Өнеркәсіптік меншік саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 251 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 20 маусымда № 11407 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 11 қазандағы № 1481 бұйрығымен

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Әділет министрінің 11.10.2018 № 1481 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Мына:

      1) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес "Тауар таңбасына және өнеркәсіптік меншік объектілеріне құқықтарды басқаға беру туралы шарттарды тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

      2) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес "Лицензиялық, сублицензиялық шарттарды тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

      3) осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес "Патенттік сенім білдірілген өкілдерге кандидаттарды аттестаттау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

      3-1) осы бұйрықтың 3-1-қосымшасына сәйкес "Патенттік сенім білдірілген өкіл куәлігін беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

      4) осы бұйрықтың 4-қосымшасына сәйкес "Тауар таңбасын тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

      5) осы бұйрықтың 5-қосымшасына сәйкес "Тауар шығарылған жердiң атауын пайдалану құқығын тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

      6) осы бұйрықтың 6-қосымшасына сәйкес "Өнеркәсіптік үлгіге патент беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

      7) осы бұйрықтың 7-қосымшасына сәйкес "Пайдалы модельге патент беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

      8) осы бұйрықтың 8-қосымшасына сәйкес "Өнертабысқа патент беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

      9) осы бұйрықтың 9-қосымшасына сәйкес "Селекциялық жетістікке патент беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Әділет министрінің 20.12.2017 № 1598 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы департаменті:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның көшірмелерін күнтізбелік он күн ішінде мерзімдік баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде орналастыру үшін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпараттық орталығы" Шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынына жіберілуін;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 31.10.2016 № 947 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы

      Әділет министрінің орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Әділет министрі
Б. Имашев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Инвестициялар және даму министрі

      ___________ Ә. Исекешев

      2015 жылғы "____" _____________

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрі

      ___________ Е. Досаев

      2015 жылғы 22 мамыр

  Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2015 жылғы 30 сәуірдегі
№ 251 бұйрығына 1-қосымша

"Тауар таңбасына және өнеркәсіптік меншік объектілеріне
құқықтарды басқаға беру туралы шарттарды тіркеу" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандарты

      Ескерту. Стандарт жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 31.10.2016 № 947 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Тауар таңбасына және өнеркәсіптік меншік объектілеріне құқықтарды басқаға беру туралы шарттарды тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – Мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын (бұдан әрі – Стандарт) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.

      3. Мемлекеттік қызметті Министрлік (бұдан әрі – Көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Мемлекеттік қызмет көрсетуге өтінішті қабылдау және оның нәтижеcін беру:

      1) Министрліктің "Ұлттық зияткерлік меншік институты" Республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – Сараптама ұйымы);

      2) "электрондық үкімет" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – Портал) арқылы жүзеге асырылады.

2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету мерзімдері:

      1) өтініш берген кезден бастап - 40 (қырық) жұмыс күні ішінде.

      Өтінішке қоса берілген шарт материалдарында сараптама жасауға төлемді растайтын құжат болмаған жағдайда, өтініш берушінің төлеуіне шот беріледі. Бұл жағдайда көрсетілген мерзімдер сараптама ұйымына төлем түскен күннен бастап есептеледі. Төлем өтініш берілген кезде немесе өтініш келіп түскен күннен бастап бір ай ішінде жүргізіледі.

      Бір ай мерзімде төлем туралы құжат ұсынылмаған кезде өтініш берілмеді деп танылады.

      Құжаттардың ресімделуіне қойылатын талаптар бұзылған немесе шартты тіркеуге кедергі келтіретін, бірақ жоюға болатын негіздер болған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушыға жолданған күннен бастап үш айлық мерзімде жоқ немесе түзетілген құжаттарды ұсыну немесе қажетті өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде ұсыныспен сұрау салу жіберіледі;

      Мұндай жағдайда сараптама жүргізу мерзімдері шын мәнінде жоқ немесе түзетілген құжаттар ұсынылған күннен бастап есептеледі.

      2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут;

      3) қызмет көрсетудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут.

      Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Әділет министрінің 03.10.2017 № 1225 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.

      6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – қағаз түрінде берілетін шартты тіркеу күні мен оның нөмірімен бірге, мөртабаны қойылған шартты мемлекеттік тіркеу не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы жазбаша түрдегі дәлелді жауап.

      Портал арқылы өтініш берген кезде – айрықша құқықты басқаға беру туралы шарттың мемлекеттік тіркелгендігі туралы анықтама немесе шартты тіркеуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

      7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға ақылы негізде көрсетіледі (бұдан әрі – Көрсетілетін қызметті алушы).

      Мемлекеттік қызметті көрсету жөнбұйрығыіндегі сараптама ұйымының көрсететін қызметі үшін төлемақы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Ұлттық зияткерлік меншік институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны іске асыратын жұмыстар және қызметтер бағаларын бекіту туралы" 2014 жылғы 18 желтоқсандағы № 368 бұйрығына сәйкес (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10045 болып тіркелген) белгіленген мөлшерде төлем алынады.

      Шарттарды тіркеу үшін "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасы Кодексінің 539-бабына сәйкес айлық есептік көрсеткіштің 150 пайызы мөлшерінде мемлекеттік баж өндіріледі.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға электрондық өтінім портал арқылы берілген жағдайда төлем "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) арқылы немесе екінші деңгейдегі банктер арқылы жүзеге асырылады.

      Мемлекеттік баж және сараптама ұйымының қызметін төлеу үшін қажетті банк деректемелері осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 1-қосымшасында көрсетілген.

      Ескерту. 7-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Әділет министрінің 03.10.2017 № 1225 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      8. Жұмыс кестесі:

      1) Көрсетілетін кызметті берушінің - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13-00-ден 14.30-ға дейін;

      2) сараптама ұйымының - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13-00-ден 14.30-ға дейін.

      3) порталда –Тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мейрам күндері өтініш берген кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтінішті қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек куту тәртібімен көрсетіледі;

      9. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) тауар таңбасына айрықша құқықтарды басқаға беру туралы шарттарды тіркеуге өтініш берген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

      1) осы стандарттың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша тауар таңбасына және өнеркәсіптік меншік объектілеріне құқықтарды басқаға беру туралы шарттарды тіркеу туралы өтініш (бұдан әрі – Өтініш);

      2) шарттың титулдық парақпен жабдықталған және қазақ және орыс тілдерінде орындалған төрт данада төлнұсқасы қоса беріледі. Шарттың әрбір данасы тігіледі, қағаз пломбамен бекемделіп тігілген және нөмірленген парақтардың саны туралы жазба жасалады, мөр бедері және екі тараптың не соған уәкілеттік берілген екі тарап адамдарының қолдары қойылады.

      Шарт төлнұсқаларының орнына шарттың нотариат куәландырған көшірмелері ұсынылуы мүмкін;

      3) өтініш патенттік сенім білдірілген тұлға немесе өзге де өкіл арқылы берілген жағдайда, сенімхат;

      4) сараптама ұйымы көрсететін қызметтерге төлем төленгенін растайтын құжат;

      5) мемлекеттік баждың төленгенін растайтын құжат;

      6) ұлттық көрсетілетін қызметті алушылар үшін жоғарыда көрсетілген құжаттардан басқа, қорғау құжаты немесе айрықша құқық иесінің басқару органдарының, құрылтайшылардың немесе акционерлердің жалпы жиналысының шарт жасасу және шартқа кәсіпорын басшысының қол қою өкілеттігін беру мәселесі жөніндегі шешімін ұсынады.

      Өтінім және өзге де қажетті құжаттар қазақ және орыс тілдерінде ұсынылады. Заңды тұлғалардың аты мен атаулары қазақ және орыс транслитериясында көрсетілуге тиіс. Осы тармақтың 2), 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттар, егер олардың қазақ және орыс тілдерінде нотариат куәландырған нұсқасы бір мезгілде берілген жағдайда, шет тілінде берілуі мүмкін.

      Тауар таңбасына айрықша құқықты басқаға беру туралы шартты тіркеуге өтініш жасағанда, бір тарапы 2006 жылғы 27 наурыздағы Тауар таңбалары жөніндегі заңдар туралы Сингапур шартына (Сингапур шарты) қатысушы мемлекеттердің жеке не заңды тұлғасы болып табылатын жағдайда осы тармақтың 2), 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттар қазақ және орыс тілдерінде ұсынылуы мүмкін, олардың қазақ немесе орыс тіліне аудармаларын нотариус немесе өтініш иесін білдіретін патенттік сенім білдірілген өкіл куәландыруы мүмкін; осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген құжаттардың орнына тауар таңбасы иесінің өзгеруін көрсететін шарттан нотариат куәландырған үзінді көшірменің төрт данасы берілуі мүмкін; осы тармақтың 6) тармақшасында көрсетілген құжат ұсынылмайды.

      Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) тауар таңбасына айрықша құқықтарды басқаға беру туралы шартты тіркеуге өтініш берген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін порталға қажетті құжаттар тізбесі:

      1) көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен немесе порталдың есеп жазбасына ұялы байланыс операторы берген көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірі тіркелген және қосылған жағдайда, бір реттік парольмен куәландырылған электрондық құжат нысандағы өтініш;

      2) титулдық парақпен жабдықталып, қазақ және орыс тілдерінде орындалған, қағаз пломбамен бекемделіп тігілген және нөмірленген парақтардың саны туралы жазба жасалған, мөр бедері және екі тараптың да не екі тараптың да уәкілеттік берілген адамдарының қолтаңбалары қойылған шарттың төлнұсқасының электрондық көшірмесі.

      Шарттың электрондық төлнұсқасы көшірмесінің орнына шарттың нотариат куәландырған электрондық көшірмелері ұсынылуы мүмкін;

      3) өтініш патенттік сенім білдірілген өкіл немесе өзге өкіл арқылы берілген жағдайда, сенімхаттың электрондық көшірмесі;

      4) сараптама ұйымы көрсететін қызметтерге төлем төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;

      5) ЭҮТШ арқылы төлемді қоспағанда, мемлекеттік баж төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;

      6) ұлттық көрсетілетін қызметті алушылар үшін: қорғау құжаты немесе айрықша құқық иесінің басқару органдарының, құрылтайшылардың немесе акционерлердің жалпы жиналысының шарт жасасу және шартқа кәсіпорын басшысының қол қою өкілеттігін беру мәселесі жөніндегі шешімінің электрондық көшірмесі.

      Өтініштің және өзге де қажетті құжатардың электрондық көшірмелері қазақ және орыс тілдерінде ұсынылады. Шетелдік атаулар және заңды тұлғалардың атаулары қазақ және орыс транслитериясында көрсетілуге тиіс. Осы тармақтың 2), 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың электрондық көшірмелері, олардың нотариат куәландырған қазақ және орыс тілдеріндегі аудармаларының электрондық көшірмелері бір мезгілде берілген жағдайда, шет тілінде берілуі мүмкін.

      Тауар таңбасына айрықша құқықты басқаға беру туралы шартты тіркеуге өтініш жасағанда, бір тарапы Сингапур шартына қатысушы мемлекеттердің жеке не заңды тұлғасы болып табылатын жағдайда осы тармақтың 2), 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттар қазақ және орыс тілдерінде ұсынылуы мүмкін, олардың қазақ немесе орыс тіліне аудармаларын нотариус немесе өтініш иесін білдіретін патенттік сенім білдірілген өкіл куәландыруы мүмкін; осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген құжаттардың орнына тауар таңбасы иесінің өзгеруін көрсететін шарттан нотариат куәландырған үзінді көшірменің төрт данасы берілуі мүмкін; осы тармақтың 6) тармақшасында көрсетілген құжаттар ұсынылмайды.

      Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) өнертабысқа, пайдалы модельге, өнеркәсіптік үлгіге, селекциялық жетістікке айрықша құқықтарды басқаға беру туралы шартты тіркеуге өтініш берген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

      1) өтініш;

      2) нысанасы біртектес өнеркәсіптік меншік объектілері болып табылатын шарттың титулдық парақпен жабдықталған төрт данадағы төлнұсқасы. Шарттың әрбір данасы тігіледі, қағаз пломбамен бекемделіп тігілген және нөмірленген парақтардың саны туралы жазба жасалады, мөр бедері және екі тараптың не соған уәкілеттік берілген екі тарап адамдарының қолдары қойылады.

      Шарт төлнұсқаларының орнына шарттың нотариат куәландырған көшірмелері ұсынылуы мүмкін;

      3) өтініш патенттік сенім білдірілген тұлға немесе өзге де өкіл арқылы берілген жағдайда, сенімхат;

      4) сараптама ұйымы көрсететін қызметтерге төлем төленгенін растайтын құжат;

      5) мемлекеттік баждың төленгенін растайтын құжат;

      6) ұлттық көрсетілетін қызметті алушылар үшін: қорғау құжаты немесе айрықша құқық иесінің басқару органдарының, құрылтайшылардың немесе акционерлердің жалпы жиналысының шарт жасасу және шартқа кәсіпорын басшысының қол қою өкілеттігін беру мәселесі жөніндегі шешімін ұсынады.

      Өтініштің және басқа да қажетті құжатар қазақ және орыс тілдерінде ұсынылады. Шетелдік атаулар және заңды тұлғалардың атаулары қазақ және орыс транслитериясында көрсетілуге тиіс. Осы тармақтың 2), 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттар, олардың нотариат куәландырған қазақ және орыс тілдеріндегі аудармасы бір мезгілде берілген жағдайда, шет тілінде берілуі мүмкін.

      Селекциялық жетістіктерге айрықша құқықты басқаға беру туралы тіркеуге өтінім берген жағдайда осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген құжаттардың орнына құқықты беру фактісін көрсететін шарттан нотариат куәландырған үзінді көшірмелер ұсынылуы мүмкін.

      Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) өнертабысқа, пайдалы модельге, өнеркәсіптік үлгіге, селекциялық жетістікке айрықша құқықтарды басқаға беру туралы шартты порталға тіркеуге өтініш берген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

      1) көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен немесе порталдың есеп жазбасына ұялы байланыс операторы берген көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірі тіркелген және қосылған жағдайда, бір реттік парольмен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;

      2) титулдық парақпен жабдықталып, қазақ және орыс тілдерінде орындалып, қағаз пломбамен бекемделіп тігілген және нөмірленген парақтардың саны туралы жазба жасалған, мөр бедері және екі тараптың да не екі тараптың да уәкілеттік берілген адамдарының қолтаңбалары қойылған шарттың төлнұсқасының электрондық көшірмесі.

      Шарттың электрондық төлнұсқасының көшірмесінің орнына шарттың нотариат куәландырған электрондық көшірмелері ұсынылуы мүмкін;

      3) өтініш патенттік сенім білдірілген өкіл немесе өзге өкіл арқылы берілген жағдайда, сенімхаттың электрондық көшірмесі;

      4) сараптама ұйымы көрсететін қызметтерге төлем төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;

      5) ЭҮТШ арқылы төлемді қоспағанда, мемлекеттік баж төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;

      6) ұлттық көрсетілетін қызметті алушылар үшін: қорғау құжаты немесе айрықша құқық иесінің басқару органдарының, құрылтайшылардың немесе акционерлердің жалпы жиналысының шарт жасасу және шартқа кәсіпорын басшысының қол қою өкілеттігін беру мәселесі жөніндегі шешімнің электрондық көшірмесі.

      Өтініштің және басқа да қажетті құжатардың электрондық көшірмелері нұсқасы қазақ және орыс тілдерінде ұсынылады. Шетелдік атаулар және заңды тұлғалардың атаулары қазақ және орыс транслитериясында көрсетілуге тиіс. Осы тармақтың 2), 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың электрондық көшірмелері олардың нотариат куәландырған қазақ және орыс тілдеріндегі аудармасы бір мезгілде берілген жағдайда, шет тілінде берілуі мүмкін.

      Селекциялық жетістіктерге айрықша құқықты басқаға беру туралы тіркеуге өтінім берген жағдайда осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген құжаттардың орнына құқықты беру фактісін көрсететін шарттан нотариат куәландырған үзінді көшірме ұсынылуы мүмкін.

      Ескерту. 9-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Әділет министрінің 03.10.2017 № 1225 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      10. Тауар таңбасына айрықша құқықты басқаға беру туралы шартты тіркеуден бас тартуға негіздеме болып табылады:

      1) оған қатысты шарт жасалатын тауар таңбасының тіркеу қолданысының тоқтауы және оны қалпына келтіру мүмкіндігінің жоқтығы;

      2) Сараптама ұйымының сұрау салуы бойынша барлық қажетті материалдардың және мәліметтердің үш айлық мерзімде ұсынылмауы;

      3) тараптардың шарт жасасуға қажетті құқықтарының болмауы.

      Өнертабысқа, пайдалы модельге, өнеркәсіптік үлгіге, селекциялық жетістікке айрықша құқықты басқаға беру туралы шартты тіркеуден бас тартуға негіздеме болып табылады:

      1) оған қатысты шарт жасалатын қорғау құжатының тіркеу қолданысының тоқтауы;

      2) Сараптама ұйымының сұрау салуы бойынша үш айлық мерзімде уақытылы жауаптың ұсынылмауы;

      3) Сараптама ұйымының сұрау салуына жауапта барлық қажетті мәліметтер мен құжаттардың болмауы.

3-тарау. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті
берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне
(әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      11. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану:

      шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына осы стандарттың 13-тармағында көрсетілген мекенжайға жіберіледі.

      Шағым жазбаша нысанда пошта арқылы не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол, сондай-ақ портал арқылы беріледі.

      Қажетті жағдайларда көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызметті сапасыз көрсеткенін растайтын құжаттарға шағымды қоса тіркейді.

      Шағымды қабылдаған адамның тегін және аты-жөнін, берілген шағымға жауапты алу мерзімі мен орнын көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркелуі (мөртаңба, кіріс нөмірі мен күні) шағымның қабылдануын растау болып табылады.

      Портал арқылы өтініш берген кезде шағымдану тәртібі туралы Бірыңғай байланыс-орталығының 1414, 8 800 080 7777 телефондары арқылы алуға болады.

      Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелгеннен кейін бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта байланысы арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде қолма-қол беріледі.

      Шағым портал арқылы жіберілген кезде көрсетілетін қызметті алушыға "жеке кабинеттен" өтініш туралы ақпарат қолжетімді болады, ол көрсетілетін қызметті берушінің өтінішті өңдеуі (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгі жасау, шағымды қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылып отырады.

      Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағымдана алады.

      Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.

      Ескерту. 11-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Әділет министрінің 03.10.2017 № 1225 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      12. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайларда көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа шағымдануға құқығы бар.

4-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін
қызмет ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

      13. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары көрсетілетін қызметті берушінің www.adilet.gov.kz интернет-ресурсының "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде, сараптама ұйымының ресми сайтында www.kazpatent.kz орналастырылған.

      14. Қызмет алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы болған немесе порталдың есеп жазбасына ұялы байланыс операторы берген көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірі порталдың есептік жазбасына тіркелген және қосылған жағдайда, бір реттік парольді пайдаланып, мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.

      Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Әділет министрінің 03.10.2017 № 1225 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      15. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету мәртебесі туралы ақпаратты порталдың "жеке кабинеті" арқылы алуға мүмкіндігі бар.

      16. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша анықтама қызметінің байланыс телефондары: 8 (7172) 74 07 54, 74 09 69, 74 96 60. Бірыңғай байланыс орталығы – 1414, 8 800 080 7777.

      Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Әділет министрінің 03.10.2017 № 1225 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  "Тауар таңбасына және
өнеркәсіптік меншік
объектілеріне құқықтарды
басқаға беру туралы шарттарды
тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
1-қосымша

Мемлекеттік баж төлеу үшін қажетті банк деректемелері

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Әділет министрінің 03.10.2017 № 1225 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Бенефициар – 6205 Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Есіл ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы
      БСН – 081240013779
      ЖСК – KZ24070105KSN0000000
      БСК – KKMFKZ 2 A
      Бенефициар банкі - "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің "Қазынашылық комитеті" мемлекеттік мекемесі.
      КБЕ-11
      Бюджеттік сыныптама коды (БСК) – 108125
      Төлем тағайындау коды — 979 жеке тұлғалар үшін
      Төлем тағайындау коды — 911 заңды тұлғалар үшін

Сараптама ұйымының қызметтеріне ақы төлеуге қажетті банк деректемелері

Қабылдаушы:

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің
"Ұлттық зияткерлік меншік институты"
республикалық мемлекеттік кәсіпорны

Мекенжайы:

010000, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы,
Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8, № 1, № 2 кіреберіс

БИН:

020940003199

КБЕ:

16

КНП:

859

Банктің атауы ЖСК БСК

"Нұрбанк" акционерлік қоғамы

KZ8584905KZ006015415

NURSKZKX

"Қазкоммерцбанк" акционерлік қоғамы

KZ489261501148407000

KZKOKZKX

"Қазақстан халық банкі" акционерлік қоғамы

KZ386010111000288323

HSBKKZKX

"Цеснабанк" акционерлік қоғамы

KZ98998ВТВ0000358095

TSESKZKA

"АТФБанк" акционерлік қоғамы

KZ87826Z0KZTD2008449

ALMNKZKA

"Сбербанк" акционерлік қоғамының еншілес банкі

KZ14914012203KZ0047J

SABRKZKA

Астана қаласындағы "ForteBank" акционерлік қоғамының филиалы

KZ1096503F0007611692

IRTYKZKA

  "Тауар таңбасына және
өнеркәсіптік меншік
объектілеріне құқықтарды
басқаға беру туралы шарттарды
тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына 2-қосымша
  Нысан

      Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің

      "Ұлттық зияткерлік меншік институты"

      республикалық мемлекеттік кәсіпорны

Тауар таңбасына және өнеркәсіптік меншік объектілеріне
құқықтарды басқаға беру туралы шарттарды тіркеу туралы
ӨТІНІШ

      1. Осы өтініште көрсетілген қорғау құжатына (қорғау

      құжаттарына) құқықтарды басқаға беру шартын тіркеуді сұраймын.

      2. Қорғау құжатының (қорғау құжаттарының) атауы (атаулары) және

      нөмірі (нөмірлері):

      ____________________________________________________________________

      3. Иесі (иелері):

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      (Жеке тұлғаның Т.А.Ә. (бар болса) немесе заңды тұлғаның атауы)

      Мекенжайлары (пошталық индексін, елдің атауын қоса алғанда) және

      телефондары:

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      Егер иесі бірнешеу болса, көрсету керек

      4. Құқықтық мирасқор (құқықтық мирасқорлар):

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      (Жеке тұлғаның Т.А.Ә. (бар болса) немесе заңды тұлғаның атауы)

      Мекенжайлары (пошталық индексін, елдің атауын қоса алғанда)

      және телефондары:

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      Егер құқықтық мирасқор бірнешеу болса, көрсету керек

      5. Патенттік сенім білдірілген өкіл немесе өтініш берушінің

      өзге де өкілі:

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      6. Мекенжайлары (пошталық индексін, елдің атауын қоса алғанда)

      және телефондары:___________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      7. Хат алмасуға арналған мекенжайлар:

      ____________________________________________________________________

      8. Қосымшалар:

      Тіркелетін шарт ____ парақта (№№____қосымшалар ____парақта)

      ___данада;

      Патенттік сенім білдірілген өкілдің немесе басқа да өкілетті

      өкілдің өкілеттіктерін растайтын сенімхат;

      Мемлекеттік баж төлемін растайтын құжат;

      Басқа да құжат (көрсету керек)

      ____________________________________________________________________

      Өтініш беруші

      _____________________________________________________(бар болса) М.О.

      (Лауазымы, Т.А.Ә. (бар болса), және қолы)

      Күні 20 _____ жылғы "____" ______________

  Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2015 жылғы 30 сәуірдегі
№ 251 бұйрығына 2-қосымша

"Лицензиялық, сублицензиялық шарттарды тiркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

      Ескерту. Стандарт жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 31.10.2016 № 947 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Лицензиялық, сублицензиялық шарттарды тiркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – Мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын (бұдан әрі – Стандарт) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.

      3. Мемлекеттік қызметті Министрлік (бұдан әрі – Көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініштерді қабылдау және оның нәтижелерін беру:

      1) Министрліктің "Ұлттық зияткерлік меншік институты" республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – Сараптама ұйымы);

      2) "электрондық үкіметті" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – Портал) арқылы жүзеге асырылады.

2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:

      1) құжаттарды берген кезден бастап - 40 (қырық) жұмыс күні ішінде:

      Өтінішке қоса берілген шарт материалдарында сараптама жасауға төлемді растайтын құжат болмаған жағдайда, өтініш берушіге шот беріледі. Бұл жағдайда көрсетілген мерзімдер сараптама ұйымына төлем түскен күннен бастап есептеледі. Төлем өтініш берілген кезде немесе өтініш келіп түскен күннен бастап бір ай ішінде жүргізіледі.

      Бір ай мерзімде төлем туралы құжат ұсынылмаған кезде өтініш берілмеді деп танылады.

      Құжаттардың ресімделуіне қойылатын талаптар бұзылған немесе шартты тіркеуге кедергі келтіретін, бірақ жоюға болатын негіздер болған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушыға сұрау салынып, ол жолданған күннен бастап үш айлық мерзімде жоқ немесе түзетілген құжаттарды ұсыну немесе қажетті өзгерістер мен толықтырулар енгізу ұсынысы жасалады. Мұндай жағдайда мәні бойынша сараптама жүргізудің мерзімі жоқ немесе түзетілген құжаттар табыс етілген күннен бастап есептеледі.

      2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут;

      3) қызмет көрсетудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут.

      Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Әділет министрінің 03.10.2017 № 1225 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.

      6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – қағаз түрінде берілетін шартты тіркеу күні мен оның нөмірімен бірге, мөртабаны қойылған шартты мемлекеттік тіркеу не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы жазбаша түрдегі дәлелді жауап.

      Портал арқылы өтініш берген кезде – шартты мемлекеттік тіркеу туралы анықтама немесе шартты тіркеуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

      7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға ақылы негізде көрсетіледі (бұдан әрі – Көрсетілетін қызметті алушы).

      Мемлекеттік қызметті көрсету жөніндегі сараптама ұйымының көрсететін қызметі үшін төлемақы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Ұлттық зияткерлік меншік институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны іске асыратын жұмыстар және қызметтер бағаларын бекіту туралы" 2014 жылғы 18 желтоқсандағы № 368 бұйрығына сәйкес (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10045 болып тіркелген) белгіленген мөлшерде төлем алынады.

      Шарттарды тіркеу үшін "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасы Кодексінің 539-бабына сәйкес айлық есептік көрсеткіштің 150 пайызы мөлшерінде мемлекеттік баж өндіріледі.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға электрондық өтінім портал арқылы берілген жағдайда төлем "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) арқылы немесе екінші деңгейдегі банктер арқылы жүзеге асырылады.

      Мемлекеттік баж және сараптама ұйымының қызметін төлеу үшін қажетті банк деректемелері осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 1-қосымшасында көрсетілген.

      Ескерту. 7-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Әділет министрінің 03.10.2017 № 1225 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      8. Жұмыс кестесі:

      1) Көрсетілетін кызметті берушінің - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13-00-ден 14.30-ға дейін;

      2) сараптама ұйымының - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13-00-ден 14.30-ға дейін.

      3) порталда – Тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мейрам күндері өтініш берген кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтінішті қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек куту тәртібімен көрсетіледі;

      9. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) тауар таңбасын пайдалануға құқық беру туралы лицензиялық, сублицензиялық шарттарды тіркеуге өтініш берген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

      1) осы Стандартқа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша лицензиялық, сублицензиялық шарттарды тiркеу туралы өтініш (бұдан әрі – өтініш);

      2) шарттың титулдық парақпен жабдықталған және қазақ және орыс тілдерінде орындалған төрт данада төлнұсқасы қоса беріледі. Шарттың әрбір данасы тігіледі, қағаз пломбамен бекемделіп тігілген және нөмірленген парақтардың саны туралы жазба жасалады, мөр бедері және екі тараптың не соған уәкілеттік берілген екі тарап адамдарының қолдары қойылады.

      Шарт төлнұсқаларының орнына шарттың нотариат куәландырған көшірмелері ұсынылуы мүмкін;

      3) өтініш патенттік сенім білдірілген тұлға немесе өзге де өкіл арқылы берілген жағдайда, сенімхат;

      4) сараптама ұйымы көрсететін қызметтерге төлем төленгенін растайтын құжат;

      5) мемлекеттік баждың төленгенін растайтын құжат;

      6) ұлттық көрсетілетін қызметті алушылар үшін: лицензиарды басқару органдарының, құрылтайшылардың немесе акционерлердің жалпы жиналысының шарт жасасу және кәсіпорын басшысының шартқа қол қоюы жөніндегі өкілеттіктерін беру мәселесі бойынша шешімі.

      Өтініш және басқа да қажетті құжаттар қазақ және орыс тілдерінде беріледі. Егер бір уақытта олардың қазақ және орыс тілдеріндегі нотариат куәландырған аудармасы берілген жағдайда, осы тармақтың 2), 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттар шет тілінде берілуі мүмкін.

      Тауар таңбасын пайдалануға құқық беру туралы лицензиялық, сублицензиялық шарттарды тіркеуге өтініш жасағанда, бір тарапы 2006 жылғы 27 наурыздағы Тауар таңбалары жөніндегі заңдар туралы Сингапур шартына (Сингапур шарты) қатысушы мемлекеттердің жеке не заңды тұлғасы болып табылатын жағдайда осы тармақтың 2), 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттар қазақ және орыс тілдерінде ұсынылуы мүмкін, олардың қазақ немесе орыс тіліне аудармаларын нотариус немесе өтініш иесін білдіретін патенттік сенім білдірілген өкіл куәландыруы мүмкін; осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген құжаттардың орнына тауар таңбасы иесінің өзгеруін көрсететін шарттан нотариат куәландырған үзінді көшірменің төрт данасы берілуі мүмкін; осы тармақтың 6) тармақшасында көрсетілген құжат ұсынылмайды.

      Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің осы стандартының 9-тармағында көрсетілген тауар таңбасын пайдалануға құқық беру туралы лицензиялық, сублицензиялық шартты тіркеу туралы порталға өтініш берген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

      1) көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен немесе порталдың есеп жазбасына ұялы байланыс операторы берген көрсетілетін қызметті алушының нөмірі тіркелген және қосылған жағдайда, бір реттік парольмен куәландырылған электрондық құжат нысандағы өтініш;

      2) титулдық парақпен жабдықталып, қазақ және орыс тілдерінде орындалған, қағаз пломбамен бекемделіп, тігілген және нөмірленген парақтардың саны туралы жазба жасалған, мөр бедері және екі тараптың да не екі тараптың да уәкілеттік берілген адамдарының қолтаңбалары қойылған шарттың төлнұсқасының электрондық көшірмесі.

      Шарттың электрондық төлнұсқасы көшірмесінің орнына шарттың нотариат куәландырған электрондық көшірмелері ұсынылуы мүмкін;

      3) өтініш патенттік сенім білдірілген өкіл немесе өзге өкіл арқылы берілген жағдайда, сенімхаттың электрондық көшірмесі;

      4) сараптама ұйымы көрсететін қызметтерге төлем төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;

      5) ЭҮТШ арқылы төлемді қоспағанда, мемлекеттік баждың төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;

      6) ұлттық көрсетілетін қызметті алушылар үшін: лицензиарды басқару органдарының, құрылтайшылардың немесе акционерлердің жалпы жиналысының шарт жасасу және шартқа кәсіпорын басшысының қол қою өкілеттігін беру мәселесі жөніндегі шешімінің электрондық көшірмесі.

      Өтініш және басқа да қажетті құжаттар қазақ және орыс тілдерінде беріледі. Осы тармақтың 2), 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттар шет тілінде берілуі мүмкін, егер бір уақытта олардың қазақ және орыс тілдеріндегі нотариат куәландырған аудармасы берілген жағдайда.

      Тауар таңбасын пайдалануға құқық беру туралы лицензиялық, сублицензиялық шарттарды тіркеуге өтініш жасаған кезде тараптанының 2006 жылғы 27 наурыздағы Тауар таңбалары бойынша заңдар туралы Сингапур шартына (Сингапур шарты) қатысушы шетелдік мемлекеттерін жеке немесе заңды тұлғасы болса, осы тармақтың 2), 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттар қазақ және орыс тілдерінде ұсынылуы мүмкін, олардың қазақ немесе орыс тіліне аудармаларын нотариус не өтініш берушіні білдіретін патенттік сенім білдірген өкіл куәландыруы мүмкін; осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген құжаттардың орнына тауар таңбасын пайдалануға құқық беруді көрсететін шарттан нотариат куәландырған үзінді көшірменің төрт данасы берілуі мүмкін; осы тармақтың 4) тармақшасында көрсетілген құжаттар ұсынылмайды.

      Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) өнертабысты, пайдалы модельді, өнеркәсіптік үлгіні, селекциялық жетістікті пайдалануға құқық беру туралы лицензиялық, сублицензиялық шарттарды тіркеуге өтініш берген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі сараптама ұйымына:

      1) өтініш;

      2) нысанасы өнеркәсіп меншіктің біртектес объектілері болып табылатын, қазақ және орыс тілдеріндегі титулдық парақпен жабдықталған шарттың төрт данадағы төлнұсқасы. Шарттың әрбір данасы тігіледі, тігілген және нөмірленген парақтардың саны туралы жазба жасалатын, мөр бедері және екі тараптың не соған уәкілеттік берілген екі тарап адамдарының қолтаңбалары қойылатын қағаз пломбамен бекемделеді.

      Шарт төлнұсқаларының орнына шарттың нотариат куәландырған көшірмелері ұсынылуы мүмкін;

      3) өтініш патенттік сенім білдірілген тұлға немесе өзге де өкіл арқылы берілген жағдайда, сенімхат;

      4) сараптама ұйымы көрсететін қызметтерге төлем төленгенін растайтын құжат;

      5) мемлекеттік баждың төленгенін растайтын құжат;

      6) ұлттық көрсетілетін қызметті алушылар үшін лицензиарды басқару органдарының, құрылтайшылардың немесе акционерлердің жалпы жиналысының шарт жасасу және кәсіпорын басшысының шартқа қол қоюы жөніндегі өкілеттіктерін беру мәселесі бойынша шешімі.

      Өтініш және басқа да қажетті құжаттар қазақ және орыс тілдерінде беріледі. Осы тармақтың 2), 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттар шет тілінде берілуі мүмкін, егер бір уақытта олардың қазақ және орыс тілдеріндегі нотариат куәландырған аудармасы берілген жағдайда.

      Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) өнертабысқа, пайдалы модельге, өнеркәсіптік үлгіге, селекциялық жетістікке құқық беру туралы лицензиялық, сублицензиялық шартты тіркеу үшін портал өтініш берген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

      1) көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен немесе порталдың есеп жазбасына ұялы байланыс операторы берген көрсетілетін қызметті алушының нөмірі тіркелген және қосылған жағдайда, бір реттік парольмен куәландырылған электрондық құжат нысандағы өтініш;

      2) титулдық парақпен жабдықталып, қазақ және орыс тілдерінде орындалған қағаз пломбамен бекемделіп, тігілген және нөмірленген парақтардың саны туралы жазба жасалған, мөр бедері және екі тараптың да не екі тараптың да уәкілеттік берілген адамдарының қол таңбалары қойылған.

      Шарт электрондық төлнұсқасының орнына шарттың нотариат куәландырған көшірмелері ұсынылуы мүмкін;

      3) өтініш патенттік сенім білдірілген өкіл немесе өзге де өкіл арқылы берілген жағдайда, сенімхаттың электрондық көшірмесі;

      4) сараптама ұйымы көрсететін қызметтерге төлем төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;

      5) ЭҮТШ арқылы төлемді қоспағанда, мемлекеттік баждың төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;

      6) ұлттық көрсетілетін қызметті алушылар үшін: лицензиярды басқару органдарының, құрылтайшылардың немесе акционерлердің жалпы жиналысының шарт жасасу және шартқа кәсіпорын басшысының қол қою өкілеттігін беру мәселесі жөніндегі шешімінің электрондық көшірмесі.

      Өтініш және басқа да қажетті құжаттар қазақ және орыс тілдерінде беріледі. Осы тармақтың 2), 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттар шет тілінде берілуі мүмкін, егер бір уақытта олардың қазақ және орыс тілдеріндегі нотариат куәландырған аудармасы берілген жағдайда.

      Ескерту. 9-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Әділет министрінің 03.10.2017 № 1225 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      10. Тауар таңбасын пайдалануға құқық беру туралы лицензиялық, сублицензиялық шарттарды тіркеуден бас тарту үшін:

      1) өзіне қатысты шарт жасалатын және оны қалпына келтіру мүмкіндігі жоқ тауар таңбасын тіркеу қолданысының тоқтауы;

      2) Сараптама ұйымының сұрау салуы бойынша барлық қажетті материалдардың және мәліметтердің үш айлық мерзімде ұсынылмауы;

      3) тараптардың шарт жасасуға қажетті құқықтарының болмауы;

      4) лицензиялық шартта лицензиаттың қосалқы лицензиялық шартты тіркеуге өкілеттігінің болмауы және уәкілетті органда тіркелген лицензиялық шарттың болмауы негіз болып табылады.

      Өнертабысты, пайдалы модельді, өнеркәсіптік үлгіні, селекциялық жетістікті пайдалануға құқық беру туралы лицензиялық, сублицензиялық шарттарды тіркеуден бас тарту үшін:

      1) оған қатысты шарт жасалатын қорғау құжатының тіркеу қолданысының тоқтауы;

      2) Сараптама ұйымының сұрау салуы бойынша үш айлық мерзімде уақытылы жауаптың ұсынылмауы;

      3) Сараптама ұйымының сұрау салуына жауапта барлық қажетті мәліметтер мен құжаттардың болмауы;

      4) лицензиялық шартта лицензиаттың қосалқы лицензиялық шартты тіркеуге өкілеттігінің болмауы және уәкілетті органда тіркелген лицензиялық шарттың болмауы;

      5) шартқа қол қойылған күнінен алты ай өткеннен кейін құжаттардың тіркеуге ұсынылуы негіз болып табылады.

3-тарау. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша
көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды
адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      11. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану:

      Шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына осы Стандарттың 13-тармағында көрсетілген мекенжайға жіберіледі.

      Шағым жазбаша нысанда пошта арқылы не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол, сондай-ақ портал арқылы беріледі.

      Қажетті жағдайларда көрсетілетін қызметті алушы шағымға қызметті берушінің мемлекеттік қызметті сапасыз көрсеткенін растайтын құжаттарды қоса береді.

      Шағымды қабылдаған адамның тегі және аты-жөні, берілген шағымға жауап алудың мерзімі мен орнын көрсетіле отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркелуі (мөртаңба, кіріс нөмірі мен күні) шағымның қабылдануын растау болып табылады.

      Портал арқылы өтініш берген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс-орталығының 1414, 8 800 080 7777 телефондары арқылы алуға болады.

      Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта байланысы арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде қолма-қол беріледі.

      Шағым портал арқылы жіберілген кезде көрсетілетін қызметті алушыға "жеке кабинеттен" өтініш туралы ақпарат қолжетімді болады, ол көрсетілетін қызметті берушінің өтінішті өңдеуі (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгі жасау, шағымды қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылып отырады.

      Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағымдана алады.

      Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.

      Ескерту. 11-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Әділет министрінің 03.10.2017 № 1225 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      12. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайларда, көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

4-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық
Нысанда көрсетілетін қызмет ерекшеліктері ескере отырып
қойылатын өзге де талаптар

      13. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары көрсетілетін қызметті берушінің www.adilet.gov.kz интернет-ресурсының "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде, сараптама ұйымының ресми сайтында www.kazpatent.kz орналастырылған.

      14. Көрсетілетіе қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы болған жағдайда электрондық нысанда мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға немесе порталдың есептік жазбасына ұялы байланыс операторы берген көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірі тіркелген және қосылған жағдайда, бір реттік парольді пайдалануға мүмкіндігі бар.

      Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Әділет министрінің 03.10.2017 № 1225 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      15. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету мәртебесі туралы ақпаратты порталдың "жеке кабинеті" арқылы алуға мүмкіндігі бар.

      16. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша анықтама қызметінің байланыс телефондары: 8 (7172) 74 07 54, 74 09 69, 74 96 60. Бірыңғай байланыс орталығы – 1414, 8 800 080 7777.

      Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Әділет министрінің 03.10.2017 № 1225 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  "Лицензиялық, сублицензиялық
шарттарды тiркеу" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандартына
1-қосымша

Мемлекеттік баж төлеу үшін қажетті банк деректемелері

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Әділет министрінің 03.10.2017 № 1225 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Бенефициар – 6205 Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Есіл ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы
      БСН – 081240013779
      ЖСК – KZ24070105KSN0000000
      БСК – KKMFKZ 2 A
      Бенефициар банкі - "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің "Қазынашылық комитеті" мемлекеттік мекемесі.
      КБЕ-11
      Бюджеттік сыныптама коды (БСК) – 108125
      Төлем тағайындау коды — 979 жеке тұлғалар үшін
      Төлем тағайындау коды — 911 заңды тұлғалар үшін

Сараптама ұйымының қызметтеріне ақы төлеуге қажетті банк деректемелері

Қабылдаушы:

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің
"Ұлттық зияткерлік меншік институты"
республикалық мемлекеттік кәсіпорны

Мекенжайы:

010000, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы,
Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8, № 1, № 2 кіреберіс

БИН:

020940003199

КБЕ:

16

КНП:

859

Банктің атауы ЖСК БСК

"Нұрбанк" акционерлік қоғамы

KZ8584905KZ006015415

NURSKZKX

"Қазкоммерцбанк" акционерлік қоғамы

KZ489261501148407000

KZKOKZKX

"Қазақстан халық банкі" акционерлік қоғамы

KZ386010111000288323

HSBKKZKX

"Цеснабанк" акционерлік қоғамы

KZ98998ВТВ0000358095

TSESKZKA

"АТФБанк" акционерлік қоғамы

KZ87826Z0KZTD2008449

ALMNKZKA

"Сбербанк" акционерлік қоғамының еншілес банкі

KZ14914012203KZ0047J

SABRKZKA

Астана қаласындағы "ForteBank" акционерлік қоғамының филиалы

KZ1096503F0007611692

IRTYKZKA

  "Лицензиялық, сублицензиялық
шарттарды тiркеу" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандартына
2-қосымша

      Нысан

      Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің

      "Ұлттық зияткерлік меншік институты" РМК

Лицензиялық, сублицензиялық шарттарды тiркеу туралы
ӨТІНІШ

      1. Осы өтініште көрсетілген қорғау құжатына (қорғау

      құжаттарына) қатысты лицензиялық (сублицензиялық) шартты тіркеуді

      сұраймын.

      2. Қорғау құжатының (қорғау құжаттарының) атауы (атаулары) және

      нөмірі (нөмірлері):

      ____________________________________________________________________

      3. Лицензиар (сублицензиар):

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      Жеке тұлғаның аты, тегі, әкесінің аты (бар болса) немесе заңды

      тұлғаның атауы

      Мекенжайлары (пошта индексін, елдің атын қоса алғанда) және

      телефондары

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      Егер лицензиарлар бірнешеу болса, көрсету керек

      4. Лицензиат (сублицензиат):

      Жеке тұлғаның аты, тегі әкесінің аты (бар болса) немесе заңды

      тұлғаның атауы

      Мекенжайлары (пошта индексін, елдің атын қоса алғанда) және

      телефондары

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      Егер лицензиарлар бірнешеу болса, көрсету керек

      5. Патенттік сенім білдірілген тұлға немесе өтініш берушінің

      өзге де өкілі

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      Мекенжайлары (пошта индексін, елдің атын қоса алғанда) және

      телефондары

      6. Лицензия түрі

      ____________________________________________________________________

      7. Лицензиялық шартта көзделген пайдалану түрлерін ескере

      отырып берілетін құқықтар көлемі

      ____________________________________________________________________

      8. Хат алысуға арналған мекенжайлар

      ____________________________________________________________________

      9. Қосымшалар:

      Тіркелетін шарт ____ парақ (№№ ____ қосымшалар ____ парақ)

      ____данада;

      Патенттік сенім білдірілген өкілдің немесе басқа өкілетті

      өкілдің өкілеттіктерін растайтын сенімхат;

      Мемлекеттік баждың төленгенін растайтын құжат;

      Жалғастыруға арналған парақтар;

      Басқа құжат (көрсету керек)

      ____________________________________________________________________

      Өтініш беруші

      ____________________________________________________ (бар болса) М.О.

      Лауазымы, Т.А.Ә.(бар болса) және қолы

      Күні "____" ___________ 20 ____ жыл.

  Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2015 жылғы 30 сәуірдегі
№ 251 бұйрығына 3-қосымша

"Патенттік сенім білдірілген өкілдерге кандидаттарды аттестаттау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

      Ескерту. Стандарт жаңа редакцияда – ҚР Әділет министрінің 20.12.2017 № 1598 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Патенттiк сенiм бiлдiрiлген өкілдерге кандидаттарды аттестаттау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірлеген.

      3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрлік (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің өтінішін (құжаттардың толық топтамасын) қабылдау және оның нәтижелерін беру "электрондық үкіметтің" www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет мерзімдері көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасы тапсырылған кезден бастап:

      аттестаттау емтиханы тиісті жартыжылдықтың соңғы айының 15 жұмыс күні ішінде жүргізіледі.

      5. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нысаны – электрондық түрінде.

      6. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі – аттестаттау емтиханын тапсыру қорытындысы бойынша оң немесе теріс шешім не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтен бас тарту туралы дәлелді жауап.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін ұсыну нысаны – электрондық түрінде.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі жеке тұлғаның (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) "жеке кабинетіне" электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) жолданады не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтен бас тарту туралы дәлелді жауап жіберіледі.

      7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет ақылы негізде көрсетіледі.

      Мемлекеттік баж көрсетілетін қызметті алушымен 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасы кодексінің 614-бабында белгіленген төлемнің соммасын және күнін растайтын төлем құжаттарын беретін Қазақстан Республикасының банк мекемелері арқылы төленеді:

      патенттік сенім білдірілген өкілдерге кандидаттарды аттестаттау үшін – 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға төлем "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) арқылы немесе екінші деңгейлі банк арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.

      Мемлекеттік баж төлеу үшін қажетті банк деректемелері осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 1-қосымшасында көрсетілген.

      8. Порталдағы жұмыс кестесі – тәулік бойы, жөндеу жұмыстарын жүргізумен байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда (көрсетілетін қызметті алушы жүгінген жағдайда жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мейрам күндері Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтінішті қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

      9. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін өтініш берген кезде порталға мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

      1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ куәландырылған мемлекеттік немесе орыс тілдерінде аттестаттауға рұқсат беру туралы өтініш;

      2) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 2-қосымшасына сәйкес патенттік сенім білдірілген өкілдерге кандидаттардың аттестаттаудан өтуі үшін мәліметтер нысаны;

      3) еңбек қызметін растайтын, оның ішінде зияткерлік меншік саласындағы жұмыс өтілінің растығы қамтылған құжаттың электрондық көшірмесі;

      4) ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, патенттік сенім білдірілген өкілдерді аттестаттау үшін мемлекеттік баж төлемін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі.

      Осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 2-қосымшадағы көрсетілген мәліметтер аттестаттау емтиханына келген кезде көрсетілетін қызметті алушы ұсынатын олардың түпнұсқаларымен салыстырылады.

      Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтерді, ЭҮТШ арқылы мемлекеттік баж төлемі туралы ақпаратты көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады.

      Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызмет кезінде заңмен қорғалатын құпияны құрайтын, ақпараттық жүйелерде қамтылатын мәліметтерді пайдалануға келісімін береді.

      Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде:

      көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" патенттік сенім білдірілген өкілдің аттестациялық емтихан өткізу күні мен уақыты көрсетіле отырып, мемлекеттік көрсетілетін қызмет үшін сұрау салуды қабылдау туралы мәртебе жіберіледі.

      10. Мыналар:

      1) көрсетілетін қызметті алушыға Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес кәсіпкерлік қызметпен айналысуға тыйым салынғандығы;

      2) көрсетілетін қызметті алушы уәкілетті органның және оның ведомстволық бағынысты ұйымдарының қызметкері, сондай-ақ олардың жақын туыстары, жұбайы (зайыбы) болып табылатындығы;

      3) "Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы", "Қазақстан Республикасының Патент Заңы", "Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердің атаулары туралы" Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес патенттік сенім білдірілген өкілдер тізілімінен көрсетілетін қызметті алушының алынып тасталуы;

      4) заңда белгіленген тәртіппен қылмыс жасағаны үшін өтелмеген немесе алынбаған соттылығының болуы;

      5) көрсетілетін қызметті алушы осы стандарттың 9-тармағына сәйкес құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайда мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартудың Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздемесі болып табылады.

3-тарау. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      11. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану:

      шағым Министрлік басшысының атына мына мекенжай бойынша беріледі: 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік Ел көшесі, № 8-үй, 13-кіреберіс, № 022-кабинет, байланыс телефоны: 8 (7172) 74-07-84, 55-87-64.

      Шағым жазбаша нысанда пошта арқылы, порталға не жұмыс күндері көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.

      Қажетті жағдайларда көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті беруші көрсеткен сапасыз мемлекеттік көрсетілетін қызметті растайтын құжаттарды шағымға қоса тіркейді.

      Шағымды қабылдаған адамның тегін және аты-жөнін, берілген шағымға жауап алудың мерзімі мен орнын көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркелуі (мөртаңба, кіріс нөмірі мен күні) шағымның қабылдануын растау болып табылады.

      Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта байланысы арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде қолма-қол беріледі.

      Портал арқылы өтініш берген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс-орталығының 1414, 8 800 080 7777 телефондары бойынша алуға болады.

      Шағым портал арқылы жіберілген кезде көрсетілетін қызметті алушыға "жеке кабинеттен" өтініш туралы ақпарат қолжетімді болады, ол көрсетілетін қызметті берушінің өтінішті өңдеуі (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгі жасау, шағымды қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылып отырады.

      Мемлекеттік көрсетілген қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағымдана алады.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.

      12. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайларда, көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа шағымдануға болады.

4-тарау. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызмет ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар

      13. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет орындарының мекенжайлары көрсетілетін қызметті берушінің www.adilet.gov.kz интернет-ресурсының "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде орналастырылған.

      14. ЭЦҚ болған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.

      15. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметтің көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдың "жеке кабинеті", сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мәселелері жөніндегі Бірыңғай байланыс-орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде алуға мүмкіндігі бар.

      16. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мәселелері бойынша анықтама қызметінің байланыс телефондары: 8 (7172) 74-07-54, 74-09-69. Бірыңғай байланыс-орталығы: 1414, 8 800 080 7777.

  "Патенттiк сенiм бiлдiрiлген
өкілдерге кандидаттарды
аттестаттау" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
стандартына
1-қосымша

Мемлекеттік баж төлеу үшін қажетті банк деректемелері

      Бенефициар – ҚР ҚМ МКК Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кіріс департаментінің Есіл ауданы бойынша Мемлекеттік кіріс басқармасы РММ

      БСН – 081240013779

      ЖСК – KZ24070105KSN0000000

      БСК – KKMFKZ 2 A

      Бенефициар Банкі – "ҚР Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті" ММ, Астана қ.

      КБЕ-11

      Бюджеттік сыныптама коды (БСК) – 108125

  "Патенттiк сенiм бiлдiрiлген
өкілдерге кандидаттарды
аттестаттау" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
стандартына
2-қосымша

Патенттік сенім білдірілген өкілдерге кандидаттарды аттестаттаудан өту үшін мәліметтер нысаны

      ________________________________________________________________________________

      (жеке тұлғаның тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болған кезде), жеке сәйкестендiру нөмiрi)

      1. Диплом туралы мәлімет:

      1) жоғары оқу орнының атауы ________________________________________________

      2) мамандықтың шифрі ______________________________________________________

      3) дипломның нөмірі ________________________________________________________

      4) дипломның берілген күні __________________________________________________

      5) "Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес нострификациялау

      немесе тану рәсімдерінен өткенін растайтын құжат

      сериясы және нөмірі: ________________________________________________________

      негіздеме: күні және нөмірі __________________________________________________

      тіркеу нөмірі және күні ______________________________________________________

      Жеке тұлға ___________________________________________________ күні:_________

      (қолы) (Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде)

  Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2015 жылғы 30 сәуірдегі
№ 251 бұйрығына 3-1-қосымша

"Патенттік сенім білдірілген өкіл куәлігін беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

      Ескерту. Бұйрық 3-1-қосымшамен толықтырылды – ҚР Әділет министрінің 20.12.2017 № 1598 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Патенттік сенім білдірілген өкіл куәлігін беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірлеген.

      3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрлік (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің өтінішін (құжаттардың толық топтамасын) қабылдау және оның нәтижелерін беру:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;

      2) "электрондық үкіметтің" www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет мерзімдері:

      1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасы тапсырылған кезден бастап – 3 жұмыс күні;

      2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты – 10 минут;

      3) көрсетілетін қызметтің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты – 10 минут.

      5. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нысаны – электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.

      6. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі – патенттік сенім білдірілген өкіл куәлігін беру не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтен бас тарту туралы дәлелді жауап.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін ұсыну нысаны – электрондық/қағаз түрінде.

      Жеке тұлға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі бойынша қағаз жеткізгіште жүгінген жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі электрондық нысанда рәсімделеді, басып шығарылады және көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының қолымен және мөрімен куәландырылады.

      Портал арқылы жүгінен кезде көрсетілетін қызметті алушыға уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанында патенттік сенім білдірілген өкілдің куәлігі не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтен бас тарту туралы дәлелді жауап жіберіледі.

      7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет ақылы негізде көрсетіледі.

      Мемлекеттік баж көрсетілетін қызметті алушымен 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасы кодексінің 614-бабында белгіленген төлемнің соммасын және күнін растайтын төлем құжаттарын беретін Қазақстан Республикасының банк мекемелері арқылы төленеді:

      патенттік сенім білдірілген өкіл куәлігін беру үшін – бір айлық есептік көрсеткіш.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға портал арқылы электрондық өтінім берілген жағдайда төлем "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) арқылы немесе екінші деңгейлі банк арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.

      Мемлекеттік баж төлеу үшін қажетті банк деректемелері осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 1-қосымшасында көрсетілген.

      8. Жұмыс кестесі:

      1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.

      Мемлекеттік қызметті көрсетуге өтініштер қабылдау мен мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру кестесі 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзілісті ескере отырып сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін бекітіледі.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен көрсетіледі;

      2) порталда – тәулік бойы, жөндеу жұмыстарын жүргізумен байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда (көрсетілетін қызметті алушы жүгінген жағдайда жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мейрам күндері Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтінішті қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

      9. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін өтініш берген кезде мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

      1) көрсетілетін қызметті берушіге:

      мемлекеттік немесе орыс тілдерінде патенттік сенім білдірілген өкіл куәлігін алу үшін осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш;

      Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі немесе паспорты (жеке басын сәйкестендіру үшін);

      патенттік сенім білдірілген өкіл куәлігін беру үшін мемлекеттік баж төленгенін растайтын құжат;

      2) порталға:

      көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжат түріндегі мемлекеттік немесе орыс тілдерінде патенттік сенім білдірілген өкіл куәлігін алу үшін осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш;

      ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, патенттік сенім білдірілген өкіл куәлігін алу үшін мемлекеттік баж төлемін растайтын электрондық құжаттың көшірмесі.

      Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтерді, ЭҮТШ арқылы мемлекеттік баж төлемі туралы ақпаратты көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады.

      Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызмет кезінде заңмен қорғалатын құпияны құрайтын, ақпараттық жүйелерде қамтылатын мәліметтерді пайдалануға келісімін береді.

      Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде:

      көрсетілетін қызметті беруші (қолма-қол не пошта байланысы арқылы) – қағаз жеткізгіштегі өтініштің көшірмесіне құжаттар топтамасын қабылдау күні мен уақытын көрсетіле отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу туралы белгі жасау оның қабылданғанын растау болып табылады.

      Портал арқылы тапсырған кезде көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" күні мен уақыты көрсетіле отырып, мемлекеттік көрсетілетін қызмет үшін сұрау салуды қабылдау туралы мәртебе жіберіледі.

      10. Мыналар:

      1) көрсетілетін қызметті алушыға Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес кәсіпкерлік қызметпен айналысуға тыйым салынғандығы;

      2) көрсетілетін қызметті алушы уәкілетті органның және оның ведомстволық бағынысты ұйымдарының қызметкері, сондай-ақ олардың жақын туыстары, жұбайы (зайыбы) болып табылатындығы;

      3) "Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы", "Қазақстан Республикасының Патент Заңы", "Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердің атаулары туралы" Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес патенттік сенім білдірілген өкілдер тізілімінен көрсетілетін қызметті алушының алынып тасталуы;

      4) заңда белгіленген тәртіппен қылмыс жасағаны үшін өтелмеген немесе алынбаған соттылығының болуы мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартудың Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздемесі болып табылады.

      Көрсетілетін қызметті алушы осы стандарттың 9-тармағына сәйкес құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады.

3-тарау. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      11. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану:

      шағым Министрлік басшысының атына мына мекенжай бойынша беріледі: 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік Ел көшесі, № 8-үй, 13-кіреберіс, № 022-кабинет, байланыс телефоны: 8 (7172) 74-07-84, 55-87-64.

      Шағым жазбаша нысанда пошта арқылы, порталға не жұмыс күндері көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.

      Қажетті жағдайларда көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті беруші көрсеткен сапасыз мемлекеттік көрсетілетін қызметті растайтын құжаттарды шағымға қоса тіркейді.

      Шағымды қабылдаған адамның тегін және аты-жөнін, берілген шағымға жауап алудың мерзімі мен орнын көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркелуі (мөртаңба, кіріс нөмірі мен күні) шағымның қабылдануын растау болып табылады.

      Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта байланысы арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде қолма-қол беріледі.

      Портал арқылы өтініш берген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс-орталығының 1414, 8 800 080 7777 телефондары бойынша алуға болады.

      Шағым портал арқылы жіберілген кезде көрсетілетін қызметті алушыға "жеке кабинеттен" өтініш туралы ақпарат қолжетімді болады, ол көрсетілетін қызметті берушінің өтінішті өңдеуі (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгі жасау, шағымды қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылып отырады.

      Мемлекеттік көрсетілген қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағымдана алады.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.

      12. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайларда, көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа шағымдануға болады.

4-тарау. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызмет ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар

      13. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет орындарының мекенжайлары көрсетілетін қызметті берушінің www.adilet.gov.kz интернет-ресурсының "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде орналастырылған.

      14. ЭЦҚ болған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.

      15. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметтің көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдың "жеке кабинеті", сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мәселелері жөніндегі Бірыңғай байланыс-орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде алуға мүмкіндігі бар.

      16. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мәселелері бойынша анықтама қызметінің байланыс телефондары: 8 (7172) 74-07-54, 74-09-69. Бірыңғай байланыс-орталығы: 1414, 8 800 080 7777.

  "Патенттік сенім білдірілген
өкіл куәлігін беру" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
стандартына
1-қосымша

Мемлекеттік баж төлеу үшін қажетті банк деректемелері

      Бенефициар – ҚР ҚМ МКК Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кіріс департаментінің Есіл ауданы бойынша Мемлекеттік кіріс басқармасы РММ

      БСН – 081240013779

      ЖСК – KZ24070105KSN0000000

      БСК – KKMFKZ 2 A

      Бенефициар Банкі – "ҚР Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті" ММ, Астана қ.

      КБЕ-11

      Бюджеттік сыныптама коды (БСК) – 108125

  "Патенттік сенім білдірілген
өкіл куәлігін беру" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
стандартына
2-қосымша
  нысан
  Қазақстан Республикасы
Әділет министрлігі
Аттестаттау комиссиясының
төрағасына
  кiмнен ______________________
(жеке тұлғаның тегi, аты,
әкесiнiң аты (бар болған кезде),
жеке сәйкестендiру нөмiрi)
мекен-жайы _________________
____________________________
(пошталық индексi, облысы,
қаласы, ауданы,
(елдi мекенi, көше атауы,
үй/ғимараттың нөмiрi)

Патенттік сенім білдірілген өкіл куәлігін алу үшін өтініш

      Патенттік сенім білдірілген өкіл куәлігін маған беруіңізді сұраймын.

      Шынайы мәліметтер ұсынғаным үшін дербес жауап беремін, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.

      Қосымша _____ парақта.

      Жеке тұлға ___________________________________________________ күні:_________

      (қолы) (Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде)

  Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2015 жылғы 30 сәуірдегі
№ 251 бұйрығына 4-қосымша

"Тауар таңбасын тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

      Ескерту. Стандарт жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 31.10.2016 № 947 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-Тарау. Жалпы ережелер

      1. "Тауар таңбасын тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – Мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын (бұдан әрі – Стандарт) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.

      3. Мемлекеттік қызметті Министрлік (бұдан әрі – Көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініштерді қабылдау және оның нәтижелерін беру:

      1) Министрліктің "Ұлттық зияткерлік меншік институты" Республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – Сараптама ұйымы);

      2) "электрондық үкімет" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – Портал) арқылы жүзеге асырылады.

2-Тарау. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі

      4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:

      1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасы тапсырылған кезден бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде – 14 (он төрт) ай ішінде, өтініш берушінің жазбаша өтініші негізінде қосымша төлем төленген жағдайда тауар таңбасының өтініміне сараптама белгіленген мерзімдерден бұрын, бірақ алты айдан ерте емес мерзімде өткізіледі.

      Мерзімі:

      қызмет алушы тауар таңбасын тіркеуге кедергі келтіретін негіздерді жоюға қажетті қосымша құжаттарды ұсынуы тиіс болған жағдайда үш айдан аспайтын мерзімге;

      қызмет алушы тауар таңбасына түпкілікті толық сараптаманы алдын ала ішінара тіркеу туралы және бас тарту туралы қорытындыға қарсылық беру мерзімі үш айдан аспайтын мерзімге;

      қызмет алушы түпкілікті толық сараптаманы алдын ала ішінара тіркеу және бас тарту туралы қорытындыға қарсылық білдіруді қарастыру үшін үш айдан аспайтын мерзімге;

      қызмет алушы қарсылық беру мерзімін немесе сараптаманың сұрау салуына жауап мерзімін ұзарту туралы өтінішхат берген кезде алты айдан аспайтын мерзімге;

      қызмет алушы өткізіп алған мерзімдерін қалпына келтіру туралы өтінішхат берген жағдайда екі айдан аспайтын мерзімге;

      тауар таңбасы Қазақстан Республикасының тарихы мен мәдениетi жетістігі болып табылатын тиiстi құзыреттi органның рұқсатын алу қажет болған жағдайда он бір айдан аспайтын мерзімге ұзартылады;

      2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут.

      3) қызмет көрсетудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут.

      Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Әділет министрінің 03.10.2017 № 1225 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.

      6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – тауар таңбаларының мемлекеттік тізілімінде тіркелген тауар таңбасын тіркеу не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны – электронды, қағаз түрінде.

      Портал арқылы өтініш берген кезде жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – Көрсетілетін қызметті алушы) "жеке кабинетіне" қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін алған күнін және орнын көрсете отырып, электронды құжат нысанында хабарлама жіберіледі.

      Егер қызмет алушы белгіленген тәртіппен жетпеген құжаттарды, соның ішінде тауар таңбасын тіркеу үшін мемлекеттік бажды және (немесе) сараптама жасау ұйымының мәліметтерді жариялау жөніндегі іс әрекеттеріне төлем туралы құжаттарды, көрсетілген мерзімді ұзарту және (немесе) қалпына келтіру туралы өтініш хатты ұсынбаса, өтініш кері қайтарып алынған болып есептеледі, ол туралы қызмет алушыға тиісті хабарлама жіберіледі.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Әділет министрінің 03.10.2017 № 1225 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет заңды және жеке тұлғаларға ақылы негізде көрсетіледі.

      Мемлекеттік қызметті көрсету жөніндегі сараптама ұйымының көрсететін қызметі үшін төлем ақы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Ұлттық зияткерлік меншік институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны іске асыратын жұмыстар және қызметтер бағаларын бекіту туралы" 2014 жылғы 18 желтоқсандағы № 368 бұйрығына сәйкес (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10045 болып тіркелген) белгіленген мөлшерде төлем алынады.

      Тауар таңбасын тіркеу үшін "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасы Кодексінің 539-бабына сәйкес айлық есептік көрсеткіштің 100 пайызы мөлшерінде мемлекеттік баж өндіріп алынады.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға электрондық өтінім портал арқылы берілген жағдайда төлем "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) арқылы немесе екінші деңгейдегі банктер арқылы жүзеге асырылады.

      Мемлекеттік баж және сараптама ұйымының қызметіне ақы төлеу үшін қажетті банк деректемелері осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 1-қосымшасында көрсетілген.

      Ескерту. 7-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Әділет министрінің 03.10.2017 № 1225 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      8. Жұмыс кестесі:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін;

      2) сараптама ұйымының – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13-00-ден 14.30-ға дейін.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен көрсетіледі.

      3) порталда – тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мейрам күндері өтініш берген кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтінішті қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

      9. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

      сараптама ұйымына:

      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тауар таңбасын тіркеуге арналған екі данада өтінім;

      2) 8х8 сантиметр форматындағы мәлімделетін белгінің 15 репродукциясы (тауар таңбаларының этикеткалары мен ерекше түрлері, егер 20х20 сантиметр мөлшерден аспаса, оларды толық көлемде ұсынуға болады);

      3) сараптама ұйымының қызметіне ақы төленгенін растайтын құжат;

      4) iс жүргiзу өкiл арқылы жүзеге асырылған жағдайда сенiмхат;

      5) ұжымдық тауар таңбасын өз атына тiркеуге уәкiлеттi ұйымның атауын, осы таңбаны тiркеу мақсатын, осы таңбаны пайдалануға құқығы бар субъектiлер тiзбесiн, ұжымдық тауар таңбасымен белгiленетiн тауарлар мен көрсетiлетiн қызметтердiң тiзбесi мен бiрыңғай сапасын немесе өзге де сипаттамаларын, оны пайдалану шарттарын, оны пайдалануды бақылау тәртiбiн, ұжымдық тауар таңбасы жарғысының ережелерiн бұзғаны үшiн жауапкершілікті қамтитын ұжымдық тауар таңбасы жарғысын (ұжымдық тауар таңбасына өтiнiм берiлген жағдайда) (төлнұсқа салыстыру үшін беріледі);

      6) конвенциялық немесе көрмелiк басымдық құқығын растайтын куәландырылған құжаттар;

      7) егер тауар таңбасы ретінде тіркеуге мерзімді баспасөздің атауы мәлімделсе, бұқаралық ақпарат құралдарында есепке қойылғандығы туралы куәліктің көшірмесі (Қазақстан Республикасының өтінім берушілері үшін);

      8) тауар таңбасында мемлекеттік рәміздердің – елтаңбаның және тудың элементтерін, халықаралық үкіметаралық ұйымдардың қысқартылған және толық атауларын; ресми, бақылау, кепілдік және таңбалық белгілерді, мөрлерді, марапаттар мен басқа да ерекшелік белгілерін пайдалануға келісім беру;

      9) егер көлемді тауар таңбасының қорғауы сұратылса, онда жалпы түрдегі бейнелеуден басқа, мәлімделетін белгі туралы түсініктің толықтығын қамтамасыз ететін ракурстардағы көлемді тауар таңбасының әр түрлі бейнелері ұсынылады;

      егер дыбыстық тауар таңбасының қорғауы сұратылса, онда өтінімге оның ноталық жазбасы және фонограмма қоса беріледі. Егер музыкалық шығарманың бөлігі тіркеуге мәлімделсе, онда оның авторы мен атауын көрсету қажет;

      порталға:

      1) көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен немесе порталдың есеп жазбасына ұялы байланыс операторы ұсынған көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірі тіркелген және қосылған жағдайда, бір реттік құпия сөзбен куәландырылған электрондық құжат нысандағы өтініш;

      2) 8х8 сантиметр форматындағы мәлімделетін белгінің репродукциясының (тауар таңбаларының этикеткалары мен ерекше түрлері, егер 20х20 сантиметр мөлшерден аспаса, оларды толық көлемде ұсынуға болады) электрондық көшірмесі;

      3) ЭҮТШ арқылы төленгенін қоспағанда, белгіленген мөлшерде төлем төленгенiн растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;

      4) iс жүргiзу өкiл арқылы жүзеге асырылған жағдайда сенiмхаттың электрондық көшірмесі;

      5) ұжымдық тауар таңбасын өз атына тiркеуге уәкiлеттi ұйымның атауын, осы таңбаны тiркеу мақсатын, осы таңбаны пайдалануға құқығы бар субъектiлер тiзбесiн, ұжымдық тауар таңбасымен белгiленетiн тауарлар мен көрсетiлетiн қызметтердiң тiзбесi мен бiрыңғай сапасын немесе өзге де сипаттамаларын, оны пайдалану шарттарын, оны пайдалануды бақылау тәртiбiн, ұжымдық тауар таңбасы жарғысының ережелерiн бұзғаны үшiн жауапкершілікті қамтитын ұжымдық тауар таңбасы жарғысының электрондық көшірмесі (ұжымдық тауар таңбасына өтiнiм берiлген жағдайда);

      6) конвенциялық немесе көрмелiк басымдық құқығын растайтын куәландырылған құжаттардың электрондық көшірмелері;

      7) егер тауар таңбасы ретінде тіркеуге мерзімді баспасөздің атауы мәлімделсе, бұқаралық ақпарат құралдарында есепке қойылғандығы туралы куәліктің электрондық көшірмесі (Қазақстан Республикасының өтінім берушілері үшін);

      8) тауар таңбасында мемлекеттік рәміздердің – елтаңбаның және тудың элементтерін, халықаралық үкіметаралық ұйымдардың қысқартылған және толық атауларын; ресми, бақылау, кепілдік және таңбалық белгілерді, мөрлерді, марапаттар мен басқа да ерекшелік белгілерін пайдалануға келісімнің электрондық көшірмесі;

      9) егер көлемді тауар таңбасының қорғауы сұратылса, онда жалпы түрдегі бейнелеуден басқа, мәлімделетін белгі туралы түсініктің толықтығын қамтамасыз ететін ракурстардағы көлемді тауар таңбасының әр түрлі бейнелері ұсынылады;

      егер дыбыстық тауар таңбасының қорғауы сұратылса, онда өтінімге оның ноталық жазбасы және фонограмма қоса беріледі. Егер музыкалық шығарманың бөлігі тіркеуге мәлімделсе, онда оның авторы мен атауын көрсету қажет;

      Жеке басын куәландыратын құжаттар, заңды тұлғаның құжаттары, мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтерді, мемлекеттік баждың ЭҮТШ арқылы төленгені туралы ақпаратты көрсетілетін қызметті беруші "электронды үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелер арқылы алады.

      Қызмет алушы егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісімін береді.

      Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде:

      көрсетілетін қызметті берушіге (қолма-қол не пошта байланысы арқылы) - өтініштің көшірмесіне құжаттар топтамасының қабылданған күні мен уақыты көрсетіліп, сараптама ұйымының кеңсесінде тіркелгені туралы белгі қою қағаз жеткізгіштегі өтініштің қабылдағанын растау болып табылады.

      Портал арқылы жүгінген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" мемлекеттік қызмет көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе жолдайды.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Әділет министрінің 03.10.2017 № 1225 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      10. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартудың Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздемесі мыналар болып табылады:

      1) тауар таңбалары ажыратылатын реңкi жоқ белгiлерден ғана тұратын:

      тауарлардың (көрсетілетін қызметтердің) белгiлi бiр түрiн белгiлеу үшiн жалпыға ортақ қолданысқа енген;

      жалпыға ортақ қабылданған рәмiздер мен терминдер болып табылатын;

      тауарлардың түрiн, сапасын, санын, қасиетiн, мақсатын, құндылығын, сондай-ақ олардың шығарылған немесе өткiзілген жерi мен уақытын көрсететiн;

      дәрілік заттардың патенттелмейтін халықаралық атауларын білдіретін;

      тауарларды немесе көрсетiлген қызметтердi белгiлеу үшiн пайдаланылатын олармен тiкелей сипаттамалық байланысы бар тауар таңбаларын тіркеуге жол берілмейді.

      2) мемлекеттiк елтаңбаларды, тулар мен эмблемаларды, халықаралық ұйымдардың қысқартылған немесе толық атауларын және олардың елтаңбаларын, тулары мен эмблемаларын, ресми бақылаулы, кепiлдiкті және сынамалық таңбаларды, мөрлердi, олимпиадалық нышандарды, наградаларды және басқа да айырым белгiлерiн, сондай-ақ араласып кеткен дәрежеге дейiн оларға ұқсас белгiлердi бейнелейтiн белгiлер.

      Егер белгi тек солардан ғана тұрмайтын болса және егер оларды пайдалануға тиiстi құзыреттi органның немесе олардың иесiнiң келiсiмi бар болса, мұндай белгiлер қорғалмайтын элементтер ретiнде пайдаланылуы мүмкін;

      3) тауарға немесе оның дайындаушысына қатысты жалған болып табылатын немесе жаңылыстыруы мүмкiн белгiлер, оның iшiнде тауар шығарылған жерге қатысты жаңылыстыруы мүмкiн географиялық объектiнiң атаулары;

      4) тауар шығарылған нақты жердi формальды түрде көрсететiн, бiрақ тауар басқа аумақтан шығарылғаны туралы қате түсiнiк беретiн белгі;

      5) минералды суларды, шараптарды немесе күштiлігі жоғары спирт ішімдiктерiн сәйкестендіретін географиялық объектiнiң атаулары болып табылатын немесе оларды қамтитын белгiлер, осы жерден шығарылмаған сондай тауарларды белгiлеу үшiн, сондай-ақ егер аударма пайдаланылса немесе белгiде "түрiнде", "үлгiсiнде", "стилiнде" деген немесе басқа да осындай сөздер қоса жазылса, сол белгiлер;

      6) өзiнiң мазмұны жағынан қоғамдық мүдделерге, ізгілік пен мораль қағидаттарына қайшы келетiн белгiлердi тiркеуге;

      7) айырғысыз дәрежеге дейін араласып кеткен:

      бiртектес тауарларға немесе көрсетілетін қызметтерге қатысты басқа тұлғаның атына неғұрлым ертерек басымдықпен Қазақстан Республикасында тiркелген және халықаралық шарттарға орай қорғалатын тауар белгілерімен немесе сол тауарларға немесе көрсетілетін қызметтерге қатысты сол тұлғаның бірдей тауар белгілерімен;

      тауарлар мен қызметтердiң кез келген түрiне қатысты Қазақстан Республикасында белгiленген тәртiппен жалпыға бiрдей белгiлi деп танылған тауар таңбаларымен;

      бiртектес тауарларға немесе көрсетілетін қызметтерге (қайтарып алынғандарынан басқа) қатысты басқа тұлғаның атына неғұрлым ертерек басымдықпен тiркеуге мәлімделген белгiлемелермен немесе сол тауарларға немесе көрсетілетін қызметтерге қатысты сол тұлғаның ұқсас белгілерімен;

      егер тауар таңбасын тіркеу дараландыру үшін тауар шығарылған жердің атауы тіркелген тауарларға қатысты жүзеге асырылса, тауар шығарылған жердiң осы атауын пайдалану құқығы иесiнiң атына тiркелетiн тауар таңбасының қорғалмайтын элементi ретiнде олар енгiзiлуi мүмкiн жағдайларды қоспағанда, кез келген тауарларға қатысты Қазақстан Республикасында қорғалатын тауар шығарылған жер атауларымен олар араласып кеткен дәрежеге дейiн бiрдей немесе ұқсас белгiлер;

      Осы тармақшада көрсетілген тауар белгілерінің қандай да біреуімен айырғысыз дәрежеге дейін ұқсас белгілемені бiртектес тауарларға немесе көрсетілетін қызметтерге қатысты тауар белгісі ретінде тіркеуге тауар белгісі иесінің келісімі берілген кезде жол беріледі.

      8) олардың неғұрлым ертерек басымдығы болған жағдайда басқа тұлғалардың атындағы Қазақстан Республикасында қорғалатын өнеркәсiптi үлгiлер;

      9) Қазақстан Республикасындағы белгiлi әдебиет, ғылым және өнер туындыларының өтiнiм берiлген күнi авторлық құқықтары бұзыла отырып берілген атаулары, белгiлi өнер туындылары мен олардың фрагменттерi;

      10) осы адамдардың, олардың мұрагерлерiнiң немесе құқық мирасқорларының жеке мүлiктiк емес құқықтарын бұза отырып, олардың тектерiн, есiмдерiн, бүркеншiк аттарын және солардан таралатын есiмдердi, портреттерi мен факсимилелерiн қайталайтын, сондай-ақ егер бұл белгiлер Қазақстан Республикасының тарихы мен мәдениетiнiң игiлiгi болып табылса, олар тиiстi құзыреттi органның рұқсатынсыз тiркелмейдi.

3-Тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының
мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі шешімдеріне, әрекеттеріне
(әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      11. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану:

      Шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжайға беріледі.

      Шағым жазбаша нысанда пошта арқылы не жұмыс күндері көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол, сондай-ақ портал арқылы беріледі.

      Қажетті жағдайларда қызметті алушы қызметті беруші көрсеткен мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасыздығын растайтын, құжаттарға шағымды қоса тіркейді.

      Шағымды қабылдаған адамның тегін және аты-жөнін, берілген шағымға жауап алудың мерзімі мен орнын көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркелуі (мөртаңба, кіріс нөмірі мен күні) шағымның қабылдануын растау болып табылады. Шағымда қызметті алушының қолы болуға тиіс.

      Портал арқылы өтініш берген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс-орталығының 1414, 8 800 080 7777 телефондары арқылы алуға болады.

      Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелгеннен кейін бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта байланысы арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде қолма-қол беріледі.

      Шағым портал арқылы жіберілген кезде көрсетілетін қызметті алушыға "жеке кабинеттен" өтініш туралы ақпарат қолжетімді болады, ол көрсетілетін қызметті берушінің өтінішті өңдеуі (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгі жасау, шағымды қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылып отырады.

      Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағымдана алады.

      Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.

      Ескерту. 11-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Әділет министрінің 03.10.2017 № 1225 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      12. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайларда, көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа шағымдануға құқығы бар.

4-Тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін
қызмет ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар

      13. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары көрсетілетін қызметті берушінің www. adilet.gov.kz интернет-ресурсының "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде, сараптама ұйымының www.kazpatent.kz сайтында орналастырылған.

      14. Қызмет алушының электрондық цифрлы қолтаңбасы болған немесе ұялы байланыс операторы ұсынған қызмет алушының абоненттік нөмірі порталдың есептік жазбасына тіркелген және қосылған жағдайда, бір реттік құпия сөзді қолданып, мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.

      Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Әділет министрінің 03.10.2017 № 1225 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      15. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдың "жеке кабинеті" арқылы алуға мүмкіндігі бар.

      16. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша анықтама қызметінің байланыс телефондары: 8 (7172) 74 07 54, 74 09 69, 74 96 60. Бірыңғай байланыс орталығы – 1414, 8 800 080 7777.

      Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Әділет министрінің 03.10.2017 № 1225 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  "Тауар таңбасын тіркеу"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандартына 1-қосымша

Мемлекеттік баж төлеу үшін қажетті банк деректемелері

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Әділет министрінің 03.10.2017 № 1225 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Бенефициар – 6205 Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Есіл ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы
      БСН – 081240013779
      ЖСК – KZ24070105KSN0000000
      БСК – KKMFKZ 2 A
      Бенефициар банкі - "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің "Қазынашылық комитеті" мемлекеттік мекемесі.
      КБЕ-11
      Бюджеттік сыныптама коды (БСК) – 108125
      Төлем тағайындау коды — 979 жеке тұлғалар үшін
      Төлем тағайындау коды — 911 заңды тұлғалар үшін

Сараптама ұйымының қызметтеріне ақы төлеуге қажетті банк деректемелері

Қабылдаушы:

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің
"Ұлттық зияткерлік меншік институты"
республикалық мемлекеттік кәсіпорны

Мекенжайы:

010000, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы,
Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8, № 1, № 2 кіреберіс

БИН:

020940003199

КБЕ:

16

КНП:

859

Банктің атауы ЖСК БСК

"Нұрбанк" акционерлік қоғамы

KZ8584905KZ006015415

NURSKZKX

"Қазкоммерцбанк" акционерлік қоғамы

KZ489261501148407000

KZKOKZKX

"Қазақстан халық банкі" акционерлік қоғамы

KZ386010111000288323

HSBKKZKX

"Цеснабанк" акционерлік қоғамы

KZ98998ВТВ0000358095

TSESKZKA

"АТФБанк" акционерлік қоғамы

KZ87826Z0KZTD2008449

ALMNKZKA

"Сбербанк" акционерлік қоғамының еншілес банкі

KZ14914012203KZ0047J

SABRKZKA

Астана қаласындағы "ForteBank" акционерлік қоғамының филиалы

KZ1096503F0007611692

IRTYKZKA

  "Тауар таңбасын тіркеу"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандартына 2-қосымша
  Нысан

      "Ұлттық зияткерлік меншік институты"
республикалық мемлекеттік кәсіпорнымен толтырылады

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Әділет министрінің 03.10.2017 № 1225 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Түскен күні

Берілген күні

Өтінім №

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Ұлттық зияткерлік меншік институты" республикалық мемлекеттік кәсіпорны
Тауар таңбасын тіркеуге арналған ӨТІНІМ
010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8, № 1, № 2 кіреберіс
Қазақстан Республикасында тауар таңбасы (қызмет көрсету белгісі) ретінде көрсетілген белгінің тіркелуі сұратылады.

Ұжымдық тауар таңбасы

Ұйымдастырушылық-құқықтық нысаны көрсетіле отырып өтінім берушінің толық атауы (немесе егер өтінім беруші жеке тұлға болса, аты, тегі, әкесінің аты (бар болса).

Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымы st. 3 стандарты бойынша елдің коды (егер орнатылған болса)

Заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелгендігі туралы мәлімет, БСН нөмірі не жеке кәсіпкердің ИИН нөмірі

Жеке басты куәландыратын құжаттың мәліметтері, жеке тұлға үшін – ЖСН нөмірі (Қазақстан Республикасының өтінім берушілері үшін)

Өтінім берушінің мекенжайы, телефоны, мобильдік телефоны, телефакс, E-mail

Патенттік сенім білдірілген өкіл немесе өзге өкіл

Хат-хабар алмасу мекенжайы, (адресатты көрсете отырып толық пошта мекенжайы) телефоны, мобильдік телефоны, телефакс, E-mail

Бұрын берілген өтінім (өтінімдер) бойынша конвенциялық басымдық сұратылады

Бірінші өтінім нөмірі

Сұратылған басымдық күні

ST.3 бойынша берілген елдің коды

Көрмелік басымдық сұратылады ашық көрсетілімнің басталу күні
Мәлімделетін белгі:

Стандартты қаріптік орындаудағы тауар таңбасы

Транслитерация

Аударма

Көлемді тауар таңбасы

Түсті белгідегі тауар таңбасы

Қорғалмайтын элементтер (дискламация)

Түстерді көрсету:

* Қазақстан Республикасының өтінім берушілері үшін атауы қазақ және орыс тілдерінде толтырылады;
**Шетелдік өтінім берушілері үшін транслитерация орыс тілінде толтырылады;
Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің халықаралық сыныптамасының сыныптары бойынша топтастырылған тауар таңбаларын қорғау сұратылатын тауарлар мен қызметтер
Мәлімделген белгі Қазақстанда неғұрлым ертерек тіркелген.
Тіркелу №___________

Қоса берілетін құжаттар тізбесі:

Ұсынылып отырған белгінің суреті__данада.

Тауар/қызмет тізбесі (егер ол бланкке сыймай қалса)

Төлем туралы құжат: есеп/төлем тапсырысы №___ _____________

Сенімхат

Бұрын берілген өтінім(дер)нің куәландырылған көшірмесі

Бұрын берілген өтінім аудармасының көшірмесі

Ұжымдық белгі туралы келісім

Басқа құжаттар (көрсету), соның ішінде белгіленгендер_____________

Барлығы __________________бет
_______Қоса берілетін құжаттар тізбесі

Мәлімделетін белгіні тіркеуге беру басқа тұлғалардың зияткерлік меншік құқығын бұзбайтындығын растаймын
Қолы
Лауазымы (тегі аты әкесінің аты (бар болса)
МО
Күні

      Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызмет көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылатын Заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.

  Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2015 жылғы 30 сәуірдегі
№ 251 бұйрығына 5-қосымша

"Тауар шығарылған жердiң атауын пайдалану құқығын тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

      Ескерту. Стандарт жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 31.10.2016 № 947 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-Тарау. Жалпы ережелер

      1. "Тауар шығарылған жердiң атауын пайдалану құқығын тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – Мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын (бұдан әрі – Стандарт) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.

      3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрлік (бұдан әрі – Көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініштерді қабылдау және оның нәтижелерін беру:

      1) Министрліктің "Ұлттық зияткерлік меншік институты" Республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – сараптамалық ұйым);

      2) "электрондық үкімет" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – Портал) арқылы жүзеге асырылады.

2-Тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:

      1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған, сондай-ақ порталға жүгінген кезден бастап – 9 (тоғыз) ай ішінде;

      Мерзім:

      көрсетілетін қызметті алушы тауар шығарылған жердiң атауын пайдалану құқығын тіркеуге кедергі келтіретін негіздерді жоюға қажетті қосымша құжаттарды ұсынуы тиіс болған жағдайда үш айдан аспайтын мерзімге;

      көрсетілетін қызметті алушы толық сараптаманың алдын ала қорытындысына қарсылық берген жағдайда үш айдан аспайтын мерзімге;

      көрсетілетін қызметті алушы уәкілетті органның апелляциялық кеңесіне түпкілікті сараптамалық қорытындыға қарсылығын берген жағдайда жеті айдан аспайтын мерзімге;

      көрсетілетін қызметті алушы қарсылық берудің немесе сараптаманың сұрау салу мерзімін ұзарту туралы өтінішхат берген жағдайда алты айдан аспайтын мерзімге;

      көрсетілетін қызметті алушы өткізіп алған мерзімдерін қалпына келтіру туралы өтінішхат берген жағдайда екі айдан аспайтын мерзімге ұзартылады.

      2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут;

      3) қызмет көрсетудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут.

      Сараптама жасау ұйымы сараптаманың кез келген кезеңiнде қосымша материалдар сұратуға құқылы, олар өтiнiм иесiне сұрау салу жiберiлген күннен бастап үш ай iшiнде табыс етiлуге тиiс.

      Өтiнiм берушi қосымша материалдарды не көрсетiлген мерзiмдi ұзарту туралы өтiніштi белгiленген мерзiмде табыс етпеген жағдайда iс жүргiзу тоқтатылып, өтiнiм керi қайтарылып алынған болып есептеледi.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Әділет министрінің 03.10.2017 № 1225 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.

      6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – тауар шығарылған жер атауларын тіркеу және (немесе) тауар шығарылған жердiң атауын пайдалану құқығын беру не осы стандарттың 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

      Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны – электрондық, қағаз түрінде.

      Портал арқылы өтініш берген кезде заңды және жеке тұлғаларға (бұдан әрі – Көрсетілетін қызметті алушы) "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алу күні мен орны көрсетіле отырып, электрондық құжат нысанындағы хабарлама жіберіледі.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Әділет министрінің 03.10.2017 № 1225 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      7. Мемлекеттік қызмет көрсетілетін қызметті алушыға ақылы негізде көрсетіледі.

      Мемлекеттік қызметті көрсету жөніндегі сараптама ұйымының көрсететін қызметі үшін төлем ақы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Ұлттық зияткерлік меншік институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны іске асыратын жұмыстар және қызметтер бағаларын бекіту туралы" 2014 жылғы 18 желтоқсандағы № 368 бұйрығына сәйкес (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10045 болып тіркелген) белгіленген мөлшерде төлем алынады.

      Тауар шығарылған жердің атауын пайдалану құқығын тіркеу үшін "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасы Кодексінің 539-бабына сәйкес айлық есептік көрсеткіштің 100 пайызы мөлшерінде мемлекеттік баж алынады.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға электрондық өтінім портал арқылы берілген жағдайда, төлем "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) арқылы немесе екінші деңгейдегі банктер арқылы жүзеге асырылады.

      Мемлекеттік бажды және сараптамалық ұйымның қызметіне төлеуге қажетті банк деректемелері осы Стандартқа 1-қосымшада көрсетілген.

      Ескерту. 7-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Әділет министрінің 03.10.2017 № 1225 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      8. Жұмыс кестесі:

      1) көрсетілетін кызметті берушіде – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13-00-ден 14.30-ға дейін;

      2) сараптамалық ұйымда - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13-00-ден 14.30-ға дейін.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен көрсетіледі.

      3) порталда – тәулік бойы (мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мейрам күндері өтініш берген кезде өтінішті қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

      9. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) өтініш берген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

      сараптамалық ұйымға:

      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Тауар шығарылған жердiң атауын пайдалану құқығын тіркеуге арналған екі дана өтінім;

      2) іс жүргiзу өкiл арқылы жүргiзiлген жағдайда, сенiмхат;

      3) сараптамалық ұйымның көрсеткен қызметтеріне төлемді растайтын құжаттар;

      4) егер атауы тауар шығарылған жердің атауы ретінде мәлімделетін географиялық объект Қазақстан Республикасының аумағында орналасса, аталған географиялық объектінің шекарасында өтінім беруші ерекше қасиеттері, сапасы, беделі және басқа да сипаттамалары негізінен осы географиялық объектіге тән табиғи жағдайлармен және (немесе) адам факторларымен айқындалатын тауар өндіретіні туралы жергілікті атқарушы органның қорытындысы өтінімге қоса беріледі.

      Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан бұрын тiркелген тауар шығарылған жердiң атауына айрықша құқық беруге арналған өтiнiмге уәкiлеттi органның осы географиялық объектiнiң шекарасында өтiнiм берушi Қазақстан Республикасының тауар шығарылған жерлер атауларының мемлекеттiк тiзiлiмiнде көрсетiлген ерекше қасиеттерге ие тауарды өндiретiнi туралы қорытындысы қоса берiледi.

      Егер атауы тауар шығарылған жердiң атауы ретiнде мәлiмделетiн географиялық объект Қазақстан Республикасы шегінен тыс жерде орналасқан болса, өтiнiм берушiнiң мәлiмделген тауар шығарылған жердiң атауына құқығын растайтын құжат өтiнiмге қоса берiледi.

      порталға:

      1) көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен немесе порталдың есеп жазбасына ұялы байланыс операторы ұсынған көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірі тіркелген және қосылған жағдайда, бір реттік құпия сөзбен куәландырылған электрондық құжат нысандағы өтініш;

      2) іс жүргiзу өкiл арқылы жүргiзiлген жағдайда, сенiмхаттың электрондық көшірмесі;

      3) ЭҮТШ арқылы төлемді қоспағанда, тиісті төлемді растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;

      4) егер атауы тауар шығарылған жердің атауы ретінде мәлімделетін географиялық объект Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан болса, аталған географиялық объектінің шекарасында өтінім беруші айрықша қасиеттері, сапасы, беделі және басқа да сипаттамалары негізінен осы географиялық объектіге тән табиғи жағдайлармен және (немесе) адам факторларымен айқындалатын тауарды өндіретіні туралы жергілікті атқарушы орган құжатының электрондық көшірмесі, қорытындысы өтінімге қоса беріледі.

      Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан бұрын тiркелген тауар шығарылған жердiң атауына айрықша құқық беруге арналған өтiнiмге уәкiлеттi органның осы географиялық объектiнiң шекарасында өтiнiм берушi Қазақстан Республикасының тауарлардың шығарылған жерлер атауларының мемлекеттiк тiзiлiмiнде көрсетiлген айрықша қасиеттерге ие тауарды өндiретiнi туралы уәкілетті орган қорытындысының электрондық көшірмесі қоса берiледi.

      Егер атауы тауар шығарылған жердiң атауы ретiнде мәлiмделетiн географиялық объект Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде орналасқан болса, өтiнiм берушiнiң мәлiмделген тауар шығарылған жердiң атауына құқығын растайтын құжаттың электрондық көшірмесі өтiнiмге қоса берiледi.

      Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде:

      көрсетілетін қызметті берушіге (қолма-қол не пошта байланысы арқылы) қағаз жеткізгіштегі өтініштің көшірмесіне құжаттар топтамасының қабылданған күні мен уақыты көрсетіле отырып, сараптамалық ұйымның кеңсесінде тіркелгені туралы белгі қою оның қабылданғанын растау болып табылады.

      Портал арқылы жүгінген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе жолданады.

      Жеке басын куәландыратын құжаттар, заңды тұлғаның құжаттары, мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтерді, мемлекеттік баждың ЭҮТШ арқылы төленгені туралы ақпаратты көрсетілетін қызметті беруші "электронды үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелер арқылы алады.

      Қызмет алушы егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісімін береді

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Әділет министрінің 03.10.2017 № 1225 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      10. Егер тауар шығарылған жердiң атауы:

      1) географиялық объектiнiң атауын бiлдiрсе де немесе қамтыса да, Қазақстан Республикасында тауардың өндiрiлген жерiмен байланысты емес оның белгiлi бiр түрiнiң белгiлерi ретiнде жалпы қолданысқа енгiзiлген белгiлері болса;

      2) тауардың шығарылған жерiне қатысты жаңылыстыруы мүмкін географиялық объектінің атауын білдірсе;

      3) тауардың нақты шығарылған жерiн үстiрт түрде көрсететiн, бiрақ тауар басқа аумақтан шығарылғаны туралы қате түсiнiк берсе;

      4) географиялық объектінің тауар шығарылған жермен байланысты емес атауын қамтыса, олар мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартудың негіздемесі болып табылады.

3-тарау. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша
көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды
адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      11. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану:

      Шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжайға беріледі.

      Шағым жазбаша нысанда пошта арқылы не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол, сондай-ақ портал арқылы беріледі.

      Қажетті жағдайларда көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызметті көрсетушінің сапасыздығын растайтын құжаттарды шағымға қоса береді.

      Шағымды қабылдаған адамның тегін және аты-жөнін, берілген шағымға жауап алудың мерзімі мен орнын көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі мен күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.

      Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелгеннен кейін бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта байланысы арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде қолма-қол беріледі.

      Портал арқылы өтініш берген кезде шағымдану тәртібі туралы Бірыңғай байланыс-орталығының 1414, 8 800 080 7777 телефондары арқылы алуға болады.

      Шағым портал арқылы жіберілген кезде көрсетілетін қызметті алушыға "жеке кабинеттен" өтініш туралы ақпарат қолжетімді болады, ол көрсетілетін қызметті берушінің өтінішті өңдеуі (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгі жасау, шағымды қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылып отырады.

      Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағымдана алады.

      Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.

      Ескерту. 11-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Әділет министрінің 03.10.2017 № 1225 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      12. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайларда, көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа шағымдануға құқығы бар.

4-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсетудің, оның ішінде
электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтің
ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

      13. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары көрсетілетін қызметті берушінің www. adilet.gov.kz интернет-ресурсының "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде, сараптамалық ұйымның www.kazpatent.kz сайтында орналастырылған.

      14. Көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы болған немесе порталдың есеп жазбасына ұялы байланыс операторы берген көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірі порталдың есептік жазбасына тіркелген және қосылған жағдайда, бір реттік парольді пайдаланып, мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.

      Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Әділет министрінің 03.10.2017 № 1225 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      15. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету мәртебесі туралы ақпаратты порталдың "жеке кабинеті" арқылы алуға мүмкіндігі болады.

      16. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша анықтама қызметінің байланыс телефондары: 8 (7172) 74 07 54, 74 09 69, 74 96 60. Бірыңғай байланыс орталығы – 1414, 8 800 080 7777.

      Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Әділет министрінің 03.10.2017 № 1225 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  "Тауар шығарылған жердiң
атауын пайдалану құқығын
тіркеу" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
стандартына 1-қосымша

Мемлекеттік баж төлеу үшін қажетті банк деректемелері

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Әділет министрінің 03.10.2017 № 1225 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Бенефициар – 6205 Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Есіл ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы
      БСН – 081240013779
      ЖСК – KZ24070105KSN0000000
      БСК – KKMFKZ 2 A
      Бенефициар банкі - "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің "Қазынашылық комитеті" мемлекеттік мекемесі.
      КБЕ-11
      Бюджеттік сыныптама коды (БСК) – 108125
      Төлем тағайындау коды — 979 жеке тұлғалар үшін
      Төлем тағайындау коды — 911 заңды тұлғалар үшін

Сараптама ұйымының қызметтеріне ақы төлеуге қажетті банк деректемелері

Қабылдаушы:

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің
"Ұлттық зияткерлік меншік институты"
республикалық мемлекеттік кәсіпорны

Мекенжайы:

010000, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы,
Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8, № 1, № 2 кіреберіс

БИН:

020940003199

КБЕ:

16

КНП:

859

Банктің атауы ЖСК БСК

"Нұрбанк" акционерлік қоғамы

KZ8584905KZ006015415

NURSKZKX

"Қазкоммерцбанк" акционерлік қоғамы

KZ489261501148407000

KZKOKZKX

"Қазақстан халық банкі" акционерлік қоғамы

KZ386010111000288323

HSBKKZKX

"Цеснабанк" акционерлік қоғамы

KZ98998ВТВ0000358095

TSESKZKA

"АТФБанк" акционерлік қоғамы

KZ87826Z0KZTD2008449

ALMNKZKA

"Сбербанк" акционерлік қоғамының еншілес банкі

KZ14914012203KZ0047J

SABRKZKA

Астана қаласындағы "ForteBank" акционерлік қоғамының филиалы

KZ1096503F0007611692

IRTYKZKA

  "Тауар шығарылған жердiң
атауын пайдалану құқығын
тіркеу" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
стандартына 2-қосымша
  Нысан

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Әділет министрінің 03.10.2017 № 1225 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Түскен күні (220) Берілген күні (210) Өтінім №
Тауар шығарылған жердің атауын тіркеуге және (немесе) пайдалану құқығын беруге
ӨТІНІМ

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің
"Ұлттық зияткерлік меншік институты" республикалық мемлекеттік кәсіпорны
010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8, № 1, № 2 кіреберіс

Төмендегі құжаттарды ұсына отырып, өтінімде көрсетілген белгіні тауар шығарылған жердің атауы ретінде тіркеуді және оны пайдалану құқығын беруді сұраймын.

(711) Өтінім беруші/Өтінім берушілер:

Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымы ST.3 стандарты бойынша елдің коды

Заңды тұлғаның, БСН немесе дара кәсіпкердің ұйымдастыру-құқықтық нысанының толық атауы, ЖСН нөмірі көрсетілген мемлекеттік тіркеу туралы мәлімет

Өтінім берушінің толық мекенжайы:
Телефоны: Факс: e-mail:

(750) Хат-хабар алмасу мекенжайы: (толық пошталық мекенжайы, аты немесе адресаттың атауы
Телефон (ұялы телефон): Факс: e-mail:

(740) Патенттік сенім білдірілген өкіл (Т.А.Ә., тіркеу нөмірі) немесе өтінім берушінің өзге өкілі

(540) Мәлімделген белгі (бас әріптермен басып шығару)

Тауардың түрі

Тауардың ерекше белгілерінің сипаттамасы

Тауар шығарылған (өндірілген) жер (географиялық объектінің шекараларын көрсету)

Қоса берілетін құжаттар тізбесі

1 данадағы парақтар саны

Даналар саны

төлем туралы құжат: шот/төлем тапсырмасы № __ ___________

құзыретті органның қорытындысы

құжаттардың мемлекеттік және орыс тіліне аудармасы

сенімхат

Басқа да құжаттар (көрсету), оның ішінде п.-да белгіленгендері

барлық парақтар

Қолы
Лауазымы (тегі аты әкесінің аты (бар болса) МО
күні
Өтінім берушінің (егер өтінім беруші заңды тұлға болып табылса, мөрмен куәландырылған) немесе патенттік сенім білдірілген өкілінің қолы және күні
Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін

  Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2015 жылғы 30 сәуірдегі
№ 251 бұйрығына 6-қосымша

"Өнеркәсiптiк үлгiге патент беру" мемлекеттік қызмет стандарты

      Ескерту. Стандарт жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 31.10.2016 № 947 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Өнеркәсiптiк үлгiге патент беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.

      3. Мемлекеттік қызметті Министрлік (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініштерді қабылдау және оның нәтижелерін беру:

      1) Министрліктің "Ұлттық зияткерлік меншік институты" Республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – сараптама ұйымы);

      2) "электрондық үкімет" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал).

2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:

      1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттардың топтамасын тапсырған, сондай-ақ порталға жүгінген кезден бастап – 12 (он екі) ай өткеннен кейін, қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап белгіленген мерзімнен ерте жіберіледі. Патенттi беру туралы мәлiметтер көрсетілетін қызметті алушының өтінішхаты бойынша бюллетеньде белгіленген мерзімнен ерте жарияланады. Патент беру туралы мәліметтер жарияланумен қатар, көрсетілетін қызметті алушыға патент беріледі.

      Мерзім:

      көрсетілетін қызметті алушы өзгертілген, қосымша немесе жетіспейтін құжаттарды, сондай-ақ бірлік талабы бұзыла отырып берілген өтініш бойынша нақтылауларды ұсынуы қажет болған жағдайда, үш айдан аспайтын мерзімге;

      көрсетілетін қызметті алушы сараптаманың сұрау салуына жауап беру мерзімін ұзарту жөнінде өтінішхат берген жағдайда, үш айдан аспайтын мерзімге;

      көрсетілетін қызметті алушы патентті беруге дайындауға және жариялауға төлеу үшін, сондай-ақ мемлекеттік бажды төлеу үшін өткізіп алған мерзімді қалпына келтіру туралы құжатты ұсынған жағдайда, үш айдан аспайтын мерзімге;

      көрсетілетін қызметті алушы сараптаманың сұрау салуына жауап беру үшін олар өткізіп алған мерзімін қалпына келтіру туралы өтінішхат және мәні бойынша сараптама жүргізуге төлем туралы құжатты берген жағдайда, алты айдан аспайтын мерзімге ұзартылады;

      2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут;

      3) қызмет көрсетудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут.

      Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Әділет министрінің 03.10.2017 № 1225 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.

      6. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі – өнеркәсіптік үлгідегі патент не осы Стандарттың 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру нысаны – қағаз түрінде, электрондық түрде.

      Портал арқылы жүгінген кезде жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған, мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін алған күні мен орыны көрсетіле отырып, электрондық құжат нысанында хабарлама жіберіледі.

      Егер, көрсетілетін қызметті алушы белгіленген мерзімде жетіспеген сұратылған құжаттарды, оның ішінде сараптама ұйымының көрсеткен қызметіне төлем (немесе) мемлекеттік баж төлемі туралы құжаттарды, белгіленген мерзімдерді ұзарту және (немесе) қалпына келтіру туралы өтінішхатты ұсынбаса, өтініш кері қайтарып алынған болып есептеледі, ол туралы көрсетілетін қызметті алушыға тиісті хабарлама жіберіледі.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Әділет министрінің 03.10.2017 № 1225 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет заңды және жеке тұлғаларға ақылы негізде көрсетіледі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы).

      Мемлекеттік қызметті көрсету жөніндегі сараптама ұйымының көрсететін қызметі үшін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Ұлттық зияткерлік меншік институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны іске асыратын жұмыстар және қызметтер бағаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 2014 жылғы 18 желтоқсандағы № 368 бұйрығына сәйкес (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10045 болып тіркелген) белгіленген мөлшерде төлемақы алынады.

      Патент берілгені үшін "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасы Кодексінің 539-бабына сәйкес айлық есептік көрсеткіштің 100 пайызы мөлшерінде мемлекеттік баж алынады.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға портал арқылы электрондық өтінім берілген жағдайда, төлемақы "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) арқылы немесе екінші деңгейдегі банктер арқылы жүзеге асырылады.

      Мемлекеттік баж бен сараптама ұйымының көрсетілетін қызметін төлеуге қажетті банк деректемелері осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 1-қосымшасында көрсетілген.

      Ескерту. 7-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Әділет министрінің 03.10.2017 № 1225 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      8. Жұмыс кестесі:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін;

      2) сараптама ұйымының – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін;

      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен көрсетіледі.

      3) порталда – тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мейрам күндері Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтінішті қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

      9. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

      сараптама ұйымына:

      1) осы Стандартқа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өнеркәсіптік үлгіге Қазақстан Республикасының патентін беру туралы өтініштің 3 данасы;

      2) мәлiмделген үлгi (үлгiлер) туралы толық егжей-тегжейлi түсiнiк беретiн бұйымның (бұйымдардың) немесе макеттiң кескiнi бейнеленген қайта жасауға жарамды жиынтығы (жалпы түрде – 8 дана, қосымша түрде – 4 дана);

      3) өнеркәсiп үлгiсiнiң елеулi белгiлерiнiң тiзбесiн қамтитын сипаттамасының 2 данасы;

      4) іс жүргізу өкіл арқылы жүргізілген жағдайда куәландырылған сенімхат;

      5) өтініш бергені үшін төлем төленгенiн растайтын құжат;

      6) төлемнің мөлшерін азайту негіздемесін растайтын құжат (Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері, мүгедектер, еңбек өтілі және жасы бойынша зейнеткерлер, жалпы білім беру мектептері мен колледждерінің оқушылары, жоғары оқу орындары студенттері үшін – тиісті құжаттың немесе анықтаманың көшірмесі).

      порталға:

      1) көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен немесе порталдың есеп жазбасына ұялы байланыс операторы ұсынған көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірі тіркелген және қосылған жағдайда, бір реттік құпия сөзбен куәландырылған электрондық құжат нысандағы өтініш;

      2) мәлiмделген үлгi (үлгiлер) туралы толық егжей-тегжейлi түсiнiк беретiн бұйымның (бұйымдардың) немесе макеттiң кескiнi бейнеленген қайта жасауға жарамды жиынтығының электрондық көшірмесі;

      3) оның елеулi белгiлерiнiң тiзбесiн қамтитын өнеркәсiптiк үлгiсі сипаттамасының электрондық көшірмесі;

      4) іс жүргізу өкіл арқылы жүргізілген жағдайдағы сенімхаттың электрондық көшірмесі;

      5) ЭҮТШ арқылы төлемді қоспағанда төлем төленгенiн растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;

      6) төлемнің мөлшерін азайту негіздемесін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі (Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері, мүгедектер, еңбек өтілі және жасы бойынша зейнеткерлер, жалпы орта білім беру мектептері мен колледждерінің оқушылары, жоғары оқу орындары студенттері үшін – тиісті құжаттың немесе анықтаманың көшірмесі).

      Төлемді және төлемнің мөлшерін азайту негіздемесін растайтын құжаттар өтініммен бірге немесе өтінім келіп түскен күннен бастап екі айдың ішінде ұсынылуы мүмкін. Бұл мерзім екі айдан аспайтын мерзімге ұзартылуы мүмкін.

      Жеке басын, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы куәландыратын құжаттардың мәліметтерін ЭҮТШ арқылы мемлекеттік баж төлеу туралы ақпаратты көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады.

      Көрсетілетін қызметті алушы егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға жазбаша келісімін береді.

      Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде:

      көрсетілетін қызметті берушіге (қолма-қол не пошта байланысы арқылы) – құжаттар топтамасының көшірмесіне оның қабылданған күні мен уақытын көрсете отырып, сараптама ұйымының кеңсесінде тіркелгені туралы белгі қою қағаз жеткізгіштегі өтініштің қабылдағанын растау болып табылады.

      Портал арқылы жүгінген жағдайда көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебесі жолданады.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Әділет министрінің 03.10.2017 № 1225 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      10. Мыналар:

      1) өтініш беруші сұрап отырған құқықтық қорғау көлемiндегi мәлiмделген өнеркәсіптік үлгінің патент қабiлеттiлiгi талаптарына сәйкес келмеуі;

      2) егер өтiнiм өнеркәсіптік үлгі ретiнде қорғалмайтын объектiлерге қатысты болса;

      3) егер өтініш беруші тиісті хабарламадан елеулi белгiлердің жиынтығын өзгертпесе;

      4) ұсынылған елеулi белгiлерiнiң жиынтығы өтiнiмнiң бастапқы материалдарында жоқ белгiлерді қамтыса немесе өнеркәсіптік үлгі ретiнде қорғалатын объектiден басқа, өнеркәсiптiк үлгi ретiнде қорғалатын объектiлерге жатпайтын ұсынысты да сипаттаса немесе оған қатысты өнеркәсiптiк үлгi бiрлiгiнің талаптары бұзылуына байланысты қарау жүргізілмеген болса, Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартудың негіздері болып мыналар табылады.

3-тарау. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша
көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды
адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      11. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану:

      шағым көрсетілетін қызметті берушінің басшысының атына осы Стандарттың 13-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша беріледі.

      Шағым жазбаша нысанда пошта арқылы не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол, сондай-ақ портал арқылы беріледі.

      Қажет болған жағдайларда көрсетілетін қызметті алушы шағымға көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік көрсетілетін қызметті сапасыз орындағанын дәлелдейтін құжаттарды қоса береді.

      Шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауапты алу мерзімі мен орнын көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркелуі (мөртаңба, кіріс нөмірі мен күні) шағымның қабылдануын растау болып табылады.

      Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті қызмет алушының шағымы тіркелгеннен кейін бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта байланысы арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде қолма-қол беріледі.

      Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс-орталығының 1414, 8 800 080 7777 телефондары арқылы алуға болады.

      Шағым портал арқылы жіберілген кезде көрсетілетін қызметті алушыға "жеке кабинеттен" өтініш туралы ақпарат қолжетімді болады, ол көрсетілетін қызметті берушінің өтінішті өңдеуі (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгі жасау, шағымды қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылып отырады.

      Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағымдана алады.

      Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.

      Ескерту. 9-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Әділет министрінің 03.10.2017 № 1225 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      12. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайларда, көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа шағымдануға құқығы бар.

4-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін
қызмет ерекшеліктерін ескере отырып, қойылатын өзге де талаптар

      13. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары көрсетілетін қызметті берушінің www. adilet.gov.kz интернет-ресурсының "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде, сараптама ұйымының www.kazpatent.kz сайтында орналастырылған.

      14. Көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы болған немесе порталдың есеп жазбасына ұялы байланыс операторы берген көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірі порталдың есептік жазбасына тіркелген және қосылған жағдайда, бір реттік парольді пайдаланып, мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.

      Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Әділет министрінің 03.10.2017 № 1225 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      15. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсетудің мәртебесі туралы ақпаратты порталдағы "жеке кабинеті" арқылы алуға мүмкіндігі бар.

      16. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша анықтама қызметінің байланыс телефондары: 8 (7172) 74 07 54, 74 09 69, 74 96 60. Бірыңғай байланыс орталығы – 1414, 8 800 080 7777.

      Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Әділет министрінің 03.10.2017 № 1225 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  "Өнеркәсіптік үлгіге патент
беру" мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына 1-қосымша

Мемлекеттік баж төлеу үшін қажетті банк деректемелері

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Әділет министрінің 03.10.2017 № 1225 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Бенефициар – 6205 Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Есіл ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы
      БСН – 081240013779
      ЖСК – KZ24070105KSN0000000
      БСК – KKMFKZ 2 A
      Бенефициар банкі - "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің "Қазынашылық комитеті" мемлекеттік мекемесі.
      КБЕ-11
      Бюджеттік сыныптама коды (БСК) – 108125
      Төлем тағайындау коды — 979 жеке тұлғалар үшін
      Төлем тағайындау коды — 911 заңды тұлғалар үшін

Сараптама ұйымының қызметтеріне ақы төлеуге қажетті банк деректемелері

Қабылдаушы:

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің
"Ұлттық зияткерлік меншік институты"
республикалық мемлекеттік кәсіпорны

Мекенжайы:

010000, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы,
Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8, № 1, № 2 кіреберіс

БИН:

020940003199

КБЕ:

16

КНП:

859

Банктің атауы ЖСК БСК

"Нұрбанк" акционерлік қоғамы

KZ8584905KZ006015415

NURSKZKX

"Қазкоммерцбанк" акционерлік қоғамы

KZ489261501148407000

KZKOKZKX

"Қазақстан халық банкі" акционерлік қоғамы

KZ386010111000288323

HSBKKZKX

"Цеснабанк" акционерлік қоғамы

KZ98998ВТВ0000358095

TSESKZKA

"АТФБанк" акционерлік қоғамы

KZ87826Z0KZTD2008449

ALMNKZKA

"Сбербанк" акционерлік қоғамының еншілес банкі

KZ14914012203KZ0047J

SABRKZKA

Астана қаласындағы "ForteBank" акционерлік қоғамының филиалы

KZ1096503F0007611692

IRTYKZKA

  "Өнеркәсіптік үлгіге патент
беру" мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына 2-қосымша
  Нысан № 1-ӨҮ

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Әділет министрінің 03.10.2017 № 1225 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Кіріс нөмірі №

(21) Тіркеу №

(22) Берілген күні

Басымдығы

Түскен күні

Өнеркәсіптік үлгіге
Қазақстан Республикасының
патентін беру туралы
ӨТІНІШ

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің
"Ұлттық зияткерлік меншік институты" республикалық мемлекеттік кәсіпорны
Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8, № 1, № 2 кіреберіс

Төменде көрсетілген құжаттарды ұсына отырып, өтінім берушінің (берушілердің) атына Қазақстан Республикасының патентін беруді сұраймын (сұраймыз).
(71) Өтінім беруші (берушілер)
(Толық аты немесе атауы және тұрғылықты жері немесе орналасқан жері көрсетіледі.
Өтінім иелері-авторлардың тұрғылықты мекенжайы туралы деректер 97 коды бар бағанда көрсетіледі)

Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымы ST.3 стандарты бойынша елдің коды (егер ол белгіленген болса)

"Ұлттық зияткерлік меншік институты" республикалық мемлекеттік кәсіпорнына өтінім берілген күннен ертерек басымдық сұралған кезде ғана толтырылады.
өнеркәсіптік үлгінің басымдығын күні бойынша белгілеуіңізді сұраймын (сұраймыз).
Қазақстан Республикасы Патент Заңның 20-бабының 2 –тармағына (бұдан әрі – Заң) сәйкес, Париж конвенциясына қатысушы мемлекетке бірінші өтінімді (өтінімдерді) беру

Заңның 20-бабының 4-тармағына сәйкес "Ұлттық зияткерлік меншік институты" республикалық мемлекеттік кәсіпорнына неғұрлым ерте берілген өтінімді беру
20-бабының 5-тармағына сәйкес "Ұлттық зияткерлік меншік институты" республикалық мемлекеттік кәсіпорнына бастапқы өтінімді беру

(өтінім нөмірі _______________, берген күні _________________)

неғұрлым ерте берілген өтінімдерге қосымша материалдардың түсуі (20-бабының 3-тармағы)

Бірінші, неғұрлым ерте берілген, бастапқы өтінімнің №

басымдық сұралған күн

(33) ST.3 бойынша берген елдің коды (конвенциялық басымдық сұралған кезде)

(54) Өнеркәсіптік үлгінің атауы

(98) Хат-хабар алмасуға арналған мекенжай (толық пошталық мекенжайы және адресаттың аты-жөні)
Телефоны: Ұялы телефоны: Факс:

(74) Патенттік сенім білдірілген өкіл (толық атауы, тіркеу нөмірі, мекенжайы) немесе өтінім берушінің (берушілердің) өкілі (толық аты немесе атауы, мекенжайы)

Қоса берілетін құжаттар тізбесі

1 данадағы парақ саны

Дана саны

Өтінім беруге және патент алуға құқықтың туындау негізі (құжатты ұсынусыз):
Заңның 10-бабының 2-тармағына сәйкес талаптары сақталған және өтінім иесі жұмыс беруші болып табылады
жұмыс берушінің немесе оның құқықтық мирасқорының құқықтарды беруі
автордың немесе оның құқықтық мирасқорының құқықты қайта беруі
мирасқорлық құқық
("Ұлттық зияткерлік меншік институты" республикалық мемлекеттік кәсіпорны мөртаңбасының орны)

өтінішке қосымша

өнеркәсіптік үлгінің сипаттамасы

бұйым кескіндемесінің жиынтығы

сызба (лар) және өзге де материалдар

өтінімді берудің төлемі туралы құжат

төлем мөлшерін азайтуға
негіздің бар-жоғын растайтын құжат

бірінші өтінімнің (өтінімдер) көшірмесі (көшірмелері) (конвенциялық басымдық сұралған кезде)

өтінімнің шетел тіліндегі құжаттары

патент сенім білдірілген өкілдің немесе өкілдің уәкілеттілігін растайтын сенімхат

басқа да құжат (көрсетілсін)

(72) Автор (лары) (толық аты көрсетіледі)

(97) Елдің атауы және егер ол белгіленген болса, Дүниежүзілік зияткерлік меншік институты ST.3 стандарты бойынша оның кодын қоса алғанда, тұрғылықты жерінің толық пошталық мекенжайы

Патентті алу құқығын қайтадан берген автор (лар)- өтінім беруші (лер) және/немесе автор (лардың) қол (дар) ы

  Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2015 жылғы 30 сәуірдегі
№ 251 бұйрығына 7-қосымша

"Пайдалы модельге патент беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

      Ескерту. Стандарт жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 31.10.2016 № 947 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Пайдалы модельге патент беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын (бұдан әрі – Стандарт) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.

      3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрлік (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініштерді қабылдау және оның нәтижелерін беру:

      1) Министрліктің "Ұлттық зияткерлік меншік институты" Республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – сараптама ұйымы);

      2) "электрондық үкімет" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – Портал) арқылы жүзеге асырылады.

2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:

      1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттардың топтамасын тапсырған, сондай-ақ порталға жүгінген кезден бастап – 12 (он екі) ай өткен соң, қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап белгіленген мерзімнен бұрын жіберіледі. Патенттi беру туралы мәлiметтер қызмет алушының өтінішхаты бойынша бюллетеньде белгіленген мерзімнен ерте жарияланады.

      Мерзім:

      көрсетілетін қызметті алушы түзетілген немесе жетіспейтін құжаттарды сараптама ұйымының сұрау салуы немесе хабарлауы бойынша ұсынуы қажет болған жағдайда үш айдан аспайтын мерзімге;

      көрсетілетін қызметті алушы конвенциялық басымдық сұратқан кезінде бірінші өтінімнің көшірмесін ұсыну қажеттілігі жағдайында, алты айдан аспайтын мерзімге;

      көрсетілетін қызметті алушы сараптаманың сұрау салуына жауап мерзімін ұзарту туралы өтінішхат берген жағдайда, алты айдан аспайтын мерзімге;

      көрсетілетін қызметті алушы сараптаманың сұрау салуына жауап беру мерзімін қалпына келтіру туралы өтінішхат берген жағдайда, он екі айдан аспайтын мерзімге;

      көрсетілетін қызметті алушының патентті беруге дайындағаны үшін төлемді және патентті бергені үшін мемлекеттік бажды төлегенін растайтын құжатты ұсыну мерзімін қалпына келтіру туралы өтінішхат берген жағдайда, үш айдан аспайтын мерзімге ұзартылады;

      2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут;

      3) қызмет көрсетудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут.

      Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Әділет министрінің 03.10.2017 № 1225 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.

      6. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі – осы Стандарттың 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша пайдалы модельге патент не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру.

      Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін беру нысаны – электрондық, қағаз түрінде.

      Портал арқылы жүгінген кезде жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған, мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін алған күні орыны көрсетіле отырып, электрондық құжат нысанында хабарлама жіберіледі.

      Көрсетілетін қызметті алушының өтінішхаты бойынша өтінім Өнертабысқа патент беру өтініміне заңда көзделген жағдайларда ауыстырылады және көрсетілетін қызметтер кейін "Өнертабысқа патент беру" стандартына сәйкес ұсынылады.

      Егер, көрсетілетін қызметті алушы белгіленген мерзімде жетіспеген сұратылған құжаттарды, оның ішінде сараптама ұйымының көрсеткен қызметіне төлем және (немесе) мемлекеттік баж төлемі туралы құжаттарды,

      белгіленген мерзімдерді ұзарту және (немесе) қайта қалпына келтіру туралы өтініш хатты ұсынбаса, өтініш кері қайтарып алынған болып есептеледі, ол туралы көрсетілетін қызметті алушыға тиісті хабарлама жіберіледі.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Әділет министрінің 03.10.2017 № 1225 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      7. Мемлекеттік қызмет көрсетілетін қызметті алушыға ақылы негізде көрсетіледі.

      Мемлекеттік қызметті көрсету жөніндегі сараптама ұйымының көрсететін қызметі үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Ұлттық зияткерлік меншік институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны іске асыратын жұмыстар және қызметтер бағаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 2014 жылғы 18 желтоқсандағы № 368 бұйрығына сәйкес (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10045 болып тіркелген) белгіленген мөлшерде төлемақы алынады.

      Пайдалы модельге патент бергені үшін "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 539-бабына сәйкес айлық есептік көрсеткіштің 100 пайызы мөлшерінде мемлекеттік баж алынады.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға портал арқылы электрондық өтінім берілген жағдайда, төлемақы "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) арқылы немесе екінші деңгейдегі банктер арқылы жүзеге асырылады.

      Мемлекеттік бажды және сараптама ұйымының көрсететін қызметін төлеуге қажетті банк деректемелері осы Стандартқа 1-қосымшада көрсетілген.

      Ескерту. 7-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Әділет министрінің 03.10.2017 № 1225 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      8. Жұмыс кестесі:

      1) көрсетілетін қызметті беруші үшін – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін;

      2) сараптама ұйымы үшін – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.

      Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен көрсетіледі;

      3) портал үшін – тәулік бойы (Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мейрам күндері өтінішпен жүгінген кезде, өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметтер көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

      9. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) өтінішпен жүгінген кездегі мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

      сараптама ұйымына жүгінген кезде:

      1) осы Стандартқа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасының пайдалы моделіне патент беру туралы өтініштің 3 данасы;

      2) жүзеге асыру үшiн оны толық, жеткiлiктi ашып көрсететін пайдалы модельдің сипаттамасының 2 данасы;

      3) пайдалы модельдің мәнiн білдіретін және оның сипаттамасына толық негізделген формуласының 2 данасы;

      4) сызбалардың және (немесе) егер пайдалы модельдің мәнін түсіну үшін қажет болса, өзге де материалдардың 2 данасы;

      5) рефераттың 2 данасы;

      6) іс жүргізу өкіл арқылы жүргізілген жағдайда берілген сенімхат;

      7) өтінім бергені үшін төлемді растайтын құжат;

      8) төлемнің мөлшерін азайтуға арналған негіздемені растайтын құжат (Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері, мүгедектер, еңбек өтілі және жасы бойынша зейнеткерлер, орта білім беретін мектептердің, кәсіптік-техникалық училищелердің, орта техникалық оқу орындарының оқушылары, жоғары оқу орындарының студенттері үшін – тиісті құжаттың көшірмесі немесе анықтама);

      порталға:

      1) көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен немесе порталдың есеп жазбасына ұялы байланыс операторы ұсынған көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірі тіркелген және қосылған жағдайда, бір реттік құпия сөзбен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;

      2) оны жүзеге асыру үшiн толық, жеткiлiктi ашып көрсететін пайдалы модель сипаттамасының электрондық көшірмесі;

      3) пайдалы модельдің мәнiн бiлдiретiн және сипаттамасына толықтай негізделген оның формуласының электрондық көшірмесі;

      4) сызбалардың электрондық көшірмесі;

      5) рефераттың электрондық көшірмесі;

      6) іс жүргізу өкіл арқылы жүргізілген жағдайда берілген сенімхаттың электрондық көшірмесі;

      7) ЭҮТШ арқылы төлемді қоспағанда, өтінімді бергені үшін төлемді растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;

      8) төлемнің мөлшерін азайтуға арналған негіздемені растайтын құжаттың электрондық көшірмесі (Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері, мүгедектер, еңбек өтілі және жасы бойынша зейнеткерлер, орта білім беретін мектептердің, кәсіптік-техникалық училищелердің, орта техникалық оқу орындарының оқушылары, жоғары оқу орындарының студенттері үшін – тиісті құжаттың көшірмесі немесе анықтама).

      Төлемді және төлемнің мөлшерін азайту негіздемесін растайтын құжаттар өтініммен бірге немесе өтінім келіп түскен күннен бастап екі айдың ішінде ұсынылуы мүмкін. Бұл мерзім екі айдан аспайтын мерзімге ұзартылуы мүмкін.

      Көрсетілетін қызметті беруші жеке басты куәландыратын, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы құжаттардың мәліметтерін, ЭҮТШ арқылы мемлекеттік баж төлеу туралы ақпаратты тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады.

      Көрсетілетін қызметті алушы егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға жазбаша келісімін береді.

      Ақпараттық жүйелерден алуға болатын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушылардан талап етуге жол берілмейді.

      Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды берген кезде:

      Көрсетілетін қызметті берушіге (қолма-қол не пошта байланысы арқылы) – құжаттар топтамасының көшірмесіне оның қабылданған күні мен уақытын көрсете отырып, сараптама ұйымының кеңсесінде тіркелгені туралы белгі қою қағаз жеткізгіштегі өтініштің қабылданғанын растау болып табылады.

      Портал арқылы жүгінген жағдайда көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебесі жіберіледі.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Әділет министрінің 03.10.2017 № 1225 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      10. Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздеме мыналар болып табылады:

      1) өтiнiмнің пайдалы модель ретiнде қорғалмайтын объектiлерге қатысты болуы;

      2) өтінім берушінің өзі ұсынған формулада өтiнiмнiң бастапқы материалдарында болмаған белгiлерді қамтығаны немесе пайдалы модель ретiнде қорғалатын объектiден басқа, пайдалы модель ретiнде қорғалатын объектiлерге қатысы жоқ ұсынысты да сипаттайтын немесе оған қатысты пайдалы модель бiрлiгi талаптарының бұзылуымен байланысты қарастыру жүргізiлмегенi туралы оған хабарланғаннан кейiн пайдалы модель формуласын өзгертпеуі.

3-тарау. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша
көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды
адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      11. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану:

      шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына осы Стандарттың 13-тармағында көрсетілген мекенжайға беріледі.

      Шағым жазбаша нысанда пошта арқылы не жұмыс күндері көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.

      Қажет болған жағдайларда көрсетілетін қызметті алушы шағымға көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызметті сапасыз көрсеткенін растайтын құжаттарды қоса береді.

      Шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөнін, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орнын көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркелуі (мөртаңба, кіріс нөмірі мен күні) шағымның қабылдануын растау болып табылады.

      Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелгеннен кейін бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта байланысы арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде қолма-қол беріледі.

      Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс-орталығының 1414, 8 800 080 7777 телефондары бойынша алуға болады.

      Шағым портал арқылы жіберілген кезде көрсетілетін қызметті алушыға "жеке кабинеттен" өтінішпен жүгіну туралы ақпарат қолжетімді болады, ол көрсетілетін қызметті берушінің өтінішпен жүгінуді өңдеуі (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгілер жасау, шағымды қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылып отырады.

      Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағым жасауы мүмкін.

      Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.

      Ескерту. 11-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Әділет министрінің 03.10.2017 № 1225 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      12. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайларда, көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа шағымдануға құқығы бар.

4-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін
қызмет ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар

      13. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары көрсетілетін қызметті берушінің www.adilet.gov.kz интернет-ресурсындағы "Мемлекеттік қызмет көрсету" бөлімінде, сараптама ұйымының www.kazpatent.kz сайтында орналастырылған.

      14. Көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы болған немесе порталдың есеп жазбасына ұялы байланыс операторы берген көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірі порталдың есептік жазбасына тіркелген және қосылған жағдайда, бір реттік парольді пайдаланып, мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.

      Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Әділет министрінің 03.10.2017 № 1225 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      15. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету мәртебесі туралы ақпаратты порталдағы "жеке кабинет" арқылы алуға мүмкіндігі бар.

      16. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша анықтама қызметінің байланыс телефондары: 8 (7172) 74 07 54, 74 09 69, 74 96 60. Бірыңғай байланыс орталығы – 1414, 8 800 080 7777.

      Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Әділет министрінің 03.10.2017 № 1225 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  "Пайдалы модельге патент
беру" мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына 1-қосымша

Мемлекеттік баж төлеу үшін қажетті банк деректемелері

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Әділет министрінің 03.10.2017 № 1225 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Бенефициар – 6205 Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Есіл ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы
      БСН – 081240013779
      ЖСК – KZ24070105KSN0000000
      БСК – KKMFKZ 2 A
      Бенефициар банкі - "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің "Қазынашылық комитеті" мемлекеттік мекемесі.
      КБЕ-11
      Бюджеттік сыныптама коды (БСК) – 108125
      Төлем тағайындау коды — 979 жеке тұлғалар үшін
      Төлем тағайындау коды — 911 заңды тұлғалар үшін

Сараптама ұйымының қызметтеріне ақы төлеуге қажетті банк деректемелері

Қабылдаушы:

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің
"Ұлттық зияткерлік меншік институты"
республикалық мемлекеттік кәсіпорны

Мекенжайы:

010000, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы,
Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8, № 1, № 2 кіреберіс

БИН:

020940003199

КБЕ:

16

КНП:

859

Банктің атауы ЖСК БСК

"Нұрбанк" акционерлік қоғамы

KZ8584905KZ006015415

NURSKZKX

"Қазкоммерцбанк" акционерлік қоғамы

KZ489261501148407000

KZKOKZKX

"Қазақстан халық банкі" акционерлік қоғамы

KZ386010111000288323

HSBKKZKX

"Цеснабанк" акционерлік қоғамы

KZ98998ВТВ0000358095

TSESKZKA

"АТФБанк" акционерлік қоғамы

KZ87826Z0KZTD2008449

ALMNKZKA

"Сбербанк" акционерлік қоғамының еншілес банкі

KZ14914012203KZ0047J

SABRKZKA

Астана қаласындағы "ForteBank" акционерлік қоғамының филиалы

KZ1096503F0007611692

IRTYKZKA

  "Пайдалы модельге патент
беру" мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына 2-қосымша

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Әділет министрінің 03.10.2017 № 1225 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Келіп түскен күні

(85) Халықаралық өтінімді ұлттық фазаға ауыстыру күні

(21) Тіркеу №

(22) Берілген күні

(86) алушы ведомство белгілеген халықаралық өтінімді тіркеу нөмірі және халықаралық өтінімді берген күні

(87) халықаралық өтінімнің нөмірі және халықаралық жарияланған күні
Пайдалы модельге
Қазақстан Республикасының
патентін беру туралы
ӨТІНІШ

Қазақстан Республикасы
Әділет министрлігінің "Ұлттық зияткерлік
меншік институты" республикалық мемлекеттік кәсіпорны
010000, Астана қ., Есіл ауданы,
Мәңгілік Ел даңғылы, 8, № 1, № 2 кіреберіс

Төменде көрсетілген құжаттарды ұсына отырып, өтінім иесінің (иелерінің) атына пайдалы модельге Қазақстан Республикасының патентін беруді сұраймын (сұраймыз)
 
(71) Өтінім иесі (иелері):
 
(Толық аты-жөні немесе атауы және тұратын немесе болатын жері көрсетіледі.
Өтінім иелерінің-авторлардың тұрғылықты жері туралы деректер (72) коды бар бағанның тұсындағы бағанда келтіріледі)
 
Заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелгендігі туралы мәлімет, БСН нөмірі не жеке кәсіпкердің ИИН нөмірі (Қазақстан Республикасының өтінім берушілері үшін)

Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымы ST.3 стандарты бойынша елдің коды (егер белгіленген болса)

Қазақстан Республикасы Патент Заңының 20-бабының 4-тармағына (бұдан әрі – Заң) сәйкес неғұрлым ерте берілген өтінімді "Ұлттық зияткерлік меншік институты" республикалық мемлекеттік кәсіпорнына беру 

Заңның 20-бабның 3-тармағына сәйкес бастапқы өтінімді "Ұлттық зияткерлік меншік институты" республикалық мемлекеттік кәсіпорнына беру

Заңның 20-бабның 5-тармағына сәйкес бастапқы өтінімнің басымдығы

Заңның 20-бабның 3-тармағына сәйкес неғұрлым ерте берілген өтінімге қосымша материалдардың түсуі

(31) Бірінші, неғұрлым ерте берілген, бастапқы өтінімнің №

(32) Басымдық сұралған күн

(33) ST.3 бойынша берген елдің коды (конвенциялық басымдық сұралған кезде)

(54) Пайдалы модельдің атауы

Хат алмасуға үшін мекенжай (толық пошталық мекенжайы және адресаттың аты)
 
Телефоны: Ұялы телефоны: Факс:

(74) Патенттік сенім білдірілген өкіл (толық аты (тегі аты әкесінің аты (бар болса), тіркеу нөмірі, мекенжайы) немесе өтінім иесінің (иелерінің) өкілі (толық аты (тегі аты әкесінің аты (бар болса) немесе атауы, мекенжайы)

Қоса берілетін құжаттардың тізбесі

Саны

Саны

өтінімге қосымша

пайдалы модель сипаттамасы

пайдалы модель формуласы

сызулар және өзге материалдар

реферат

өтінім беруге төлем туралы құжат

төлем мөлшерін азайтуға негіздің бар-жоғын растайтын құжат

бірінші өтінімнің
(өтінімдердің) көшірмелері
(конвенциялық басымдылық
сұралған кезде)

"Ұлттық зияткерлік меншік институты" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының мөрін қоюға арналған орын

өтінімнің шет тіліндегі құжаттары

патенттік сенім білдірілген өкілдің немесе өкілдің өкілеттігін куәландыратын сенімхат

басқа құжат (көрсетілсін)

Формуламен (рефератпен) жариялау үшін ұсынылатын сызбалар фигурасының №

(72) Автор(авторлар)
(толық аты-жөні көрсетіледі)

Елдің атауы және егер ол белгіленсе, Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымы ST.3 стандарты бойынша оның кодын қоса алғанда, тұратын жерінің толық пошталық мекенжайы

Автордың (авторлардың)-өтініш иесінің (иелерінің) және/немесе авторлардың қолтаңбасы(қолтаңбалары)

Мен (біз) _____________________________________________________________________
(тегі аты әкесінің аты) (бар болса)
пайдалы модельге патент беру туралы мәліметтерді жариялау кезінде мені (бізді) автор (лар) ретінде көрсетпеуді сұраймын (сұраймыз)
Автордың (авторлардың) қолтаңбасы (қолтаңбалары):

Қолы
Автор (авторлар) болып табылмайтын өтінім иесінің (иелерінің) қолтаңбасы (қолтаңбалары) (заңды тұлғаның атынан қол қойған кезде басшының қолы мөрмен бекітіледі)
 
Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін

  Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2015 жылғы 30 сәуірдегі
№ 251 бұйрығына 8-қосымша

"Өнертабысқа патент беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

      Ескерту. Стандарт жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 31.10.2016 № 947 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-Тарау. Жалпы ережелер

      1. "Өнертабысқа патент беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – Мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын (бұдан әрі - Стандарт) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.

      3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрлік (бұдан әрі – Көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуге өтініштерді қабылдау және оның нәтижелерін беру:

      1) Министрліктің "Ұлттық зияткерлік меншік институты" Республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – Сараптама ұйымы);

      3) "электрондық үкімет" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – Портал) арқылы жүзеге асырылады.

2-Тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:

      1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттардың топтамасын тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде – 18 (он сегіз) өткен соң ол қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап белгіленген мерзімнен бұрын жіберіледі. Көрсетілетін қызметті алушының өтінішхаты бойынша патенттi беру туралы мәлiметтер бюллетеньде мерзімінен бұрын жарияланады. Патентті беру туралы мәліметтерді жариялаумен бір мезгілде көрсетілетін қызметті алушыға патент беріледі. Өтінім берушінің өтінішхаты бойынша өнертабысқа патент беруге арналған өтінімге сараптама, егер мәлімделетін өнертабыс патенттеудің қолайлы шарттары көзделген объектілерге жататын болса, жеделдетілген түрде жүргізіледі.

      Мерзім:

      көрсетілетін қызметті алушы конвенциялық басымдық сұратқан кезде бірінші өтінім көшірмесін ұсыну қажеттілігі жағдайында алты айдан аспайтын мерзімге;

      көрсетілетін қызметті алушы мәні бойынша сараптама жүргізу үшін төлемді растайтын құжатты ұсынуы қажет болған жағдайда үш айдан аспайтын мерзімге;

      көрсетілетін қызметті алушы өзгертілген немесе жетіспейтін құжаттарды, қосымша материалдарды, оның ішінде сараптама ұйымының сұрауы не хабарлауы бойынша өнертабыстың өзгертілген формуласын ұсынуы қажет болған жағдайда үш айдан аспайтын мерзімге;

      көрсетілетін қызметті алушы сараптаманың сұратуына жауап мерзімін ұзарту және сараптама сұратуына қосымша материалдарды ұсыну жөнінде өтініш берген жағдайда алты айдан аспайтын мерзімге;

      көрсетілетін қызметті алушы сараптама ұйымының сұратуына жауап және қосымша материалдарды, сондай-ақ мәні бойынша сараптама жүргізу үшін төлемді растайтын төлем құжаттарын ұсыну мерзімін қалпына келтіру туралы өтінішхат берген жағдайда он екі айдан аспайтын мерзімге;

      көрсетілетін қызметті алушы патентті беруге арналған құжаттарды дайындау үшін төлемді растайтын құжатты және патент беру үшін мемлекеттік бажды ұсыну мерзімін қалпына келтіру жөнінде өтінішхат берген жағдайда үш айдан аспайтын мерзімге ұзартылады.

      2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты – 30 (он) минут;

      3) қызмет көрсетудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут.

      Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Әділет министрінің 03.10.2017 № 1225 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.

      6. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету нәтижесі – өнертабысқа патент не осы Стандарттың 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны – электронды, қағаз түрінде.

      Портал арқылы өтініш берген кезде жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін алған күнін және орнын көрсетумен электронды құжат нысанында хабарлама жіберіледі.

      Көрсетілетін қызметті алушының өтінішхаты бойынша өтінім заңнамада көрсетілген жағдайларда пайдалы модельге патент беру өтініміне ауыстырылады, кейін көрсетілетін қызмет "Пайдалы модельге патент беру" стандартына сәйкес ұсынылады.

      Көрсетілетін қызметті алушы белгіленген мерзімдерде жетіспеген сұратылған құжаттарды, оның ішінде сараптама ұйымының көрсеткен қызметі үшін төлем туралы құжаттарды, белгіленген мерзімдерді ұзарту және (немесе) қалпына келтіру туралы өтінішхатты бермесе, өтініш кері қайтарып алынған болып есептеледі, ол туралы көрсетілетін қызмет алушыға тиісті хабарлама жіберіледі.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Әділет министрінің 03.10.2017 № 1225 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетілетін қызметті алушыға ақылы негізде көрсетіледі.

      Мемлекеттік қызметті көрсету жөніндегі сараптама ұйымының көрсететін қызметі үшін төлем ақы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Ұлттық зияткерлік меншік институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны іске асыратын жұмыстарға және қызметтерге бағаларды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2014 жылғы 18 желтоқсандағы № 368 бұйрығына сәйкес (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10045 болып тіркелген) белгіленген мөлшерде төлем алынады.

      Өнертабысқа патент берілгені үшін "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасы Кодексінің 539-бабына сәйкес айлық есептік көрсеткіштің 100 пайызы мөлшерінде мемлекеттік баж өндіріледі.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға электрондық өтінім портал арқылы берілген жағдайда, төлем "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) арқылы немесе екінші деңгейдегі банктер арқылы жүзеге асырылады.

      Мемлекеттік баж және сараптама ұйымының қызметін төлеуге қажетті банк деректемелері осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 1-қосымшасында көрсетілген.

      Ескерту. 7-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Әділет министрінің 03.10.2017 № 1225 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      8. Жұмыс кестесі:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13-00-ден 14.30-ға дейін;

      2) сараптама ұйымының - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13-00-ден 14.30-ға дейін.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен көрсетіледі.

      3) порталда – тәулік бойы, (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мейрам күндері өтініш берген кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтінішті қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

      9. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) өтінім жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

      сараптама ұйымына:

      1) осы Стандартқа 2-қосымшаға сәйкес нысандағы Қазақстан Републикасының өнертабысқа патент беру туралы өтініштің 3 данасы;

      2) тиiстi бiлiм саласындағы маманның жүзеге асыруы үшiн жеткілікті өнертабысты толық ашатын өнертабыстың сипаттамасының 2 данасы;

      3) өнертабыстың объектiсiн айқындайтын және оның мәнiн бiлдiретiн өнертабыстың формуласының 2 данасы. Формула айқын, нақты және сипаттауға негізделуі тиіс;

      4) егер өнертабыстың мәнiн түсiну үшiн қажет болса, сызбалар мен өзге материалдардың 2 данасы;

      5) рефераттың – 2 данасы;

      6) іс жүргізу өкіл арқылы жүргізілген жағдайда сенімхат;

      7) ЭҮТШ арқылы төлемді қоспағанда, төлемді растайтын құжат;

      8) төлемнің мөлшерін азайту негіздемелерін растайтын құжат (Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері, мүгедектер, еңбек өтілі және жасы бойынша зейнеткерлер, жалпы білім беру мектептердің, кәсіби техникалық училищелердің, орта техникалық оқу орындарының, жоғары оқу орындарының студенттері үшін тиісті құжаттың көшірмесі немесе анықтама).

      Порталға:

      1) көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен немесе порталдың есеп жазбасына ұялы байланыс операторы берген көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірі тіркелген және қосылған жағдайда, бір реттік құпия сөзбен куәландырылған электрондық құжат нысандағы өтініш;

      2) тиiстi бiлiм саласындағы маманның жүзеге асыруы үшiн жеткiлiктi оны толық ашып көрсететін өнертабыс сипаттамасының электрондық көшірмесі;

      3) өнертабыстың объектiсiн айқындайтын және оның мәнiн бiлдiретiн өнертабыстың формуласының электрондық көшірмесі. Формула айқын, нақты және сипаттауға негізделуі қажет;

      4) егер өнертабыстың мәнiн түсiну үшiн қажет болса сызбалар мен өзге материалдардың электрондық көшірмесі;

      5) рефераттың электрондық көшірмесі;

      6) іс жүргізу өкіл арқылы жүргізілген жағдайда берілген сенімхаттың электрондық көшірмесі;

      7) ЭҮТШ арқылы төлемді қоспағанда, төлемді растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;

      8) төлемнің мөлшерін азайту үшін негіздемелерді растайтын құжаттың электрондық көшірмесі (Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері, мүгедектер, еңбек өтілі және жасы бойынша зейнеткерлер, жалпы білім беру мектептердің, кәсіби техникалық училищелердің, орта техникалық оқу орындарының, жоғары оқу орындарының студенттері үшін тиісті құжаттың көшірмесі немесе анықтама).

      Төлемді және төлемнің мөлшерін азайту негіздемелерін растайтын құжаттар өтініммен бірге немесе өтінім келіп түскен күннен бастап екі ай ішінде ұсынылуы мүмкін. Бұл мерзім екі айдан аспайтын мерзімге ұзартылуы мүмкін Өнертабысқа өтінімге өтінімді, оның ішінде формальды сараптаманы жүргізуге өтінімді берудің белгілі мөлшерде төлемін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі және оның мөлшерін азайту үшін негіздемелерді растайтын құжат қоса беріледі, олар өтініммен бірге немесе өтінім келіп түскен күннен бастап екі ай ішінде ұсынылуы мүмкін.     

      Жеке басын куәландыратын заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы, ЭҮТШ арқылы мемлекеттік баждың төленгені туралы ақпаратты көрсетілетін қызметті беруші "электронды үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелер арқылы алады.

      Көрсетілетін қызметті алушы егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға жазбаша келісімін береді.

      Ақпараттық жүйелерден алуға болатын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушылардан сұратуға жол берілмейді.

      Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды берген кезде:

      көрсетілетін қызметті берушіге (қолма-қол не пошта байланысы арқылы) – құжаттар топтамасының көшірмесіне қабылданған күні мен уақыты көрсетіліп, сараптама ұйымының кеңсесінде тіркелгені туралы белгі қою қағаз жеткізгіштегі өтініштің қабылданғанын растау болып табылады.

      Портал арқылы жүгінген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" мемлекеттік қызмет көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебесі жолданады.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Әділет министрінің 03.10.2017 № 1225 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      10. Мыналар:

      1) ұсынылған өнертабыстың өтiнiш берушi сұраған құқықтық қорғау көлемiнде өнертабыстың патент қабiлеттiлiгi талаптарына сәйкес келмеуі;

      2) өтiнiмнің өнертабыстар ретiнде қорғалмайтын объектiлерге қатысты болуы;

      3) өтініш беруші ұсынылған формулада өтiнiштің бастапқы материалдарында болмаған белгiлерді қамтитыны немесе өнертабыс ретiнде қорғалатын объектiден басқа өнертабыс ретiнде қорғалатын объектiлерге жатпайтын ұсынысты сипаттайтыны туралы немесе оған қатысты өнертабыс бiрлiгiнің талаптары бұзылуына байланысты қарау жүргізілмегені туралы хабарланғаннан кейiн өнертабыс формуласын өзгертпеуі Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуден бас тартудың Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген негіздеме болып табылады.

3. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің
және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне)
шағым жасау тәртібі

      11. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану:

      шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжайға жіберіледі.

      Шағым жазбаша нысанда пошта арқылы не жұмыс күндері көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.

      Қажетті жағдайларда көрсетілетін қызметті алушы шағымға қызметті беруші көрсеткен сапасыз мемлекеттік қызметті көрсетуді растайтын, құжаттарға шағым қоса беріледі.

      Шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөнін, берілген шағымға жауап алудың мерзімі мен орнын көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркелуі (мөртаңба, кіріс нөмірі мен күні) шағымның қабылдануын растау болып табылады.

      Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелгеннен кейін бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта байланысы арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде қолма-қол беріледі.

      Портал арқылы өтініш берген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс-орталығының 1414, 8 800 080 7777 телефоны бойынша алуға болады.

      Шағым портал арқылы жіберілген кезде көрсетілетін қызметті алушыға "жеке кабинеттен" өтініш туралы ақпарат қолжетімді болады, ол көрсетілетін қызметті берушінің өтінішті өңдеуі (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгі жасау, шағымды қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылып отырады.

      Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағымдана алады.

      Мемлекеттік қызметті көрсетудің сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.

      Ескерту. 11-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Әділет министрінің 03.10.2017 № 1225 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      12. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайларда, көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа шағымдануға құқығы бар.

4. Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда
көрсетілетін қызмет ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар

      13. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары көрсетілетін қызметті берушінің www.adilet.gov.kz интернет-ресурсының "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде және сараптама ұйымының www.kazpatent.kz ресми сайтында орналастырылған.

      14. Көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы болуы немесе ұялы байланыс операторы ұсынған көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірі порталдың есептік жазбасына тіркелген және қосылған жағдайда, бір реттік парольді пайдалану шартымен мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.

      Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Әділет министрінің 03.10.2017 № 1225 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      15. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдағы "жеке кабинеті" арқылы алуға мүмкіндігі бар.

      16. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша анықтама қызметінің байланыс телефондары: 8 (7172) 74 07 54, 74 09 69, 74 96 60. Бірыңғай байланыс орталығы – 1414, 8 800 080 7777.

      Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Әділет министрінің 03.10.2017 № 1225 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  "Өнертабысқа патент беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымша

Мемлекеттік баж төлеу үшін қажетті банк деректемелері

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Әділет министрінің 03.10.2017 № 1225 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Бенефициар – 6205 Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Есіл ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы
      БСН – 081240013779
      ЖСК – KZ24070105KSN0000000
      БСК – KKMFKZ 2 A
      Бенефициар банкі - "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің "Қазынашылық комитеті" мемлекеттік мекемесі.
      КБЕ-11
      Бюджеттік сыныптама коды (БСК) – 108125
      Төлем тағайындау коды — 979 жеке тұлғалар үшін
      Төлем тағайындау коды — 911 заңды тұлғалар үшін

Сараптама ұйымының қызметтеріне ақы төлеуге қажетті банк деректемелері

Қабылдаушы:

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің
"Ұлттық зияткерлік меншік институты"
республикалық мемлекеттік кәсіпорны

Мекенжайы:

010000, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы,
Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8, № 1, № 2 кіреберіс

БИН:

020940003199

КБЕ:

16

КНП:

859

Банктің атауы ЖСК БСК

"Нұрбанк" акционерлік қоғамы

KZ8584905KZ006015415

NURSKZKX

"Қазкоммерцбанк" акционерлік қоғамы

KZ489261501148407000

KZKOKZKX

"Қазақстан халық банкі" акционерлік қоғамы

KZ386010111000288323

HSBKKZKX

"Цеснабанк" акционерлік қоғамы

KZ98998ВТВ0000358095

TSESKZKA

"АТФБанк" акционерлік қоғамы

KZ87826Z0KZTD2008449

ALMNKZKA

"Сбербанк" акционерлік қоғамының еншілес банкі

KZ14914012203KZ0047J

SABRKZKA

Астана қаласындағы "ForteBank" акционерлік қоғамының филиалы

KZ1096503F0007611692

IRTYKZKA

  "Өнертабысқа патент беру"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандартына 2-қосымша
Нысан

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Әділет министрінің 03.10.2017 № 1225 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Келіп түскен күні
 
(85) Халықаралық өтінімді ұлттық фазаға ауыстыру күні

(21) Тіркеу №

(22) Берілген күні

(86) алушы ведомство белгілеген халықаралық өтінімді тіркеу нөмірі және халықаралық өтінімді берген күні

(87) халықаралық өтінімнің нөмірі және халықаралық жарияланған күні

(96) алушы ведомство белгілеген еуразиялық өтінімнің нөмірі және өтінімді берген күні

(97) еуразиялық өтінімнің нөмірі және жарияланған күні
Өнертабысқа Қазақстан
Республикасының
патентін беру туралы
ӨТІНІШ

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Ұлттық зияткерлік меншік институты" республикалық мемлекеттік кәсіпорны
Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8, № 1, № 2 кіреберіс

Төменде көрсетілген құжаттарды ұсына отырып, өтінім иесінің (иелерінің) атына өнертабысқа Қазақстан Республикасының патентін беруді сұраймын (сұраймыз)
(71) Өтінім иесі (иелері):
(Толық аты (тегі аты әкесінің аты (бар болса) немесе атауы және тұратын немесе болатын жері көрсетіледі.
Өтінім иелері-авторлардың тұрғылықты жері туралы деректер (72) коды бар бағанның тұсындағы бағанда келтіріледі)
Заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелгендігі туралы мәлімет, БСН нөмірі не жеке кәсіпкердің ИИН нөмірі (Қазақстан Республикасының өтінім берушілері үшін)

Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымы ST.3
стандарты бойынша елдің коды

(егер белгілі болса)

Қазақстан Республикасы Патент Заңының 20-бабының 4-тармағына (бұдан әрі – Заң) сәйкес неғұрлым ерте берілген өтінімді "Ұлттық зияткерлік меншік институты" республикалық мемлекеттік кәсіпорнына беру

Өнертабыстың басымдығын күні бойынша белгілеуіңізді сұраймын (сұраймыз):

Заңының 20-бабының 2-тармағына сәйкес бірінші өтінімді (өтінімдерді) Париж конвенциясына қатысушы мемлекетке беру

Заңның 20-бабының 4-тармағына сәйкес неғұрлым ерте берілген өтінімді "Ұлттық зияткерлік меншік институты" республикалық мемлекеттік кәсіпорнына беру

Заңның 20-бабының 5-тармағына сәйкес бастапқы өтінімді "Ұлттық зияткерлік меншік институты" республикалық мемлекеттік кәсіпорнына беру

Заңның 20-бабының 5-тармағына сәйкес бастапқы өтінімнің басымдығы
(өтінімнің нөмірі _______ , өтінімді берген күні _________ )
неғұрлым ерте берілген өтінімге қосымша материалдардың түсуі (Заңның 20-бабының 3-тармағына)

(31) Бірінші неғұрлым ерте берілген, бастапқы өтінімнің №
 
(32) Басымдық сұралған күн

(33) ST.3 бойынша берген елдің коды (конвенциялық басымдық сұралған кезде)

(54) Өнертабыстың атауы

Хат-хабар алмасуға арналған мекенжай ( толық пошталық мекенжайы және адресаттың аты)
Телефоны: Ұялы телефоны: Факс: электрондық пошта:

(75) Патенттік сенім білдірілген өкіл (толық аты (тегі аты әкесінің аты (бар болса), тіркеу нөмірі) немесе өтінім иесінің (иелерінің) өкілі (толық аты (тегі аты әкесінің аты (бар болса ) немесе атауы)

Қоса берілетін құжаттардың тізбесі

1 данадағы парақ саны

Дана саны

өтінімге қосымша

өнертабыстың сипаттамасы

өнертабыстың формуласы

сызбалар және өзге материалдар

реферат

өтінім беруге төлем туралы құжат

төлем мөлшерін азайтуға

негіздің ар-жоғын растайтын құжат

бірінші өтінімнің
(өтінімдердің) көшірмелері
(конвенциялық басымдық
сұралған кезде)

"Ұлттық зияткерлік меншік институты" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының мөрін қоюға арналған орын

өтінімнің шет тіліндегі құжаттары

патенттік сенім білдірілген өкілдің немесе өкілдің өкілеттігін куәландыратын сенімхат

басқа құжат (көрсетілсін)

Формуламен (рефератпен) жариялау үшін ұсынылатын сызбалар фигурасының №

(73) Автор (лар)
(толық аты (тегі аты әкесінің аты (бар болса) көрсетіледі)

Елдің атауы және егер ол белгіленсе, Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымы ST.3 стандарты бойынша оның кодын қоса алғанда, тұратын жерінің толық пошталық мекенжайы

Өнертабысқа патент алуға құқығын берген автор (лардың)-өтініш иесінің (лерінің) және/немесе авторлардың қолы (дары)

Мен (біз) _______________________________________________________________________________
(тегі аты әкесінің аты (бар болса)
Өнертабысқа патент беру туралы мәліметтерді жариялау кезінде мені (бізді) автор (лар) ретінде көрсетпеуді сұраймын (сұраймыз)
Автордың (авторлардың) қолы (қолдары):

Қолы
Автор (лар) болып табылмайтын өтінім иесінің (иелерінің) қолы (қолдары) (заңды тұлғаның атынан қол қойған кезде басшының қолы мөрмен бекітіледі)
Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін

  Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2015 жылғы 30 сәуірдегі
№ 251 бұйрығына 9-қосымша

"Селекциялық жетістікке патент беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

      Ескерту. Стандарт жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 31.10.2016 № 947 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Селекциялық жетістікке патент беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын (бұдан әрі – Стандарт) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.

      3. Мемлекеттік қызметті Министрлік (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Мемлекеттік қызмет көрсетуге өтінішті қабылдау және оның нәтижеcін беру:

      1) Министрліктің "Ұлттық зияткерлік меншік институты" Республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – Сараптама ұйымы);

      2) "электрондық үкімет" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – Портал) және сараптама ұйымының www.kazpatent.kz сайты арқылы жүзеге асырылады.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Әділет министрінің 03.10.2017 № 1225 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:

      1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған кезден бастап, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Мемлекеттік комиссиялары сұрыптардың, тұқымдардың патент қабілеттілігіне сынақтар өткізуінің мерзімдерін есепке алусыз порталға жүгінген кезде басқаға беру немесе лицензиялық шарты тіркеу кезінде - 11 ай (он бір ай) ішінде.

      Мерзім:

      көрсетілетін қызмет алушының жетіспейтін құжаттарды немесе түзетілген материалдарды ұсынуы қажет болған жағдайда екі айдан аспайтын мерзімге;

      патентті беруге құжаттарды дайындау және тіркеу туралы мәліметтерді жариялау үшін төлеудің, сондай-ақ мемлекеттік бажды төлеудің өткізіп алған мерзімін қалпына келтіру жағдайында үш айдан аспайтын мерзімге ұзартылады.

      2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут;

      3) қызмет көрсетудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут.

      Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Әділет министрінің 03.10.2017 № 1225 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.

      6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – селекциялық жетістікке патент не осы Стандарттың 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

      Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру нысаны – қағаз түрінде, электрондық.

      Портал арқылы жүгінген кезде заңды және жеке тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін алу күні және орны көрсетіле отырып, электрондық құжат нысанында хабарлама жіберіледі.

      Егер көрсетілетін қызметті алушы белгіленген мерзімде жетіспеген сұратылған құжаттарды, оның ішінде сараптама жасау ұйымының көрсеткен қызметі үшін төлем туралы құжаттарды, белгіленген мерзімдерді ұзарту және (немесе) қалпына келтіру туралы өтінішхатты ұсынбаса, өтініш кері қайтарып алынған болып есептеледі, ол туралы көрсетілетін қызмет алушыға тиісті хабарлама жіберіледі.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Әділет министрінің 03.10.2017 № 1225 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      7. Мемлекеттік қызмет көрсетілетін қызмет алушыға ақылы негізде көрсетіледі.

      Мемлекеттік қызметті көрсету жөніндегі сараптама ұйымының көрсететін қызметі үшін төлем ақы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Ұлттық зияткерлік меншік институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны іске асыратын жұмыстарға және қызметтерге бағаларды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2014 жылғы 18 желтоқсандағы № 368 бұйрығына сәйкес (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10045 болып тіркелген) белгіленген мөлшерде төлем алынады.

      Патент берілгені үшін "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасы Кодексінің 539-бабына сәйкес, айлық есептік көрсеткіштің 100 пайызы мөлшерінде мемлекеттік баж төленеді.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға портал арқылы электрондық өтінім берілген жағдайда, төлемақы "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) арқылы немесе екінші деңгейдегі банктер арқылы жүзеге асырылады.

      Мемлекеттік баж бен сараптама ұйымының қызметін төлеу үшін қажетті банк деректемелері осы Стандартқа 1-қосымшада көрсетілген.

      Ескерту. 7-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Әділет министрінің 03.10.2017 № 1225 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      8. Жұмыс кестесі:

      1) Көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13-00-ден 14.30-ға дейін;

      2) Сараптама ұйымы – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13-00-ден 14.30-ға дейін;

      Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек тәртібімен көрсетіледі.

      3) портал – тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

      9. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

      сараптама ұйымына:

      1) осы Стандартқа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша селекциялық жетістікке Қазақстан Республикасының патентін беру туралы өтініштің 3 данасы;

      2) селекциялық жетістіктің сауалнамасының 2 данасы;

      3) іс жүргізу өкіл арқылы жүргізілген жағдайда сенімхат;

      4) белгiленген мөлшердегі төлемді растайтын құжат;

      5) төлемнің мөлшерін азайтуға арналған негіздемені растайтын құжат (Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері, мүгедектер, еңбек өтілі және жасы бойынша зейнеткерлер, орта білім беретін мектептердің, кәсіптік-техникалық училищелердің, орта техникалық оқу орындарының оқушылары, жоғары оқу орындарының студенттері үшін – тиісті құжаттың көшірмесі немесе анықтама);

      порталға:

      1) көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен немесе порталдың есеп жазбасына ұялы байланыс операторы берген көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірі тіркелген және қосылған жағдайда, бір реттік құпия сөзбен куәландырылған электрондық құжат нысандағы өтініш;

      2) селекциялық жетістік сауалнамасының электрондық көшірмесі;

      3) іс жүргізу өкіл арқылы жүргізілген жағдайда сенімхаттың электрондық көшірмесі;

      4) ЭҮТШ арқылы төлемді қоспағанда белгіленген мөлшерде тиісті ақы төленгенiн растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;

      5) төлемнің мөлшерін азайту негіздемесін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі (Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері, мүгедектер, еңбек өтілі және жасы бойынша зейнеткерлер, жалпы орта білім беру мектептері мен колледждерінің оқушылары, жоғары оқу орындары студенттері үшін – тиісті құжаттың немесе анықтаманың көшірмесі).

      Төлемді және төлемнің мөлшерін азайту негіздемелерін растайтын құжаттар өтініммен бірге немесе өтінім келіп түскен күннен бастап екі ай ішінде ұсынылуы мүмкін. Бұл мерзім екі айдан аспайтын мерзімге ұзартылуы мүмкін.

      Белгіленген мерзімде төлем туралы құжаттар ұсынылмаған кезде өтінім берілмеген болып танылады.

      Жеке басты куәландыратын, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы құжаттардың мәліметтерін, ЭҮТШ арқылы мемлекеттік бажды төлеу туралы ақпаратты көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

      Көрсетілетін қызметті алушы егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, Заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісімін береді.

      Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде:

      көрсетілетін қызметті берушіге (қолма-қол не пошта байланысы арқылы) қағаз тасығыштағы өтінімді қабылдаудың растауы оның көшірмесінде құжаттар топтамасын қабылдау күні мен уақыты көрсетіле отырып, сараптама ұйымының кеңсесінде тіркеу туралы белгі жасау болып табылады.

      Портал арқылы жүгінген жағдайда көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе жіберіледі.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Әділет министрінің 03.10.2017 № 1225 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      10. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартудың Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздемелері мыналар болып табылады:

      1) егер алдын ала жүргiзiлген сараптамада өтiнiмнiң белгiленген талаптарға сай келмейтiндiгi анықталса, оны әрi қарай қараудан бас тарту туралы шешім қабылданады, ол туралы өтiнiш берушi бiр айлық мерзiмде хабардар етіледі;

      2) егер сараптама жүргiзу барысында сұрыптың, тұқымның патентке қабiлеттілік талаптарына сай келмейтiндiгi анықталған жағдайда, уәкiлеттi орган мемлекеттiк комиссия қорытындысының негiзiнде он жұмыс күні ішінде патент беруден бас тарту туралы шешiм қабылдайды, бұл туралы өтiнiм берушiге он жұмыс күні ішінде жазбаша хабарлама жiберіледi.

3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның
лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері
бойынша шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      11. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану:

      шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына осы Стандарттың 13-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша беріледі.

      Шағым жазбаша нысанда пошта арқылы не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол, сондай-ақ портал арқылы беріледі.

      Қажет болған жағдайларда көрсетілетін қызметті алушы шағымға көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызметті сапасыз көрсеткенін растайтын құжаттарды қоса береді.

      Шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алудың мерзімі мен орны көрсетіле отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылдануын растау болып табылады.

      Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта байланысы арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде қолма-қол беріледі.

      Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс-орталығының 1414, 8 800 080 7777 телефондары арқылы алуға болады.

      Шағым портал арқылы жіберілген кезде көрсетілетін қызметті алушыға "жеке кабинеттен" жүгіну туралы ақпарат қолжетімді болады, ол көрсетілетін қызметті берушінің жүгінуін өңдеу (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгі жасау, шағымды қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылып отырады.

      Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.

      Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.

      Ескерту. 11-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Әділет министрінің 03.10.2017 № 1225 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      12. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайларда, көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

4-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін
қызмет ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

      13. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету орындарының мекенжайлары көрсетілетін қызметті берушінің www.adilet.gov.kz интернет-ресурсының "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде, сараптама ұйымының www.kazpatent.kz ресми сайтында орналастырылған.

      14. Қызмет алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы болған немесе порталдың есеп жазбасына ұялы байланыс операторы берген көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірі порталдың есептік жазбасына тіркелген және қосылған жағдайда, бір реттік парольді пайдаланып, мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.

      Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Әділет министрінің 03.10.2017 № 1225 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      15. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету мәртебесі туралы ақпаратты порталдағы "жеке кабинет" арқылы алуға мүмкіндігі бар.

      16. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша анықтама қызметінің байланыс телефондары: 8 (7172) 74 07 54, 74 09 69, 74 96 60. Бірыңғай байланыс орталығы – 1414, 8 800 080 7777.

      Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Әділет министрінің 03.10.2017 № 1225 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  "Селекциялық жетістікке
патент беру" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
стандартына 1-қосымша

Мемлекеттік баж төлеу үшін қажетті банк деректемелері

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Әділет министрінің 03.10.2017 № 1225 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Бенефициар - "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң
      Мемлекеттік кіріс комитеті Астана қаласы бойынша
      Мемлекеттік кіріс департаментінің Есіл ауданы бойынша
      Мемлекеттік кіріс басқармасы" республикалық мемлекеттік мекемесi.
      БСН – 081240013779
      ЖСК – KZ24070105KSN0000000
      БСК – KKMFKZ 2 A
      Бенефициар банкі - "Қазақстан Республикасы
      Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті" мемлекеттік мекемесі.
      КБЕ-11
      Бюджеттік сыныптама коды (БСК) – 108125
      Төлем тағайындау коды – 979 жеке тұлғалар үшін
      Төлем тағайындау коды – 911 заңды тұлғалар үшін

Сараптама ұйымының қызметтеріне ақы төлеуге қажетті банк деректемелері

Қабылдаушы:

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің
"Ұлттық зияткерлік меншік институты"
республикалық мемлекеттік кәсіпорны

Мекенжайы:

010000, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы,
Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8, № 1, № 2 кіреберіс

БИН:

020940003199

КБЕ:

16

КНП:

859

Банктің атауы ЖСК БСК

"Нурбанк" АҚ

KZ8584905KZ006015415

NURSKZKX

"Казкоммерцбанк" АҚ

KZ489261501148407000

KZKOKZKX

"Қазақстан халық банкі" АҚ

KZ386010111000288323

HSBKKZKX

"Цеснабанк" АҚ

KZ98998ВТВ0000358095

TSESKZKA

"АТФБанк" АҚ

KZ87826Z0KZTD2008449

ALMNKZKA

"Сбербанк" АҚ еншілес банкі, Астана қаласы

KZ14914012203KZ0047J

SABRKZKA

"ForteBank" АҚ филиалы, Астана қаласы

KZ1096503F0007611692

IRTYKZKA

  "Селекциялық жетістікке
патент беру" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
стандартына 2-қосымша
  Нысан

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Әділет министрінің 03.10.2017 № 1225 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Түскен күні

(21) Тіркеу №

(22) Берілген күні

Басымдылығы

Селекциялық жетістікке
Қазақстан Республикасының
патентін беру туралы
ӨТІНІШ

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Ұлттық зияткерлік меншік институты" республикалық мемлекеттік кәсіпорны
010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8, № 1, № 2 кіреберіс

Төмендегі құжаттарды ұсына отырып, өтініш берушінің (берушілердің) атына селекциялық жетістікке Қазақстан Республикасының патентін беруді өтінемін (өтінеміз).
 
(71) Өтініш беруші (лер):
(Толық аты немесе атауы және тұрғылықты жері немесе орналасқан жері көрсетіледі.
Өтініш иелері– авторлардың тұрғылықты жері туралы деректер 97) коды бар бағанда көрсетіледі)
Резиденттер үшін БСН/ЖСН

Дүниежүзілік зияткерлік ұйымы ST.3 стандарты бойынша
елдің коды (егер
белгілі болса)

"Ұлттық зияткерлік меншік институты" республикалық мемлекеттік кәсіпорнына
өтінім келіп түскен күннен ерте күн бойынша басымдылық сұралған кезде ғана толтырылады.
Күн бойынша селекциялық жетістіктің басымдылығын белгілеуді өтінемін (өтінеміз).

"Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 2-тармағына (бұдан әрі – Заң) сәйкес Халықаралық конвенцияға қатысушы мемлекетке бірінші өтінімді беру

Заңның 4-бабының 2-тармағына сәйкес мемлекеттік комиссияда пайдалануға рұқсат беруге өтінімнің түсуі

Бірінші өтінімнің немесе пайдалануға рұқсат беруге өтінімнің №
 
Сұралатын басымдылық күні

Берілетін елдің коды (Дүниежүзілік зияткерлік ұйымы ST.3) бойынша

Өтінімді қарау сатысы

Селекциялық жетістік қандай атаумен тіркелген

Бірінші өтініммен берілген материал осы сұрыпты (тұқымды) көрсететінін және осы өтінімге сәйкес келетінін мәлімдеймін (мәлімдейміз)
Тегі, түрі _________________________________________________________
(атауы мемлекеттік тілде немесе орыс тілінде)
_________________________________________________________
(латынша атауы)

Ұсынылатын атауы

Селекциялық нөмірі

Селекциялық жетістік ______________________________ елде (елдерінде) өсіріліп шығарылған
Сұрып (тұқым) сатуға ұсынылды ма немесе сатылады ма:
 
Өтінім берілетін елде - жоқ

- иә

бірінші рет _____ ______
атауымен
(күні)
Басқа елдерде: -жоқ

- иә

бірінші рет _______________
(ел. күні)
________________________ атауымен
Хат-хабар алмасу үшін мекенжай (адресаттың толық пошталық мекенжайы және аты)
Телефоны: Ұялы телефоны: Факс:
____________________________________________________________________
(74) Өтінім берушінің (берушілердің) патенттік сенім білдірілген өкіл (Толық аты, тіркеу нөмірі) немесе өтінім берушінің өкілі (толық аты немесе атауы)

Қоса берілетін құжаттар тізбесі

1 данадағы парақ саны.

Даналар саны

Өтінім беру және патентті алу құқығының туындау негізі (құжатты ұсынбай):

Заңның 5-бабының 1-тармағының талаптары сақталады және өтініш беруші жұмыс беруші болып табылады

жұмыс берушінің немесе оның құқықтық мирасқорының құқықтарды беруі

автордың немесе оның құқықтық мирасқорының құқықтарды беруі

мұрагерлік құқық
("Ұлттық зияткерлік меншік институты" республикалық мемлекеттік кәсіпорнына
мөртаңбасына арналған орын)

өтінімге қосымша

селекциялық жетістіктер анкетасы

фотосуреттер

негативтер немесе түрлі-түсті слайдтар

бұрын жүргізілген сату туралы ақпарат

өтінім берудің төленгендігі туралы құжат

төлем мөлшерін азайту үшін негіздердің бар-жоғын растайтын құжат

бірінші өтінім көшірмесі (конвенциялық басымдылық сұралған кезде)

өтінімнің мемлекеттік немесе орыс тіліне аудармасы

патенттік сенім білдірілген өкілінің немесе өкілдің өкілеттілігін растайтын сенімхат

басқа құжат (көрсету)

72) Автор (лары)
(Толық тегі аты әкесінің аты көрсетіледі)

(97) Дүниежүзілік зияткерлік ұйымы ST.3 стандарты бойынша елдің атауын және оның кодын қоса алғанда, тұрғылықты жерінің толық пошталық мекенжайы, егер ол анықталса

Патентті алу құқығын қайта табыстаған автор (лар)- өтінім беруші (лер) және/немесе
автор (лар) қол (дар) ы

Өтінім материалдарын жариялаған кезде мені (бізді) _________________________________________________ автор (лар) ы ретінде көрсетпеуді сұраймын(мыз).
 
Автор (лар) қол (дар) ы:

Мендегі (біздегі) мәліметтер бойынша өтінімді қарау үшін қажетті және осы өтініш пен қосымшаларға енгізілген ақпарат түпкілікті және дұрыс болып табылатынын мәлімдеймін(міз).
Мен (біз) үлгілер тиісті түрде алынғанын және селекциялық жетістіктердің репрезантативтік іріктемесін білдіретінін растаймын (мыз).

Қолы
өтініш иесінің (иелерінің) немесе патенттік сенім білдірушінің қолы (қолдары), қол қойылған күн (заңды тұлға атынан қол қойылған кезде басшының қолы мөрмен бекітіледі)