Жарыстар түрлерінің, оқу-жаттығу жиындарының тізбесін және олардың сыныптамасын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 14 мамырдағы № 179 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 25 маусымда № 11437 тіркелді

Қолданыстағы

      «Дене шынықтыру және спорт туралы» 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 26) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Жарыстар түрлерінің, оқу-жаттығу жиындарының тізбесі және олардың сыныптамасы бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын;
      3) ресми жарияланғаннан кейін осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
      4) осы тармақпен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді іс-шараларды орындағаннан кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт вице-министрі С.Ж. Мұсайбековке жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                    А. Мұхамедиұлы

Қазақстан Республикасы  
Мәдениет және спорт   
министрінің       
2015 жылғы 14 мамырдағы 
№ 179 бұйрығына қосымша 

Жарыстар түрлерінің, оқу-жаттығу жиындарының тізбесі
және олардың сыныптамасы

Жарыстар сыныптамасы

Жарыстар түрлері

Ескертулер

1

2

3

I Бөлім. Спорттық жарыстар

1. Халықаралық жарыстар



1.1. Кешенді спорттық-бұқаралық iс-шаралар

1.1.1 Олимпиада ойындары (жазғы, қысқы)

Төрт жылда бір рет өткізіледі.
Ұйымдастырушы - Халықаралық Олимпиада комитеті (ХОК)

1.1.2. Азия ойындары (жазғы, қысқы)

Төрт жылда бір рет өткізіледі.
Ұйымдастырушы - Азия Олимпиада комитеті (АОК)

1.1.3. Континентальді, өңірлік ойындар

Екі жылда бір рет өткізіледі.
ХОК қарауымен

1.1.4. «Азия балалары» халықаралық спорттық ойындары

Төрт жылда бір рет өткізіледі.
Ұйымдастырушы - Спорт түрлері бойынша халықаралық федерациялар

1.1.5. Дүниежүзілік Универсиада (жазғы, қысқы)

Екі жылда бір рет өткізіледі.
Ұйымдастырушы - Халықаралық студенттер одағы

1.1.6. Паралимпиада ойындары (жазғы, қысқы)

Төрт жылда бір рет өткізіледі.
Ұйымдастырушы - Паралимпиядалық комитет, ХОК қарауымен

1.1.7. Арнайы ойындар (жазғы, қысқы)

Төрт жылда бір рет өткізіледі.
Ұйымдастырушы - Арнайы Олимпиада комитеті (Спешиал Олимпикс)

1.1.8. Сурдлимпиада ойындары (жазғы, қысқы)

Төрт жылда бір рет өткізіледі.
Ұйымдастырушы - Сурдлимпиада комитеті

1.1.9. Дүниежүзілік көшпенділер ойындары

Екі жылда бір рет өткізіледі.
Ұйымдастырушы - Дүниежүзілік Түрік кеңесі

1.1.10. Азия Паралимпиада ойындары (жазғы, қысқы)

Төрт жылда бір рет өткізіледі.
Ұйымдастырушы - Азия Олимпиада кеңесі

1.1.11. Жағажай Азия ойындары

Екі жылда бір рет өткізіледі.
Ұйымдастырушы - Азия Олимпиада кеңесі

1.1.12. Жасөспірімдер Олимпиада ойындары (жазғы, қысқы)

Төрт жылда бір рет өткізіледі.
ХОК қарауымен

1.1.13. Жасөспірімдер Азия ойындары (жазғы, қысқы)

Төрт жылда бір рет өткізіледі.
Ұйымдастырушы - Азия Олимпиада кеңесі

1.1.14. Дүниежүзілік әскери өнер ойындары

Төрт жылда бір рет өткізіледі.
Ұйымдастырушы - Жекпе-жектер бойынша халықаралық федерациялар

1.1.15. Жабық жайдағы және жекпе-жек өнері бойынша Азия ойындары

Төрт жылда бір рет өткізіледі.
Ұйымдастырушы - Жекпе-жектер бойынша халықаралық федерациялар

