Геология және су ресурстарын пайдалану саласындағы мемлекеттiк көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 501 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 26 маусымда № 11452 болып тіркелді

Қолданыстағы

      «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Мыналар:
      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес «Жерасты су объектілерінің сарқылуына жол бермеуге бағытталған су қорғау іс-шараларына арналған рұқсатты келісу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес «Бұрғылау және басқа тау-кен жұмыстарын жүргізуге жобалық құжаттаманы, жерасты су объектілері арқылы коммуникация құрылысың жобаларын келісу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
      3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес «Жерасты су объектілерінің жай-күйіне, сондай-ақ орталықтандырылмаған ауызсумен жабдықтау кезінде жерасты су объектілерінен тікелей жерасты су объектілерін жинауға әсер ететін кәсіпорындар мен басқа ғимараттарды салуға, реконструкциялауға, пайдалануға, консервациялауға, жоюға қорытынды беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
      4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес «Барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салу және (немесе) пайдалануға келісімшарт жасасу бойынша тікелей келіссөздерге қатысу өтініміне қорытынды беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
      5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес «Болашақ құрылыс учаскесі астындағы жер қойнауында пайдалы қазбалардың жоқ немесе оның аз мөлшерде екендігі туралы қорытынды беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
      6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес «Пайдалы қазбалар жатқан алаңдарда құрылыс салуға, сондай-ақ жинақталған жерлерде жерасты құрылыстарын орналастыруға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
      7) осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес «Барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға келісімшарттар жасасу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
      8) осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес «Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге келісімшарттар жасасу, тіркеу және сақтау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
      9) осы бұйрыққа 9-қосымшаға сәйкес «Кең таралған пайдалы қазбаларды барлау және өндіру, барлаумен және өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салу және (немесе) пайдалану үшін берілген жер қойнауының учаскелеріне арналған сервитуттарды тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
      10) осы бұйрыққа 10-қосымшаға сәйкес «Жер қойнауын пайдалануға, барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға келісімшарттар жасасу, тіркеу және сақтау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
      11) осы бұйрыққа 11-қосымшаға сәйкес «Кеден одағы аумағының шегінде Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерлерге геологиялық ақпаратты шығаруға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
      12) осы бұйрыққа 12-қосымшаға сәйкес «Жобалау ұйымы әзірлеген жер қойнауын пайдалану объектілерін жою немесе консервациялау жобаларын келісу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
      13) осы бұйрыққа 13-қосымшаға сәйкес «Республикалық бюджеттен қаржыландырылатындарды қоспағанда, жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерделеу және мониторингтеу саласындағы жұмысты жүргізуге жобалау-сметалық құжаттаманың экономикалық сараптамасы бойынша қорытынды беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
      14) осы бұйрыққа 14-қосымшаға сәйкес «Республикалық бюджеттен қаржыландырылатындарды қоспағанда, жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерделеуге келісімшарттар (шарттар) жасасу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
      15) осы бұйрыққа 15-қосымшаға сәйкес «Құпиялылық туралы келісім жасасу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттар бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті (Б.Қ Нұрабаев.):
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін, оның көшірмесін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберуді;
      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;
      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелгеннен кейiн он жұмыс күні iшiнде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлiгiнiң Заң департаментiне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралар туралы мәлiметтердi ұсынуды қамтамасыз етсiн.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму вице-министрі А.П. Рауға жүктелсін.
      4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Инвестициялар және даму министрі            Ә. Исекешев

      «КЕЛІСІЛГЕН»:
      Қазақстан Республикасынын
      Ұлтық экономика министрі
      ______________ Е.Досаев
      2015 жылғы 27 мамыр

Қазақстан Республикасы 
Инвестициялар және даму министрінің
2015 жылғы 28 сәуірдегі
№ 501 бұйрығына    
1–қосымша       

«Жерасты су объектілерінің сарқылуына
жол бермеуге бағытталған су қорғау іс-шараларына
арналған рұқсатты келісу» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. «Жерасты су объектілерінің сарқылуына жол бермеуге бағытталған су қорғау іс-шараларына арналған рұқсатты келісу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
      3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрліктің Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
      1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасы тапсырылған сәттен бастап – 15 (он бес) жұмыс күнінен кешіктірмей;
      2) күтудің барынша рұқсат етілетін уақыты – 30 (отыз) минуттан аспайды;
      3) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің барынша рұқсат етілетін уақыты – 15 (он бес) минуттан аспайды.
      5. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нысаны: қағаз түрінде.
      6. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі – жерасты сулары объектілерінің сарқылуына жол бермеуге бағытталған су қорғау іс-шараларына арналған рұқсатты келісу.
      Мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесін беру нысаны: қағаз түрінде.
      7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін негізде көрсетіледі.
      8. Жұмыс кестесі:
      көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбі – жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.
      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижілерін беру сағат 9.00–ден 17.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.
      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет кезек күту тәртібімен алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады.
      9. Көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
      1) еркін нысандағы өтініш;
      2) жерасты су объектілерінің сарқылуына жол бермеуге бағытталған су қорғау іс-шараларының бағдарламасы;
      Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың бәрін тапсырған кезде (қолма-қол немесе пошта байланысы арқылы) қағаз тасығыштағы өтініштің қабылданғанын растау көшірмесіне құжаттар топтамасының қабылданған күні мен уақыты белгі көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу туралы болып табылады.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша орталық
мемлекеттік органның, көрсетілетін қызметті берушінің және
(немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне
(әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      10. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне): шағым осы стандартының 12-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті берушінің басшысының атына не 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, «Транспорт Тауэр» ғимараты, 2117-кабинет, телефоны 8 (7172) 24-04-75, 29-08-48 мекенжайы бойынша Министрлік басшысының атына беріледі
      Шағым пошта арқылы не көрсетілетін қызметті берушінің, Комитеттің немесе Министрліктің кеңсесіне қолма-қол жазбаша нысанда беріледі.
      Шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны көрсетіліп, шағымның көрсетілетін қызметті берушінің, Комитеттің немесе Министрліктің кеңсесінде тіркелуі (мөртабан, кіріс нөмірі мен күні) шағымның қабылдануын растау болып табылады. Шағым тіркелгеннен кейін, жауапты орындаушыны анықтау және тиісті шаралар қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің басшысына жіберіледі.
      Көрсетілетін қызметті берушінің, Комитеттің немесе Министрліктің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта байланысы арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің, Комитеттің немесе Министрліктің кеңсесінде қолма-қол беріледі.
      Шағым портал арқылы жіберілгеннен кейін көрсетілетін қызметті алушы «жеке кабинетінен» шағым туралы ақпаратқа қол жеткізе алады, ол мемлекеттік органда өңделуі барысында жаңартылып отырады (жеткізілуі, тіркелуі, орындалуы туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап).
      Бұл ретте, көрсетілетін қызметті алушы өтінішінің орындалуы, жауабы немесе қараудан бас тарту туралы жаңартылып тұратын ақпаратты да ала алады.
      Көрсетілетін қызметті беруші қызметкерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі туралы ақпаратты мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының: 1414 телефоны арқылы алуға болады.
      Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгінеді.
      Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуы тиіс.
      11. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.

4. Мемлекеттік қызметті көрсетудің, оның ішінде электрондық
нысанда көрсетілетіндердің ерекшеліктері ескерілетін өзге де
талаптар

      12. Мемлекеттік қызмет көрсетілетін орындардың мекенжайы көрсетілетін қызметті берушінің – www.geology.kz интернет-ресурсында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» деген бөлімінде көрсетілген.
      13. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414, арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызмет мәртебесі мен тәртібі туралы ақпарат алуға мүмкіндігі бар.
      14. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары: 8 (7172) 74 34 59. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414.

Қазақстан Республикасы 
Инвестициялар және даму министрінің
2015 жылғы 28 сәуірдегі
№ 501 бұйрығына    
2–қосымша       

«Бұрғылау және басқада тау-кен жұмыстарын жүргізуге жобалық
құжаттаманы, жерасты су объектілері арқылы коммуникация
құрылысың жобаларын келісу» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. «Бұрғылау және басқада тау-кен жұмыстарын жүргізуге жобалық құжаттаманы, жерасты су объектілері арқылы коммуникация құрылысың жобаларын келісу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
      3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрліктің Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беруі көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
      1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасы тапсырылған сәттен бастап – 15 (он бес) жұмыс күнінен кешіктірмей;
      2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің барынша рұқсат етілетін уақыты – 30 (отыз) минуттан аспайды;
      3) мелекеттік қызмет берушіге қызмет көрсету уақыты 15 (он бес) минуттан артпай құрайды.
      5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.
      6. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі – Бұрғылау және басқада тау-кен жұмыстарын жүргізуге жобалық құжаттаманы, жерасты су объектілері арқылы коммуникация құрылысының жобаларын келісу.
      7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.
      8. Жұмыс кестесі:
      көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбі – жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.
      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижілерін беру сағат 9.00–ден 17.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.
      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет кезек күту тәртібімен алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады.
      9. Көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
      1) еркін нысандағы өтініш;
      2) бұрғылау және басқада тау-кен жұмыстарын жүргізуге жобалық құжаттаманы, жерасты су объектілері арқылы коммуникация құрылысың жобалары;
      3) жер учаскісіне құқығы белгіленген құжаттар көшірмесі;
      Көрсетілетін қызметті берушімен барлық қажет құжаттарды (қасақана немесе пошта байланысы арқылы) бергені, өтініштің көшірмесіне көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде құжаттар топтамасының қабылданған күні мен уақыты көрсетіліп, тіркелгені туралы белгі қойылуы қағаз түріндегі өтінішті қабылдауды растау болып табылады.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша орталық
мемлекеттік органның, көрсетілетін қызметті берушінің және
(немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне
(әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      10. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті берушінің басшысының атына не 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, «Транспорт Тауэр» ғимараты, 2117-кабинет, телефоны 8 (7172) 24-04-75, 29-08-48 мекенжайы бойынша Министрлік басшысының атына беріледі.
      Шағым көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесіне пошта арқылы не қолма-қол жазбаша нысанда беріледі.
      Шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны көрсетіліп, шағымның көрсетілетін қызметті берушінің, Комитеттің немесе Министрліктің кеңсесінде тіркелуі (мөртабан, кіріс нөмірі мен күні) шағымның қабылдануын растау болып табылады. Шағым тіркелгеннен кейін, жауапты орындаушыны анықтау және тиісті шаралар қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің, Комитеттің немесе Министрліктің басшысына жіберіледі.
      Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта байланысы арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде қолма-қол беріледі.
      Шағым портал арқылы жіберілгеннен кейін көрсетілетін қызметті алушы «жеке кабинетінен» шағым туралы ақпаратқа қол жеткізе алады, ол мемлекеттік органда өңделуі барысында жаңартылып отырады (жеткізілуі, тіркелуі, орындалуы туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап).
      Бұл ретте, көрсетілетін қызметті алушы өтінішінің орындалуы, жауабы немесе қараудан бас тарту туралы жаңартылып тұратын ақпаратты да ала алады.
      Көрсетілетін қызметті беруші қызметкерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі туралы ақпаратты мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының: 1414 телефоны арқылы алуға болады.
      Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгінеді.
      Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуы тиіс.
      11. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.

