Электр энергетикасы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 28 мамырдағы № 376 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 26 маусымда № 11454 болып тіркелді.

Жаңартылған

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Регламентке өзгеріс енгізу көзделген – ҚР Энергетика министрінің м.а. 13.04.2018 № 128 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 10-бабының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Мыналар:

      1) Күші жойылды - ҚР Энергетика министрінің 24.05.2016 № 216 бұйрығымен.

      2) Күші жойылды - ҚР Энергетика министрінің 24.05.2016 № 216 бұйрығымен.

      3) осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес "Күзгі-қысқы жағдайлардағы жұмысқа белгіленген электр қуаты 5 МВт және одан төмен, 5 МВт астам немесе белгіленген жылу қуаты сағатына 100 Гкал/сағ және одан жоғары, сондай-ақ өз теңгерімінде 35 кВ және одан төмен, 110 кВ және одан жоғары кернеудегі электр желілері бар энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдарға әзірлік паспортын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;

      4) Күші жойылды - ҚР Энергетика министрінің 24.05.2016 № 216 бұйрығымен.

      5) Күші жойылды - ҚР Энергетика министрінің 24.05.2016 № 216 бұйрығымен.

      6) Күші жойылды - ҚР Энергетика министрінің 24.05.2016 № 216 бұйрығымен.

      7) Күші жойылды - ҚР Энергетика министрінің 24.05.2016 № 216 бұйрығымен.

      8) осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес "Электр және энергия қондырғыларының техникалық жай-күйі мен оларды пайдалану қауіпсіздігін бақылау үшін электр және жылу энергиясын өндіруді, беруді және бөлуді жүзеге асыратын ұйымдар басшыларының, мамандарының техникалық пайдалану қағидаларын және қауіпсіздік қағидаларын білуін біліктілік тексеру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Энергетика министрінің 24.05.2016 № 216; 23.05.2017 № 175 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

      2. "Электр энергетикасы, энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласында Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі көрсететін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2014 жылғы 2 маусымдағы № 192 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9556 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспасөз басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркелгеннен кейін он жұмыс күнінің ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Энергетика министрі

В. Школьник


  Қазақстан Республикасының
Энергетика министрінің
2015 жылғы 28 мамырдағы
№ 376 бұйрығына
1-қосымша

      Ескерту. 1-қосымшаның күші жойылды - ҚР Энергетика министрінің 24.05.2016 № 216 бұйрығымен.

  Қазақстан Республикасының
Энергетика министрінің
2015 жылғы 28 мамырдағы
№ 376 бұйрығына
2-қосымша

      Ескерту. 2-қосымшаның күші жойылды - ҚР Энергетика министрінің 24.05.2016 № 216 бұйрығымен.

  Қазақстан Республикасының
Энергетика министрінің
2015 жылғы 28 мамырдағы
№ 376 бұйрығына
3-қосымша

"Күзгі-қысқы жағдайлардағы жұмысқа белгіленген электр қуаты 5
МВт және одан төмен, 5 МВт астам немесе белгіленген жылу қуаты
сағатына 100 Гкал/сағ және одан жоғары, сондай-ақ өз
теңгерімінде 35 кВ және одан төмен, 110 кВ және одан жоғары
кернеудегі электр желілері бар энергия өндіруші және энергия
беруші ұйымдарға әзірлік паспортын беру" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер

      1. Мемлекеттік қызметті "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңы 10-бабының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті, Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті берушінің аумақтық бөлімшелері), сондай-ақ Астана және Алматы қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті берушілер) "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы көрсетеді.

      2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны – электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.

      3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – белгіленген электр қуаты 5 МВт және одан төмен, 5 МВт-тан жоғары, сондай-ақ өз балансында кернеуі 35 кВ және одан төмен, 110 кВ және одан жоғары электр желілері бар энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдарға күзгі-қысқы жағдайларда жұмысқа әзірлік паспорты не белгіленген электр қуаты 5 МВт және одан төмен, 5 МВт-тан жоғары, сондай-ақ өз балансында кернеуі 35 кВ және одан төмен, 110 кВ және одан жоғары электр желілері бар энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдарға күзгі-қысқы жағдайларда жұмысқа әзірлік паспортын қайтарып алу туралы хабарлама.

      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық, қағаз түрінде.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін
қызметті беруші құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің)
іс-қимылдары тәртібінің сипаттамасы

      4. "Электр энергетикасы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 281 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді тіркеу реестріңде № 11130 тіркелген) "Белгіленген электр қуаты 5 МВт және одан төмен, 5 МВт-тан жоғары, сондай-ақ өз балансында кернеуі 35 кВ және одан төмен, 110 кВ және одан жоғары электр желілері бар энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдарға күзгі-қысқы жағдайларда жұмысқа әзірлік паспортын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағына сәйкес құжаттарды қоса беру арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушының өтініші немесе электрондық сұрауы мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастау үшін негіз болып табылады.

