"Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысу құқығына лицензия алу үшін біліктілік емтиханын өткізу" және "Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 249 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 18 маусымда № 11383 тіркелді

Қолданыстағы

      «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Мыналар:
      1) «Жеке сот орындаушысының қызметімен айналысу құқығына лицензия алу үшін біліктілік емтиханын өткізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес;
      2) «Жеке сот орындаушысының қызметімен айналысу құқығына лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот актілерін орындау департаменті:
      1) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін және оның «Әділет» ақпараттық-құқытық жүйесінде және мерзімді баспасөз басылымдарында жариялануын;
      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Жауапты хатшысы М.Б. Бекетаевқа жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                Б. Имашев

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасының
      Инвестициялар және даму министрі
      ________________ Ә. Исекешев
      2015 жыл ____________

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасының
      Ұлттық экономика министрі
      ________________ Е. Досаев
      2015 жыл ____________

Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің  
2015 жылғы 30 сәуірдегі
№ 249 бұйрығына  
1-қосымша      

«Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысу құқығына лицензия алу
үшін біліктілік емтиханын өткізу» мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. «Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысу құқығына лицензия алу үшін біліктілік емтиханын өткізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
      3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрлік (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі немесе «электрондық үкіметтің» www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:
      1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген жағдайда біліктілік емтиханы 30 (отыз) күнтізбелік күн ішінде жүргізіледі;
      2) көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасын тапсыруы үшін рұқсат берілетін ең ұзақ күту уақыт – 15 (он бес) минут;
      3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат берілетін ең ұзақ уақыт – 15 (он бес) минут.
      5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған).
      6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – біліктілік комиссиясының біліктілік емтиханынан өткені немесе өтпегені туралы шешімі (1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша).
      Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижесін алу үшін қағаз жеткізгіште жүгінген жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі электрондық форматта ресімделеді, басып шығарылады және көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының мөрімен және қолымен куәландырылады.
      Порталда мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» жіберіледі.
      Біліктілік емтиханын өтуге жіберілгені туралы хабарлама электрондық түрде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің сайтына орналастырылады және жеке кабинетке жолданады.
      7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке тұлғаларға ақысыз негізде көрсетіледі.
      8. Жұмыс кестесі:
      1) көрсетілетін қызметті беруші – еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден жұманы қоса алғанда, 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейiн.
      Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушіде сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен, сағат 9.00-ден 17.30-ға дейiн жүзеге асырылады.
      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен көрсетіледі.
      2) портал – жөндеу жұмыстарының жүргізілуімен байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
      9. Көрсетілетін қызметті алушы (немесе оның өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
      көрсетілетін қызметті берушіге:
      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш;
      2) жеке куәлігі және жеке тұлға өкілінің өкілеттігін растайтын құжат (сәйкестендіру үшін);
      3) жоғары заңгерлік білімі туралы қосымшасы бар дипломның көшірмесі (салыстыру үшін түпнұсқасы берілмеген жағдайда нотариалды куәландырылған);
      4) тағылымдамадан өту нәтижесі туралы қорытындының көшірмесі;
      5) уәкілетті органға ұсынылғанға дейін наркологиялық және психиатриялық ұйымнан кемінде бір ай бұрын берілген медициналық анықтамалар.
      Порталға:
      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша электрондық құжат нысанындағы өтініш;
      2) жоғары заңгерлік білімі туралы қосымшасы бар дипломның электрондық көшірмесі;
      3) тағылымдама нәтижесі туралы қорытындының жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасы растаған электрондық көшірмесі;
      4) уәкілетті органға ұсынылғанға дейін наркологиялық және психиатриялық ұйымнан бір ай бұрын берілген медициналық анықтамалардың электрондық көшірмелері.
      Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде:
      - көрсетілетін қызметті берушіде - күні, уақыты, құжаттарды қабылдаған тұлғаның аты-жөні мен тегі көрсетілген талон құжаттардың қабылданғанын растау болып табылады;
      - портал арқылы - көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік қызмет көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы белгі көрсетіледі.

3. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды
адамдарының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша
шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      10. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым көрсетілетін қызметті берушінің басшысының атына не Министрліктің құрылымдық бөлімшесінің басшысының атына осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша беріледі.
      Шағымдар жазбаша түрде пошталық байланыс арқылы, Министрліктің кеңсесі (925-кабинет), телефоны 8 (7172) 74-07-95, 74-07-96 арқылы қолма-қол қабылданады.
      Күні, уақыты, шағымды қабылдаған тұлғаның тегі мен аты-жөні көрсетілген талонды алуы шағымның қабылданғанын растау болып табылады.
      Көрсетілетін қызметті алушының шағымында оның тегі, аты-жөні, пошталық мекен-жайы көрсетіледі. Шағымда көрсетілетін қызметті алушының қолы қойылуы тиіс.
      Портал арқылы шағымданған жағдайда көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетінен» өтініш туралы ақпарат қолжетімді болады, ол көрсетілетін қызметті берушіде өтініштерді өңдеу барысында жаңартылып отырады (жеткізілуі, тіркелуі, орындалуы туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап).
      Министрліктің мекенжайына түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Шағымды қарау нәтижелері туралы жауап пошталық байланыс арқылы немесе көрсетілетін қызметті алушының электрондық мекенжайына беріледі.
      Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға жүгіне алады.
      Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады.
      11. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.

4. Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескерілген өзге де
талаптар

      12. Көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайы: Астана қаласы, Орынбор көшесі, № 8 үй, «Министрліктер үйі» ғимараты, 13-кіреберіс.
      13. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған жағдайда мемлекеттік қызметті электрондық нысанда портал арқылы алу мүмкіндігі бар.
      14. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі және мәртебесі туралы ақпаратты порталда көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінен», сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушінің және Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының телефондары арқылы алу мүмкіндігі бар.
      15. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің байланыс телефондары: 8 (7172) 74-04-52, 74-06-30. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 88000807777.

«Жеке сот орындаушысы   
қызметімен айналысу құқығына
лицензия алу үшін біліктілік
емтиханын өткізу» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандартына
1-қосымша         

Нысан

Жеке сот орындаушысының қызметімен айналысу құқығына біліктілік
емтиханынан өткені/өтпегені туралы шешім

__________ қ.                                     20___ж. «___»______

      ____________________________ жеке сот орындаушысы қызметімен
           (А.Ә.Т. толығымен)
айналысу құқығына біліктілік емтиханынан өтті/өтпеді деп танылсын.

Уәкілетті органның
басшысы
(А.Ә.Т.)

«Жеке сот орындаушысы  
қызметімен айналысу құқығына
лицензия алу үшін біліктілік
емтиханын өткізу» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандартына
2-қосымша        

Нысан

Қазақстан Республикасы Әділет
министрлігі Сот актілерін орындау
департаментінің директорына
____________________________
(жеке тұлғаның аты, әкесінің аты, тегі толығымен)
тұратын мекенжайы:

телефоны:

Өтініш

      «Біліктілік емтихандары туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2014 жылғы 7 наурыздағы № 94 бұйрығына сәйкес мені жеке сот орындаушысының қызметін жүзеге асыруға лицензия алу үшін біліктілік емтиханын тапсыруға жіберуіңізді сұраймын.
      Ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияларды құрайтын, қол жетімділігі шектеулі жеке деректерді пайдалануға келісемін.

      Қосымша:

_____________(қолы)
Толтыру күні: 20___ жылғы «____»_______

Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің 
2015 жылғы 30 сәуірдегі
№ 249 бұйрығына  
2-қосымша      

«Жеке сот орындаушысының қызметімен айналысу құқығына лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. «Жеке сот орындаушысының қызметімен айналысу құқығына лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
      3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрлік көрсетеді (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші).
      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі немесе «электрондық үкіметтің» www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:
      1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ портал арқылы жүгінген жағдайда:
      лицензия беру кезінде – 15 (он бес) жұмыс күні;
      лицензияны қайта ресімдеу кезінде – 15 (он бес) жұмыс күні;
      лицензияның телнұсқаларын беру кезінде – 2 (екі) жұмыс күні.
      Көрсетілетің қызметті беруші Көрсетілетің Қызметті алушының құжаттарын алған уақыттан бастап екі жұмыс күні ішінде тапсырған құжаттарының толықтығын тексереді.
      Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан жазбаша дәлелді бас тартады.
      2) көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасын тапсыруы үшін берілетін ең ұзақ уақыт – 15 (он бес) минут;
      3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсету үшін берілетін ең ұзақ уақыт – 15 (он бес) минут.
      5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық (iшiнара автоматтандырылған).
      6. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесісы – жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға лицензия беру, қайта ресімдеу, осы мемлекеттік қызмет көрсету стандартының 10-тармағымен қарастырылған негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру.
      Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық.
      Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы жүгінген кезде мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» жіберіледі.
      7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке тұлғаларға ақылы негізде көрсетіледі.
      Жеке сот орындаушыcының қызметiмен айналысуға лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру үшін қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығының лицензиялық алымы алынады, ол «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 471-бабына сәйкес мынаны құрайды:
      1) лицензия беру – 6 айлық есептік көрсеткіш;
      2) лицензияның телнұсқасын беру – лицензия беру кезіндегі мөлшерлеменің 100 %-ы;
      3) лицензияны қайта ресімдеу – лицензия беру кезіндегі мөлшерлеменің 10 %-ы, бірақ 4 айлық есептік көрсеткіштен көп емес.
      Мемлекеттік қызмет көрсету үшін төлемақы қолма-қол және (немесе) қолма-қол ақшасыз есеп айырысу бойынша екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы жүргізіледі, олар төлемақы мөлшері мен күнін растайтын құжат (түбіртек) береді.
      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету үшін портал арқылы электрондық сұрау салынған кезде төлем «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) арқылы жүзеге асырылады.
      8. Жұмыс кестесі:
      1) көрсетілетін қызметті беруші – еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен, дүйсенбіден жұманы қоса алғанда, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейiн.
      Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушіде сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейiн жүзеге асырылады.
      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен көрсетіледі.
      2) портал – жөндеу жұмыстарының жүргізілуімен байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
      9. Қызмет алушының (немесе оның өкілі) мемлекеттік қызмет көрсетуге жүгінген кездегі тиісті құжаттар тізбесі:
      Лицензия алу үшін:
      көрсетілетін қызметті берушіге:
      1) осы мемлекеттік қызмет көрсету стандартының 1-ші қосымшасына сәйкес нысан бойынша арыз;
      2) жеке куәлігі және жеке тұлға өкілінің өкілеттігін растайтын құжат (идентификациялау үшін);
      3) қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығына лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі;
      4) 2-қосымшаға сәйкес төмендегі ақпараты бар мәліметтер формасы:
      дипломның болуы туралы;
      еңбек өтілі туралы;
      біліктілік емтиханын тапсырғаны туралы, «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» ҚР Заңының 142-бабының 7-тармағында көрсетілген тұлғалардан басқа;
      5) шетел білім беру мекемелерімен берілген дипломдар үшін, «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес нострификациялау және тану рәсімдерінен өткенін растайтын құжаттар көшірмелері;
      6) уәкілетті органға ұсынылғанға дейін бір айдан ерте емес наркологиялық және психиатриялық ұйымнан берілген медициналық анықтамалар;
      7) жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасымен куәландырылған тағылымдамадан өткені туралы қорытындысының көшірмесі, «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» ҚР Заңының 142-бабының 7-тармағында көрсетілген тұлғалардан басқа.
      Порталға:
      1) осы мемлекеттік қызмет көрсету стандартының 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша арыз;
      2) лицензиялық жинақ қорына төленгені туралы электрондық құжат көшірмесі, ЭҮТШ арқылы төленген жағдайды қоспағанда;
      3) 2-қосымшаға сәйкес төмендегі ақпараты бар мәліметтер нысаны:
      дипломның болуы туралы;
      еңбек өтілі туралы;
      біліктілік емтиханын тапсырғаны туралы, «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» ҚР Заңының 142-бабының 7-тармағында көрсетілген тұлғалардан басқа;
      4) шетел білім беру мекемелерімен берілген дипломдар үшін, «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес нострификациялау және тану рәсімдерінен өткенін растайтын құжаттар көшірмелері;
      5) уәкілетті органға ұсынылғанға дейін бір айдан ерте емес наркологиялық және психиатриялық ұйымнан берілген медициналық анықтамалардың электрондық көшірмелері;
      6) жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасымен куәландырылған тағылымдамадан өткені туралы қорытындысының көшірмесі, «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» ҚР Заңының 142-бабының 7-тармағында көрсетілген тұлғалардан басқа;
      Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің деректер базасынан алынған үш айдан көп атқарушылық өндіріс және кезеңді өндіру бойынша қарыздардың жоқтығы туралы мәлімет тапсырылады.
      Лицензияны қайта ресімдеу үшін:
      көрсетілетін қызметті берушіге:
      1) осы мемлекеттік қызмет көрсету стандартының 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша арыз;
      2) жеке куәлігі және жеке тұлға өкілінің өкілеттігін растайтын құжат (идентификациялау үшін);
      3) лицензияны қайта ресімдеу үшін лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі;
      4) лицензияны немесе лицензия қосымшасын қайта рәсімдеу үшін негіз болған өзгерістер туралы ақпараттары бар құжаттар көшірмесі, ақпараты мемлекеттік ақпараттық жүйеде қамтылған құжаттардан басқа.
      Порталға:
      1) осы мемлекеттік қызмет көрсету стандартының 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша электрондық түрдегі арыз;
      2) лицензиялық жинақ қорына төленгені туралы электрондық құжат көшірмесі, ЭҮТШ арқылы төленген жағдайдан басқа;
      3) лицензияны немесе лицензия қосымшасын қайта рәсімдеу үшін негіз болған өзгерістер туралы ақпараттары бар электрондық құжаттар көшірмесі, ақпараты мемлекеттік ақпараттық жүйеде қамтылған құжаттардан басқа.
      Лицензияны жоғалтқан, бүлдірген жағдайларда көрсетілетін қызметті алушы тиісті ақпараттық жүйелерден лицензия туралы мәлімет алу мүмкіндігі болмағанда көшірме алу үшін (қажетті құжаттарды ұсыну арқылы) жүгінеді:
      көрсетілетін қызметті берушіге:
      1) осы мемлекеттік қызмет көрсету стандартының 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша арыз;
      2) телнұсқаны беру үшін лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі.
      Порталға:
      1) осы мемлекеттік қызмет көрсету стандартының 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша электрондық түрдегі арыз;
      2) лицензиялық жинақ қорына төленгені туралы электрондық құжат көшірмесі, ЭҮТШ арқылы төленген жағдайды қоспағанда.
      Еңбекке жарамдылығына шек қойылмағаны немесе еңбекке жарамдылығына шек қойылғаны туралы, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасағаны туралы, яғни жеке сот орындаушы лауазымына тағайындалғанға дейін үш жыл ішінде сот тәртібімен әкімшілік жазаға тартылғаны, заңда көзделген тәртіпте соттылығы өтелмегені немесе алынбағаны туралы, бұрын теріс қылықтар жасағаны үшін мемлекеттік, әскери қызметтен, құқық қорғау органдарынан және арнайы мемлекеттік органдардан, соттан және әділет органдарынан қызметтен босатылған туралы мәліметтердің жоқтығы туралы, мемлекеттік ақпараттық жүйесінде қамтылған тұлғаны жеке сот орындаушысы қызметімен айналысу лицензиясынан айыру туралы ақпарат қамтылған құжаттарды қызмет беруші «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйеден алады.
      Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде, қызмет алушы мемлекеттік ақпараттық жүйеде қамтылған заңмен қорғалатын құпияларды құрайтын құжаттарды пайдалануға келісім береді, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзге көзделмесе.
      Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде:
      - көрсетілетін қызметті берушіге - күні, уақыты, құжаттарды қабылдаған тұлғаның аты-жөні мен тегі көрсетілген талон құжаттардың қабылданғанын растау болып табылады;
      - портал арқылы - көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік қызмет көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы белгі көрсетіледі.
      10. Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер:
      субъектілердің осы санаты үшін Қазақстан Республикасының заңдарында қызмет түрімен айналысуға тыйым салынуы;
      қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алымның енгізілмеуі;
      көрсетілетін қызметті алушы біліктілік талаптарына сәйкес келмеуі;
      көрсетілетін қызметті берушінің келісім беретін тиісті мемлекеттік органынан көрсетілетін қызметті алушының лицензиялау кезінде қойылған талаптарға сәйкес келмеуі туралы жауап алуы;
      көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оған қызметтің жекелеген түрін жүзеге асыруға тыйым салатын заңды күшіне енген сот үкімінің болуы;
      сот орындаушысының ұсынымы негізінде сот уақытша лицензия алуына тыйым салуы.

3. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды
тұлғаларының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша
шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      11. Қызмет берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымданған жағдайда, шағым қызмет берушінің басшысының атына немесе Министрліктің құрылымдық бөлімшесі басшысының атына, осы мемлекеттік қызмет көрсету стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша беріледі.
      Шағымдар жазбаша түрде пошталық байланыс арқылы, Министрліктің кеңсесі (925-кабинет), телефоны 8 (7172) 74-07-95, 74-07-96 арқылы қолма-қол қабылданады.
      Күні, уақыты, шағымды қабылдаған тұлғаның аты-жөні мен тегі көрсетілген талонды алу шағымның қабылданғанын растау болып табылады.
      Көрсетілетін қызметті алушының шағымында оның аты-жөні, тегі, пошталық мекен-жайы көрсетіледі. Шағымда көрсетілетін қызметті алушының қолы қойылуы қажет.
      Портал арқылы шағымданған жағдайда көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетінен» өтініш туралы ақпарат қолжетімді болады, ол көрсетілетін қызметті беруші өтініштерді өңдеу барысында жаңартылып отырады (жеткізілуі, тіркелуі, орындалуы туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап).
      Министрліктің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Шағымды қарау нәтижелері туралы жауап пошталық байланыс арқылы немесе көрсетілетін қызметті алушының электрондық мекенжайына жіберіледі.
      Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға жүгіне алады.
      Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады.
      12. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгіне алады.

4. Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескерілетін өзге де
талаптар

      13. Көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайы: Астана қаласы, Орынбор көшесі, № 8 үй, «Министрліктер үйі» ғимараты, 13-кіреберіс.
      14. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған жағдайда мемлекеттік қызметті электрондық нысанда портал арқылы алу мүмкіндігі бар.
      15. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі және мәртебесі туралы ақпаратты порталда көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінен», сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушінің және Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының телефондары арқылы алу мүмкіндігі бар.
      16. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің байланыс телефондары: 8 (7172) 74-04-52, 74-06-30. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 88000807777.

«Жеке сот орындаушысының 
қызметімен айналысу құқығына
лицензия беру» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандартына
1-қосымша        

Нысан

Жеке тұлғаның лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны
алуға арналған өтiнiші

____________________________________________________________________
          (көрсетілетін қызметті берушінің толық атауы)
____________________________________________________________________
(жеке тұлғаның тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болған жағдайда), жеке
сәйкестендіру нөмірі)
_______________________________________________________________
(қызметтiң түрiн және (немесе) кіші түрін (-лерін) көрсету) жүзеге
асыруға лицензия және (немесе) лицензияға қосымшаны қағаз
тасымылдағышта беруiңiздi сұраймын.
      Жеке тұлғаның тұрғылықты жерінің мекенжайы ____________________
_____________________________________________________________________
(пошталық индексі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы,
үй/ғимарат нөмірі)
Электрондық пошта ___________________________________________________
Телефондары _________________________________________________________
Факс ________________________________________________________________
Банктік есепшоты ____________________________________________________
                 (есепшот нөмірі, банктiң атауы және орналасқан жерi)
Қызметті немесе әрекеттерді (операцияларды) жүзеге асыру объектісінің
мекенжайы (лары) ____________________________________________________
(пошталық индексі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы,
үй/ғимарат (стационарлық үй-жай) нөмірі)
Құжаттар қоса беріліп отыр __________________________________________
      Осымен көрсетілген барлық деректердің ресми байланыстар болып
табылатыны және оларға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны
беру мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жіберуге болатыны;
      өтініш берушіге қызметтің лицензияланатын түрімен және (немесе)
кіші түрімен айналысуға соттың тыйым салмағаны;
      қоса берілген құжаттардың барлығы шындыққа сай келетіні және
жарамды болып табылатыны расталады.

      Жеке тұлға ___________________________________________________
                (қолы) (тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болған жағдайда)

Мөр орны Толтырылған күні: 20__ жылғы «___» ________
(бар болған жағдайда)

«Жеке сот орындаушысының 
қызметімен айналысу құқығына
лицензия беру» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандартына
2-қосымша        

Нысан

Жеке сот орындаушысының қызметімен айналысу үшін біліктілік
талаптарының сәйкестігі туралы мәліметтер нысаны

1. Жоғары білім:
      Мамандығының және біліктілігінің атауы __________
      Диплом нөмірі _____________
      Дипломның берілген күні _____________
      Дипломның берілген орны _____________
      Оқу орнының, диплом берген оқу мекемесінің атауы _____________
2. Біліктілік емтиханын тапсырғаны:
      Тест нәтижесі (иә/жоқ) _____________
3. Еңбек жолы:
      Қабылданған күні _____________
      Босатылған күні _____________
      Атқарған қызметі _____________
      Жұмыс орны _____________
      Босатылған себебі _____________

«Жеке сот орындаушысының 
қызметімен айналысу құқығына
лицензия беру» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандартына
3-қосымша         

Нысан

Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеуге
арналған жеке тұлғаның өтiнiші

____________________________________________________________________
                    (лицензиардың толық атауы)
____________________________________________________________________
(жеке тұлғаның тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болған жағдайда), жеке
                      сәйкестендіру нөмірі)
____________________________________________________________________
 (қызметтiң түрi және (немесе) кіші түрінің(-лері) толық атауы)
_____________________________________________________ жүзеге асыруға
20___ жылғы « » ___________ № ____________, _______________ берілген,
(лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаның(лардың) нөмірі(лері),
берілген күні, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны(ларды)
берген лицензиардың атауы) лицензияны және (немесе) лицензияға
қосымшаны (керектің асты сызылсын)
қағаз тасымалдағышта ___ (лицензияны қағаз тасымалдағышта алу қажет
болған жағдайда Х белгісін қою керек)
мынадай негіз(дер) бойынша (тиісті жолға Х қою қажет):
1) жеке тұлға-лицензиаттың тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
өзгеруі _______
2) жеке кәсіпкер-лицензиатты қайта тіркеу, оның атауының өзгеруі
______
3) жеке кәсіпкер-лицензиатты қайта тіркеу, оның заңды мекенжайының
өзгеруі _______
4) егер лицензияның иеліктен шығарылатындығы «Рұқсаттар және
хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына 1-қосымшада
көзделген жағдайларда, үшінші тұлғалардың пайдасына
объектімен бірге «объектілерге берілетін рұқсаттар» класы бойынша
берілген лицензияны лицензиаттың иеліктен шығаруы ________
5) «объектілерге берілетін рұқсаттар» класы бойынша берілген лицензия
үшін немесе лицензияға қосымшалар үшін объектілерді көрсете отырып,
объект нақты көшірілмей оның орналасқан жерінің мекенжайының өзгеруі
_______
6) Қазақстан Республикасының заңдарында қайта ресімдеу туралы
талаптың болуы _______
7) қызмет түрінің атауының өзгеруі ________
8) қызметтің кіші түрінің атауының өзгеруі ________ қағаз тасымалдағышта.
Жеке тұлғаның тұрғылықты жерінің мекенжайы __________________________
____________________________________________________________________
(пошталық индексі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы,
үй/ғимарат нөмірі)
Электрондық пошта ___________________________________________________
Телефондары _________________________________________________________
Факс ________________________________________________________________
Банк шоты ___________________________________________________________
                (шот нөмірі, банктiң атауы және орналасқан жерi)
Қызметті немесе іс-қимылды (операцияларды) жүзеге асыру объектісінің
мекенжайы ___________________________________________________________
            (пошталық индексі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені,
                 көше атауы, үй/ғимарат (стационарлық үй-жайлар)
______ парақта қоса беріліп отыр.
Осымен:
көрсетілген барлық деректердің ресми байланыстар болып табылатындығы
және оларға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру немесе
беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жіберуге
болатындығы;
өтініш берушіге қызметтің лицензияланатын түрімен және (немесе) кіші
түрімен айналысуға сот тыйым салмайтыны;
қоса берілген құжаттардың барлығы шындыққа сәйкес келетіні және
жарамды болып табылатындығы расталады;
ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны
құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға
келісімін береді;
өтініш беруші халыққа қызмет көрсету орталығы қызметкерінің өтінішті
электрондық цифрлік қолтаңбамен растауына келіседі (халыққа қызмет
көрсету орталықтары арқылы жүгінген жағдайда).

Жеке тұлға ____________ _____________________________________________
              (қолы)   (тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болған жағдайда)

Мөр орны Толтыру күні: 20__ жылғы «__» _________________

«Жеке сот орындаушысының 
қызметімен айналысу құқығына
лицензия беру» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандартына
4-қосымша        

Нысан

Лицензия көшірмесін және (немесе) лицензияға қосымшаларды алу
үшін жеке тұлғаның өтініші

____________________________________________________________________
                   (лицензиардың толық атауы)
____________________________________________________________________
(жеке тұлғаның тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болған жағдайда), жеке
сәйкестендіру нөмірі)
_______________________________________ (лицензияны жоғалту, бүлдіру)
байланысты лицензия көшірмесін беруіңізді сұраймын.
20___ жылғы « » ___________ № ____________, _______________ берілген,
(лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаның(лардың) нөмірі(лері),
берілген күні, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны(ларды)
берген лицензиардың атауы) лицензияны және (немесе) лицензияға
қосымшаны (керектің асты сызылсын)
Жеке тұлғаның тұрғылықты жерінің мекенжайы __________________________
_____________________________________________________________________
(пошталық индексі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы,
үй/ғимарат нөмірі)
Электрондық пошта ___________________________________________________
Телефондары _________________________________________________________
Факс ________________________________________________________________
Банк шоты ___________________________________________________________
              (шот нөмірі, банктiң атауы және орналасқан жерi)
Қызметті немесе іс-қимылды (операцияларды) жүзеге асыру объектісінің
мекенжайы ___________________________________________________________
(пошталық индексі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы,
                    үй/ғимарат (стационарлық үй-жайлар)
______ парақта қоса беріліп отыр.

Осымен:
көрсетілген барлық деректердің ресми байланыстар болып табылатындығы
және оларға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру немесе
беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жіберуге
болатындығы;
өтініш берушіге қызметтің лицензияланатын түрімен және (немесе) кіші
түрімен айналысуға сот тыйым салмайтыны;
қоса берілген құжаттардың барлығы шындыққа сәйкес келетіні және
жарамды болып табылатындығы расталады;
өтініш беруші лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру
кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны
құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға
келісімін береді;
өтініш беруші халыққа қызмет көрсету орталығы қызметкерінің өтінішті
электрондық цифрлік қолтаңбамен растауына келіседі (халыққа қызмет
көрсету орталықтары арқылы жүгінген жағдайда).

Жеке тұлға ____________ ____________________________________________
               (қолы)  (тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болған жағдайда)

Мөр орны Толтырған күні: 20__ жылғы «__» _________________