4. Мемлекеттік қызметті көрсетудің, оның ішінде электрондық
нысанда көрсетілетіндердің ерекшеліктері ескерілетін өзге де
талаптар

      12. Мемлекеттік қызмет көрсетілетін орындардың мекенжайы көрсетілетін қызметті берушінің – www.geology.kz интернет-ресурсында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» деген бөлімінде көрсетілген.
      13. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414, арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызмет мәртебесі мен тәртібі туралы ақпарат алуға мүмкіндігі бар.
      14. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары: 8 (7172) 74 34 59. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414.

Қазақстан Республикасы 
Инвестициялар және даму министрінің
2015 жылғы 28 сәуірдегі
№ 501 бұйрығына    
3–қосымша       

«Жерасты су объектілерінің жай-күйіне, сондай-ақ
орталықтандырылмаған ауызсумен жабдықтау кезінде жерасты су
объектілерінен тікелей жерасты су объектілерін жинауға әсер
ететін кәсіпорындар мен басқа ғимараттрарға салуға,
реконструкциялауға, пайдалануға, консервациялауға, жоюға
қорытынды беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. «Жерасты су объектілерінің жай-күйіне, сондай-ақ орталықтандырылмаған ауызсумен жабдықтау кезінде жерасты су объектілерінен тікелей жерасты су объектілерін жинауға әсер ететін кәсіпорындар мен басқа ғимараттрарға салуға, реконструкциялауға, пайдалануға, консервациялауға, жоюға қорытынды беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
      3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрліктің Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
      1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасы тапсырылған сәттен бастап – 15 (он бес) жұмыс күнінен кешіктірмей;
      2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің барынша рұқсат етілетін уақыты – 30 (отыз) минуттан аспайды;
      3) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің барынша рұқсат етілетін уақыты – 15 (он бес) минуттан аспайды.
      5. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нысаны: қағаз түрінде.
      6. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі – жерасты су объектілерінің жай-күйіне, сондай-ақ орталықтандырылмаған ауыз сумен жабдықтау кезінде жерасты су объектілерінен тікелей жерасты суларын алуға әсер ететін кәсіпорындар мен басқа да құрылыстарды салуға, реконструкциялауға, пайдалануға, консервациялауға, жоюға қорытынды беру.
      7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.
      8. Жұмыс кестесі:
      көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбі – жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.
      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижілерін беру сағат 9.00–ден 17.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.
      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет кезек күту тәртібімен алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады.
      9. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) өтініш берген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
      1) еркін нысандағы өтініш;
      2) жобалық құжаттама;
      3) жер учаскісіне құқығы белгіленген құжаттар көшірмесі;
      4) пайдалы қазбалар шөгіндісінің болмауы туралы, сонымен қатар жер асты сулары кен орыны қортындысының көшірмесін.
      Көрсетілетін қызметті берушімен барлық қажет құжаттарды (қасақана немесе пошта байланысы арқылы) бергені, өтініштің көшірмесіне көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде құжаттар топтамасының қабылданған күні мен уақыты көрсетіліп, тіркелгені туралы белгі қойылуы қағаз түріндегі өтінішті қабылдауды растау болып табылады.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша
орталық мемлекеттік органның, көрсетілетін қызметті берушінің
және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне,
әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      10. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті берушінің басшысының атына не 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, «Транспорт Тауэр» ғимараты, 2117-кабинет, телефоны 8 (7172) 24-04-75, 29-08-48 мекенжайы бойынша Министрлік басшысының атына беріледі
      Шағым көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесіне пошта арқылы не қолма-қол жазбаша нысанда беріледі
      Шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны көрсетіліп, шағымның көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде тіркелуі (мөртабан, кіріс нөмірі мен күні) шағымның қабылдануын растау болып табылады. Шағым тіркелгеннен кейін, жауапты орындаушыны анықтау және тиісті шаралар қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің басшысына жіберіледі.
      Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта байланысы арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде қолма-қол беріледі.
      Шағым портал арқылы жіберілгеннен кейін көрсетілетін қызметті алушы «жеке кабинетінен» шағым туралы ақпаратқа қол жеткізе алады, ол мемлекеттік органда өңделуі барысында жаңартылып отырады (жеткізілуі, тіркелуі, орындалуы туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап).
      Бұл ретте, көрсетілетін қызметті алушы өтінішінің орындалуы, жауабы немесе қараудан бас тарту туралы жаңартылып тұратын ақпаратты да ала алады.
      Көрсетілетін қызметті беруші қызметкерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі туралы ақпаратты мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының: 1414 телефоны арқылы алуға болады.
      Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгінеді.
      Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуы тиіс.
      11. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.

4. Мемлекеттік қызметті көрсетудің, оның ішінде электрондық
нысанда және халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы
көрсетілетіндердің ерекшеліктері ескерілетін өзге де талаптар

      12. Мемлекеттік қызмет көрсетілетін орындардың мекенжайы көрсетілетін қызметті берушінің – www.geology.kz интернет-ресурсында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» деген бөлімінде көрсетілген.
      13. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414, арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызмет мәртебесі мен тәртібі туралы ақпарат алуға мүмкіндігі бар.
      14. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары: 8 (7172) 74 34 59. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414.

Қазақстан Республикасы 
Инвестициялар және даму министрінің
2015 жылғы 28 сәуірдегі
№ 501 бұйрығына    
4–қосымша        

«Барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты
құрылыстарын салу және (немесе) пайдалануға келісімшарт жасасу
бойынша тікелей келіссөздерге қатысу өтініміне қорытынды беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. «Барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салу және (немесе) пайдалануға келісімшарт жасасу бойынша тікелей келіссөздерге қатысу өтініміне қорытынды беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму Министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
      3. Мемлекеттік қызметті Министрліктің Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
      1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасы тапсырылған сәттен бастап – күнтізбелік 15 (он бес) күн;
      2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің барынша рұқсат етілетін уақыты – 30 (отыз) минут;
      3) қызмет көрсетудің барынша рұқсат етілетін уақыты – 15 (он бес) минут.
      5. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нысаны: қағаз түрінде.
      6. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі – барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарды салуға және (немесе) пайдалануға келісімшарт жасасу жөніндегі тікелей келіссөздерге қатысуға арналған өтімге қорытынды.
      7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.
      8. Жұмыс кестесі:
      көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбі – жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.
      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижілерін беру сағат 9.00 – ден 17.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін
      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен жүзеге асырылады.
      9. Көрсетілетін қызметті берушіге мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
      1) еркін нысандағы өтініш;
      2) тікелей келіссөздерге қатысуға берілген өтінімнің көшірмесі.
      Көрсетілетін қызметті берушімен барлық қажет құжаттарды (қасақана немесе пошта байланысы арқылы) бергені, өтініштің көшірмесіне көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде құжаттар топтамасының қабылданған күні мен уақыты көрсетіліп, тіркелгені туралы белгі қойылуы қағаз түріндегі өтінішті қабылдауды растау болып табылады.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша орталық
мемлекеттік органның, көрсетілетін қызметті берушінің және
(немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне
(әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      10. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым осы стандарттың 12-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті берушінің басшысының атына не 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, «Транспорт Тауэр» ғимараты, 2117-кабинет, телефоны 8 (7172) 24-04-75, 29-08-48 мекенжайы бойынша Министрлік басшысының атына беріледі.
      Шағым көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесіне пошта арқылы не қолма-қол жазбаша нысанда беріледі.
      Шағымның қабылданғанын растау, шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны көрсетіліп, шағымның көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде тіркелуі (мөртабан, кіріс нөмірі мен күні) болып табылады. Шағым тіркелгеннен кейін, жауапты орындаушыны анықтау және тиісті шаралар қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің басшысына жіберіледі.
      Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта байланысы арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде қолма-қол беріледі.
      Шағым портал арқылы жіберілгеннен кейін көрсетілетін қызметті алушы «жеке кабинетінен» шағым туралы ақпаратқа қол жеткізе алады, ол өңделуі барысында жаңартылып отырылады (жеткізілуі, тіркелуі, орындалуы туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап).
      Бұл ретте, көрсетілетін қызметті алушы өтінішінің орындалуы, жауабы немесе қараудан бас тарту туралы жаңартылып тұратын ақпаратқа да қол жеткізеді.
      Көрсетілетін қызметті беруші қызметкерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі туралы ақпаратты мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөнінде бірыңғай байланыс орталығының: 1414 телефоны арқылы алуға болады.
      Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгінеді.
      Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуы тиіс.
      11. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.

