Мәдениет саласындағы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламенттерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің м.а. 2015 жылғы 22 мамырдағы № 191 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 26 маусымда № 11447 болып тіркелді.

Жаңартылған

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Осы бұйрықтың:

      1) 1-қосымшасына сәйкес "Фильмге прокаттау куәлiгiн беру" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламенті;

      2) 2-қосымшасына сәйкес "Тарих және мәдениет ескерткiштерiндегі археологиялық және (немесе) ғылыми-реставрациялық жұмыстарды жүзеге асыру жөнiндегi қызметке лицензия беру" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламенті;

      3) Алып тасталды – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 21.07.2017 № 212 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 21.07.2017 № 212 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. "Мәдениет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет министрінің 2014 жылғы 18 наурыздағы № 1 бұйрығының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9352 тіркелген, 2014 жылы 28 сәуірде "Әділет" құқықтық-ақпараттық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет және өнер істері департаменті:

      1) заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуінен кейін он күнтізбелік күннің ішінде мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" құқықтық-ақпараттық жүйесінде ресми жариялануға жолдануын;

      3) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналасуын;

      4) осы тармақта көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді осы іс-шаралар орындалғаннан кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министрі Ғ. Ахмедьяровқа жүктелсін.

      5. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Мәдениет және спорт
Министрінің міндетін атқарушы
М. Әзілханов

  Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрі
міндетін атқарушының
2015 жылғы 22 мамырдағы
№ 191 бұйрығына
1 қосымша

"Фильмге прокаттау куәлігін беру" мемлекеттік қызмет көрсетудің қағидасы

1-тарау. Жалпы ережелер

      Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 21.07.2017 № 212 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Мемлекеттік қызметін көрсету Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі (бұдан әрі – қызмет беруші) тарапынан Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 22 сәуірдегі № 146 бұйрығымен бекітіліп, нормативті-құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу реестрінде № 10238 тіркелген "Фильмге прокаттау куәлігін беру" мемлекеттік қызмет көрсету стандартына (бұдан әрі – стандарт) сәйкес жасалады.

      Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:

      1) қызмет берушінің кеңсесі;

      2) www.egov.kz электрондық үкіметінің веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы іске асырылады.

      2. Мемлекеттік қызмет көрсету формасы: электрондық (ішінара автоматтандырылған)

      3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12460 болып тіркелген "Фильмге прокаттау куәлігінің нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 366 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша берілген фильмге прокаттау куәлігі (бұдан әрі – прокаттау куәлігі), не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

      Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру формасы – электрондық.

      Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 21.07.2017 № 212 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2-тарау. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде көрсетiлетiн қызмет берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) iс-қимыл тәртiбiнің сипаттамасы

      Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 21.07.2017 № 212 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4. Мемлекеттік қызмет көрсету рәсімінің (әрекет) басталуына стандарттың 9-тармағында қарастырылған құжаттарды қабылдау негіз болып табылады.

      5. Мемлекеттік қызмет көрсетудің әр үрдісіне жататын рәсімнің (әрекет) мазмұны, орындалу ұзақтығы:

      1) стандарттың 9-тармағында қарастырылған құжаттарды қызмет беруші арқылы 30 (отыз) минут ішінде қабылдау және тіркеу (құжаттар сағат 17.30-дан кейін түскен жағдайда өтініш келесі жұмыс күні тіркеледі).

      Құжаттарды қабылдау кезінде құжатты қабылдаған тұлғаның тегін, атын және әкесінің атын (болған жағдайда) көрсете отырып, өтініштің көшірмесіне қабылдау мерзімі, уақыты және құжаттың кіріс номерінен тұратын мөр қойылады.

      Стандарттың 9-тармағында қарастырылған құжаттарды портал арқылы құжаттар түскен күні қабылдау және тіркеу (құжаттар сағат 17.30-дан кейін түскен жағдайда өтініш келесі жұмыс күні тіркеледі).

      2) қызмет алушы ұсынған құжаттардың толықтығын тексеру бір жұмыс күн ішінде;

      3) стандарттың 9-тармағына сәйкес құжаттар төрт (4) жұмыс күн ішінде қарастырылады және прокаттау куәлігіне немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап қалыптастырылады, бурыштама (қол) қойылады;

      4) прокаттау куәлігін немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты порталда тіркеу және беру (жіберу).

