«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 10-бабының 2)-тармақшасына, сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Бекітілсін:
1) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес «Дінтану сараптамасын жүргізу» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті;
2) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес «Қазақстан Республикасы аумағындағы шетелдiк дiни бiрлестiктердiң қызметiн келiсу» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті;
3) осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес «Шетелдiк дiни орталықтардың Қазақстан Республикасындағы дiни бiрлестiктерінің басшыларын тағайындауын келiсу» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті.
2. Мыналардың:
1) Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігі Төрағасының 2014 жылғы 18 наурыздағы № 11 «Діни саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9340 тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 11 мамырда жарияланған);
2) Қазақстан Республикасы Дін істер агенттігі Төрағасының 2014 жылғы 23 маусымдағы № 21 «Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігі Төрағасының 2014 жылғы 18 наурыздағы № 11 «Діни саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» бұйрығына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9611 тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2014 жылғы 4 желтоқсанда № 238 (28461) жарияланған) күштері жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Дін істері комитетіне заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) мемлекеттік тіркелуінен кейін он күнтізбелік күннің ішінде осы бұйрықтың мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» құқықтық-ақпараттық жүйесінде ресми жариялануға жолдауын;
3) осы бұйрықтың ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі және Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Дін істері комитетінің интернет-ресурстарында орналасуын қамтамасыз етсін;
4) осы тармақпен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді іс-шараларды орындағаннан кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт вице-министрі М.А. Әзілхановқа жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрінің
міндетін атқарушы М. Әзілханов
Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрінің м.а.
2015 жылғы 22 мамырдағы
№ 190 бұйрығына
1-қосымша
«Дінтану сараптамасын жүргізу»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. «Дінтану сараптамасын жүргізу» мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Нормативтік құқықтық актілер реестрінде № 11183 тіркелген, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 23 сәуірдегі № 147 «Діни қызмет саласында мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарын бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген «Дінтану сараптамасын жүргізу» Стандартына (бұдан әрі – стандарт) сәйкес Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Дін істері комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны - қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің сараптамалық қорытынды нәтижелері туралы хаты болып табылады. Ұсынылу нысаны - қағаз түрінде.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісінде көрсетілетін
қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің)
іс-қимыл тәртібін сипаттау
4. Көрсетілетін қызметті алушының стандарттың 9-тармағында сәйкес құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне тапсыруы мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастауға негіз болып табылады.
5. Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі 30 минут ішінде көрсетілетін қызметті алушының құжаттарының толымдылығын және стандарттың 9-тармағына сәйкестігін тексереді.
Ұсынылған құжаттар стандарттың 9-тармағына сәйкес келген жағдайда көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі құжаттарды тіркейді және 15 минут ішінде көрсетілетін қызметті алушыға көрсетілетін қызметті берушінің мөртаңбасы қойылған, құжаттарды қабылдап алған тұлғаның тегін, атын, әкесінің атын (оның болған жағдайында) көрсете отырып, кіріс құжатының күні, қабылданған уақыты мен нөмірі көрсетілген өтініштің көшірмесін береді.
Ұсынылған құжаттардың толық еместігі туралы факті анықталған жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі 15 минут ішінде құжаттарды қабылдап алудан бас тарту туралы жазбаша, дәлелді жауап береді.
4. Құжаттардың тіркелуі көрсетілетін қызметті беруші тарапынан қаралуына негіз болып табылады.
Көрсетілетін қызметті беруші құжаттарды зерделейді және құжаттарды алған сәттен бастап бір жұмыс күні ішінде сараптама нысанын және сұрақтар тізбесін сарапшыға (сарапшыларға, сарапшылар тобының мүшелеріне) ілеспе хатпен дінтану сараптамасына жолдау үшін дайындайды. Көрсетілетін қызметті берушінің ілеспе хаты рәсімнің нәтижесі болып табылады.
5. Сараптама нысаны мен сұрақтар тізбесі келіп түскен кезде сарапшы (сарапшылар, сарапшылар тобының мүшелері) нысанға дінтану сараптамасын жүргізеді және 20 күнтізбелік күн ішінде сараптама қорытындыларын қосымшада тіркей отырып ілеспе хат жолдайды. Сарапшының (сарапшылардың, сарапшылар тобы мүшелерінің) сараптама қорытындысы қосымшада тіркелген ілеспе хат рәсімнің нәтижесі болып табылады.
Сарапшыда (сарапшыларда) қолда бар объект бойынша материалдар толық болмаған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші мүдделi дiни бiрлестiктерге, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдарына, ұйымдар мен қоғамдық бiрлестiктерге, халықаралық ұйымдарға (Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгi арқылы) қосымша материалдар мен ақпараттарды ұсыну қажеттігі туралы хат жолдайды.
6. Көрсетілетін қызметті беруші сараптама қорытындысын алғаннан кейін сараптама қорытындысының нәтижелері туралы хат дайындайды және құжаттарды алған сәттен бастап 7 күнтізбелік күн ішінде көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы қол қояды. Сараптама қорытындысының нәтижелері туралы қол қойылған хат рәсімнің нәтижесі болып табылады.
7. Сараптама қорытындысының нәтижелері туралы қол қойылған хат көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне құжаттар пошта арқылы жіберу (тіркелген күні) немесе көрсетілетін қызметті алушыға қолма-қол беру үшін келіп түскен сәттен бастап 30 минут ішінде тіркеу үшін негіз болып табылады. Сараптама қорытындысының нәтижелері туралы тіркелген хат рәсімнің нәтижесі болып табылады.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісінде көрсетілетін
қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің)
өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау
8. Мемлекеттік қызметті көрсету барысында көрсетілетін қызметті берушінің мынадай құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлері) қатысады:
1) кеңсе қызметкері;
2) төраға, төраға орынбасары, басқарма басшысы;
3) жауапты орындаушы.
9. Әр рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығы көрсетілген құрылымдық бөлімшелердің (қызметкерлердің) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігінің сипаттамасы:
1) кеңсе қызметкері құжаттарды тексеріп, тіркейді және тіркеген сәттен бастап үш сағат ішінде тіркелген құжаттарды төрағаға, төраға орынбасарына, басқарма басшысына енгізеді;
2) төраға, төраға орынбасары, басқарма басшысы бұрыштама қояды және үш сағат ішінде құжаттарды жауапты орындаушыға береді;
3) жауапты орындаушы құжаттарды зерделейді және сараптама нысаны мен сұрақтар тізбесін дінтану сараптамасына жолдайды;
4) сараптама қорытындысын алғаннан кейін жауапты орындаушы сараптама қорытындысынің нәтижелері туралы хат жобасын дайындайды және бір күнтізбелік күн ішінде басқарма басшысына, төраға орынбасарына, төрағаға қол қою үшін енгізеді;
5) басқарма басшысы, төраға орынбасары, төраға бір күнтізбелік күн ішінде сараптама қорытындысының нәтижелері туралы хат жобасын қарастырады және қол қояды;
6) жауапты орындаушы қол қойылған сәттен бастап 30 минут ішінде сараптама қорытындысының нәтижелері туралы хатты тіркеу және көрсетілетін қызметті алушыға пошта арқылы жіберу (тіркелген күні) не қолма-қол беру үшін кеңсе қызметкеріне енгізеді.
10. Рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігінің сипаттамасына осы регламентке 1-қосымшаға сәйкес блок-сызба тіркеледі.
11. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігінің, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл жасасуының толық сипаттамасы, сондай-ақ мемлекеттік қызметті көрсету үдерісі кезінде өзге көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл жасау тәртібінің сипаттамасы осы регламентке 2-қосымшаға «Дінтану сараптамасын жүргізу» мемлекеттік қызметті көрсетудің бизнес-процесстерінің анықтамалығында көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі және қажетті құжаттар, оларды толтыру үлгілері туралы толық ақпарат, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процесстерінің анықтамалығы Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Дін істері комитетінің www.din.gov.kz интернет-ресурсында орналасқан.
«Дінтану сараптамасын жүргізу»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
регламентіне
1-қосымша
Блок-сызба
«Дінтану сараптамасын жүргізу»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
регламентіне
2-қосымша
«Дінтану сараптамасын жүргізу»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет бизнес-процестерінің
анықтамалығы
Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрінің м.а.
2015 жылғы 22 мамырдағы
№ 190 бұйрығына
2-қосымша
«Қазақстан Республикасы аумағындағы шетелдiк
дiни бiрлестiктердiң қызметiн келiсу» мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. «Қазақстан Республикасы аумағындағы шетелдiк дiни бiрлестiктердiң қызметiн келiсу» мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Нормативтік құқықтық актілер реестрінде № 11183 тіркелген, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 23 сәуірдегі № 147 «Діни қызмет саласында мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарын бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген «Қазақстан Республикасы аумағындағы шетелдiк дiни бiрлестiктердiң қызметiн келiсу» Стандартына (бұдан әрі – стандарт) сәйкес Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Дін істері комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны - қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі Қазақстан Республикасы аумағындағы шетелдiк дiни бiрлестiктердiң қызметiне келiсім-хат беру (бұдан әрі – келісім-хат) не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелденген жазбаша жауап беру болып табылады. Ұсынылу нысаны – қағаз түрінде.
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет үдерісінде қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау
4. Көрсетілетін қызметті алушының стандарттың 9-тармағына сәйкес құжаттарды тапсыруы мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастауға негіздеме болып табылады.
5. Көрсетілетін қызмет берушінің кеңсесі 15 минут ішінде көрсетілетін қызметті алушының құжаттарының толымдылығын және стандарттың 9-тармағына сәйкестігін тексереді.
6. Ұсынылған құжаттар стандарттың 9-тармағына сәйкес келген жағдайда көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі құжаттарды тіркейді және 15 минут ішінде көрсетілетін қызметті алушыға көрсетілетін қызметті берушінің мөртаңбасы қойылған, құжаттарды қабылдап алған тұлғаның тегін, атын, әкесінің атын (оның болған жағдайында) көрсете отырып, кіріс құжатының күні, қабылданған уақыты мен нөмірі көрсетілген өтініштің көшірмесін береді.
Ұсынылған құжаттардың толық еместігі анықталған жағдайда, көрсетілетін қызмет берушінің кеңсесі 15 минут ішінде құжаттарды әрі қарай қараудан бас тарту туралы жазбаша дәлелденген жауап береді.
7. Құжаттардың тіркелуі көрсетілетін қызметті беруші тарапынан қаралуына негіз болып табылады.
Құжаттарды қабылдап алған сәттен бастап 29 күнтізбелік күн ішінде көрсетілетін қызметті беруші құжаттарды қарап, келісім-хатты немесе стандарттың 10-тармағына сәйкес мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы жазбаша түрде дәлелденген жауабын дайындайды және көрсетілетін қызметті берушінің басшылығымен қол) қойылады. Қол қойылған келісім-хат немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы жазбаша түрдегі дәлелденген жауап рәсімнің нәтижесі болып табылады.
8. Қол қойылған келісім-хат немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелденген жазбаша түрдегі жауап көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне құжаттар пошта арқылы жіберу (тіркелген күні) немесе көрсетілетін қызметті алушыға қолма-қол беру үшін келіп түскен сәттен бастап 30 минут ішінде тіркеу үшін негіз болып табылады. Тіркелген келісім-хат немес мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелденген жазбаша жауабы рәсімнің нәтижесі болып табылады.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету үдерісінде
көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің
(қызметкерлер) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау
8. Мемлекеттік қызмет көрсету барысында қызметті берушінің мынадай құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлері) қатысады:
1) кеңсе қызметкері;
2) төраға, төраға орынбасары, басқармасы басшысы;
3) жауапты орындаушы.
10. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығы көрсетілген құрылымдық бөлімшелердің (қызметкерлердің) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігінің сипаттамасы:
1) кеңсе қызметкері құжаттарды тексеріп, тіркейді және тіркеген сәттен бастап үш сағат ішінде тіркелген құжаттарды төрағаға, төраға орынбасарына, басқарма басшысына енгізеді;
2) төраға, төраға орынбасары, басқарма басшысы бұрыштама қояды және үш сағат ішінде құжаттарды жауапты орындаушыға береді;
3) жауапты орындаушы құжаттарды қабылдап алған сәттен бастап 29 күнтізбелік күн ішінде құжаттарды қарап, келісім-хаттың жобасын немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелденген жазбаша түрде жауабын дайындайды және басқарма басшысына, төраға орынбасарына, төрағаға қол қойдыруға енгізеді;
4) төраға, төраға орынбасары, басқарма басшысы алты сағат ішінде келісім–хаттың жобасын немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелденген жазбаша түрдегі жауабын қарайды және қол қояды;
5) жауапты орындаушы қол қойылған сәттен бастап келісім-хат немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы жазбаша түрде дәлелденген жауапты 30 минут ішінде тіркеу және көрсетілетін қызметті алушыға пошта арқылы жіберу (тіркелген күні) не қолма-қол беру үшін кеңсе қызметкеріне енгізеді.
11. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдарының) реттілігі осы регламенттің 1-қосымшасына сәйкес блок-сызбамен ілеседі.
12. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) рәсімдерінің (іс-қимылдарының), өзара іс-қимыл жасасуы дәйектілігінің нақты сипаттамасы, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде өзге де көрсетілетін қызметті берушінің өзара іс-қимыл жасасу тәртібінің сипаттамасы осы регламенттің 2-қосымшасына сәйкес «Қазақстан Республикасы аумағындағы шетелдiк дiни бiрлестiктердiң қызметiн келiсу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі және қажетті құжаттар, оларды толтыру үлгілері туралы толық ақпарат, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Дін істері комитетінің www.din.gov.kz интернет-ресурсында орналасқан.
«Қазақстан Республикасы аумағындағы шетелдiк
дiни бiрлестiктердiң қызметiн келiсу»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне
1-қосымша
Блок-сызба
«Қазақстан Республикасы аумағындағы шетелдiк
дiни бiрлестiктердiң қызметiн келiсу»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне
2-қосымша
«Қазақстан Республикасы аумағындағы шетелдiк дiни
бiрлестiктердiң қызметiн келiсу» мемлекеттік көрсетілетін
қызметті көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығы
Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрінің м.а.
2015 жылғы 22 мамырдағы
№ 190 бұйрығына
3-қосымша
«Шетелдiк дiни орталықтардың Қазақстан Республикасындағы
дiни бiрлестiктерінің басшыларын тағайындауын келiсу»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. «Қазақстан Республикасы аумағындағы шетелдiк дiни бiрлестiктердiң қызметiн келiсу» мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Нормативтік құқықтық актілер реестрінде № 11183 тіркелген, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 23 сәуірдегі № 147 «Діни қызмет саласында мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарын бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген «Қазақстан Республикасы аумағындағы шетелдiк дiни бiрлестiктердiң қызметiн келiсу» Стандартына (бұдан әрі – стандарт) сәйкес Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Дін істері комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны - қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі шетелдiк дiни орталықтардың Қазақстан Республикасындағы дiни бiрлестiктерінің басшыларын тағайындауына келiсім-хат беру (бұдан әрі – келісім-хат) не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелденген жазбаша жауап беру болып табылады. Ұсынылу нысаны – қағаз түрінде.
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет үдерісінде қызмет берушінің
құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін
сипаттау
4. Көрсетілетін қызметті алушының стандарттың 9-тармағына сәйкес құжаттарды тапсыруы мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастауға негіздеме болып табылады.
5. Көрсетілетін қызмет берушінің кеңсесі 15 минут ішінде көрсетілетін қызметті алушының құжаттарының толымдылығын және стандарттың 9-тармағына сәйкестігін тексереді.
6. Ұсынылған құжаттар стандарттың 9-тармағына сәйкес келген жағдайда көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі құжаттарды тіркейді және 15 минут ішінде көрсетілетін қызметті алушыға көрсетілетін қызметті берушінің мөртаңбасы қойылған, құжаттарды қабылдап алған тұлғаның тегін, атын, әкесінің атын (оның болған жағдайында) көрсете отырып, кіріс құжатының күні, қабылданған уақыты мен нөмірі көрсетілген өтініштің көшірмесін береді.
Ұсынылған құжаттардың толық еместігі анықталған жағдайда, көрсетілетін қызмет берушінің кеңсесі 15 минут ішінде құжаттарды әрі қарай қараудан бас тарту туралы жазбаша дәлелденген жауап береді.
7. Құжаттардың тіркелуі көрсетілетін қызметті беруші тарапынан қаралуына негіз болып табылады.
Құжаттарды қабылдап алған сәттен бастап 29 күнтізбелік күн ішінде көрсетілетін қызметті беруші құжаттарды қарап, келісім-хатты немесе стандарттың 10-тармағына сәйкес мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы жазбаша түрде дәлелденген жауабын дайындайды және көрсетілетін қызметті берушінің басшылығымен қол) қойылады. Қол қойылған келісім-хат немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы жазбаша түрдегі дәлелденген жауап рәсімнің нәтижесі болып табылады.
8. Қол қойылған келісім-хат немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелденген жазбаша түрдегі жауап көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне құжаттар пошта арқылы жіберу (тіркелген күні) немесе көрсетілетін қызметті алушыға қолма-қол беру үшін келіп түскен сәттен бастап 30 минут ішінде тіркеу үшін негіз болып табылады. Тіркелген келісім-хат немес мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелденген жазбаша жауабы рәсімнің нәтижесі болып табылады.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету үдерісінде
көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің
(қызметкерлер) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау
9. Мемлекеттік қызмет көрсету барысында қызметті берушінің мынадай құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлері) қатысады:
1) кеңсе қызметкері;
2) төраға, төраға орынбасары, басқармасы басшысы;
3) жауапты орындаушы.
10. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығы көрсетілген құрылымдық бөлімшелердің (қызметкерлердің) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігінің сипаттамасы:
1) кеңсе қызметкері құжаттарды тексеріп, тіркейді және тіркеген сәттен бастап үш сағат ішінде тіркелген құжаттарды төрағаға, төраға орынбасарына, басқарма басшысына енгізеді;
2) төраға, төраға орынбасары, басқарма басшысы бұрыштама қояды және үш сағат ішінде құжаттарды жауапты орындаушыға береді;
3) жауапты орындаушы құжаттарды қабылдап алған сәттен бастап 29 күнтізбелік күн ішінде құжаттарды қарап, келісім-хаттың жобасын немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелденген жазбаша түрде жауабын дайындайды және басқарма басшысына, төраға орынбасарына, төрағаға қол қойдыруға енгізеді;
4) төраға, төраға орынбасары, басқарма басшысы алты сағат ішінде келісім–хаттың жобасын немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелденген жазбаша түрдегі жауабын қарайды және қол қояды;
5) жауапты орындаушы қол қойылған сәттен бастап келісім-хат немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы жазбаша түрде дәлелденген жауапты 30 минут ішінде тіркеу және көрсетілетін қызметті алушыға пошта арқылы жіберу (тіркелген күні) не қолма-қол беру үшін кеңсе қызметкеріне енгізеді.
11. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдарының) реттілігі осы регламенттің 1-қосымшасына сәйкес блок-сызбамен ілеседі.
12. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) рәсімдерінің (іс-қимылдарының), өзара іс-қимыл жасасуы дәйектілігінің нақты сипаттамасы, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде өзге де көрсетілетін қызметті берушінің өзара іс-қимыл жасасу тәртібінің сипаттамасы осы регламенттің 2-қосымшасына сәйкес «Шетелдiк дiни орталықтардың Қазақстан Республикасындағы дiни бiрлестiктерінің басшыларын тағайындауын келiсу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі және қажетті құжаттар, оларды толтыру үлгілері туралы толық ақпарат, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Дін істері комитетінің www.din.gov.kz интернет-ресурсында орналасқан.
«Шетелдiк дiни орталықтардың
Қазақстан Республикасындағы дiни
бiрлестiктерінің басшыларын тағайындауын
келiсу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет
регламентіне
1-қосымша
Блок-сызба
«Шетелдiк дiни орталықтардың
Қазақстан Республикасындағы дiни
бiрлестiктерінің басшыларын тағайындауын
келiсу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет
регламентіне
2-қосымша