Әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметінің жете тексеруді ұйымдастыруын сертификаттау және сертификат беру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 24 ақпандағы № 160 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 17 маусымда № 11379 тіркелді.

Жаңартылған

      "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 1-тармағының 41-53) тармақшасына сәйкес БҰЙРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметінің жете тексеруді ұйымдастыруын сертификаттау және сертификат беру қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті (Б.К. Сейдахметов):

      1) осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін, күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарында және "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік органдарының интранет-порталында орналастырылуын;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму
министрінің міндетін атқарушы
Ж. Қасымбек

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық қауіпсіздік комитетінің

      төрағасы

      _____________ Н.Ә. Әбіқаев

      2015 жылғы 14 мамыр

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      _____________ Е.А. Досаев

      2015 жылғы 22 сәуір

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ішкі істер министрі

      _____________ Қ.Н. Қасымов

      2015 жылғы 30 сәуір



  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрінің
міндетін атқарушының
2015 жылғы 24 ақпандағы
№ 160 бұйрығымен
бекітілген

Әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметінің жете тексеруді
ұйымдастыруын сертификаттау және сертификат беру қағидалары 1. Жалпы ережелер

      1. Осы Әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметінің жете тексеруді ұйымдастыруын сертификаттау және сертификат беру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленді және әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметінің тексеруді ұйымдастыруын сертификаттау және сертификат беру тәртібін айқындайды.

      2. Әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметінің тексеруді ұйымдастыру жөніндегі сертификатын басқа адамға беруге болмайды.

      3. Әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметінің тексеруді ұйымдастыру жөніндегі сертификаты саласы мен қолданылу мерзімі көрсетіле отырып, үш жыл мерзімге беріледі.

      4. Әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметін тексеруді ұйымдастыру жөніндегі сертификат өтініш берушінің әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметінің тексеруді ұйымдастыруының сертификаттық талаптарына сәйкестігін растайды және оған әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметінің тексеруді жүзеге асыру жөніндегі қызметін жүзеге асыруға құқық береді.

      5. Қағидаларда мынадай терминдер мен ұғымдар пайдаланылады:

      1) әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметінің тексеруді ұйымдастыру жөніндегі сертификаттық талаптары – азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган бекіткен әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметінің тексеруді ұйымдастыруы жөніндегі сертификаттық талаптарда белгіленген талаптар;

      2) өтінім – өтініш берушінің әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметінің тексеруді ұйымдастыру бойынша сертификаттаудан өту үшін азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға жазбаша өтініші;

      3) өтініш беруші – әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметінің тексеруді ұйымдастыру бойынша сертификатын (бұдан әрі – тексеруді ұйымдастыру жөніндегі сертификат) алу үшін азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға өтініш білдірген әуежай пайдаланушысы;

      4) сертификаттық тексеру – азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган жүзеге асыратын, өтініш берушінің сертификаттық талаптарға сәйкестігін, құралдарды, жабдықтарды, технологиялық процестерді, құжаттаманы, ұйымдық құрылымды және тексеруді жүзеге асыратын персоналдың құзыреттілігін тексеру;

      5) тексеру кезінде қолданылатын техникалық құралдар – жолаушыларды, қол жүгін, жүкті, багажды, поштаны, борттық қорды, әуе кемелерінің экипаж мүшелерін, авиациялық персоналды және әуежай ғимаратына келетін басқа да адамдарды тексеруді жүзеге асыру кезінде, дербес немесе қандай да бір жүйенің бөлігі ретінде пайдалануға арналған арнайы қондырғылар.

      6. Әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметінің тексеруді ұйымдастыру бойынша сертификаттауын азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган жүргізеді.

      7. Әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметінің тексеруді ұйымдастыруын сертификаттау үшін "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінде (Салық кодексі) айқындалатын тәртіппен және белгілі мөлшерде алым алынады. Әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметінің тексеруді ұйымдастыру бойынша сертификаттау көрсетілген алым мемлекеттік бюджетке түскеннен кейін жүзеге асырылады.