4. Мемлекеттік қызметті көрсетудің, оның ішінде электрондық
нысанда және халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы
көрсетілетіндердің ерекшеліктері ескерілетін өзге де талаптар

      12. Мемлекеттік қызмет көрсетілетін органдардың мекенжайы көрсетілетін қызметті берушінің – www.geology.gov.kz интернет-ресурсында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» деген бөлімінде орналастырылған.
      13. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызмет тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты мемлекеттік көрсетілетін қызмет мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны арқылы алуға мүмкіндігі бар.
      14. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары: 8 (7172) 74 35 19, 74 35 50. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы – 1414.

Қазақстан Республикасы 
Инвестициялар және даму министрінің
2015 жылғы 28 сәуірдегі
№ 501 бұйрығына    
5–қосымша       

«Болашақ құрылыс учаскесі астындағы
жер қойнауында пайдалы қазбалардың
жоқ немесе оның аз мөлшерде екендігі туралы қорытынды беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. «Болашақ құрылыс учаскелесі астындағы жер қойнауында пайдалы қазбалардың жоқ немесе оның аз мөлшерде екендігі туралы қорытынды беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
      3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Астана және Алматы қалалары, Облыстар, жергілікті атқарушы органдар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
      2) www.egov.kz «электрондық үкіметтің» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
      1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасы тапсырылған сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде – 14 (он төрт) жұмыс күні;
      2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің барынша рұқсат етілетін уақыты – 30 (он бес) минут;
      3) қызмет көрсетудің барынша рұқсат етілетін уақыты – 15 (он бес) минут.
      5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
      6. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі – болашақ құрылыс учаскелесі астындағы жер қойнауында пайдалы қазбалардың жоқ немесе оның аз мөлшерде екендігі туралы қорытынды беру.
      Мемлекеттік қызметті көрсетің нәтижесін беру нысаны: электрондық.
      Қағаз тасығышта рұқсат алуға өтініш берілген жағдайда, мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі электрондық нысанда ресімделеді, басып шығарылады және көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының мөрімен және қолымен расталады.
      Порталда мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанында «жеке кабинетке» жіберіледі.
      7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін негізде көрсетіледі.
      8. Жұмыс кестесі:
      1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбі – жұма аралығында, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен жүзеге асырылады
      2) портал – тәулік бойы, жөндеу жұмыстрарын жүргізуге байланысты техниқалық үзілістерді қоспағанда (қызмет алушы жұмыс уақыты аяқталғанан кейін жүрген кезде, Қазақстан Республикасы енбек заннамасына сәйкес демалыс және мереке өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижілерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады
      9. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) өтініш берген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
      1) көрсетілетін қызметті берушіге:
      қосымшаға сәйкес өтінім;
      өкілдің жеке бастың куәлігін растайтын және өкілеттігін растайтын құжат (сәйкестіру үшін)
      2) порталға:
      қосымшаға сәйкес өтінімнің құжаттың электронды формасы;
      жеке тұлғалардың жеке басын куәландыратын құжаттар, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден «электронды үкімет» шлюзі арқылы алады.
      Қызмет алушымен барлық қажетті құжаттарды беру арқылы:
      Қызмет беруші (қолына береді әлде почта байланысы арқылы) - қағаз жүзіндегі өтініштің қабылдануын растайтын, оның көшімесіне қызмет беруші канцеляриясының тіркелуі туралы құжат топтамасының қабылдаған күні мен уақыттың көрсетілу болып табылады;
      портал арқылы жүгінген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні мен уақытын көрсетіп, мемлекеттік қызмет көрсету үшін сұраусалу қабылданғаны туралы хабарлама-есеп жіберіледі;

3. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша орталық
мемлекеттік органның, көрсетілетін қызметті берушінің және
(немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне
(әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      10. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым осы стандарттың 12-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті берушінің басшысының атына не 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, «Транспорт Тауэр» ғимараты, 2117-кабинет, телефоны 8 (7172) 24-04-75, 29-08-48 мекенжайы бойынша Министрлік басшысының атына беріледі.
      Шағым көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы қолма-қол не пошта арқылы жазбаша нысанда беріледі.
      Шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны көрсетіліп, шағымның көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде тіркелуі (мөртабан, кіріс нөмірі мен күні) шағымның қабылдануын растау болып табылады. Шағым тіркелгеннен кейін, жауапты орындаушыны анықтау және тиісті шаралар қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің басшысына жіберіледі.
      Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта байланысы арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде қолма-қол беріледі.
      Шағымдану тәртібі туралы ақпаратты мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша бірыңғай байланыс орталығының: 1414 телефоны арқылы алуға болады.
      Шағым портал арқылы жіберілген кезде көрсетілетін қызметті алушы «жеке кабинетінен» өтініш туралы ақпаратқа жеткізе алады, ол көрсетілетін қызметті берушінің өтінішті өңдеуі барысында жаңартылып отырады (жеткізілуі, тіркелуі, орындалуы туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап).
      Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға өтініш береді.
      Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуы тиіс.
      11. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.

4. Мемлекеттік қызметті көрсетудің, оның ішінде электрондық
нысанда көрсетілетіндердің ерекшеліктері ескерілетін өзге де
талаптар

      12. Мемлекеттік қызмет көрсетілетін жерлердің мекенжайы министрліктің www.mid.gov.kz интернет-ресурсында «Мемлекеттік органның қызметі» деген бөлімнің «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мен стандарттар» деген кіші бөлімінде орналастырылады.
      13. ЭЦҚ болған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алу мүмкіндігі бар.
      14. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдың «жеке кабинеті», сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша бірыңғай байланыс орталығы: 1414 арқылы қашықтан қолжетімділік режимінде алуға мүмкіндігі бар.
      15. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары министрліктің www.mint.gov.kz интернет-ресурсында «Мемлекеттік органның қызметі» деген бөлімнің «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мен стандарттар» деген кіші бөлімінде көрсетілген. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша бірыңғай байланыс орталығы: 1414.

«Болашақ құрылыс учаскелері
астындағы жер қойнауында пайдалы
қазбалардың жоқтығы немесе маңызының
аздығы туралы қорытынды беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандартына қосымша.  

нұсқа

Облыстардың, Астана және Алматы  
қалаларының жергілікті атқарушы органдары
(мемлекеттік органның толық атауы) 
__________________________________атынан
         (арыз берушінің толық)       
Адрес__________________________________
(индексі, қала, аймақ, обылыс, көше, үй №, телефон)
Арызданушының Реквизиті       
________________________________________
(ЖСН/БСН)                             

ӨТІНІМ

_________________________________ болашақ құрылыс учаскелелері
(мемлекеттік органның толық атауы) астындағы жер қойнауында пайдалы
қазбалардың жоқтығы немесе оның аз мөлшерде екендігі туралы қорытынды
беруді сұрайды.

Құрылыс салу объекті: _______________________________________________

Географиялық координаттағы объектінің орналасқан жері;

Бұрыштық нүкте

Бұрыштық нүктелердің координаттары

Солтүстік ендік

Шығыс бойлық

градустар

минуттар

секундтар

градустар

минуттар

секундтар









Ақпараттық жүйе құрамындағы құпияны заңмен қорғалған ақпараттарды
пайдалануға рұқсат беремін.

(Лауазымы) өкілінің аты жөні                     ____________
                                                 (күні, қолы)

Қазақстан Республикасы 
Инвестициялар және даму министрінің
2015 жылғы 28 сәуірдегі
№ 501 бұйрығына    
6–қосымша       

«Пайдалы қазбалар жатқан алаңдарда құрылыс салуға, сондай-ақ
жинақталған жерлерде жерасты құрылыстарын орналастыруға рұқсат
беру» мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

