"Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 6 мамырдағы № 4-2/419 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 26 маусымда № 11455 болып тіркелді

Жаңартылған

      «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған «Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру мен қайта өндеу және фитосанитариялық қауіпсіздік департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                     А. Мамытбеков

      «КЕЛІСІЛГЕН»
      Қазақстан Республикасының
      Ұлттық экономика министрі
      __________ Е. Досаев
      2015 жылғы 28 мамыр

Қазақстан Республикасы   
Ауыл шаруашылығы министрінің
2015 жылғы 6 мамырдағы    
№ 4-2/419 бұйрығымен     
бекітілген        

«Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

      Ескерту. Стандарт жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 19.01.2016 № 15 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) бұйрығымен.

1. Жалпы ережелер

      1. «Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
      3. Мемлекеттік қызметті облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
      Өтінімдерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының кеңсесі;
      2) ««Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорация» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:
      1) көрсетілетін қызметті берушіге, Мемлекеттік корпорацияға құжаттарды тапсырған сәттен бастап – 6 (алты) жұмыс күні.
      Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді;
      2) қажетті құжаттарды тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минуттан артық емес, Мемлекеттік корпорацияда – 15 (он бес) минут;
      3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минуттан артық емес, Мемлекеттік корпорацияда – 20 (жиырма) минут.
      Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 16.05.2016 № 218 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.
      6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – көрсетілетін қызметті алушының банктік шотына тиесілі субсидияларды одан әрі аудару үшін аумақтық қазынашылық бөлімшесіне төлем шоттарының тізілімін ұсыну.
      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.
      Мемлекеттік корпорация арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушыға осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1 және 2-қосымшаға сәйкес нысандар бойынша қағаз тасығышта көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының қолы қойылған, субсидия тағайындау/тағайындамау туралы шешіммен хабарлама жолданады.
      7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.
      8. Жұмыс кестесі:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі – жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
      Өтінімдерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен, сағат 09.00-ден 17.30-ға дейін жүзеге асырылады.
      Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен көрсетіледі;
      2) Мемлекеттік корпорацияның – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес дүйсенбі – сенбі аралығында түскі үзіліссіз, сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін.
      Мемлекеттік қызмет жеделдетілген қызмет көрсетусіз көрсетілетін қызметті берушінің тіркелген орны бойынша «электрондық» кезек күту тәртібімен көрсетіледі.
      9. Көрсетілетін қызметті алушы (немесе сенімхат бойынша оның өкілі) көрсетілетін қызметті берушіге және Мемлекеттік корпорацияға мынадай құжаттарды ұсынады:
      1) сатып алынған субсидияланатын тұқымдарға субсидиялар алу үшін жаздық дақылдар бойынша – тиісті жылғы 30 шілдеге дейінгі, көп жылдық шөптер бойынша – тиісті жылғы 1 қыркүйекке дейінгі, күздік дақылдар бойынша – тиісті жылғы 10 қарашаға дейінгі мерзімде:
      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша субсидияланатын тұқымдарды сатып алу жөніндегі шығындарды өтеуге субсидиялар алуға арналған өтінім.
      Химиялық әдіспен жалаңаштау жүргізілген субсидияланатын мақта тұқымын сатып алу кезінде субсидиялар алу үшін өтінімде қосымша химиялық әдіспен мақта тұқымын толықтырып әзірлеуге арналған шарттардан, сондай-ақ мақта тұқымын химиялық әдіспен жалаңаштау бойынша орындалған жұмыстар актілерінен алынған ақпарат көрсетіледі;
      2) сатып алынған субсидияланатын тұқымдарға тиесілі субсидияларды алу үшін (элиталық тұқым шаруашылығына немесе тұқым шаруашылығына субсидиялар алу құқығын берген жағдайда) жаздық дақылдар бойынша – тиісті жылғы 30 шілдеге дейінгі, көп жылдық шөптер бойынша – тиісті жылғы 1 қыркүйекке дейінгі, күздік дақылдар бойынша – тиісті жылғы 10 қарашаға дейінгі мерзімде:
      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тиесілі субсидияларды төлеу туралы өтінім;
      осы мемлекеттік көрсетілген қызмет стандартына 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша элиталық тұқым өсіру шаруашылығы немесе тұқым өсіру шаруашылығы арқылы берілген ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің өтінімдері негізінде қалыптастырылған жиынтық өтінім (бірнеше өтінімдер берген кезде);
      3) егіске пайдаланылған өзі өндірген тұқымдарға субсидиялар алу үшін – жаздық дақылдар бойынша тиісті жылғы 30 шілдеге дейінгі, көп жылдық шөптер бойынша – тиісті жылғы 1 қыркүйекке дейінгі, күздік дақылдар бойынша – тиісті жылғы 10 қарашаға дейінгі мерзімде:
      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша пайдаланылған субсидияланатын тұқымдар үшін субсидиялар алуға арналған өтінім;
      4) жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің элиталық көшеттерін өсіруге субсидиялар алу үшін – тиісті жылғы 30 шілдеге дейінгі мерзімде:
      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің элиталық көшеттерін ішінара арзандату үшін субсидиялар алуға арналған өтінім, оған осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің элиталық көшеттерінің нақты өткізілген көлемдері жөніндегі жиынтық тізілімнің көшірмесі қоса беріледі.
      Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны тіркеу туралы мәліметтерді Мемлекеттік корпорацияның және көрсетілетін қызметті берушінің жұмыскері тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден «электрондық үкімет» шлюзы арқылы алады.
      Көрсетілетін қызметті алушылардан ақпараттық жүйелерден алынуы мүмкін құжаттарды талап етуге жол берілмейді.
      Көрсетілетін қызметті беруші мен Мемлекеттік корпорацияның жұмыскері, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызметті көрсету кезінде ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының келісімін алады.
      Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды:
      1) көрсетілетін қызметті берушіге тапсырған кезде өтініштің көшірмесінде құжаттар топтамасын қабылдау күні мен уақыты, құжаттарды қабылдаған лауазымды адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) көрсетіле отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркелгені туралы белгі қағаз жеткізгіштегі өтінімнің қабылданғанын растау болып табылады;
      2) Мемлекеттік корпорацияға тапсырған кезде көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі.
      Мемлекеттік корпорацияда көрсетілетін қызметті алушыға дайын құжаттарды беруді жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде (не нотариалды расталған сенімхат бойынша оның өкіліне, өкілдігін растайтын құжат бойынша заңды тұлғаға) қолхат негізінде оның жұмыскері жүзеге асырады.
      Мемлекеттік корпорация нәтижесін бір ай бойы сақтауды қамтамасыз етеді, одан кейін оларды одан әрі сақтау үшін көрсетілетін қызметті берушіге береді. Көрсетілетін қызметті алушы бір ай өткеннен кейін жүгінсе, Мемлекеттік корпорацияның сұратуы бойынша көрсетілетін қызметті беруші бір жұмыс күні ішінде дайын құжатты көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін Мемлекеттік корпорацияға жолдайды.
      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 16.05.2016 № 218 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      9-1. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуға арналған негіздер:
      1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігін анықтау;
      2) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған деректер мен мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі.»;
      3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе белгілі бір мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды қажет ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;
      4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылуы болып табылады.
      Ескерту. 2-тарау 9-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 16.05.2016 № 218 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      10. Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, Мемлекеттік корпорацияның жұмыскері өтінімді қабылдаудан бас тартады және осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.
      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 16.05.2016 № 218 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

3. Көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының, Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) оның жұмыскерлерінің мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      11. Мемлекеттік қызметтертер көрсету мәселелері бойынша, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым тиісті көрсетілетін қызметті берушінің басшысының атына беріледі.
      Шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 15-тармағында көрсетілген мекенжайлар бойынша почта арқылы жазбаша нысанда, не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.
      Мемлекеттік корпорация қызметкерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 15-тармағында көрсетілген мекенжайлар мен телефондар бойынша Мемлекеттік корпорация басшысының атына жіберіледі.
      Шағымда:
      1) жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), почталық мекенжайы;
      2) заңды тұлғаның атауы, почталық мекенжайы, шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі. Өтінішке көрсетілетін қызметті алушы қол қоюы тиіс.
      Шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орнын көрсете отырып оны тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) Мемлекеттік корпорацияға, көрсетілетін қызметті берушіге шағымның қабылданғанын растау болып табылады.
      Сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның қызметкерінің әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі туралы ақпаратты мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі Бірыңғай байланыс орталығының 1414, 8-800-080-7777 телефондары арқылы алуға болады.
      Көрсетілетін қызметті алушыға оның шағымының қабылданғаны туралы растау үшін шағымды қабылдаған адам талон береді, онда нөмірі, күні, шағымды қабылдаған адамның тегі, осы шағымға жауапты алу мерзімі және орны, шағымның қаралу барысы туралы ақпарат алуға болатын адамның байланыс деректері көрсетіледі.
      Электронды өтінімді портал арқылы жолдаған кезде көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинеттен» өтініш туралы ақпарат қолжетімді болады, бұл ақпарат көрсетілетін қызметті беруші өтінішті өңдеу барысында (шағымның жеткізілгені, тіркелгені, орындалғаны туралы белгілер, қарау туралы немесе қараудан бас тарту туралы жауап) жаңартылып отырады.
      Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Мемлекеттік корпорацияның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Шағымды қараудың нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға почта байланысы арқылы жолданады не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Мемлекеттік корпорацияның кеңсесінде қолма-қол беріледі.
      Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
      Мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
      12. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес сотқа жүгінеді.

4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін қызметтердің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар

      13. Ағза функцияларының тұрақты бұзылулары бар, өзіне-өзі қызмет көрсету, өздігінен қозғалу, құжаттарды қабылдауға бағдарлану қабілетінен немесе мүмкіндігінен толық немесе iшiнара айырылған көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік қызметті көрсетуді Мемлекеттік корпорацияның қызметкері 1414, 8-800-080-7777 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы жүгіне отырып, тұрғылықты жеріне барып жүзеге асырады.
      14. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыларға күту және қажетті құжаттарды дайындау уақытында жағдайлар жасалады (күтуге арналған креслолар, құжаттарды толтыруға арналған орындар қажетті құжаттар тізбесі мен оларды толтыру үлгілері бар стендтермен жарақталады).
      Көрсетілетін қызметті берушінің және Мемлекеттік корпорацияның ғимараттары дене мүмкіндіктері шектеулі адамдардың кіруіне арналған пандусы бар кіреберіспен жабдықталған.
      15. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары:
      1) Министрліктің www.minagri.gov.kz интернет-ресурсында;
      2) Мемлекеттік корпорацияның www.con.gov.kz интернет-ресурсында;
      3) порталда орналастырылған.
      16. Көрсетілетін қызметті алушыда электрондық цифрлық қолтаңбасы болу шартымен мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алу мүмкіндігі бар.
      17. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі және мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы «жеке кабинеті», сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі Бірыңғай байланыс орталығының 1414, 8-800-080-7777 телефоны арқылы алу мүмкіндігі бар.