      5. Белгіленген электр қуаты 5 мегаваттан жоғары, сондай-ақ өз балансында кернеуі 110 киловольт және одан жоғары электр желілері бар энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдарға күзгі-қысқы жағдайлардағы жұмысқа әзірлік паспортын беру кезінде көрсетілетін қызметті беруші көрсететін мемлекеттік қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, орындалу ұзақтығы:

      1-рәсім – көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің маманы 15 минут ішінде құжаттарды қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады, оларды көрсетілетін қызметті берушінің басшылығына жібереді;

      2-рәсім – көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы 1 жұмыс күнінің ішінде қарар салады және оларды көрсетілетін қызметті беруші басқармасы басшысының қарауына жібереді;

      3-рәсім – басқарма басшысы 1 жұмыс күнінің ішінде көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысын анықтайды және оған құжаттарды тапсырады;

      4-рәсім – көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы 4 жұмыс күнінің ішінде көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын ұсынылған құжаттар толықтығы нысанына қарап шығады;

      5-рәсім – көрсетілетін қызметті беруші құжаттарды толық көлемде ұсынбаған жағдайда, жауапты орындаушы бір жұмыс күнінің ішінде көрсетілген мерзімде жетіспейтін мәліметтер мен материалдарды ұсыну қажеттігі туралы жазбаша сұрауды дайындайды және оны басқарма басшысына жібереді;

      6-рәсім – көрсетілетін қызметті беруші құжаттарды толық көлемде ұсынған жағдайда, жауапты орындаушы 15 жұмыс күнінің ішінде материалдарды энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы жагдайларда жұмысқа әзірлік паспортын алуға өтініштерді қарау жөніндегі комиссияға (бұдан әрі - Комиссия) енгізеді;

      7-рәсім – Комиссия 5 жұмыс күнінің ішінде әзірлік паспортын алуға ұсынылған материалдарды зерделейді және мынадай дәлелді шешімдердің бірін қабылдайды:

      1) әзірлік паспортын беру;

      2) эзірлік паспортын ескертулермен беру;

      3) эзірлік паспортын беруден бас тарту.

      8-рәсім – Комиссияның әзірлік паспортын беру шешімі кезінде хаттамаға қол қойылғаннан кейін орындаушы бір жұмыс күнінің ішінде әзірлік паспортын рәсімдейді және басқарма басшысына жібереді;

      9-рәсім – Комиссия әзірлік паспортын беруден бас тарту туралы шешім қабылдаған жағдайда, хаттамаға қол қойылғаннан кейін орындаушы бір жұмыс күнінің ішінде Комиссия отырысының хаттамасынан үзіндіні қоса беру арқылы дәлелді хатты дайындайды және басқарма басшысына жібереді;

      10-рәсім – басқарма басшысы 15 минут ішінде қол қояды және көрсетілетін қызметті берушінің басшылығының қол қоюына тапсырады;

      11-рәсім – басшылық 1 жұмыс күнінің ішінде мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесіне қол қояды және оны көрсетілетін қызметті алушы кеңсесінің маманына тапсырады;

      12-рәсім – көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің маманы 15 минут ішінде мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін тіркейді және оны көрсетілетін қызметті алушыға қолма-қол, электрондық түрде немесе пошта арқылы жібереді.

      6. Өз құрамында кернеуі 35 кВ және одан төмен электр желілері бар энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдарға, сондай-ақ белгіленген электр қуаты 5 МВт және одан төмен энергия өндіруші ұйымдарға күзгі-қысқы жағдайлардағы жұмысқа әзірлік паспортын беру кезінде аумақтық бөлімше көрсететін мемлекеттік қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, орындалу ұзақтығы:

      1-рәсім – көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің маманы 15 минут ішінде құжаттарды қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады, оларды көрсетілетін қызметті берушінің басшылығына жібереді;

      2-рәсім – көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы 1 жұмыс күнінің ішінде жауапты орындаушыны анықтайды және оған құжаттарды тапсырады;

      3-рәсім – көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы 5 жұмыс күнінің ішінде көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын ұсынылған құжаттар толықтығы нысанына қарайды;

      4-рәсім – көрсетілетін қызметті берушілер құжаттарды толық көлемде ұсынбаған жағдайда, жауапты орындаушы бір жұмыс күнінің ішінде көрсетілген мерзімде жетіспейтін мәліметтер мен материалдарды ұсыну қажеттігі туралы жазбаша сұрауды дайындайды және оны басқарма басшысына жібереді;

      5-рәсім – көрсетілетін қызметті берушілер құжаттарды толық көлемде ұсынған жағдайда, жауапты орындаушы 15 жұмыс күнінің ішінде материалдарды энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы жагдайларда жұмысқа әзірлік паспортын алуға өтініштерді қарау жөніндегі комиссияға (бұдан әрі - Комиссия) енгізеді;

      6-рәсім – Комиссия 5 жұмыс күнінің ішінде әзірлік паспортын алуға ұсынылған материалдарды зерделейді және мынадай дәлелді шешімдердің бірін қабылдайды:

      1) әзірлік паспортын беру;

      2) эзірлік паспортын ескертулермен беру;

      3) эзірлік паспортын беруден бас тарту.

      7-рәсім – Комиссияның әзірлік паспортын беру шешімі кезінде хаттамаға қол қойылғаннан кейін орындаушы бір жұмыс күнінің ішінде әзірлік паспортын рәсімдейді және басқарма басшысына жібереді;

      8-рәсім – Комиссия әзірлік паспортын беруден бас тарту туралы шешім қабылдаған жағдайда, хаттамаға қол қойылғаннан кейін орындаушы бір жұмыс күнінің ішінде Комиссия отырысының хаттамасынан үзіндіні қоса беру арқылы дәлелді хатты дайындайды және басшылыққа жібереді;

      9-рәсім – көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы 1 жұмыс күнінің ішінде мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесіне қол қояды және оны көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің маманына тапсырады;

      10-рәсім – көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің маманы 15 минут ішінде мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін тіркейді және оны көрсетілетін қызметті алушыға қолма-қол, электрондық түрде немесе пошта арқылы береді.

