«Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы» 2012 жылғы 13 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңы 77-бабының 5-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдары арнаулы (әскери) оқу орындарының курсанттарына олар демалысқа кеткенде азық-түлік сыбағасының орнына ақшалай өтемақы төлеу нормасы тиісті қаржы жылына арналған мемлекеттік сатып алу туралы шартпен айқындалған арнаулы (әскери) оқу орындарының курсанттарына арналған үлес бағасы және демалыс күндерінің саны негізінде белгіленсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Әскери-техникалық қамтамасыз ету департаменті осы бұйрықты заңнамада белгілеген тәртіпте Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Төраға Н. Әбіқаев
КЕЛІСІЛДІ:
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
_______________________ Б. Сұлтанов
2015 жылғы «___» ________