      1 «Пайдалы қазбалар жатқан алаңдарда құрылыс салуға, сондай-ақ жинақталған жерлерде жерасты құрылыстарын орналастыруға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму Министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
      3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Астана және Алматы қалалары, облыстар, жергілікті атқарушы органдар Министрліктің Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің келісімі бойынша (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру:
      1) көрсетілетін қызметті беруші;
      2) www.egov.kz «электрондық үкіметтің» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
      1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасы тапсырылған сәттен бастап – 9 (он бір) жұмыс күні;
      2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің барынша рұқсат етілетін уақыты – 30 (отыз) минут;
      3) қызмет көрсетудің барынша рұқсат етілетін уақыты – 15 (он бес) минут.
      5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
      6. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі - пайдалы қазбалар жатқан алаңдарда құрылыс салуға, сондай-ақ олар жинақталған жерлерде жерасты құрылыстарын орналастыруға рұқсат (бұдан әрі – рұқсат) беру;
      Қағаз тасығыш рұқсат алуға өтініш берілген жағдайда, мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі электрондық нысанда ресімделеді, басып шығарылады және көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының мөрімен және қолымен расталады.
      Порталда мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанында «жеке кабинетке» жіберіледі.
      7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін негізде көрсетіледі.
      8. Жұмыс кестесі:
      1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбі – жұма аралығында, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен жүзеге асырылады.
      2) Портал - тәулік бойы, жөндеу жұмыстрарын жүргізуге байланысты техниқалық үзілістерді қоспағанда (қызмет алушы жұмыс уақыты аяқталғанан кейін жүрген кезде, Қазақстан Республикасы енбек заннамасына сәйкес демалыс және мереке өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижілерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
      9. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) өтініш берген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
      1) көрсетілетін қызметті берушіге:
      көрсетілетін қызметті алушының өтінімі;
      жоспарланған құрылыс аумағының және оған іргелес аумақтың топографиялық жоспарының көшірмесі (топографиялық жоспардың көшірмесінде тау-кен геологиялық жағдай, қолда бар және жоспарланған құрылыс контуры, тау-кен бөлінісінің шекарасы, құрылыс объектісіне тау-кен игерудің зиянды әсер ететін аймақ шекаралары көрсетіледі);
      түсіндірме жазба;
      2) порталға:
      көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтінімі;
      жоспарланған құрылыс аумағының және оған іргелес аумақтың топографиялық жоспарының электронды көшірмесі (топографиялық жоспардың көшірмесінде тау-кен геологиялық жағдай, қолда бар және жоспарланған құрылыс контуры, тау-кен бөлінісінің шекарасы, құрылыс объектісіне тау-кен игерудің зиянды әсер ететін аймақ шекаралары көрсетіледі);
      түсіндірме жазбаның электронды көшірмесі;
      көрсетілетін қызметті алушы қажетті құжаттардың бәрін:
      көрсетілетін қызметті берушіге (қолма-қол немесе пошта байланысы арқылы) тапсырған кезде – құжаттар топтамасының қабылданған күні мен уақыты көрсетіліп, оның көшірмесіне қызметті берушінің кеңсесінде тіркелгені туралы белгінің қойылуы өтініштің қабылданғанын растау болып табылады;
      портал арқылы тапсырған кезде – көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу мерзімі көрсетіліп, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұраудың қабылданғаны туралы мәртебесі көрінеді;
      Жеке тұлғалардың жеке басын куәландыратын құжаттар, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік органдардың уәкілетті адамдарының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжаттар нысанында тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша орталық
мемлекеттік органның, көрсетілетін қызметті берушінің және
(немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне
(әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      10. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым осы стандарттың 12-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті берушінің басшысының атына не 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, «Транспорт Тауэр» ғимараты, 2117-кабинет, телефоны 8 (7172) 24-04-75, 29-08-48 мекенжайы бойынша Министрлік басшысының атына беріледі.
      Шағым көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы қолма-қол не пошта арқылы жазбаша нысанда беріледі.
      Шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны көрсетіліп, шағымның көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде тіркелуі (мөртабан, кіріс нөмірі мен күні) шағымның қабылдануын растау болып табылады. Шағым тіркелгеннен кейін, жауапты орындаушыны анықтау және тиісті шаралар қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жіберіледі.
      Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта байланысы арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде қолма-қол беріледі.
      Көрсетілетің қызметті беруші қызметкерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі туралы ақпарат бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны арқылы беріледі.
      Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгінеді.
      Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуы тиіс.
      11. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.

4. Мемлекеттік қызметті көрсетудің, оның ішінде электрондық
нысанда көрсетілетіндердің ерекшеліктері ескерілетін өзге де
талаптар

      12. Мемлекеттік қызмет көрсетілетін жерлердің мекенжайы көрсетілетін қызметті берушінің – www.geology.gov.kz интернет-ресурсында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер және стандарттар» деген бөлімінде орналастырылған.
      13. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдың «жеке кабинеті», сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша бірыңғай байланыс орталығы: 1414 арқылы қашықтан қолжетімділік режимінде алуға мүмкіндігі бар.
      14. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдың «жеке кабинеті», сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша бірыңғай байланыс орталығы: 1414 арқылы қашықтан қолжетімділік режимінде алуға мүмкіндігі бар.

«Пайдалы қазбалар жатқан
алаңдарда құрылыс салуға,
сондай-ақ жинақталған жерлерде
жерасты құрылыстарын орналастыруға
рұқсат беру» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет  
стандартына қосымша. 

нұсқа

Облыстардың, Астана және Алматы
қалаларының жергілікті атқарушы органдары
__________________________________
(мемлекеттік органның толық атауы)

__________________________________атынан
(арыз берушінің толық)       
Адрес_____________________________________________
(индексі, қала, аймақ, обылыс, көше, үй №, телефон)
Арызданушының Реквизиті
___________________________________________________
(ЖСН/БСН)                   

ӨТІНІМ

_________________________________ пайдалы қазбалар жатқан (мемлекеттік органның толық атауы) алаңдарда құрылыс салуға, сондай-ақ жинақталған жерлерде жерасты құрылыстарын орналастыруға рұқсат беруді сұрайды.

Құрылыс салу объекті: _______________________________________________

Географиялық координаттағы объектінің орналасқан жері;

Бұрыштық нүкте

Бұрыштық нүктелердің координаттары

Солтүстік ендік

Шығыс бойлық

градустар

минуттар

секундтар

градустар

минуттар

секундтар









Болашақ құрылыс учаскелелері астындағы жер қойнауында пайдалы қазбалардың жоқтығы немесе оның аз мөлшерде екендігі туралы қорытындының нөмірі: _____________
Болашақ құрылыс учаскелелері астындағы жер қойнауында пайдалы қазбалардың жоқтығы немесе оның аз мөлшерде екендігі туралы қорытындыны берген уақыты: ____________________

Ақпараттық жүйе құрамындағы құпияны заңмен қорғалған ақпараттарды пайдалануға рұқсат беремін.

(Лауазымы) өкілінің аты жөні                           ____________
                                                       (күні, қолы)

Қазақстан Республикасы 
Инвестициялар және даму министрінің
2015 жылғы 28 сәуірдегі
№ 501 бұйрығына    
7–қосымша       

«Барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты
құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға келісімшарттар
жасасу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. «Барлауға немесе өндіруге байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға келісімшарттар жасасу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму Министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
      3. Мемлекеттік қызметті облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
      1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасы тапсырылған сәттен бастап күнтізбелік – 15 (он бес) күн;
      2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің барынша рұқсат етілетін уақыты – 30 (отыз) минут;
      3) қызмет көрсетудің барынша рұқсат етілетін уақыты – 15 (он бес) минут.
      5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.
      6. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі – барлауға немесе өндіруге байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға келісімшарт.
      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру нысаны: қағаз түрінде.
      7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.
      8. Жұмыс кестесі:
      көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбі – жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.
      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижілерін беру сағат 9.00 – ден 17.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.
      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет кезек күту тәртібімен алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады.
      9. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) көрсетілетін қызметті берушіге өтініш берген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
      1) еркін нысандағы өтініш;
      2) барлық қосымшаларын қоса алғанда, барлауға немесе өндіруге байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға арналған келісімшарттың жобасы (үш данадағы түпнұсқасы);
      3) тікелей келіссөздер хаттамасы.
      Көрсетілетін қызметті алушы қажетті құжаттардың бәрін тапсырған кезде көшірмесіне құжаттар топтамасының қабылданған күні мен уақыты туралы қойылған белгі көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде қағаз тасығыштағы өтініштің қабылданғанын растау болып табылады.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша орталық
мемлекеттік органның, көрсетілетін қызметті берушінің және
(немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне
(әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      10. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым осы стандарттың 12-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті берушінің басшысының атына не 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, «Транспорт Тауэр» ғимараты, 2117-кабинет, телефоны 8 (7172) 24-04-75, 29-08-48 мекенжайы бойынша Министрлік басшысының атына беріледі.
      Шағым көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы қолма-қол не пошта арқылы жазбаша нысанда беріледі.
      Шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны көрсетіліп, шағымның көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде тіркелуі (мөртабан, кіріс нөмірі мен күні) шағымның қабылдануын растау болып табылады. Шағым тіркелгеннен кейін, жауапты орындаушыны анықтау және тиісті шаралар қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жіберіледі.
      Көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта байланысы арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде қолма-қол беріледі.
      Көрсетілетін қызметті беруші қызметкерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі туралы ақпарат мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының: 1414 телефоны арқылы беріледі.
      Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
      Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуы тиіс.
      11. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.

4. Мемлекеттік қызметті көрсетудің ерекшеліктері ескерілетін өзге де талаптар

      12. Мемлекеттік қызмет көрсетілетін жерлердің мекенжайы Министрліктің www.mint.gov.kz интернет-ресурсында «Мемлекеттік органның қызметі» деген бөлімнің «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мен стандарттар» деген кіші бөлімінде орналастырылған.
      13. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдың «жеке кабинеті», сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша бірыңғай байланыс орталығы: 1414 арқылы қашықтан қолжетімділік режимінде алуға мүмкіндігі бар.
      14. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары Министрліктің www.mint.gov.kz интернет-ресурсында: «Мемлекеттік органның қызметі» деген бөлімнің «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мен стандарттар» деген кіші бөлімінде көрсетілген. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша бірыңғай байланыс орталығы: 1414.

Қазақстан Республикасы 
Инвестициялар және даму министрінің
2015 жылғы 28 сәуірдегі
№ 501 бұйрығына    
8–қосымша       

«Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге
келісімшарттар жасасу, тіркеу және сақтау» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. «Барлауға немесе өндіруге байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға келісімшарттар жасасу, тіркеу және сақтау» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
      3. Мемлекеттік қызметті облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
      1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасы тапсырылған сәттен бастап күнтізбелік – 15 (он бес) жұмыс күні;
      2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің барынша рұқсат етілетін уақыты – 30 (отыз) минут;
      3) қызмет көрсетудің барынша рұқсат етілетін уақыты – 15 (он бес) минут.
      5. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нысаны: қағаз түрінде.
      6. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі – қол қойылған және тіркелген кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге арналған келісімшарт.
      7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.
      8. Жұмыс кестесі:
      көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбі – жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.
      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижілерін беру сағат 9.00 – ден 17.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.
      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет кезек күту тәртібімен алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады.
      9. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) көрсетілетін қызметті берушіге өтініш берген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
      1) еркін нысандағы өтініш;
      2) жұмыс бағдарламасымен, бекітілген барлық жобалық құжаттармен, келісулер мен сараптамалар нәтижелерімен қоса келісімшарт жобасы – қағаз және электрондық жеткізгіштерде 3 (үш) данада.
      Көрсетілетін қызметті алушы қажетті құжаттардың бәрін тапсырған кезде көшірмесіне құжаттар топтамасының қабылданған күні мен уақыты туралы қойылған белгі көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде қағаз тасығыштағы өтініштің қабылданғанын растау болып табылады.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша орталық
мемлекеттік органның, көрсетілетін қызметті берушінің және
(немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне
(әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі.

