Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті көрсететін мемлекеттік қызметтер регламенттерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің міндетін атқарушысының 2015 жылғы 23 мамырдағы № 475 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 24 маусымда № 11430 тіркелді

Жаңартылған

      «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған:
      1) «Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтерді ұйымдардағы, елді мекендердегі және объектілердегі өрттердің алдын алу және сөндіру, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу жөніндегі жұмыстарды жүргізу құқығына аттестаттау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес;
      2) «Төтенше жағдайларды жою кезінде құтқару жұмыстарын жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын субъектілерді аттестаттау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес;
      3) «Авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарын тіркеу (есептік тіркеу)» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес;
      4) «Өрт қауіпсіздігі саласындағы аудит бойынша сараптама ұйымдарын аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті, осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 18.12.2015 № 1031 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті (В.В. Петров):
      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
      2) осы бұйрықты мемлекеттiк тiркегеннен кейін күнтiзбелiк он күн iшiнде оны мерзiмдi баспа басылымдарында және «Әдiлет» ақпараттық-құқықтық жүйесiнде ресми жариялауға жолдауды;
      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары В.К. Божкоға жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Ішкі істер министрінің
      міндетін атқарушы
      полиция генерал-лейтенанты                 М. Демеуов

Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрі м.а.
2015 жылғы 23 мамырдағы
№ 475 бұйрығына    
1-қосымша        

«Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтерді ұйымдардағы, елді
мекендердегі және объектілердегі өрттердің алдын алу және
сөндіру, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және
авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу жөніндегі жұмыстарды
жүргізу құқығына аттестаттау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет
регламенті

1. Жалпы ережелер

      1. «Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтерді ұйымдардағы, елді мекендердегі және объектілердегі өрттердің алдын алу және сөндіру, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу жөніндегі жұмыстарды жүргізу құқығына аттестаттау» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8-үй, «Министрліктер үйі» әкімшілік ғимараты, 2-ші кіреберіс мекенжайында орналасқан Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 394 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтерді ұйымдардағы, елді мекендердегі және объектілердегі өрттердің алдын алу және сөндіру, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу жөніндегі жұмыстарды жүргізу құқығына аттестаттау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11308 тіркелген) негізінде көрсетеді.
      Өтініш қабылдауды және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беруді:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
      2) «электронды үкімет» www.e.gov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырады.
      2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
      3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 1-қосымшада келтірілген нысанда өрттердің алдын алу және оларды сөндіру, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және ұйымдарда, елді мекендерде және объектілерде авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу жөніндегі жұмыстарды жүргізу құқығына аттестат.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті
берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің)
іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы

      4. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастау үшін мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін алуға көрсетілетін қызметті алушының өтініші немесе электрондық сауалы негіз болып табылады.
      5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, орындау ұзақтығы:
      1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері қағаз тасымалдағышта келіп түскен мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға өтінішті Электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесінде тіркейді және оны көрсетілетін қызметті берушінің басшылығына қарауға жібереді, орындау ұзақтығы – түскеннен кейін 15 (он бес) минут;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы өтінішті қарайды және жауапты орындаушыны (бұдан әрі – орындаушы) белгілейді, орындау ұзақтығы – 2 (екі) сағат;
      3) орындаушы өтінішті қарайды және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін алу құқығына өтініш пен құжаттар пакетін қарау бойынша жөніндегі комиссия (бұдан әрі – комиссия) отырысының күнін белгілейді және комиссия мүшелеріне комиссия отырысының күні туралы хабарлайды, орындау ұзақтығы – 2 (екі) сағат;
      орындаушы ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді, орындау ұзақтығы – 4 (төрт) сағат;
      ұсынылған құжаттардың толық еместігі фактісі анықталған жағдайда, орындаушы өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тарту туралы жауаптың жобасын дайындайды және жауаптың жобасын көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қоюға береді, орындау ұзақтығы – 2 (екі) сағат;
      көрсетілетін қызметті берушінің басшысы өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тарту туралы жауаптың жобасына қол қояды, орындау ұзақтығы – 2 (екі) сағат;
      орындаушы өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тарту туралы жауапты кеңсе қызметкеріне береді, орындау ұзақтығы – 20 (жиырма) минут;
      кеңсе қызметкері өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тарту туралы жауапты Электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесінде тіркейді, орындау ұзақтығы – 20 (жиырма) минут;
      кеңсе қызметкері көрсетілетін қызметті алушыға (көрсетілетін қызметті алушының сенімхат бойынша өкіліне) өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тарту туралы жауапты береді не почта арқылы жолдайды, орындау ұзақтығы – 20 (жиырма) минут.
      4) комиссия өтінішті қарайды, ұсынылған құжаттардың өрт қауіпсіздігі саласындағы заңнамаға сәйкестігін айқындайды және аттестаттау туралы шешім қабылдайды, ол осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 2-қосымшада келтірілген нысанда комиссия отырысының хаттамасымен ресімделеді, орындау ұзақтығы – 13 (он үш) күнтізбелік күн;
      5) орындаушы комиссия шешімін, көрсетілетін қызметті алушыға жауапты және аттестатты ресімдейді*. Көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қоюға береді, орындау ұзақтығы – 2 (екі) сағат;
      6) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы көрсетілетін қызметті алушыға жауапқа және аттестатқа қол қояды*, орындау ұзақтығы – 2 (екі) сағат;
      7) орындаушы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін кеңсе қызметкеріне береді, орындау ұзақтығы – 20 (жиырма) минут;
      8) кеңсе қызметкері аттестаттау туралы жауапты Электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесінде тіркейді, орындау ұзақтығы – 20 (жиырма) минут;
      9) кеңсе қызметкері көрсетілетін қызметті алушыға (көрсетілетін қызметті алушының сенімхат бойынша өкіліне) аттестаттау туралы жауапты (аттестаттау туралы комиссияның оң шешімі жағдайында – аттестаттау туралы жауап және аттестат) береді не почта арқылы жолдайды, орындау ұзақтығы – 20 (жиырма) минут.
      *Ескертпе. Аттестат көрсетілетін қызметті алушыны аттестаттау туралы комиссияның оң шешімі жағдайында ғана ресімделеді және қол қойылады. Керісінше жағдайда аттестат ресімделмейді.
      6. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі мынадай рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастау үшін негіз болады:
      1-іс-қимыл – Электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесінде тіркеу және кіріс нөмірін беру;
      2-іс-қимыл – орындаушыны белгілеу;
      3-іс-қимыл – комиссия отырысының күнін белгілеу және комиссия мүшелеріне комиссия отырысының күні туралы хабарлау;
      4-іс-қимыл – аттестаттау туралы шешім;
      5-іс-қимыл – комиссияның шешімі және көрсетілетін қызметті алушыға жауап. Көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қоюға беру*;
      6-іс-қимыл – көрсетілетін қызметті алушыға қол қойылған жауап және аттестат*;
      7-іс-қимыл – кеңсе қызметкеріне мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру;
      8-іс-қимыл – аттестаттау туралы жауапқа нөмір мен шығыс күнін беру:
      9-іс-қимыл – мемлекеттік қызмет көрсетудің толтырылған карточкасы (көрсетілетін қызметті алушыға немесе көрсетілетін қызметті алушының өкіліне мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі қолға берілген жағдайда) не ішкі почта жөнелтілімін алу туралы хабарламада штрих-кодтың және белгінің болуы (көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі почта арқылы жолданған жағдайда).
      *Ескертпе. Аттестат көрсетілетін қызметті алушыны аттестаттау туралы комиссияның оң шешімі жағдайында ғана ресімделеді және қол қойылады. Керісінше жағдайда аттестат ресімделмейді.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті
берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара
іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы

      7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне көрсетілетін қызметті берушінің мына құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлер) жұмылдырылады:
      1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;
      3) жауапты қызметкер (орындаушы);
      4) көрсетілетін қызметті берушінің бұйрығымен тағайындалған комиссия мүшелері.
      8. Әрбір іс-қимылды өтудің блок-схемасы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 3-қосымшада келтірілген.

4. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді
пайдалану тәртібінің сипаттамасы

      9. Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсету процесінде
іс-қимылдардың логикалық дәйектілігі арасындағы өзара байланысты көрсететін сипаттама осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 4-қосымшада келтірілген.
      10. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі рәсімдер (іс-қимылдар) дәйектілігінің, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлері) өзара іс-қимылының және мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібінің толық сипаттамасы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 5-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестері анықтамасында көрсетіледі.
      Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестері анықтамасы «электрондық үкіметтің» веб-порталында және көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында орналастырылған.
      11. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша қажетті ақпаратты және консультацияны саll-орталықтың 1414 телефон нөмірінен алуға болады.

«Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтерді  
ұйымдардағы, елді мекендердегі және     
объектілердегі өрттердің алдын алу және сөндіру,
өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және авариялық-
құтқару жұмыстарын жүргізу жөніндегі    
жұмыстарды жүргізу құқығына аттестаттау»  
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне
1-қосымша                   

нысан

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің
Төтенше жағдайлар комитеті Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы

Аттестат
№_____________
(аттестат нөмірі)

Осы аттестат ________________________________________________________
                               (заңды мекенжайы)
_____________________________________________________________________
            (мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет атауы)
_____________________________________________________________________
                     (өртке қарсы қызмет түрі)
ұйымдардағы, елді мекендердегі мен объектілердегі өрттердің алдын алу
және сөндіру, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және авариялық-құтқару
жұмыстарын жүргізу жөніндегі жұмыстарды жүргізу құқығына берілді

Аттестаттың қолдану мерзімі __________ бастап ______________ дейін

                                    М.О.

Төраға _____________________       ________________________
            (қолы)                 (Т.А.Ә. (егер бар болса)

________________________ қаласы

«Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтерді  
ұйымдардағы, елді мекендердегі және     
объектілердегі өрттердің алдын алу және сөндіру,
өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және авариялық-
құтқару жұмыстарын жүргізу жөніндегі    
жұмыстарды жүргізу құқығына аттестаттау»  
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне
2-қосымша                   

Форма

нысан

Бекітемін:       
____________________________
(аттестаттауды өткізуге жауапты
органның лауазымды адамы) 
____________________________
(тегі, аты-жөні)     
____________________________
(күні)           

№____ аттестаттау (қайта аттестаттау)
хаттамасы

      20__жылғы «__»______бастап 20__жылғы «__»_____ дейінгі аралықта

___________________________________________________________ негізінде
(аттестаттау өткізу туралы өтініштің кіріс нөмірі мен күні)
комиссия мынадай құрамда:

Комиссия төрағасы ___________________________________________________
                             (лауазымы, тегі, аты-жөні)

Комиссия төрағасының орынбасары _____________________________________
                                      лауазымы, тегі, аты-жөні)
_____________________________________________________________________

Комиссия мүшелері ___________________________________________________
                            (лауазымы, тегі, аты-жөні)
_____________________________________________________________________

Комиссия хатшысы ____________________________________________________
                            (лауазымы, тегі, аты-жөні)
_____________________________________________________________________
            (мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет атауы)
_____________________________________________________________ өткізді
                  (аттестаттау түрі)

      Ұсынылған құжаттарды қарау нәтижелері бойынша комиссия мынадай қорытындыға келді:
_____________________________________________________________________
         (мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтің атауы)
_____________________________________________________________________
                    (өртке қарсы қызмет түрі)
ұйымдарда, елді мекендер мен объектілерде өрттердің алдын алу және
сөндіру, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және авариялық-құтқару
жұмыстарын жүргізу жөніндегі жұмыстарды жүргізу құқығына
аттестатталады (аттестаттаудан өтпеді).

Комиссия мүшелерінің қолдары:

Комиссия төрағасы ___________________________________________________
                                (қолы, тегі, аты-жөні)

Комиссия төрағасының орынбасары _____________________________________
                                      (қолы, тегі, аты-жөні)
_____________________________________________________________________

Комиссия мүшелері ___________________________________________________
                                (қолы, тегі, аты-жөні)
                  ___________________________________________________
                                (қолы, тегі, аты-жөні)
                  ___________________________________________________
                                (қолы, тегі, аты-жөні)

М.О.

«Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтерді  
ұйымдардағы, елді мекендердегі және     
объектілердегі өрттердің алдын алу және сөндіру,
өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және авариялық-
құтқару жұмыстарын жүргізу жөніндегі    
жұмыстарды жүргізу құқығына аттестаттау»  
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне
3-қосымша                   

Әрбір іс-қимылдың (рәсімнің) өту блок-схемасы

      *Примечание. Аттестат оформляется и подписывается только в
случае положительного решения комиссии об аттестации
услугополучателя. В противном случае аттестат не оформляется.

«Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтерді  
ұйымдардағы, елді мекендердегі және     
объектілердегі өрттердің алдын алу және сөндіру,
өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және авариялық-
құтқару жұмыстарын жүргізу жөніндегі    
жұмыстарды жүргізу құқығына аттестаттау»  
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне
4-қосымша                   

Мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі іс-қимылдардың
логикалық дәйектілігінің өзара байланысын көрсететін сипаттама
«электрондық үкімет» порталы арқылы

5-қосымша                   

Мемлекеттік қызметті көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығы
Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтерді ұйымдардағы, елді
мекендердегі және объектілердегі өрттердің алдын алу және сөндіру,
өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және авариялық-құтқару жұмыстарын
жүргізу жөніндегі жұмыстарды жүргізу құқығына аттестаттау
(мемлекеттік көрсетілетін қызмет атауы)

*ҚФБ - құрылымдық – функционалдық бірлік: көрсетілетін қызметті
берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл
жасауы;

Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрі м. а.
2015 жылғы 23 мамырдағы
№ 475 бұйрығына    
2-қосымша        

«Төтенше жағдайларды жою кезіндегі құтқару жұмыстарын жүргізу
жөніндегі қызметті жүзеге асыратын субъектілерді аттестаттау»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1. Жалпы ережелер

      1. «Төтенше жағдайларды жою кезіндегі құтқару жұмыстарын жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын субъектілерді аттестаттау» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) облыс орталықтарында, Астана және Алматы қаларында орналасқан Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті облыстардың, Астана және Алматы қалаларының төтенше жағдайлар департаменттері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 394 бұйрығымен бекітілген «Төтенше жағдайларды жою кезіндегі құтқару жұмыстарын жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын субъектілерді аттестаттау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11308 тіркелген) негізінде көрсетеді.
      Мемлекеттік қызмет көрсету өтініштерін қабылдау және нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті беруші арқылы жүзеге асырылады.
      2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде.
      3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінің 1-қосымшасында келтірілген нысан бойынша авариялық-құтқару жұмыстарының белгілі бір түрін немесе түрлерін жүргізу құқығына берілетін куәлік.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті
берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл
тәртібінің сипаттамасы

      4. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастау үшін мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін алуға көрсетілетін қызметті алушының өтініші негіз болып табылады.
      5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесі құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, орындау ұзақтығы:
      1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері қағаз тасымалдағышта келіп түскен мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға өтінішті Электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесінде тіркейді және оны көрсетілетін қызметті берушінің басшылығына қарауға жібереді. Орындау ұзақтығы – түскеннен кейін 15 (он бес) минут. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі өтінішті тіркеу болып табылады;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы өтінішті қарайды және жауапты орындаушыны (бұдан әрі – орындаушы) белгілейді. Орындау ұзақтығы – 2 (екі) сағат;
      3) орындаушы өтінішті қарайды және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін алу құқығына өтініш пен құжаттар пакетін қарау бойынша жөніндегі комиссия (бұдан әрі – комиссия) отырысының күнін белгілейді және комиссия мүшелеріне комиссия отырысының күні туралы хабарлайды. Орындау ұзақтығы – 2 (екі) сағат.
      4) комиссия өтінішті қарайды, ұсынылған құжаттардың азаматтық қорғау саласындағы заңнамаға сәйкестігін айқындайды және көрсетілетін қызметті алушыны авариялық-құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстарды орындауға дайындығына тексеру жүргізу күні немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту туралы шешім қабылдайды, ол комиссия отырысының хаттамасымен ресімделеді. Орындау ұзақтығы – 13 (он үш) күнтізбелік күн.
      Аттестаттау комиссиясы аттестаттау процесінде мынадай іс-қимылдарды жүзеге асырады:
      құтқарушыларға (азаматтарға) кәсіби қасиеттеріне тестілеу және психологиялық тестілеу жүргізеді, сондай-ақ дене шынықтыру даярлығы бойынша нормативтерді орындайды;
      авариялық-құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізуге құтқару техникалары мен авариялық-құтқару саймандарының және жабдықтарының бар-жоғын тексереді;
      Орындау ұзақтығы – 6 (алты) сағат.
      Комиссия көрсетілетін қызметті алушы қол қойып танысатын көрсетілетін қызметті алушыны аттестаттау нәтижелері туралы аттестаттау актісін жасайды.
      Орындау мерзімі – 4 (төрт) сағат.
      5) орындаушы комиссия шешімін және көрсетілетін қызметті алушыға жауапты ресімдейді. Көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қоюға береді. *Орындау мерзімі – 2 (екі) сағат.
      6) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы көрсетілетін қызметті алушыға жауапқа және куәлікке қол қояды*. Орындау ұзақтығы – 2 (екі) сағат.
      7) орындаушы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін кеңсе қызметкеріне береді. Орындау ұзақтығы – 20 (жиырма) минут.
      8) кеңсе қызметкері жауапты Электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесінде тіркейді. Орындау ұзақтығы – 20 (жиырма) минут.
      9) кеңсе қызметкері көрсетілетін қызметті алушыға (көрсетілетін қызметті алушының сенімхат бойынша өкіліне) аттестаттау туралы жауапты (аттестаттау туралы комиссияның оң шешімі жағдайында – аттестаттау туралы жауап және куәлік) береді не почта арқылы жолдайды. 20 (жиырма) минут.
      *Ескертпе. Куәлік көрсетілетін қызметті алушыны аттестаттау туралы комиссияның оң шешімі болған жағдайда ғана ресімделеді және қол қойылады. Керісінше жағдайда куәлік ресімделмейді.
      6. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі мынадай рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастау үшін негіз болады:
      1-іс-қимыл – Электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесінде тіркеу және кіріс нөмірін беру;
      2-іс-қимыл – бөлімнің жауапты қызметкерін (бұдан әрі – орындаушы) белгілеу;
      3-іс-қимыл – комиссия отырысының күнін белгілеу және комиссия мүшелеріне отырыс күні туралы хабарлау;
      4-іс-қимыл – аттестаттау туралы шешім;
      5-іс-қимыл – комиссияның шешімі және көрсетілетін қызметті алушыға жауап. Көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қоюға беру*;
      6-іс-қимыл – көрсетілетін қызметті беруші қол қойған жауап және куәлік;
      7-іс-қимыл – кеңсе қызметкеріне мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру;
      8-іс-қимыл – аттестаттау туралы жауапқа нөмір мен шығыс күнін беру;
      9-іс-қимыл – мемлекеттік қызмет көрсетудің толтырылған карточкасы (көрсетілетін қызметті алушыға немесе көрсетілетін қызметті алушының өкіліне мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі қолға берілген жағдайда) не ішкі почта жөнелтілімін алу туралы хабарламада штрих-кодтың және белгінің болуы (көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі почта арқылы жолданған жағдайда).
      *Ескертпе. Куәлік көрсетілетін қызметті алушыны аттестаттау туралы комиссияның оң шешімі болған жағдайда ғана ресімделеді және қол қойылады. Керісінше жағдайда куәлік ресімделмейді.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті
берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара
іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы

      7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне көрсетілетін қызметті берушінің мына құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлері) жұмылдырылады:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;
      3) жауапты қызметкер (орындаушы);
      4) мемлекеттік қызмет көрсетуге жауапты мемлекеттік орган бұйрығымен тағайындалған комиссия мүшелері.
      8. Әрбір іс-қимылды өтудің блок-схемасы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 2-қосымшада келтірілген.

