Қазақстан Республикасының аумағында жүрген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін алуға құқылы болатын айналадағылар үшін қауіп төндіретін қатты аурулардың тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 1 сәуірдегі № 194 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11317 тіркелді

Қолданыстағы

      «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 88-бабының 5-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының аумағында жүрген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін алуға құқылы болатын айналадағылар үшін қауіп төндіретін қатты аурулардың тізбесі бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті белгіленген заңнамалық тәртіпте:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін мерзімдік баспа басылымдарында және «Әділет» Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануға жіберілуін;
      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі А.В. Цойға жүктелсін.
      4. Осы бұйрық оны алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Денсаулық сақтау және әлеуметтік
      даму министрі                              Т. Дүйсенова

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасының
      Ұлттық экономика министрі
      ________________ Е. Досаев
      2015 жылғы 6 мамыр

Қазақстан Республикасы 
Денсаулық сақтау және 
әлеуметтік даму министрінің
2015 жылғы 1 сәуірдегі 
№ 194 бұйрығымен    
бекітілген       

Қазақстан Республикасының аумағында жүрген шетелдіктер мен
азаматтығы жоқ адамдар тегін медициналық көмектің кепілдік
берілген көлемін алуға құқылы болатын айналадағылар үшін қауіп
төндіретін қатты аурулардың тізбесі

      1. Дифтерия
      2. Қызылша
      3. Қызамық
      4. Көкжөтел
      5. Жәншау
      6. Жел шешек
      7. Эпидемиялық паротит
      8. А, В, С паратифтері
      9. Полиомиелит
      10. Тұмаудың атиптік түрі
      11. Менингококк инфекциясы
      12. Тырысқақ
      13. Іш сүзегі
      14. Туберкулез (бактерия бөлінетін өкпе туберкулезі кезінде туберкулез микобактериясының бар болуына қақырық жақпасының екі реттік конверсиясына қол жеткізгенше; жіті өршіген туберкулез (менингит, миллиарлық туберкулез) түрінде науқастың өміріне қауіп төнбейтін жағдайға қол жеткенше және туберкулез микобактериясының бар болуына қақырық жақпасының екі реттік конверсиясына қол жеткізгенше; омыртқа туберкулезінде жұлын қызметінің бұзылысының асқынуында медициналық сүйемелдеуінсіз өздігінен қозғала алатын жағдайға қол жеткізгенше)
      15. Күйдіргінің өкпелік түрі
      16. Оба
      17. Геморрагиялық вирустық қызба
      18. А, Е вирустық гепатиті
      19. Безгек