      10. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым осы стандарттың 12-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті берушінің басшысының атына не 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, «Транспорт Тауэр» ғимараты, 2117-кабинет, телефоны 8 (7172) 24-04-75, 29-08-48 мекенжайы бойынша Министрлік басшысының атына беріледі.
      Шағым көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі қолма-қол арқылы не пошта арқылы жазбаша нысанда беріледі
      Шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны көрсетіліп, шағымның көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде тіркелуі (мөртабан, кіріс нөмірі мен күні) шағымның қабылдануын растау болып табылады. Шағым тіркелгеннен кейін, жауапты орындаушыны анықтау және тиісті шаралар қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жіберіледі.
      Көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта байланысы арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде қолма-қол беріледі.
      Көрсетілетін қызметті беруші қызметкерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі туралы ақпаратты мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының телефоны арқылы алуға болады.
      Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгінеді.
      Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуы тиіс.
      11. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.

4. Мемлекеттік қызметті көрсетудің, оның ішінде электрондық
нысанда және халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы
көрсетілетіндердің ерекшеліктері ескерілетін өзге де талаптар

      12. Мемлекеттік қызмет көрсетілетін жерлердің мекенжайы Министрліктің www.mid.gov.kz интернет-ресурсында «Мемлекеттік органның қызметі» деген бөлімнің «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мен стандарттар» деген кіші бөлімінде орналастырылған.
      13. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметтің мәртебесі мен тәртібі туралы ақпарат алуға мүмкіндігі бар.
      14. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары Министрліктің www.mid.gov.kz интернет-ресурсында «Мемлекеттік органның қызметі» деген бөлімнің «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мен стандарттар» деген кіші бөлімінде орналастырылған. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414.

Қазақстан Республикасы 
Инвестициялар және даму министрінің
2015 жылғы 28 сәуірдегі
№ 501 бұйрығына    
9–қосымша       

«Кең таралған пайдалы
қазбаларды барлау және өндіру,
барлаумен және өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын
салу және (немесе) пайдалану үшін берілген жер қойнауының
учаскелеріне арналған сервитуттарды тіркеу» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. «Кең таралған пайдалы қазбаларды барлау және өндіру, барлаумен және өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салу және (немесе) пайдалану үшін берілген жер қойнауының учаскелеріне арналған сервитуттарды тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
      3. Мемлекеттік қызметті облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
      1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасы тапсырылған сәттен бастап күнтізбелік – 15 (он бес) күн;
      2) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушы өтініш берген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алу кезінде құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің барынша рұқсат етілетін уақыты – 30 (отыз) минуттан аспайды;
      3) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушы өтініш берген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алушыға қызмет көрсетудің барынша рұқсат етілетін уақыты – 15 (он бес) минуттан аспайды.
      5. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нысаны: электрондық, қағаз түрінде.
      6. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі – «Жер қойнауын және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының заңында көзделген жағдайларда Кең таралған пайдалы қазбаларды барлау және өндіру, барлаумен және өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салу және (немесе) пайдалану үшін берілген жер қойнауының учаскелеріне арналған сервитуттарды тіркеу туралы хабарлама-хат.
      Мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесін беру нысаны – қағаз түрінде.
      7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) ақылы негізде көрсетіледі.
      «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексіне сәйкес сервитуттарды мемлекеттік тіркеу үшін 0,5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде алым алынады.
      Мемлекеттік алымды төлеу қолма-қол және қолма-қол емес нысандарда екінші деңгейдегі банктер мен банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы жүзеге асырылады.
      8. Жұмыс кестесі:
      көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбі – жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.
      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижілерін беру сағат 9.00 – ден 17.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.
      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет кезек күту тәртібімен алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады.
      9. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) көрсетілетін қызметті берушіге өтініш берген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
      1) еркін нысандағы өтініш;
      2) сервитут белгілеу туралы шарттың нотариалды расталған көшірмесі;
      3) сервитутты мемлекеттік тіркеу үшін алым мөлшерлемесінің төленгені туралы түбіртек.
      Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды (қолма-қол немесе пошта байланысы арқылы) тапсырған кезде көшірмесіне құжаттар топтамасының қабылданған күні мен уақыты туралы қойылған белгі көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде қағаз түріндегі өтініштің қабылданғанын растау болып табылады.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша орталық
мемлекеттік органның, көрсетілетін қызметті берушінің және
(немесе) олардың лауазымды тұлғаларының шешімдеріне, әрекетіне
(әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      10. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым осы стандарттың 12-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті берушінің басшысының атына не 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, «Транспорт Тауэр» ғимараты, 2117-кабинет, телефоны 8 (7172) 24-04-75, 29-08-48 мекенжайы бойынша Министрлік басшысының атына беріледі.
      Шағым көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы қолма-қол не пошта арқылы жазбаша нысанда беріледі
      Шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны көрсетіліп, шағымның көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде тіркелуі (мөртабан, кіріс нөмірі мен күні) шағымның қабылдануын растау болып табылады. Шағым тіркелгеннен кейін, жауапты орындаушыны анықтау және тиісті шаралар қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жіберіледі.
      Көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта байланысы арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде қолма-қол беріледі.
      Көрсетілетін қызметті беруші қызметкерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі туралы ақпаратты мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының телефоны арқылы алуға болады.
      Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгінеді.
      Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуы тиіс.
      11. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.

4. Мемлекеттік қызметті көрсетудің, оның ішінде электрондық
нысанда және халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы
көрсетілетіндердің ерекшеліктері ескерілетін өзге де талаптар

      12. Мемлекеттік қызмет көрсетілетін жерлердің мекенжайы Министрліктің www.mid.gov.kz интернет-ресурсында «Мемлекеттік органның қызметі» деген бөлімнің «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мен стандарттар» деген кіші бөлімінде орналастырылған.
      13. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметтің мәртебесі мен тәртібі туралы ақпарат алуға мүмкіндігі бар.
      14. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары Министрліктің www.mid.gov.kz интернет-ресурсында: «Мемлекеттік органның қызметі» деген бөлімнің «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мен стандарттар» деген кіші бөлімінде орналастырылған. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414.

Қазақстан Республикасы 
Инвестициялар және даму министрінің
2015 жылғы 28 сәуірдегі
№ 501 бұйрығына    
10-қосымша        

«Жер қойнауын пайдалануға, барлаумен немесе өндірумен
байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға
және (немесе) пайдалануға келісімшарттар жасау, тіркеу және
сақтау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. «Жер қойнауын пайдалануға, барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға келісімшарттар жасау, тіркеу және сақтау» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
      3. Мемлекеттік қызметті облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
      1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасы тапсырылған сәттен бастап – 15(он бес) жұмыс күні;
      2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің барынша рұқсат етілетін уақыты – 30 (отыз) минут;
      3) қызмет көрсетудің барынша рұқсат етілетін уақыты – 10 (он ) минут.
      5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.
      6. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны нәтижесі – барлау мен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға қосымшаға сәйкес белгіленген келісімшарт.
      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру нысаны: қағаз түрінде.
      7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін негізде көрсетіледі.
      8. Жұмыс кестесі:
      көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбі – жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.
      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижілерін беру сағат 9.00 – ден 17.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.
      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет кезек күту тәртібімен алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады
      9. Көрсетілетін қызметті берушіге мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
      1) еркін нысандағы өтініш;
      2) барлық қосымшаларды қоса алғанда, барлауға немесе өндіруге байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға арналған келісімшарттың жобасы (түпнұсқасы үш данада);
      3) тікелей келіссөздер хаттамасы.
      Келісімшартты тіркеу үшін:
      1) еркін нысандағы өтініш;
      2) оған барлық қосымшаларды қоса-алғанда, жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт (түпнұсқасы үш данада).
      Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде көшірмесіне құжаттар топтамасының қабылданған күні мен уақыты туралы қойылған белгі көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде қағаз түрінде өтініштің қабылданғанын растау болып табылады.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша орталық
мемлекеттік органның, көрсетілетін қызметті берушінің және
(немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне
(әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      10. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды тұлғалардың шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) осы стандарттың 12-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына не 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, «Транспорт Тауэр» ғимараты, 2117-кабинет, телефоны 8 (7172) 24-04-75, 29-08-48 мекенжайы бойынша Министрлік басшысының атына беріледі.
      Шағым көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы пошта бойынша не қолма-қол жазбаша нысанда беріледі.
      Шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны көрсетіліп, шағымның көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркелуі (мөртабан, кіріс нөмірі мен күні) шағымның қабылдануын растау болып табылады. Шағым тіркелгеннен кейін, жауапты орындаушыны айқындау және тиісті шаралар қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жіберіледі.
      Көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оның тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта байланысы арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде қолма-қол беріледі.
      Көрсетілетін қызметті беруші қызметкерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі туралы ақпарат мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны арқылы беріледі.
      Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
      Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуы тиіс.
      11. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.

4. Мемлекеттік қызметті көрсетудің ерекшеліктері ескерілетін
өзге де талаптар

      12. Мемлекеттік қызмет көрсетілетін орындардың мекенжайы Министрліктің www.mid.gov.kz интернет-ресурсында «Мемлекеттік органның қызметі» деген бөлімнің «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мен стандарттар» деген кіші бөлімінде орналастырылған.
      13. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша бірыңғай байланыс орталығы: 1414 арқылы қашықтан қолжетімділік режимінде алуға мүмкіндігі бар.
      14. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары Министрліктің www.mid.gov.kz интернет-ресурсында «Мемлекеттік органның қызметі» деген бөлімнің «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мен стандарттар» деген кіші бөлімінде көрсетілген. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша бірыңғай байланыс орталығы: 1414.

