"Қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 535 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 23 маусымда № 11420 болып тіркелді.

Жаңартылған

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Бұйрыққа өзгеріс енгізу көзделген – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 02.09.2019 № 686 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған "Қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті (Ә.А. Асавбаев):

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімдік баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрі
Ә. Исекешев

      "КЕЛІСІЛГЕН":

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      _________________ Е. Досаев

      2015 жылғы 14 мамыр



  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрінің
2015 жылғы 30 сәуірдегі
№ 535 бұйрығымен бекітілді

"Қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын мемлекеттік
тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер

      1. "Қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.

      3. Мемлекеттік қызметті көлік саласындағы функцияларды жүзеге асыратын Алматы, Павлодар, Өскемен және Теміртау қалаларының жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Өтінішті қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;

      2) www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:

      1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ портал арқылы жүгінген кезде – 8 (сегіз) жұмыс күні.

      Көрсетілетін қызметті беруші құжаттарды алған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

      Ұсынылған құжаттардың толық еместігі фактісі анықталған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қараудан бас тартады.

      2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін кезек күтудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут;

      3) қызмет көрсетудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут.

      Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 11.11.2015 № 1063 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.

      6. Мемлекет қызметті көрсету нәтижесі: осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 1-қосымшасына сәйкес қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын тiркеу туралы куәлік және (немесе) қалалық рельстік көліктің көлік құралдары тізілімінен қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын шығару туралы хабарлама беру.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету нәтижесінің нысаны: электрондық және (немесе) қағаз түрінде.

      Порталда мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолы (бұдан әрі - ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жіберіледі.

      Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қөрсетілетін қызмет нәтижесін қағаз тасығышта алуға өтініш жасаған жағдайда, мемлекеттік қөрсетілетін қызмет нәтижесі электрондық нысанда ресімделеді, басып шығарылады және көрсетілетін қызметті берішінің уәкілетті тұлғасының мөрімен және қолымен куәландырылады.

      7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) ақылы негізде көрсетіледі.

      8. Қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын тiркеу/қайта тіркеу алымы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) белгіленген тәртіппен ставкалар және мөлшерде төленеді және мыналарды:

      1) тіркеу үшін – алымды төлеу күнінде қолданыстағы 0,25 айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі – АЕК);

      2) қайта тіркеу үшін – алымды төлеу күнінде қолданыстағы 0,25 АЕК қамтиды.

      Тіркеу алымының сомасын бюджетке төлеу екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар арқылы қолма-қол және қолма-қол ақшасыз нысанда, немесе "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі (бұдан әрi – ЭҮТШ) арқылы жүзеге асырылады.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 28.04.2018 № 288 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      9. Жұмыс кестесі:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұмаға дейін, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.

      Мемлекеттік қызметке өтінішті қабылдау және нәтижесін беру сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен, сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін жүзеге асырылады.

      Қабылдау және нәтижелерді беру кезек тәртібімен жеделдетіп қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады;

      2) порталда – тәулік бойы, жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда тәулік бойы жүзеге асырылады (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсетуге өтінішті мен мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады).

      10. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) мемлекеттік қызмет көрсету үшін жүгінге кезде қажетті құжаттардың тізбесі:

      1) көрсетілетін қызметті берушіге:

      қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу үшін:

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

      мемлекеттік тіркеуге жататын қалалық рельстік көліктің көлік құралдарының тізбесі;

      меншік құқығын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

      дайындаушы зауыттың қалалық рельстік көліктің көлік құралдарының әрбір бірлігіне техникалық паспортының (формулярының) көшірмесі;

      тіркеу алымының төленгенiн растайтын құжат.

      Қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын шығару үшін:

      еркін нысанындағы өтініш;

      қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік;

      қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын есептен шығару туралы актінің не закымдануы туралы, Қазақстан Республикасынан тыс пайдалану үшін әкете отырып, сату туралы құжаттың көшірмесі;

      2) порталда:

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

      меншік құқығын куәландыратын құжаттың электрондық көшірмесі;

      дайындаушы зауыттың қалалық рельстік көліктің көлік құралдарының әрбір бірлігіне техникалық паспортының (формулярының) электрондық көшірмесі;

      ЭҮТШ арқылы төлем жағдайын қоспағанда, тіркеу алымының төленгенiн растайтын құжаттың электрондық көшірмесі.

      Қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын шығару үшін:

      еркін нысанындағы өтініштің электрондық көшірмесі;

      қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі;

      қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын есептен шығару туралы актінің не закымдануы туралы, Қазақстан Республикасының шегінен тыс пайдалану үшін әкете отырып, сату туралы құжаттың электрондық көшірмесі;

      Мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған жеке басты растайтын құжат туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы, қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын тіркеу (қайта тіркеу) туралы, ЭҮТШ арқылы төлем жағдайын қоспағанда, тіркеу алымының төленгенiн растайтын құжат туралы мәліметті көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкіметтің" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

      Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды берген кезде:

      көрсетілетін қызметті берушіге (қолма қол немесе пошта байланысы арқылы) қағаз тасығышта өтінішті қабылдаудың растау осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхатты беру болып табылады.

      портал арқылы – көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін алу күнін көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсетуге сұрауды қабылдау туралы мәртебе көрсетіледі.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 11.11.2015 № 1063 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

3. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның
лауазымды адамдарының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері
жөніндегі шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне)
шағымдану тәртібі

      Ескерту. 3-тараудың атауы жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 11.11.2015 № 1063 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      11. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, іс-әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану:

      шағым осы мемлекеттік қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетілетін қызметті берушінің басшысының атына не тиісті облыстық маңызы бар, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы орган (бұдан әрі - Әкімшілік) басшысының атына беріледі.

      Шағым жазбаша нысанда пошта арқылы немесе элекртондық түрде немесе көрсетілетін қызметті беруші кеңсесі арқылы жұмыс күндері қолма-қол беріледі.

      Шағымның қабылданғанын растау қабылдаған адамның тегі және аты-жөні көрсетілген, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орнын көрсете отырып шағымды көрсетілетін қызметті берушінің немесе әкімшіліктің кеңсесінде тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі және күні), болып табылады.

      Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы мәліметті бірыңғай байланыс-орталығының 1414 телефоны арқылы алуға болады.

      Шығымды портал арқылы жіберген кезде көрсетілетін қызметті алушыға "жеке кабинетінен" шағым туралы ақпарат қолжетімді болады, ол көрсетілетін қызметті беруші шағымды өңдеген кезде жаңартылып отырады (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгі, шағымды қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап).

      Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Шағымда:

      жеке тұлғаның – тегі, аты, сондай-ақ, қалауы бойынша әкесінің аты, пошталық мекенжайы көрсетіледі;

      заңды тұлғаның – атауы, пошталық мекенжайы, шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі. Шағымға көрсетілетін қызметті алушының қол қоюға тиіс.

      12. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

4. Электрондық нысанда мемлекеттік қызметті көрсетудің
ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар

      Ескерту. 4-тараудың атауы жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 11.11.2015 № 1063 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      13. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары "электрондық үкіметтің" www.еgov.kz веб-порталында ("Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде орналастырылған.

      14. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы болған жағдайда, мемлекеттік қызмет портал арқылы көрсетіледі.

      15. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинеті", сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алу мүмкіндігі бар.

      16. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратты мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны арқылы да алуға болады.

  Қалалық рельстік көліктің
көлік құралдарын мемлекеттік
тіркеу қағидаларына
1-қосымша

      Нысан

      _______________________________

      _______________________________

      (облыстық маңызы бар қалалардың,

      астананың жергілікті атқарушы

      органының атауы)

Қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын тіркеу туралы
КУӘЛІК

      Осы куәлік "Қазақстан Республикасындағы көлік туралы" 1994

      жылғы 21 қыркүйектегі № 156 Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес

      ___________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________

      (иесінің толық атауы, Т.А.Ә.А.)

      құқығындағы

      ___________________________________________________________________

      (қалалық рельстік көліктің көлік құралдарына құқықтар көрсетілсін)

      құқығында

      ___________________________________________________________________

      және қалаалық рельстік көліктің көлік құралдарының мемлекеттік

      тіркелгенін растайды

      зауыттық нөмірі ___________________________________________________

      мүкәммалдық нөмірі ________________________________________________

      секциясы __________________________________________________________

      жасалған жылы _____________________________________________________

      ___________________________________________________________________

      Берілген күні 20___жылғы "___" ____________

      М.О. (болған жағдайда)

      Жергілікті уәкілетті органның лауазымды адамы _____________________

      қолы, Т.А.Ә.А.

  Қалалық рельстік көліктің
көлік құралдарын мемлекеттік
тіркеу қағидаларына
2-қосымша

      Нысан

      ___________________________________________

      ___________________________________________

      (облыстық маңызы бар қалалардың, астананың

      жергілікті атқарушы органының атауы)

      ___________________________________________

      (мекеме атауы, заңды тұлғаның атауы не жеке

      тұлғаның Т.А.Ә., туған күні, үй мекен жайы, тел.)

Өтініш

      ____________________________________________________________________

      (меншік, мүліктік жалдау, жалға алу немесе лизинг)

      құқығында тиесілі қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын

      тіркеуді сұраймын.

      Мекенжайы:

      _____________________________ қ._______________________________ к-сі.

      ЖСН,БСН: ___________________________________________________________

      байланыс телефондары (факс)______________________

      Тізбе ________________________________________ парақта қоса беріледі.

      Өтініш беруші

      ____________________________________/_______________________________

      (жеке тұлғаның (Т.А.Ә.А.) не заңды тұлға басшысының қолы)

      М.О. (болған жағдайда)

      (заңды тұлға және жеке кәсіпкер үшін)

  Қалалық рельстік көліктің
көлік құралдарын мемлекеттік
тіркеу қағидаларына
3-қосымша

      Нысан

      _____________________________________________

      _____________________________________________

      (облыстық маңызы бар қалалардың, астананың

      жергілікті атқарушы органының атауы)

ҚОЛХАТ

      Қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын тіркеу туралы

      өтініші бойынша құжаттарды алғаны жөніндегі 20__жылғы "__" ____ № ___

      Уақыты: _______ сағат ____________мин.

      Қабылданған құжаттар тізбесі: (құжаттың атауы, сериясы, нөмірі, қашан

      және кім берді)

      1. __________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      Қабылдады: ____________________________________________________

      өтінішті қабылдаған адамның Т.А.Ә.А. және қолы

      Өтінішті орындау күні 20___ жылғы "___" ___________