      7. Келесі рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастау үшін негіз болатын, белгіленген электр қуаты 5 мегаваттан жоғары, сондай-ақ өз балансында кернеуі 110 киловольт және одан жоғары электр желілері бар энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдарға күзгі-қысқы жағдайлардағы жұмысқа әзірлік паспортын беру кезінде көрсетілетін қызметті беруші көрсететін мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімдер (іс-қимылдар) нәтижесі осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 1-қосымшада келтірілген.

      8. Келесі рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастау үшін негіз болатын, өз құрамында кернеуі 35 кВ және одан төмен электр желілері бар энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдарға, сондай-ақ белгіленген электр қуаты 5 МВт және одан аз энергия өндіруші ұйымдарға күзгі-қысқы жағдайлардағы жұмысқа әзірлік паспортын беру кезінде көрсетілетін қызметті берушінің аумақтық бөлімшесі көрсететін мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімдер (іс-қимылдар) нәтижесі осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 2-қосымшада келтірілген.

      9. Әзірлік паспортын беруден бас тарту туралы шешімін қабылдауға Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 281 бұйрығымен бекітілген "Күзгі-қысқы жағдайлардағы жұмысқа белгіленген электр қуаты 5 МВт және одан төмен, 5 МВт астам немесе белгіленген жылу қуаты сағатына 100 Гкал/сағ және одан жоғары, сондай-ақ өз теңгерімінде 35 кВ және одан төмен, 110 кВ және одан жоғары кернеудегі электр желілері бар энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдарға әзірлік паспортын беру" стандарттың 9-тармағында көрсетілген кұжаттардың сәйкес келмеуі негіз болып табылады.

      Әзірлік паспортын беруден бас тарту туралы шешім қабылдаған жағдайда, бес жұмыс күні ішінде өтініш берушіге хат жіберіледі.

3. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін
қызметті беруші құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің)
өзара іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы

      10. Белгіленген электр қуаты 5 мегаваттан жоғары, сондай-ақ өз балансында кернеуі 110 киловольт және одан жоғары электр желілері бар энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдарға күзгі-қысқы жағдайлардағы жұмысқа әзірлік паспортын беру кезінде мемлекеттік қызметті көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті беруші құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы;

      2) көрсетілетін қызметті беруші басқармасының басшысы;

      3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы;

      4) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің маманы.

      11. Өз құрамында кернеуі 35 кВ және одан төмен электр желілері бар энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдарға, сондай-ақ белгіленген электр қуаты 5 МВт және одан төмен энергия өндіруші ұйымдарға күзгі-қысқы жағдайлардағы жұмысқа әзірлік паспортын беру кезінде мемлекеттік қызметті көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті беруші құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы;

      2) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы;

      3) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің маманы.

      12. Белгіленген электр қуаты 5 мегаваттан жоғары, сондай-ақ өз балансында кернеуі 110 киловольт және одан жоғары электр желілері бар энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдарға күзгі-қысқы жағдайлардағы жұмысқа әзірлік паспортын беру кезінде әрбір рәсімнің ұзақтығы көрсетілген көрсетілетін қызметті беруші құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлері) арасындағы рәсімдер (іс-қимылдар) бірізділігінің сипатамасы осы регламентке 3-қосымшада келтірілген.

      13. Өз құрамында кернеуі 35 кВ және одан төмен электр желілері бар энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдарға, сондай-ақ белгіленген электр қуаты 5 МВт және одан аз энергия өндіруші ұйымдарға күзгі-қысқы жағдайлардағы жұмысқа әзірлік паспортын беру кезінде әрбір рәсімнің ұзақтығы көрсетілген көрсетілетін қызметті беруші аумақтық бөлімшелері (қызметкерлері) арасындағы рәсімдер (іс-қимылдар) бірізділігінің сипатамасы осы регламентке 4-қосымшада келтірілген.

4. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді
пайдалану тәртібінің сипаттамасы

      14. Мемлекеттік қызметті портал арқылы көрсету кезінде көрсетілетін қызметті беруші мен көрсетілетін қызметті алушының жүгіну және рәсім (іс-қимылдар) бірізділігі тәртібінің сипаттамасы.

      1) көрсетілетін қызметті беруші рәсімдері (іс-қимылдары) бірізділігінің сипаттамасы:

      1-рәсім – мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті беруші қызметкерінің логин мен парольді енгізуі (авторизациялау процесі);

      1-шарт – көрсетілетін қызметті берушінің тіркелген қызметкері туралы деректердің түпнұсқалығын логин мен пароль арқылы тексеру;

      2-рәсім – көрсетілетін қызметті беруші қызметкерінің деректеріндегі бұзушылықтарға байланысты авторизациялаудан бас тарту туралы порталмен хабарламаны қалыптастыру;

      3-рәсім – көрсетілетін қызметті беруші қызметкерінің осы регламентте көрсетілген қызметті таңдауы, қызметті көрсету үшін сұрау нысанын экранға шығару және көрсетілетін қызметті беруші қызметкерінің көрсетілетін қызметті алушының деректерін енгізуі;