«Тұқым шаруашылығын дамытуды 
субсидиялау» мемлекеттік   
көрсетілетін қызмет стандартына
1-қосымша           

Нысан

Хабарлама

Құрметті ___________________________________________________________
                    (көрсетілетін қызметті алушы)
Сізге ______________________________________________________________
                       (субсидияланатын бағыт)
бағыты бойынша субсидия тағайындау жөнінде шешім қабылданғаны туралы
ескертеміз.

Сұрақтар туындаған жағдайда _______________________________________
___________________________________________________________________
                   (көрсетілетін қызметті беруші)
жүгінуді өтінеміз.

Орындаушы: __________________________________________ _____________
             (тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын        (қолы)
              куәландыратын құжатта бар болса))

Байланыс телефондары: _____________________________________

«Тұқым шаруашылығын дамытуды 
субсидиялау» мемлекеттік   
көрсетілетін қызмет стандартына
2-қосымша           

Нысан

Хабарлама

Құрметті __________________________________________________________
                   (көрсетілетін қызметті алушы)
Сізге _____________________________________________________________
                        (субсидияланатын бағыт)
бағыты бойынша субсидия тағайындамау жөнінде шешім қабылданғаны
туралы ескертеміз.

Бас тарту себебі:___________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Сұрақтар туындаған жағдайда ________________________________________
____________________________________________________________________
                   (көрсетілетін қызметті беруші)
жүгінуді өтінеміз.

Орындаушы: ___________________________________________ _____________
            (тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын          (қолы)
             куәландыратын құжатта бар болса))

Байланыс телефондары: _____________________________________

«Тұқым шаруашылығын дамытуды 
субсидиялау» мемлекеттік   
көрсетілетін қызмет стандартына
3-қосымша          

Бірінші көбейтілген және бірінші ұрпақ будандарының тұқымдарын сатып алуға субсидиялар алуға арналған өтінім

      Ескерту. 3-қосымша алып тасталды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 16.05.2016 № 218 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

«Тұқым шаруашылығын дамытуды
субсидиялау» мемлекеттік   
көрсетілетін қызмет стандартына
3-қосымша 

Нысан

____________________________ ауданының
(облыстық маңызы бар қаланың)          
ауыл шаруашылығы бөліміне        

          Субсидияланатын тұқымдарды сатып алу жөніндегі
        шығындарды өтеуге субсидиялар алуға арналған өтінім

      Ескерту. Стандарт 3-қосымшамен толықтырылды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 16.05.2016 № 218 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

_____________________________________________________________ атынан
      (ауыл шаруашылығы тауарын өндірушінің атауы)
___________________________________________________________негізінде
                  (құрылтай құжаты)

әрекет ететін
басшысы (не сенімхат бойынша оның өкілі)_____________________________
_____________________________________________________________________
   (тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта бар
                          болса), лауазымы)
егіс жұмыстарын жүргізуге пайдаланылған _________ тонна мөлшеріндегі
_____________________________________________________________________
     (ауыл шаруашылығы дақылы, сорты (будан), репродукциясы)
____________________________________ субсидияланатын тұқымдарын сатып
алу жөніндегі шығындарды өтеуге субсидиялар төлеуді сұрайды.

Деректер көзі*

Қажетті мәліметтер

Деректер

1

2

3

4

1.

Заңды тұлға үшін – мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік**немесе анықтама

тіркеу нөмірі


тіркеу күні


атауы


орналасқан жері


мемлекеттік тіркеу күні


кім берді


2.

Жеке тұлға үшін – жеке басын куәландыратын құжат

жеке басын куәландыратын құжат нөмірі


ЖСН****


кім берді


берілген күні



Жеке тұлға үшін – дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлік

орналасқан жері


тіркеу күні


кім берді


3.

Ауыл шаруашылығы кооперативтері үшін – мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік немесе анықтама ***

БСН****


тіркеу нөмірі


тіркеу күні


атауы


орналасқан жері


мемлекеттік тіркеу күні


кім берді


субсидия тиесілі ауыл шаруашылығы кооперативі мүшесінің атауы


субсидия тиесілі ауыл шаруашылығы кооперативі мүшесінің БСН/ЖСН****


4.

Жер учаскесіне сәйкестендіру және (немесе) құқық белгілеу құжаты

актінің нөмірі


кадастрлық нөмірі


барлық алаңы, гектар


оның ішінде егістік


сорттарға арналған алаң, гектар


дақыл, сорт, репродукция


будандарға арналған алаң, гектар


дақыл, будан, репродукция


нысаналы мақсаты


сәйкестендіру құжатының нөмірі және берілген күні, кім берді


жер учаскесінің меншік иесінің немесе жер пайдаланушының атауы


5.

