"Әкімшілік ұстауға тартылған адамдарды арнайы жабдықталған үй-жайларда ұстау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2013 жылғы 25 маусымдағы № 325 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасының 2015 жылғы 19 мамырдағы № 36 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 19 маусымда № 11398 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2024 жылғы 20 ақпандағы № 31/қе бұйрығымен

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 20.02.2024 № 31/қе (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Әкімшілік ұстауға тартылған адамдарды арнайы жабдықталған үй-жайларда ұстау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2013 жылғы 25 маусымдағы № 325 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы" Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 16 қаңтардағы Заңы 56-бабының 28) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Әкімшілік ұстауға тартылған адамдарды арнайы жабдықталған үй-жайларда ұстау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2013 жылғы 25 маусымдағы № 325 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8582 болып тіркелген, 2013 жылғы 11 қыркүйектегі № 271 (27545) "Казахстанская правда" газетінде және 2013 жылғы 11 қыркүйектегі № 209 (28148) "Егемен Қазақстан" газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      аталған бұйрықпен бекітілген Әкімшілік ұстауға тартылған адамдарды арнайы жабдықталған үй-жайларда ұстау қағидаларында:

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Шекара қызметінің лауазымды тұлғалары әкімшілік ұстауды "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі кодексі (бұдан әрі – Кодекс) 787-бабының 4), 5) және 12) тармақшаларында көзделген жағдайларда, әкімшілік құқық бұзушылық жасауға күдікті адамның құқыққа қарсы іс-әрекетінің жолын кесу мақсатында қолданады.";

      5 және 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Шекара қызметі уәкілетті лауазымды тұлғасының Кодекстің

      788-бабында көзделген тәртіпте жасаған әкімшілік ұстау хаттамасы адамдарды арнайы үй-жайларға анықтау үшін негіз болып табылады.

      6. Әкімшілік ұстауға тартылған адамдарды арнайы жабдықталған үй-жайларда ұстау мерзімі және оны санау тәртібі Кодекстің 789-бабына сәйкес белгіленеді.";

      8 және 9-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Кодекстің 788-бабының 2-тармағына сәйкес әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасағаны үшiн ұстап алынған адамның өтiнiшi бойынша өзінің қайда екендігі туралы туыстары, жұмыс немесе оқу орнының әкiмшiлiгі, сондай-ақ қорғаушысы дереу хабардар етiледi. Кәмелетке толмаған адамның ұстап алынуы туралы оның ата-анасының немесе оларды алмастыратын адамдардың хабардар етілуі мiндеттi.

      9. Ұсталған адамдар Кодекстің 44-тарауында көзделген тәртіпте әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзудi қамтамасыз ету шараларына шағым беруі мүмкін.".

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі осы бұйрықты заңнамада белгiленген тәртiпте Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді және ресми түрде жариялауды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы


Ұлттық қауіпсіздік комитетінің


Төрағасы

Н. Әбіқаев