1.2. Спорт түрлері бойынша жарыстар

1.2.1. Әлем чемпионаттары

Жыл сайын өткізіледі, ережеге сәйкес.
Ұйымдастырушы - Спорт түрлері бойынша халықаралық федерациялар (спорт түрлері бойынша халықаралық федерациялардың ережелеріне сәйкес жеке түрлерде екі, үш, төрт жылда бір рет өткізіледі)

1.2.2. Студенттер арасындаңы Әлем чемпионаты (жазғы, қысқы)

Екі жылда бір рет өткізіледі.
Ұйымдастырушы - Спорт түрлері бойынша халықаралық федерациялар, Халықаралық студенттер одағы

1.2.3. Олимпиада ойындарына іріктеу турнирлері (жазғы, қысқы)

Ережеге сәйкес өткізіледі.
Ұйымдастырушы - Спорт түрлері бойынша халықаралық федерациялар

1.2.4. Әлем чемпионаттарына іріктеу турнирлері (спорт түрлері бойынша)

Ережеге сәйкес өткізіледі.
Ұйымдастырушы - Спорт түрлері бойынша халықаралық федерациялар

1.2.5. Спорт түрлерінен барлық жас топтарына арналған Азия чемпионаттары

Жыл сайын өткізіледі.
Ұйымдастырушы - Спорт түрлерінен Азия федерациялары

1.2.6. Әлем Кубоктері (Әлем Кубогінің кезеңдері; «Гран-при» жарыстары)

Ережеге сәйкес өткізіледі.
Ұйымдастырушы - Спорт түрлері бойынша халықаралық федерациялар

1.2.7. Азия Кубоктері (Азия Кубогінің кезеңдері; Азия «Гран-при» жарыстары)

Ережеге сәйкес өткізіледі.
Ұйымдастырушы - Спорт түрлері бойынша Азия федерациялары

1.2.8. Еуропа Кубоктері (Еуропа Кубогінің кезеңдері; Еуропа «Гран-при» жарыстары)

Ережеге сәйкес өткізіледі.
Ұйымдастырушы - Спорт түрлері бойынша Еуропа федерациялары

1.2.9. «А» санатындағы Халықаралық жарыстар (турнирлер)

Ережеге сәйкес өткізіледі.
Ұйымдастырушы - Спорт түрлері бойынша халықаралық федерациялар, Ұйымдастырушы ел

1.2.10. Халықаралық жарыстар (турнирлер)

Ережеге сәйкес өткізіледі. Ұйымдастырушы - халықаралық, республикалық, облыстық, қалалық спорттық ұйымдар, қатысушы мемлекеттер саны 5 (бес) мемлекеттен кем емес

1.2.11. Халықаралық матчтық кездесулер

Ережеге сәйкес өткізіледі. Ұйымдастырушы - халықаралық, республикалық, облыстық, қалалық спорттық ұйымдар

1.2.12. Рейтингтік жарыстар (турнирлер)

Ережеге сәйкес өткізіледі.
Ұйымдастырушы - Спорт түрлері бойынша халықаралық федерациялар, Ұйымдастырушы ел

2. Республикалық жарыстар



2.1. Кешенді спорттық-бұқаралық iс-шаралар

2.1.1. Қазақстан Республикасының Спартакиадасы (жазғы, қысқы)

Төрт жылда бір рет өткізіледі.
Ұйымдастырушы - Дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті орган

2.1.2.. Қазақстан Республикасының Универсиадасы (жазғы, қысқы)

Екі жылда бір рет өткізіледі.
Ұйымдастырушы - Дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті орган, Білім беру саласындағы уәкілетті орган

2.1.3 Қазақстан Республикасы Президентінің жүлдесіне халық спорты ойындары

Төрт жылда бір рет өткізіледі.
Ұйымдастырушы - Дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті орган

2.1.4. Қазақстан Республикасының оқушылар спартакиадасы Қазақстан Республикасы мектеп және колледж оқушыларының жазғы спартакиадасы

Екі жылда бір рет өткізіледі.
Ұйымдастырушы - Білім беру саласындағы уәкілетті орган

2.1.5. Қазақстан Республикасының «Ақ бидай» ауыл спорты ойындары

Төрт жылда бір рет өткізіледі.
Ұйымдастырушы - Дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті орган

2.1.6. Қазақстан Республикасының ардагерлер спартакиадасы

Төрт жылда бір рет өткізіледі.
Ұйымдастырушы - Дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті орган

2.1.7. Қазақстан Республикасы ауыл жасөспірімдерінің ойындары (жазғы, қысқы)

Төрт жылда бір рет өткізіледі.
Ұйымдастырушы - Дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті орган

2.1.8. Қазақстан Республикасының ауыл спартакиадасы (жазғы, қысқы)

Төрт жылда бір рет өткізіледі.
Ұйымдастырушы - Дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті орган

2.1.9. Қазақстан Республикасының Ұлттық спорт түрлерінен фестивалі

Төрт жылда бір рет өткізіледі.
Ұйымдастырушы - Дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті орган

2.1.10. Қазақстан Республикасының Жастар спорт ойындары (жазғы, қысқы)

Төрт жылда бір рет өткізіледі.
Ұйымдастырушы - Дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті орган

2.1.11. Қазақстан Республикасының Паралимпиада ойындары (жазғы, қысқы)

Төрт жылда бір рет өткізіледі.
Ұйымдастырушы - Дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті орган

2.1.12. Қазақстан Республикасының Сурдлимпиада ойындары (жазғы, қысқы)

Төрт жылда бір рет өткізіледі.
Ұйымдастырушы - Дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті орган, Қазақстан Республикасының Сурдлимпиада федерациясы

2.1.13. Қазақстан Республикасының Арнайы олимпиадасы (жазғы, қысқы)

Төрт жылда бір рет өткізіледі.
Ұйымдастырушы - Арнайы Олимпиада комитеті (Спешиал Олимпикс)

2.1.14. Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері арасындағы республикалық спартакиада

Төрт жылда бір рет өткізіледі.
Ұйымдастырушы - Дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті орган

2.1.15. Мемлекеттік қызметшілер арасындағы республикалық спартакиада

Төрт жылда бір рет өткізіледі.
Ұйымдастырушы - Дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті орган

2.1.16. Қазақстан Республикасы Парламентінің жүлдесіне жекпе-жек фестивалі

Төрт жылда бір рет өткізіледі.
Ұйымдастырушы - Дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті орган

2.1.17. Кәсіподақ ұйымдары арасындағы чемпионаттар және спартакиадалар

Төрт жылда бір рет өткізіледі.
Ұйымдастырушы - Дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті орган

2.2. Спорт түрлері бойынша жарыстар

2.2.1. Барлық жас топтары үшін спорттың барлық түрлері бойынша Қазақстан Республикасының чемпионаты

Жыл сайын өткізіледі.
Ұйымдастырушы - Дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті орган

2.2.2. Спорттың барлық түрлері бойынша Қазақстан Республикасының Кубоктері

Жыл сайын өткізіледі.
Ұйымдастырушы - Дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті орган

2.2.3. Республикалық турнирлер

Спорттық-бұқаралық іс-шаралардың күнтізбесіне сәйкес өткізіледі.
Ұйымдастырушы - Дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті орган

2.2.4. Матчтық кездесулер

Спорттық-бұқаралық іс-шаралардың күнтізбесіне сәйкес өткізіледі.
Ұйымдастырушы - Дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті орган

2.2.5. Спорт түрлері және жастары бойынша Қазақстан Республикасы спорттық қоғамдары мен ұйымдарының чемпионаттары және кубоктері

Жыл сайын өткізіледі.
Ұйымдастырушы - Қоғамдар және ұйымдардың орталық кеңесі

3. Облыстық жарыстар



3.1. Кешенді спорттық-бұқаралық iс-шаралар

3.1.1. Қазақстан Республикасының Спартакиадасы, ІІ кезең (жазғы, қысқы)

Төрт жылда бір рет өткізіледі.
Ұйымдастырушы - Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының дене шынықтыру және спорт саласындағы жергілікті атқарушы орган

3.1.2. Қазақстан Республикасының халық спорты ойындары, ІІ кезең

Төрт жылда бір рет өткізіледі.
Ұйымдастырушы - Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының дене шынықтыру және спорт саласындағы жергілікті атқарушы орган

3.1.3. Қазақстан Республикасының оқушылар спартакиадасы Қазақстан Республикасы мектеп және колледж оқушыларының жазғы спартакиадасы, ІІ кезең (жазғы, қысқы)

Екі жылда бір рет өткізіледі.
Ұйымдастырушы - Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының білім беру саласындағы жергілікті атқарушы орган

3.1.4. Қазақстан Республикасының «Ақ бидай» ауыл спорты ойындары, ІІ кезең

Төрт жылда бір рет өткізіледі.
Ұйымдастырушы - Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының дене шынықтыру және спорт саласындағы жергілікті атқарушы орган

3.1.5. Қазақстан Республикасының ардагерлер спартакиадасы, ІІ кезең

Төрт жылда бір рет өткізіледі.
Ұйымдастырушы - Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының дене шынықтыру және спорт саласындағы жергілікті атқарушы орган

3.1.6. Қазақстан Республикасы ауыл жасөспірімдерінің ойындары, ІІ кезең (жазғы, қысқы)

Төрт жылда бір рет өткізіледі.
Ұйымдастырушы - Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының дене шынықтыру және спорт саласындағы жергілікті атқарушы орган

3.1.7. Қазақстан Республикасының ауыл спартакиадасы, ІІ кезең (жазғы, қысқы)

Төрт жылда бір рет өткізіледі. Ұйымдастырушы - Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының дене шынықтыру және спорт саласындағы жергілікті атқарушы орган

3.1.8. Қазақстан Республикасының Ұлттық спорт түрлерінен фестивалі, ІІ кезең

Төрт жылда бір рет өткізіледі.
Ұйымдастырушы - Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының дене шынықтыру және спорт саласындағы жергілікті атқарушы орган

3.1.9. Қазақстан Республикасының Жастар спорт ойындары, ІІ кезең (жазғы, қысқы)

Төрт жылда бір рет өткізіледі.
Ұйымдастырушы - Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының дене шынықтыру және спорт саласындағы жергілікті атқарушы орган

3.1.10. Қазақстан Республикасының Паралимпиада ойындары, ІІ кезең (жазғы, қысқы)

Төрт жылда бір рет өткізіледі.
Ұйымдастырушы - Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының дене шынықтыру және спорт саласындағы жергілікті атқарушы орган

3.1.11. Қазақстан Республикасының Сурдлимпиада ойындары, ІІ кезең (жазғы, қысқы)

Төрт жылда бір рет өткізіледі.
Ұйымдастырушы - Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының дене шынықтыру және спорт саласындағы жергілікті атқарушы орган

3.1.12. Қазақстан Республикасының Арнайы олимпиадасы, ІІ кезең (жазғы, қысқы)

Төрт жылда бір рет өткізіледі.
Ұйымдастырушы - Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының дене шынықтыру және спорт саласындағы жергілікті атқарушы орган

3.2. Спорт түрлері бойынша жарыстар

3.2.1. Барлық жас топтары үшін спорттың барлық түрлері бойынша облыстардың және Астана, Алматы қалалары чемпионаттары

Жыл сайын өткізіледі.
Ұйымдастырушы - Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының дене шынықтыру және спорт саласындағы жергілікті атқарушы орган

3.2.2. Облыстық және Астана, Алматы қалаларының турнирлері, матчтық кездесулері

Спорттық-бұқаралық іс-шаралардың күнтізбесіне сәйкес өткізіледі.
Ұйымдастырушы - Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының дене шынықтыру және спорт саласындағы жергілікті атқарушы орган

4. Аудандық жарыстар



4.1. Кешенді спорттық-бұқаралық iс-шаралар

4.1.1. Қазақстан Республикасының Спартакиадасы, І кезең (жазғы, қысқы)

Төрт жылда бір рет өткізіледі.
Ұйымдастырушы - Аудандардың дене шынықтыру және спорт саласындағы жергілікті атқарушы орган

4.1.2. Қазақстан Республикасының халық спорты ойындары, І кезең

Төрт жылда бір рет өткізіледі.
Ұйымдастырушы - Аудандардың дене шынықтыру және спорт саласындағы жергілікті атқарушы орган

4.1.3. Қазақстан Республикасының оқушылар спартакиадасы Қазақстан Республикасы мектеп және колледж оқушыларының спартакиадасы, І кезең (жазғы, қысқы)

Екі жылда бір рет өткізіледі.
Ұйымдастырушы - Ауданның білім беру жергілікті атқарушы органы

4.1.4. Қазақстан Республикасының «Ақ бидай» ауыл спорты ойындары, І кезең

Төрт жылда бір рет өткізіледі.
Ұйымдастырушы - Аудандардың дене шынықтыру және спорт саласындағы жергілікті атқарушы орган

4.1.5. Қазақстан Республикасының ардагерлер спартакиадасы, І кезең

Төрт жылда бір рет өткізіледі.
Ұйымдастырушы - Аудандардың дене шынықтыру және спорт саласындағы жергілікті атқарушы орган

4.1.6. Қазақстан Республикасы ауыл жасөспірімдерінің ойындары, І кезең (жазғы, қысқы)

Төрт жылда бір рет өткізіледі.
Ұйымдастырушы - Аудандардың дене шынықтыру және спорт саласындағы жергілікті атқарушы орган

4.1.7. Қазақстан Республикасының ауыл спартакиадасы, І кезең (жазғы, қысқы)

Төрт жылда бір рет өткізіледі.
Ұйымдастырушы - Аудандардың дене шынықтыру және спорт саласындағы жергілікті атқарушы орган

4.1.8. Қазақстан Республикасының Ұлттық спорт түрлерінен фестивалі, І кезең

Төрт жылда бір рет өткізіледі.
Ұйымдастырушы - Аудандардың дене шынықтыру және спорт саласындағы жергілікті атқарушы орган

4.1.9. Қазақстан Республикасының Жастар спорт ойындары, І кезең (жазғы, қысқы)

Төрт жылда бір рет өткізіледі.
Ұйымдастырушы - Аудандардың дене шынықтыру және спорт саласындағы жергілікті атқарушы орган

4.1.10. Қазақстан Республикасының Паралимпиада ойындары, І кезең (жазғы, қысқы)

Төрт жылда бір рет өткізіледі.
Ұйымдастырушы - Аудандардың дене шынықтыру және спорт саласындағы жергілікті атқарушы орган

4.1.11. Қазақстан Республикасының Сурдлимпиада ойындары, І кезең (жазғы, қысқы)

Төрт жылда бір рет өткізіледі.
Ұйымдастырушы - Аудандардың дене шынықтыру және спорт саласындағы жергілікті атқарушы орган

4.1.12. Қазақстан Республикасының жазғы Арнайы олимпиадасы, І кезең (жазғы, қысқы)

Төрт жылда бір рет өткізіледі.
Ұйымдастырушы - Аудандардың дене шынықтыру және спорт саласындағы жергілікті атқарушы орган

4.2. Спорт түрлері бойынша жарыстар

4.2.1. Дене шынықтыру ұжымдарындағы, спорт мектептеріндегі, оқу орындарындағы, ұйымдардағы, мекемелердегі жарыстар (спартакиада, біріншілік, турнир, ойындар, кубок)

Спорттық-бұқаралық іс-шаралардың күнтізбесіне сәйкес өткізіледі.
Ұйымдастырушы -Дене шынықтыру ұжымдарының кеңесі, спорт мектептері

II Бөлім. Оқу-жаттығу жиындары

1. Халықаралық жарыстарға даярлау бойынша оқу-жаттығу жиындары

1.1. Әлем, Еуропа, Азия чемпионаттарына, Олимпиада, Паралимпиада, Сурдлимпиада, Азия, жағажай ойындарына және басқада кешенді жарыстарға даярлау бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының оқу-жаттығу жиындары

24 күнтізбелік күнге дейін өткізіледі.
Ұйымдастырушы -Дене шынықтыру және спорт бойынша уәкілетті орган, Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының дене шынықтыру және спорт саласындағы жергілікті атқарушы орган, қатысушылардың максимальді саны дене шынықтыру және спорт бойынша уәкілетті органмен, Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының дене шынықтыру және спорт саласындағы жергілікті атқарушы органмен белгіленеді

1.2. Студенттер арасындағы Дүниежүзілік Универсиадаға, әлем, Еуропа, Азия чемпионаттарына даярлау бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының оқу-жаттығу жиындары

24 күнтізбелік күнге дейін өткізіледі. Ұйымдастырушы - халықаралық жарыстарға қатысу үшін командаларды бағыттайтын ұйымдар, білім беру саласындағы уәкілетті орган, қатысушылар саны барлық спорт түрлерінен жарысқа қатысуға жіберілетін спортшылардың екі құрамынан артық емес; жекпе-жек түрлерінен спортшылар үш құрамнан артық емес

1.3. Халықаралық жарыстарға даярлау бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының арнайы оқу-жаттығу жиындары (жалпы дене даярлығы, арнайы дене даярлығы, спортшылардың жай-күйін тексеру, қалпына келтіру үшін)

18 күнтізбелік күнге дейін өткізіледі.
Дене шынықтыру және спорт бойынша уәкілетті орган, Ұйымдастырушы - Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының дене шынықтыру және спорт саласындағы жергілікті атқарушы орган, қатысушылардың максимальді саны дене шынықтыру және спорт бойынша уәкілетті органмен, Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының дене шынықтыру және спорт саласындағы жергілікті атқарушы органмен белгіленеді

1.4. Халықаралық жарыстарға спортшыларды даярлау бойынша оқу-жаттығу жиындары

18 күнтізбелік күнге дейін өткізіледі.
Ұйымдастырушы -халықаралық жарыстарға қатысу үшін командаларды бағыттайтын ұйымдар

2. Республикалық жарыстарға даярлау бойынша оқу-жаттығу жиындары

2.1. Қазақстан Республикасының спартакиадасына және басқа да республикалық кешенді жарыстарға даярлау бойынша оқу-жаттығу жиындары

21 күнтізбелік күнге дейін өткізіледі.
Ұйымдастырушы - Астана және Алматы қалаларының дене шынықтыру және спорт саласындағы жергілікті атқарушы орган, қатысушылар саны барлық спорт түрлерінен жарысқа қатысуға жіберілетін спортшылардың екі құрамынан артық емес; жекпе-жек түрлерінен спортшылар үш құрамнан артық емес

2.2. Қазақстан Республикасының Кубогі, чемпионаттарына даярлау бойынша оқу-жаттығу жиындары

21 күнтізбелік күнге дейін өткізіледі.
Ұйымдастырушы - халықаралық жарыстарға қатысу үшін командаларды бағыттайтын ұйымдар, қатысушылар саны барлық спорт түрлерінен жарысқа қатысуға жіберілетін спортшылардың екі құрамынан артық емес; жекпе-жек түрлерінен спортшылар үш құрамнан артық емес

2.3. Қазақстан Республикасының республикалық турнирлері мен жарыстарына даярлау бойынша оқу-жаттығу жиындары

18 күнтізбелік күнге дейін өткізіледі.
Ұйымдастырушы - халықаралық жарыстарға қатысу үшін командаларды бағыттайтын ұйымдар, қатысушылар саны барлық спорт түрлерінен жарысқа қатысуға жіберілетін спортшылардың бір жарым құрамынан артық емес; жекпе-жек түрлерінен спортшылар үш құрамнан артық емес

2.4. Республикалық жарыстарға, турнирлерге, біріншіліктерге даярлау бойынша облыстар және Астана, Алматы қалалары құрама командаларының оқу-жаттығу жиындары
- жалпы және арнайы дене даярлығы – 18 күнтізбелік күнге дейін;
- спортшылардын жай-күйін тексеру үшін – 7 күнтізбелік күнге дейін;
- қалпына келтіру – 12 күнтізбелік күнге дейін.

18 күнтізбелік күнге дейін өткізіледі.
Ұйымдастырушы - халықаралық жарыстарға қатысу үшін командаларды бағыттайтын ұйымдар, қатысушылар саны барлық спорт түрлерінен жарысқа қатысуға жіберілетін спортшылардың екі құрамынан артық емес; жекпе-жек түрлерінен спортшылар үш құрамнан артық емес

      Қысқартылған сөздердің мағынасы:
      ХОК – Халықаралық Олимпиада комитеті
      АОК – Азия Олимпиада комитеті