2. Сертификаттауды жүргізу және әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметінің жете
тексеруді ұйымдастыруы бойынша сертификат беру тәртібі

Параграф 1. Сертификаттауды жүргізу тәртібі

      8. Сертификаттауды жүргізудің мынадай тәртібі белгіленеді:

      1) өтініш берушінің азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға құжаттары қоса берілген өтінімді беруі;

      2) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның өтінім бойынша алдын ала бағалауы және шешім қабылдауы;

      3) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның сертификаттық тексеру жүргізуі;

      4) тексеруді ұйымдастыру бойынша шешім қабылдауы және сертификат беру (беруден бас тарту).

      9. Сертификат алу үшін сертификаттаудың жалпы мерзімі сертификаттау жүргізуге өтінім келіп түскен сәттен бастап он бес жұмыс күнін құрайды.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 28.12.2018 № 946 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Параграф 2. Өтінім бойынша алдын ала бағалау және шешім қабылдау

      10. Өтініш беруші азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға осы Қағиданың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтінім жібереді.

      Өтінімге осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес құжаттар қоса беріледі.

      Өтініш беруші осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайларда, азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган өтінішті қабылдаудан бас тартады.

      Ескерту. 10-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 28.12.2018 № 946 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      11. Келесі сертификаттау кезінде өтініш беруші азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға орын мәлімделген өзгерістерге (өзгеріс болған немесе жаңартуға талап етілетін) қатысты құжаттары бар өтінімді ұсынады.

      12. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган ұсынылған құжаттарды қарайды және бес жұмыс күні мерзімінде осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес, нысан бойынша әуежайға авиациялық қауіпсіздік қызметінің жете тексеруді ұйымдастыруы жөніндегі сертификатты алуға өтінім бойынша шешім қабылдайды.

      Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 28.12.2018 № 946 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      13. Өтінімді алдын ала бағалауға құжаттарда ұсынылған рәсімдермен, практикамен және әдістермен жалпы танысу және олардың сертификаттық талаптарға сәйкестігін тексеру жатады.

      Бұл ретте мынадай мәселелер қарастырылады:

      1) авиациялық қауіпсіздік қызметінің тексеру бөлімшелерін ұйымдастыру;

      2) әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметінің тексеру бөлімшелерінің ұйымдық құрылымы, практикасы және басқарудың негізгі принциптері;

      3) осы Қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметінің басшылық құрамы, мамандары, техникалық құралдары, өндірістік базасы бойынша деректердің болуы;

      4) тексеруді жүзеге асыратын штаттың жасақталуы және персоналдың дайындық деңгейі;

      5) жолаушыларды, қол жүгін, әуе кемелерінің экипаж мүшелерін және авиаперсоналдарды тексеруді ұйымдастыру;

      6) тексеру инспекторларында және олардың басшыларында кәсіптік даярлықтан өту туралы тиісті сертификаттарының болуы;

      7) ұшу алдында багажды, жүкті, поштаны және борттық қорларды тексеруді ұйымдастыру;

      8) тексеру кезінде қолданылатын арнайы техникалық құралдардың болуы және оларды пайдалану;

      9) өтінім бойынша шешім қабылдау.

      14. Осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес ұсынылған құжаттарды алдын ала бағалау барысында сертификаттық талаптарға сәйкессіздігі анықталған жағдайда, өтінім себептері көрсетіле отырып, осы Қағидалардың 12-тармағында белгіленген мерзімде қайтаруға жатады.

      Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 28.12.2018 № 946 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      15. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган оң шешім қабылдаған жағдайда сертификаттық тексеру жүргізу үшін комиссия құрылады.

      Сертификаттық тексеруді функцияларына авиациялық қауіпсіздік мәселелері кіретін азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның мемлекеттік авиациялық инспекторлары жүргізеді. Сертификаттық тексеруге азаматтық авиация ұйымының авиациялық қауіпсіздік жөніндегі мамандарды тартуға рұқсат етіледі.

Параграф 3. Сертификаттық тексеру

      16. Сертификаттық тексеру осы Қағидалардың 5-қосымшасына сәйкес авиациялық қауіпсіздік қызметінің тексеруді ұйымдастыру бойынша әуежайды сертификаттық тексеруді жүргізу жөніндегі нұсқамалық материалдарға сәйкес жүргізіледі.

