"Өндіріп алушының өтініші бойынша атқарушылық құжаттың негізінде атқарушылық іс жүргізуді қозғау" мемлекеттiк көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2015 жылғы 29 мамырдағы № 307 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 9 маусымда № 11287 тіркелді

Қолданыстағы

      «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған «Өндіріп алушының өтініші бойынша атқарушылық құжаттың негізінде атқарушылық іс жүргізуді қозғау» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот актілерін орындау департаменті:
      1) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрықтың мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде ресми жариялануын;
      3) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Әділет министрлігінің Жауапты хатшысы М.Б. Бекетаевқа жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Министрдің міндетін атқарушы               З. Баймолдина

Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің м.а.
2015 жылғы 29 мамырдағы
№ 307 бұйрығымен  
бекітілді     

«Өндіріп алушының өтініші бойынша атқарушылық құжаттың
негізінде атқарушылық іс жүргізуді қозғау» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет регламенті 1. Жалпы ережелер

      1. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 20 сәуірдегі № 221 бұйрығымен бекітілген «Өндіріп алушының өтініші бойынша атқарушылық құжаттың негізінде атқарушылық іс жүргізуді қозғау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне № 10963 болып тіркелді) аумақтық әділет органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
      2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны: қағаз түрінде.
      3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі – қағаз жүзінде атқарушылық іс жүргізуді қозғау туралы қаулы немесе атқарушылық іс жүргізуді қозғаудан бас тарту туралы қаулы.

2. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің
(қызметкерлерінің) мемлекеттік қызметтер көрсету процесіндегі
іс-қимылдары тәртібінің сипаттамасы

      4. Көрсетілетін қызметті берушінің көрсетілетін қызметті алушының өтінішін және мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттарды алуы мемлекеттік қызмет көрсету рәсімдерін (іс-қимылды) бастауға негіздеме болып табылады.
      5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оны орындаудың ұзақтығы:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің аумақтық бөлімі кеңсесінің қызметкері құжаттар түскен сәттен бастап кіріс хат-хабарларын тіркеу журналында көрсетілетін қызметті алушының өтінішін және мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттарын тіркеуді жүргізеді және оларды көрсетілетін қызметті берушінің аумақтық бөлімінің басшысының қарауына береді;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің аумақтық бөлімінің басшысы көрсетілетін қызметті алушының өтінішін және мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттарды түскен күні қарайды және оларды мемлекеттік сот орындаушысына береді.
      3) көрсетілетін қызметті берушінің аумақтық бөлімінің мемлекеттік сот орындаушысы көрсетілетін қызметті алушының өтінішін және мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттарын екі жұмыс күні ішінде қарайды, олардың белгіленген талаптарға сәйкестігін тексереді, атқарушылық іс жүргізуді қозғау туралы немесе атқарушылық іс жүргізуді қозғаудан бас тарту туралы қаулы шығарады;
      4) мемлекеттік сот орындаушысы атқарушылық іс жүргізуді қозғаудан бас тарту жағдайында аталған қаулыны шығарған күннен кейінгі күннен кешіктірмей, көрсетілетін қызметті алушыға барлық түскен құжаттарды қоса отырып, атқарушылық іс жүргізуді қозғаудан бас тарту туралы қаулының көшірмесін жібереді.
      6. Келесі рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастауға негіздеме болатын мемлекеттік қызметті көрсету рәсімінің (іс-қимылының) нәтижесі:
      1) көрсетілетін қызметті алушының өтінішін және мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттарын көрсетілетін қызметті берушінің аумақтық бөлімінің кеңсесінде тіркеу және оларды көрсетілетін қызметті берушінің аумақтық бөлімінің басшысына беру;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің аумақтық бөлімі басшысының қарау үшін қарары;
      3) атқарушылық іс жүргізуді қозғау туралы немесе атқарушылық іс жүргізуді қозғаудан бас тарту туралы қаулыны шығару;
      4) атқарушылық іс жүргізуді қозғаудан бас тарту туралы қаулының көшірмесін көрсетілетін қызметті алушыға жіберу.

3. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің
(қызметкерлерінің) мемлекеттік қызметтер көрсету процесіндегі
өзара іс-қимылдары тәртібінің сипаттамасы

      7. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
      1) көрсетілетін қызметті беруші аумақтық бөлімінің қызметкері;
      2) көрсетілетін қызметті беруші аумақтық бөлімінің басшысы;
      3) көрсетілетін қызметті беруші аумақтық бөлімінің мемлекеттік сот орындаушысы.
      8. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) арасындағы рәсімдер (іс-қимылдар) кезеңділігінің сипаттамасы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету регламентінің қосымшасына сәйкес бизнес-процестерінің анықтамалығында келтірілген.

"Өндіріп алушының өтініші    
бойынша атқарушылық құжаттың   
негізінде атқарушылық іс    
жүргізуді қозғау" мемлекеттiк 
көрсетілетін қызмет регламентіне
қосымша           

"Өндіріп алушының өтініші бойынша атқарушылық құжаттың
негізінде атқарушылық іс жүргізуді қозғау" мемлекеттiк
көрсетілетін қызметтің бизнес-процестерінің анықтамалығы

Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік органға жүгіну барысында қызмет көрсету жағдайда

*ҚФБ - Құрылымдық-функционалдық бірлік: қызмет берушінің (жұмыскерлердің) құрылымдық бөлімшелерінің өзара әрекеттестігі;

- мемлекеттік қызмет көрсетудің басталуы немесе аяқталуы;

- қызмет алушының процедурасының (әрекетінің) аталуы және (немесе) ҚФБ;

- келесі процедураға (әрекетке) өту.