Ағымдағы шотының бар-жоғы туралы ақпарат

ЖСК****


Кбе****


банктің немесе Ұлттық почта операторының деректемелері:
банктің немесе Ұлттық почта операторының атауы


БСК****


БСН****


Кбе****


6.

Сатып алынған тұқымдарға бастапқы төлем құжаттары, тұқымдарды жөнелтуге жүк құжаттар

нөмірі (шот-фактура, кіріс және шығыс кассалық ордерлер және (немесе) төлем тапсырмалары)


берілген күні


тұқым сатушының атауы


тұқым сатушының орналасқан жерінің мекенжайы


тұқым сатушының ЖСК****


тауар-көлік жүкқұжатының нөмірі


дақыл, сорт (будан), репродукция


өлшем бірлігі


мөлшері (көлемі)


ҚҚС-пен**** бағасы (теңге)


барлық өткізу құны


7

Тұқымдардың сорттық және себу сапасын растайтын құжаттар

нөмірі


берілген күні


кім берді


8

Мақта тұқымын химиялық әдіспен өңдеуге арналған шарт туралы ақпарат

шарттың нөмірі


Шарт жасалған күн


тұқымдарды химиялық әдіспен жалаңаштау жөніндегі көрсетілетінқызметтерді жеткізуші


актіге сәйкес жұмыстардың орындалған күні


      Ескертпе:
      * өтінім берушіден көрсетілген құжаттардың түпнұсқаларын және көшірмелерін талап етуге жол берілмейді;
      ** «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлға қызметін тоқтатқанға дейін қолданыста болады.
      *** кестенің 3-жолында көрсетілген мәліметтер ауыл шаруашылығы кооперативінің субсидия тиесілі әрбір мүшесіне толтырылады.
      **** аббревиатуралардың толық жазылуы:
      ЖСН - жеке сәйкестендiру нөмiрі;
      ЖСК - жеке сәйкестендiру коды;
      БСК - банктік сәйкестендiру коды;
      БСН - бизнес-сәйкестендiру нөмiрі;
      ҚҚС - қосылған құн салығы;
      Кбе - бенефициар коды.

                    Тиесілі субсидиялар есебі

Дақылдың атауы

Сорттың, буданның атауы

Репродукция

Алаң, гектар

Тұқымдарды сатып алу нормасы, гектарға килограмм *

1 килограмм тұқымның бағасы, теңге

Коэффициент**

Тиесілі субсидиялардың сомасы, теңге (5-б. х 6-б. х
(7-б. х 8-б.))

1

2

3

4

5

6

7

8

9










      Ескертпе:
      * облыстың жергілікті атқарушы органының қаулысымен бекітілген субсидияланатын тұқымдарды сатып алу нормасы;
      ** 0,7 коэффициенті Қазақстан Республикасында пайдалануға ұсынылатын селекциялық жетiстiктердiң мемлекеттiк тiзiлiмiне енгізілген сорттардың субсидияланатын тұқымдарын сатып алған жағдайда қолданылады;
      0,3 коэффициенті Қазақстан Республикасында пайдалануға ұсынылатын селекциялық жетiстiктердiң мемлекеттiк тiзiлiмiне енгізілмеген сорттардың субсидияланатын тұқымдарын сатып алған жағдайда қолданылады;
      Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын және дұрыс емес мәліметтер ұсынғаным үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапкершілік туралы хабардармын.
      Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.

Басшы (не сенімхат бойынша оның өкілі):
__________ __________________________________________________________
  (қолы)       (тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын
                             құжатта бар болса))

Мөр орны (бар болса)
20__жылғы «___» ________ 

Өтінім 20_ жылғы «__»___ қарауға қабылданды және № __ болып тіркелді.
__________ __________________________________________________________
  (қолы)       (тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын
                             құжатта бар болса))

---------------------------------------------------------------------
                             (кесу сызығы)

                           Талон

Құжаттар 20_ жылғы «__» _______ толық көлемде қарауға қабылданды
_______________________________________________________________ _____
(құжаттарды қабылдаған жауапты адамның тегі, аты, әкесінің аты (қолы)
           (бар болған жағдайда))

«Тұқым шаруашылығын дамытуды 
субсидиялау» мемлекеттік   
көрсетілетін қызмет стандартына
4-қосымша           

Нысан

____________________________________________________________________
(облыстың, ауданның, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушінің атауы) бірінші көбейтілген және бірінші ұрпақ будандарының тұқымдарын сатып алу көлемдері жөніндегі жиынтық тізілім 

      Ескерту. 4-қосымша алып тасталды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 16.05.2016 № 218 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

«Тұқым шаруашылығын дамытуды 
субсидиялау» мемлекеттік   
көрсетілетін қызмет стандартына
4-қосымша          

Нысан

_____________________ ауданының
(облыстық маңызы бар қаланың)
ауыл шаруашылығы бөліміне 

Көшірмесі: ____________________________
             (облыс, аудан, атауы,)
            тұқым өсіру шаруашылығына 

             Тиесілі субсидияларды төлеу туралы өтінім

      Ескерту. Стандарт 4-қосымшамен толықтырылды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 16.05.2016 № 218 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Мен,__________________________________________________________,
     (облыстың, ауданның, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушінің атауы)

осымен субсидияланатын тұқым сатып алуға субсидияларды өзімнің
банктік шотыма (немесе Ұлттық почта операторына) алудан бас
тартатынымды мәлімдеймін және маған тиесілі субсидияларды________________________________________________________
_____________________________________________________________________
   (облыстың, ауданның, элиталық тұқым өсіру немесе тұқым өсіру
                    шаруашылығының атауы)
элиталық тұқым өсіру немесе тұқым өсіру шаруашылығына төлеуді
сұраймын.

              Сатып алынған тұқымдар туралы ақпарат

Дақылдың атауы

Сорттың, буданның атауы

Репродукция

1 тоннасына нарықтық баға,
теңге

Мөлшері, тонна

Нарықтық бағасы бойынша сомасы,
теңге

Төленді, теңге

1

2

3

4

5

6

7

8

































      Мен ағымдағы жылы субсидияланатын тұқымдарды сатып алуға
субсидияларды тек бір рет алуға құқығым бар екенінен хабардармын,
керісінше жағдайда маған төленген субсидиялар кері қайтарылуға тиіс.

_________ ___________________________________________________________
  (қолы)       (тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын
                             құжатта бар болса))

Мөр орны (бар болса)
20__жылғы «___» ____________

Өтінім 20__ жылғы «__» ___ қарауға қабылданды және №__болып тіркелді.
_________ ___________________________________________________________
  (қолы)       (тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын
                             құжатта бар болса))

---------------------------------------------------------------------
                            (кесу сызығы) 

                             Талон

Құжаттар 20_ жылғы «__» _______ толық көлемде қарауға қабылданды
_______________________________________________________________ _____
(құжаттарды қабылдаған жауапты адамның тегі, аты, әкесінің аты (қолы)
           (бар болған жағдайда))

«Тұқым шаруашылығын дамытуды
субсидиялау» мемлекеттік   
көрсетілетін қызмет стандартына
5-қосымша           

Нысан

Мақта тұқымын химиялық әдіспен тазалау бойынша орындалған жұмыстар актісі

      Ескерту. 5-қосымша алып тасталды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 16.05.2016 № 218 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

«Тұқым шаруашылығын дамытуды
субсидиялау» мемлекеттік   
көрсетілетін қызмет стандартына
5-қосымша         

Нысан

___________________ ауданының
(облыстық маңызы бар қаланың)
ауыл шаруашылығы бөліміне 

      Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің элиталық тұқым
        өсіру немесе тұқым өсіру шаруашылығы арқылы берген
       өтінімдері негізінде қалыптастырылған жиынтық өтінім

      Ескерту. Стандарт 5-қосымшамен толықтырылды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 16.05.2016 № 218 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

     _____________________________________________________________
         (тұқым өсіру шаруашылығының атауы және заңды мекенжайы)

Тиесілі субсидияларды төлеу туралы өтінім берген ауыл шаруашылығы тауарын өндірушінің атауы,
заңды мекенжайы

ЖСН/БСН*

Дақыл

Сорт, будан

Репродукция

Сатып алынған субсидияланатын тұқымдардың мөлшері,
тонна

1 тоннасының нарықтық бағасы,
теңге

Сомасы, теңге

Төлем құжаттары бойынша төлем сомасы,
теңге

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10











      Ескертпе:
      * аббревиатуралардың толық жазылуы:
      ЖСН - жеке сәйкестендiру нөмiрі;
      БСН - бизнес-сәйкестендiру нөмiрі.

Басшы ______ ________________________________________________________
      (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын
                               құжатта бар болса))

Мөр орны (бар болса)
20__жылғы «___» ____________

---------------------------------------------------------------------
                             (кесу сызығы)

                              Талон

      Құжаттар 20_ жылғы «__» _______ толық көлемде қарауға қабылданды
______________________________________________________________ _____
(құжаттарды қабылдаған жауапты адамның тегі, аты, әкесінің аты (қолы)
      (жеке басын куәландыратын құжатта бар болса))

«Тұқым шаруашылығын дамытуды  
субсидиялау» мемлекеттік    
көрсетілетін қызмет стандартына
6-қосымша           

Тиесілі субсидияларды төлеу туралы өтінім

      Ескерту. 6-қосымша алып тасталды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 16.05.2016 № 218 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

«Тұқым шаруашылығын дамытуды
субсидиялау» мемлекеттік   
көрсетілетін қызмет стандартына
6-қосымша       

Нысан

____________________ ауданының
(облыстық маңызы бар қаланың)
ауыл шаруашылығы бөліміне

            Пайдаланылған субсидияланатын тұқымдар үшін
                субсидиялар алуға арналған өтінім

      Ескерту. Стандарт 6-қосымшамен толықтырылды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 16.05.2016 № 218 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

_____________________________________________________________ атынан
(элиталық тұқым өсіру немесе тұқым өсіру шаруашылығының атауы)
____________________________________________________________негізінде
                    (құрылтай құжаты)
әрекет ететін
басшысы (не сенімхат бойынша оның өкілі)_____________________________
_____________________________________________________________________
   (тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта бар
                          болса), лауазымы)

егіс жұмыстарын жүргізуге пайдаланылған _________ тонна мөлшерінде
өзі өндірген ________________________________________________________
_____________________________________________________________________
      (ауыл шаруашылығы дақылы, сорты (будан), репродукциясы)
____________________________ субсидияланатын тұқымдары үшін
субсидиялар төлеуді сұрайды.

