"Бизнестің жол картасы 2020" бағдарламасы шеңберінде жеке кәсіпкерлік субъектілерін оқыту" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 25 мамырдағы № 401 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 25 маусымда № 11436 тіркелді

Қолданыстағы

      «Мемлекеттік қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы шеңберінде жеке кәсіпкерлік субъектілерін оқыту» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Кәсіпкерлікті дамыту департаменті:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімді баспасөз басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберілуін;
      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін
вице-министріне жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланғаннан күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                    Е. Досаев

Қазақстан Республикасы 
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 25 мамырдағы
№ 401 бұйрығына    
қосымша         

«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы шеңберінде жеке
кәсіпкерлік субъектілерін оқыту» мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламенті

1. Жалпы ереже

      1. «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде жеке кәсіпкерлік субъектілерін оқыту» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – Мемлекеттік көрсетілетін қызмет) «Іскерлік байланыстар» құралы және «Шағын және орта бизнес топ-менеджментін оқыту» құрамдауышы бойынша «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамының өңірлік филиалдары (бұдан әрі – Көрсетілетін қызметті беруші) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 352 бұйрығымен бекітілген «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы шеңберінде жеке кәсіпкерлік субъектілерін оқыту» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (бұдан әрі - Стандарт) негізінде көрсетеді (№ 11181 Нормативтiк құқықтық актілердің мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде тiркелген).
      Өтініштерді қабылдау мен мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру Көрсетілетін қызметті берушінің кеңселерінде жүзеге асырылады.
      2. Мемлекеттік қызметті көрсету және оны көрсетудің нәтижелерін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.
      3. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – Көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.
      4. Мемлекеттік қызметтің нәтижесі «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы» (бұдан әрі – Бағдарлама) шеңберінде оқытуға жіберу болып табылады.
      5. Құжаттарда ұсынылған мәліметтердің дұрыстығына Көрсетілетін қызметті алушы жауапты болады.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызмет
берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің)
іс-қимыл тәртібін сипаттау

      6. Мемлекеттік қызмет бойынша рәсімдерді (іс-қимылды) бастау үшін негіз, Мемлекеттік қызметті алушының Стандарттың 9-тармағына сәйкес құжаттардың (бұдан әрі – құжаттар) тізімін ұсынуы болып табылады.
      7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы:
      «Іскерлік байланыстар» құралы шеңберінде оқыту бойынша:
      1) Қызмет берушінің өңірлік филиалының қызметкері көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын жүгінген күні 20 (жиырма) минут ішінде қабылдайды, тіркейді және құжаттарды Көрсетілетін қызметті алушының жүгінген күні көрсетілетін қызметті берушінің өңірлік филиалының жауапты қызметкеріне береді;
      2) Қызмет берушінің өңірлік филиалының жауапты қызметкері құжаттарды Бағдарламаға сәйкес 10 (он) жұмыс күні ішінде қарастырады;
      3) Қызмет берушінің өңірлік филиалының жауапты қызметкері жауап дайындайды, Көрсетілетін қызметті беруші өңірлік филиалының басшысына қол қойғызады және 2 (екі) жұмыс күні ішінде Көрсетілетін қызметті берушінің өңірлік филиалы кеңсесінің қызметкеріне береді;
      4) Қызмет берушінің өңірлік филиалы кеңсесінің қызметкері Көрсетілетін қызметті алушыға жауапты 1 (бір) жұмыс күні ішінде береді;
      «Шағын және орта бизнес топ-менеджментін оқыту» құрамдауышы шеңберінде оқыту бойынша:
      1) Көрсетілетін қызметті берушінің өңірлік филиалының қызметкері көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын жүгінген күні 20 минут ішінде қабылдайды, тіркейді және құжаттарды Көрсетілетін қызметті алушының жүгінген күні көрсетілетін қызметті берушінің өңірлік филиалының жауапты қызметкеріне береді;
      2) Көрсетілетін қызметті берушінің өңірлік филиалының жауапты қызметкері құжаттарды Бағдарламаға сәйкес 10 (он) жұмыс күні ішінде қарастырады;
      3) Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты қызметкері Өңірлік үйлестіру кеңестің (бұдан әрі – ӨҮК) қарауына шығару үшін Бағдарламаның өңірлік үйлестірушіге жиынтық өтінімді жібереді;
      4) ӨҮК іріктеу жүргізеді және Бағдарламаға Көрсетілетін қызметті алушының қатысу мүмкіндігі туралы шешім қабылдайды.
      8. Келесі рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастау үшін негіз болатын мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімдердің (іс-қимылдың) нәтижесі:
      «Іскерлік байланыстар» құралы шеңберінде оқыту бойынша:
      1) Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі қызметкерінің құжаттарды қабылдауы, тіркеуі және Қызмет берушінің жауапты қызметкеріне беру;
      2) Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты қызметкерінің құжаттарды қарауы;
      3) жауап дайындау, Көрсетілетін қызметті берушінің басшысына немесе өзге уәкілетті тұлғасына қол қойғызу және Қызмет беруші кеңсесінің қызметкеріне ұсыну;
      4) Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі қызметкерінің Көрсетілетін қызметті алушыға жауап ұсынуы.
      «Шағын және орта бизнес топ-менеджментін оқыту» құрамдауышы шеңберінде оқыту бойынша:
      1) Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі қызметкерінің құжаттарды қабылдауы, тіркеуі және Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты қызметкеріне ұсынуы;
      2) Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты қызметкерінің құжаттарды қарау;
      3) ӨҮК-тің қарауына шығару үшін Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісіне жиынтық өтінімді жіберу.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде қызмет
берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара
іс-қимыл тәртібін сипаттау