      17. Өтініш беруші сертификаттық тексеру барысында мәлімделген қызмет саласының сертификаттық талаптарға сәйкестігін растайды.

      18. Сертификаттық тексеру нәтижелері бойынша осы Қағидалардың 6-қосымшасына сәйкес нысан бойынша тексеруді ұйымдастырудың нақты жағдайы, ұсынымдар және сертификат беру мүмкіндігі (мүмкін еместігі) туралы қорытындылар көрсетілген сертификаттық тексеру актісінің екі данасы әзірленеді. Актіге мемлекеттік авиациялық инспектор қол қояды және өтініш берушіге танысу үшін ұсынылады.

      19. Сертификаттық зерттеп-қарау мерзiмi сертификаттық зерттеп-қарауды жүргізуге шешім қабылданған сәттен бастап жеті жұмыс күнін құрайды.

      Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 28.12.2018 № 946 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Параграф 4. Сертификат беру (беруден бас тарту)

      20. Өтініш беруші Заңның 14 бабы 1 тармағының 41-60) тармақшаларына сәйкес бекітілген әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметімен жете тексеруді ұйымдастыру бойынша сертификаттық талаптарға сәйкес келсе, азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган тексеруді ұйымдастыру жөніндегі сертификатты беру туралы шешім қабылдайды.

      21. Тексеруді ұйымдастыру жөніндегі сертификатты беру үшін тексеруді ұйымдастыру жөніндегі сертификатты беру мүмкіндігі туралы қорытындысы бар сертификаттық тексеру актісі негіз болып табылады.

      22. Әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметінің жете тексеруді ұйымдастыруы жөніндегі сертификатты ресімдеу және беру мерзімі осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сертификаттық зерттеп-қарау аяқталған сәттен бастап үш жұмыс күнін құрайды.

      Әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметінің жете тексеруді ұйымдастыруы жөніндегі сертификатты беру www.egov.kz, www.elicense.kz "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.

      Ескерту. 22-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 28.12.2018 № 946 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      23. Әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметінің жете тексеруді ұйымдастыруы жөніндегі сертификатты беруден бас тарту үшін негіз:

      1) өтініш беруші сертификатты алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылатын деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;

      2) өтініш берушінің жете тексеруді ұйымдастыру жөніндегі сертификатты алу үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 332 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11588 болып тіркелген) бекітілген әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметінің жете тексеруді ұйымдастыруы жөніндегі сертификаттық талаптарға сәйкес келмеуі;

      3) уәкілетті мемлекеттік органның мемлекеттік қызметті көрсету үшін талап етілетін келісімі туралы сұрау салуға берген теріс жауабы, сондай-ақ сараптаманың, зерттеудің не тексерудің теріс қорытындысы болып табылады.

      Ескерту. 23-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 28.12.2018 № 946 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      24. Сертификат беруден бас тартқан жағдайда өтініш берушіге осы Қағидалардың 9-тармағында көрсетілген сертификаттаудың жалпы мерзімінен аспайтын мерзімде бас тарту себебі көрсетілген дәлелді жауап беріледі.

      25. Әуежайдың пайдаланушылары тексеруді ұйымдастыру жөніндегі сертификатта белгіленген талаптарды сақтайды.

Параграф 5. Сертификаттың қолданылуын тоқтату және оны қайтарып алу

      26. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган тексеруді ұйымдастыру жөніндегі сертификаттың қолданылуын мынадай жағдайларда тоқтата тұрады:

      1) әуежайды пайдаланушының әуежайдың қауіпсіздік қызметін тексеруді ұйымдастыру жөніндегі сертификаттық талаптарды сақтамауы;

      2) инспекторлық ұйғарымдарды орындамауы.

      27. Тексеруді ұйымдастыру жөніндегі сертификаттың қолданылуын тоқтатқан жағдайда әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметінің тексеруді жүзеге асыру жөніндегі қызметі тоқтатыла тұрады. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган сертификаттың қолданылуын тоқтату туралы шешімінде тоқтату себебін және тексеруді ұйымдастыру жөніндегі сертификаттың қолданылуын тоқтатылатын мерзімді (алты айдан аспауы тиіс) көрсетеді.