Деректер көзі

Қажетті мәліметтер

Деректер

1

2

3

4

1.

Заңды тұлға үшін – мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік* немесе анықтама

тіркеу нөмірі


тіркеу күні


атауы


орналасқан жері


мемлекеттік тіркеу күні


кім берді


2.

Жеке тұлға үшін – жеке басын куәландыратын құжат

жеке басын куәландыратын құжат нөмірі


ЖСН


кім берді


берілген күні



Жеке тұлға үшін – дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлік

орналасқан жері


тіркеу күні


кім берді


3.

Жер учаскесіне сәйкестендіру және (немесе) құқық белгілеу құжаты

актінің нөмірі


кадастрлық нөмірі


барлық алаңы, гектар


соның ішінде егістік


сорттарға арналған алаң, гектар


дақыл, сорт, репродукция


будандарға арналған алаң, гектар


дақыл, будан, репродукция


нысаналы мақсаты


сәйкестендіру құжатының нөмірі және берілген күні, кім берді


жер учаскесінің меншік иесінің немесе жер пайдаланушының атауы


4.

Ағымдағы шотының бар-жоғы туралы ақпарат

ЖСК


Кбе


банктің не Ұлттық почта операторының деректемелері:
банктің не Ұлттық почта операторының атауы:


БСК


БСН


Кбе


5.

Егістерді байқаудан өткізу актілері

нөмірі


жасалған күні


дақыл, сорт (будан), репродукция


6.

Тұқымдарды кіріске алу туралы ақпарат

күні


нөмірі


көлемі


7.

Тұқымдарды егу туралы ақпарат

танап нөмірі


алаң, гектар


дақыл, сорт


көлемі


      Ескертпе:
      * өтінім берушіден көрсетілген құжаттардың түпнұсқаларын және көшірмелерін талап етуге жол берілмейді;
      ** «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлға қызметін тоқтатқанға дейін қолданыста болады;
      *** аббревиатуралардың толық жазылуы:
      ЖСН - жеке сәйкестендiру нөмiрі;
      ЖСК - жеке сәйкестендiру коды;
      БСК - банктік сәйкестендiру коды;
      БСН - бизнес-сәйкестендiру нөмiрі;
      ҚҚС - қосылған құн салығы;
      Кбе - бенефициар коды.

                    Тиесілі субсидиялар есебі

Дақылдың атауы

Сорттың, буданның атауы

Репродукция

Алаң, гектар

Субсидияланатын тұқымдарды пайдалану нормасы, гектарға килограмм*

1 килограмм тұқымның

бағасы, теңге

Коэффициент**

Тиесілі субсидиялардың сомасы, теңге (5 б. х 6 б. х (7 б. х 8 б.))

1

2

3

4

5

6

7

8

9










      Ескертпе:
      * облыстың жергілікті атқарушы органының қаулысымен бекітілген субсидияланатын тұқымдарды пайдалану нормасы;
      ** 0,7 коэффициенті Қазақстан Республикасында пайдалануға ұсынылатын селекциялық жетiстiктердiң мемлекеттiк тiзiлiмiне енгізілген сорттардың субсидияланатын тұқымдарын пайдаланған жағдайда қолданылады;
      0,3 коэффициенті Қазақстан Республикасында пайдалануға ұсынылатын селекциялық жетiстiктердiң мемлекеттiк тiзiлiмiне енгізілмеген сорттардың субсидияланатын тұқымдарын пайдаланған жағдайда қолданылады.
      Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын және дұрыс емес мәліметтер ұсынғаным үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапкершілік туралы хабардармын.
      Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.

Басшы (не сенімхат бойынша оның өкілі):
________ ____________________________________________________________
(қолы)     (тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын
                           құжатта бар болса))

Мөр орны (бар болса)
20__жылғы «___» ____________

Өтінім 20__жылғы «__»____қарауға қабылданды және № __ болып тіркелді.
________ ____________________________________________________________
(қолы)  (өтінімді қабылдаған жауапты адамның тегі, аты, әкесінің аты
               (жеке басын куәландыратын құжатта бар болса))

---------------------------------------------------------------------
                         (кесу сызығы)

                                Талон

      Құжаттар 20_ жылғы «__» _______ толық көлемде қарауға қабылданды
______________________________________________________________ _____
(құжаттарды қабылдаған жауапты адамның тегі, аты, әкесінің аты (қолы)
      (жеке басын куәландыратын құжатта бар болса))

«Тұқым шаруашылығын дамытуды 
субсидиялау» мемлекеттік   
көрсетілетін қызмет стандартына
7-қосымша          

__________________________________________________________________
      (тұқым өсіру шаруашылығының атауы және заңды мекенжайы)
тұқым өсіруші шаруашылығы арқылы берілген ауыл шаруашылығы
тауарын өндірушілер өтінімдерінің тізілімі

      Ескерту. 7-қосымша алып тасталды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 16.05.2016 № 218 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

«Тұқым шаруашылығын дамытуды
субсидиялау» мемлекеттік   
көрсетілетін қызмет стандартына
7-қосымша          

Нысан

____________________ауданының
(облыстық маңызы бар қаланың)
ауыл шаруашылығы бөліміне

      Жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің элиталық көшеттерін
     ішінара арзандату үшін субсидиялар алуға арналған өтінім

      Ескерту. Стандарт 7-қосымшамен толықтырылды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 16.05.2016 № 218 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

_____________________________________________________________ атынан
        (элиталық тұқым шаруашылығының атауы)
____________________________________________________________негізінде
                     (құрылтай құжаты)
әрекет ететін
басшысы (не сенімхат бойынша оның өкілі)_____________________________
_____________________________________________________________________
  (тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта бар
                      болса), лауазымы)
_______ дана мөлшерінде______________________________________________
_____________________________________________________________________
              (ауыл шаруашылығы дақылы, сорты)
жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің элиталық көшеттерін өндіруге
субсидиялар төлеуді сұрайды.

Деректер көзі*

Қажетті мәліметтер

Деректер

1

2

3

4

1.

Заңды тұлға үшін – мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік** немесе анықтама

тіркеу нөмірі


тіркеу күні


атауы


орналасқан жері


мемлекеттік тіркеу күні


кім берді


2.

Жеке тұлға үшін – жеке басын куәландыратын құжат

жеке басын куәландыратын құжат нөмірі


ЖСН***


кім берді


берілген күні



Жеке тұлға үшін – дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлік

орналасқан жері


тіркеу күні


кім берді


3.

Жер учаскесіне сәйкестендіру және (немесе) құқық белгілеу құжаты

актінің нөмірі


кадастрлық нөмірі


барлық алаң, гектар


соның ішінде егістік


нысаналы мақсаты


сәйкестендіру құжатының нөмірі және берілген күні, кім берді


жер учаскесінің меншік иесінің немесе жер пайдаланушының атауы


4.

Ағымдағы шотының бар-жоғы туралы ақпарат

ЖСК***


Кбе***


банктің не Ұлттық почта операторының деректемелері:
банктің не Ұлттық почта операторының атауы:


БСК***


БСН***


Кбе***


5.

Өткізілген элиталық көшеттердің бастапқы төлем құжаттары, көшеттерді тиеп жөнелту жүкқұжаттары

нөмірі (шот-фактуралар, кіріс және шығыс кассалық ордерлер және (немесе) төлем тапсырмалары)


берілген күні


көшеттерді сатып алушының атауы


көшеттерді сатып алушының орналасқан мекенжайы


көшеттерді сатып алушының ЖСК


тауар-көлік жүкқұжатының нөмірі


дақыл, сорт


саны (көлемі)


ҚҚС-пен*** бағасы (теңге)


өткізу құны, барлығы


6.

Элиталық көшеттерді өсіру үшін бастапқы материалдың шығу тегін растайтын құжаттар (көшеттерді меншікті шаруашылықта өсірген жағдайда – байқаудан өткізу актілері және байқаудан өткізу туралы есеп, көбейту және суперэлита питомниктерінің көшеттерін сатып алған жағдайда – тұқым аттестаты)

нөмірі


күні


кім берді


нөмірі


күні


кім берді








      Ескертпе:
      * өтінім берушіден көрсетілген құжаттардың түпнұсқаларын және көшірмелерін талап етуге жол берілмейді;
      ** «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлға қызметін тоқтатқанға дейін қолданыста болады;
      *** аббревиатуралардың толық жазылуы:
      ЖСН - жеке сәйкестендiру нөмiрі;
      ЖСК - жеке сәйкестендiру коды;
      БСК - банктік сәйкестендiру коды;
      БСН - бизнес-сәйкестендiру нөмiрі;
      ҚҚС - қосылған құн салығы;
      Кбе - бенефициар коды.

                    Тиесілі субсидиялар есебі

Элиталық көшеттер өткізілген ауыл шаруашылығы тауарын өндірушінің атауы

Дақыл

Сорт

Өткізілген элиталық көшеттердің көлемі, дана

Төлеу сомасы (нарықтық бағасы), теңге

Элиталық көшеттердің 1 данасының бағасы, теңге

Арзанда-тылған құны, теңге

Бүкіл көлемге тиесілі сома, теңге

1

2

3

4

5

6

7

8

9










      Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын және дұрыс емес мәліметтер ұсынғаным үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапкершілік туралы хабардармын.
      Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.