      6. Келесі рәсімдерді (әрекет) орындап бастауға негіз болатын мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсім (әрекет) нәтижесі:

      1) қызмет алушының тіркелген өтініші;

      2) ұсынылған құжаттардың толық еместігі жөнінде факті анықталған жағдайда – бұдан әрі қарастырудан бас тарту туралы дәлелді жауабы бар хат, ұсынылған құжаттар толық болған жағдайда – стандарттың 9-тармағына сәйкес құжаттар;

      3) прокаттау куәлігі немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап;

      4) тіркелген прокаттау куәлігі немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

3-тарау. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде көрсетiлетiн қызмет берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) өзара iс-қимыл тәртiбiнің сипаттамасы

      Ескерту. 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 21.07.2017 № 212 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      7. Мемлекеттік қызмет көрсету үрдісіне қатысатын қызмет берушінің құрылымдық бөлімдерінің (қызметкерлерінің) тізімі:

      1) жауапты орындаушы;

      2) құрылымдық бөлімнің жетекшісі, қызмет берушінің басшылығы;

      3) кеңсе қызметкері.

      8. құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы әр рәсімнің (әрекет) мерзімі көрсетілген рәсімдердің (әрекет) реттік сипаттамасы:

      1) кеңсе қызметкерімен стандарттың 9-тармағында қарастырылған құжаттарды кеңсе қызметкері 30 (отыз) минут ішінде қабылдау және тіркеу, портал арқылы құжаттар түскен күні (құжаттар сағат 17.30-дан кейін түскен жағдайда өтініш келесі жұмыс күні тіркеледі).

      Кеңсе қызметкерімен құжаттарды қабылдау кезінде өтініш көшірмесіне қабылданған күні, айы, жылы, уақыты және тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) көрсетілген мөр қойылады;

      2) қызмет алушы ұсынған құжаттардың толықтығын жауапты орындаушы бір жұмыс күн ішінде тексереді;

      3) стандарттың 9-тармағына сәйкес құжаттар төрт (4) жұмыс күн ішінде қарастырылады және прокаттау куәлігіне немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап қалыптастырылады, бурыштама (қол) қойылады;

      4) кеңсе қызметкерімен 30 (отыз) минут ішінде прокаттау куәлігі немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты тпорталда тіркеу және беру (жіберу).

4-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету барысында ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібінің сипаттамасы

      Ескерту. 4-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 21.07.2017 № 212 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      9. Мемлекеттік қызметтерді портал арқылы көрсету кезінде өтініш жасаудың және қызмет беруші мен қызмет алушының рәсімдері (іс-әрекеттері) реттілігінің сипаттамасы.

      10. Мемлекеттік қызметтерді портал арқылы көрсету кезінде өтінудің және қызмет көрсетуші мен қызмет алушының рәсімдері (іс-әрекеттері) реттілігінің сипаттамасы, осы ереженің 1-қосымшасына сәйкес диаграмма:

      1) қызмет алушы жеке идентификациялау нөмірі/бизнес идентификациялау нөмірі (бұдан әрі – ЖИН/БИН) мен құпиясөздің (порталда тіркелмеген қызмет алушылар үшін) көмегімен порталда тіркеуден өтеді;

      2) 1 үрдіс – мемлекеттік қызметті алу үшін қызмет алушы порталда ЖИН/БИН және құпиясөзді (растау процессі) енгізеді;

      3) 1 шарт - ЖИН/БИН және құпиясөз арқылы порталда тіркелген қызмет алушы мәліметтерінің шынайлығын тексеру;

      4) 2 үрдіс – қызмет алушының мәліметтерінде орын алған бұзушылықтарға байланысты порталмен шынайлықты рәсімдеуден бас тарту туралы хабарландыруды қалыптастыру;

      5) 3 үрдіс– қызмет алушының мемлекеттік қызметті таңдауы, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұраныс үлгісін экранға шығару және оның құрылымы мен үлгілік талаптарын ескере отырып, қызмет алушының үлгіні толтыруы (мәліметтерді енгізу), сұраныс үлгісіне электрондық түрде қажетті құжаттарды тіркеуі;

      6) 2 шарт – порталда ЭЦҚ тіркеу куәлігінің қызмет ету мерзімін және қайтарып алынған (күші жойылған) тіркеу куәліктерінің тізімінде болмауын, сондай-ақ идентификациялық мәліметтердің (сұраныста көрсетілген ЖИН/БИН мен ЭЦҚ тіркеу куәлігінде көрсетілген ЖИН/БИН арасында) сәйкестілігін тексеру;

      7) 4 үрдіс – қызмет алушының ЭЦҚ шынайлығының расталмауына байланысты сұратылған мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;

      8) 5 үрдіс – қызмет алушының ЭЦҚ арқылы қызмет көрсету үшін сұранысты куәләндіру және электрондық құжатты (сұранысты) электрондық үкіметтің шлюзі (бұдан әрі - ЭҮШ) арқылы қызмет берушімен өндеу үшін қызмет көрсетушінің автоматтандырылған жұмыс орнына (бұдан әрі -АЖО) жолдау;

      9) 6 үрдіс – электрондық құжаттың қызмет берушімен АЖО-да тіркелуі;

      10) 3 шарт – алушының стандартта көрсетілген және қызмет көрсетуге негіздемелеріне сәйкес ұсынған құжаттарды қызмет беруші тарапынан тексеру (өндеу);

      11) 7 үрдіс – қызмет алушының құжаттарындағы қателерге байланысты сұратылған қызмет көрсетуден бас тарту туралы хабарландыруды қалыптастыру;

      12) 8 үрдіс – осы регламенттің 5-тармағы 2) – 4) тармақшаларында қарастырылған рәсімдер (әрекеттер);

      13) 9 үрдіс – қызмет алушының қызмет көрсету нәтижесін алуы (фильмге прокаттау куәлігін электрондық құжат формасы), қызмет берушінің қалыптасқан АЖО-ы. Электрондық құжат қызмет берушінің құзырлы тұлғасының ЭЦҚ-ың қолдана отырып қалыптасады.

      11. Мемлекеттік қызмет көрсету үрдісіндегі қызмет берушінің құрылымдық бөлімшілері (қызметкерлер) арасындағы қатынастар, рәсімдер (әрекет) жан-жақты, реттік сипаттамасы, сонымен қатар өзге қызмет берушілер мен (немесе) халыққа қызмет көрсету орталығымен өзара қатынасының реттік сипаттамасы және мемлекеттік қызмет көрсету үрдісіндегі ақпараттық жүйелерді қолдану тәртібі берілген регламенттің 2-қосымшасына сәйкес бизнес-үрдістер анықтамалығында көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-үрдістер анықтамалығы "электрондық үкімет" веб-порталында, қызмет берушінің интернет ресурсында орналастырылады.

  "Фильмге прокаттау куәлiгiн
беру" мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентіне 1 қосымша

Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсетуге тартылған
ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-қимыл диаграммасы



  "Фильмге прокаттау куәлiгiн
беру" мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентіне 2 қосымша

"Фильмге прокаттау куәлігін беру" мемлекеттік
қызмет көрсету бизнес-процесстерінің анықтамалығы



  Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт
министрінің міндетін
атқарушының
2015 жылғы 22 мамырдағы
№ 191 бұйрығына
2 қосымша

"Тарих және мәдениет ескерткiштерiндегі археологиялық және (немесе) ғылыми-рестраврациялық жұмыстарды жүзеге асыру жөнiндегi қызметке лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

      Ескерту. Регламент жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 15.05.2018 № 109 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Тарих және мәдениет ескерткiштерiндегі археологиялық және (немесе) ғылыми-рестраврациялық жұмыстарды жүзеге асыру жөнiндегi қызметке лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – Мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 22 сәуірдегі № 146 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11238 тіркелген) "Тарих және мәдениет ескерткiштерiндегі археологиялық және (немесе) ғылыми-рестраврациялық жұмыстарды жүзеге асыру жөнiндегi қызметке лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес (бұдан әрі – стандарт) Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Мемлекеттік қызметті көрсетуге өтініш қабылдау және олардың нәтижелерін беру:

      1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорация" коммерциялық емес акционерлік қоғам (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);

      2) www.egov.kz "электрондық үкiмет", www.elicense.kz веб-порталдары (бұдан әрі-портал) арқылы жүзеге асырылады.