« Жер қойнауын пайдалану құқығын
беруге,барлауға немесе өндіруге 
байланысты емес жерасты құрылыстарын
салуға және (немесе) пайдалануға 
арналған келісімшарттарды жасау,
тіркеу және сақтау» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымша

нұсқа

_________________________________________________ (облыстың,
республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті
атқарушы органының атауы)

Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалану құқығын беруге,
барлауға немесе өндіруге байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға
және (немесе) пайдалануға арналған келісімшарттарды мемлекеттік
тіркеу АКТІСІ

__________ қ. 20__ ж. «___» ________________

Осымен облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың
жергілікті атқарушы органының 20__ жылғы «___» ______________ тікелей
келіссөздерінің хаттамасы негізінде жасалған
___________________________________________________________(облыстың,
республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы
органының атауы)
және_________________________________________________________________
(мердігер)

арасындағы______________________________________________ келісімшарт
тіркеледі.  (тікелей келіссөздер объектісінің атауы)

Тіркеу № ___________

Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімі

Қазақстан Республикасы 
Инвестициялар және даму министрінің
2015 жылғы 28 сәуірдегі
№ 501 бұйрығына    
11–қосымша       

«Кеден одағы аумағының шегінде
Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерлерге
геологиялық ақпаратты шығаруға рұқсат беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. «Кеден одағы аумағының шегінде Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерлерге геологиялық ақпаратты шығаруға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
      3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрліктің Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру:
      1) көрсетілетін қызметті беруші;
      2) «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы немесе «Е-лицензиялау» www.elicense.kz (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
      1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасы тапсырылған сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде – 11 (он бір) жұмыс күні;
      2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің барынша рұқсат етілетін уақыты – 30 (отыз) минут;
      3) қызмет көрсетудің барынша рұқсат етілетін уақыты – 10 (он) минут.
      5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
      6. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі – Кеден одағы аумағының шегінде Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерлерге геологиялық ақпаратты табиғи немесе жасанды тасығыштармен шығаруға арналған рұқсат (бұдан әрі – рұқсат).
      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру нысаны: электрондық.
      Қағаз тасығышта рұқсат алуға өтініш берілген жағдайда, мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі электрондық форматта ресімделеді, басып шығарылады және көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының мөрімен және қолымен расталады.
      Порталда мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанында «жеке кабинетке» жіберіледі.
      7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.
      8. Жұмыс кестесі:
      1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбі – жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.
      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижілерін беру сағат 9.00 – ден 17.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.
      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет кезек күту тәртібімен алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады;
      2) портал - тәулік бойы, жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда (қызмет алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін жүгінген кезде, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
      9. Көрсетілетін қызметті алушы (немесе оның өкілі)
      1) Көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
      қосымшаға сәйкес өтінім;
      өкілдің жеке куәлігі мен өкілеттігін растайтын құжат (сәйкестендіру үшін);
      егер геологиялық ақпарат табиғи тасығыштарда болса:
      геологиялық ақпаратты іріктеп алу актісі;
      шығарылатын геологиялық ақпараттың тізбесі;
      кеден зертханасының сараптамалық қорытындысы;
      егер геологиялық ақпарат жасанды тасығыштарда болса:
      шығарылатын геологиялық ақпараттың тізбесі;
      2) порталға жүгінген кезде:
      көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтінімі қосымшаға сәйкес;
      егер геологиялық ақпарат жасанды тасығыштарда болса:
      геологиялық ақпаратты іріктеп алу актісінің электрондық көшірмесі;
      шығарылатын геологиялық ақпарат тізбесінің электрондық көшірмесі;
      кеден зертханасының сараптамалық қорытындысының электрондық көшірмесі;
      егер геологиялық ақпарат жасанды тасығыштарда болса:
      геологиялық ақпаратты іріктеп алу актісінің электрондық көшірмесі.
      Жеке тұлғалардың жеке басын куәландыратын құжаттар, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші «электрондық үкімет» шлюзы арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
      Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды көрсетілетін қызметті берушіге (қолма-қол немесе пошта байланысы арқылы) ұсынған кезде көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде құжаттар топтамасы қабылданған күні мен уақыты көрсетіліп, өтініштің көшірмесіне қойылған белгі қағаз тасымалдағыштағы өтінішті қабылдауды растайды.
      Портал арқылы өтініш берілген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік көрсетілетін қызметті беру үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәлімет көрсетіледі.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша орталық
мемлекеттік органның, көрсетілетін қызметті берушінің және
(немесе) олардың лауазымды тұлғаларының шешімдеріне, әрекетіне
(әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      10. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды тұлғаларының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану осы стандарттың 12-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына не 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, «Транспорт Тауэр» ғимараты, 2117-кабинет, телефоны: 8 (7172) 24-04-75, 29-08-48 мекенжайы бойынша Министрлік басшысының атына беріледі.
      Шағым көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесіне пошта арқылы не қолма-қол жазбаша нысанда беріледі.
      Шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны көрсетіліп, шағымның көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде тіркелуі (мөртабан, кіріс нөмірі мен күні) шағымның қабылдануын растау болып табылады.
      Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта байланысы арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде қолма-қол беріледі.
      Шағым портал арқылы жіберілген кезде көрсетілетін қызметті алушы «жеке кабинетінен» өтініш туралы ақпаратты көре алады, ол көрсетілетін қызметті берушінің өтінішті өңдеуі барысында жаңартылып отырады (жеткізілуі, тіркелуі, орындалуы туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап).
      Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға өтініш бере алады.
      Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуы тиіс.
      11. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.

4. Мемлекеттік қызметті көрсетудің, оның ішінде электрондық
нысанда көрсетілетіндердің ерекшеліктері ескерілетін өзге де
талаптар

      12. Мемлекеттік қызмет көрсетілетін жердің мекенжайы көрсетілетін қызметті берушінің – www.geology.kz және Министрліктің www.mint.gov.kz интернет-ресурсында көрсетілген.
      13. ЭЦҚ болған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алу мүмкіндігі бар.
      14. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдың «жеке кабинеті», сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтан қолжетімділік режимінде алуға мүмкіндігі бар.
      15. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары: 8 (7172) 74-33-05, 74-37-00. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша бірыңғай байланыс орталығы: 1414.

«Кеден одағы аумағының шегінде
Қазақстан Республикасының аумағынан
тысқары жерлерге       
геологиялық ақпаратты шығаруға
рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына қосымша

нұсқа

Қазақстан Республикасы    
Инвестициялар және даму министрлігі
Геология және жер қойнауын пайдалану
комитетіне           
_________________________________
(өтініш берушінің толық атауы)

Мекенжайы: 010000, Қазақстан Республикасы, Астана қ.,
Есіл ауданы, Орынбор көшесі, 8-үй     

Өтініш берушінің деректемелері: __________________
          (БСН, ЖСН)

ӨТІНІМ

Рұқсат беру құжатын беруді сұраймын.

      Ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын
мәліметтерді пайдалануға келісемін.
______________________________________________
(өкілдің Т.А.Ә., лауазымы/өтініш берушінің Т.А.Ә.)

                                                               Күні:

Қазақстан Республикасы 
Инвестициялар және даму министрінің
2015 жылғы 28 сәуірдегі
№ 501 бұйрығына    
12–қосымша       

«Жобалау ұйымы әзірлеген жер
қойнауын пайдалану объектілерін
жою немесе консервациялау жобаларын
келісу» мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. «Жобалау ұйымы әзірлеген жер қойнауын пайдалану объектілерін жою немесе консервациялау жобаларын келісу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
      3. Мемлекеттік қызметті Министрліктің Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
      1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасы тапсырылған сәттен бастап күнтізбелік – 15 (он бес) күн;
      2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің барынша рұқсат етілетін уақыт – 30 (отыз) минут;
      3) қызмет көрсетудің барынша рұқсат етілетін уақыты – 15 (он бес) минут.
      5. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нысаны: қағаз түрінде.
      6. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі – жобалау ұйымы әзірлеген жер қойнауын пайдалану объектілерін жою немесе консервациялау жобасын келісу-хаты;
      7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.
      8. Жұмыс кестесі:
      көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбі – жұма аралығында, сағат 13.00-ден 14.30-ға түскі үзіліс, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижілерін беру сағат 9.00 – ден 17.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.
      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет кезек күту тәртібімен алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады.
      9. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
      1) еркін нысандағы өтініш;
      2) Жою және консервациялау жобасы мынадай құжаттарды:
      жер қойнауын пайдалану объектісін тиісінше дайындау және тікелей жою немесе консервациялау жөніндегі мәселелер көрсетілетін түсіндірме жазбаны;
      осы жер қойнауын пайдалану объектісінің тау-кен немесе геологиялық бөлінуінің шегіндегі жер қойнауының іс жүзіндегі жай-күйін толық көрсететін геологиялық, маркшейдерлік және графикалық құжаттаманы;
      пайдалы қазбалар кен орындарының жер беті топографиялық жоспарларының, геологиялық картасының, бөліністерінің және көкжиек бойынша жоспарларының көшірмелерін;
      жойылатын немесе консервацияланатын жер қойнауын пайдалану объектілерін, сондай-ақ басқа да өндірістік объектілерді орналастыру схемасын қамтиды.
      Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттардың (қолма-қол немесе пошта байланысы арқылы) тапсырған кезде құжаттар топтамасының қабылданған күні мен уақытын көрсете отырып, қағаз түрде өтініштің қабылданғанын растау туралы қойылған белгі көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде оның тіркелуі туралы белгі болып табылады.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша орталық
мемлекеттік органның, көрсетілетін қызметті берушінің және
(немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне
(әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі.