Басшы (не сенімхат бойынша оның өкілі):
_______ _____________________________________________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта бар
                               болса))

Мөр орны (бар болса)
20__жылғы «___» ____________

Өтінім 20__ жылғы «__»_____қарауға қабылданды және №__болып тіркелді.
_______ _____________________________________________________________
(қолы) (өтінімді қабылдаған жауапты адамның тегі, аты, әкесінің аты
                 (жеке басын куәландыратын құжатта бар болса))

---------------------------------------------------------------------
                            (кесу сызығы)

                              Талон

      Құжаттар 20_ жылғы «__» _______ толық көлемде қарауға
қабылданды_______________________________________________ __________
      (құжаттарды қабылдаған жауапты адамның тегі, аты, әкесінің аты
(қолы) (бар болған жағдайда))

«Тұқым шаруашылығын дамытуды 
субсидиялау» мемлекеттік   
көрсетілетін қызмет стандартына
8-қосымша          

Нысан

_________________________ ауданының (облыстық
маңызы бар қаланың) ведомствоаралық комиссиясына

Егіске пайдаланылған, өзі өндірген бірінші көбейтілген және бірінші ұрпақ будандарының тұқымдарына субсидиялар алуға арналған өтінім

      Ескерту. 8-қосымша алып тасталды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 16.05.2016 № 218 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

«Тұқым шаруашылығын дамытуды
субсидиялау» мемлекеттік   
көрсетілетін қызмет стандартына
8-қосымша            

Нысан

   _________________________________________________________________
    (облыстың, ауданның, элиталық тұқым өсіру шаруашылығының атауы)

      жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің элиталық көшеттерінің
        нақты өткізілген көлемдері бойынша жиынтық тізілім

      Ескерту. Стандарт 8-қосымшамен толықтырылды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 16.05.2016 № 218 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Элиталық көшеттер өткізілген ауыл шаруашылығы тауарын өндірушінің атауы

ЖСН/БСН*

Орналасқан жері (заңды мекенжайы)

Дақыл

Сорт

Сатып алу-сату шартының күні, №

Өткізілген элиталық көшеттер саны, дана

Төлем құжаттары бойынша төлем сомасы, теңге

Элиталық көшеттің 1 данасының бағасы, теңге

1

2

3

4

5

6

7

8

9










Жиыны









      Ескертпе:
      * аббревиатуралардың толық жазылуы:
      ЖСН- жеке сәйкестендiру нөмiрі;
      БСН- бизнес-сәйкестендiру нөмiрі.

Басшы ________ _____________________________________________________
       (қолы)   (тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын
                            құжатта бар болса))

Мөр орны (бар болса)
20__жылғы «___» ____________

«Тұқым шаруашылығын дамытуды 
субсидиялау» мемлекеттік    
көрсетілетін қызмет стандартына
9-қосымша          

Нысан

___________________________________________________________________
          (облыстың, ауданның, тұқым өсіру шаруашылығының атауы)    
бірінші көбейтілген және бірінші ұрпақ будандарының тұқымдарын нақты өндіру көлемдері жөніндегі тізілім

      Ескерту. 9-қосымша алып тасталды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 16.05.2016 № 218 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

«Тұқым шаруашылығын дамытуды
субсидиялау» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандартына
9-қосымша        

Нысан

         Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат

      Ескерту. Стандарт 9-қосымшамен толықтырылды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 16.05.2016 № 218 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15
сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 20-бабының 2-тармағын
басшылыққа ала отырып, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік
корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының (бұдан әрі –
Мемлекеттік корпорация) №____бөлімі (мекенжайы көрсетілсін) Сіздің
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес
құжаттар топтамасын толық ұсынбауыңызға, атап айтқанда:
      Жоқ құжаттардың атауы:
      1)________________________________________;
      2)________________________________________;
      3)________________________________________;
ұсынылмауына байланысты «Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау»
мемлекеттік қызметін көрсетуге құжаттар қабылдаудан бас тартады.
      Осы қолхат 2 данада, әр тарап үшін бір-бір данадан жасалды.

Мемлекеттік корпорацияның
жұмыскері
______ ______________________________________________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта бар
                                болса))
Орындаушы____ _______________________________________________________
         қолы    (тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын
                              құжатта бар болса))
Телефоны __________
Алдым ________ ______________________________________________________
         қолы   (көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің
                 аты (жеке басын куәландыратын құжатта бар болса))
20__ жылғы «___» _________

«Тұқым шаруашылығын дамытуды  
субсидиялау» мемлекеттік    
көрсетілетін қызмет стандартына
10-қосымша           

Нысан

Себілген бірінші көбейтілген және бірінші ұрпақ будандарының тұқымдары туралы
20__ жылғы «__» ____________ № ______ акт

      Ескерту. 10-қосымша алып тасталды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 16.05.2016 № 218 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

«Тұқым шаруашылығын дамытуды 
субсидиялау» мемлекеттік   
көрсетілетін қызмет стандартына
11-қосымша          

Нысан

_____________ ауданының (облыстық маңызы бар
қаланың) ведомствоаралық комиссиясына

Жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің элиталық көшеттерін ішінара арзандату үшін субсидия алуға арналған өтінім

      Ескерту. 11-қосымша алып тасталды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 16.05.2016 № 218 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

«Тұқым шаруашылығын дамытуды 
субсидиялау» мемлекеттік   
көрсетілетін қызмет стандартына
12-қосымша          

Нысан

__________________________________________________________________
(облыстың, ауданның, элиталық тұқым өсіру шаруашылығының атауы)
жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің элиталық көшеттерін нақты өткізу
көлемдері жөніндегі жиынтық тізілім

      Ескерту. 12-қосымша алып тасталды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 16.05.2016 № 218 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

«Тұқым шаруашылығын дамытуды 
субсидиялау» мемлекеттік   
көрсетілетін қызмет стандартына
13-қосымша          

Нысан

Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат

      Ескерту. 13-қосымша алып тасталды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 16.05.2016 № 218 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.