«Дене шынықтыру және спорт туралы» 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 48-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Мүгедектерді қоспағанда, дене шынықтыру-сауықтыру қызметтерін тегін немесе жеңілдікті шарттармен пайдаланатын азаматтар санаттарының тізбесі, сондай-ақ жеңілдіктер мөлшері бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті (Е.Б.Қанағатов) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын;
3) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
4) осы тармақпен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді іс-шараларды орындағаннан кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт вице-министрі С.Ж. Мұсайбековке жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Мәдениет және спорт министрі А. Мұхамедиұлы
Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрінің
2015 жылғы 14 мамырда
№ 178 бұйрығымен бекітілді
Мүгедектерді қоспағанда, дене шынықтыру-сауықтыру тегін немесе
жеңілдік шарттармен дене шынықтыру-сауықтыру қызметтерін
пайдаланатын азаматтар санаттарының тізбесі, сондай-ақ
жеңілдіктер мөлшері
р/с № |
Азаматтар санаты |
Жеңілдіктер мөлшері |
1. |
7 жасқа дейінгі балалар |
Тегін |
2. |
Көп балалы отбасыларынаң оқушы-балалар |
Тегін |
3. |
Балалар үйлерінен оқушы - балалар |
Тегін |
4. |
Спорт ардагерлері |
Тегін |
5. |
Оқушылар |
Көрсетілетін спорттық және дене шынықтыру-сауықтыру қызметтері құнынан 50% мөлшердегі жеңілдік |
6. |
Студенттер |
Көрсетілетін спорттық және дене шынықтыру-сауықтыру қызметтері құнынан 50% мөлшердегі жеңілдік |
7. |
Зейнеткерлер |
Көрсетілетін спорттық және дене шынықтыру-сауықтыру қызметтері құнынан 50% мөлшердегі жеңілдік |
* Ескертпе: Осы тізбе мемлекеттік дене шынықтыру-сауықтыру және спорт құрылыстарына қолданады.