      2-шарт – көрсетілетін қызметті алушы деректері туралы көрсетілетін қызметті алушы деректерінің "Заңды тұлғалар" мемлекеттік деректер қорында (бұдан әрі – ЗТ МДҚ) немесе "Жеке тұлғалар" мемлекеттік деректер қорында (бұдан әрі – ЖТ МДҚ) болуын тексеру;

      4-рәсім – көрсетілетін қызметті беруші деректерінің ЗТ МДҚ/ ЖТ МДҚ-да болмауына байланысты деректерді алу мүмкіндігінің болмауы туралы хабарламаны қалыптастыру;

      5-рәсім – құжаттардың қағаз түрінде болуы туралы белгі бөлігінде сұрау нысанын толтыру және көрсетілетін қызметті беруші қызметкерінің көрсетілетін қызметті алушымен ұсынылған қажетті құжаттарды сканерлеуі және оларды сұрау нысанына бекітуі;

      6-рәсім – порталда сұрауды тіркеу және порталда қызметті өңдеу;

      3-шарт – көрсетілетін қызметті алушының әзірлік паспортын беруге арналған 3 талап пен негіздемелерге сәйкестігін көрсетілетін қызметті берушінің тексеруі;

      7-рәсім – порталда көрсетілетін қызметті беруші деректерінде бұзушылықтардың болуына байланысты сұрау салынған қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;

      8-рәсім – көрсетілетін қызметті берушінің порталмен қалыптастырылған мемлекеттік қызмет нәтижесін (электрондық лицензияны) алуы. Электрондық құжат көрсетілетін қызметті беруші уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасын (бұдан әрі – ЭЦҚ) пайдалану арқылы қалыптастырылады.

      2) көрсетілетін қызметті алушының жүгіну тәртібінің және рәсімдер (іс-қимылдар) бірізділігінің сипаттамасы:

      көрсетілетін қызметті алушы порталда тіркеуді көрсетілетін қызметті алушы компьютерінің интернет-браузерінде сақталатын өзінің ЭЦҚ-ны тіркеу куәлігі арқылы жүзеге асырады (порталда тіркелмеген көрсетілетін қызметті алушылар үшін жүзеге асырылады);

      1-рәсім – көрсетілетін қызметті алушы компьютерінің интернет-браузеріне ЭЦҚ-ның тіркеу куәлігін бекіту, мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушының порталда парольді (авторизациялау процесі) енгізу процесі;

      1-шарт – порталда тіркелген тұтынушы туралы деректердің түпнұсқалығын логин (жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес сәйкестендіру нөмірі бұдан әрі – ЖСН/БСН) мен пароль арқылы тексеру;

      2-рәсім – көрсетілетін қызметті алушы деректерінде бұзушылықтардың болуына байланысты порталдың авторизациялаудан бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыруы;

      3-рәсім – көрсетілетін қызметті алушының осы регламентте көрсетілген қызметті таңдауы, қызметті көрсету үшін сұрау нысанын экранға шығару және көрсетілетін қызметті алушының сұрау нысанына электрондық түрдегі қажетті құжаттарды қосу арқылы оның құрылымы мен форматтық талаптарын есепке алып толтыруы (деректерді енгізуі);

      4-рәсім – көрсетілетін қызметті алушының сұрауды куәландыру (қол қою) үшін ЭЦҚ-ның тіркеу куәлігін таңдауы;

      2-шарт – порталда ЭЦҚ-ны тіркеу куәлігінің қолданылу мерзімін және қайтарылғандар (жойылғандар) тізімінде жоқтығын, сондай-ақ сұрауда көрсетілген ЖСН/БСН және ЭЦҚ-ны тіркеу куәлігінде көрсетілген ЖСН/БСН арасындағы сәйкестендіру деректерінің сәйкестігін тексеру;

      5-рәсім – көрсетілетін қызметті алушы ЭЦҚ түпнұсқалығының расталмауына байланысты сұрау салынған қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;

      6-рәсім – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы арқылы қызметті көрсету сұрауының толтырылған нысанын (енгізілген деректерді) куәландыру (қол қою);

      7-рәсім – электрондық құжатты (көрсетілетін қызметті алушының сұрауын) порталда тіркеу және сұрауды порталда өңдеу;

      3-шарт – көрсетілетін қызметті алушының әзірлік паспортын беру талаптары мен негіздемелеріне сәйкестігін көрсетілетін қызметті берушінің тексеруі;

      8-рәсім – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы арқылы қызметті көрсету сұрауының толтырылған нысанын (енгізілген деректерді) куәландыру (қол қою);

      9-рәсім – электрондық құжатты порталда (көрсетілетін қызметті алушының сұрауын) тіркеу және сұрауды порталда өңдеу;

      4-шарт – көрсетілетін қызметті алушының беруге арналған талаптар мен негіздемелерге сәйкестігін көрсетілетін қызметті берушінің тексеруі;

      10-рәсім – порталда көрсетілетін қызметті алушы деректеріндегі бұзушылықтардың болуына байланысты сұрау салынған мемлекеттік қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;

      11-рәсім – көрсетілетін қызметті алушының порталмен қалыптастырылған мемлекеттік қызмет нәтижесін (электрондық лицензия) алуы. Электрондық құжат көрсетілетін қызметті беруші уәкілетті адамының ЭЦҚ-сын пайдалану арқылы қалыптастырылады.

      Көрсетілетін қызметті беруші арқылы мемлекеттік қызметті көрсетуге тартылған ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-қимыл диаграммасы 5-қосымшада және көрсетілетін қызметті алушы арқылы мемлекеттік қызметті көрсетуге қатысқан ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-қимыл диаграммасы осы регламентке 6-қосымшада келтірілген.

