Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 19 мамырда № 306 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 5 маусымда № 11274 тіркелді.

Қолданыстағы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң кейбiр бұйрықтарына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізiлсiн:

      1) "Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 403 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9756 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 17 қазанда жарияланған):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасында:

      бюджет түсімдерінің жiктемесiнде:

      "Салықтық түсiмдер" 1-санатында:

      06 "Халықаралық сауда мен сыртқы операцияларға салынатын салықтар" сыныбында:

      "Кедендік төлемдер" 1-кіші сыныбында:

      мынадай мазмұндағы 17 және 18-ерекшелiктермен толықтырылсын:

      "17 Қырғыз Республикасы бөлген кедендік баждар

      18 Қырғыз Республикасынан түсетін кедендік баждарды, салықтарды төлеуді қамтамасыз етудің өндіріп алынған сомалары";

      "Халықаралық сауда мен операцияларға салынатын басқа да салықтар" 2-кіші сыныбында:

      мынадай мазмұндағы 11-ерекшелiкпен толықтырылсын:

      "11 Қырғыз Республикасынан түскен арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары";

      бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасында:

      01 "Жалпы сипаттағы мемлекеттiк қызметтер" функционалдық тобында:

      2 "Қаржылық қызмет" функционалдық кіші тобында:

      733 "Облыстың мемлекеттік сатып алу және коммуналдық меншік басқармасы" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:

      мынадай мазмұндағы 117 және 118-бюджеттік бағдарламалармен толықтырылсын:

      "117 Қазақстан Республикасы Үкіметінің табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою кезінде халықтың тіршілігін қамтамасыз етуге арналған резервінің есебінен іс-шаралар өткізуге мемлекеттік басқарудың басқа деңгейлеріне берілетін трансферттер

      118 Қазақстан Республикасы Үкіметінің табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою кезінде халықтың тіршілігін қамтамасыз етуге арналған резервінің есебінен іс-шаралар өткізу";

      3 "Сыртқы саяси қызмет" функционалдық кіші тобында:

      243 "Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:

      073 "Әріптестік туралы негіздемелік келісімдер шеңберінде халықаралық қаржы ұйымдарымен бірлесіп жүзеге асырылатын Қазақстан Республикасының орнықты дамуына және өсуіне жәрдемдесу жөніндегі жобалардың іске асырылуын қамтамасыз ету" бюджеттік бағдарламасы бойынша:

      мынадай мазмұндағы 012, 018 және 032-бюджеттік кіші бағдарламалармен толықтырылсын:

      "012 Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін нысаналы трансферт қаражатынан грантты бірлесіп қаржыландыру есебінен

      018 Грант есебінен

      032 Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін нысаналы трансферт есебінен";

      04 "Бiлiм беру" функционалдық тобында:

      9 "Бiлiм беру саласындағы өзге де қызметтер" функционалдық кіші тобында:

      225 "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:

      мынадай мазмұндағы 004 және 017-бюджеттік кіші бағдарламалары бар 153-бюджеттік бағдарламамен толықтырылсын:

      "153 Қазақстан Республикасының орнықты дамуына және өсуіне жәрдемдесу шеңберінде бағдарламалық жобаларды іске асыру

      004 Cыртқы қарыздар есебiнен

      017 Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін нысаналы трансферт қаражатынан сыртқы қарыздарды бірлесіп қаржыландыру есебінен";

      06 "Әлеуметтiк көмек және әлеуметтiк қамсыздандыру" функционалдық тобында:

      9 "Әлеуметтiк көмек және әлеуметтiк қамтамасыз ету салаларындағы өзге де қызметтер" функционалдық кіші тобында:

      239 "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:

      мынадай мазмұндағы 004 және 017-бюджеттік кіші бағдарламалары бар 153-бюджеттік бағдарламамен толықтырылсын:

      "153 Қазақстан Республикасының орнықты дамуына және өсуіне жәрдемдесу шеңберінде бағдарламалық жобаларды іске асыру

      004 Cыртқы қарыздар есебiнен

      017 Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін нысаналы трансферт қаражатынан сыртқы қарыздарды бірлесіп қаржыландыру есебінен";

      07 "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық" функционалдық тобында:

      1 "Тұрғын үй шаруашылығы" функционалдық кіші тобында:

      243 "Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:

      мынадай мазмұндағы 032-бюджеттік кіші бағдарламасы бар 156-бюджеттік бағдарламамен толықтырылсын:

      "156 Қазақстан Республикасының орнықты дамуына және өсуіне жәрдемдесу шеңберінде облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне квазимемлекеттік сектор субъектілерінің (коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындар) жарғылық капиталын ұлғайтуға берілетін нысаналы даму трансферттері

      032 Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін нысаналы трансферті есебінен";

      279 "Облыстың энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:

      мынадай мазмұндағы 015 және 032-бюджеттік кіші бағдарламалары бар 047-бюджеттік бағдарламамен толықтырылсын:

      "047 Қазақстан Республикасының орнықты дамуына және өсуіне жәрдемдесу шеңберінде аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттеріне квазимемлекеттік сектор субъектілерінің (коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындар) жарғылық капиталын ұлғайтуға берілетін нысаналы даму трансферттері

      015 Жергілікті бюджет қаражаты есебінен

      032 Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін нысаналы трансферт есебінен";

      458 "Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:

      мынадай мазмұндағы 015 және 032-бюджеттік кіші бағдарламалары бар 054-бюджеттік бағдарламамен толықтырылсын:

      "054 Қазақстан Республикасының орнықты дамуына және өсуіне жәрдемдесу шеңберінде квазимемлекеттік сектор субъектілерінің (коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындар) жарғылық капиталын ұлғайту

      015 Жергілікті бюджет қаражаты есебінен

      032 Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін нысаналы трансферт есебінен";

      467 "Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) құрылыс бөлімі" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:

      мынадай мазмұндағы 015 және 033-бюджеттік кіші бағдарламалары бар 053-бюджеттік бағдарламамен толықтырылсын:

      "053 Жылу, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін реконструкциялауға және салуға кредит беру

      015 Жергілікті бюджет қаражаты есебінен

      033 Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін нысаналы трансферт қаражатынан кредит беру есебінен";

      мынадай мазмұндағы 011 және 015-бюджеттік кіші бағдарламалары бар 024 және 041-бюджеттік бағдарламалары бар 478 бюджеттік бағдарламалар әкімшісімен толықтырылсын:

      "478 Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі

      024 Жұмыспен қамту 2020 жол картасы бойынша қалаларды және ауылдық елді мекендерді дамыту шеңберінде объектілерді жөндеу

      011 Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебiнен

      015 Жергілікті бюджет қаражаты есебінен

      041 Жұмыспен қамту 2020 жол картасы бойынша қалаларды және ауылдық елді мекендерді дамыту шеңберінде объектілерді жөндеу және абаттандыру

      011 Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебiнен

      015 Жергілікті бюджет қаражаты есебінен";

      487 "Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:

      мынадай мазмұндағы 015 және 032-бюджеттік кіші бағдарламалары бар 054-бюджеттік бағдарламамен толықтырылсын:

      "054 Қазақстан Республикасының орнықты дамуына және өсуіне жәрдемдесу шеңберінде квазимемлекеттік сектор субъектілерінің (коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындар) жарғылық капиталын ұлғайту

      015 Жергілікті бюджет қаражаты есебінен

      032 Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін нысаналы трансферті есебінен";

      08 "Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістiк" функционалдық тобында:

      3 "Ақпараттық кеңiстiк" функционалдық кіші тобында:

      734 "Облыстың тілдерді дамыту, мұрағаттар мен құжаттама басқармасы" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:

      мынадай мазмұндағы 117 және 118-бюджеттік бағдарламалармен толықтырылсын:

      "117 Қазақстан Республикасы Үкіметінің табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою кезінде халықтың тіршілігін қамтамасыз етуге арналған резервінің есебінен іс-шаралар өткізуге мемлекеттік басқарудың басқа деңгейлеріне берілетін трансферттер

      118 Қазақстан Республикасы Үкіметінің табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою кезінде халықтың тіршілігін қамтамасыз етуге арналған резервінің есебінен іс-шаралар өткізу";

      4 "Туризм" функционалдық кіші тобында:

      380 "Республикалық маңызы бар қаланың, астананың туризм басқармасы" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:

      002 "Туристік қызметті реттеу" бюджеттік кіші бағдарламаның атауына орыс тілінде өзгеріс енгізілді, мемлекеттік тілдегі мәтін өзгермейді;

      005 "Туризм объектілерін дамыту" бюджеттік бағдарламасы бойынша:

      мынадай мазмұндағы 011 және 015-бюджеттік кіші бағдарламалармен толықтырылсын:

      "011 Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебiнен

      015 Жергілікті бюджет қаражаты есебінен";

      мынадай мазмұндағы 015-бюджеттік бағдарламасы бар 454 бюджеттік бағдарламалар әкімшісімен толықтырылсын:

      "454 Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі

      015 Туристік қызметті реттеу";

      09 "Отын-энергетика кешенi және жер қойнауын пайдалану" функционалдық тобында:

      9 "Отын-энергетика кешені және жер қойнауын пайдалану саласындағы өзге де қызметтер" функционалдық кіші тобында:

      241 "Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:

      мынадай мазмұндағы 014-бюджеттік бағдарламамен толықтырылсын:

      "014 "Бурабай" геофизикалық обсерваториясын көшіру";

      10 "Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары" функционалдық тобында:

      5 "Қоршаған ортаны қорғау" функционалдық кіші тобында:

      241 "Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:

      мынадай мазмұндағы 020-бюджеттік бағдарламамен толықтырылсын:

      "020 Гидрометеорологиялық қызметті жаңғырту";

      мынадай мазмұндағы 004 және 017-бюджеттік кіші бағдарламалары бар 152-бюджеттік бағдарламамен толықтырылсын:

      "152 Қазақстан Республикасының орнықты дамуына және өсуіне жәрдемдесу шеңберінде бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыру

      004 Cыртқы қарыздар есебiнен

      017 Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін нысаналы трансферт қаражатынан сыртқы қарыздарды бірлесіп қаржыландыру есебінен";

      9 "Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, қоршаған ортаны қорғау және жер қатынастары саласындағы басқа да қызметтер" функционалдық кіші тобында:

      212 "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:

      мынадай мазмұндағы 004 және 017-бюджеттік кіші бағдарламалары бар 152-бюджеттік бағдарламамен толықтырылсын:

      "152 Қазақстан Республикасының орнықты дамуына және өсуіне жәрдемдесу шеңберінде бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыру

      004 Cыртқы қарыздар есебiнен

      017 Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін нысаналы трансферт қаражатынан сыртқы қарыздарды бірлесіп қаржыландыру есебінен";

      12 "Көлiк және коммуникация" функционалдық тобында:

      1 "Автомобиль көлiгi" функционалдық кіші тобында:

      242 "Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:

      мынадай мазмұндағы 032-бюджеттік кіші бағдарламасы бар 151-бюджеттік бағдарламамен толықтырылсын:

      "151 Қазақстан Республикасының орнықты дамуына және өсуіне жәрдемдесу шеңберінде бюджеттік инвестициялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін әзірлеу

      032 Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін нысаналы трансферт есебінен";

      5 "Темiр жол көлiгi" функционалдық кіші тобында:

      242 "Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:

      мынадай мазмұндағы 019-бюджеттік бағдарламамен толықтырылсын:

      "019 Теңізшінің жеке куәлігін жасау, беру және бақылау бойынша ақпараттық жүйе құру";

      9 "Көлiк және коммуникациялар саласындағы өзге де қызметтер" функционалдық кіші тобында:

      242 "Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:

      мынадай мазмұндағы 025-бюджеттік бағдарламамен толықтырылсын:

      "025 Мемлекеттiк органдардың ақпараттық инфрақұрылымын құру";

      13 "Басқалар" функционалдық тобында:

      3 "Кәсiпкерлiк қызметтi қолдау және бәсекелестікті қорғау" функционалдық кіші тобында:

      243 "Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:

      мынадай мазмұндағы 004 және 017-бюджеттік кіші бағдарламалары бар 153-бюджеттік бағдарламамен толықтырылсын:

      "153 Қазақстан Республикасының орнықты дамуына және өсуіне жәрдемдесу шеңберінде бағдарламалық жобаларды іске асыру

      004 Cыртқы қарыздар есебiнен

      017 Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін нысаналы трансферт қаражатынан сыртқы қарыздарды бірлесіп қаржыландыру есебінен";

      мынадай мазмұндағы 012 және 018-бюджеттік кіші бағдарламалары бар 155-бюджеттік бағдарламамен толықтырылсын:

      "155 Қазақстан Республикасының орнықты дамуына және өсуіне жәрдемдесу шеңберінде техникалық көмек іс-шараларын іске асыру

      012 Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін нысаналы трансферт қаражатынан грантты бірлесіп қаржыландыру есебінен

      018 Грант есебінен";

      9 "Басқалар" функционалдық кіші тобында:

      243 "Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:

      мынадай мазмұндағы 032-бюджеттік кіші бағдарламасы бар 154-бюджеттік бағдарламамен толықтырылсын:

      "154 Қазақстан Республикасының орнықты дамуына және өсуіне жәрдемдесу шеңберінде үкіметтік қарыз жобаларын және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қарыз алуы жөніндегі жобаларды дайындау және сүйемелдеу

      032 Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін нысаналы трансферті есебінен";

      2) "Бюджет түсімдерін бюджеттер деңгейлері мен Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қолма-қол ақшасының бақылау шоты арасында бөлу кестесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 404 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9760 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 15 қазанда жарияланған):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бюджет түсімдерін бюджеттер деңгейлері мен Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қолма-қол ақшасының бақылау шоты арасында бөлу кестесінде:

      "Салықтық түсiмдер" 1-санатында:

      06 "Халықаралық сауда мен сыртқы операцияларға салынатын салықтар" сыныбында:

      "Кедендік төлемдер" 1-кіші сыныбында:

      мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:

      "

Қырғыз Республикасы бөлген кедендік баждар

1

06

1

17

100





Қырғыз Республикасынан түсетін кедендік баждарды, салықтарды төлеуді қамтамасыз етудің өндіріп алынған сомалары

1

06

1

18

100






       ";

      "Халықаралық сауда мен операцияларға салынатын өзге салықтар" 2-кіші сыныбында:

      мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

      "

Қырғыз Республикасынан түскен арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары

1

06

2

11

100






       ".

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бюджет заңнамасы департаменті (З.А. Ерназарова) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеудi;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімде баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық мемлекеттік тiркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

Министр

Б. Сұлтанов