"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған "Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландыру орталығының тіркеу куәлігін беру және қайтарып алу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті (С.С. Сарсенов):
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Инвестициялар және даму | |
министрі | Ә. Исекешев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
_______________ Е. Досаев
2015 жылғы 4 мамыр
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 24 ақпандағы № 491 бұйрығымен бекітілген |
"Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландыру орталығының тіркеу
куәлігін беру және қайтарып алу" мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандарты
Ескерту. Стандарт жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 22.01.2016 № 51 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) бұйрығымен.
1. Жалпы ережелер
1. "Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландыру орталығының тіркеу куәлігін беру және қайтарып алу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі
(бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрліктің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің "Мемлекеттік техникалық қызмет" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижеcін беру:
1) көрсетілетін қызметті беруші;
2) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);
3) www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттiк қызметтi көрсету мерзiмi:
1) көрсетілетін қызметті берушіге немесе Мемлекеттік корпорацияға құжаттар пакетін тапсырған сәттен бастап – 1 (бір) жұмыс күн;
2) құжаттар пакетін тапсыру үшін кезекте күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 20 (жиырма) минут;
3) қызмет көрсетудің жол берілетін ең ұзақ уақыты – 20 (жиырма) минуттан аспайды.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны - электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі:
1) тіркеу куәлігін электрондық құжат нысанында беру;
2) кері қайтарып алынған тіркеу куәліктерінің тізімінде сериялық нөмірін орналастырып, тіркеу куәліктерін кері қайтарып алу.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: электрондық. Көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорацияға немесе көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген жағдайда, тіркеу куәліктері (жеке тұлғаларға) ақпаратты электрондық тасығышта (чип) қамтылған жеке куәлікке және (немесе) ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарын қамтитын sim-картаға жазылады.
Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы жүгінген жағдайда, тіркеу куәліктері көрсетілетін қызметті алушының есептеу техникасы құралдарына жазылады.
7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке және заңды тұлғаларға тегін көрсетіледі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы).
8. Жұмыс кестесі:
1) көрсетілетін қызметті берушінің – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа күндері, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, жұмыс кестесіне сәйкес сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек тәртібімен жүзеге асырылады;
2) Мемлекеттік корпорация – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жексенбі және мереке күндерінен басқа күндері, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, жұмыс кестесіне сәйкес түскі үзіліссіз сағат 09.00-ден 20.00-ге дейін.
Өтінішті қабылдау және нәтижесін беру алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз "электрондық" кезек тәртібімен жүзеге асырылады, электрондық кезекті портал арқылы брондауға болады;
3) порталдың – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті беруші жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілген қызметтің нәтижелерін беру келесі жұмыс күнімен іске асырылады).
9. Көрсетілетін қызметті алушы (немесе сенімхат бойынша оның өкілі) Мемлекеттік корпорацияға немесе көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
тіркеу куәліктерін беру үшін:
1) жеке тұлғалар:
порталдан немесе Мемлекеттік корпорацияның интеграцияланған ақпараттық жүйесі (бұдан әрі - ИАЖ) арқылы алынған және бірегей нөмірді қамтитын осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасы ұлттық куәландырушы орталығының тіркеу куәліктерін беруге (жеке тұлғадан) өтініш. Жеке куәлік беру мақсатында мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорацияға жүгінген жағдайда, осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бірегей нөмір көрсетілмеген тіркеу куәліктерін беруге өтініш ұсынылады;
көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат;
көрсетілетін қызметті алушының (жеке тұлғаның) мүдделерін үшінші тұлға білдірген кезде – Қазақстан Республикасы Ұлттық куәландырушы орталығының тіркеу куәліктерін беруге құжаттарды ұсынуға және сенімхатпен айқындалған тапсырманы орындау үшін тиісті құжаттарға қол қою өкілеттігінің көрсетілуімен көрсетілетін қызметті алушының өкіліне нотариалды куәландырылған сенімхат;
2) бірлескен кәсіпкерлік түрінде қызметін жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлер:
порталдан немесе Мемлекеттік корпорацияның ИАЖ арқылы алынған және бірегей нөмірді қамтитын осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасы ұлттық куәландырушы орталығының тіркеу куәліктерін беруге (заңды тұлғадан және бірлескен кәсіпкерлік түрінде қызметін жүзеге асыратын жеке кәсіпкерден) өтініш;
көрсетілетін қызметті алушы өкілінің жеке басын куәландыратын құжат;

жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлік;
3) заңды тұлғалар:
порталдан немесе Мемлекеттік корпорацияның ИАЖ арқылы алынған және бірегей нөмірді қамтитын осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасы ұлттық куәландырушы орталығының тіркеу куәліктерін беруге (заңды тұлғадан және бірлескен кәсіпкерлік түрінде қызметін жүзеге асыратын жеке кәсіпкерден) өтініш;
көрсетілетін қызметті алушы өкілінің жеке басын куәландыратын құжат;
заңды тұлғадан осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасы ұлттық куәландырушы орталығының тіркеу куәліктерін бір рет алуға немесе кері қайтаруға арналған сенімхат;
көрсетілетін қызметті алушының заңды тұлғасын заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама немесе куәлік (болған жағдайда).