«Төтенше жағдайларды жою кезіндегі құтқару
жұмыстарын жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге
асыратын субъектілерді аттестаттау»   
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне
1-қосымша                  

нысан

Бақылау талоны
Авариялық-құтқару қызметінің (құралымының) куәлігі № _________

_____________________________________________________________ берілді  (заңды тұлғаның, өкілдіктің толық атауы, жеке тұлғаның толық
                тегі, аты, әкесінің аты)
Куәлік берген орган _________________________________________________
                        (куәлікті берген органның толық атауы)
Куәліктің берілген күні _____________________________________________
Басшы (уәкілетті тұлға) _______________________ _____________________
                          (тегі, аты-жөні)             (қолы)

- - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - -

Авариялық-құтқару жұмыстарының
белгілі бір түрін немесе түрлерін жүргізу құқығына
куәлік

_____________________________________________________________ берілді
         (заңды тұлғаның толық атауы, өкілдік)
_____________________________________________________________________
___________________________________________________________ жүргізуге
   (авариялық-құтқару жұмысының түрі, объектінің атауы)
_____________________________________________________________________
Куәлік берген орган _________________________________________________
                        (куәлікті берген органның толық атауы)
_____________________________________________________________________
Басшы (уәкілетті тұлға) _____________________________________________
               (куәлікті берген орган басшысының (уәкілетті адамының)
                          тегі және аты-жөні (уәкілетті орган)
_____________________________________________________________________

Куәліктің берілген күні 20__жылғы «____»____________             М.О.
Авариялық-құтқару қызметінің (құралымының) куәлігі № _________
________________________ қаласы

«Төтенше жағдайларды жою кезіндегі құтқару
жұмыстарын жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге
асыратын субъектілерді аттестаттау»   
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне
2-қосымша                  

Әрбір іс-қимылдың (рәсімнің) өту блок-схемасы

      *Ескертпе. Куәлік көрсетілетін қызметті алушыны аттестаттау туралы комиссияның оң шешімі болған жағдайда ғана ресімделеді және қол қойылады. Керісінше жағдайда куәлік ресімделмейді.

Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрі м. а.
2015 жылғы 23 мамырдағы
№ 475 бұйрығына    
3-қосымша        

«Авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарын тіркеу
(есептік тіркеу)» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1. Жалпы ережелер

      1. «Авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарын тіркеу (есептік тіркеу)» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) облыс орталықтарында, Астана және Алматы қалаларында орналасқан Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті облыстардың, Астана және Алматы қалаларының төтенше жағдайлар департаменттері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 394 бұйрығымен бекітілген «Авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарын тіркеу (есептік тіркеу)» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11308 тіркелген) негізінде көрсетеді.
      Мемлекеттік қызмет көрсету өтініштерін қабылдау және нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті беруші арқылы жүзеге асырылады.
      2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде.
      3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – осы мемлекеттік қызмет көрсету регламентінің 1-қосымшасында келтірілген тіркелімге авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарын тіркеу.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті
берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл
тәртібінің сипаттамасы

      4. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастау үшін мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін алуға көрсетілетін қызметті алушының өтініші негіз болып табылады.
      5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесі құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, орындалу ұзақтығы:
      1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері қағаз тасымалдағышта келіп түскен мемлекеттік қызмет көрсетуді алуға арналған өтінішті Электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесіне тіркейді және оны көрсетілетін қызметті берушінің басшылығына қарауға береді. Орындау ұзақтығы – келіп түскеннен кейін 15 (он бес) минут.
      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы өтінішті қарайды және жауапты орындаушыны белгілейді. Орындау ұзақтығы – 2 (екі) сағат.
      3) орындаушы өтінішті қарайды және авариялық-құтқару қызметін немесе құралымын тізілімге тіркейді. Орындау ұзақтығы – 20 (жиырма) минут.
      4) орындаушы көрсетілетін қызметті алушыға жауапты ресімдейді. Көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қоюға береді. Орындау ұзақтығы – 2 (екі) сағат.
      5) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы көрсетілетін қызметті берушінің жауабына қол қояды. Орындау ұзақтығы – 10 (он) минут.
      6) орындаушы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін кеңсе қызметкеріне береді. Орындау ұзақтығы – 20 (жиырма) минут.
      7) кеңсе қызметкері жауапты Электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесінде тіркейді. Орындау ұзақтығы – 20 (жиырма) минут.
      8) кеңсе қызметкері көрсетілетін қызметті алушыға (көрсетілетін қызметті алушының сенімхат бойынша өкіліне) жауапты береді не оны почта арқылы жолдайды. Орындау ұзақтығы – 20 (жиырма) минут.
      6. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі мынадай рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастау үшін негіз болады:
      1-іс-қимыл – Электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесінде тіркеу және кіріс нөмірін беру;
      2-іс-қимыл – жауапты орындаушыны белгілеу;
      3-іс-қимыл – тізілімге тіркеу;
      4-іс-қимыл – көрсетілетін қызметті алушыға жауап. Көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қоюға беру;
      5-іс-қимыл –көрсетілетін қызметті берушіге қол қойылған жауап;
      6-іс-қимыл – кеңсе қызметкеріне мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру;
      7-іс-қимыл – тіркеу туралы жауапқа нөмір және шығыс күнін беру;
      8-іс-қимыл – мемлекеттік қызмет көрсетудің толтырылған карточкасы (көрсетілетін қызметті алушыға немесе көрсетілетін қызметті алушының өкіліне мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі қолға берілген жағдайда) не ішкі почталық жіберуді алу туралы хабарламада штрих-кодтың және белгінің болуы (көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі почта арқылы жолданған жағдайда).

3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті
берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара
іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы

      7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне көрсетілетін қызметті берушінің мына құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлері) жұмылдырылады:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;
      3) жауапты қызметкер (орындаушы);
      8. Әрбір іс-қимылды өтудің блок-схемасы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 2-қосымшада келтірілген.

«Авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарын
тіркеу (есептік тіркеу)»        
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне
1-қосымша                   

нысан

Тізілім

Р/с №

Тіркеу н-нөмірі

Құралымның атауы

Жүргізілетін жұмыстың негізгі түрлері

Заңды мекенжайы, телефоны

Басшының аты-жөні, телефоны

Куәліктің нөмірі және берілген күні

Саны

күні

Тіркеуден шығару мерзімі

Жеке құрамның

техникалар, жүзу құралдары және басқа да жабдықтар

Өткен аттестаттау

Келесі аттестаттау

1.

2.

3.

4.

5.

6.

7.

8.

9.

10.

11.

12.

«Авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарын
тіркеу (есептік тіркеу)»        
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне
2-қосымша                   

Қазақстан Республикасы 
Ішкі істер министрінің 
міндетін атқарушының 
2015 жылғы 23 мамырдағы
№ 475 бұйрығына      
4-қосымша         

      Ескерту. Бұйрық 4-қосымшамен толықтырылды - ҚР Ішкі істер министрінің 18.12.2015 № 1031 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

«Өрт қауіпсіздігі саласындағы аудит бойынша сараптама ұйымдарын
аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1. Жалпы ережелер

      1. «Өрт қауіпсіздігі саласындағы аудит бойынша сараптама ұйымдарын аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8-үй, «Министрліктер үйі» әкімшілік ғимараты, 2-кіреберіс мекенжайында орналасқан Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 394 бұйрығымен бекітілген «Өрт қауіпсіздігі саласындағы аудит бойынша сараптама ұйымдарын аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11308 болып тіркелген) (бұдан әрі - стандарт) негізінде көрсетеді.
      Өтініш қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
      2) «электронды үкіметтің» www.e.gov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нысаны: электронды (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
      3. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі – осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өрт қауіпсіздігі саласындағы аудит бойынша аккредиттеу аттестаты.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті
беруші құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің)
іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы

      4. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастау үшін стандарттың 9-тармағынданда келтірілген құжаттар негіз болып табылады.
      5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, орындау ұзақтығы:
      құжаттардың тізбесін толық ұсынбаған жағдайда:
      1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері қағаз тасымалдағышта келіп түскен мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға өтінішті Электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесінде тіркейді және оны көрсетілетін қызметті берушінің басшылығына қарауға жібереді, орындау ұзақтығы – келіп түскеннен кейін 15 (он бес) минут;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы өтінішті қарайды және жауапты орындаушыны (бұдан әрі – орындаушы) белгілейді, орындау ұзақтығы – 2 (екі) сағат;
      3) орындаушы ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді, орындау ұзақтығы – 4 (төрт) сағат;
      4) ұсынылған құжаттардың толық еместігі фактісі анықталған жағдайда орындаушы өтінішті одан әрі қараудан бас тарту туралы дәлелді жауаптың жобасын дайындайды және жауаптың жобасын көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қоюға береді, орындау ұзақтығы – 2 (екі) сағат;
      5) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы өтінішті одан әрі қараудан бас тарту туралы дәлелді жауаптың жобасына қол қояды, орындау ұзақтығы – 2 (екі) сағат;
      6) орындаушы өтінішті одан әрі қараудан бас тарту туралы дәлелді жауапты кеңсе қызметкеріне береді, орындау ұзақтығы – 20 (жиырма) минут;
      7) кеңсе қызметкері өтінішті одан әрі қараудан бас тарту туралы дәлелді жауапты Электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесінде тіркейді, орындау ұзақтығы – 20 (жиырма) минут;
      8) кеңсе қызметкері көрсетілетін қызметті алушыға (көрсетілетін қызметті алушының сенімхат бойынша өкіліне) өтінішті одан әрі қараудан бас тарту туралы дәлелді жауапты береді не пошта арқылы жолдайды, орындау ұзақтығы – 20 (жиырма) минут.
      құжаттардың тізбесін толық ұсынған жағдайда:
      1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері қағаз тасымалдағышта келіп түскен мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға өтінішті Электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесінде тіркейді және оны көрсетілетін қызметті берушінің басшылығына қарауға жібереді, орындау ұзақтығы – келіп түскеннен кейін 15 (он бес) минут;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы өтінішті қарайды және (бұдан әрі – орындаушы) белгілейді, орындау ұзақтығы – 2 (екі) сағат;
      3) орындаушы өтінішті қарайды және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін алу құқығына өтініш пен құжаттар пакетін қарау жөніндегі комиссия (бұдан әрі – комиссия) отырысының күнін белгілейді және комиссия мүшелеріне комиссия отырысының күні туралы хабарлайды, орындау ұзақтығы – 2 (екі) сағат;
      4) комиссия өтінішті қарайды, ұсынылған құжаттардың өрт қауіпсіздігі саласындағы заңнамаға сәйкестігін айқындайды және аккредиттеу туралы шешім қабылдайды, ол осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 2-қосымшада келтірілген нысанда комиссия отырысының хаттамасымен ресімделеді, орындау ұзақтығы – күнтізбелік 13 (он үш) күн;
      5) орындаушы комиссия шешімін, көрсетілетін қызметті алушыға жауапты және аттестатты ресімдейді. Көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қоюға береді, орындау ұзақтығы – 2 (екі) сағат;
      6) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы көрсетілетін қызметті алушыға жауапқа және аттестатқа қол қояды, орындау ұзақтығы – 2 (екі) сағат;
      7) орындаушы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін кеңсе қызметкеріне береді, орындау ұзақтығы – 20 (жиырма) минут;
      8) кеңсе қызметкері аккредиттеу туралы жауапты Электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесінде тіркейді, орындау ұзақтығы – 20 (жиырма) минут;
      9) кеңсе қызметкері көрсетілетін қызметті алушыға (көрсетілетін қызметті алушының сенімхат бойынша өкіліне) аккредиттеу туралы жауапты (аккредиттеу туралы комиссияның оң шешімі болған жағдайда – аккредиттеу туралы жауап және аттестат) береді не пошта арқылы жолдайды, орындау ұзақтығы – 20 (жиырма) минут.
      6. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі мынадай рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастау үшін негіз болады:
      құжаттардың тізбесін толық ұсынбаған жағдайда:
      1-іс-қимыл – Электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесінде тіркеу және кіріс нөмірін беру;
      2-іс-қимыл – орындаушыны белгілеу;
      3-іс-қимыл – ұсынылған құжаттардың толықтығын анықтау;
      4-іс-қимыл – өтінішті әрі қараудан бас тарту туралы дәлелді жауаптың жобасы;
      5-іс-қимыл – өтінішті әрі қараудан бас тарту туралы дәлелді жауаптың қол қойылған жобасы;
      6-іс-қимыл – өтінішті әрі қараудан бас тарту туралы дәлелді жауаптың жобасын беру;
      7-іс-қимыл – өтінішті әрі қараудан бас тарту туралы дәлелді жауаптың жобасына номерді және шығыс күнін беру;
      8-іс-қимыл – мемлекеттік қызмет көрсетудің толтырылған карточкасы (көрсетілетін қызметті алушыға немесе көрсетілетін қызметті алушының өкіліне мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі қолға берілген жағдайда) не ішкі пошта жөнелтімін алу туралы хабарламада штрих-кодтың және белгінің болуы (көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі почта арқылы жолданған жағдайда).
      құжаттардың тізбесін толық ұсынған жағдайда:
      1-іс-қимыл – Электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесінде тіркеу және кіріс нөмірін беру;
      2-іс-қимыл – орындаушыны белгілеу;
      3-іс-қимыл – ұсынылған құжаттардың толықтығын тексеру, комиссия отырысының күнін белгілеу және комиссия мүшелеріне комиссия отырысының күні туралы хабарлау;
      4-іс-қимыл – аккредиттеу туралы шешім;
      5-іс-қимыл – комиссияның шешімі және көрсетілетін қызметті алушыға жауап. Көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қоюға беру;
      6-іс-қимыл – көрсетілетін қызметті алушыға қол қойылған жауап және аттестат;
      7-іс-қимыл – кеңсе қызметкеріне мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру;
      8-іс-қимыл – аккредиттеу туралы жауапқа нөмір мен шығыс күнін беру;
      9-іс-қимыл – мемлекеттік қызмет көрсетудің толтырылған карточкасы (көрсетілетін қызметті алушыға немесе көрсетілетін қызметті алушының өкіліне мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі қолға берілген жағдайда) не ішкі пошта жөнелтімін алу туралы хабарламада штрих-кодтың және белгінің болуы (көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі почта арқылы жолданған жағдайда).

3. Мемлекеттік қызметтерді көрсету процесінде көрсетілетін
қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің)
өзара іс-қимылы тәртібін сипаттау

      7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне көрсетілетін қызметті берушінің мына құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлер) жұмылдырылады:
      1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;
      3) жауапты қызметкер (орындаушы);
      4) көрсетілетін қызметті берушінің бұйрығымен тағайындалған комиссия мүшелері.
      8. Әрбір іс-қимылды өтудің блок-схемасы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша келтірілген.

4. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді
пайдалану тәртібінің сипаттамасы

      9. Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсету процесінде
іс-қимылдардың логикалық дәйектілігі арасындағы өзара байланысты көрсететін сипаттама осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне  4-қосымшада келтірілген.
      10. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі рәсімдер (іс-қимылдар) дәйектілігінің, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлері) өзара іс-қимылының және мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібінің толық сипаттамасы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 5-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестері анықтамасында көрсетіледі.
      Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестері анықтамасы «электрондық үкіметтің» веб-порталына және көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсына орналастырылған.
      11. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша қажетті ақпаратты және консультацияны саll-орталығының 1414 телефоны бойынша алуға болады.

«Өрт қауіпсіздігі      
саласындағы аудит бойынша  
сараптама ұйымдарын аккредиттеу»
мемлекеттік көрсетілетін  
қызмет регламентіне     
1-қосымша          

нысан            

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің
Төтенше жағдайлар комитеті

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы

АККРЕДИТТЕУ
АТТЕСТАТЫ

№________________________________
(аккредиттеу аттестаттының нөмірі)

ОСЫ АККРЕДИТТЕУ АТТЕСТАТЫ _________________________________________________________
(ұйымның заңды мекенжайы)

_____________________________________________________________________
                         (ұйымның атауы)

БЕРІЛДІ

және «Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының
1-бабының 19-2) тармақшасына сәйкес осы сараптама ұйымы өрт
қауіпсіздігі саласындағы аудит бойынша жұмысты орындауға
аккредиттелгенін куәландырады сараптама ұйымдарының мемлекеттік тізілімінде
аккредиттеу аттестатын тіркеу күні
_________________________________ аккредиттеу аттестатының қолданылу мерзімі
__________ бастап ______________ дейін

      Комиссия                  М.О.                   ____________
      төрағасы           _________________               (Т.А.Ә.)
                            (қолы)

«Өрт қауіпсіздігі      
саласындағы аудит бойынша  
сараптама ұйымдарын аккредиттеу»
мемлекеттік көрсетілетін  
қызмет регламентіне     
2-қосымша          

нысан            

Өрт қауіпсіздігі саласындағы аудит бойынша сараптама
ұйымдарын аккредиттеу бойынша құжаттарды қарау
жөніндегі комиссия отырысының
ХАТТАМАСЫ

2015 жылғы «____»_______       № __                   Астана қ.

      Өрт қауіпсіздігі саласындағы аудит бойынша сараптама ұйымдарын аккредиттеу бойынша құжаттарды қарау жөніндегі комиссия
(бұдан әрі - Комиссия) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің
2015 жылғы 13 ақпандағы № 112 бұйрығымен бекітілген Өрт қауіпсіздігі саласындағы аудит жөніндегі қызметті жүзеге асыруға сараптама ұйымдарын аккредиттеу қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10488 болып тіркелген) сәйкес _____________________________________________________________________
                (ұйымнын атауы және мекенжайы)
ұсынылған аккредиттеу жөніндегі құжаттарды қарады.
      Сараптама ұйымы:
      1. ______________________________________;
      2. ______________________________________;
      3. ______________________________________;
      4. ______________________________________ ұсынды.
      Құжаттарды қарау барысында __________________________ құжаттары
                                       (ұйымнын атауы)
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 13 ақпандағы
№ 110 бұйрығымен бекітілген өрт қауіпсіздігі саласындағы аудит жөніндегі қызметті жүзеге асыруға сараптама ұйымдарына қойылатын біліктілік талаптарына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10496 болып тіркелген) сәйкес (сәйкес емес).
      Қарау нәтижесі бойынша Комиссия ______________________ (ұйымнын атауы) өрт қауіпсіздігі саласындағы аудит бойынша аккредиттеу (аккредиттеуден бас тарту) туралы шешімді қабылдады.

Комиссия төрағасы:                             _____________________
                                                 (тегі және аты-жөні)

Комиссия төрағасының орынбасары:             _____________________
                                                 (тегі және аты-жөні)

Комиссия мүшелері:                            _____________________
                                                 (тегі және аты-жөні)
                                                _____________________
                                                 (тегі және аты-жөні)
                                                _____________________
                                                 (тегі және аты-жөні)
                                                _____________________
                                                 (тегі және аты-жөні)

Комиссияның хатшысы:                          _____________________
                                                 (тегі және аты-жөні)

«Өрт қауіпсіздігі      
саласындағы аудит бойынша  
сараптама ұйымдарын аккредиттеу»
мемлекеттік көрсетілетін  
қызмет регламентіне     
3-қосымша          

нысан            

Әрбір іс-қимылды (рәсімді) өтудің блок-схемасы

«Өрт қауіпсіздігі      
саласындағы аудит бойынша  
сараптама ұйымдарын аккредиттеу»
мемлекеттік көрсетілетін  
қызмет регламентіне     
4-қосымша          

Мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі іс-қимылдардың
логикалық дәйектілігінің өзара байланысын көрсететін сипаттама
«электрондық үкімет» порталы арқылы

«Өрт қауіпсіздігі      
саласындағы аудит бойынша  
сараптама ұйымдарын аккредиттеу»
мемлекеттік көрсетілетін  
қызмет регламентіне     
5-қосымша          

нысан            

Мемлекеттік қызметті көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығы
«Өрт қауіпсіздігі саласындағы аудит бойынша
сараптама ұйымдарын аккредиттеу»
(мемлекеттік көрсетілетін қызмет атауы)

*ҚФБ - құрылымдық-функционалдық бірлік: көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл жасасуы;