      2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық нысан (ішінара автоматтандырылған).

      3. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі:

      тарих және мәдениет ескерткiштерiнде археологиялық және (немесе) ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүзеге асыру жөнiндегi қызметке лицензия (бұдан әрі - лицензия) беру;

      тарих және мәдениет ескерткiштерiнде археологиялық және (немесе) ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүзеге асыру жөнiндегi қызметке лицензияны қайта рәсімдеу ( бұдан әрі - лицензияны қайта рәсімдеу);

      стандарттың 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады (бұдан әрі – бас тарту туралы дәлелді жауап).

      Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны – электрондық нысан.

2-тарау. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде көрсетiлетiн қызмет берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) iс-қимыл тәртiбiнің сипаттамасы

      4. Мемлекеттік қызметті көрсету жөніндегі рәсімді (іс-қимылды) бастау үшін негіздеме заңды және жеке тұлғадан (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) стандарттың 9-тармағында көзделген, Мемлекеттік корпорация немесе портал арқылы қабылданған құжаттар болып табылады.

      5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (iс-қимылдың) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы:

      лицензия беру барысында:

      1) құжаттарды қабылдау және тіркеу – 1 (бір) жұмыс күні ішінде;

      2) құжаттардың толықтығын тексеру:

      құжаттар толық болмаған жағдайда 1 (бір) жұмыс күні ішінде бас тарту туралы дәлелді жауап жолданады;

      құжаттар толық болған жағдайда 2 (екі) жұмыс күні ішінде облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарына (бұдан әрі – келісуші органдар) келісімге жолданады.

      3) келісуші органдар 10 (он) жұмыс күні ішінде құжаттарды қарайды және көрсетілетін қызметті берушіге келісетіндігі немесе бас тартатындығы туралы дәлелді жауап жолдайды;

      4) келісуші органның жауабы негізінде 2 (екі) күні ішінде жауапты орындаушы лицензия немесе бас тарту туралы дәлелді жауап дайындайды, қол қоюға және тіркеуге жолдайды.

      Лицензияны қайта рәсімдеу барысында:

      1) құжаттарды қабылдау және тіркеу – 1 бір жұмыс күні ішінде;

      2) құжаттардың толықтығын тексеру:

      құжаттар толық болмаған жағдайда 1 (бір) жұмыс күні ішінде бас тарту туралы дәлелді жауап жолданады;

      құжаттар толық болған жағдайда 1 (бір) жұмыс күні ішінде жауапты орындаушы қайта рәсімделген лицензияны дайындайды, қол қоюға және тіркеуге жолдайды.

3-тарау. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде көрсетiлетiн қызмет берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) өзара iс-қимыл тәртiбiнің сипаттамасы

      6. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:

      1) портал арқылы келіп түскен өтініштерді тіркейтін қызметкер;

      2) көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшенің басшысы, басшы орынбасары, көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы;

      3) жауапты орындаушы.

      7. Әрбiр рәсiмнiң (iс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлiмшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсiмдер (iс-қимылдар) кезектілігінің сипаттамасы:

      лицензия беру барысында:

      1) келіп түскен өтініштерді тіркейтін қызметкер өтініштерді қабылдауды және тіркелуді қамтамасыз етіп, құрылымдық бөлімшенің басшысына жолдайды, құрылымдық бөлімшенің басшысы 1 (бір) күні жұмыс ішінде құжаттарды жауапты орындаушыға қарауға жолдайды;

      2) жауапты орындаушы құжаттардың толықтығын тексереді:

      құжаттар толық болмаған жағдайда 1 (бір) жұмыс күні ішінде бас тарту туралы дәлелді жауапты әзірлеп, құрылымдық бөлімшенің басшысына, басшы орынбасарына, басшыға қол қоюға және тіркеуге жолдайды;

      құжаттар толық болған жағдайда 2 (екі) жұмыс күні ішінде келісуші органдарға келісімге жолдайды.