      "Күзгі-қысқы жағдайлардағы жұмысқа белгіленген электр қуаты 5 МВт және одан төмен, 5 МВт астам немесе белгіленген жылу қуаты сағатына 100 Гкал/сағ және одан жоғары, сондай-ақ өз теңгерімінде 35 кВ және одан төмен, 110 кВ және одан жоғары кернеудегі электр желілері бар энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдарға әзірлік паспортын беру" бизнес кітапшасы осы регламентке 7-қосымшада келтірілген.

  "Белгіленген электр қуаты 5 МВт және одан төмен,
5 МВт-тан жоғары, сондай-ақ өз балансында кернеуі
35 кВ және одан төмен, 110 кВ және одан жоғары
электр желілері бар энергия өндіруші және энергия беруші
ұйымдарға күзгі-қысқы жағдайларда
жұмысқа әзірлік паспортын беру"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне
1-қосымша

Келесі рәсімді орындауды бастау үшін негіз ретінде қызмет
ететін, көрсетілетін қызметті берушімен көрсетілетін
белгіленген электр қуаты 5 МВ-тан жоғары, сондай-ақ өз
балансында кернеуі 110 кВ және одан жоғары электр желілері бар
энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдарға күзгі-қысқы
жағдайлардағы жұмысқа әзірлік паспортын беру кезінде
мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсім (іс-қимыл) нәтижесі

Рәсім (жұмыс барысының, ағынының) №

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

Құрылымдық бөлімшенің атауы

Көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің маманы

Көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы

Көрсетілетін қызметті беруші басқармасын ң басшысы

Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы

Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы

Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы

Көрсетілетін қызметті берушінің комиссиясы

Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы

Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы

Көрсетілетін қызметті беруші басқармасын ң басшысы

Көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы

Көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің маманы

Рәсім (іс-қимыл) атауы

Құжаттарды қабылдау және тіркеу, оларды көрсетілетін қызметті берушінің басшылығына жіберу;

Қарар жазу және оларды көрсетілетін қызметті беруші басқармасы басшысының қарауына жіберу;

Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысын айқындау және оған құжаттарды тапсыру

Көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын ұсынылған құжаттар толықтығы нысанына қарап шығады

Үсынылган құжаттар толық болмаган жағдайда жетіспейтін мәліметтер мен материалдарды ұсыну қажеттігі туралы сұрау жібереді және басқарма басшысына жолдайды.

Үсынылган құжаттар толық болган жағдайда комиссияға жеткізеді

Материалдарды зерделейді және 3 шешімнің біреуін қабылдайды

1) әзірлік паспортын беру;

2) эзірлік паспортын ескертулермен беру;

3) эзірлік паспортын беруден бас тарту.

Комиссияның эзірлік паспортын беру шешімі кезінде хаттамаға қол қойылғаннан кейін орындаушы әзірлік паспортын рәсімдейді және басқарма басшысына жолдайды.

Комиссия әзірлік паспортын беруден бас тартқан жағдайда, хаттамаға қол қойылғаннан кейін орындаушы комиссия отырысының хаттамасынан үзінді қоса беріле отырып, дәлелді хатты дайындайды және басқарма басшысына жолдайды.

Қол қояды және көрсетілетін қызметті берушінің басшылығының қол қоюына жібереді.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесіне қол қояды және көрсетілетін қызметті алушыға кеңсесінің маманына тапсырады.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін тіркейді және оны көрсетілетін қызметті берушіге қолма-қол, электронды түрде не пошта арқылы береді.

Аяқтау нысаны (деректер, құжат, ұйымдық-өкімдік шешім)

Қарар жазу үшін құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің басшылығына жіберу

Қарар

Қарар

Қарар

Хаттама ретінде сұру

Материалдарды комиссияға жеткізеді

Шешім қабылдау

Әзірлік паспорты

Мотивированный отказ

Құжатқа қол қояды

Қол қойу

Направление ответа услугополучателю

Орындау мерзімдері

15 минут

1 жұмыс күні

1 жұмыс күні

4 жұмыс күні

1 жұмыс күні

15 жұмыс күні

5 жұмыс күні

1 жұмыс күні

1 жұмыс күні

15 жұмыс күні

1 жұмыс күні

15 минут

Келесі іс-қимыл №

2

3

4

5 или 6

10

7

8 или 9

10

10

11

12

-

  "Белгіленген электр қуаты 5 МВт және одан төмен,
5 МВт-тан жоғары, сондай-ақ өз балансында кернеуі
35 кВ және одан төмен, 110 кВ және одан жоғары
электр желілері бар энергия өндіруші және энергия беруші
ұйымдарға күзгі-қысқы жағдайларда
жұмысқа әзірлік паспортын беру"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне
2-қосымша

Келесі рәсімді орындауды бастау үшін негіз ретінде қызмет
ететін, көрсетілетін қызметті берушімен көрсетілетін өз
құрамында кернеуі 35 кВ және одан төмен электр желілері бар
энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдарға, сондай-ақ
белгіленген электр қуаты 5 МВт және одан аз энергия өндіруші
ұйымдарға күзгі-қысқы жағдайлардағы жұмысқа әзірлік паспортын
беру кезінде мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсім
(іс-қимыл) нәтижесі

Рәсім (жұмыс барысының, ағынының) №

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

Құрылымдық бөлімшенің атауы

Көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің маманы

Көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы

Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы

Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы

Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы

Көрсетілетін қызметті берушінің комиссиясы

Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы

Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы

Көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы

Көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің маманы

Рәсім (іс-қимыл) атауы

Құжаттарды қабылдау және тіркеу, оларды көрсетілетін қызметті берушінің басшылығына жіберу;

Жауапты орындаушысын анықтайды және оған құжаттарды тапсырады.

Көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын ұсынылған құжаттар толықтығы нысанына қарап шығады

Ұсынылған құжаттар толық болмаған жағдайда жетіспейтін мәліметтер мен материалдарды ұсыну қажеттігі туралы сұрау жібереді және басшысына жолдайды.

Ұсынылған құжаттар толық болған жағдайда комиссияға жеткізеді

Материалдарды зерделейді және 3 шешімнің біреуін қабылдайды

1) әзірлік паспортын беру;

2) эзірлік паспортын ескертулермен беру;

3) эзірлік паспортын беруден бас тарту.

Комиссияның эзірлік паспортын беру шешімі кезінде хаттамаға қол қойылғаннан кейін орындаушы әзірлік паспортын рәсімдейді және басшысына жолдайды.

Комиссия әзірлік паспортын беруден бас тартқан жағдайда, хаттамаға қол қойылғаннан кейін орындаушы комиссия отырысының хаттамасынан үзінді қоса беріле отырып, дәлелді хатты дайындайды және басшысына жолдайды.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесіне қол қояды және көрсетілетін қызметті алушыға кеңсесінің маманына тапсырады.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін тіркейді және оны көрсетілетін қызметті берушіге қолма-қол, электронды түрде не пошта арқылы береді.

Аяқтау нысаны (деректер, құжат, ұйымдық-өкімдік шешім)

Қарар жазу үшін құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің басшылығына жіберу

Қарар

Қарар

Хаттама ретінде сұру

Материалдарды комиссияға жеткізеді

Шешім қабылдау

Әзірлік паспорты

Мотивированный отказ

Қол қойу

Направление ответа услугополучателю

Орындау мерзімдері

15 минут

1 жұмыс күні

5 жұмыс күні

1 жұмыс күні

15 жұмыс күні

5 жұмыс күні

1 жұмыс күні

1 жұмыс күні

1 жұмыс күні

15 минут

Келесі іс-қимыл №

2

3

4 или 5

5

6

7 или 8

9

9

10

-

  "Белгіленген электр қуаты 5 МВт және одан төмен,
5 МВт-тан жоғары, сондай-ақ өз балансында кернеуі
35 кВ және одан төмен, 110 кВ және одан жоғары
электр желілері бар энергия өндіруші және энергия беруші
ұйымдарға күзгі-қысқы жағдайларда
жұмысқа әзірлік паспортын беру"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне
3-қосымша

Белгіленген электр қуаты 5 МВт-тан жоғары, сондай-ақ өз
балансында кернеуі 110 кВ және одан жоғары электр желілері бар
энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдарға күзгі-қысқы
жағдайлардағы жұмысқа әзірлік паспортын беру кезінде
көрсетілетін қызметті беруші құрылымдық бөлімшелері
(қызметкерлері) арасындағы рәсімдер (іс-қимылдар)
бірізділігінің сипатамасы







  "Белгіленген электр қуаты 5 МВт және одан төмен,
5 МВт-тан жоғары, сондай-ақ өз балансында кернеуі
35 кВ және одан төмен, 110 кВ және одан жоғары
электр желілері бар энергия өндіруші және энергия беруші
ұйымдарға күзгі-қысқы жағдайларда
жұмысқа әзірлік паспортын беру"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне
4-қосымша

Өз құрамында кернеуі 35 кВ және одан төмен электр желілері бар
энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдарға, сондай-ақ
белгіленген электр қуаты 5 МВт және одан төмен энергия өндіруші
ұйымдарға күзгі-қысқы жағдайлардағы жұмысқа әзірлік паспортын
беру кезінде құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлері) арасындағы
рәсімдер (іс-қимылдар) бірізділігінің сипатамасы



  "Белгіленген электр қуаты 5 МВт және одан төмен,
5 МВт-тан жоғары, сондай-ақ өз балансында кернеуі
35 кВ және одан төмен, 110 кВ және одан жоғары
электр желілері бар энергия өндіруші және энергия беруші
ұйымдарға күзгі-қысқы жағдайларда
жұмысқа әзірлік паспортын беру"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне
5-қосымша

Мемлекеттік қызметті көрсетілетін қызметті беруші арқылы
көрсету кезінде тартылған ақпараттық жүйелердің функционалдық
өзара іс-қимыл диаграммасы



Шартты белгілер:



  "Белгіленген электр қуаты 5 МВт және одан төмен,
5 МВт-тан жоғары, сондай-ақ өз балансында кернеуі
35 кВ және одан төмен, 110 кВ және одан жоғары
электр желілері бар энергия өндіруші және энергия беруші
ұйымдарға күзгі-қысқы жағдайларда
жұмысқа әзірлік паспортын беру"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне
6-қосымша

Мемлекеттік қызметті көрсетілетін қызметті алушы арқылы
көрсету кезінде тартылған ақпараттық жүйелердің функционалдық
өзара іс-қимыл диаграммасы


Шартты белгілер:



  Мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентіне 7-қосымша

Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерің анықтамалығы



  Қазақстан Республикасының
Энергетика министрінің
2015 жылғы 28 мамырдағы
№ 376 бұйрығына
4-қосымша

      Ескерту. 4-қосымшаның күші жойылды - ҚР Энергетика министрінің 24.05.2016 № 216 бұйрығымен.