Мемлекеттік корпорацияға немесе көрсетілетін қызметті алушыға жүгінуге дейін заңды тұлғаның қызметкеріне тіркеу куәліктерін алу үшін заңды тұлғаның бірінші басшысы немесе оның міндетін атқарушы тұлға өзінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландыру жолымен заңды тұлғаның қызметкері берген тіркеу куәліктерін беруге арналған өтінімді интернет-ресурс арқылы растайды.
Заңды тұлғаның бiрiншi басшысына немесе оның міндетін атқарушы тұлғаға сенiмхаттың орнына жұмыс орнынан анықтама немесе заңды тұлғаның мөрімен куәландырылған бірінші басшының лауазымына немесе оның міндетін атқарушы тұлғаны тағайындау туралы бұйрықтың (шешімнің, хаттаманың) көшірмесі.
4) интернет-ресурстың домендік атауының иесі (жеке тұлғалар):
порталдан немесе Мемлекеттік корпорацияның ИАЖ арқылы алынған және бірегей нөмірді қамтитын осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасы ұлттық куәландырушы орталығының SS тіркеу куәлігін беруге (жеке тұлғадан) өтініш;
көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат;
көрсетілетін қызметті алушының (жеке тұлғаның) мүдделерін үшінші тұлға білдірген кезде – Қазақстан Республикасы Ұлттық куәландырушы орталығының тіркеу куәліктерін беруге құжаттарды ұсынуға және сенімхатпен айқындалған тапсырманы орындау үшін тиісті құжаттарға қол қою өкілеттігінің көрсетілуімен көрсетілетін қызметті алушының өкіліне нотариалды куәландырылған сенімхат;
төменде тізімделген интернет-ресурстың домендік атауын иелену құқығын растайтын құжаттардың біреуінің көшірмесі:
Қазақстан желілік ақпарат орталығы берген домендік атауды иелену туралы сертификат;
WHOIS-дан үзінді көшірме (.KZ және.ҚАЗ домендік атауын іздеу);
5) интернет-ресурстың домендік атауының иесі (заңды тұлғалар):
порталдан немесе Мемлекеттік корпорацияның ИАЖ арқылы алынған және бірегей нөмірді қамтитын осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасы ұлттық куәландырушы орталығының SS тіркеу куәлігін беруге (заңды тұлғадан) өтініш;
көрсетілетін қызметті алушы өкілінің жеке басын куәландыратын құжат;
заңды тұлғадан осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасы ұлттық куәландырушы орталығының тіркеу куәліктерін бір рет алуға немесе кері қайтаруға арналған сенімхат;
төменде тізімделген интернет-ресурстың домендік атауын иелену құқығын растайтын құжаттардың біреуінің көшірмесі:
Қазақстан желілік ақпарат орталығы берген домендік атауды иелену туралы сертификат;
WHOIS-дан үзінді көшірме (.KZ және.ҚАЗ домендік атауын іздеу);
6) "Қазынашылық - Клиент" ақпараттық жүйесіне қатысушылар:
порталдан немесе Мемлекеттік корпорацияның ИАЖ арқылы алынған және бірегей нөмірді қамтитын осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасы ұлттық куәландырушы орталығының тіркеу куәліктерін беруге ("Қазынашылық - Клиент" ақпараттық жүйесін пайдаланушылар үшін заңды тұлғадан) өтініш;
көрсетілетін қызметті алушы өкілінің жеке басын куәландыратын құжат;
заңды тұлғадан осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасы ұлттық куәландырушы орталығының тіркеу куәліктерін бір рет алуға немесе кері қайтаруға арналған сенімхат;
Қазақстан Республикасының Қазынашылық комитеті мен клиенттің арасында ЭЦҚ пайдалану туралы қағаз тасығыштағы келісім немесе қосымша келісім (келісімге қол қою күні мен келісімді немесе қосымша келісімді ҚР ҰКО ұсыну күні келісімге (қосымша келісімге) қол қою күнін қоспағанда, 3 жұмыс күнінен асқан болса, аталған келісім қабылданбайды);
7) резидент емес жеке тұлғалар:
порталдан немесе Мемлекеттік корпорацияның ИАЖ арқылы алынған және бірегей нөмірді қамтитын осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасы ұлттық куәландырушы орталығының тіркеу куәліктерін беруге (жеке тұлғадан) өтініш;
көрсетілетін қызметті алушы өкілінің жеке басын куәландыратын құжат;
көрсетілетін қызметті алушының (жеке тұлғаның) мүдделерін үшінші тұлға білдірген кезде – Қазақстан Республикасы Ұлттық куәландырушы орталығының тіркеу куәліктерін беруге құжаттарды ұсынуға және сенімхатпен айқындалған тапсырманы орындау үшін тиісті құжаттарға қол қою өкілеттігінің көрсетілуімен көрсетілетін қызметті алушының өкіліне нотариалды куәландырылған сенімхат;
аталған резидент емес тұлға Қазақстан Республикасының аумағында тіркелгенін растайтын және жеке сәйкестендіру нөмірін қамтитын төменде тізімделген құжаттардың бірі:
шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұру ыхтиярхаты;
азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігі;
шетел азаматтарына арналған тіркеу куәлігі;
8) резидент емес заңды тұлғалар:
порталдан немесе Мемлекеттік корпорацияның ИАЖ арқылы алынған және бірегей нөмірді қамтитын осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасы ұлттық куәландырушы орталығының тіркеу куәліктерін беруге (заңды тұлғадан және бірлескен кәсіпкерлік түрінде қызметін жүзеге асыратын жеке кәсіпкерден) өтініш;
көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат;
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ҰКО тіркеу куәлігін бір рет алуға немесе кері қайтаруға заңды тұлғаға арналған қағаз тасығыштағы сенімхат;
аталған резидент емес заңды тұлғаның өкілі Қазақстан Республикасының аумағында тіркелгенін растайтын және жеке сәйкестендіру нөмірін қамтитын төменде тізімделген құжаттардың бірі:
шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұру ыхтиярхаты;
азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігі;
шетел азаматтарына арналған тіркеу куәлігі;
аталған резидент емес заңды тұлға Қазақстан Республикасының аумағында тіркелгенін растайтын және бизнес - сәйкестендіру нөмірін қамтитын төменде тізімделген құжаттардың бірі:
филиалдар мен өкілдіктер арқылы (тұрақты мекеме құрып) Қазақстан Республикасында қызметін жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғалар үшін - филиалды, өкілдікті есептік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама немесе куәлік (болған жағдайда);
мыналар:
"Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы кодексінің (Салық кодексі) (бұдан әрі - Салық кодексі) 197-бабының 5-тармағына сәйкес салық агенттері болып табылатын;
Қазақстан Республикасында салық салу объектілеріне иелік ететін;
Қазақстан Республикасында аккредиттелген шетел мемлекетінің дипломатиялық және оған теңестірілген өкілдіктері болып табылатын;
Салық кодексінің 191-бабының 8-тармағына сәйкес оның тұрақты мекемесi болып қаралатын, тәуелдi агент арқылы қызметін жүзеге асыратын;
филиал, өкілдік ашпай, тұрақты мекеме арқылы қызметін жүзеге асыратын;
резидент банктерде ағымдағы шоттарды ашатын резидент емес заңды тұлғаларға арналған тіркеу куәлігі.
Заңды тұлғаның бірінші басшысы немесе оның міндетін атқарушы адам үшін сенімхаттың орнына жұмыс орнынан анықтама немесе заңды тұлғаның мөрімен (ол болған жағдайда) расталған бірінші басшыны немесе оның міндетін атқарушы адамды лауазымына тағайындау туралы бұйрықтың (шешімнің, хаттаманың) көшірмесі беріледі.
Тіркеу куәліктерін кері қайтарып алу үшін:
1) жеке тұлғалар, интернет-ресурстың домендік атауының иелері жеке тұлғалар, резидент емес жеке тұлғалар:
порталдан немесе Мемлекеттік корпорацияның ИАЖ арқылы алынған осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жеке тұлғадан, интернет-ресурстың домендік атауының иесі жеке тұлғадан, резидент емес жеке тұлғадан Қазақстан Республикасы ұлттық куәландырушы орталығының тіркеу куәліктерін кері қайтарып алуға өтініш;
көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат;
көрсетілетін қызметті алушының (жеке тұлғаның) мүдделерін үшінші тұлға білдірген кезде – Қазақстан Республикасы Ұлттық куәландырушы орталығының тіркеу куәліктерін кері қайтарып алуға құжаттарды ұсынуға және сенімхатпен айқындалған тапсырманы орындау үшін тиісті құжаттарға қол қою өкілеттігінің көрсетілуімен көрсетілетін қызметті алушының өкіліне нотариалды куәландырылған сенімхат;
2) бірлескен кәсіпкерлік түрінде қызметін жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлер:
порталдан немесе Мемлекеттік корпорацияның ИАЖ арқылы алынған, заңды тұлғаның мөрімен куәландырылған (болған кезде) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жеке тұлғадан, интернет-ресурстың домендік атауының иесі жеке тұлғадан, бірлескен кәсіпкерлік түрінде қызметін жүзеге асыратын жеке кәсіпкерден, "Қазынашылық-Клиент" ақпараттық жүйесіне қатысушыдан, резидент емес заңды тұлғадан Қазақстан Республикасы ұлттық куәландырушы орталығының тіркеу куәліктерін кері қайтарып алуға өтініш немесе көрсетілетін қызметті алушыны жұмыстан босату туралы бұйрықтан көшірме. Жұмыстан босату туралы бұйрықтан көшірме ұсынған жағдайда басшының қолы мен ұйымның мөрі талап етілмейді;