      9. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет процесіне қатысатын қызмет берушілердің, құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
      1) Көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері;
      2) Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты қызметкері;
      3) Көрсетілетін қызметті берушінің басшысы.
      10. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігін сипаттау:
      «Іскерлік байланыстар» құралы шеңберінде оқыту бойынша:
      1) Көрсетілетін қызмет беруші кеңсесінің қызметкері көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын жүгінген күні 20 (жиырма) минут ішінде қабылдайды, тіркейді және құжаттарды Көрсетілетін қызмет алушы жүгінген күні Көрсетілетін қызмет берушінің жауапты қызметкеріне береді;
      2) Көрсетілетін қызмет берушінің жауапты қызметкері құжаттарды Бағдарламаға сәйкес 10 (он) жұмыс күн ішінде қарастырады;
      3) Көрсетілетін қызмет берушінің жауапты қызметкері жауап дайындайды, Көрсетілетін қызмет берушінің басшысына қол қоғызады және 2 (екі) жұмыс күні ішінде Көрсетілетін қызмет беруші кеңсесінің қызметкеріне береді;
      4) Көрсетілетін қызмет беруші кеңсесінің қызметкері Көрсетілетін қызмет алушыға 1 (бір) жұмыс күні ішінде жауап береді;
      «Шағын және орта бизнес топ-менеджментін оқыту» компоненті шеңберінде оқыту бойынша:
      1) Көрсетілетін қызмет берушінің қызметкері Көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын жүгінген күні 20 (жиырма) минут ішінде қабылдайды, тіркейді және құжаттарды Көрсетілетін қызмет алушының жүгінген күні Көрсетілетін қызмет берушінің жауапты қызметкеріне береді;
      2) Көрсетілетін қызмет берушінің жауапты қызметкері Бағдарламаға сәйкес құжаттарды 10 (он) жұмыс күні ішінде қарастырады.
      11. Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты қызметкері ӨҮК-тің қарауын шығару үшін Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісіне жиынтық өтінімді жібереді.
      12. Әрбір рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігін сипаттау әрбір рәсімнің (рәсім) ұзақтығын көрсете отырып, әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) өту блок-схемасы осы регламенттің 12-қосымшаларында келтірілген.
      13. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдердің
(іс-қимылдардың) реттілігі, Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының толық сипаттамасы осы Регламенттің 34-қосымшаларында көрсетіледі.

4. Халыққа қызмет көрсету орталығымен және (немесе) өзге де
Қызмет берушінің өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік
қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану
тәртібін сипаттау

      14. Бағдарлама шеңберінде «Жеке кәсіпкерлік субъектілерін оқыту» мемлекеттік көрсетілетін қызмет халыққа қызмет көрсету орталықтары (немесе) өзге де қызмет көрсетушілер арқылы көрсетілмейді.

«Бизнестің жол картасы 2020»
бағдарламасы шеңберінде жеке
кәсіпкерлік субъектілерін  
оқыту» мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентіне    
1-қосымша          

«Іскерлік байланыстар» құралы бойынша мемлекеттік
қызмет көрсету процесінде әрбір рәсімнің (іс-қимылдың)
ұзақтығын көрсете отырып, әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) өту
рәсімінің реттілігін сипаттаудың блок-схемасы

«Бизнестің жол картасы 2020»
бағдарламасы шеңберінде жеке
кәсіпкерлік субъектілерін  
оқыту» мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентіне    
2-қосымша          

«Шағын және орта бизнестің топ-менеджментін оқыту» құралы
бойынша мемлекеттік қызмет көрсету процесінде әрбір рәсімнің
(іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, әрбір рәсімнің
(іс-қимылдың) өту рәсімінің реттілігін сипаттаудың блок-схемасы

«Бизнестің жол картасы 2020»
бағдарламасы шеңберінде жеке
кәсіпкерлік субъектілерін  
оқыту» мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентіне    
3-қосымша          

«Іскерлік байланыстар» құралы бойынша мемлекеттік қызмет
көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы

«Бизнестің жол картасы 2020»
бағдарламасы шеңберінде жеке
кәсіпкерлік субъектілерін  
оқыту» мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентіне    
4-қосымша          

«Шағын және орта бизнес топ-менеджментін оқыту» құралы бойынша
мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы