Жоғары технологиялық өнімдер өндіру жөніндегі қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 23 ақпандағы № 141 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 17 маусымда № 11375 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 24 маусымдағы № 521 бұйрығымен

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 24.06.2016 № 521 бұйрығымен.

      «Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» 2012 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 10) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған жоғары технологиялық өнімдер өндіру жөніндегі қызмет түрлерінің тізбесі бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Технологиялық және инновациялық даму департаменті (А.Б. Батырқожа):
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін, оның көшірмесін он күнтізбелік күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялау үшін жіберуді;
      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында ресми жариялануын және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;
      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму вице-миниcтрі Е.К. Сағадиевке жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Инвестициялар және даму
      министрінің міндетін атқарушы              Ж. Қасымбек

      «КЕЛІСІЛДІ»:
      Қазақстан Республикасының
      Ауыл шаруашылғы министрі
      __________________ А. Мамытбеков
      2015 жылғы 15 мамыр

      «КЕЛІСІЛДІ»:
      Қазақстан Республикасының
      Ұлттық экономика министрі
      __________________ Е. Досаев
      2015 жылғы 24 сәуір

      «КЕЛІСІЛДІ»:
      Қазақстан Республикасының
      Энергетика министрі
      __________________ В. Школьник
      2015 жылғы 5 мамыр

Қазақстан Республикасы    
Инвестициялар және даму   
министрінің міндетін атқарушының
2015 жылғы 23 ақпандағы   
№ 141 бұйрығымен        
бекітілген           

Жоғары технологиялық өнімдер өндіру жөніндегі
қызмет түрлерінің тізбесі

Р/с

Өнім өндірісінің атауы

ЭҚЖЖ коды

1

2

3

Өнеркәсіптік газдар өндірісі

1.

Сұйық немесе сығылған органикалық өнеркәсіптік газдарды немесе хладагент буларын: табиғи газды, сұйық немесе сығылған ауаны, хладагент буын, аралас өнеркәсіптік газдарды, көмірқышқыл газы сияқты инертті газдарды, оқшауланған газ өндірісі

20.11

Бояғыш заттар мен пигменттер өндірісі

2.

Негізгі нысандардағы кез келген бастау көздерінен бояғыш заттар мен пигменттер немесе концентраттар өндірісі

20.12

3.

Флуоресцентті немесе люминесцентті жарықтандыру үшін пайдаланылатын өнімдер өндірісі

20.12

Басқа негізгі бейорганикалық химиялық заттар өндірісі

4.

Химиялық элементтер өндірісі (өнеркәсіптік газдар мен негізгі металдардан басқа)

20.13

5.

Азот қышқылынан басқа, органикалық қышқылдар өндірісі

20.13

6.

Сілті өндірісі

20.13

7.

Уран және торий кенін байыту

20.13

8.

Радиоактивті изотоптардың өндірісі

20.13

Басқа негізгі органикалық химиялық заттар өндірісі

9.

Негізгі органикалық химикаттар:
сатурирленген және сатурирленбеген, ациклді көмірсутектер қаныққан және қанықпаған циклді көмірсутектер ациклді және циклді спирт сіркесу қышқылын қоса, моно- және поликарбон қышқылдар альдегид, кетон, қосарлы немесе көпфункционалды оттек қоспаларын қоса, басқа да оттек-фукнционалды қоспалар синтетикалық глицерин аминоқышқылдарды қоса, азот-функционалды органикалық қоспалар өндірісі спиртті және күрделі эфир өндірісі үшін қант қамысын, жүгеріні немесе т.т ферменттеу

20.14

10.

Синтетикалық хош иісті өнімдер өндірісі

20.14

11.

Көмір шайырын дистилдеу

20.14

Тыңайтқыштар және құрамында азоты бар қоспалар өндірісі

12.

Тыңайтқыштар: азот немесе құрамында азоты бар, фосфор немесе калий тыңайтқыштарын, шикізат мұнайдан алынған несепнәр, табиғи фосфаттар және табиғи калий тұздар өндірісі

20.15

13.

Құрамында азоты бар өнімдер өндірісі: азот қышқылдары мен азот сульфаты, аммоний, аммоний хлориді, аммоний карбонаты мен аммоний карбоматы, нитриттер мен калий нитриттері қоспалары

20.15

Бастапқы қалыпта пластик өндірісі

14.

Бастапқы қалыпта пластик өндірісі:
этилен, пропилен, стинин, винилхлорид, винилацетат және акрилді қоса, полимерлер полиамидтер фенолиялық және эпоксидтік шайырлар және полиэтилен алкидтік және полиэстерлік шайырлар мен полимерлер силикон полимерлерге негізделген ионауыстырғыш шайырлар


15.

Целлюлоза және оның химиялық туындылар өндірісі

20.16

Бастапқы қалыптағы синтетикалық каучук өндірісі

16.

Бастапқы қалыпта синтетикалық резеңке өндірісі:
синтетикалық резеңке резеңке қоспаларға арналған фактис/пластификатор

20.17

17.

Синтетикалық резеңкеден және сағызға ұқсас табиғи резеңке компонентерінен қоспалар өндірісі, (мысалы, балата)

20.17

Пестицидтер және басқа агрохимиялық өнімдер өндірісі

18.

Инсектицид/жәндіктерге қарсы құралдар, родентицидтер, фунгицидтер, гербицидтер, акарицидтер, молюстицидтер, биоцидтер өндірісі

20.20

19.

Өсімдіктердің өсуін реттейтін өнімдер өндірісі

20.20

20.

Залалсыздандыру құралдар өндірісі (ауыл шаруашылығы мақсаттарына және басқа да мақсаттарға пайдалану үшін)

20.20

21.

Басқа санаттарға енгізілмеген өзге агрохимиялық өнімдер өндірісі

20.20

Бояулар, лактар және ұқсас бояғыш заттар, типографиялық бояулар мен мастика өндірісі

22.

Бояулар, лактар мен эмальдар өндірісі

20.30

23.

Мастика өндірісі

20.30

24.

Шпатлевка және сол сияқты үстіңгі беттерді тегістеуге арналған препараттар өндірісі

20.30

25.

Органикалық еріткіштер өндірісі

20.30

Сабын және жуу құралдарын, тазалағыш және жылтыратқыш заттар өндірісі

26.

Органикалық беттік-белсенді препараттар өндірісі

20.41

Жарылғыш заттар өндірісі

27.

Жарылғыш заттар өндірісі

20.51

Басқа санаттарға енгізілмеген басқа химиялық өнімдер өндірісі

28.

Дайын резеңке катализаторлар өндірісі

20.59

29.

Радиофармацевтикалық препараттарды өндіру

-

30.

Полимерлік трек мембрана өндіру

-

Негізгі фармацевтік өнімдер өндірісі

31.

Дәрі-дәрмектер: антибиотиктер, негізгі витаминдер, салицилла және O-ацетилсалицилла қышқылдар және т.б. өндірісі үшін пайдаланылатын медициналық фармакологиялық препараттар өндірісі

21.10

32.

Без өңдеу және безден экстракт өндірісі

21.10

Фармацевтік препараттар өндірісі

33.

Дәрі-дәрмектер: иммундық сарысу және т.б.; вакциналар, гомеопатикалық препаратты қоса, түрлі дәрі-дәрмектер өндірісі

21.20

34.

Сыртынан қолдануға арналған химиялық контрацептивтік өнімдер мен гормоналды контрацептивтер өндірісі

21.20

35.

Медициналық диагностикалық препараттар

21.20

36.

Радиоактивті заттарды анықтауға арналған диагностикалық препараттар өндірісі

21.20

37.

Биологиялық фармацевтік препараттар өндірісі

21.20

38.

Полимерлік гидрогельдердің өндірісі

-

Басқа резеңке бұйымдар өндірісі

39.

Түтіктер мен шлангілер өндірісі

22.19

40.

Резеңке конвейерлік немесе трансмиссиялық белдіктер өндірісі

22.19

Электрондық тетіктер өндірісі

41.

Микропроцессорлар өндірісі

26.11

42.

Коннекторлар өндірісі

26.11

43.

Баспа схемалар өндірісі

26.11

44.

Интеграл/біріктіруші микросызбалар өндірісі (баламалы, сандық немесе аралас)

26.11

45.

Диодтар, транзисторлар және оларға қатысты дискретті қондырғылар өндірісі

26.11

46.

Жартылай өткізгіш палстиндер, дайын және жартылай дайын жартылай өткізгіштер өндірісі

26.11

47.

Дисплейлер мен жинақтамалар (плазмалы, полимерлі, сұйықкристалды) өндірісі

26.11

48.

Сәуледиодиттер өндірісі (LED)

26.11

49.

Принтер, монитор, USB порттар, коннекторларға арналған кабельдер өндірісі және т.б.

26.11

Электрондық жүктеу панельдерінің өндірісі

50.

Баспа сызба платаларға арналған жүктеу компоненттерінің өндірісі

26.12

51.

Интерфейстік карталар/платалар (оның ішінде дыбыс, бейне, басқарушы және тораптық модемдер) өндірісі

26.12

Компьютерлер мен перифериялық жабдықтар өндірісі

52.

Үстел компьютерлер өндірісі

26.20

53.

Портативті компьютерлер өндірісі

26.20

54.

Компьютер деректерін өңдеуге арналған орталық блоктар өндірісі

26.20

55.

Тасымалданатын компьютерлер өндірісі (сонымен бірге PDA)

26.20

56.

Оптикалық дисководтар өндірісі (CD-RW, CD-ROM, DVD-ROM, DVD-RW сияқты)

26.20

57.

Принтерлер өндірісі

26.20

58.

Мониторлар өндірісі

26.20

59.

Клавиатуралар өндірісі

26.20

60.

Тінтуіштердің барлық типтерін, басқару джойстик рычагтарын және трекбол-тінтуіштерге арналған керек-жарақтар өндірісі

26.20

61.

Мамандандырылған компьютерлік есептеу терминалдар өндірісі

26.20

62.

Компьютерлік серверлер өндірісі

26.20

63.

Штрих кодтарды санауға арналған қондырғыларды қоса, сканерлер өндірісі

26.20

64.

Смарт-карталарға арналған санау қондырғылар өндірісі

26.20

65.

Виртуалды ойындарға арналған шлемдер мен каскалар өндірісі

26.20

66.

Компьютерлік прожекторлар өндірісі (бейне сәулешығарғыш)

26.20

67.

Банкоматтар (ATМ), кассалық терминалдар (POS) сияқты компьютерлік терминалдар және механикалық тәсілмен басқарылмайтын басқа да терминалдар өндірісі

26.20

68.

Екі немесе одан көп функция атқаратын көпфункциялы офистік жабдықтар өндірісі: басу, сканерлеу, көшірме жасау, факстік байланыс

26.20

Коммуникациялық жабдықтар өндірісі

69.

Беруші және қабылдаушы антенналар өндірісі

26.30

70.

Диспетчерлік пультке дабылдар жіберетін бұзуға қарсы және өртке қарсы жүйелер өндірісі

26.30

71.

Радио және телеқабылдағыштар өндірісі

26.30

Өлшеуге, тесттеуге және навигациялауға арналған құралдар мен аспаптар өндірісі

72.

Радиациялық детекторлар өндірісі

26.51

73.

Жылу жүйелеріне арналған температураны бақылау аспаптар өндірісі

26.51

74.

Спектрометрлер өндірісі

26.51

75.

Тұрмыстық өлшеуіштер өндірісі (мысалы, суөлшегіш, газөлшегіш, электрқуатын есептегіштер)

26.51

76.

Суөлшеуіштер мен есептеу қондырғылар өндірісі

26.51

77.

Есептегіштер өндірісі

26.51

78.

Қоршаған орта жай-күйін бақылау аспаптар және автоматты бақылау аспаптар өндірісі

26.51

Сәулелендіруші, электромедициналық және электротерапевтік жабдықтар өндірісі

79.

Иррадиациялық аппараттар мен құрылғылар өндірісі (мысалы, өнеркәсіптік, медициналық, диагностикалық, зерттеу және ғылыми): бета-, гамма, рентген немесе басқа да радиациялық жабдықтар

26.60

80.

CT сканерлер өндірісі

26.60

81.

PET сканерлер өндірісі

26.60

82.

Магнитті-резонансты бейнелер (MRI) алуға арналған жабдықтар өндірісі

26.60

83.

Медициналық ультрадыбыстық жабдықтар өндірісі

26.60

84.

Электрокардиографтар өндірісі

26.60

85.

Электромедициналық эндоскопиялық жабдықтар өндірісі

26.60

86.

Медициналық лазерлік жабдықтар өндірісі

26.60

Оптикалық құралдар мен фотографиялық құрал-жабдықтар өндірісі

87.

Лазерлік жабдықтар өндірісі

26.70

Электр моторлар, генераторлар, трансформаторлар өндірісі

88.

Электр моторлар өндірісі (іштен жанатын қозғалтқыштардан басқа)

27.11

89.

Таратушы электр трансформаторлар өндірісі

27.11

90.

Электр қуатын таратуға арналған трансформаторлық шағын станциялар өндірісі

27.11

Электр таратушы және реттеуші аппаратура өндірісі

91.

Бастапқы қуат көздер өндірісі

27.12

92.

Электр энергиясын түрлендіргіштердің өндірісі

-

Батареялар және аккумуляторлар өндірісі

93.

Бастапқы элементтер: құрамында марганец диоксиді, сынап диоксид, күміс диоксиді және т.б. бар батарея элементтер өндірісі

27.20

94.

Оларға мынадай: бөлгіштер, корпустар, қақпақтар қосалқы бөлшектерді қоса, электр аккумуляторларын өндірісі

27.20

95.

Никель-кадмий батареялар өндірісі

27.20

96.

Никель-металлогидридті қуат көзі батареялар өндірісі

27.20

97.

Литий батареялар өндірісі

27.20

Талшықты-оптикалық кабель өндірісі

98.

Деректерді беруге немесе бейнелерді тікелей таратуға арналған оптоталшықты кабельдер өндірісі

27.31

Электр сымының және кабельдің басқа түрлер өндірісі

99.

Болаттан, мыстан және алюминийден оқшауланған сым өндірісі

27.32

Электрмен жарықтандыру жабдықтар өндірісі

100.

Тасымалдауға арналған жарықтандыру құралдар (мысалы, автокөлік құралдары, әуе кемелері, қайықтар үшін) өндірісі

27.40

Басқа электр жабдықтар өндірісі

101.

Көміртекті және гарфитті электродтар, қосылыстар және басқа да электркөміртекті және гарфитті өнім түрлер өндірісі

27.90

102.

Ультрадыбысты тазалау машиналар өндірісі (зертханалық және стомотологиялық түрлерінен басқа)

27.90

103.

Плазмалық және радиациялық әсермен материалдардың қасиеттерін өзгертетін қондырғылардың өндірісі

-

Авиациялық, автокөлік және мотоциклді қозғалтқыштардан басқа, қозғалтқыштар және турбиналар өндірісі

104.

Барлық іштен жанатын қозғалтқыштарға, дизельдік қозғалтқыштарға жән т.т. үшін қақпақшалар, поршен сақиналар, карбюраторлар және т.б. өндірісі

28.11

105.

Турбогенераторлық құрылғыларды өндірісі

28.11

106.

Турбиналарды және оларға қосалқы бөлшектер өндірісі: бу турбиналары және басқа да турбиналар, гидравликалық турбиналар, гидротурбинаның жұмыс дөңгелектері және оларға реттеушілер, жел қозғалтқыштары, әуе кемелеріне арналған турбореактивті турбиналарды немесе турбоқозғалтқыштардан басқа, газ турбиналары

28.11

107.

Бу турбиналары үшін құрылғылар өндірісі

28.11

Басқа сорғылар, сығымдағыштар, тығындар және клапандар өндірісі

108.

Іштей жану қозғалтқыштарына арналған сорғылар: автокөлік құралдарына және т.б. арналған май, су және отын сорғылар өндірісі

28.13

Көтеру және тасымалдау жабдықтар өндірісі

109.

Механикалық немесе электрлік көтеру, тиеу немесе түсіру техникасын: көтергіштер, лебедкалар, және т.с.с. жабдық, көтеру аспаптары, крандар, жылжымалы көтеру рамалары, порталды ағаш тасығыштар, және т.б., өзі жүретін немесе онсыз, өндірісте қолданылатын (қол арбалар мен тачкаларды қоса алғанда) көліктік тиеу жабдығы бар немесе жоқ жүк тартқыштары, көтеру, тасымалдау, тиеу немесе түсіру үшін арнайы әзірленген механикалық басқарылатын құрылғылар және өнеркәсіптік роботтар өндірісі

28.22

110.

Лифтілер, эскалаторлар және жылжымалы жолдар өндірісі

28.22

111.

Көтеру және тасымалдау жабдығына арналған қосалқы бөлшектер өндірісі

28.22

Өнеркәсіптік тоңазыту және желдету жабдық өндірісі

112.

Жылу алмастырғыштар өндірісі

28.25

Басқа топтарға енгізілмеген жалпы мақсаттағы өзге машиналар мен жабдықтар өндірісі

113.

Газ генераторлар өндірісі

28.29

114.

Центрифугалар өндірісі (қаймақ бөлушілерден және кептіру аппараттарынан басқа)

28.29

115.

Индукциялық жылыту қондырғылардың өндірісі

-

Ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы техникасының өндірісі

116.

Ауыл шаруашылығында және орман шаруашылығында пайдаланылатын тракторлар өндірісі

28.30

117.

Топырақты дайындауға, тыңайтқыштарды себуге немесе енгізуге арналған ауылшаруашылық техника өндірісі: соқалар, тыңайтқыштарды бөліп таратқыштарды себу агрегаттарын/сепкіштерді, тырмалар және т.б. өндірісі

28.30

118.

Жинауға және астық басуға арналған техниканы: жинау машиналары, молотилкалар, сұрыптағыштар және т.б. өндірісі

28.30

119.

Әр түрлі ауыл шаруашылық техникасын: құс шаруашылығы, ара шаруашылығы аумағында пайдалану үшін жабдық, жем-шөптерді дайындауға арналған жабдық және т.б., жұмыртқаларды, жемістерді және т.б. тазалауға, сұрыптауға немесе өңдеуге арналған машиналар өндірісі

28.30

Металдарды қысыммен өңдеуге арналған жабдық өндірісі

120.

Сәулемен, ультрадыбыспен, плазмалық доғамен, магнитті импульстармен және т.б. лазерлік өңдеуді қоса, металдарды өңдеуге арналған механикалық станоктар

28.41

121.

Токарлық өңдеуге, бұрғылауға, майдалауға, нысандауға, сүргілеу станогында өңдеуге, тесіктер жасауға, майдалауға және т.б. арналған механикалық станоктар өндірісі

28.41

122.

Штамптаушы және престеуші механикалық станоктар өндірісі

28.41

123.

Компостерлік престер, гидравликалық престер, гидравликалық ұсатқыштар, аспалы тіреулі балғалар, металдарды қысыммен өңдеуге арналған жабдықты және т.б. өндірісі

28.41

Басқа металл өңдейтін станоктар өндірісі

124.

Гальванды жабындарға арналған жабдық өндірісі

28.49

Металлургияға арналған машиналар мен жабдық өндірісі

125.

Металдарды ыстықтай өңдеуге арналған машиналар және жабдықтар: конверторлар, құю жабдығы, құю ожаулары, құю машиналар өндірісі

28.91

Тау-кен қазушы өнеркәсіпке, жер асты қазба жұмыстары мен құрылысқа арналған техника өндірісі

126.

Жер астында пайдалануға арналған үздіксіз жұмыс істейтін элеваторлар және конвейерлер өндірісі

28.92

127.

Бұрғылау, кесу жабдығын, тоннельдерді салуға арналған техниканы және көтеру машиналар өндірісі (жер астында және басқа мақсатта пайдалану үшін)

28.92

128.

Жер жұмыстарына арналған тасушылар: бульдозерлер, айналма қайырмасы бар бульдозерлер/әмбебап бульдозерлер, грейдерлер, қырғыш конвейерлер, тегістегіштер, бір қауғалы экскаваторлар, бір қауғалы тиегіштер және т.б. өндірісі

28.92

129.

Бетон және қоспа араластырғыштар өндірісі

28.92

130.

Минералдарды өңдеуге, себуге, сұрыптауға, бөлуге, жууға, ұсақтауға және т.б. арналған техника өндірісі

28.92

Тамақ өнімдерін, сусындарды және темекі өнімдерін өндірісіне және қайта өңдеуге арналған жабдық өндірісі

131.

Ауылшаруашылық кептіргіштер өндірісі

28.93

Басқа топтарға енгізілмеген арнайы мақсатқа арналған басқа машиналар мен жабдықтар өндірісі

132.

Арнайы тапсырмаларды орындау үшін өнеркәсіптік көп функционалдық роботтар өндірісі

28.99

Автокөлік құралдар өндірісі

133.

Жолаушылар автомобильдерінің өндірісі

29.10

134.

Өнеркәсіптік автокөлік құралдар өндірісі: фургондар, жүк машиналары, жартылай тіркемелерге арналған кез келген жерде жүретін тракторлар және т.б.

29.10

135.

Автобустар, троллейбустар, және жолаушы вагондары

29.10

136.

Автокөлік құралдарына арналған қозғалтқыштар өндірісі

29.10

137.

Автокөлік құралдарына арналған шассилер өндірісі

29.10

138.

Басқа да автокөлік құралдарын өндірісі: қарда жүргіштер, гольфке арналған автомобильдер, жер бетінде-суда жүретін автокөлік құралдары, өрт машиналары, көшелер мен жолдарды жинауға арналған машиналар, мобильді кітапханалар, брондалған автомобильдер және т.б., бетон араластырғышы бар жүк машиналары

29.10

139.

Жарыс автомобильдерін қоса, кез келген жерде жүре беретін машиналар, карттар және осы сияқтылар

29.10

Автокөлік құралдарына арналған шанақтар өндірісі; трейлерлер және жартылай тіркемелер өндірісі

140.

Автокөлік құралдарына арналған кабинаны қоса, шанақтар өндірісі

29.20

141.

Автокөлік құралдарының барлық типтеріне арналған жинақтаушылар, трейлерлер және жартылай тіркемелер өндірісі

29.20

142.

Трейлерлер және жартылай тіркемелер өндірісі: танкерлер, трейлерлер және т.б., фургондар және т.б.

29.20

143.

Тасымалдаудың бір немесе бірнеше түрлері үшін жүк контейнерлер өндірісі

29.20

Автокөлік құралдарына арналған электрлік және электрондық жабдық өндірісі

144.

Көлік құралдарына арналған генератор, айнымалы тоқ генераторы, от алдыру білтесі, от алдыру жүйесіне арналған электр өткізгіш, шыны сервоөткізгіші бар терезе, құралдар панеліне арналған өлшеу аспаптары, кернеуді реттеушілер және т.б. сияқты электр жабдықтар өндірісі

29.31

Автокөлік құралдарының және олардың қозғалтқыштарының бөлшектері мен құрал-саймандар өндірісі

145.

Автокөлік құралдарына арналған әр түрлі жинақтаушылар және құрал-саймандар өндірісі: тежегіш, беріліс қорабы, остер, дөңгелектер, амортизаторлар, радиаторлар, тұншықтырғыштар, өндірісі құбырлары, пайдаланылған газдарды каталистік өртеушілер, қысу құрылғылары, рөл механизмі, рөл рейкалары және рөл механизмінің қорабы

29.32

146.

Автокөлік құралдарының шанағына арналған жинақтаушылар және құрал-саймандар өндірісі: қауіпсіздік белдіктері, ауа жастықтары, есіктер, бамперлер

29.32

Корабльдерді және қалқымалы құрылымдарды жасау

147.

Өнеркәсіптік кемелер өндірісі: жолаушы кемелері, жүк кемелері, теңіз жүк кемелері, танкерлер, буксир кемелер және т.б.

30.11

148.

Әскери корабльдер жасау

30.11

149.

Балық аулауға арналған кемелерді жасау және өңдеуші жүзгіш балық зауыттары

30.11

150.

Қалқыма немесе суда орналасқан бұрғылау платформаларын жасау

30.11

151.

Қалқымалы құрылымдарды жасау: қалқыма доктар, понтондар, су астындағы жұмыстарға арналған кессондар, қалқымалы немесе жер бетіндегі кемежайлар, бакендерді, қалқымалы сұйыққоймалар, баржалар, маяктар, жүзгіш крандар, ойын-сауықтық емес үрлемелі салдар және т.б.

30.11

152.

Кемелерге және қалқымалы құрылымдарға арналған сегменттер өндірісі

30.11

Темір жол локомотивтер және жылжымалы құрамалар өндірісі

153.

Электр, дизель, бу және басқа да темір жол локомотивтерінің өндірісі

30.20

154.

Өздігінен қозғалатын темір жол немесе трамвай вагондар, фургондар және жүк машиналар өндірісі, автокөлік құралдарын техникалық күту, ұстау және қызмет көрсету

30.20

155.

Өздігінен қозғалмайтын темір жол немесе трамвай жылжымалы құрамаларының өндірісі: жолаушылар вагондары, жүк вагондары, вагон-цистерналар, өздігінен қозғалатын вагондар, тауар вагондары, кранды платформалар, жанғыш материалдарды тасымалдауға арналған цистерналар және т.б.

30.20

156.

Темір жол немесе трамвай локомотивтеріне немесе жылжымалы құрамаларға арналған мамандандырылған жинақтаушылар өндірісі: валдар, остер, шпиндельдер, дөңгелектер, тежегіштер және оларға жиынтықтаушыларды; рычагтар, жалғастырғыштар және біріктіруші құрылғылар, буферлер және жинақтаушылар; амортизаторлар; фургондар мен локомотивтер; шанақтар негізі және т.б.

30.20

157.

Тау-кен өнеркәсібіне арналған рельсті арбалар және тау-кен өнеркәсібіне арналған локомотивтер өндірісі

30.20

158.

Механикалық және электр механикалық белгі жабдығын, қауіпсіздік бақылауға арналған және теміржол, трамвай, ішкі су жолдары, автотрасса, машина қоюда, жазғы алаңдар және т.б. қозғалысты басқаруға арналған жабдық өндірісі

30.20

Әуе, ғарыш және т.с.с техника өндірісі

159.

Тік ұшақтар өндірісі

30.30

160.

Қосу ұшқыш аппараттары, жасанды серіктестер, планетарлық зондтар, орбиталық станциялар, кішкене кемелер өндірісі

30.30

161.

Ұшқышсыз ұшу аппараттардың өндірісі

-

Компьютерлік бағдарламалау саласындағы қызмет

162.

Жүйелік бағдарламалық қамтамасыз етуді жасау және орындау үшін қажетті командалар жүйелерінің құрылымы мен мазмұнын әзірлеу және/немесе жазу, бағдарламалық қамтамасыз етудің қосымшалары, дерекқорлар, веб-беттер

62.01

163.

БҚ-ны икемдеу, яғни қолданыстағы қосымшаларды олар клиенттің ақпараттық жүйелері шегінде жұмыс істейтіндей етіп түрлендіру және конфигурациялау

62.01

Ақпараттық технолгиялар және компьютерлік жүйелер саласындағы басқа да қызмет түрлері

164.

Бұзылғаннан кейін компьютерлерді қалпына келтіру жүйелері

62.09

165.

Деректерді қайта өңдеу және орналастыру қызметтері және басқа қызметтер

63.11