көрсетілетін қызметті алушы өкілінің жеке басын куәландыратын құжат;
көрсетілетін қызметті алушының (жеке тұлғаның) мүдделерін үшінші тұлға білдірген кезде – Қазақстан Республикасы Ұлттық куәландырушы орталығының тіркеу куәліктерін кері қайтарып алуға құжаттарды ұсынуға және сенімхатпен айқындалған тапсырманы орындау үшін тиісті құжаттарға қол қою өкілеттігінің көрсетілуімен көрсетілетін қызметті алушының өкіліне нотариалды куәландырылған сенімхат;
3) заңды тұлғалар, интернет-ресурстың домен атауының иелері заңды тұлғалар, "Қазынашылық - Клиент" ақпараттық жүйесіне қатысушылар, резидент емес заңды тұлғалар:
порталдан немесе Мемлекеттік корпорацияның ИАЖ арқылы алынған, заңды тұлғаның мөрімен куәландырылған (болған кезде) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жеке тұлғадан, интернет-ресурстың домендік атауының иесі жеке тұлғадан, бірлескен кәсіпкерлік түрінде қызметін жүзеге асыратын жеке кәсіпкерден, "Қазынашылық-Клиент" ақпараттық жүйесіне қатысушыдан, резидент емес заңды тұлғадан Қазақстан Республикасы ұлттық куәландырушы орталығының тіркеу куәліктерін кері қайтарып алуға өтініш немесе көрсетілетін қызметті алышыны жұмыстан босату туралы бұйрықтан көшірме. Жұмыстан босату туралы бұйрықтан көшірме ұсынған жағдайда басшының қолы мен ұйымның мөрі талап етілмейді;
көрсетілетін қызметті алушы өкілінің жеке басын куәландыратын құжат;
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша заңды тұлғадан Қазақстан Республикасы ұлттық куәландырушы орталығының тіркеу куәлігін бір рет алуға немесе кері қайтаруға арналған сенімхат.
Көрсетілетін қызметті алушы бірінші рет жүгінген кезде порталдағы мемлекеттік қызметті алуға арналған сұрау салудың нысанын толтырады және Мемлекеттік корпорацияға немесе көрсетілетін қызметті берушіге осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағына сәйкес құжаттар тізбесін ұсынады.
Порталға екінші рет жүгінген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы ("Қазынашылық-клиент" ақпараттық жүйесіне қатысушыларды қоспағанда) ашық кілтт(ерд)і қамтитын және көрсетілетін қызметті алушының қолданысындағы электрондық цифрлық қолтаңбасымен расталған электрондық құжат нысанында сұрау салуды жібереді.
Көрсетілетін қызметті алушының қолданысындағы электрондық цифрлық қолтаңбасымен расталған электрондық құжат нысанында тіркеу куәлігін кері қайтарып алуға сұрау салуды жіберіп, көрсетілетін қызметті алушының тіркеу куәлігін порталда кері қайтарып алу мүмкіндігі бар.
Құжаттар пакетін қабылдау кезінде Мемлекеттік корпорацияның немесе көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері көрсетілетін қызметті алушы берген құжаттардың толықтығын тексереді, "Жеке тұлғалар" немесе "Заңды тұлғалар" мемлекеттік деректер қоры ақпараттық жүйесіндегі деректерді көрсетілетін қызметті алушы құжаттарының түпнұсқаларымен тексеріп салыстырады және түпнұсқаларын көрсетілетін қызметті алушыға қайтарады.
Құжаттарда тазартып өшірулердің, қосып жазулардың, сызылған сөздер мен өзге де айтылмаған түзетулердің болуына рұқсат етілмейді.
Жеке басты куәландырушы құжаттар (жеке тұлғалар үшін), құрылтай құжаттары және заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама немесе куәлік (заңды тұлғалар үшін) туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші, Мемлекеттік корпорация жұмыскері "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік жүйелерден алады.
Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгесі көзделмесе, көрсетілетін қызметті беруші немесе Мемлекеттік корпорация қызметкері мемлекеттік қызметті көрсету кезінде ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияларды құрайтын деректерді қолдануға жазбаша келісім алады.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін барлық қажетті құжаттарды Мемлекеттік корпорация арқылы тапсырған кезде Мемлекеттік корпорация қызметкері көрсетілетін қызметті алушыға мыналарды:
1) сұрау салу қабылданған күнін және нөмірін;
2) сұрау салынған мемлекеттік көрсетілетін қызметтің түрін;
3) қоса берілген құжаттардың саны мен атауын;
4) құжаттарды беру күні (уақыты) мен орнын;
5) құжаттарды ресімдеуге сұрау салуды қабылдаған Мемлекеттік корпорация қызметкерінің тегін, атын, әкесінің атын көрсете отырып, тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат береді.
