«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 10-бабының 2-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің арнайы мемлекеттік мұрағаты мен оның аумақтық бөлімшелерінің шегінде мұрағаттық анықтамаларды және/немесе мұрағаттық құжаттардың көшірмелерін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі арнайы мемлекеттік мұрағаты мен оның аумақтық бөлімшелерінен шығатын мұрағаттық анықтамаларға және мұрағаттық құжаттардың көшірмелеріне апостиль қою» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің:
1) «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі арнайы мемлекеттік мұрағатының мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» 2014 жылғы 26 ақпандағы № 109 (2014 жылғы 15 наурызда № 9223 болып мемлекеттік тіркелген; 2014 жылғы 12 тамызда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жарияланған);
2) «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі арнайы мемлекеттік мұрағатының мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» 2014 жылғы 26 ақпандағы № 109 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 16 маусымдағы № 349 (2014 жылғы 22 шілдеде № 9602 болып мемлекеттік тіркелген; 2014 жылғы 12 тамызда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жарияланған) бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ақпараттық-аналитикалық орталығы:
1) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауды;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары полиция генерал-майоры М.Ғ.Демеуовке және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ақпараттық-аналитикалық орталығына (Р.Н.Закаргаева) жүктелсiн.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Министр
полиция генерал-полковнигі Қ. Қасымов
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2015 жылғы 8 мамырдағы
№ 440 бұйрығына
1-қосымша
«Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі арнайы
мемлекеттік мұрағаты мен оның аумақтық бөліністерінің шегінде
мұрағаттық анықтамаларды және/немесе мұрағаттық құжаттардың
көшірмелерін беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет регламентi
1. Жалпы ережелер
1. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі, оның аумақтық бөліністері, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің оқу орындары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) мөрмен бекітілген мұрағаттық анықтамаларды және/немесе мұрағаттық құжаттардың көшірмелерін қағаз тасымалдағыштарда беру болып табылады.
2. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесінде іс-қимыл тәртібін
сипаттау
4. Мұрағаттық анықтаманы және/немесе құжаттардың мұрағаттық көшірмелерін алу үшін көрсетілетін қызметті алушы (не оның сенімхат бойынша өкілі) «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі арнайы мемлекеттік мұрағатының мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 8 сәуірдегі № 320 бұйрығымен бекітілген тізілімде тіркелген мемлекеттік тіркеу № 11087 (бұдан әрі – Стандарт).
Стандарттың 9-тармағына сәйкес ерікті нысанда жазбаша өтініш ұсынады.
5. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен аптасына бес жұмыс күні сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін ұсынылады.
Қабылдау Стандарттың 8-тармағына сәйкес алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек тәртібінде жүзеге асырылады.
6. Мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбi туралы толық ақпарат Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің (бұдан әрі – ІІМ) www.mvd.kz. интернет-ресурсының «Ішкі істер органдарының қызметі туралы» бөлімінде орналастырылған.
7. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:
1) Стандарттың 4-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге жазбаша өтінішін берген сәттен бастап – күнтізбелік 10 (он) күн.
3. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесіндегі (өзара іс-қимыл)
іс-әрекеттерді сипаттау
9. Құжаттарды қабылдауды және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беруді көрсетілетін қызметті беруші жүзеге асырады.
10. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде мынадай құрылымдық-функционалдық бірліктер жұмылдырылған:
1) көрсетілетін қызметті берушінің құжаттамалық қызметінің қызметкерлері;
2) ІІМ-нің арнайы мемлекеттік мұрағатының қызметкерлері;
3) Ішкі істер департаментінің арнайы мемлекеттік мұрағатының қызметкерлері.
11. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөліністерінің (қызметкерлерінің) рәсімдерінің (іс-қимылдарының), өзара іс-қимыл жасасуы дәйектілігінің нақты сипаттамасы осы Регламентке қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі.
Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы «электрондық үкімет» веб-порталында және көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында орналастырылады.
«Қазақстан Республикасы Ішкі істер
министрлігі арнайы мемлекеттік
мұрағаты мен оның аумақтық
бөліністерінің шегінде мұрағаттық
анықтамаларды және/немесе мұрағаттық
құжаттардың көшірмелерін беру» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет регламентiне
қосымша
«Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі арнайы
мемлекеттік мұрағаты мен оның аумақтық бөліністерінің шегінде
мұрағаттық анықтамаларды және/немесе мұрағаттық құжаттардың
көшірмелерін беру» мемлекеттік қызмет көрсетудің
бизнес-процестерінің анықтамалығы
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2015 жылғы 8 мамырдағы
№ 440 бұйрығына
2-қосымша
«Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің арнайы
мемлекеттік мұрағатынан және оның аумақтық бөліністерінен
шығатын мұрағаттық анықтамаларға және мұрағаттық құжаттардың
көшірмелеріне апостиль қою» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет
регламентi
1. Жалпы ережелер
1. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі, оның аумақтық бөліністері, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің оқу орындары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) апостиль қойылған мұрағаттық анықтамаларды, мұрағаттық құжаттардың көшiрмелерiн қағаз тасымалдағыштарда беру болып табылады.
2. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесінде іс-қимыл тәртібін
сипаттау
4. Апостиль қойылған мұрағаттық анықтамалар және мұрағаттық құжаттардың көшірмелерін алу үшін көрсетілетін қызметті алушы (оның уәкілетті өкілі) жеке басын куәландыратын құжатын көрсетеді, сондай-ақ мынадай құжаттар:
1) мемлекеттiк көрсетілетін қызметтi алу үшін «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі арнайы мемлекеттік мұрағатының мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 8 сәуірдегі № 320 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына тізілімде тіркелген мемлекеттік тіркеу № 11087 (бұдан әрі – Стандарт) қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш ұсынады.
Көрсетілетін қызметті алушыға өтініштердің бланкілерін көрсетілетін қызметті көрсетуші Стандарттың 9-тармағына сәйкес береді;
2) Стандарттың 9-тармағына сәйкес апостиль қою үшiн мемлекеттiк баж төленгенi туралы түбiртек ұсынады.
5. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен аптасына бес жұмыс күні сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін ұсынылады. Қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек тәртібінде жүзеге асырылады.
6. Мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбi туралы толық ақпарат Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің (бұдан әрі – ІІМ) www.mvd.kz. интернет-ресурсының «Ішкі істер органдарының қызметі туралы» бөлімінде орналастырылған.
7. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:
1) Стандарттың 4-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті алушы осы Регламенттің 2-бөлімінің 4-тармағында айқындалған қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап – 10 (он) жұмыс күні.
3. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесіндегі әрекеттерді (өзара
іс-қимылды) сипаттау
9. Құжаттарды қабылдауды және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беруді көрсетілетін қызметті беруші жүзеге асырады.
10. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде мынадай құрылымдық - функционалдық бірліктер жұмылдырылған:
1) көрсетілетін қызметті берушінің құжаттамалық қызметінің қызметкерлері;
2) ІІМ-нің арнайы мемлекеттік мұрағатының қызметкерлері;
3) Ішкі істер департаментінің арнайы мемлекеттік мұрағатының қызметкерлері.
10-1. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөліністерінің (қызметкерлерінің) рәсімдерінің (іс-қимылдарының), өзара іс-қимыл жасасуы дәйектілігінің нақты сипаттамасы осы Регламентке қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі.
Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы «электрондық үкімет» веб-порталында және көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында орналастырылады.
«Қазақстан Республикасы Ішкі істер
министрлігі арнайы мемлекеттік
мұрағаты мен оның аумақтық
бөлімшелерінен шығатын мұрағаттық
анықтамаларға және мұрағаттық
құжаттардың көшірмелеріне апостиль
қою» мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентіне
қосымша