      10. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым осы стандарттың 12-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті берушінің басшысының атына не 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, «Транспорт Тауэр» ғимараты, 2117-кабинет, телефоны 8 (7172) 24-04-75, 29-08-48 мекенжайы бойынша Министрлік басшысының атына беріледі.
      Шағым пошта арқылы не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесіне қолма-қол жазбаша нысанда беріледі.
      Шағымның қабылдануын растау, шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны көрсетіліп, оның көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде тіркелуі (мөртабан, кіріс нөмірі мен күні) болып табылады. Шағым тіркелгеннен кейін жауапты орындаушыны анықтау және тиісті шаралар қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жіберіледі.
      Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта байланысы арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде қолма-қол беріледі.
      Шағым портал арқылы жіберілгеннен кейін көрсетілетін қызметті алушы «жеке кабинетінен» шағым туралы ақпаратқа қол жеткізе алады, ол мемлекетті органда өңдеуі барысында жаңартылып отырылды (жеткізілуі, тіркелуі, орындалуы туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап).
      Бұл ретте, көрсетілетін қызметті алушы өтінішінің орындалуы, жауабы немесе қараудан бас тарту туралы жаңартылып тұратын ақпаратқа да қол жеткізе алады.
      Көрсетілетін қызметті беруші қызметкерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі туралы ақпаратты мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының: 1414 телефоны арқылы алуға болады.
      Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгінеді.
      Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оның тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
      11. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте сотқа жүгінеді.

4. Мемлекеттік қызметті көрсетудің, оның ішінде электрондық
нысанда және халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы
көрсетілетіндердің ерекшеліктері ескерілетін өзге де талаптар.

      12. Мемлекеттік қызмет көрсетілетін орындарының мекенжайы көрсетілетін қызметті берушінің – www.geology.gov.kz интернет-ресурсында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» деген бөлімінде орналастырылған.
      13. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызмет тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны арқылы алуға мүмкіндігі бар.
      14. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары: 8 (7172) 74 35 19, 74 35 50. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы – 1414.

Қазақстан Республикасы 
Инвестициялар және даму министрінің
2015 жылғы 28 сәуірдегі
№ 501 бұйрығына    
13–қосымша       

«Республикалық бюджеттен қаржыландырылатындарды қоспағанда, жер
қойнауын мемлекеттік геологиялық зерделеу және мониторингтеу
саласындағы жұмысты жүргізуге жобалау-сметалық құжаттаманың
экономикалық сараптамасы бойынша қорытынды беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. «Республикалық бюджеттен қаржыландырылатындарды қоспағанда, жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерделеу және мониторингтеу саласындағы жұмысты жүргізуге жобалау-сметалық құжаттаманың экономикалық сараптамасы бойынша қорытынды беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
      3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрліктің Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
      1) жұмыстардың мына түрлеріне арналған жобалау-сметалық құжаттама үшін:
      алаңдарды жете зерттей отырып, геологиялық түсіру, бұрғылау жұмыстарынсыз геохимиялық – 10 жұмыс күні;
      алаңдарды жете зерттей отырып, геологиялық түсіру, бұрғылау жұмыстарымен қоса геохимиялық – 13 жұмыс күні;
      өңірлік геологиялық түсіру жұмыстары, түсіру кезіндегі жалпы іздестірулер, терең геологиялық карталау, геологиялық-минерагендік карталау және басқалары – 14 жұмыс күні;
      жер қойнауының және жер қойнауын пайдаланудың жай-күйін мониторингілеуді жүргізу – 6 жұмыс күні;
      жер қойнауын геологиялық зерделеу бойынша іздестіру-бағалау жұмыстары – 18 жұмыс күні;
      іздестіру-барлау жұмыстары – 12 жұмыс күні;
      геофизикалық жұмыстар (сейсмобарлаудан басқа) – 10 жұмыс күні;
      гидрогеологиялық және инженерлік-геологиялық жұмыстар – 14 жұмыс күні;
      сейсмобарлау жұмыстары – 13 жұмыс күні;
      жерасты сулары мен қауіпті геологиялық процестердің мониторингін жүргізу бойынша жұмыстар – 11 жұмыс күні;
      мұнай-газ және гидрогеологиялық ұңғымаларды консервациялау, жою бойынша жұмыстар – 11 жұмыс күні;
      дала жұмыстарынсыз тақырыптық, ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-әдістемелік, конструкторлық жұмыстар – 9 жұмыс күні;
      дала жұмыстарымен қоса, тақырыптық, ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-әдістемелік, конструкторлық жұмыстар – 11 жұмыс күні;
      терең бұрғылау – 16 жұмыс күні;
      құрылымдық бұрғылау – 10 жұмыс күні;
      барлық жұмыс түрлеріне жеке бағалар каталогтары – 11 жұмыс күні;
      уақытша жобалау-сметалық нормалар – 7 жұмыс күні;
      геоэкологиялық жұмыстар – 11 жұмыс күні;
      жобаны толықтыру (өзгерту) бойынша жұмыстардың сметалық құнының жиынтық есебін қайта есептеу – 5 жұмыс күні.
      2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің барынша рұқсат етілетін уақыты – 30 (отыз) минут;
      3) қызмет көрсетудің барынша рұқсат етілетін уақыты – 15 (он бес) минут.
      5. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нысаны: қағаз түрінде.
      6. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі – осы стандартқа қосымшаға сәйкес нысан бойынша республикалық бюджеттен қаржыландырылатындарын қоспағанда, жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерделеу және мониторингілеу саласындағы жұмыстарды жүргізуге арналған жобалау-сметалық құжаттаманың экономикалық сараптамасы бойынша қорытынды.
      7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін негізде көрсетіледі.
      8. Жұмыс кестесі:
      көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбі – жұма аралығында, сағат 13.00-ден 14.30-ға түскі үзіліс, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижілерін беру сағат 9.00 – ден 17.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.
      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет кезек күту тәртібімен алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады.
      9. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) көрсетілетін қызметті берушіге өтініш берген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
      1) экономикалық сараптама жүргізуге еркін нысандағы өтініш;
      2) барлық қосымшаларын (алқа немесе Кеңес мәжілісінің хаттамасы, геологиялық тапсырмасы немесе Техникалық ерекшелік) қоса алғанда, республикалық бюджеттен қаржыландырылатындарын қоспағанда, жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерделеу және мониторингілеу саласындағы жұмыстарды жүргізуге арналған жобалау-сметалық құжаттама (жобалау-сметалық құжаттаманың түпнұсқасы).
      Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттардың бәрін (қолма-қол немесе пошта байланысы арқылы) тапсырған кезде қағаз түрінде өтінішті қабылданғанын растау құжаттар топтамасының қабылданған күні мен уақытын көрсете отырып көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу туралы белгі болып табылады.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша орталық
мемлекеттік органның, көрсетілетін қызметті берушінің және
(немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне
(әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      10. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым осы стандарттың 12-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті берушінің басшысының атына не 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, «Транспорт Тауэр» ғимараты, 2117-кабинет, телефоны 8 (7172) 24-04-75, 29-08-48 мекенжайы бойынша Министрлік басшысының атына беріледі.
      Шағым пошта арқылы не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесіне қолма-қол жазбаша нысанда беріледі.
      Шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орнын көрсете отырып, оның көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде тіркелуі (мөртабан, кіріс нөмірі мен күні) болып табылады. Шағым тіркелгеннен кейін жауапты орындаушыны анықтау және тиісті шаралар қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жіберіледі.
      Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта байланысы арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде қолма-қол беріледі.
      Шағым портал арқылы жіберілгеннен кейін көрсетілетін қызметті алушы «жеке кабинетінен» шағым туралы ақпаратқа қоя жеткізе алады, ол мемлекеттік органда өңдеуі барысында жаңартылып отырады (жеткізілуі, тіркелуі, орындалуы туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап).
      Бұл ретте, көрсетілетін қызметті алушы өтінішінің орындалуы, жауабы немесе қараудан бас тарту туралы жаңартылып тұратын ақпаратқа да қоя жеткізе алады.
      Көрсетілетін қызметті беруші қызметкерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі туралы ақпаратты мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының телефоны арқылы алуға болады.
      Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
      Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оның тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуы жатады.
      11. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.

4. Мемлекеттік қызметті көрсетудің, оның ішінде электрондық
нысанда көрсетілетіндердің ерекшеліктері ескерілетін өзге де
талаптар

      12. Мемлекеттік қызмет көрсетілетін орындардын мекенжайы көрсетілетін қызметті берушінің www.geology.gov.kz интернет-ресурсында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» деген бөлімінде орналастырылған.
      13. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны арқылы алуға мүмкіндігі бар.
      14. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары: 8 (7172) 74 19 50, 74 35 50. Бірыңғай байланыс орталығы – 1414 нөмірі бойынша.

«Республикалық бюджеттен  
қаржыландырылатындарын қоспағанда,
жер қойнауын мемлекеттік геологиялық
зерделеу және мониторингілеу саласындағы
жұмыстарды жүргізуге арналған
жобалау-сметалық құжаттаманың
экономикалық сараптамасы бойынша
қорытынды беру» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандартына
қосымша         

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі
Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті

жылғы «____»________

______________________________________________________________ жобасы
бойынша

              №_____ экономикалық сараптама қорытындысы

      Орындаушы: ________________________________
      Жоспар бөлімі: ____________________________
      Геологиялық тапсырма беруге негіздеме: _______________________
      1. Жұмыстардың нысаналы мақсаты, объектінің кеңістіктік шекаралары:
      2. Геологиялық міндеттер, оларды шешудің дәйектілігі және негізгі әдістері:
      3. Күтілетін нәтижелер:
      4. Жұмыстарды жүргізу мерзімі:
      Жоба __________________________________________________ қаралды
      Тексеруге ____________ теңге сомасына ЖСҚ ұсынылды.
      Жобаның есептелген бөлігі мен смета бойынша мынадай ескертулер бар:
      1_________________________________________________________
      2_________________________________________________________
      3_________________________________________________________

                           Қорытынды

_________________жобасы бойынша жобаның есептелген бөлігі және смета
_______________ теңге сомасында бекітуге ұсынылады.

ЖСҚ _______________________ бекіту үшін жіберіліп отыр.

Уәкілетті органның басшысы Т.А.Ә.А.

Қазақстан Республикасы 
Инвестициялар және даму министрінің
2015 жылғы 28 сәуірдегі
№ 501 бұйрығына    
14–қосымша       

«Республикалық бюджеттен қаржыландырылатындарды қоспағанда,
жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерделеуге
келісімшарттар (шарттар) жасасу»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. «Республикалық бюджеттен қаржыландырылатындарды қоспағанда, жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерделеуге келісімшарттар (шарттар) жасасу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
      3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрліктің Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет мерзімі:
      1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасы тапсырылған сәттен бастап:
      келісімшарт (шарт) жасасу мүмкіндігі туралы хабарлама – 10 (он) жұмыс күні;
      келісімшарт (шарт) жасасу мүмкіндігі туралы хабарлама алған күннен бастап жобалау-сметалық құжаттаманы ұсыну мерзімі – 3 (үш) ай (көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушінің хабарламасында көрсетілген мерзім аяқталғанға дейін кемінде 10 (он) жұмыс күні бұрын жүгінген жағдайда, мерзімді ұзарту, бірақ 3 (үш) айдан асырмай ұзарту мүмкіндігімен).
      2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің барынша рұқсат етілетін уақыты – 30 (отыз) минут;
      3) қызмет көрсетудің барынша рұқсат етілетін уақыты – 15 (он бес) минут.
      5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.
      6. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі – республикалық бюджеттен қаржыландырылатындарын қоспағанда, жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерделеуге келісімшарттар (шарттар) жасасу.
      7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін негізде көрсетіледі.
      8. Жұмыс кестесі:
      көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбі – жұма аралығында, сағат 13.00-ден 14.30-ға түскі үзіліс, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижілерін беру сағат 9.00–ден 17.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.
      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет кезек күту тәртібімен алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады.
      9. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) көрсетілетін қызметті берушіге өтініш берген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
      1) осы стандартқа қосымшаға сәйкес белгіленген нысандағы өтінім;
      2) Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде қағаз түрінде өтініштің қабылданғанын растау құжаттар топтамасының қабылданған күні мен уақыты туралы қойылған белгі көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде болып табылады.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша орталық
мемлекеттік органның, көрсетілетін қызметті берушінің және
(немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне
(әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      10. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым осы стандартының 12-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті берушінің басшысының атына не 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, «Транспорт Тауэр» ғимараты, 2117-кабинет, телефоны 8 (7172) 24-04-75, 29-08-48 мекенжайы бойынша Министрлік басшысының атына беріледі.
      Шағым пошта арқылы немесе қолма-қол жазбаша нысанда көрсетілетін қызметті берушінің Министрліктің кеңсесіне беріледі.
      Шағымның қабылдануын растау шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны көрсете отырып, оның көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі мен күні) болып табылады. Шағым тіркелгеннен кейін, жауапты орындаушыны анықтау және тиісті шаралар қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің басшысына жіберіледі.
      Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта байланысы арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде қолма-қол беріледі.
      Портал арқылы өтініш берген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының: 1414 телефоны бойынша алуға болады.
      Шағым портал арқылы жіберілген кезде көрсетілетін қызметті алушы «жеке кабинетінен» өтініш туралы ақпаратқа қол жеткізе алады, ол көрсетілетін қызметті берушінің өтінішті өңдеуі барысында жаңартылып отырады (жеткізілуі, тіркелуі, орындалуы туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап).
      Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
      Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оның тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
      11. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте сотқа жүгінуге құқылы.

4. Мемлекеттік қызметті көрсетудің ерекшеліктері ескерілетін өзге де талаптар

      12. Мемлекеттік қызмет көрсетілетін орының мекенжайы көрсетілетін қызметті берушінің – www.geology.kz және Министрліктің www.mid.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған.
      13. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі туралы ақпаратты мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мәселелері бойынша бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтан қолжетімділік режимінде алуға мүмкіндігі бар.
      14. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары: 8 (7172) 74 19 50, 74 35 50. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы – 1414.

«Республикалық бюджеттен  
қаржыландырылатындарын қоспағанда,
жер қойнауын мемлекеттік геологиялық
зерделеуге келісімшарт (шарт) жасасу»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандартына қосымша     

нұсқа

Республикалық бюджеттен қаржыландырылатындарын қоспағанда, жер
қойнауын мемлекеттік геологиялық зерделеуге келісімшарт (шарт)
жасасуға
ӨТІНІМ

1. Келісімшарттың мәні мен мақсаты:
_____________________________________________________________________

2. Жұмыстарды жүргізу мерзімі, сұралатын аумақтың кеңістік шекарасы, аумақтың ауданы:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________

Бұрыштық нүктелердің

Географиялық координаталары

Солтүстік ендігі

Шығыс бойлығы

градус

минут

секунд

градус

минут

секунд

1







2







3







...







      3. Заңды тұлғалар үшін:
      өтініш берушінің атауы, оның орналасқан жері: _____________________________________________________________________
      өтініш беруші заңды тұлғаның басшылары және қатысушылары немесе
акционерлері туралы мәліметтер:
_____________________________________________________________________
      заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелгені және салық
органдарында тіркелгені туралы құжаттардың көшірмелері (қоса беру қажет).
      4. Жеке тұлғалар үшін:
      өтініш берушінің тегі және аты, заңды мекенжайы, азаматтығы:
_____________________________________________________________________
      өтініш берушінің жеке басын куәландыратын, өтініш берушінің
салық органдарында тіркелгені, өтініш берушінің кәсіпкерлік
субъектісі ретінде тіркелгені туралы құжаттардың көшірмелері (қоса беру қажет).

Қазақстан Республикасы 
Инвестициялар және даму министрінің
2015 жылғы 28 сәуірдегі
№ 501 бұйрығына    
15-қосымша        

«Құпиялылық туралы келісім жасасу»
мемлекеттік қызметінің стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. «Құпиялылық туралы келісім жасасу» мемлекеттік қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет).
      2. Мемлекеттік қызмет стандарты (бұдан әрі – стандарт) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігімен (бұдан әрі – министрлік) әзірленді.
      3. Мемлекеттік қызмет министрліктің Геология және жер қойнауын пайдалану комитетімен және оның аумақтық бөлімшелерімен (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.
      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті көрсетушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
      1) көрсетілетін қызметті көрсетушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәтінен бастап – күнтізбелік 30 (отыз) күн:
      2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің барынша рұқсат етілетін уақыты – 30 (отыз) минут;
      3) қызмет көрсетуге барынша рұқсат етілетін уақыт – 30 (отыз) минут.
      5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.
      6. Мемлекеттік қызмет нәтижесі – құпиялылық туралы келісім (бұдан әрі – келісім) жасасу.
      Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру нысаны: қағаз түрінде.
      7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін негізде көрсетіледі.
      8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбі – жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.30 дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру сағат 13.00-ден 14.30 дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін.
      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет кезек күту тәртібімен алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады;
      9. Көрсетілетін қызметті алушы (немесе сенімхат бойынша оның өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізімі:
      еркін нысандағы өтінім.
      Қосымшаны жасасу кезінде жер қойнауын пайдаланушы оған толықтыру жасалатын құпиялылық туралы келісімді және төлем тапсырмасын қоса береді.

3. Орталық мемлекеттік органдардың, қызмет көрсетушінің және
(немесе) олардың лауазымдық тұлғаларының мемлекеттік қызметті
көрсету мәселелері жөніндегі шешімдеріне, әрекеттеріне
(әрекетсіздіктеріне) шағым беру тәртібі

      10. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне): шағым осы стандарттың 12-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті берушінің басшысының атына не 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, «Транспорт Тауэр» ғимараты, 2117-кабинет, телефоны 8 (7172) 24-04-75, 29-08-48 мекенжайы бойынша Министрлік басшысының атына беріледі.
      Шағымдар жазбаша нысанда пошта арқылы немесе көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы қолма қол беріледі.
      Шағымның қабылдануын растау шағымды қабылдаған тұлғаның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны көрсете отырып, оны қызмет көрсетушінің немесе Министрліктің кеңсесінде тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі мен күні) болып табылады.
      Қызмет көрсетушінің немесе Министрліктің мекенжайына келіп түскен қызмет алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап қызмет алушыға пошта байланысы арқылы жіберіледі немесе көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде беріледі.
      Шағымды портал арқылы жіберген кезде өтініш туралы ақпарат (жеткізілуі, тіркелуі, орындалуы туралы белгілер, қарау нәтижесі жөніндегі жауап немесе қараудан бас тарту) «жеке кабинеттен» көрсетілетін қызметті алушыға қол жетімді болады, ол шағымды өңдеу барысында көрсетілетін қызметті берушімен жаңартылып отырады.
      Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағымдана бере алады.
      Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызмет алушының шағымы оның тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
      11. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте сотқа жүгінуге құқылы.

4. Мемлекеттік қызметтер, оның ішінде электрондық нысанда және
халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы көрсетілетін
қызметтер көрсетілу ерекшеліктерін есепке алып басқа талаптар

      12. Мемлекеттік қызмет көрсету орнының мекенжайы қызмет көрсетушінің – www.geology.kz және Министрліктің www.mint.gov.kz интернет-ресурсында көрсетілген.
      13. Көрсетілетін қызмет алушының мемлекеттік қызметті көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алу мүмкіндігі бар.
      15. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары: 8 (7172) 74 33 05, 74 37 00. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414.