«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мына:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес «Мұрағат анықтамаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес «Қазақстан Республикасының мемлекеттік мұрағаттарынан шығатын және шетелге жіберілетін мұрағаттық анықтамалар мен мұрағаттық құжаттардың көшірмелеріне апостиль қою» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Мұрағаттық іс және құжаттама департаменті заңнамада белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлiгiнде мемлекеттік тiркелуiн;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жариялануын;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
4) осы тармақпен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді іс-шараларды орындағаннан кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министрiне жүктелсiн.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт
министрі А.Мұхамедиұлы
Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрінің
2015 жылғы 15 мамырдағы
№ 184 бұйрығына
1-қосымша
«Мұрағат анықтамаларын беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. «Мұрағат анықтамаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 20 мамырда № 11086 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 138 бұйрығымен бекітілген «Мұрағат анықтамаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі стандартына (бұдан әрі – стандарт) сәйкес «Қазақстан Республикасы Ұлттық мұрағаты» республикалық мемлекеттік мекемесі, орталық мемлекеттік мұрағаттар, облыстардың, қалалардың, аудандардың мемлекеттік мұрағаттары және олардың филиалдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетудің нәтижесін беру:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
2) көрсетілетін қызметті алушының қалауы бойынша Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – ХҚО);
3) www.egov.kz «электрондық үкiмет» веб-порталы (бұдан әрi – портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
3. Әлеуметтік-құқықтық сипаттағы келесі мәліметтерді: жұмыс өтілін, жалақы мөлшерін, жасын, отбасының құрамын, білімін, марапатталғанын, зейнетақы жарнасы мен әлеуметтік төлемдердің аударылуын, ғылыми дәрежелер мен атақтардың берілуін, жазатайым оқиғаны, емделуде немесе қоныс аударуда болуын, қуғын-сүргінге ұшырағанын, жаппай саяси қуғын-сүргiндер құрбандарын ақтау, Қарулы Күштерде, әскери бөлімдер мен құралымдардағы қызметін, экологиялық апат аймақтарында тұрғанын, бас бостандығынан айыру жерлерінде болғанын, азаматтық хал актілері, құқық белгілеуші және сәйкестендіру құжаттары жөніндегі мәліметтерді растау туралы мұрағат анықтамасы немесе олардың болмауы туралы жауап мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі болып табылады (бұдан әрі – мұрағат анықтамасы және (немесе) ілеспе хат).
Портал арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алу күні мен орны көрсетілген хабарлама жолданады.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны – қағаз түрінде.
Мемлекеттiк қызмет ақысыз негізде жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетіледі.
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимылының тәртібін сипаттау
4. Көрсетілетін қызметті берушінің, ХҚО немесе портал арқылы стандарттың 9-тармағында қарастырылған құжаттарды қабылдау мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету бойынша рәсімдерді (іс-қимылдарды) бастауға негіздеме болып табылады.
5. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы:
1) көрсетілетін қызмет берушінің кеңсе қызметкері көрсетілетін қызметті алушыдан 30 (отыз) минут ішінде құжаттардың стандарттың 9-тармағына сәйкес келуін тексеру арқылы қабылдауы және өтінішті тіркейді (құжаттар сағат 17.30-дан кейін түскен жағдайда өтініш келесі жұмыс күні тіркеледі).
Құжаттарды қабылдаған кезде көрсетілетін қызмет берушінің кеңсе қызметкері көрсетілетін қызметті алушының өтінішінің көшірмесіне құжаттарды қабылдау күні мен уақыты, құжаттарды қабылдаған тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) көрсетілген мөртабан қояды;
2) құжаттар қабылданғаннан және өтініш тіркелгеннен кейін көрсетілетін қызмет берушінің кеңсе қызметкері құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің басшысына, басшысының орынбасарына, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің басшысына көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына бұрыштама жазу үшін жолдайды 4 (төрт) сағат ішінде;
3) көрсетілетін қызметті беруші басшысының, басшы орынбасарының, құрылымдық бөлімше басшысының бұрыштамасының негізінде мұрағаттық мәліметтерді іздестіру және мұрағат анықтамасын және (немесе) ілеспе хат дайындау арқылы күнтізбелік 11 (он бір) күн, ал мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету үшін екі немесе одан да көп ұйымдардың, сондай-ақ уақыты 5 (бес) жылдан асқан кезеңнің құжаттарын зерделеу қажет болған жағдайда – 41 (қырық бір) күн ішінде құжаттарды қарастырады (бұл ретте көрсетілетін қызметті алушыға қарау мерзімі ұзартылған күннен бастап күнтізбелік 3 (үш) күн ішінде хабарлама жолданады);
4) мұрағат анықтамасының жобасы келіп түскен жағдайда мұрағат анықтамасының және (немесе) ілеспе хаттың, хабарламаның (мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету мерзімі ұзартылған жағдайда) жобасын қарастыру және бұрыштама (қол) қою 2 (екі) жұмыс күні ішінде;
5) мұрағат анықтамасына және (немесе) ілеспе хатқа, хабарламаға (мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету мерзімі ұзартылған жағдайда) қол қойылғаннан кейін қол қойылған күні тіркеу және көрсетілетін қызметті алушыға немесе ХҚО-ға жолдау, портал арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметтің дайындығы туралы хабарлама жолданады.