Көрсетілетін қызметті алушыға өтініште көрсетілген электрондық пошта мекенжайына мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салуды қабылдау туралы хабарлама–есеп жіберіледі.
10. Көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту негіздері:
1) дұрыс емес мәліметтер беру;
2) заңды күшіне енген сот шешіміне сәйкес;
3) тұлға он алты жасқа толмаған жағдайда.
Көрсетілетін қызметті алушы стандарттың 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес толық емес құжаттар пакетін ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші Мемлекеттік корпорация қызметкері өтнішіті қабылдаудан бас тартады және осы стандартқа 9-қосымшаға сәйкес құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін
қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының,
Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) оның қызметкерлерінің
шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
11. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті берушілер басшысының атына немесе Министрлік басшысының атына беріледі.
Шағым жазбаша нысанда пошта арқылы немесе электрондық түрде не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Мемлекеттік корпорацияның кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.
Шағымды қабылдаған адамның тегін және аты-жөнін, берілген шағымға жауапты алу мерзімін және орнын көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі мен күні) шағымды қабылдаудың растауы болып табылады.
Мемлекеттік корпорацияның қызметкері дұрыс қызмет көрсетпеген жағдайда, шағым Мемлекеттік корпорация басшысының атына беріледі.
Мемлекеттік корпорация кеңсесіне қолма-қол, сол сияқты почта арқылы түскен шағымның қабылданғанын растау оның тіркелуі (мөртаңба, кіріс нөмірі және тіркелген күні өтініштің екінші данасына немесе өтініштің ілеспе хатына қойылады) болып табылады.
Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны бойынша алуға болады.
Шағымды портал арқылы жіберген кезде көрсетілетін қызметті алушыға "жеке кабинетінен" шағым туралы ақпарат қолжетімді болады, ол көрсетілетін қызметті беруші өтінішті өңдеу барысында (жеткізілуі, тіркелуі, орындалуы туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылады.
Шағымда:
1) жеке тұлғаның – тегі, аты, сондай-ақ қалауы бойынша әкесінің аты, пошталық мекенжайы;
2) заңды тұлғаның – атауы, пошталық мекенжайы, шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі.
Көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің немесе Мемлекеттік корпорация мекенжайына түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қарауға жатады. Шағымды қараудың нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға почта байланысы арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің немесе Мемлекеттік корпорация кеңсесінде қолма-қол беріледі.
Портал арқылы электронды түрде жүгінген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы "жеке кабинетіндегі" өңдеу барысында жаңартылатын жүгіну туралы ақпаратқа (шағымды жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) қол жеткізе алады.
Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелері мен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
12. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайларда, көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте сотқа жүгінуге құқығы бар.
4. Электрондық түрде көрсетілетін қызметтерді қоса алғанда,
мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері ескерілген
өзге де талаптар
13. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары Министрліктің немесе Мемлекеттік корпорацияның: www.mid.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған.
14. Заңнамамен белгіленген тәртіпте өзіне өзі қызмет көрсету, өз бетінше қозғалу, бейімделу қабілеттілігін немесе мүмкіндігін толық немесе ішінара жоғалтқан көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды қабылдауды Мемлекеттік корпорация қызметкері 1414 Бірыңғай байланыс орталығы бойынша жүгіну арқылы мекенжайына барып жүргізеді.
15. Көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы болған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті электрондық нысанда портал арқылы алуға мүмкіндігі болады.
16. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде ала алады.
17. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны, көрсетілген қызметті берушінің www.pki.gov.kz интернет-ресурсында көрсетілген көрсетілетін қызметті берушінің телефондары немесе Министрліктің 8 (7172) 74-10-34 телефоны бойынша алуға болады.
"Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландыру орталығының тіркеу куәлігін беру және қайтарып алу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымша |
Нысан
Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландыру орталығының
тіркеу куәліктерін беруге өтініш
(жеке тұлғадан)
Бірегей нөмірі
Атына тіркеу куәліктері берілетін жеке тұлғаның сәйкестендіру
деректері:
ЖСН: ________________________________________________________________
Тегі: _______________________________________________________________
Аты:_________________________________________________________________
Әкесінің аты:________________________________________________________
Облыстың атауы:______________________________________________________
Қала: _______________________________________________________________
Электрондық пошта мекенжайы:_________________________________________
Телефон:_____________________________________________________________
Тіркеу куәліктерінің жарамдылық мерзімі: 1 жыл.
Тиісті тіркеу куәліктерінің саясатымен таныстым, қарсылығым жоқ.
ЭЦҚ тиісті жабық кілтін құру үшін пайдаланылатын ЭЦҚ құралдары туралы
деректер, ЭЦҚ алгоритмі стандартының және ашық кілт ұзындығының
белгіленуі:
ҚР ҰКО АҚКҚ (ЭЦҚ - RSA 2048 Бит, аутентификация - RSA 2048 Бит),
sim-картаға арналған ЭЦҚ – ГОСТ 34.310-2004 512 Бит)
Қолтаңбаның ашық кілті:______________________________________________
Аутентификация ашық кілті:___________________________________________
Қосымша ақпаратқа арналған орын:
_____________________________________________________________________
Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландыру орталығының
пайдаланушылық келісімімен таныстым және тіркеу куәліктерін алу
мақсатында менің дербес деректерімді өңдеуге және электрондық поштаға
хабарламаларды алуға келісім беретінімді растаймын.
"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы коммерциялық
емес акционерлік қоғамына немесе көрсетілетін қызметті берушіге
жүгіну күні
20 ___ жылғы " ___ " _____________
Жеке тұлғаның (жеке тұлға өкілінің) қолы _____________
"Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландыру орталығының тіркеу куәлігін беру және қайтарып алу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымша |
Нысан
Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландыру орталығының тіркеу
куәліктерін беруге өтініш
(заңды тұлға және қызметiн бiрлескен кәсiпкерлiк түрiнде жүзеге
асыратын жеке кәсiпкер атынан)
Бірегей нөмірі
Заңды тұлғаның сәйкестендіру деректері:
БСН: ________________________________________________________________
Ұйымның атауы немесе ДК:_____________________________________________
Атына тіркеу куәлігі берілетін заңды тұлға қызметкерінің
сәйкестендіру деректері:
ЖСН: ________________________________________________________________
Тегі: _______________________________________________________________
Аты:_________________________________________________________________
Әкесінің аты:________________________________________________________
Облыстың атауы:______________________________________________________
Қала: _______________________________________________________________
Электрондық пошта мекенжайы:_________________________________________
Телефон:_____________________________________________________________
Тіркеу куәліктерінің жарамдылық мерзімі: 1 жыл.
Тиісті тіркеу куәліктерінің саясатымен таныстым, қарсылығым жоқ.
Электрондық цифрлық қолтаңбаның тиісті жабық кілтін құру үшін
пайдаланылатын электрондық цифрлық қолтаңбаның құралдары туралы
деректер, электрондық цифрлық қолтаңба алгоритмі стандартының және
ашық кілт ұзындығының белгіленуі:
ҰКО АҚКҚ (ЭЦҚ – МЕМСТ 34.310-2004 512 Бит, Аутентификация - RSA 2048
Бит)
_____________________________________________________________________
Қолтаңбаның ашық кілті:
_____________________________________________________________________
Аутентификация ашық кілті:
_____________________________________________________________________
Қосымша ақпаратқа арналған орын:
_____________________________________________________________________
Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландыру орталығының
пайдаланушылық келісімімен таныстым және тіркеу куәліктерін алу
мақсатында менің дербес деректерімді өңдеуге және электрондық поштаға
хабарламаларды алуға келісім беретінімді растаймын.
"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы коммерциялық
емес акционерлік қоғамына немесе көрсетілетін қызметті берушіге
жүгіну күні
20 ____ жылғы "___" _____________
Заңды тұлға қызметкерінің (заңды тұлға өкілінің) қолы _____________
"Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландыру орталығының тіркеу куәлігін беру және қайтарып алу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымша |
Нысан
Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландыру орталығының
тіркеу куәліктерін бір рет алуға немесе кері қайтарып алуға
заңды тұлғадан сенімхат
________________________________________, 20 жылғы " " ______________
(елді мекеннің атауы)
________________________________________, БСН ______________________,
(заңды тұлғаның атауы)
заңды мекенжайы:____________________________________________________,
______________________________________________________________ атынан
Жарғы (Ереже) негізінде әрекет ететін
азамат _____________________________________________________________,
(тегі, аты, әкесінің аты, туған жылы және орны, мекенжайы)
ЖСН _________________________________________________________________
заңды тұлғаның қызметкерлері үшін ҰКО тіркеу
_____________________________________________________________________
(беруге немесе кері қайтаруға)
құжаттарды беруге уәкілеттік береді:
1. ________________________________________________, ________________
(тегі, аты, әкесінің аты) (қолы)
ЖСН _______________________________
2. ________________________________________________, ________________
(тегі, аты, әкесінің аты) (қолы)
ЖСН _______________________________
3. ________________________________________________, ________________
(тегі, аты, әкесінің аты) (қолы)
ЖСН _______________________________
4. ________________________________________________, ________________
(тегі, аты, әкесінің аты) (қолы)
ЖСН _______________________________
Өкілге осы сенімхатта анықталған тапсырманы орындау үшін куәландырушы орталықтың тиісті құжаттарына қолын қою құқығы беріледі.
Басшы _________ ______________
(қолы) (аты, тегі)
МО (болған кезде)
"Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландыру орталығының тіркеу куәлігін беру және қайтарып алу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 4-қосымша |
Нысан
Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландыру орталығының
SSL тіркеу куәлігін беруге өтініш (жеке тұлғаның атынан)
Бірегей нөмірі
Атына тіркеу куәлігі берілетін жеке тұлғаның сәйкестендіру деректері:
ЖСН: ________________________________________________________________
Тегі: _______________________________________________________________
Аты:_________________________________________________________________
Әкесінің аты:________________________________________________________
Облыстың атауы:______________________________________________________
Қала: _______________________________________________________________
Электрондық пошта мекенжайы:_________________________________________
Телефон:_____________________________________________________________
Домендік атау: ______________________________________________________
Қосымша домендік атаулардың тізімі:__________________________________
Base64 форматындағы PKCS#10 сұрау салу:
Base64 форматындағы сұрау салу
Тіркеу куәлігінің жарамдылық мерзімі: 1 жыл.
ҚР ҰКО тіркеу куәлігінің саясатымен таныстым, қарсылығым жоқ.
Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландыру орталығының
пайдаланушылық келісімімен таныстым және тіркеу куәліктерін алу
мақсатында менің дербес деректерімді өңдеуге және электрондық поштаға
хабарламаларды алуға келісім беретінімді растаймын.
"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы коммерциялық
емес акционерлік қоғамына немесе көрсетілетін қызметті берушіге
жүгіну күні
20 ____ жылғы " ___ " _____________
Жеке тұлғаның (жеке тұлға өкілінің) қолы _____________
"Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландыру орталығының тіркеу куәлігін беру және қайтарып алу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 5-қосымша |
Нысан
Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландыру орталығының
SSL тіркеу куәлігін беруге өтініш (заңды тұлғаның атынан)
Бірегей нөмірі
Заңды тұлғаның сәйкестендіру деректері:
БСН: ________________________________________________________________
Ұйымның атауы: ______________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Атына тіркеу куәлігі берілетін заңды тұлға қызметкерінің
сәйкестендіру деректері:
ЖСН: ________________________________________________________________
Тегі: _______________________________________________________________
Аты:_________________________________________________________________
Әкесінің аты:________________________________________________________
Облыстың атауы:______________________________________________________
Қала: _______________________________________________________________
Электрондық почта мекенжайы:_________________________________________
Телефон:_____________________________________________________________
Домендік атау:_______________________________________________________
Қосымша домендік атаулардың тізімі:__________________________________
Base64 форматындағы PKCS#10 сұрау салу:
Base64 форматындағы сұрау салу
Тіркеу куәлігінің жарамдылық мерзімі: 1 жыл.
Тіркеу куәлігінің саясатымен таныстым, қарсылығым жоқ.
Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландыру орталығының
пайдаланушылық келісімімен таныстым және тіркеу куәліктерін алу
мақсатында менің дербес деректерімді өңдеуге және электрондық поштаға
хабарламаларды алуға келісім беретінімді растаймын.
"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы коммерциялық
емес акционерлік қоғамына немесе көрсетілетін қызметті берушіге
жүгіну күні
20 ___ жылғы " ___ " _____________
Заңды тұлға қызметкерінің (заңды тұлға өкілінің) қолы _____________
"Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландыру орталығының тіркеу куәлігін беру және қайтарып алу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 6-қосымша |
Нысан
Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландыру орталығының
тіркеу куәліктерін беруге өтініш
("Қазынашылық-Клиент" ақпараттық жүйесін пайдаланушылары үшін
заңды тұлғаның атынан)
Бірегей нөмірі
Заңды тұлғаның сәйкестендіру деректері:
БСН: ________________________________________________________________
Ұйымның атауы: ______________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Атына тіркеу куәлігі берілетін заңды тұлға қызметкерінің
сәйкестендіру деректері:
ЖСН: ________________________________________________________________
Тегі:________________________________________________________________
Аты:_________________________________________________________________
Әкесінің аты:________________________________________________________
ММ/МБС коды:_________________________________________________________
Рөлі: _______________________________________________________________
Облыстың атауы:______________________________________________________
Қала: _______________________________________________________________
Электрондық пошта мекенжайы:_________________________________________
Телефон:_____________________________________________________________
Тіркеу куәлігінің жарамдылық мерзімі: 1 жыл.
Тіркеу куәліктердің саясатымен таныстым, қарсылығым жоқ.
Электрондық цифрлық қолтаңбаның тиісті жабық кілтін құру үшін
пайдаланылатын электрондық цифрлық қолтаңбаның құралдары туралы
деректер, электрондық цифрлық қолтаңба алгоритмі стандартының және
ашық кілт ұзындығының белгіленуі:
ҚР ҰКО АҚКҚ (ЭЦҚ – МЕМСТ 34.310-2004 512 Бит, Аутентификация - RSA
2048 Бит)
Қолтаңбаның ашық кілті:______________________________________________
Аутентификация ашық кілті:___________________________________________
Қосымша ақпаратқа арналған орын:_____________________________________
Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландыру орталығының
пайдаланушылық келісімімен таныстым және тіркеу куәліктерін алу
мақсатында менің дербес деректерімді өңдеуге және электрондық поштаға
хабарламаларды алуға келісім беретінімді растаймын.
"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы коммерциялық
емес акционерлік қоғамына немесе көрсетілетін қызметті берушіге
жүгіну күні
20 ____ жылғы "___" _____________
Заңды тұлға қызметкерінің (заңды тұлға өкілінің) қолы _____________
"Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландыру орталығының тіркеу куәлігін беру және қайтарып алу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 7-қосымша |
Нысан
Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландыру орталығының тіркеу
куәліктерін қайтарып алуға жеке тұлғаның, интернет-ресурстың
домендік атауының иесі жеке тұлғаның, резидент емес
жеке тұлғаның атынан өтініш
Жеке тұлғаның сәйкестендіру деректері:
ЖСН: ________________________________________________________________
Тегі: _______________________________________________________________
Аты:_________________________________________________________________
Әкесінің аты:________________________________________________________
Электрондық пошта мекенжайы:_________________________________________
Телефон:_____________________________________________________________
Тіркеу куәліктерінің сәйкестендіру деректері:
Сериялық нөмірлері:

Берілген күні: ________________________
Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландыру орталығының
пайдаланушылық келісімімен таныстым және тіркеу куәліктерін алу
мақсатында менің дербес деректерімді өңдеуге және электрондық поштаға
хабарламаларды алуға келісім беретінімді растаймын.
"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы коммерциялық
емес акционерлік қоғамына немесе көрсетілетін қызметті берушіге
жүгіну күні
20 ____ жылғы "___" _____________
Заңды тұлғаның (заңды тұлға өкілінің) қолы _____________
"Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландыру орталығының тіркеу куәлігін беру және қайтарып алу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 8-қосымша |
Нысан
Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландыру орталығының тіркеу
куәліктерін қайтарып алуға заңды тұлғаның, интернет-ресурстың
домендік атауының иесі заңды тұлғаның, қызметін бірлескен
кәсіпкерлік түрінде жүзеге асыратын жеке кәсіпкердің,
"Қазынашылық-Клиент" ақпараттық жүйесіне қатысушының,
резидент емес жеке тұлғаның атынан өтініш
Заңды тұлғаның сәйкестендіру деректері:
БСН: ________________________________________________________________
Ұйымның немесе ДК атауы: ____________________________________________
_____________________________________________________________________
ЖСН: ________________________________________________________________
Тегі: _______________________________________________________________
Аты:_________________________________________________________________
Әкесінің аты:________________________________________________________
ММ/МБС коды ("Қазынашылық-Клиент" ақпараттық жүйесінің
пайдаланушылары үшін):_______________________________________________
Рөл ("Қазынашылық-Клиент" ақпараттық жүйесінің пайдаланушылары
үшін):_______________________________________________________________
Облыстың атауы:______________________________________________________
Қала:________________________________________________________________
Телефон:_____________________________________________________________
Тіркеу куәліктерінің сәйкестендіру деректері:
Сериялық нөмірлері: _________________________________________________
Берілген күні:_______________________________________________________
Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландыру орталығының
пайдаланушылық келісімімен таныстым және тіркеу куәліктерін алу
мақсатында менің дербес деректерімді өңдеуге және электрондық поштаға
хабарламаларды алуға келісім беретінімді растаймын.
"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы коммерциялық
емес акционерлік қоғамына немесе көрсетілетін қызметті берушіге
жүгіну күні
20 ____ жылғы "___" _____________
Басшы* _________ ______________
(қолы) (аты, тегі)
МО (болған кезде)
* ҚР ҰКО тіркеу куәлігі иесінің жұмыстан босатылғаны туралы бұйрықтан
үзінді ұсынған жағдайда, өтінішке тіркеу куәлігінің иесі қолын қоя
алады. Осындай жағдайда ұйымның мөрі қажет емес.
"Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландыру орталығының тіркеу куәлігін беру және қайтарып алу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 9-қосымша |
Нысан
(Т.А.Ә.А., не көрсетілетін қызметті
алушы ұйымның атауы)
_________________________________
(көрсетілетін қызметті
алушының мекенжайы)
Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы
қолхат
"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы
15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабын басшылыққа ала
отырып, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы
коммерциялық емес акционерлік қоғамына филиалының №____ бөлімі
(мекенжайын көрсету) Сіз мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында
көзделген толық құжаттар пакетін ұсынбағаныңызға байланысты
мемлекеттік қызметті көрсетуге (мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандартына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауын көрсету)
құжаттарды қабылдаудан бас тартады, атап айтқанда:
Жетіспейтін құжаттардың атауы:
1) ________________________________________;
2) ________________________________________;
3) ….
Осы қолхат әр тарапқа бір-бірден 2 данада жасалды.
Т.А.Ә.А. ("Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік
корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамына қызметкерінің)
(қолы)
Орынд. Т.А.Ә.А. _____________
Тел.__________
Алдым: Т.А.Ә.А. / көрсетілетін қызметті алушының қолы
20__ жылғы "___" _______