  Қазақстан Республикасының
Энергетика министрінің
2015 жылғы 28 мамырдағы
№ 376 бұйрығына
5-қосымша

      Ескерту. 5-қосымшаның күші жойылды - ҚР Энергетика министрінің 24.05.2016 № 216 бұйрығымен.

  Қазақстан Республикасының
Энергетика министрінің
2015 жылғы 28 мамырдағы
№ 376 бұйрығына
6-қосымша

      Ескерту. 6-қосымшаның күші жойылды - ҚР Энергетика министрінің 24.05.2016 № 216 бұйрығымен.

  Қазақстан Республикасының
Энергетика министрінің
2015 жылғы 28 мамырдағы
№ 376 бұйрығына
7-қосымша

      Ескерту. 7-қосымшаның күші жойылды - ҚР Энергетика министрінің 24.05.2016 № 216 бұйрығымен.

  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2015 жылғы 28 мамырдағы
№ 376 бұйрығына
8-қосымша

      Ескерту. 8-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 23.05.2017 № 175 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

"Электр және энергия қондырғыларының техникалық жай-күйі мен оларды пайдалану қауіпсіздігін бақылау үшін электр және жылу энергиясын өндіруді, беруді және бөлуді жүзеге асыратын ұйымдар басшыларының, мамандарының техникалық пайдалану қағидаларын және қауіпсіздік қағидаларын білуін біліктілік тексеру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті 1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Электр және энергия қондырғыларының техникалық жай-күйі мен оларды пайдалану қауіпсіздігін бақылау үшін электр және жылу энергиясын өндіруді, беруді және бөлуді жүзеге асыратын ұйымдар басшыларының, мамандарының техникалық пайдалану қағидаларын және қауіпсіздік қағидаларын білуін біліктілік тексеру" мемлекеттік көрсетілетін қызметін Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы көрсетеді.

      2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны – электрондық (ішінара автоматтандырылған).

      3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – хаттама (электр энергетикасы саласындағы техникалық пайдалану қағидаларын және қауіпсіздік қағидаларын білуіне тестілеу жүргізу нәтижесі және электр қауіпсіздігі бойынша рұқсат тобын беру).

      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық.

2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті беруші құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимылдары тәртібінің сипаттамасы

      4. "Электр энергетикасы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 281 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде № 11130 болып тіркелген) "Электр және энергия қондырғыларының техникалық жай-күйі мен оларды пайдалану қауіпсіздігін бақылау үшін электр және жылу энергиясын өндіруді, беруді және бөлуді жүзеге асыратын ұйымдар басшыларының, мамандарының техникалық пайдалану қағидаларын және қауіпсіздік қағидаларын білуін біліктілік тексеру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағына сәйкес құжаттарды қоса беру арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушының электрондық сұрауы мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастау үшін негіз болып табылады.

      5. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, орындалу ұзақтығы:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе маманының тіркеу номері мен күнін беру арқылы құжаттарды қабылдауы және тіркеуі және тіркелген құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жіберу - 1 (бір) сағат ішінде;

      2) көрсетілетін қызметті беруші басшылығының қарар салуы және өтініш пен құжаттарды көрсетілетін қызмет берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесі басшысының қарауына жіберу - 2 (екі) сағат ішінде;

      3) жауапты құрылымдық бөлімше басшысының жауапты орындаушыны анықтауы - 2 (екі) сағат ішінде;

      4) жауапты орындаушының құжаттарды қарауы және толықтығын тексеруі - 2 (екі) жұмыс күн ішінде;

      Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші өтінішті одан әрі қараудан бас тарту туралы дәлелді жауап жібереді.

      Құжаттар толық болған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушыға тестілеуден өтудің күні мен уақыты көрсетілген біліміне біліктілік тексеруден өту туралы хабарлама жолданады.

      5) біліміне біліктілік тексеруді жүргізу - құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеген күннен бастап күнтізбелік 25 (жиырма бес) күн ішінде;

      6) хаттаманы жолдау (электр энергетикасы саласындағы техникалық пайдалану қағидаларын және қауіпсіздік қағидаларын білуді біліктілік тексеру нәтижесі және электр қауіпсіздігі бойынша рұқсат тобын беру) – күнтізбелік 3 (үш) күні ішінде.

      6. Келесі рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастау үшін негіз болатын мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсім (іс-қимыл) нәтижесі:

      1) тіркелген өтініш және кіріс нөмірі мен күні көрсетілген құжаттар;

      2) жазылған қарар және көрсетілетін қызметті берушінің анықталған жауапты құрылымдық бөлімшесі;

      3) жауапты құрылымдық бөлімшенің басшысымен анықталған жауапты орындаушы;

      4) қаралған құжаттар топтамасы: өтінішті одан әрі қараудан бас тарту туралы дәлелді жауап немесе тестілеуден өту күні, уақыты мен орны көрсетілген білімін біліктілік тексеруден өту туралы хабарлама;

      5) біліміне біліктілік тексеруді жүргізу;

      6) хаттама (электр энергетикасы саласында техникалық пайдалану қағидаларын және қауіпсіздік қағидаларын білуін біліктілік тексеру нәтижесі және электр қауіпсіздігі бойынша рұқсат тобын беру).

3-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті беруші құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы

      7. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті беруші құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:

      1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің маманы;

      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы;

      3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімше басшысы;

      4) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы.

      8. Әрбір рәсімнің ұзақтығы көрсетілген құрылымдық бөлімшелердің (қызметкерлердің) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) бірізділігінің сипаттамасы:

      1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің маманы реттік тіркеу нөмірін беру арқылы, келіп түскен құжаттарды қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады – 1 (бір) сағат ішінде;

      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы қарар жазады және өтініш пен құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің басшысына жібереді – 2 (екі) сағат ішінде;

      3) жауапты құрылымдық бөлімшенің басшысы жауапты орындаушыны анықтайды - 2 (екі) сағат ішінде;

      4) жауапты орындаушы құжаттарды қарайды және толықтығын тексереді – 2 (екі) жұмыс күні ішінде;

      5) біліміне біліктілік тексеруді жүргізу - құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеген күннен бастап күнтізбелік 25 (жиырма бес) күн ішінде;

      6) хаттаманы жолдау (электр энергетикасы саласындағы техникалық пайдалану қағидаларын және қауіпсіздік қағидаларын білуді біліктілік тексеру нәтижесі және электр қауіпсіздігі бойынша рұқсат тобын беру) – күнтізбелік 3 (үш) күн ішінде.

      Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) рәсімдерінің (іс-қимылдарының), өзара іс-қимылдарының бірізділігінің толық сипаттамасы осы регламентке 1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі.

4-тарау. Халыққа қызмет көрсету орталығымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызмет берушілермен өзара іс-қимылды пайдалану тәртібінің, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібінің сипаттамасы

      9. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде халыққа қызмет көрсету орталығымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл көзделмейді.

      10. Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті берушінің жүгінуі және көрсетілетін қызметті алушының рәсімдердің (іс-әрекеттердің) бірізділік тәртібінің сипаттамасы:

      1-процесс – көрсетілетін қызметті алушының осы Регламентте көрсетілген қызметті порталда таңдауы, қызметті көрсету үшін сұрау салу нысанын экранға шығару және көрсетілетін қызметті алушының оның құрылымы мен пішіндік талаптарын ескере отырып, толтыруы (деректерді енгізуі), сұрау салу нысанына қажетті құжаттарды электрондық түрде қоса тіркеуі;

      2-процесс – порталда электрондық құжатты (көрсетілетін қызметті алушының сұранысын) тіркеу және сұрау салуды порталда өңдеу;

      3-процесс – көрсетілетін қызметті алушының порталға берген өтінішін көрсетілетін қызметті берушінің басшысынан жауапты орындаушыға дейін нұсқау беру рәсімі;

      1-шарт – көрсетілетін қызметті берушінің құжаттардың толықтығын қарауы және тексеруі;

      4-процесс – өтінішті одан әрі қараудан бас тарту туралы дәлелді жауапты қалыптастыру;

      5-процесс – мемлекеттік қызметті көрсету күні, уақыты мен орны көрсетілген хабарламаны қалыптастыру;

      2-шарт – көрсетілетін қызметті алушы хабарламада көрсетілген мерзімде келген кезде:

      6-процесс - көрсетілетін қызметті алушының көрсетілген қызмет нәтижесін алуы. Электрондық құжат көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-сын пайдалана отырып қалыптастырылады.

      3-шарт - көрсетілетін қызметті алушы хабарламада көрсетілген мерзімде келмеген кезде:

      7-процесс – көрсетілетін қызметті алушы келмей қалу себебін (ауыру, іссапар, еңбек демалысы, оқу орындарында оқу) растайтын құжатты тіркей отырып, өтінішті кері қайтарады;

      8-процесс – көрсетілетін қызметті алушының білімін біліктілік тексеруден өтпеді деп есептелетін мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін алуы.

      Портал арқылы электрондық мемлекеттік қызметті көрсету кезіндегі функционалдық өзара іс-қимыл диаграммасы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 2-қосымшада келтірілген.

  "Электр және энергия
қондырғыларының техникалық
жай-күйі мен оларды пайдалану
қауіпсіздігін бақылау үшін
электр және жылу энергиясын
өндіруді, беруді және бөлуді
жүзеге асыратын ұйымдар
басшыларының, мамандарының
техникалық пайдалану
қағидаларын және қауіпсіздік
қағидаларын білуін біліктілік
тексеру" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
регламентіне 1 қосымша

"Электр және энергия қондырғыларының техникалық жай-күйі мен оларды пайдалану қауіпсіздігін бақылау үшін электр және жылу энергиясын өндіруді, беруді және бөлуді жүзеге асыратын ұйымдар басшыларының, мамандарының техникалық пайдалану қағидаларын және қауіпсіздік қағидаларын білуін біліктілік тексеру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне мемлекеттік қызметті көрсетудің бизнес- процестерінің анықтамалығы



  "Электр және энергия
қондырғыларының техникалық
жай-күйі мен оларды пайдалану
қауіпсіздігін бақылау үшін
электр және жылу энергиясын
өндіруді, беруді және бөлуді
жүзеге асыратын ұйымдар
басшыларының, мамандарының
техникалық пайдалану
қағидаларын және қауіпсіздік
қағидаларын білуін біліктілік
тексеру" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
регламентіне 2 қосымша

Портал арқылы электрондық мемлекеттік қызметті көрсету кезіндегі функционалдық өзара іс-қимыл диаграммасы