      Егер әуежайды пайдаланушы белгіленген мерзімде анықталған бұзушылықтарды жоймаса, онда азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган тексеруді ұйымдастыру жөніндегі сертификатты қайтарып алады.

      28. Тексеруді ұйымдастыру жөніндегі сертификаттың қолданылуын жаңғыртуды (ол тоқтатылған жағдайда) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган әуежайды пайдаланушының анықталған кемшіліктерді жойған және азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган әуежайды пайдаланушыны тексергеннен кейін ғана жүзеге асыра алады.

      Тексеруді ұйымдастыру жөніндегі сертификаттың қолданылуын тоқтатқан немесе қайтарып алған жағдайда азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган әуежайды пайдаланушыны қабылданған шешім жөнінде жедел хабардар етеді.

      28-1. Жете тексеруді ұйымдастыру жөніндегі сертификат қайтарып алынған жағдайда, оны беру осы Қағидаларда көзделген тәртіппен әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметінің жете тексеруді ұйымдастыруы жөніндегі сертификаттау қайтадан жүргізілгеннен кейін жүргізіледі.

      Ескерту. 5-параграф 28-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 28.12.2018 № 946 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      29. Тексеруді ұйымдастыру жөніндегі сертификатты қайтару жағдайында әуежайды пайдаланушы дереу тексеруді ұйымдастыру жөніндегі сертификатты азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға қайтарады.

6-Параграф. Сертификатты қайта ресімдеу

      Ескерту. 6-параграфтың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 28.12.2018 № 946 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      30. Алып тасталды – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 28.12.2018 № 946 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      31. Алып тасталды – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 28.12.2018 № 946 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      32. Қарап тексеруді ұйымдастыру жөніндегі берілген сертификаттарды қайта ресімдеу әуежай пайданушысының атауы, ұйымдық-құқықтық нысаны өзгерген және олар сертификаттық талаптарға сәйкессіздікке әкелсоқтырмаса, басқа да өзгерістер жағдайында жүргізіледі.

  Әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметінің
тексеруді ұйымдастыруын сертификаттау және сертификат
беру қағидаларына 1-қосымша
  Нысан

Әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметінің
тексеруді ұйымдастыру жөніндегі сертификатты алуға арналған
ӨТІНІМ

      _____________________________________________________________________

      (өтініш берушінің толық аты-жөні)

      __________________________________________________________ мақсатында

      (тексеруді ұйымдастыру сертификатын алу, қолдану мерзімін ұзарту)

      сертификаттау жүргізуді сұраймын.

      тексеруді жүзеге асырудың жоспарланған күні_________________

      (ұзартылған/өзгерістер енгізілген кезде, тиісінше қолданыстағы сертификаттың аяқталу мерзімі көрсетіледі)

      өтініш беруші міндеттенеді:

      1) сертификаттау рәсімдерін орындауға;

      2) сертификаттық талаптарға жауап беруге;

      3) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға тексеруді ұйымдастыру және қамтамасыз етуді жүзеге асыру мүмкіндігін ұсыну.

      Басшы __________________________________________________

      (лауазымы/қолы/күні)

      М.О.

  Әуежайдың авиациялық
қауіпсіздік қызметінің тексеруді
ұйымдастыруын сертификаттау
және сертификат беру
қағидаларына 2-қосымша

Әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметінің тексеруді ұйымдастыру жөніндегі сертификатын алуға арналған өтінімге қоса берілетін құжаттар тізбесі

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 28.12.2018 № 946 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметінің (бұдан әрі – АҚҚ) жете тексеруді ұйымдастыруы бойынша сертификаттау үшін бюджетке алым сомасының төленгенін растайтын құжат.

      2. Иондаушы сәулелендіру көздерімен жұмыс істеу құқығына санитариялық – эпидемологиялық қорытынды.

      3. Осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес әуежайдың АҚҚ басшылық құрамы, мамандары, техникалық құралдары бойынша, өндірістік базасы бойынша деректер.

      4. Өтініш берушінің АҚҚ туралы ережесі.

      5. Өтініш берушінің аумағында ААҚ бақылайтын аймақтар (рұқсаты шектеулі аймақтар) көрсетілген аумағы жоспарының схемасы және жете тексеру пункттері орналасқан аэровокзал ғимаратының егжей-тегжейлі схемасы (жоспары).

      6. АҚҚ персоналын оқыту бағдарламалары.

      7. Әуежайдың авиациялық қауіпсіздік бағдарламасы.

      8. Өтініш берушінің авиациялық қауіпсіздік сапасын ішкі бақылау бағдарламасы.

  Әуежайдың авиациялық
қауіпсіздік қызметінің
тексеруді ұйымдастыруын
сертификаттау және сертификат
беру қағидаларына 3-қосымша
  Нысан

Әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметінің тексеруді
ұйымдастыру жөніндегі сертификатын алуға арналған
өтінім бойынша
ШЕШІМ

      20__ жылғы "__" ________________ №_____

      __________________ әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметінің

      (әуежай атауы)

      тексеруді ұйымдастыру жөніндегі сертификатын алуға арналған ____________________________________өтінімін қарап,

      (өтініш берушінің атауы)

      Хабардар етеміз:

      Сіздер ұсынған құжаттар

      Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 201___жылғы "___" _________ № ___ бұйрығымен бекітілген Әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметінің тексеруді ұйымдастыруын сертификаттау және сертификат беру қағидасы сәйкес келеді (сәйкес келмейді) (құжаттардың сәйкессіздігі жағдайында сәйкессіз пункт (-тер) көрсетіледі) _____________________________________________

      М.о Уәкілетті органның басшысы немесе оның

      өкілеттік берген тұлғасы ______________ __________

      (Т.А.Ә.) (қолы)

      20_____ жылғы "___" _____________

  Әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметінің
тексеруді ұйымдастыруын сертификаттау
және сертификат беру қағидаларына
4-қосымша

Тексеру бөлімшесінің персоналы, әуежайдың ААҚ басшылық құрамы,
әуежайдың ААҚ өндірістік базасы, техникалық құралдары бойынша
жиынтық деректер
1. Әуежайдың тексеру бөлімшесінің песоналы мен ААҚ басшылық
құрамын жасақтау жөніндегі деректер

      (әуежай атауы)

Штаттық лауазымдар

Санаты

Штат бойынша саны

Нақты саны

Әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметінің басшылық құрамының штаттық лауазымдары




1.




2.




Тексеру бөлімшесінің штаттық лауазымдары




1.




2.




2. Авиациялық қауіпсіздік қызметінің өндірістік базасы
жөніндегі деректер

Әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметіне арналған өндірістік жайлар мен құрылыстар

Саны және жалпы ауданы – (кв.м)

Жеке меншік

Жалданатын

1. Әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметінің қызметтік жайлары







2. Әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметінің тұрмыстық жайлары







3. Әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметінің оқу сыныбы







4. Өту/жүруге арналған бақылау-өткізу пункті







5. ӘК жолаушыларды, экипаж мүшелерін, авиаперсоналды тексеру пункттері







6. Багажды, жүкті, поштаны, борттық қорларды тексеру пункттері







7. Қосымша ақпарат







3. Авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі техникалық
құралдар тізбесі

Тексеру пункттерінің саны

1. Халықаралық желілерде________________

2. Ішкі желілерде________________

3. Бақылау-өткізу пунктінде _____________________

4. Ресми делегация залдарында ________________

5. Багажды, жүкті, борттық қорларды тексеру үшін ____________________________________________________

Авиациялық қауіпсіздіктің техникалық құралдарын тағайындау және атауы

Үлгісі, моделі

Саны

1

2

3

1. Жолаушыларды, экипаж мүшелерін, авиаперсоналды және олардың қол жүгін тексерудің техникалық құралдары:



2. Рентгендік-теледидарлық құрылғылар

Стационарлық металл іздегіштер

Тасымалды (қол) металл іздегіштер



3. Багажды, жүкті, поштаны және борттық қорларды тексерудің техникалық құралдары:

рентгендік-телевизиялық құрылғылар

тасымалды (қол) металл іздегіштер



4. Жарылғыш заттарды (жарылғыш заттар детекторлары) анықтауға арналған жабдық




      Әуежай басшысы _____________________________________________

      (Т.А.Ә., қолы)

      Күні _______________________________ М.о.

  Әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметінің
тексеруді ұйымдастыруын сертификаттау
және сертификат беру қағидаларына
5-қосымша

Авиациялық қауіпсіздік қызметінің тексеруді ұйымдастыруы
жөніндегі әуежайды сертификаттық тексеру бойынша нұсқамалық
материал

      Ескерту. 5-қосымшаға өзгеріс енгізілді – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 28.12.2018 № 946 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Тексеру күні, бұйрық №: ________________________

      Т.А.Ә., тексеретін тұлғалардың лауазымы: ________________________

р/с №

Тексеру бағдарламасы бойынша позициялар нөмірлері және тексерілетін элементтер Авиациялық қауіпсіздік Сәйкестік бағасы (+/-)

1

2

3

1. Авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді ұйымдастыру

1

Авиациялық қауіпсіздік қызметі туралы ереже (бұдан әрі – АҚҚ).


2

Әуежайдың АҚҚ құрылымы мен штат кестесінің болуы.


3

Әуежайдың бірінші басшысы бекіткен әуежайдың авиациялық қауіпсіздік жөніндегі нұсқаулығы (бағдарламасы).


4

Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен техникалық құралдарға қойылатын талаптардың сәйкес келетін қарап тексеру кезінде қолданылатын техникалық құралдар.


5

Авиациялық қауіпсіздік қызметі мамандарын, азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның авиациялық қауіпсіздік және ұшу қауіпсіздігі мәселелері жөніндегі лауазымды адамдарын даярлау және қайта даярлау бағдарламасына сәйкес әзірленген әуежайдың АҚҚ авиациялық қауіпсіздік бойынша даярлау және қайта даярлау бағдарламасы.


6

Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін авиациялық қауіпсіздікті сақтау сапасына бақылау жүргізу қағидасының талаптарына сәйкес әзірленген авиациялық қауіпсіздік шараларының сапасын ішкі бақылау бағдарламасы.


7

Әуежай АҚҚ-ның қызметтік және тұрмыстық үй-жайлары.


8

Байланыс құралдарымен, жарықпен, турникеттермен, дабыл сигналы жүйесімен, рентген-телевизия қондырғыларымен, қарап тексерудің стационарлық техникалық құралдарымен жабдықталған бақылау-өткізу пункттері (бұдан әрі – БӨП).


9

Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін Азаматтық авиацияның авиациялық қауіпсіздік жөніндегі нұсқаулығына (бағдарламасына) сәйкес әуе кемесінің бортында қару-жарақты, оқ-дәріні тасымалдау жөніндегі нұсқаулық.


10

Әуежайдың бірінші басшысы бекіткен электр энергиясы ажыратылған немесе қарап тексеруге арналған жабдық сынған жағдайда АҚҚ персоналының іс-қимылы жөніндегі нұсқаулық.


11

Стационарлық металл іздегіштермен, рентген-телевизия қондырғыларымен, портативті металл іздегіштермен жабдықталған ұшу алдындағы қарап тексеру пункттері.


12

Жеке (дербес) қарап тексеруді жүргізуге арналған үй-жай (бөлме).


13

Ұшу кезеңінде уақытша сақтау үшін жолаушылар берген қару-жарақты, оқ-дәріні және оның патрондарын, арнайы құралдарды қабылдауға (беруге), тексеруге және ресімдеуге арналған үй-жай (бөлме).


14

Тексеру кезінде жолаушылардан алынған, әуемен тасымалдауға тыйым салынған қауіпті заттар мен нәрселерді уақытша сақтауға арналған үй-жай.


15

Жолаушыларды ұшу алдында қарап тексеру пункттері мен әуе кемелері арасындағы аймақтар, оларға кіру қатаң бақыланады.


16

Жолаушыларды тіркеу аймақтарында авиациялық қауіпсіздік жөніндегі арнайы ақпарат:


1)

Әуе көлігінде тасымалдауға тыйым салынған қауіпті заттар мен нәрселердің тізбесі.


2)

Әуе кемелерінде қару-жарақты, оқ-дәріні, арнайы құралдарды, радио, фото және бейнеаппаратураны, электрондық-есептеу және телевизия техникасын тасымалдау қағидасы, сондай-ақ қол жүгін алып жүрудің рұқсат етілетін нормалары.


17

Қарап тексеруден өткен жолаушылардың қарап тексеруден өтпеген жолаушылармен немесе шығарып салушылармен қарым-қатынасын болдырмау үшін қарап тексеру пункттері қоршалады.


2. Жолаушылар мен қол жүгінің, әуе кемелері экипаж мүшелерінің және авиация персоналының қауіпсіздігі

18

Әуежайдың бірінші басшысы бекіткен жолаушыларды, қол жүгін, әуе кемелері экипаждарының мүшелерін және авиация персоналын ұшу алдында қарап тексерудің технологиясы:


1)

Әрбір қарап тексеру пунктінің персоналмен жасақталуы (жолаушыларды ұшу алдында қарап тексеру пунктіндегі персонал саны 4 маманнан кем болмауға тиіс), ауысым бойы жұмыс орындарын үнемі ротациялауды жүзеге асыру.


2)

Жолаушының жеке заттарын қарап тексеру тәртібі (техникалық құралдарды пайдалана отырып, жолаушылардың сыртқы киімін, бас киімдерін, аяқ киімін, белбеулерін, жұмысқа қабілеттілігін имитациялай отырып, компьютерлік және тұрмыстық техниканы міндетті түрде қарап тексеру).


3)

Сұйықтықтарды, аэрозольдер мен гельдерді қарап тексеру тәртібі.


4)

Тексеру немесе заттарды қолмен қарап тексеру кезінде қолданылатын техникалық құралдарды пайдаланғанда күдікті заттар табылған кездегі іс-қимыл тәртібі.


5)

Іріктеп тексеруге қатысты талаптар (кемінде 10 % іріктеп қолмен қарап тексеруге тартылады).


6)

Ішкі істер органдарымен өзара іс-қимыл тәртібі.


7)

Ресми делегациялар залы арқылы өтетін жолаушыларды қарап тексеру рәсімдері.


8)

Транзитпен немесе трансферттік рейспен өтетін жолаушыларды қарап тексеру тәртібі.


9)

Қазақстан Республикасы Үкіметі бекітетін Азаматтық авиацияның авиациялық қауіпсіздігі жөніндегі нұсқаулыққа (бағдарламаға) сәйкес жолаушыларды қарап тексеру карталарын рәсімдеу тәртібі.


10)

Қарап тексеру пунктінде тәркіленген заттарды ресімдеу, сақтау, иесіне қайтару және жою қағидасы.


11)

Авиациялық қауіпсіздік шараларын бұзуға жоғары қауіп төнген кезеңде қарап тексеруді жүргізу тәртібі.


12)

Медициналық проблемалары бар жолаушыларды қарап тексеруді жүргізу тәртібі.


3. Жүк бөлігінде тасымалданатын багаждың, жүктің, поштаның және борттағы қордың қауіпсіздігі.

19

Әуежайдың бірінші басшысы бекіткен багажды, жүкті, почтаны және борттағы қорды қарап тексеру технологиясы:


1)

Әуе кемесінің бортына орналастырылатын барлық заттарды толық қарап тексеру талаптары.


2)

Рентген жабдығында немесе багажды, жүкті, поштаны жеке қарап тексергенде күдікті заттар табылған кездегі іс-қимыл тәртібі.


3)

Жүк бөлігінде тасымалданатын трансферттік багажға қатысты қағида.


4)

Жолаушыларға багаждың тиістілігін белгілеу тәртібі.


5)

Багажды, жүкті және борт тамағын (борттағы қорды) қарап тексеру карталарын ресімдеу және олардың қозғалу тәртібі.


6)

Қарап тексеруден өткен жүктерді нөмірлі жапсырмалармен таңбалау тәртібі.


7)

Қарап тексеру рәсімінен өткен борт тамағы мен бажсыз саудаға арналған тауарлары бар контейнерлерді әуе кемесінің бортына жеткізу тәртібі.


8)

Қарап тексеру пунктінде тәркіленген заттарды ресімдеу, сақтау, иесіне қайтару және жою қағидасы.


20

Әуежайдың бірінші басшысы бекіткен әуежайдың зарарсыздандырылған аймағындағы бажсыз сауда дүкендеріне түсетін тауарларды қарап тексеру жөніндегі нұсқаулық.


21

Багажды, жүкті, поштаны және борттағы қосалқы заттарды жете тексеру байланыс құралдарымен, дабыл сигналымен, авариялық жарықпен және электрмен жабдықтаумен, стационарлық техникалық жете тексеру құралдарымен, рентгендік-телевизиялық қондырғылармен, сондай-ақ ақпарат күнтізбелік отыз күн сақталатын бейнебақылау және бейнежазба жүйесімен жабдықталған жете тексеру пункттерінде жүргізіледі.


      Ескерту:

      ҚОСЫМША: Сәйкессіздіктер тізбесі _____ парақта

      Комиссия төрағасы: ____________________________

      (қолы, ТАӘ)

      Комиссия мүшелері: ____________________________

      (қолы, ТАӘ)

      ТАНЫСТЫМ: Әуежай басшысы _________ _______________

      (қолы) (Т.А.Ә.)

      Сертификациялық тексеру

      өткізілген күн: ___ __________ 20__ жыл.

  Әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметінің
тексеруді ұйымдастыруын сертификаттау
және сертификат беру қағидаларына
6-қосымша

      Нысан

Сертификаттық тексеру актісі

      ___________________________ 20___жылғы " __" _____________

      (уәкілетті орган атауы)

      бұйрыққа сәйкес мынадай құрамдағы комиссиямен:

      Тексерушілер: ______________________

      (Т.А.Ә., лауазымы)

      ______________________

      (Т.А.Ә., лауазымы)

      ______________________

      (Т.А.Ә., лауазымы)

      _______________________________________________ сертикаттау өткізді.

      (заңды тұлғаның атауы)

      Жалпы ережелер ______________________________________________________

      Анықталған кемшіліктері _____________________________________________

      Қорытынды ___________________________________________________________

      Тексерушілер: ___________________ _________________________

      (Т.А.Ә.) (қолы)

      ___________________ _________________________

      (Т.А.Ә.) (қолы)

      ___________________ _________________________

      (Т.А.Ә.) (қолы)

      Актімен таныстым:

      Ұйым басшысы _______________________ ____________________________

      (Т.А.Ә.) (қолы)

  Әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметінің
тексеруді ұйымдастыруын сертификаттау
және сертификат беру қағидаларына
7-қосымша

      Нысан

ЕЛТАҢБА

      ___________________________________________________________

Уәкілетті органның атауы
Әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметінің
тексеруді ұйымдастыру
СЕРТИФИКАТЫ
№ ________________

      Қолданыс мерзімінің өтуі:

      Пайдаланушының атауы

      Пайдаланушының мекенжайы:

      Телефон:

      Факс:

      E-mail:

      Байланыс ақпараты:

      Осы сертификат ____________________________________ әуежайының

      (әуежай атауы)

      пайдаланушысына Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 201___жылғы "___" _________ № ___ бұйрығымен бекітілген Әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметінің тексеруді ұйымдастыруын сертификаттау және сертификат беру қағидасына сәйкес әуе кемесіндегі жолаушыларды, қол жүгін, жүкті, багажды, поштаны, борттық қорларды, экипаж мүшелерін, авиациялық персоналды тексеруді жүзеге асыруға құқық береді.

      _______________________________________________________ инспекциялық

      (уәкілетті органның атауы)

      бақылауды жүзеге асырады.

      М.О. Уәкілетті органның басшысы немесе

      оның өкілеттік берген тұлғасы

      ____________ __________________________

      (қолы) (Т.А.Ә.)

      Берілген күні 20___ жылғы "__" ___________________

      ___________________________________________________________

      (әуежай пайдаланушысының атауы, №____ сертификкат)