      3) келісуші органдар 10 (он) жұмыс күні ішінде құжаттарды қарайды және көрсетілетін қызметті берушіге келісетіндігі немесе бас тартатындығы туралы дәлелді жауап жолдайды;

      4) келісуші органның жауабы негізінде 1 (бір) жұмыс күні ішінде жауапты орындаушы лицензия немесе бас тарту туралы дәлелді жауап дайындайды, құрылымдық бөлімшенің басшысына және басшы орынбасарына қол қоюға жолдайды;

      5) құрылымдық бөлімшенің басшысы және басшы орынбасары қол қойған лицензия 1 (бір) жұмыс күні ішінде басшыға қол қоюға және тіркеуге жолданады.

      Лицензияны қайта рәсімдеу барысында:

      1) келіп түскен өтініштерді тіркейтін орындаушы құжаттарды қабылдауды және тіркелуді қамтамасыз етіп, құрылымдық бөлімшенің басшысына жолдайды, құрылымдық бөлімшенің басшысы 1 (бір) күні жұмыс ішінде құжаттарды жауапты орындаушыға қарауға жолдайды;

      2) жауапты орындаушы құжаттардың толықтығын тексереді:

      құжаттар толық болмаған жағдайда 1 (бір) жұмыс күні ішінде бас тарту туралы дәлелді жауапты әзірлеп, құрылымдық бөлімшенің басшысына, басшы орынбасарына, басшыға қол қоюға және тіркеуге жолдайды;

      құжаттар толық болған жағдайда 2 (екі) жұмыс күні ішінде жауапты орындаушы лицензияны қайта рәсімдеуді әзірлеп, құрылымдық бөлімшенің басшысына, басшы орынбасарына, басшыға қол қоюға және тіркеуге жолдайды.

4-тарау. Мемлекеттік корпорация және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау

      8. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету процесінің сипаттамасы, оның ұзақтығы:

      1) мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың тізімдемесімен Мемлекеттік корпорацияға жүгінеді;

      2) Мемлекеттік корпорацияда көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсету ұзақтығы – 15 минут;

      3) көрсетілетін қызметті алушының сұрау салуын Мемлекеттік корпорациядан көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесіне жіберу мерзімі – құжаттарды қабылдағаннан кейін бірден жіберіледі.

      9. Мемлекеттік корпорацияда құжаттарды қабылдау "электронды кезек" тәртібімен жеделдетілген қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады. Көрсетілетін қызметті алушының қалауы бойынша портал арқылы электрондық кезекті "брондауға" болады.

      Көрсетілген органның құжаттарды қабылдаған күні туралы белгі және нәтижені жоспарлы беру уақыты қойылған, көшірмесі уақыты көрсетілетін қызметті алушыға табыс етілетін тізімдеме өтініштің қабылданғанын растау болып табылады.

      10. Жүгіну тәртібін және портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті беруші мен көрсетілетін қызметті алушының рәсімдерінің (іс-қимылдарының) реттілігін сипаттау осы регламентке 1-қосымшаға сәйкес Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсетуге тартылған ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-қимыл диаграммасы:

      1) көрсетілетін қызметті алушы өзінің электрондық цифрлық қолтаңбамен (бұдан әрі – ЭЦҚ) тіркеу куәлігі арқылы порталда тіркеуді жүзеге асырады;

      2) 1-процесс – көрсетілетін қызметті алушы ЭЦҚ тіркеу куәлігін бекіту, мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушының порталға құпия сөз енгізу процесі;

      3) 1-шарт – порталда логин және құпия сөз арқылы тіркелген көрсетілетін қызметті алушы туралы деректердің нақтылығын тексеру;

      4) 2-процесс – көрсетілетін қызметті алушының деректерінде бұзушылықтардың болуына байланысты авторландырудан бас тарту туралы порталда хабарлама қалыптастыру;

      5) 3-процесс – көрсетілетін қызметті алушының порталда осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде көрсетілген қызметті таңдауы, қызметті көрсету үшін сұрау нысанын экранға шығару және оның құрылымы мен форматтық талаптарын ескере отырып, сұраудың нысанына электрондық түрдегі қажетті құжаттарды тіркей отырып, көрсетілетін қызметті алушының нысанды толтыруы (деректерді енгізуі);

      6) 4-процессс – электрондық үкіметінің төлем шлюзі арқылы қызметке ақы төлеу;

