Авиациялық қауіпсіздік саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 514 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 12 маусымда № 11344 тіркелді.

Қолданыстағы

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Мыналар:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес "Әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметінің қарап тексеруді ұйымдастыруы жөнінде сертификат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес "Экипаж мүшесінің куәлігін беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті (Б.К. Сейдахметов):

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 2-тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Инвестициялар және даму


министрі

Ә. Исекешев

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      _______________ Е. Досаев

      2015 жылғы 12 мамыр



  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің
2015 жылғы 28 сәуір
№ 514 бұйрығына
1-қосымша

"Әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметінің қарап тексеруді
ұйымдастыруы жөнінде сертификат беру" мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер

      1. "Әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметінің қарап тексеруді ұйымдастыруы жөнінде сертификат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.

      3. Мемлекеттік қызметті Министрліктің Азаматтық авиация комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Өтінішті қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы;

      2) www.egov.kz, www.elicense.kz "электрондық үкімет" порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:

      1) құжаттар топтамасын көрсетілетін қызметті берушіге тапсырған сәттен бастап:

      әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметінің қарап тексеруді ұйымдастыруы жөнінде сертификат беру – күнтізбелік 30 (отыз) күн;

      әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметінің қарап тексеруді ұйымдастыруы жөнінде сертификаттың телнұсқасын беру – 2 (екі) жұмыс күн;

      2) көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасын тапсыруы үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 20 (жиырма) минут;

      3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут.

      5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.

      6. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі – әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметінің қарап тексеруді ұйымдастыруы жөнінде сертификат, әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметінің қарап тексеруді ұйымдастыруы жөнінде сертификаттың телнұсқасы.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрде.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі көрсетілетін қызметті алушы өзі келген кезде, берілген сертификаттарды есепке алу және тіркеу журналына қол қойғызып беріледі.

      Рұқсаттарды беру жөніндегі мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші "Е-лицензиялау" Мемлекеттік дерекқор" ақпараттық жүйесі енгізеді.

      7. Мемлекеттік қызмет ақылы негізде заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетіледі.

      Әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметінің қарап тексеруді ұйымдастыруы жөнінде сертификаты үшін алым төлемі "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) айқындалған тәртіппен және мөлшерде жүзеге асырылады.

      Әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметінің қарап тексеруді ұйымдастыруы жөнінде сертификаттау үшін алым мөлшерлемелері әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметінің қарап тексеру бөлімшесінің штат санына байланысты:

      1) 251 адам және одан көп – алым төленетін күні қолданыстағы 235 айлық есептік көрсеткішті;

      2) 201 адамнан 250 адамға дейін – алым төленетін күні қолданыстағы 224 айлық есептік көрсеткішті;

      3) 151 адамнан 200 адамға дейін – алым төленетін күні қолданыстағы 213 айлық есептік көрсеткішті;

      4) 101 адамнан 150 адамға дейін – алым төленетін күні қолданыстағы 202 айлық есептік көрсеткішті;

      5) 51 адамнан 100 адамға дейін – алым төленетін күні қолданыстағы 191 айлық есептік көрсеткішті;

      6) 50 адамға дейін – алым төленетін күні қолданыстағы 180 айлық есептік көрсеткішті құрайды.

      Алым төлемі екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы қолма-қол және қолма-қол ақшасыз нысанда жүзеге асырылады.

      8. Жұмыс кестесі: көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс (сенбі және жексенбі) және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13:00-ден 14:30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін.

      Өтінішті қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтер нәтижесін беру сағат 13:00-ден 14:30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін жүзеге асырылады.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз, кезек күту тәртібімен көрсетіледі.

      9. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның уәкілетті өкілі) көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметімен қарап тексеруді ұйымдастыруы жөнінде сертификатты алуға өтінім (бұдан әрі – Өтінім);

      2) көрсетілетін қызметті алушының құрылтай құжаттары;

      3) көрсетілетін қызметті алушы заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің* көшірмесі немесе анықтама;

      Ескертпе: * "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметі тоқтатылғанға дейін жарамды болып табылады;

      4) әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметінің (бұдан әрі - АҚҚ) қарап тексеруді ұйымдастыруы бойынша сертификаттау үшін бюджетке алым сомасының төленгенін растайтын құжат;

      5) иондаушы сәулелену көздерімен жұмыс істеу құқығына санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды;

      6) АҚҚ қарап тексеруді ұйымдастыруы бойынша көрсетілетін қызмет алушымен шарттық қатынастары бар пайдаланушылар және азаматтық авиация ұйымдарының тізбесі (болған кезде);

      7) АҚҚ қарап тексеруді ұйымдастыруы жөнінде пайдаланушылармен жасасқан шарттардың (шарттарға қосымшалардың) көшірмелері (болған кезде);

      8) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әуежайдың АҚҚ басшылық құрамы, мамандар, техникалық құралдар, өндірістік база туралы деректер;

      9) бағынуы мен өзара іс-қимыл жасасу байланыстарын көрсете отырып, көрсетілетін қызметті алушының АҚҚ ұйымдық құрылымының схемасы;

      10) көрсетілетін қызметті алушының АҚҚ туралы ережесі;

      11) АҚҚ қарап тексеруді ұйымдастыруы жөніндегі нұсқаулық құжаттарының тізбесі;

      12) көрсетілетін қызметті алушы ұйымының инспекциялық тексеру актісі (оны өткізу шартымен);

      13) көрсетілетін қызметті алушының ААҚ бақылайтын аймақтар (қолжетімділігі шектеулі аймақтар) көрсетілген аумағы жоспарының схемасы және қарап тексеру пункттері орналасқан аэровокзал ғимаратының егжей-тегжейлі схемасы (жоспары);

      14) ААҚ персоналын оқыту бағдарламалары;

      15) әуежайдың авиациялық қауіпсіздік бағдарламасы;

      16) көрсетілетін қызметті алушының авиациялық қауіпсіздік сапасын ішкі бақылау бағдарламасы.

      Жоғарыда көрсетілген құжаттардың көшірмелері көрсетілетін қызметті алушының қолы және мөрімен куәландырылады.

      Әуежайдың АҚҚ қарап тексеруді ұйымдастыруы жөнінде сертификаттың телнұсқасын алу үшін көрсетілетін қызмет беруші бұрын берілген пайдаланушының сертификатының (жоғалғаннан (ұрланғаннан) басқа жағдайларда) қажетті негіздемесімен және қосымшалармен еркін нысанда өтінімді ұсынады.

      Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде құжаттардың топтамасын қабылдау күні мен уақыты көрсетіле отырып, оның көшірмесіндегі тіркеу туралы белгі қағаз тасығыштағы өтініштің қабылданғанын растау болып табылады.

3. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша
көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды
адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне)
шағымдану тәртібі

      10. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына не мына мекенжай бойынша Министрлік басшысының атына беріледі: 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы 32/1, электрондық поштаның мекенжайы: caa@mid.gov.kz, қабылдау бөлмесінің телефоны: 8 (7172) 75-48-02.

      Шағым пошта арқылы не жұмыс күндері жазбаша нысанда көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.

      Шағымды қабылдаған адамның тегі және аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны көрсетіле отырып, көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде оны тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.

      Көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

      Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.

      Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

      Заңды тұлғаның шағымында – атауы, пошталық мекенжайы, шығыс нөмірі және күні көрсетіледі. Өтінішке көрсетілетін қызметті алушы қол қоюы тиіс.

      11. Көрсетілетін қызметті алушының көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті, оның ішінде электрондық
нысанда көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де
талаптар

      12. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары көрсетілетін қызметті берушінің www.mid.gov.kz ("Азаматтық авиация комитеті" бөлімінің "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" кіші бөлімінде) интернет-ресурсында орналастырылған.

      13. Көрсетілетін қызметті алушының порталдың мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі және мәртебесі туралы ақпаратты алу мүмкіндігі бар.

      14. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша анықтама қызметтерінің байланыс телефондары: 8 (7172) 24 07 49, 24 12 91.

  "Әуежайдың авиациялық қауіпсіздік
қызметінің қарап тексеруді ұйымдастыруы
жөнінде сертификат беру"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
1-қосымша

Әуежайдың авиациялық қауiпсiздiк қызметiнiң қарап тексерудi
ұйымдастыруы жөнiнде сертификатын алуға өтінім

      _________________________________________________________ мақсатында

      (қарап тексерудi ұйымдастыру жөнiндегi сертификатты алу, қолданылу

      мерзiмiн ұзарту)

      ___________________________________________________________________

      (өтiнiш берушiнiң толық атауы) сертификаттау жүргiзудi сұраймын.

      Қарап тексерудi жүзеге асырудың жоспарланған күнi ___________________

      (ұзартылған/өзгерiстер

      ____________________________________________________________________

      енгiзiлген кезде тиiсiнше қолданыстағы сертификаттың аяқталу мерзiмi

      көрсетiледi)

      Өтiнiш берушi:

      1) сертификаттау рәсiмдерiн орындауға;

      2) сертификаттық талаптарға сай болуға;

      3) азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi органға қарап тексерудi

      ұйымдастыруды және қамтамасыз етудi бақылауды жүзеге асыру

      мүмкiндiгiн беруге мiндеттенедi.

      Басшы _________________________________________________________

      (лауазымы/қолы/күнi)

      М.О.

  "Әуежайдың авиациялық қауіпсіздік
қызметінің қарап тексеруді ұйымдастыруы
жөнінде сертификат беру"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
2-қосымша

Қарап тексеру бөлiмшесiнiң персоналы, әуежайдың авиациялық
қауіпсіздік қызметінің басшылық құрамы, әуежайдың авиациялық
қауіпсіздік қызметінің өндiрiстiк базасы, техникалық
құралдардың тізбесі бойынша жиынтық деректер

      1. Әуежайдың қарап тексеру бөлiмшесiнiң персоналы мен авиациялық қауіпсіздік қызметінің басшылық құрамының жасақталуы жөнiндегi деректер (әуежай атауы)

Штаттық лауазымдар

Санаты

Штат бойынша саны

Нақты саны

1

2

3

4

ААҚ басшылық құрамының штаттық лауазымдары




1.




2.




Қарап тексеру бөлiмшесiнiң штаттық лауазымдары




1.




2.





      2. Авиациялық қауiпсiздiк қызметiнiң өндiрiстiк базасы жөнiндегi деректер

ААҚ үшiн өндiрiстiк үй-жайлар мен құрылыстар

Саны және жалпы ауданы - (шаршы м)

Жеке меншiк

Жалданатын

1

2

3

1. ААҚ қызметтiк үй-жайлары



2. ААҚ тұрмыстық үй-жайлары



3. ААҚ оқу сыныбы



4. Өту/шығу БӨП



5. Жолаушыларды, ӘК экипаж мүшелерiн, авиаперсоналды қарап текcеpу пункттерi



6. Багажды, жүктi, поштаны, борттық қорларды қарап тексеру пункттерi



7. Қосымша ақпарат




      3. Авиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз етудiң техникалық құралдарының тiзбесi

Қарап тексеру пункттерiнiң саны

1. Халықаралық желiлерде__________________

2. Iшкi желiлерде_________________________

3. БӨП-те ________________________________

4. Ресми делегация залдарында ____________

5. Багажды, жүктi, борттық қорларды қарап

тексеру үшiн ____

Авиациялық қауiпсiздiктiң техникалық құралдарының мақсаты және атауы

Типі, моделi

Саны

1

2

3

1. Жолаушыларды, экипаж мүшелерiн, авиаперсоналды және олардың қол жүгiн қарап тексерудiң техникалық құралдары:



2. Рентгендiк-теледидар қондырғылары, стационарлық металл iздегiштер, тасымалданатын (қол) металл iздегiштер



3. Багажды, жүктi, поштаны және борттық қорларды қарап тексерудiң техникалық құралдары: рентгендiк-теледидар құрылғылары, тасымалданатын (қол) металл iздегiштер



4. Жарылғыш заттарды (жарылғыш заттар буының детекторлары) анықтауға арналған жабдық




      Әуежай басшысы _____________________________________________________

      (қолы, Т.А.Ә.А)

      Күнi ___________________М.О.

      Аббревиатуралардың толық жазылуы:

      АҚҚ – авиациялық қауіпсіздік қызметі;

      БӨП – бақылау-өткізу пункті.

  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің
2015 жылғы 28 сәуірдегі
№ 514 бұйрығына
2-қосымша

"Экипаж мүшесінің куәлігін беру" мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер

      1. "Экипаж мүшесінің куәлігін беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.

      3. Мемлекеттік қызметті Министрліктің Азаматтық авиация комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Өтінішті қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы;

      2) www.egov.kz, www.elicense.kz "электрондық үкімет" порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:

      1) құжаттар топтамасын көрсетілетін қызметті берушіге тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде – 15 (он бес) жұмыс күн;

      2) құжаттар топтамасын көрсетілетін қызметті берушіге тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 20 (жиырма) минут;

      3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут.

      5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.

      6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – экипаж мүшесінің куәлігі (бұдан әрі – ЭМК).

      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрде.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі көрсетілетін қызметті алушы өзі келгенде, берілген экипаж мүшесінің куәліктерін есепке алу және тіркеу журналына қол қойғызып беріледі.

      Егер портал арқылы жүгінсе көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғаның электронды цифрлі қолы (бұдан әрі – ЭЦҚ) мен қойылған электрондық құжат нысанындағы мемлекеттік қызмет нәтижесінің алу орыны мен күні көрсетіліп ЭМК дайындығы туралы хабарландыруды көрсетілетін қызметті алушы "жеке кабинетіне" алады.

      7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.

      8. Жұмыс кестесі:

      1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс (сенбі және жексенбі) және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13:00-ден 14:30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9:00-ден 17:30-ға дейін.

      Өтінішті қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтер нәтижесін беру сағат 13:00-ден 14:30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін жүзеге асырылады.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз, кезек күту тәртібімен жүзеге асырылады;

      2) портал – графигі тәулік бойы (қызмет алушы жұмыс уақыты біткеннен кейін, демалыс күндері және Қазақстан Республикасының еңбек заңнамаларымен анықталған мейрам күндері өтінім берген жағдайда, электронды (толық автоматтандырылған) түрде мемлекеттік көрсетілетін қызметтен басқа өтінім қабылдау және мемлекеттік қызмет нәтижесін беру келесі жұмыс күнінде іске асырылады.).

      9. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартың 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ЭМК алуға арналған өтінім-хат (бұдан әрі – Өтінім-хат);

      2) ұшу қызметіне, оның ішінде ұшуды техникалық сүйемелдеу үшін инженерлік-техникалық персонал және ұшудағы әуе кемелерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін персонал қызметіне байланысты лауазымға тағайындау туралы бұйрықтың көшірмесі;

      3) ЭМК иесінің жеке қолының үлгісі, 9*12 мөлшеріндегі түрлі-түсті (күңгірт) фото (бас киімсіз және нысанды киімде), тегі, аты, әкесінің аты, лауазымы көрсетілген қағаз және магниттік жеткізгіште;

      4) арнайы ережелер көшірмелері (ұшқыштар экипажының мүшелері үшін: ұшқыштар, штурмандар, бортинженерлер, бортмеханиктер және бортрадистер);

      5) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес өтінім-хатқа қоса берілетін мәліметтер;

      6) авиациялық персоналдың қолданыстағы куәлігінің көшірмесі (ұшу құрамының, кабина экипажының адамдарына, ұшуды техникалық сүйемелдеуді қамтамасыз ететін инженерлік-техникалық құрамға), мемлекеттік ақпараттық жүйесінде мәлімет болмаған жағдайда;

      7) Халықаралық азаматтық авиация ұйымында (ИКАО) (әуе кемесінің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін персонал үшін) тіркелген оқу орталығында алынған сертификаттың көшірмесі;

      8) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетімен немесе оның аумақтық органдарымен өтінім-хатты келісу материалдары.

      Порталға:

      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандартқа 1-қосымшаға сәйкес электрондық құжат нысанындағы өтінімнің электрондық көшірмесі;

      2) ұшу қызметіне, оның ішінде ұшуды техникалық сүйемелдеу үшін инженерлік-техникалық персонал және ұшудағы әуе кемелерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін персонал қызметіне байланысты лауазымға тағайындау туралы бұйрықтың электрондық көшірмесі;

      3) ЭМК иесінің жеке қолының үлгісі, 9*12 мөлшеріндегі түрлі-түсті (күңгірт) фотонын (бас киімсіз және нысанды киімде) электрондық көшірмесі, тегі, аты, әкесінің аты, лауазымы көрсетілген қағаз және магниттік жеткізгіште;

      4) арнайы ережелердің электрондық көшірмелері (ұшқыштар экипажының мүшелері үшін: ұшқыштар, штурмандар, бортинженерлер, бортмеханиктер және бортрадистер);

      5) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес өтінім-хатқа қоса берілетін мәліметтер;

      6) авиациялық персоналдың қолданыстағы куәлігінің электрондық көшірмесі (ұшу құрамының, кабина экипажының адамдарына, ұшуды техникалық сүйемелдеуді қамтамасыз ететін инженерлік-техникалық құрамға);

      7) Халықаралық азаматтық авиация ұйымында (ИКАО) (әуе кемесінің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін персонал үшін) тіркелген оқу орталығында алынған сертификаттың электрондық көшірмесі;

      8) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетімен немесе оның аумақтық органдарымен өтінім-хатты келісу материалдарының электрондық көшірмесі.

      Жеке куәлік, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), авиациялық персоналдың қолданыстағы куәлігінің (ұшу құрамының, кабина экипажының адамдарына, ұшуды техникалық сүйемелдеуді қамтамасыз ететін инженерлік-техникалық құрамға) құжаттары туралы мәліметті көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйе "электронды үкімет" шлюзі арқылы алады.

      Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде:

      көрсетілетін қызметті берушіге – көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде құжаттардың топтамасын қабылдау күні мен уақыты көрсетіле отырып, оның көшірмесіндегі тіркеу туралы белгі қағаз тасығыштағы өтініштің қабылданғанын растау;

      портал арқылы – көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" мемлекеттік қызметті алу күні және уақыты көрсетіле отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе жіберіледі.

3. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша
көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды
адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне)
шағымдану тәртібі

      10. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына не мына мекенжай бойынша Министрлік басшысының атына беріледі: 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы 32/1, электрондық поштаның мекенжайы: caa@mid.gov.kz, қабылдау бөлмесінің телефоны: 8 (7172) 75-48-02.

      Шағым пошта арқылы не жұмыс күндері жазбаша нысанда көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.

      Шағымды қабылдаған адамның тегі және аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны көрсетіле отырып, көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде оны тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.

      Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны арқылы алуға болады.

      Шағымды портал арқылы жіберген кезде көрсетілетін қызметті алушыға "жеке кабинетінен" көрсетілетін қызметті беруші өтінішті өңдеу барысында жаңартылатын өтініш туралы ақпарат (жеткізілуі, тіркелуі, орындалуы туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) қолжетімді болады.

      Көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

      Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.

      Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

      Заңды тұлғаның шағымында – атауы, пошталық мекенжайы, шығыс нөмірі және күні көрсетіледі. Өтінішке көрсетілетін қызметті алушы қол қоюы тиіс.

      11. Көрсетілетін қызметті алушының көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті, оның ішінде электрондық
нысанда көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де
талаптар

      12. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары көрсетілетін қызметті берушінің www.mid.gov.kz ("Азаматтық авиация комитеті" бөлімінің "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" кіші бөлімінде) интернет-ресурсында орналастырылған.

      13. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы болған жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алу мүмкіндігі болады.

      14. Көрсетілетін қызметті алушының порталдың "жеке кабинеті", сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі және мәртебесі туралы ақпаратты алу мүмкіндігі бар.

      15. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша анықтама қызметтерінің байланыс телефондары: 8 (7172) 24 07 49, 24 12 91, мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414.

  "Экипаж мүшесінің куәлігін беру"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына
1-қосымша

ЭМК алуға арналған өтінім-хат

      1) ЭМК алуға негіздеме;

      2) әліпбилік тәртіппен қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жасалған қызметкерлер тізімі;

      3) мынадай талаптарды сақтау туралы міндеттеме:

      ЭМК көшірмелерін дайындауға және пайдалануға, әуежай аумағында өндірістік қызметке байланысты емес уақытта болуға рұқсат етілмейді;

      өткізу және объектішілік режимнің, әуежайда қауіпсіздікті қамтамасыз етуге жауапты шекаралық, кеден және өзге де мемлекеттік органдардың талаптарын сақтауы;

      ЭМК қолданылу мерзімінің өтуі бойынша, сондай-ақ авиакомпаниялардың авиациялық қауіпсіздігі жөніндегі және авиакомпаниялардың кадр бөлімшелерінің басшылары (инспекторы) қол қойған актіні жасау арқылы жұмыс орнын ауыстыру немесе жұмыстан босатылу кезінде тапсыру;

      4) авиакомпанияның бірінші басшысының қолы;

      5) орындаушының тегі, аты, әкесінің аты, қызметтік телефоны, электрондық мекенжайы.

      Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпиядан

      тұратын мәліметтерді пайдалануға келісемін_______________________

      20 __ жылғы "___" _____________

  "Экипаж мүшесінің куәлігін беру"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына
2-қосымша

Өтінім-хатқа қоса берілетін мәліметтер

      Нысан (альбомды парақ)


Тегі, аты, әкесінің аты

ЭМК №

Жынысы

Туған күні, азаматтығы

Жеке куәліктің деректері

Атқарылатын лауазымы

Ұшу қызметтің басталуы

Авиаперсонал куәлігінің нөмірі

Тұрғылықты жері

Жеке қолы

/с №

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

1

Қазақ тілі










Орыс тілі

Ағылшын тілі


      Аббревиатуралардың толық жазылуы:

      ЭМК – экипаж мүшесінің куәлігі