Ғарыш объектілерін және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу қағидаларын және ғарыш объектілері тіркелімінің нысанын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 484 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 17 маусымда № 11382 тіркелді.

Жаңартылған

      "Ғарыш қызметі туралы" 2012 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 9-бабы 1-тармағының 11) және 14) тармақшаларына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған:

      1) Ғарыш объектілерін және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу қағидалары;

      2) ғарыш объектілері тіркелімінің нысаны бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Аэроғарыш комитеті (Т.А. Мұсабаев):

      1) заңнамада белгiленген тәртiппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттiк тiркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімді баспасөз басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналасуын;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттiк тiркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсiн.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсiн.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Инвестициялар және


даму министрі

Ә. Исекешев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      ___________________Е. Досаев

      2015 жылғы 15 мамыр



  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің
2015 жылғы 24 сәуірдегі
№ 484 бұйрығына
1 қосымша

Ғарыш объектілерін және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу қағидалары
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Ғарыш объектілерін және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Ғарыш қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 6 қаңтардағы Заңының 9-бабы 1-тармағының 11) және 14) тармақшаларына сәйкес әзірленген және ғарыш объектілерін және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу тәртібін айқындайды.

      2. Мынадай:

      1) Қазақстан Республикасының жеке немесе заңды тұлғаларына тиесiлi ғарыш объектілері, сондай-ақ осы ғарыш объектiлерiне құқықтар;

      2) ғарыш кеңiстiгiне Қазақстан Республикасының аумағынан ұшырылатын шетелдік жеке немесе заңды тұлғаларға тиесiлi ғарыш объектiлерi мемлекеттiк тiркеуге жатады.

      3. Осы Қағидалардың 2-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген ғарыш объектілерін және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу деп ғарыш объектілерін есепке алу, мемлекеттің Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес ғарыш объектісіне құқықтардың (құқықтар ауыртпалығының) туындауын, өзгеруін немесе тоқтатылуын тану және растау актісі түсініледі.

      Осы Қағидалардың 2-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген ғарыш объектілерін мемлекеттік тіркеу деп оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеместен, ғарыш объектілері тіркеліміндегі жазба түсініледі.

      4. Ғарыш объектілерін және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеуді ғарыш қызметі саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) жүзеге асырады.

      5. Мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің телнұсқасын мемлекеттік тіркегені және бергені үшін Қазақстан Республикасының салық заңнамасында айқындалатын тәртіппен және мөлшерлерде алым алынады.

2. Ғарыш объектілерін және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеудің тәртібі

      6. Ғарыш объектісін және оған құқықтарды мемлекеттік тіркеу үшін уәкілетті органға мынадай құжаттар ұсынылады:

      1) осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

      2) ғарыш объектісіне құқық белгілейтін құжаттың (салыстыру үшін түпнұсқа берілмеген жағдайда нотариат растаған) көшірмесі;

      3) ғарыш объектісін және оған құқықтарды мемлекеттік тіркегені үшін бюджетке алым сомасы төленгенін растайтын құжат.

      7. Осы Қағидалардың 2-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген ғарыш объектілерін және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу мынадай тәртіппен жүргізіледі:

      1) осы Қағидалардың 6-тармағында қарастырылған құжаттарды қабылдау, оларды алу кезінде уәкілетті органның лауазымды тұлғасы кіріс құжаттарын есепке алу кітабына тиісті жазба енгізеді;

      2) мемлекеттік тіркеуге ұсынылған құжаттарды тексеру, осы ғарыш объектісіне мәлімделетін құқықтар мен тіркелген құқықтар арасында қайшылықтардың жоқ екендігін, сондай-ақ мемлекеттік тiркеуден бас тарту үшiн негiздiң болмауын анықтау;

      3) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес ғарыш объектісін мемлекеттік тіркеу туралы куәлік немесе осы Қағидалардың 13-тармағында көрсетілген негіздер бойынша мемлекеттік тіркеуден бас тарту туралы құжат беру.

      Осы Қағидалардың 2-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген ғарыш объектісін және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеуі жүзеге асырылғаннан кейін уәкілетті орган ғарыш объектілері тіркеліміне тиісті жазба енгізеді.

      8. Ғарыш объектілерін және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу, ғарыш объектілері тіркеліміне ғарыш объектісінің жойылған немесе кәдеге жаратылған фактісін растайтын жазба енгізу уәкілетті органға өтініш келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күніне дейінгі мерзімде жүзеге асырылады.

      9. Мемлекеттік органдар және өзге де уәкілетті тұлғалар салатын құқық ауыртпалықтарын, осындай құқықтар ауыртпалықтары құқық иесінің өзінің ерік білдіруінсіз белгіленетін басқа да жағдайларда мемлекеттік тіркеу уәкілетті органға тиісті құжат түскен сәттен бастап дереу жүргізіледі.

      Құқықтар (құқық ауыртпалықтары) нотариалдық тәртіппен куәландырылатын мәміле негізінде туындаған жағдайларда тіркеу мәміленің кез келген тарапының (қатысушысының) өтініші бойынша, ғарыш объектісіне берілетін құқық ауыртпалықтарынан тұратын (салыстыру үшін түпнұсқа берілмеген жағдайда нотариалды куәландырылған) құжаттың көшірмесімен бірге жүзеге асырылады.

      "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 61-4-бабында көзделген операция жүргізілген кезде ғарыш объектісіне құқықтардың (құқықтар ауыртпалығының) өзгеруін мемлекеттік тіркеу үшін уәкілетті органға мынадай құжаттар ұсынылады:

      1) осы қағидалардың 2-1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш;

      2) активтер мен міндеттемелерді бір мезгілде беру туралы шарттың нотариат куәландырған көшірмесі (тапсыру актісі немесе одан үзінді көшірме қоса беріле отырып);

      3) ғарыш объектісін және оған құқықтарды мемлекеттік тіркеу үшін бюджетке алым сомасы төленгенін растайтын құжат.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 26.06.2015 № 723 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 31.12.2015 дейін қолданылады) бұйрығымен.

      9-1. Мемлекеттік органдар және өзге де уәкілетті тұлғалар салатын құқық ауыртпалықтарын, мемлекеттік тіркеу уәкілетті органға тиісті құжат түскен сәттен бастап дереу жүргізіледі.

      Құқықтар (құқық ауыртпалықтары) нотариалдық тәртіппен куәландырылатын мәміле негізінде туындаған жағдайларда тіркеу мәміленің кез келген тарапының (қатысушысының) өтініші бойынша, ғарыш объектісіне берілетін құқық ауыртпалықтарынан тұратын (салыстыру үшін түпнұсқа берілмеген жағдайда нотариалды куәландырылған) құжаттың көшірмесімен бірге жүзеге асырылады.

      "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-1-бабы 2-тармағының 11) тармақшасында, 61-4-бабында көзделген операцияны жүргізу кезінде ғарыш объектісіне құқықтарды өзгертуді (құқықтар ауыртпалығын) мемлекеттік тіркеу үшін мынадай құжаттар қоса береді:

      1) өтініш;

      2) активтер мен міндеттемелерді бір мезгілде беру туралы шарттың, екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын ұйымның активтер мен талап ету құқықтарын сатып алуын көздейтін шарттың (тапсыру актісі немесе одан үзінді-көшірме қоса беріле отырып), талап ету құқықтарын (талаптарын) басқаға беру туралы талапты қамтитын шарттың нотариат куәландырған көшірмелері;

      3) ғарыш объектісін және оған құқықтарды мемлекеттік тіркеу үшін алым сомасының бюджетке төленгенін растайтын құжат.

      Ескерту. 2-тарау 9-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 24.04.2017 № 70/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      10. Осы Қағидалардың 2-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген ғарыш объектілеріне берілетін құқық ауыртпалықтарын мемлекеттік тіркеу мынадай тәртіппен жүргізіледі:

      1) осы Қағидалардың 9-тармағында қарастырылған құжаттарды қабылдау, оларды алу кезінде уәкілетті органның лауазымды тұлғасы кіріс құжаттарын есепке алу кітабына тиісті жазба енгізеді.

      2) мемлекеттік тіркеуге ұсынылған құжаттарды тексеру, мемлекеттік тiркеуден бас тарту үшiн негiздердiң болмауын анықтау;

      3) мемлекеттік тiркеуден бас тарту үшiн негiздер болмаған жағдайда ғарыш объектілері тіркеліміне жазбалар енгізу;

      4) осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес ғарыш объектісіне құқық ауыртпалықтарының тіркелгендігін растайтын ғарыш объектілері тіркелімінен үзінді немесе мемлекеттік тіркеуден бас тарту туралы дәлелді жазбаша жауап беру.

      11. Осы Қағидалардың 2-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген ғарыш объектілерін мемлекеттік тіркеу мынадай тәртіппен жүргізіледі:

      1) осы Қағидалардың 6-тармағында қарастырылған құжаттарды қабылдау, оларды алу кезінде уәкілетті органның лауазымды тұлғасы кіріс құжаттарын есепке алу кітабына тиісті жазба енгізеді.

      2) мемлекеттік тіркеуге ұсынылған құжаттарды тексеру, мемлекеттік тiркеуден бас тарту үшiн негiздiң болмауын анықтау;

      3) мемлекеттік тiркеуден бас тарту үшін негіздер болмаған кезде ғарыш объектілері тіркеліміне жазбалар енгізу;

      4) осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес ғарыш объектісін мемлекеттік тіркеу туралы куәлік немесе мемлекеттік тіркеуден бас тарту туралы дәлелді жазбаша жауап беру.

      12. Ғарыш объектісін және оған құқықтарды мемлекеттік тіркеуден бас тартуға мыналар негіз болып табылады:

      1) өтініш берушінің мемлекеттік тіркеу үшін қажетті құжаттардың толық емес топтамасын ұсынуы;

      2) өтініш берушінің Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келмейтін құжаттарды ұсынуы;

      3) ғарыш объектісіне билік етуді шектейтін немесе жоятын ғарыш объектісіне берілетін құқық ауыртпалығының болуы;

      4) ғарыш объектісіне билік ету құқығын шектейтін немесе жоятын заңды күшіне енген сот шешімі.

      "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 61-4-бабында көзделген операция жүргізілген жағдайда ғарыш объектісін және оған құқықтарды мемлекеттік тіркеу кезінде осы тармақтың бірінші бөлігі 3) тармақшасының талаптары қолданылмайды.

      Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 26.06.2015 № 723 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 31.12.2015 дейін қолданылады) бұйрығымен.

      12-1. Ғарыш объектісін және оған құқықтарды мемлекеттік тіркеуден бас тартуға мыналар негіз болып табылады:

      1) өтініш берушінің мемлекеттік тіркеу үшін қажетті құжаттардың толық емес топтамасын ұсынуы;

      2) өтініш берушінің Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келмейтін құжаттарды ұсынуы;

      3) ғарыш объектісіне билік етуді шектейтін немесе жоятын ғарыш объектісіне берілетін құқық ауыртпалығының болуы;

      4) ғарыш объектісіне билік ету құқығын шектейтін немесе жоятын заңды күшіне енген сот шешімі.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінің 3) тармақшасының талабы "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-1-бабы 2-тармағының 11) тармақшасында, 61-4-бабында көзделген операцияны жүргізген жағдайда ғарыш объектісін және оған құқықтарды мемлекеттік тіркеу кезінде қолданылмайды.

      Ескерту. 2-тарау 12-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 24.04.2017 № 70/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      13. Мемлекеттік тіркеуден бас тартылған кезде уәкілетті орган өтініш келіп түскен күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей бас тартудың себептерін көрсете отырып, өтініш берушіге жазбаша уәжді түрде жауап жібереді.

      14. Мемлекеттiк тiркеуден бас тартуға негiздер жойылған кезде мемлекеттiк тiркеуге өтiнiштi қайтадан беруге болады.

      15. Ғарыш объектісін ғарыш объектілерінің тіркеліміне енгізген кезде оған ғарыш объектілерінің тіркелімінде ғарыш объектісі туралы мәліметтер жазбасының реттік нөмірі болып табылатын мемлекеттік тіркеу нөмірі беріледі.

      16. Мемлекеттік тіркеу туралы куәлік жоғалған жағдайда уәкілетті орган мүддесінде ғарыш объектісін мемлекеттік тіркелуін жүзеге асырған тұлғаның, не ол уәкілеттік берген тұлғаның өтініші бойынша оған мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің телнұсқасын береді.

      17. Мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің телнұсқасын алу үшін өтініш беруші мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) осы Қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

      2) ғарыш объектісін және оған құқықтарды мемлекеттік тіркегені үшін бюджетке алым сомасы төленгенін растайтын құжат.

      18. Мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің телнұсқасын беру мынадай тәртіппен жүргізіледі:

      1) осы Қағидалардың 17-тармағында қарастырылған құжаттарды қабылдау, оларды алу кезінде уәкілетті органның лауазымды тұлғасы кіріс құжаттарын есепке алу кітабына тиісті жазба енгізеді.

      2) ғарыш объектілері тіркеліміне мемлекеттік тіркеу туралы куәлік телнұсқасының берілгендігі туралы жазбалар енгізу;

      3) ғарыш объектісін мемлекеттік тiркеу туралы куәліктің телнұсқасын беру.

      19. Ғарыш объектісі жойылған немесе кәдеге жаратылған жағдайда уәкілетті орган мүддесінде ғарыш объектісінің мемлекеттік тіркелуін жүзеге асырған тұлғаның өтініші негізінде ғарыш объектілерінің тіркеліміне тиісті жазба енгізеді.

      20. Ғарыш объектілері тіркеліміне ғарыш объектісінің жойылған немесе кәдеге жаратылған фактісін растайтын жазба енгізу үшін уәкілетті органға мынадай құжаттар ұсынылады:

      1) осы Қағидалардың 5-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

      2) мемлекеттік тіркеу туралы куәлік;

      3) ғарыш объектісінің жойылған немесе кәдеге жаратылған фактісін растайтын (салыстыру үшін түпнұсқа берілмеген жағдайда нотариалды куәландырылған) құжаттардың көшірмелері.

      Уәкілетті орган ғарыш объектілерінің тіркеліміне жазба енгізгеннен кейін өтініш берушіге осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес белгіленген нысандағы ғарыш объектілерінің тіркелімінен үзінді береді.

  Ғарыш объектілерін және
оларға құқықтарды
мемлекеттік тіркеу
қағидаларына
1-қосымша
  нысан
  Қазақстан Республикасы
Қорғаныс және аэроғарыш
өнеркәсібі министрлігінің
Аэроғарыш комитеті

Ғарыш объектісін мемлекеттік тіркеу туралы өтініш

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 24.04.2017 № 70/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      _________________________________________________________________________ тиесілі

      (мүддесінде мемлекеттік тіркеу жүзеге асырылатын тұлға және оның тіркелген жері)

      ________________________________________________________________ ғарыш объектісін

      (ғарыш объектісінің тағайындалуы мен оның жалпы мақсаты)

      Ғарыш объектілерінің тіркеліміне және

      ________________________________________________________________________ негізінде

      (құқық белгілейтін құжаттың атауы)

      оған құқықты* тіркеуіңізді сұраймын.

      Ғарыш объектісінің ұшырылатын (болжамды ұшырылатын) күні және жері:

      ________________________________________________"___"___________________________

      Орбитаның негізгі параметрлері: апогей, км _________ перигей, км __________

      еңіс бұрышы, град._________________ айналу кезеңі, сек. _____________

      Қосымша мәліметтер: _______________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      Өтінішке келесі құжаттарды қоса беремін:

      ________________________________________________________________________________

      _______________________________________________________________________________

      (өтініш беруші) (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты) (бар болса)

      Мөр орны

      20___ ж. "___" ___________

      Ескертпе: * Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларына тиесілі ғарыш объектісіне қатысты толтырылады

  Ғарыш объектілерін және
оларға құқықтарды
мемлекеттік тіркеу
қағидаларына
2-қосымша

      ЕЛТАҢБА

  Қазақстан Республикасы
Қорғаныс және аэроғарыш
өнеркәсібі
министрлігінің
Аэроғарыш комитеті

Ғарыш обьектісін мемлекеттік тіркеу туралы
№_____куәлік

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 24.04.2017 № 70/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1. Ғарыш объектісінің тағайындалуы және оның жалпы мақсаты

2. Ғарыш обьектісінің тіркеу нөмірі

3. Ұшырылған күні және орны

4. Орбитаның негізгі параметрлері

___________________

___________________

_________________

____________________

      5. Тіркелген құқық түрі * __________________________________________________________

      (құқық белгілейтін құжаттың атауын көрсете отырып)

      6. Мүддесінде мемлекеттік тіркеу жүзеге асырылатын тұлға ____________________________

      ________________________________________________________________________________

      7. Осы арқылы ғарыш обьектісінің белгіленген тәртіппен Ғарыш обьектілерінің тіркелімінде

      тіркелгендігі расталады

      ____________________________________ ____________ _______________________________

      (уәкілетті органның басшысы) (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты) (бар болса)

      Мөр орны

      20___ж. "___" _________

      Ескертпе: * Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларына тиесілі ғарыш объектісіне қатысты толтырылады

  Ғарыш объектілерін және
оларға құқықтарды
мемлекеттік тіркеу
қағидаларына
2-1-қосымша

      Нысан

Ғарыш объектісіне құқықтардың (құқықтар ауыртпалығының)
өзгеруін мемлекеттік тіркеу туралы өтініш

      Ескерту. 2-1-қосымшамен толықтырылды - ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 26.06.2015 № 723 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 31.12.2015 дейін қолданылады) бұйрығымен.

      _____________________________________________________________ тиесілі

      (мүддесінде мемлекеттік тіркеу жүзеге асырылатын тұлға және оның

      тіркелген жері)

      ____________________________________________________ ғарыш объектісін

      (ғарыш объектісінің тағайындалуы мен оның жалпы мақсаты)

      Ғарыш объектілерінің тіркеліміне және

      ___________________________________________________________ негізінде

      (құқық белгілейтін құжаттың атауы)

      оған құқықты* тіркеуіңізді сұраймын.

      Ғарыш объектісінің ұшырылатын (болжамды ұшырылатын) күні және жері:

      _______________________________________________ "___" _______________

      Орбитаның негізгі параметрлері: апогей, км _____ перигей, км ________

      еңіс бұрышы, град._________________ айналу кезеңі, сек. _____________

      Қосымша мәліметтер:____________________________________________

      _____________________________________________________________________

      Өтінішке келесі құжаттарды қоса беремін:

      _____________________________________________________________________

      __________________________________ ___________ ________________________

      (өтініш беруші)             (қолы)             (Тегі, аты, әкесінің аты

      (бар болса))

      М.О.

      (бар болса)

      20___ ж. "___" ___________

      Ескертпе: * Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларына тиесілі ғарыш объектісіне қатысты толтырылады

  Ғарыш объектілерін және
оларға құқықтарды мемлекеттік
тіркеу қағидаларына
3-қосымша
Қазақстан Республикасы
Қорғаныс және аэроғарыш
өнеркәсібі
министрлігінің
Аэроғарыш комитеті

Ғарыш объектілерінің тіркелімінен үзінді № _________ "___" __________ ___

      Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 24.04.2017 № 70/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      ________________________________________________________________________________

      (жеке тұлғаның тегi, аты, әкесiнiң аты, туған күнi және ЖСН (бар болса);

      ________________________________________________________________________________

      заңды тұлғаның атауы және БСН (бар болса), оның өкілінің тегi, аты, әкесiнiң аты) (бар болса)

      төмендегі ғарыш объектiсіне:

1. Ғарыш объектісінің тағайындалуы және жалпы мақсаты

2. Ғарыш обьектісінің тіркеу нөмірі

3. Ұшырылған күні және орны

4. Орбитаның негізгі параметрлері





      1) мынадай құқық тiркелгенін:

Құқық түрi

Мазмұны

Құқық иесi

Ортақ меншiк нысаны, үлесi

Құқықтың туындау негiздемесi

Тiркелген күнi, уақыты

      2) мынадай құқық ауыртпалығы тiркелгенін:

Ауыртпалықтың түрi

Мазмұны

Құқық иесi немесе уәкiлеттi орган (мүдделi тұлға)

Ортақ меншiк нысаны, үлесi

Ауыртпалықтың пайда болуының негiздемесi

Тiркелген күнi, уақыты

______________

_________

___________________

__________

______________

________

      растау үшін берілді.

      Басшы: ____________ _____________________________________

      (қолы)            (тегi, аты, әкесiнiң аты) (бар болса)

  Ғарыш объектілерін және
оларға құқықтарды мемлекеттік
тіркеу қағидаларына
4-қосымша
нысан
Қазақстан Республикасы
Қорғаныс және аэроғарыш
өнеркәсібі министрлігінің
Аэроғарыш комитеті

Ғарыш объектісін мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің
телнұсқасын алуға өтініш

      Ескерту. 4-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 24.04.2017 № 70/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      ________________________________________________________________________________

      (ғарыш объектісінің тағайындалуы мен оның жалпы мақсаты)

      ғарыш объектісіне 20___ жылғы "___" ___________ № _____ Ғарыш объектісін мемлекеттік

      тіркеу туралы куәліктің телнұсқасын беруіңізді сұраймын.

      Телнұсқаны сұраудың себебі: ______________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      Өтінішке келесі құжаттарды қоса беремін: ___________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      (өтінішке көрсетілген жағдайларды растайтын құжаттар)

      ______________________________________________ ___________ ______________________

      (өтініш беруші) (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты) (бар болса)

      Мөр орны

      20___ ж. "___" ___________

  Ғарыш объектілерін және
оларға құқықтарды мемлекеттік
тіркеу қағидаларына
5-қосымша
нысан
  Қазақстан Республикасы
Қорғаныс және аэроғарыш
  өнеркәсібі министрлігінің
Аэроғарыш комитеті

Өтініш

      Ескерту. 5-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 24.04.2017 № 70/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Ғарыш объектілерінің тіркеліміне ____________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      (мүддесі үшін мемлекеттік тіркеу жүзеге асырылатын тұлға және оның мекенжайы)

      _________________________________________________________________________ тиесілі

      ________________________________________________________________________________

      (ғарыш объектісінің тағайындалуы мен оның жалпы мақсаты)

      20__ ж. "__"______ тіркеу №____ ғарыш объектісінің жойылғаны/кәдеге жаратылғаны

      туралы тиісті жазба енгізуіңізді сұраймын.

      Өтінішке келесі құжаттарды қоса беремін: ___________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      (өтініште көрсетілген жайттарды растайтын құжаттар)

      ______________________________________________ __________ _______________________

      (өтініш беруші және оның мекенжайы) (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты) (бар болса)

      Мөр орны

      20___ ж. "___" __________