      7) 2-шарт – "Е-лицензиялау" мемлекеттік деректер қорының ақпараттық жүйесінде (әрі қарай - МДҚ АЖ) көрсетілетін қызмет үшін ақы төлеу фактісін тексеру;

      8) 5-процесс – порталда көрсетілетін қызмет үшін төлемақы болмағандықтан, сұрау салынған көрсетілетін қызметтен бас тарту туралы хабарлама қалыптастыру;

      9) 6-процесс – алушының сұрауды растау (қол қою) үшін ЭЦҚ тіркеу куәлігін таңдауы;

      10) 3-шарт – порталда ЭЦҚ тіркеу куәлігінің қолданылу мерзімін және тізімде кері қайтарылған (күшін жойған) тіркеу куәліктерінің болмауын, сондай-ақ сауалда көрсетілген жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН)/бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – БСН) мен ЭЦҚ тіркеу куәлігінде көрсетілген ЖСН/БСН арасындағы сәйкестендіру деректерінің сәйкестігін тексеру;

      11) 7-процесс – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ түпнұсқасы расталмағандықтан, сұрау салынған көрсетілетін қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;

      12) 8-процесс – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ арқылы көрсетілетін қызметті алуға арналған сұраудың (енгізілген деректердің) толтырылған нысанын растауы (қол қоюы);

      13) 9-процесс – электрондық құжатты (көрсетілетін қызметті алушының сұрауын) "Е-лицензиялау" МДҚ АЖ-де тіркеу;

      14) 10-процесс – осы регламенттің 5-тармағының 3) - 6) тармақшаларында көзделген рәсімдерді (іс-қимылдарды) жүзеге асыру;

      15) 11-процесс – көрсетілетін қызметті алушының "Е-лицензиялау" МДҚ АЖ-де қалыптастырылған көрсетілетін қызметтің нәтижесін (электрондық лицензияны) алуы. Электрондық құжат көрсетілетін қызметті алушының уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ қолдана отырып қалыптастырылады немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәжделген жауабы туралы хат мемлекеттік қызметті алушыға "Е-лицензиялау" АЖ МДҚ жолданады.

      11. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдердің (іс-қимылдардың) ретін, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының толық сипаттамасы, сондай-ақ өзге көрсетілген қызметті берушілер және (немесе) Мемлекеттік корпорациямен өзара іс-қимыл тәртібінің және мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді қолдану тәртібінің сипаттамасы осы регламенттің 2-қосымшасына сәйкес "Тарих және мәдениет ескерткiштерiндегі археологиялық және (немесе) ғылыми-рестраврациялық жұмыстарды жүзеге асыру жөнiндегi қызметке лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процесстерінің анықтамалығында көрсетіледі. "Тарих және мәдениет ескерткiштерiндегі археологиялық және (немесе) ғылыми-рестраврациялық жұмыстарды жүзеге асыру жөнiндегi қызметке лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процесстері анықтамалығы "электрондық үкімет" веб-порталында, көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында орналастырылады.

  "Тарих және мәдениет
ескерткiштерiндегі
археологиялық және (немесе)
ғылыми-рестраврациялық
жұмыстарды жүзеге асыру
жөнiндегi қызметке
лицензия беру" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
регламентіне 1 қосымша

Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсетуге тартылған ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-қимыл диаграммасы





  "Тарих және мәдениет
ескерткiштерiндегі
археологиялық және (немесе)
ғылыми-рестраврациялық
жұмыстарды жүзеге асыру
жөнiндегi қызметке
лицензия беру" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
регламентіне
2 қосымша

"Тарих және мәдениет ескерткiштерiндегі археологиялық және (немесе) ғылыми-рестраврациялық жұмыстарды жүзеге асыру жөнiндегi қызметке лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметі бизнес-процесстерінің анықтамалығы



      Шартты атаулар:



  Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрі
міндетін атқарушының
2015 жылғы 22 мамырдағы
№ 191 бұйрығына
3 қосымша

"Ұлттық мәдени игілік объектілерінің мемлекеттік тізіліміне объектілерді қосу туралы жеке және (немесе) заңды тұлғалардың өтініштерін қарау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

      Ескерту. Регламент алып тасталды – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 21.07.2017 № 212 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.