3. Мемлекеттік қызметтер корсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының, халыққа қызмет көрсету орталықтарының және (немесе) олардың қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      11. Көрсетілетін қызмет берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдері, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 14-тармағында көрсетілген мекенжайы бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының немесе Министрлік басшысының атына беріледі.
      Шағым жазбаша нысанда пошта арқылы не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жұмыс күндері қабылданады.
      Шағымды қабылдаған нөмірі, күні, адамның тегі көрсетілғен, байланыс деректері көрсетілуімен, сондай-ақ, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орнын көрсете отырып, шағымды қарастыру барысын білуге болатын лауазымды тұлғалардың байланыс деректері көрсетілуімен көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.
      Портал арқылы жүғінғен кезде шағымдану тәртібі туралы мәліметті  бірыңғай байланыс-орталығының 1414 телефоны арқылы алуға болады.
      Шығымды портал арқылы жіберген кезде көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетінен» шағым туралы ақпарат қолжетімді болады, ол көрсетілетін қызметті беруші шағымды өңдеген кезде жаңартылып отырады (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгі, шағымды қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап).
      Көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің мекенжайына түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады.
      Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атынан түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
      Шағымда:
      1) жеке тұлғаның - тегі, аты, сондай-ақ қалауы бойынша әкесінің аты, пошталық мекенжайы көрсетіледі;
      2) заңды тұлғаның - атауы, пошталық мекенжайы» шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі. Шағымға көрсетілетін қызметті алушының қол қоюға тиіс.
      12. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті, оның ішінде электрондық түрде және халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қойылатын өзге де талаптар

      13. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет мүмкіндігі шектеулі көрсетілетін қызметті алушыларға қызмет көрсету үшін пандустар көзделген ғимараттарда көрсетіледі. Көрсетілетін қызмет берушінің ғимаратында: анықтама бюросы, күту креслосы және өтініштерді толтыру бланкілерінің үлгісі бар ақпараттық стенділер орналастырылады.
      14. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:
      көрсетілетін қызметті берушінің - www.mid.gov.kz («Көлік комитеті» бөлімінің «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлігінде орналастырылған.
      15. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы болған жағдайда, мемлекеттік қызмет портал арқылы көрсетіледі.
      16. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы «жеке кабинеті», сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алу мүмкіндігі бар.
      17. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратты мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны арқылы да алуға болады.

«1, 6 және 7-сыныптағы қауіпті жүкті
тасымалдауға арнайы рұқсат беру» 
мемлекеттік көрсетілетін қызмет  
стандартына 1-қосымша     

Тіркеу нөмірі және күні 
(Аумақтық орган ресімдейді)
___________________________
(аумақтық көліктік бақылау
органының атауы)   

Өтініш

____________________________________________________________________
(заңды тұлғаның атауы немесе дара кәсіпкердің және жеке тұлғаның
                   Т.А.Ә., паспорт деректері)
      қауіпті жүкті тасымалдауға арналған арнайы рұқсат ресімдеуді
(қайта ресімдеуді) сұрайды.
   ______________________________________________________________
(тасымалдаушы тасымалдауды жүзеге асыратын қауіпті жүктің сыныбы, БҰҰ
нөмірі, атауы және сипаттамасын көрсету)
      Тасымалдау
_____________________________________________________________
_____________________________________________________ көлік құралымен
(көлік құралының түрін, маркасын, автомобильдің, тіркеменің және
жартылай тіркеменің мемлекеттік тіркеу нөмірлерін көрсету)
___________________________________________________ жүзеге асырылады.
(тасымалдау бағытын, қауіпті жүкті тасымалдау күнін және мерзімін,
тиеу және түсіру орнын көрсету)
      Қосымша мынаны хабарлаймын:
____________________________________________________________________
(қауіпті жүкті жөнелтушінің және жүк алушының атауы, нақты почталық
мекенжайы, телефон нөмірі, факс немесе электрондық почта мекенжайы)

      Қажетті құжаттар өтінішке коса беріледі. Ұсынылған құжаттардың
түпнұсқалылығын және дәйектілігін растаймын.
      Арнайы рұқсаттың қолдану мерзімін ___________ бастап _________
дейін сапарға белгілеуді сұраймын.

               Лауазымы                                  Қолы

М.О.

«1, 6 және 7-сыныптағы қауіпті жүкті
тасымалдауға арнайы рұқсат беру» 
мемлекеттік көрсетілетін қызмет  
стандартына 2-қосымша       

нысан

_______________________________
(Тегі, аты, әкесінің аты болған
жағдайда (бұдан әрі - Т.А.Ә.) не
көрсетілетін қызметті алушы
ұйымның атауы)
_______________________________
(көрсетілетін қызметті
алушының мекенжайы)

Құжаттарды қабылдаудан
бас тарту туралы қолхат

      «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15
сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 20-бабының 2-тармағын
басшылыққа ала отырып, «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК
филиалының № ___ бөлімі
________________ «1, 6 және 7-сыныптағы қауіпті жүкті тасымалдауға
(мекенжайды көрсету) арналған арнайы рұқсат беру» мемлекеттік
қызметін көрсетуге құжаттарды қабылдаудан мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын
толық ұсынбауыңызға байланысты бас тартады» атап айтқанда: