Авиациялық оқу орталықтары мен авиация персоналының қызметтері саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 518 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 19 маусымда № 11401 тіркелді.

Жаңартылған

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Бұйрыққа өзгеріс енгізу көзделген – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 12.01.2018 № 28 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Мыналар:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес "Авиация персоналына куәлiктер беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес "Азаматтық авиацияның авиациялық оқу орталығының сертификатын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті (Б.К. Сейдахметов):

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдарының интранет-порталында орналастыруды;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Инвестициялар және даму министрі

Ә. Исекешев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      ____________ Е. Досаев

      2015 жылғы 22 мамыр



  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрiнiң
2015 жылғы 28 сәуірдегі
№ 518 бұйрығына
1-қосымша

"Авиация персоналына куәлiктер беру"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер

      1. "Авиация персоналына куәлiктер беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.

      3. Мемлекеттік қызметті Министрліктің Азаматтық авиация комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру:

      көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы;

      www.egov.kz, www.elicense.kz "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:

      1) құжаттар топтамасын көрсетілетін қызметті берушіге тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде – күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде;

      2) құжаттар топтамасын көрсетілетін қызметті берушіге тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 20 (жиырма) минут;

      3) көрсетілетін заңды тұлға және жеке тұлғаға (бұдан әрі - қызметті алушы) қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут.

      5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электронды түрінде/қағаз түрінде.

      6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – авиация персоналына берілетін куәлік (бұдан әрі – куәлік).

      Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық және (немесе) қағаз түрінде.

      Куәлікті көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушы өзі келген кезде берілген куәліктерді есепке алу және тіркеу журналына қол қойғызып береді.

      Қызметті алушы мемлекеттік қызметті берудің нәтижесін қағаз түрінде алуға өтініш жасаған жағдайда мемлекеттік қызметті берудің нәтижесі электронды құжат түрінде рәсімделеді, қызмет беруші уәкілетті тұлғаның қолы қойылып мөрмен расталады.

      Портал арқылы алуға өтініш түскенде мемлекеттік қызметті берудің нәтижесі қызметті алушыға "жеке кабинетке" қызметті берушінің электрондық цифрлық қолы (бұдан әрі – ЭЦҚ) арқылы куәландырылған электронды құжат түрінде жіберіледі.

      7. Мемлекеттік қызмет заңды және жеке тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.

      8. Жұмыс кестесі:

      1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін. Нәтижелерді және қабылдау беру алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз, кезек күту тәртібімен жүзеге асырылады.

      Көрсетілетін қызметті берушіде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметтердің нәтижесін беру сағат 9.00-ден басталады, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.

      2) портал – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда тәулік бойы (қызметті алушының жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мейрам күндері өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметтің нәтижесі келесі жұмыс күні беріледі).

      9. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның уәкілетті өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі)

      1) көрсетілетін қызметті берушіге:

      ерікті нысандағы өтініш, ал әуе кемесінің техникалық қызметкерлері (бұдан әрі - ӘК ТҚ) жөніндегі маман үшін – осы стандартына берілген 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша;

      куәліктің түпнұсқасы (бар болғанда);

      өтінішті берген сәттегі сәйкес теориялық білімін растайтын құжаттар көшірмелері, практикалық оқуы мен тәжірибесі. ӘК ТҚ жөніндегі мамандарға – ӘК ТҚ саласындағы жұмыс тәжірибесін растайтын құжаттардың көшірмелері.

      жұмыс тәжірибесін бекіту үшін ӘК ТҚ жөніндегі маманның жеке журналының нысаны осы стандарттың 2-қосымшасында берілген;

      авиациялық персоналға ұсыным осы стандарттың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша берілген. ӘК ТҚ жөніндегі мамандар үшін осы стандарттың 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша берілген.

      Ұсынымда объективті деректер болады, ол қолмен және азаматтық немесе эксперименттік авиация ұйымының мөрімен куәландырылады;

      жеке тұлғаны куәландыратын құжаттың көшірмелері (шет ел азаматының Қазақстан Республикасында тұруға белгі қағазы );

      екі фотосурет (түрлі-түсті, күңгірт, көлемі 3,5 х 4,5, фотоға қарап тұрған тұлға жақтан оң жақта бұрышы бар);

      ӘК ТҚ жөніндегі мамандарды қоспағанда, авиациялық оқу орталықтарын (авиациялық ұшқыштар училищесі, авиациялық институт, авиациялық техникум, колледж, оқу орталығы (бұдан әрі - ОО)) бітіргені туралы құжаттардың көшірмелері. ӘК ТҚ жөніндегі мамандар үшін – базалық білімнің бір немесе одан көп бағдарламалары бойынша (А, В1, В2 немесе В3 санаттары) азаматтық авиацияның авиация-техникалық орталығын, авиациялық институтты, авиациялық училищені, авиациялық техникумды немесе авиациялық колледжді бітіргені туралы құжаттардың көшірмелері, олардан өту мерзімі өтініш беруші өтінішті берген сәтте 10 жылдан аспауы тиіс;

      медициналық қорытынды көшірмелері (ұшқыштар экипажы, бортоператорлар, бортсеріктер және әуе қозғалысының диспетчерлері үшін);

      ӘК ТҚ жөніндегі мамандарды қоспағанда, соңғылардың мамандық бойынша біліктілікті жоғарылату курстардан уақыт бойынша өткені туралы құжаттардың көшірмелері;

      ӘК ТҚ жөніндегі мамандарды қоспағанда, қауіп-қатер мен қателер факторларын бақылау принциптерін қоса алғанда, адамның мүмкіндіктері курсын өткені туралы құжаттың көшірмесі.

      Авиациялық оқу орталықтарында тек теориялық курстан өткен пилоттар мен штурмандар жаттықтыру және ұшқыштар даярлығын аяқтағаны туралы актілерін қосымша түрде береді.

      ӘК ТҚ жөніндегі мамандар үшін "ӘК ТҚ қатысты Адамның мүмкіндіктері" курсынан өткені туралы сертификаты болмаған жағдайда бастапқы білім бағдарламалары бойынша көрсетілетін қызметті берушіге персоналды бейінді даярлау курсынан өткені туралы сертификатты береді.

      2) порталда:

      5-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш беріледі.

      куәліктің түпнұсқасының электрондық көшірмесі (бар болғанда);

      өтінішті берген сәттегі сәйкес теориялық білімін растайтын құжаттардың электрондық көшірмелері, практикалық оқуы мен тәжірибесі. ӘК ТҚ жөніндегі мамандарға – ӘК ТҚ саласындағы жұмыс тәжірибесін растайтын құжаттардың электрондық көшірмелері;

      жұмыс тәжірибесін бекіту үшін ӘК ТҚ жөніндегі маманның жеке журналының нысанның электрондық көшірмесі стандартына 2-қосымшаға сәйкес берілген;

      авиациялық персоналға ұсыным осы стандарттың 3-қосымшасына сәйкес нысанның электрондық көшірмесі бойынша берілген. ӘК ТҚ жөніндегі мамандар үшін стандарттың 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша берілген.

      екі фотосуреттің электрондық көшірмесі (түрлі-түсті, күңгірт, көлемі 3,5 х 4,5, фотоға қарап тұрған тұлға жақтан оң жақта бұрышы бар);

      ӘК ТҚ жөніндегі мамандарды қоспағанда, авиациялық оқу орталықтарын (авиациялық ұшқыштар училищесі, авиациялық институт, авиациялық техникум, колледж, оқу орталығы (бұдан әрі - ОО) бітіргені туралы құжаттардың электрондық көшірмелері. ӘК ТҚ жөніндегі мамандар үшін – базалық білімнің бір немесе одан көп бағдарламалары бойынша (А, В1, В2 немесе В3 санаттары) азаматтық авиацияның авиация-техникалық орталығын, авиациялық институтты, авиациялық училищені, авиациялық техникумды немесе авиациялық колледжді бітіргені туралы құжаттардың көшірмелері, олардан өту мерзімі өтініш беруші өтінішті берген сәтте 10 жылдан аспауы тиіс;

      медициналық қорытындының электрондық көшірмелері (ұшқыштар экипажы, бортоператорлар, бортсеріктер және әуе қозғалысының диспетчерлері үшін);

      ӘК ТҚ жөніндегі мамандарды қоспағанда, соңғылардың мамандық бойынша біліктілікті жоғарылату курстардан уақыт бойынша өткені туралы құжаттардың электрондық көшірмелері;

      ӘК ТҚ жөніндегі мамандарды қоспағанда, қауіп-қатер мен қателер факторларын бақылау принциптерін қоса алғанда, адамның мүмкіндіктері курсын өткені туралы құжаттың электрондық көшірмесі.

      Авиациялық оқу орталықтарында тек теориялық курстан өткен пилоттар мен штурмандар жаттықтыру және ұшқыштар даярлығын аяқтағаны туралы актілерінің электрондық көшірмесін қосымша түрде береді.

      Қызмет беруші жеке тұлғаларды куәландыратын құжаттардың мәліметтерін, қызметті алушының заңды тұлға ретінде тіркелу туралы куәлігін, мемлекеттік ақпараттық жүйелердегі төлеу туралы, мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) арқылы өздігінен алады.

      көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде:

      көрсетілетін қызметті берушіге – көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде құжаттар топтамасын қабылдау күні мен уақыты көрсетіле отырып, оның көшірмесіндегі тіркеу туралы белгі қағаз жеткізгіштегі өтініштің қабылданғанын растау болып табылады;

      портал арқылы көрсетілетін қызметті алушыға "жеке кабинетіне" мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні және уақыты көрсетіле отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе жіберіледі.

3. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша
көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның
лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне
(әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      10. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына не мына мекенжай бойынша Министрлік басшысының атына беріледі: 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы 32/1, электрондық поштаның мекенжайы: қабылдау бөлмесінің телефоны: 8 (7172) 75-48-02.

      Шағым пошта арқылы жазбаша нысанда, немесе көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы қолма-қол жұмыс күндері беріледі.

      Шағымның қабылданғанын растау шағымды қабылдаған адамның тегі және аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны көрсетіле отырып, көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде оны тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі және күні) болып табылады. Шағым тіркелгеннен кейін жауапты орындаушыны айқындау және тиісті шараларды қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің басшысына жіберіледі.

      Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны арқылы алуға болады.

      Шағымды портал арқылы жіберген кезде көрсетілетін қызметті алушыға "жеке кабинетінен" көрсетілетін қызметті беруші өтінішті өңдеу барысында жаңартылатын өтініш туралы ақпарат (жеткізілуі, тіркелуі, орындалуы туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) қолжетімді болады.

      Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.

      Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Шағымда:

      жеке тұлғаның – тегі, аты, сондай-ақ қалауы бойынша әкесінің аты, пошталық мекенжайы;

      заңды тұлғаның – атауы, пошталық мекенжайы, шығыс нөмірі және күні көрсетіледі. Өтінішке көрсетілетін қызметті алушы қол қоюға тиіс.

      11. Көрсетілетін қызметті алушының көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.

4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті, оның ішінде
электрондық нысанда көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып
қойылатын өзге де талаптар

      12. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары көрсетілетін қызметті берушінің www.mid.gov.kz ("Азаматтық авиация комитеті" бөлімінің "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" кіші бөлімінде) интернет-ресурсында орналастырылған.

      13. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы болған жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алу мүмкіндігі бар.

      14. Көрсетілетін қызметті алушының порталдың "жеке кабинеті", сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі және мәртебесі туралы ақпаратты алу мүмкіндігі бар.

      15. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша анықтама қызметтерінің байланыс телефондары: 8 (7172) 75-48-02, мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414.

  "Авиация персоналына куәлiктер
беру" мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына 1-Қосымша

      Нысан

ӘК ТҚ көрсету куәлігіне арналған өтініш

      ӘК ТҚ көрсету куәлігіне және куәлікке қатысты әрекеттерге (бірінші

      рет/өзгертулер мен толықтырулар енгізу/жаңарту немесе ұзарту)

      арналған өтініш

      Өтініш берушінің деректері

      Аты-жөні ____________________________________________________________

      Мекен-жайы __________________________________________________________

      Азаматтығы_____________туылған күні және жері________________________

      AML куәлігін нақтылау (егер қолданылса)

      Лицензия №_________________ Берілген күні____________________________

      Куәлікке берілген қосымшаның № ______________________________________

      Жұмыс орны туралы нақтылау:

      Ұйымның атауы _______________________________________________________

      Мекен-жайы___________________________________________________________

      ӘК ТҚ бойынша ұйымның мақұлдау сертификатының нөмірі ________________

      Тел ______________________________ Факс _____________________________

      Өтініштің мақсаты (сәйкес бокс):

      Бастапқыда берілуі

өзгертулер//толықтырулар енгізу

Куәлікті жаңарту (ұзарту)

Рейтинг

А

В1

В2

В3

С

Реактивті қозғалтқыштары бар ұшақ








Піспекті қозғалтқыштары бар ұшақ








Реактивті қозғалтқыштары бар тікұшақ








Авиациялық және радиоэлектрондық жабдық







Ең көп ұшу массасы 2 тонна және одан төмен піспекті







Қозғалтқышы бар герметикалық емес ұшақ






Ауыр ұшақтар







Ауырға қарағанда, өзге ұшақтар








      ӘК типін жазу/ Рейтингті жазу/ Шектеулерді алу (егер қолданылса):

      _____________________________________________________________________

      Мен осы нысанды жоғарыда айтылғандай, куәлікті бірінші рет

      беру/өзгертулер мен толықтырулар енгізу/жаңарту немесе ұзарту үшін

      қолдануды қалаймын және өтінішті берген сәтте осы нысанға енгізілген

      ақпараттың дұрыстығын растаймын.

      Осымен мен төмендегіні растаймын:

      Менде басқа елдерде шығарылған, олардың кез келгенінде қайтарылған

      немесе тоқтатылған куәлік болған жоқ.

      Сондай-ақ мен кез келген дұрыс емес ақпараттың мені AML куәлігін

      иелену құқығынан айыратынын түсінемін.

      Қолы ____________Аты ________________

      Күні_________________________________

      Емтиханға балама сертификаттарға арналған емтихандық кредиттер.

      _____________________________________

      Сәйкес сертификаттарды қоса беруіңізді өтінеміз

      Мен келесі кредиттерді сұратуды қалаймын (егер қолданылса):

      _____________________________________

      Уәкілетті орган мақұлдаған оқытушы ұйымда оқыту үшін кредиттік

      тәжірибе

      Ұсыныстар (егер қолданылса): осымен өтініш берушінің білімі мен

      техникалық қызмет көрсету тәжірибесі бойынша ҚР сәйкес талаптарына

      сәйкес келетіні расталады және Уәкілетті органның куәлікті беруі

      немесе оған жазба жазуы ұсынылады.

      Қол қойылды ___________ Аты-жөні _______________

      Лауазымы _______________Күні____________________

  "Авиация персоналына куәлiктер
беру" мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына 2-Қосымша

      Нысан

Әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету жөніндегі маманның
жеке журналы

ӘК типі_______________ ӘК ТҚ бойынша ұйым___________________

Күні

ӘК тіркеу нөмірі

Жұмыс нөмірі

Орындалатын міндетті нақтылау

Орындаушының деректері

Міндеттердің орындалуын қадағалауды жүзеге асыратын тұлғаның деректері (егер қолданылса)

Қолы, аты-жөні, лауазымы, ұйымы, жеке мөртабанның немесе сертификаттың нөмірі (егер бар болса)

Қолы, аты-жөні, лауазымы, ұйымы, жеке мөртабанның немесе сертификаттың нөмірі (егер бар болса)

  "Авиация персоналына куәлiктер
беру" мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына 3-Қосымша

      Нысан

ҰСЫНЫМ

      (азаматтық авиация ұйымы)

      куәлік беруге

      _____________________________________________________________________

      (куәліктің атауы)

      _____________________________________________________________________

      (аты-жөні)

      атқаратын лауазымы:

      _____________________________________________________________________

      Бөлімше:_____________________________________________________________

      Әуе кемесінің типі (тері): __________________________________________

      Туылған күні:________________________________________________________

      Жалпы білімі: _______________________________________________________

      Арнайы білімі және соңғы қайта даярлығы:_____________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (оқу орнының, курстардың атауы, бітірген айы, жылы)

      ӘҰЕК ұшу жұмысына жарамды деп танылған: _______________________ дейін

      Жалпы ұшу: ______ сағат, оның ішінде түнде: ______ сағат

      Өз бетімен ұшу: ____ сағат, оның ішінде түнде: _______ сағат: _______

      ӘК типтері бойынша өз бетімен ұшу: __________________________________

      Берілген ауа-райы минимумы:__________________________________________

      Авиациялық уақиғалардың бар болуы: __________________________________

      (сипаты, ӘК типі, күні)

ӨНДІРІСТІК МІНЕЗДЕМЕ

      ТҰЖЫРЫМ: өзінің адамгершілік-іскерлік қасиеттері бойынша қайта

      оқытуға лайықты

      Басшы ___________________ __________________ __________________

      (тегі) (қолы) (күні)

  "Авиация персоналына куәлiктер
беру" мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына 4-Қосымша

      Нысан

ҰСЫНЫМ

      Объективті деректер

      1. Аты-жөні

      2. Туылған күні

      3. Куәлік нөмірі/куәліктің қолданылу мерзімі

      4. ӘК ТҚ бойынша куәлікке берілген қосымшаның нөмірі

      5. Куәлікке берілген қосымшаның негізінде куәліктің санаты

      6. Базалық білімі (оқу орны/мамандығы/бітірген жылы)

      7. ӘК техникалық қызмет көрсетудегі жұмыс тәжірибесі (кезеңі/лауазымы)

      8. ӘК типіне оқыту (ӘК типі/қозғалтқышы/рейтингі/ күні)

      9. Өтінішті берген сәттегі жұмыс орны

      10. Куәлікке берілген қосымша негізінде шектеулер (бар немесе жоқ)

      11. Әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсетуге қатысты адамның мүмкіндіктері – базалық білім бағдарламасындағы курс / 9-модуль бойынша жеке курс (керегінің астын сызу) / курстан өткен күні

      1-ескерту – "Әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсетуге қатысты адамның мүмкіндіктері" курстары дипломмен /сертификатпен расталуы тиіс.

      2-ескерту – куәлікті алу және/немесе оған рейтинг енгізу үшін қажетті ең аз тәжірибе өтініш берушімен құжат түрінде расталады.

      Күні / Өтініш берушінің қолы

  "Авиация персоналына куәлiктер
беру" мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына 5-Қосымша

      Нысан

Электрондық құжат нысанындағы өтініш

      1. ЖСН ________________________________________________________

      2. Заңды тұлға_________________________________________________

      3. Электрондық поштаның мекенжайы (болған кезде) ______________

      4. Ұйымның толық атауы ________________________________________

      5. Басшының аты-жөні __________________________________________

      6. Өзара іс-қимылды қамтамасыз етуге жауапты қызметкердің

      аты-жөні ____________________________________________________________

      7. Өзара іс-қимылды қамтамасыз етуге жауапты қызметкердің

      телефоны ___________________________________________________________

      8. Қоса тіркелген құжаттар:

      1. ________________________________

      2. ________________________________

      3. ________________________________

      4. ________________________________

  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрiнiң
2015 жылғы 28 сәуірдегі
№ 518 бұйрығына
2-қосымша

"Азаматтық авиацияның авиациялық оқу орталығының сертификатын
беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер

      1. "Азаматтық авиацияның авиациялық оқу орталығының сертификатын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.

      3. Мемлекеттік қызметті Министрліктің Азаматтық авиация комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру:

      көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы;

      www.egov.kz, www.elicense.kz "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:

      1) құжаттар топтамасын көрсетілетін қызметті берушіге тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде – күнтізбелік 60 (алпыс) күн ішінде;

      2) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 20 (жиырма) минут;

      3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут.

      5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық және (немесе) қағаз түрінде.

      6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – азаматтық авиацияның авиациялық оқу орталығының сертификатын беру.

      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық және (немесе) қағаз түрінде.

      Қызметті алушы мемлекеттік қызметті берудің нәтижесін қағаз түрінде алуға өтініш жасаған жағдайда мемлекеттік қызметті берудің нәтижесі электронды құжат түрінде рәсімделеді, қызмет беруші уәкілетті тұлғаның қолы қойылып мөрмен расталады және куәлікті көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушы өзі келген кезде берілген куәліктерді есепке алу және тіркеу журналына қол қойғызып береді.

      Порталда қызметті алушыға азаматтық авиацияның авиациялық оқу орталығының сертификаты қызметті берушінің электрондық цифрлық қолымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат түрінде жіберіледі.

      7. Мемлекеттік қызмет заңды және тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) ақылы негізде көрсетіледі.

      Авиациялық оқу орталығын сертификаттау үшін алым төлемі 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) айқындалған тәртіппен және мөлшерде жүзеге асырылады.

      Портал арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға электрондық сұрау салу жіберілген жағдайда, төлемді "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) арқылы жүзеге асыруға болады.

      8. Жұмыс кестесі:

      1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.

      Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз, кезек күту тәртібімен жүзеге асырылады.

      Көрсетілетін қызметті беруші сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен өтінішті қабылдайды және мемлекеттік қызметтің нәтижесін береді;

      2) портал – тәулік бойы жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда (қызметті алушының жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мейрам күндері өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметтің нәтижесі келесі жұмыс күні беріледі).

      9. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның уәкілетті өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

      1) көрсетілетін қызметті берушіге:

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінім;

      персоналды даярлау және рәсімдер жөніндегі нұсқаудың көшірмесі; сапа жөніндегі нұсқаудың көшірмесі;

      ұшу қауіпсіздігі жүйесін басқару жөніндегі нұсқаудың көшірмесі (қажеттілігіне қарай);

      кәсіптік даярлығы және біліктілігі туралы ақпаратты қоса алғанда, авиациялық оқу орталығының персоналы туралы деректер;

      оқу процесін қамтамасыз ету үшін пайдаланатын негізгі құралдар туралы тізбе және қысқаша мәліметтер;

      пайдаланылатын бағдарламалық құралдар туралы тізбе және қысқаша мәліметтер;

      авиациялық оқу орталығының оқу процесін қамтамасыз етуге қатысты басқа оқу мекемелерімен, кәсіпорындармен және тысқары ұйымдармен жасасқан шарттарының көшірмелері (олар болған жағдайда);

      қаржылық-экономикалық жағдайы туралы ақпарат;

      авиациялық оқу орталығын сертификаттау үшін алым төлемін растайтын құжат.

      Құжаттардың барлық көшірмелері көрсетілетін қызметті алушының немесе ол уәкілеттік берген адамның мөрімен және қолымен расталады.

      2) порталда:

      қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінімнің электрондық көшірмесі;

      персоналды даярлау және рәсімдер жөніндегі нұсқаудың электрондық көшірмесі;

      сапа жөніндегі нұсқаудың электрондық көшірмесі;

      ұшу қауіпсіздігі жүйесін басқару жөніндегі нұсқаудың электрондық көшірмесі (қажеттілігіне қарай);

      кәсіптік даярлығы және біліктілігі туралы ақпаратты қоса алғанда, авиациялық оқу орталығының персоналы туралы деректерінің электрондық көшірмесі;

      оқу процесін қамтамасыз ету үшін пайдаланатын негізгі құралдар туралы тізбе және қысқаша мәліметтердің электрондық көшірмесі;

      пайдаланылатын бағдарламалық құралдар туралы тізбе және қысқаша мәліметтердің электрондық көшірмесі;

      авиациялық оқу орталығының оқу процесін қамтамасыз етуге қатысты басқа оқу мекемелерімен, кәсіпорындармен және тысқары ұйымдармен жасасқан шарттарының электрондық көшірмелері (олар болған жағдайда);

      қаржылық-экономикалық жағдайы туралы ақпараттың электрондық көшірмесі;

      авиациялық оқу орталығын сертификаттау үшін алым төлемін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі.

      Құжаттардың барлық көшірмелері көрсетілетін қызметті алушының немесе ол уәкілеттік берген адамның мөрімен және қолымен расталады.

      Қызмет беруші жеке тұлғаларды куәландыратын құжаттардың мәліметтерін, қызметті алушының заңды тұлға ретінде тіркелу туралы куәлігін, мемлекеттік ақпараттық жүйелердегі төлеу туралы (ЭҮТШ арқылы төленген жағдайда), мемлекеттік ақпараттық жүйелерден ЭҮТШ арқылы өздігінен алады.

      Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде:

      көрсетілетін қызметті берушіге – көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде құжаттардың топтамасын қабылдау күні мен уақыты көрсетіле отырып, оның көшірмесіндегі тіркеу туралы белгі қағаз жеткізгіштегі өтініштің қабылданғанын растау болып табылады;

      портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" мемлекеттік қызмет нәтижесін алу күні және уақыты көрсетіле отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе жіберіледі.

3. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша
көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды
адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне)
шағымдану тәртібі

      10. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына не мына мекенжай бойынша Министрлік басшысының атына беріледі: 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы 32/1, қабылдау бөлмесінің телефоны: 8 (7172) 75-48-02.

      Шағым пошта арқылы жазбаша нысанда көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.

      Шағымның қабылданғанын растау шағымды қабылдаған адамның тегі және аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны көрсетіле отырып, көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде оны тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі және күні) болып табылады. Шағым тіркелгеннен кейін жауапты орындаушыны айқындау және тиісті шараларды қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің басшысына жіберіледі.

      Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны арқылы алуға болады.

      Шағымды портал арқылы жіберген кезде көрсетілетін қызметті алушыға "жеке кабинетінен" көрсетілетін қызметті беруші өтінішті өңдеу барысында жаңартылатын өтініш туралы ақпарат (жеткізілуі, тіркелуі, орындалуы туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) қолжетімді болады.

      Көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

      Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.

      Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

      Заңды тұлғаның шағымында оның атауы, пошталық мекенжайы, шығыс нөмірі және күні көрсетіледі. Өтінішке көрсетілетін қызметті алушы қол қоюға тиіс.

      11. Көрсетілетін қызметті алушының көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.

4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті, оның ішінде электрондық
нысанда көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге
де талаптар

      12. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары көрсетілетін қызметті берушінің www.mid.gov.kz ("Азаматтық авиация комитеті" бөлімінің "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" кіші бөлімінде) интернет-ресурсында орналастырылған.

      13. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы болған жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алу мүмкіндігі бар.

      14. Көрсетілетін қызметті алушының порталдың "жеке кабинеті", сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі және мәртебесі туралы ақпаратты алу мүмкіндігі бар.

      15. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша анықтама қызметтерінің байланыс телефондары: 8 (7172) 75 48 02, мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414.

  "Азаматтық авиацияның авиациялық
оқу орталығының сертификатын беру"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандартына қосымша

      Нысан

Авиациялық оқу орталығына сертификаттау жүргізуге өтінім

      1. __________________________________________________________________

      (АОО, ұйымның, құрылымдық бөлімшесінің атауы)

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (ұйым басшысының лауазымы, аты-жөні)

      Кәсіби даярлаудың мынадай түрлері мен бағыттары бойынша

      авиациялық оқу орталығын сертификаттауды сұрайды:

Р/с

Кәсіби даярлау түрлері

Бағыттар (мамандығы, мамандануы, курстың атауы)

1.

Авиациялық персоналды бастапқы даярлау


2.

Авиациялық персоналды қайта даярлау


3.

Авиациялық персоналдың кәсіби деңгейін қолдау



      2. Ұйым туралы мәліметтер:

      1) Меншік нысаны (кадастрлық номер)__________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      2) Заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеу туралы куәлігі/БЖН немесе анықтама

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (нөмірі, кім және қашан берді)

      3) Заңды (пошталық) мекенжайы және басқа да деректемелері ___________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      4) Телефон/факс, эл. пошта __________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      3. Қоса берілетін құжаттар: _________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      20___ж. "___" _____________

      ___________________________________

      берушінің басшысы

      (Қолы) /Аты-жөні/

      М.О.