6. Келесі рәсімді (іс-қимылдарды) орындауды бастау үшін негіздеме болатын мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету бойынша рәсімдердің (іс-қимылдардың) нәтижесі:
1) көрсетілетін қызметті алушының тіркелген өтініші;
2) көрсетілетін қызметті беруші басшысының, басшы орынбасарының, құрылымдық бөлімше басшысының бұрыштамасы;
3) мұрағат анықтамасының және (немесе) ілеспе хаттың, хабарламаның (мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету мерзімі ұзартылған жағдайда) жобасы;
4) қол қойылған мұрағат анықтамасы және (немесе) ілеспе хат, хабарлама (мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету мерзімі ұзартылған жағдайда);
5) тіркелген мұрағат анықтамасы және (немесе) ілеспе хат, хабарлама (мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету мерзімі ұзартылған жағдайда) немесе хабарламаның шығыс нөмірі.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылы тәртібін сипаттау
7. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушілердің, құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы, басшының орынбасары, құрылымдық бөлімшенің басшысы;
3) жауапты орындаушы.
8. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігінің сипаттамасы:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкерінің көрсетілетін қызметті алушыдан 30 (отыз) минут ішінде кеңсе қызметкерінің құжаттардың стандарттың 9-тармағына сәйкес келуін тексеру арқылы қабылдауы және кеңсе қызметкерінің өтінішті тіркейді (құжаттар сағат 17.30-дан кейін түскен жағдайда өтініш келесі жұмыс күні тіркеледі).
Құжаттарды қабылдаған кезде көрсетілетін қызмет берушінің кеңсе қызметкері көрсетілетін қызметті алушының өтінішінің көшірмесіне құжаттарды қабылдау күні мен уақыты, құжаттарды қабылдаған тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) көрсетілген мөртабан қояды;
2) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкерінің құжаттарды жауапты орындаушыға бұрыштама жазу үшін көрсетілетін қызметті берушінің басшысына, басшының орынбасарына, құрылымдық бөлімшенің басшысына жолдауы 3 (үш) сағат ішінде;
3) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкерінің бұрыштама қойылған құжаттарды 1 (бір) сағат ішінде жауапты орындаушыға орындау үшін жолдауы;
4) жауапты орындаушы мұрағаттық мәліметтерді іздестіру және мұрағат анықтамасын және (немесе) ілеспе хат дайындау арқылы күнтізбелік 11 (он бір) күн ішінде, ал мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету үшін екі немесе одан да көп ұйымдардың, сондай-ақ уақыты 5 (бес) жылдан асқан кезеңнің құжаттарын зерделеу қажет болған жағдайда, – 41 (қырық бір) күн ішінде құжаттарды қарастырады (бұл ретте көрсетілетін қызметті алушыға қарау мерзімі ұзартылған күннен бастап күнтізбелік 3 (үш) күн ішінде хабарлама жолданады);
5) көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшенің басшысы, басшысының орынбасары, басшысы 2 (екі) жұмыс күні ішінде мұрағат анықтамасын және (немесе) ілеспе хаттың, хабарламаны (мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету мерзімі ұзартылған жағдайда) қарастырады және бұрыштама (қол) қояды;
6) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы мұрағат анықтамасына, хабарламаға (мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету мерзімі ұзартылған жағдайда) қол қойғаннан кейін жауапты орындаушы кеңсе қызметкеріне береді, ал кеңсе қызметкері мұрағат анықтамасын және (немесе) ілеспе хатты, хабарламаны (мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету мерзімі ұзартылған жағдайда) 4 (төрт) сағат ішінде тіркейді;
7) кеңсе қызметкері көрсетілетін қызметті алушыға немесе ХҚО арқылы мұрағат анықтамасын және (немесе) ілеспе хатты, хабарламаны (мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету мерзімі ұзартылған жағдайда) береді немесе жолдайды, немесе портал арқылы 1 (бір) сағат ішінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтің дайындығы туралы хабарлама жолдайды.
4. ХҚО және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау
9. ХҚО-ға жүгіну тәртібінің сипаттамасы, көрсетілетін қызметті алушының өтінішін өңдеу ұзақтығы:
1) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ХҚО-ға «электрондық» кезек тәртібімен жүгінеді. Қажет болған жағдайда көрсетілетін қызметті алушының электрондық кезекті портал арқылы «броньдау» мүмкіндігі бар.
2) 1-үдеріс – ХҚО қызметкерінің Халыққа қызмет көрсету орталығының ақпараттық жүйесінің автоматтандырылған жұмыс орнына (бұдан әрі – ХҚО ЫАЖ АЖО) логин мен парольді енгізуі (авторизациялану үдерісі) 5 (бес) минут ішінде;
3) 2-үдеріс – ХҚО қызметкерінің мемлекеттік көрсетілетін қызметті таңдауы, қызметті көрсету үшін экранға сұраныс үлгісін шығару және ХҚО операторының көрсетілетін қызметті алушының деректерін, сонымен қатар сенімхат бойынша (нотариус куәландырған сенімхат болған жағдайда, басқа сенімхат болған жағдайда – бұл деректер енгізілмейді) көрсетілетін қызметті алушы өкілінің деректерін енгізуі 5 (бес) минут ішінде;
4) 3-үдеріс – «электрондық үкімет» шлюзы (бұдан әрі – ЭҮШ) арқылы «Заңды тұлғалар» мемлекеттік дерек қорына (бұдан әрі – ЗТ МДҚ) немесе «Жеке тұлғалар» мемлекеттік дерек қорына (бұдан әрі – ЖТ МДҚ) көрсетілетін қызметті алушының деректері туралы, сонымен қатар бірыңғай нотариалдық ақпараттық жүйесіне (бұдан әрі – БНАЖ) көрсетілетін қызметті алушы өкілі сенімхатының деректері туралы сұранысты жолдау 2 (екі) минут ішінде;
5) 1-шарт – көрсетілетін қызметті алушы деректерінің ЖТ МДҚ-да және сенімхат деректерінің БНАЖ-да болуын тексеру 1 (бір) минут ішінде;
6) 4-үдеріс – көрсетілетін қызметті алушының деректерінің ЗТ МДҚ/ЖТ МДҚ-да және сенімхат деректерінің БНАЖ-да болмауына байланысты деректерді алу мүмкіндігінің жоқтығы туралы хабарламаны құрастыру 2 (екі) минут ішінде;
7) 5-үдеріс – ХҚО қызметкерінің сұраныс нысанының қағаз тасығыштағы құжаттардың болуы бөлігін толтыруы және көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттарды сканерлеуі, оларды сұраныс нысанына тіркеуі және толтырлған нысанды (енгізілген деректерді) электрондық цифрлық қолтаңбамен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландыруы;
8) 2-шарт – ХҚО қызметкерінің құжаттардың стандарттың 9-тармағына сәйкес келуін тексеруі;
9) 6-үдеріс – көрсетілетін қызметті алушының құжаттарындағы бұзушылықтарға байланысты сұратылған мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуден бас тарту туралы хабарламаны құрастыру;
10) 7-үдеріс – ХҚО қызметкерінің ЭЦҚ-сымен куәландырылған (қол қойылған) электрондық құжатты (көрсетілетін қызметті алушының сұранысын) ЭҮП арқылы электрондық үкіметтің аймақтық шлюзі автоматтандырылған жұмыс орнына (бұдан әрі – ЭҮАШ АЖО) жолдау 2 (екі) минут ішінде немесе құжаттарды көрсетілетін қызметті берушіге қағаз түрінде курьерлік байланыс арқылы жолдау;
11) 8-үдеріс – электрондық құжатты көрсетілетін қызметті берушінің автоматтандырылған жұмыс орнында (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті берушінің АЖО) тіркеу;
12) 9-үдеріс – осы регламенттің 5-тармағы 2)-5) тармақшаларында қарастырылған рәсімдерді (іс-әрекеттерді) іске асыру;
13) процесс 10-үдеріс – көрсетілетін қызметті алушының ХҚО арқылы мұрағат анықтамасын және (немесе) ілеспе хатты, хабарламаны (мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету мерзімі ұзартылған жағдайда) алуы.
Құжаттарды ХҚО-ға тапсыру күні мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету мерзіміне кірмейдіі.
10. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін ХҚО арқылы алу үдерісінің сипаттамасы, оның ұзақтығы:
көрсетілетін қызметті алушының мұрағат анықтамасын, хабарламаны (мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету мерзімі ұзартылған жағдайда) алуы ХҚО қызметкері арқылы 15 (он бес) минут ішінде жүргізіледі.
ХҚО-да мұрағат анықтамасын, хабарламаны (мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету мерзімі ұзартылған жағдайда) беру тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхаттың негізінде, көрсетілетін қызметті алушының жеке куәлігін ұсынған жағдайда іске асырылады.
ХҚО мұрағат анықтамасын және (немесе) ілеспе хатты, хабарламаны (мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету мерзімі ұзартылған жағдайда)1 (бір) ай бойы сақтауды қамтамасыз етеді, одан кейін оны көрсетілетін қызметті берушіге 1 (бір) ай бойы сақтау үшін тапсырады. Көрсетілетін қызметті алушы 1 (бір) ай өткеннен кейін жүгінген кезде ХҚО-ның сұрауы бойынша көрсетілетін қызметті беруші 10 (он) жұмыс күнінің ішінде мұрағат анықтамасын және (немесе) ілеспе хатты, хабарламаны (мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету мерзімі ұзартылған жағдайда) көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін ХҚО-ға жолдайды.
11. Портал арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті беруші мен көрсетілетін қызметті алушының жүгіну және рәсімдерінің (іс-қимылдарының) реттілігінің сипаттамасы:
1) 1-үдеріс – көрсетілетін қызметті алушы жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН) немесе бизнес сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – БСН), сонымен қатар пароль немесе ЭЦҚ арқылы порталда авторизациялануды іске асырады, тіркелмеген жағдайда тіркелу рәсімінен өту қажет 2 (екі) минут ішінде;
2) 1-шарт – порталда тіркелген көрсетілетін қызметті алушының деректерінің дұрыстығын логин (ЖСН) және пароль арқылы тексеру 2 (екі) минут ішінде;
3) 2-үдеріс – көрсетілетін қызметті алушының деректеріндегі бұзушылықтарға байланысты порталдың авторизацияланудан бас тарту туралы дәйекті хабарлама құрастыруы 2 (екі) минут ішінде;
4) 3-үдеріс – көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті таңдауы, мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету үшін экранға сұраныс үлгісін шығару және көрсетілетін қызметті алушының оның құрылымы мен форматтық талаптарын ескере отырып нысанды толтыруы (деректерді енгізу), сұраныс нысанына электрондық түрдегі стандарттың 9-тармағында көрсетілген қажетті құжаттарды тіркеу, сонымен қатар көрсетілетін қызметті алушының сұранысты куәландыру (қол қою) үшін ЭЦҚ-ның тіркеу куәлігін таңдауы 15 (он бес) минут ішінде;
5) 2-шарт – порталда ЭЦҚ-ның тіркеу куәлігінің қызмет мерзімін және қайтарылған (жойылған) тіркеу куәліктерінің тізімінде болмауын, сонымен қатар сәйкестендіру деректерінің (сұраныста көрсетілген ЖСН/БСН мен ЭЦҚ-ның тіркеу куәлігінде көрсетілген ЖСН/БСН арасындағы) сәйкес келуін тексеру 2 (екі) минут ішінде;
6) 4-үдеріс – көрсетілетін қызметті алушы ЭЦҚ-сы түпнұсқалылығының расталмауына байланысты сұратылған мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуден дәйекті бас тарту туралы хабарлама құрастыру 2 (екі) минут ішінде;
7) 5-үдеріс – мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету үшін сұранысты көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландыруы (қол қоюы) және электрондық құжатты (сұранысты) ЭҮШ арқылы көрсетілетін қызметті берушінің өңдеуі үшін көрсетілетін қызметті берушінің АЖО-на жолдау 7 (жеті) минут ішінде;
8) 6-үдеріс – электрондық құжатты қызметті берушінің АЖО-да тіркеу 2 (екі) минут ішінде;
9) 3-үдеріс – көрсетілетін қызметті берушінің келіп түскен құжаттардың стандарттың 9-тармағына сәйкес келуін тексеруі 15 (он бес) минут ішінде;
10) 7-үдеріс – құжаттар стандарттың 9-тармағына сәйкес келмеген жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуден бас тарту туралы хабарлама құрастыру 2 (екі) минут ішінде;
11) 8-үдеріс – осы регламенттің 5-тармағы 2)-5) тармақшаларында қарастырылған рәсімдерді (іс-әрекеттерді) іске асыру;
12) 9-үдеріс – көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушінің АЖО құрастырған нәтижені ХҚО-да алу күні, уақыты мен орны көрсетілген мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету нәтижесінің дайындығы туралы хабарлама алуы Хабарлама көрсетілетін қызметті берушінің өкілетті тұлғасының ЭЦҚ қолдану арқылы құрастырылады.
Көрсетілетін қызметті алушының портал арқылы жүгінген кездегі іс-әрекеттері мен шешімдері осы регламентке 1-қосымшаға сәйкес портал арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету кезінде өзара функционалды әрекет етудің № 1-диаграммасында келтірілген.
12. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылының, рәсімдерінің (әрекеттерінің) толық сипаттамасы, сондай-ақ ХҚО және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібі және мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібінің сипаттамасы осы реглементке 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетілген.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығы «электрондық үкімет» веб-порталында, көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында орналастырылады.
«Мұрағат анықтамаларын беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
Регламентіне
1-қосымша
Портал арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету кезінде өзара функционалды әрекет етудің № 1-диаграммасы
Шартты белгілер:
«Мұрағат анықтамаларын беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
Регламентіне
2-қосымша
«Мұрағат анықтамаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметін көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы
Шартты белгілер:
*ҚФБ – құрылымдық-функционалдық бірлік: көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің), ХҚО, порталдың өзара іс-қимылдары
Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрінің
2015 жылғы 15 мамырдағы
№ 184 бұйрығына
2-қосымша
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік мұрағаттарынан шығатын және шетелге жіберілетін мұрағаттық анықтамалар мен мұрағаттық құжаттардың көшірмелеріне апостиль қою» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік мұрағаттарынан шығатын және шетелге жіберілетін мұрағаттық анықтамалар мен мұрағаттық құжаттардың көшірмелеріне апостиль қою» мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 20 мамырда № 11086 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 138 бұйрығымен бекітілген «Қазақстан Республикасының мемлекеттік мұрағаттарынан шығатын және шетелге жіберілетін мұрағаттық анықтамалар мен мұрағаттық құжаттардың көшірмелеріне апостиль қою» мемлекеттік көрсетілетін қызметі стандартына (бұдан әрі – стандарт) сәйкес Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетудің нәтижесін беру:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
2) көрсетілетін қызметті алушының қалауы бойынша Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – ХҚО);
3) www.egov.kz «электрондық үкiмет» веб-порталы (бұдан әрi – портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
3. Қазақстан Республикасының мемлекеттік мұрағаттарынан шығатын және шетелге жіберілетін мұрағат анықтамаларының және (немесе) мұрағаттық құжаттардың көшірмелеріне (бұдан әрі – құжаттар) апостиль мөртаңбасын қою мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі болып табылады.
Портал арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алу күні мен орны көрсетілген хабарлама жолданады.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны – қағаз түрінде.
Мемлекеттiк қызмет ақысыз негізде жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетіледі.
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимылының тәртібін сипаттау
4. Көрсетілетін қызметті берушінің, ХҚО немесе портал арқылы стандарттың 9-тармағында қарастырылған құжаттарды қабылдау мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету бойынша рәсімдерді (іс-қимылдарды) бастауға негіздеме болып табылады.
5. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы:
1) көрсетілетін қызмет берушінің кеңсе қызметкері көрсетілетін қызметті алушыдан 30 (отыз) минут ішінде құжаттардың стандарттың 9-тармағына сәйкес келуін тексеру арқылы қабылдауы және өтінішті тіркейді (құжаттар сағат 17.30-дан кейін түскен жағдайда өтініш келесі жұмыс күні тіркеледі).
Құжаттарды қабылдаған кезде көрсетілетін қызмет берушінің кеңсе қызметкері көрсетілетін қызметті алушының өтінішінің көшірмесіне құжаттарды қабылдау күні мен уақыты, құжаттарды қабылдаған тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты көрсетілген мөртабан қояды;
2) құжаттар қабылданғаннан және өтініш тіркелгеннен кейін көрсетілетін қызмет берушінің кеңсе қызметкері көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына бұрыштама жазып беру үшін құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің басшысына, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің басшысына жолдайды 4 (төрт) сағат ішінде;
3) көрсетілетін қызметті беруші басшысының, құрылымдық бөлімше басшысының бұрыштамасының негізінде көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысының апостиль қоюы және оған жазба енгізуі және (немесе) ілеспе хатты дайындау 1 (бір) жұмыс күні ішінде;
4) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы апостильге және (немесе) ілеспе хатқа қол қояды 4 (төрт) сағат ішінде;
5) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы апостильге қол қойғаннан кейін көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы Апостиль қою үшін ұсынылған құжаттарды тіркеу кітабына апостильді тіркеу 4 (төрт) сағат ішінде;
6) апостиль тіркелгеннен кейін апостиль мөртабаны бар құжаттарды және (немесе) ілеспе хатты көрсетілетін қызметті алушыға беру немесе ХҚО-ға жолдау, портал арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметтің дайындығы туралы хабарлама жолданады 1 (бір) сағат ішінде.
6. Келесі рәсімді (іс-қимылдарды) орындауды бастау үшін негіздеме болатын мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету бойынша рәсімдердің (іс-қимылдардың) нәтижесі:
1) көрсетілетін қызметті алушының тіркелген өтініші;
2) көрсетілетін қызметті беруші басшысының, құрылымдық бөлімше басшысының бұрыштамасы;
3) апостиль қою және (немесе) ілеспе хат дайындау;
4) қол қойылған апостиль және (немесе) ілеспе хат;
5) Апостиль қою үшін ұсынылған құжаттарды тіркеу кітабындағы жазба;
6) апостиль мөртабаны бар құжаттар және (немесе) ілеспе хат немесе хабарламаның шығыс нөмірі.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылы тәртібін сипаттау
7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушілердің, құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы, құрылымдық бөлімшенің басшысы;
3) жауапты орындаушы.
8. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігінің сипаттамасы:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкерінің көрсетілетін қызметті алушыдан кеңсе қызметкерінің құжаттардың стандарттың 9-тармағына сәйкес келуін тексеру арқылы қабылдауы және кеңсе қызметкерінің өтінішті тіркеуі 30 (отыз) минут ішінде (құжаттар сағат 17.30-дан кейін түскен жағдайда өтініш келесі жұмыс күні тіркеледі).
Құжаттарды қабылдаған кезде көрсетілетін қызмет берушінің кеңсе қызметкері көрсетілетін қызметті алушының өтінішінің көшірмесіне құжаттарды қабылдау күні мен уақыты, құжаттарды қабылдаған тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты көрсетілген мөртабан қояды;
2) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкерінің құжаттарды жауапты орындаушыға бұрыштама жазу үшін көрсетілетін қызметті берушінің басшысына, құрылымдық бөлімшенің басшысына жолдауы 3 (үш) сағат ішінде;
3) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкерінің бұрыштама қойылған құжаттарды жауапты орындаушыға орындау үшін жолдауы 1 (бір) сағат ішінде;
4) жауапты орындаушының құжаттарды қарастыруы және апостиль қоюы, жауапты орындаушының оған мәліметтерді жазуы және (немесе) ілеспе хат дайындауы 1 (бір) жұмыс күні ішінде;
5) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы апостильге және (немесе) ілеспе хатқа қол қояды 4 (төрт) сағат шінде;
6) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы апостильге қол қойғаннан кейін жауапты орындаушы апостильді Апостиль қою үшін ұсынылған құжаттарды тіркеу кітабында тіркейді 4 (төрт) сағат ішінде;
7) жауапты орындаушы апостиль мөртабаны бар құжаттарды және (немесе) ілеспе хатты көрсетілетін қызметті алушыға береді немесе оларды кеңсе қызметкеріне ХҚО-ға жолдау үшін береді 1 (бір) сағат ішінде;
8) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері көрсетілетін қызметті алушыға немесе ХҚО арқылы апостиль мөртабаны бар құжаттарды (немесе) ілеспе хатты береді немесе жолдайды, немесе портал арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметтің дайындығы туралы хабарлама жолдайды 1 (бір) сағат ішінде.
4. ХҚО және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау
9. ХҚО-ға жүгіну тәртібінің сипаттамасы, көрсетілетін қызметті алушының өтінішін өңдеу ұзақтығы:
1) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ХҚО-ға «электрондық» кезек тәртібімен жүгінеді. Қажет болған жағдайда көрсетілетін қызметті алушының электрондық кезекті портал арқылы «броньдау» мүмкіндігі бар.
2) 1-үдеріс – ХҚО қызметкерінің Халыққа қызмет көрсету орталығының ақпараттық жүйесінің автоматтандырылған жұмыс орнына (бұдан әрі – ХҚО ЫАЖ АЖО) логин мен парольді енгізуі (авторизациялану үдерісі) 5 (бес) минут ішінде;
3) 2-үдеріс – ХҚО қызметкерінің мемлекеттік көрсетілетін қызметті таңдауы, қызметті көрсету үшін экранға сұраныс үлгісін шығару және ХҚО операторының көрсетілетін қызметті алушының деректерін, сонымен қатар сенімхат бойынша (нотариус куәландырған сенімхат болған жағдайда, басқа сенімхат болған жағдайда – бұл деректер енгізілмейді) көрсетілетін қызметті алушы өкілінің деректерін енгізуі 5 (бес) минут ішінде;
4) 3-үдеріс – «электрондық үкімет» шлюзы (бұдан әрі – ЭҮШ) арқылы «Заңды тұлғалар» мемлекеттік дерек қорына (бұдан әрі – ЗТ МДҚ) немесе «Жеке тұлғалар» мемлекеттік дерек қорына (бұдан әрі – ЖТ МДҚ) көрсетілетін қызметті алушының деректері туралы, сонымен қатар бірыңғай нотариалдық ақпараттық жүйесіне (бұдан әрі – БНАЖ) көрсетілетін қызметті алушы өкілі сенімхатының деректері туралы сұранысты жолдау 2 (екі) минут ішінде;
5) 1-шарт – көрсетілетін қызметті алушы деректерінің ЖТ МДҚ-да және сенімхат деректерінің БНАЖ-да болуын тексеру 1 (бір) минут ішінде;
6) 4-үдеріс – көрсетілетін қызметті алушының деректерінің ЗТ МДҚ/ ЖТ МДҚ-да және сенімхат деректерінің БНАЖ-да болмауына байланысты деректерді алу мүмкіндігінің жоқтығы туралы хабарламаны құрастыру 2 (екі) минут ішінде;
7) 5-үдеріс – ХҚО қызметкерінің сұраныс нысанының қағаз тасығыштағы құжаттардың болуы бөлігін толтыруы және көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттарды сканерлеуі, оларды сұраныс нысанына тіркеуі және толтырлған нысанды (енгізілген деректерді) электрондық цифрлық қолтаңбамен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландыруы;
8) 2-шарт – ХҚО қызметкерінің құжаттардың стандарттың 9-тармағына сәйкес келуін тексеруі;
9) 6-үдеріс – көрсетілетін қызметті алушының құжаттарындағы бұзушылықтарға байланысты сұратылған мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуден бас тарту туралы хабарламаны құрастыру;
10) 7-үдеріс – ХҚО қызметкерінің ЭЦҚ-сымен куәландырылған (қол қойылған) электрондық құжатты (көрсетілетін қызметті алушының сұранысын) ЭҮП арқылы электрондық үкіметтің аймақтық шлюзі автоматтандырылған жұмыс орнына (бұдан әрі – ЭҮАШ АЖО) жолдау 2 (екі) минут ішінде немесе құжаттарды көрсетілетін қызметті берушіге қағаз түрінде курьерлік байланыс арқылы жолдау 6 (алты) жұмыс күні ішінде (Астана қаласында орналасқанға 1 (бір) жұмыс күні ішінде);
11) 8-үдеріс – электрондық құжатты көрсетілетін қызметті берушінің автоматтандырылған жұмыс орнында (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті берушінің АЖО) тіркеу;
12) 9-үдеріс – осы регламенттің 5-тармағы 2)-5) тармақшаларында қарастырылған рәсімдерді (іс-әрекеттерді) іске асыру;
13) процесс 10-үдеріс – көрсетілетін қызметті алушының ХҚО арқылы апостиль мөртабаны бар құжаттарды алуы.
Құжаттарды ХҚО-ға тапсыру күні мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету мерзіміне кірмейді.
10. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін ХҚО арқылы алу үдерісінің сипаттамасы, оның ұзақтығы:
көрсетілетін қызметті алушының апостиль мөртабаны бар құжаттарды алуы ХҚО қызметкері арқылы 15 (он бес) минут ішінде жүргізіледі.
ХҚО-да апостиль мөртабаны бар құжаттарды және (немесе) ілеспе хатты беру тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхаттың негізінде, көрсетілетін қызметті алушының жеке куәлігін ұсынған жағдайда іске асырылады.
ХҚО апостиль мөртабаны бар құжаттарды және (немесе) ілеспе хатты 1 (бір) ай бойы сақтауды қамтамасыз етеді, одан кейін оны көрсетілетін қызметті берушіге 1 (бір) жыл бойы сақтау үшін тапсырады. Көрсетілетін қызметті алушы 1 (бір) ай өткеннен кейін жүгінген кезде ХҚО-ның сұрауы бойынша көрсетілетін қызметті беруші 10 (он) жұмыс күнінің ішінде (Астана қаласында орналасқанға 1 (бір) жұмыс күнінің ішінде) апостиль мөртабаны бар құжаттарды және (немесе) ілеспе хатты көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін ХҚО-ға жолдайды.
11. Портал арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті беруші мен көрсетілетін қызметті алушының жүгіну және рәсімдерінің (іс-қимылдарының) реттілігінің сипаттамасы:
1) 1-үдеріс – көрсетілетін қызметті алушы жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН) немесе бизнес сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – БСН), сонымен қатар пароль немесе ЭЦҚ арқылы порталда авторизациялануды іске асырады, тіркелмеген жағдайда тіркелу рәсімінен өту қажет 2 (екі) минут ішінде;
2) 1-шарт – порталда тіркелген көрсетілетін қызметті алушының деректерінің дұрыстығын логин (ЖСН) және пароль арқылы тексеру 2 (екі) минут ішінде;
3) 2-үдеріс – көрсетілетін қызметті алушының деректеріндегі бұзушылықтарға байланысты порталдың авторизацияланудан бас тарту туралы дәйекті хабарлама құрастыруы 2 (екі) минут ішінде;
4) 3-үдеріс – көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті таңдауы, мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету үшін экранға сұраныс үлгісін шығару және көрсетілетін қызметті алушының оның құрылымы мен форматтық талаптарын ескере отырып нысанды толтыруы (деректерді енгізу), сұраныс нысанына электрондық түрдегі стандарттық 9-тармағы 3)-тармақшасында көрсетілген қажетті құжаттарды тіркеу, сонымен қатар көрсетілетін қызметті алушының сұранысты куәландыру (қол қою) үшін ЭЦҚ-ның тіркеу куәлігін таңдауы 15 (он бес) минут ішінде;
5) 4-үдеріс – мемлекеттік көрсетілетін қызмет ке элетрондық үкіметтің төлем шлюзінде (бұдан әрі – ЭҮТШ) төлеу, одан кейін бұл ақпарат көрсетілетін қызметті берушінің АЖО-на келіп түседі 15 (он бес) минут ішінде;
6) 2-шарт – сұраныс нысанының дұрыс толтырылуын тексеру 2 (екі) минут ішінде;
7) 5-үдеріс – құжаттар стандарттың 9-тармағына сәйкес келмеген жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуден бас тарту туралы хабарлама құрастыру 2 (екі) минут ішінде;
8) 6-үдеріс – сұранысты куәландыру (қол қою) үшін көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-ның тіркеу куәлігін таңдауы 2 (екі) минут ішінде;
9) 3-шарт – порталда ЭЦҚ-ның тіркеу куәлігінің қызмет мерзімін және қайтарылған (жойылған) тіркеу куәліктерінің тізімінде болмауын, сонымен қатар сәйкестендіру деректерінің (сұраныста көрсетілген ЖСН/БСН мен ЭЦҚ-ның тіркеу куәлігінде көрсетілген ЖСН/БСН арасындағы) сәйкес келуін тексеру 2 (екі) минут ішінде;
10) 7-үдеріс – көрсетілетін қызметті алушы ЭЦҚ-сы түпнұсқалылығының расталмауына байланысты сұратылған мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуден дәйекті бас тарту туралы хабарлама құрастыру 2 (екі) минут ішінде;
11) 8-үдеріс – мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуге сұраныстың толтырылған нысанын (енгізілген деректерді) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландыру (қол қою) 5 (бес) минут ішінде;
12) 9-үдеріс – электрондық құжатты қызметті берушінің АЖО-да тіркеу 2 (екі) минут ішінде;
13) 4-шарт – көрсетілетін қызметті берушінің келіп түскен құжаттардың стандарттың 9-тармағына сәйкес келуін тексеруі 15 (он бес) минут ішінде;
14) 10-үдеріс – көрсетілетін қызметті алушының деректеріндегі бұзушылықтарға байланысты қызметті берушінің АЖО-да мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуден бас тарту туралы хабарлама құрастыру 2 (екі) минут ішінде;
15) 11-үдеріс – осы регламенттің 5-тармағы 2)-5) тармақшаларында қарастырылған рәсімдерді (іс-әрекеттерді) іске асыру;
16) 12-үдеріс – көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушінің АЖО құрастырған нәтижені ХҚО-да алу күні, уақыты мен орны көрсетілген мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету нәтижесінің дайындығы туралы хабарлама алуы Хабарлама көрсетілетін қызметті берушінің өкілетті тұлғасының ЭЦҚ қолдану арқылы құрастырылады.
Көрсетілетін қызметті алушының портал арқылы жүгінген кездегі іс-әрекеттері мен шешімдері осы регламентке 1-қосымшаға сәйкес портал арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету кезінде өзара функционалды әрекет етудің № 1-диаграммасында келтірілген.
12. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылының, рәсімдерінің (әрекеттерінің) толық сипаттамасы, сондай-ақ ХҚО және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібі және мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібінің сипаттамасы осы реглементке 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетілген.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығы «электрондық үкімет» веб-порталында, көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында орналастырылады.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік
мұрағаттарынан шығатын және шетелге
жіберілетін мұрағаттық анықтамалар мен
мұрағаттық құжаттардың көшірмелеріне
апостиль қою» мемлекеттік көрсетілетін
қызмет Регламентіне
1-қосымша
Портал арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету кезінде өзара функционалды әрекет етудің № 1-диаграммасы
Шартты белгілер:
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік
мұрағаттарынан шығатын және шетелге
жіберілетін мұрағаттық анықтамалар мен
мұрағаттық құжаттардың көшірмелеріне
апостиль қою» мемлекеттік көрсетілетін
қызмет Регламентіне
2-қосымша
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік мұрағаттарынан шығатын және шетелге жіберілетін мұрағаттық анықтамалар мен мұрағаттық құжаттардың көшірмелеріне апостиль қою» мемлекеттік көрсетілетін қызметін көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы
Шартты белгілер:
*ҚФБ – құрылымдық-функционалдық бірлік: көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің), ХҚО, порталдың өзара іс-қимылдары