Геодезия және картография саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 357 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 3 маусымда № 11262 тіркелді

Жаңартылған

      «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған мына:
      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес "Аэротүсiрiлiм жұмыстарын жүргізуді тiркеу, есепке алу және оларға рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес «Геодезиялық пункттерді бұзуға немесе қайта салуға (ауыстыруға) рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
      3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес "Геодезиялық және картографиялық қызмет субъектілеріне жоспарланып отырған жұмыс учаскелерінде жергілікті жерлердің геодезиялық және картографиялық жағынан зерделенгендігі туралы тиісті мәліметтер беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 09.11.2016 № 468 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      2. «Мемлекеттік қызмет көрсету регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрінің 2014 жылғы 26 маусымдағы № 187/НҚ бұйрығының күші жойылды деп танылсын (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9544 болып тіркелген, 2014 жылғы 20 қарашадағы № 227 (28450) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған).
      3. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оның мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Ұлттық экономика министрі                             Е. Досаев

Қазақстан Республикасы  
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 24 сәуірдегі № 357
бұйрығына 1-қосымша   

Аэротүсiрiлiм жұмыстарын жүргізуді тiркеу, есепке алу және оларға рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

      Ескерту. Регламенттің тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 09.11.2016 № 468 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1. Жалпы ережелер

      1. "Аэротүсiрiлiм жұмыстарын жүргізуді тiркеу, есепке алу және оларға рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушысының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 272 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11050 болып тіркелген) "Аэротүсiрiлiм жұмыстарын жүргізуді тiркеу, есепке алу және оларға рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес (бұдан әрі – Стандарт) аэротүсірілім жұмыстарын жүргізуге рұқсат беру арқылы көрсетеді.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 09.11.2016 № 468 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: электронды (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
      3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі Стандартқа 1-қосымшаға сәйкес аэротүсірілім жұмыстарын жүргізуге рұқсат (бұдан әрі рұқсат) не Стандарттың 9-1-тармағында көрсетілген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру болып табылады.
      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: электрондық.
      www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі ЭҮП) арқылы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілген қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің
      уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанында жолданады.
      Көрсетілген қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қағаз жеткізгіште жүгінген жағдайда, мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі электрондық нысанда ресімделеді, басып шығарылады және көрсетілген қызметті берушінің мөрімен және уәкілетті адамының қолымен куәландырылады.
      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 09.11.2016 № 468 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің)іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы

      4. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімін бастау үшін негіздеме Стандарттың 9-тармағына сәйкес құжаттарды (бұдан әрі - құжаттар) қоса бере отырып Стандартқа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш болып табылады.
      5. Процесс құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, орындау ұзақтығы:
      1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттар түскен күні 20 минут ішінде оларды қабылдауды, тексеруді және тіркеуді жүзеге асырады, құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің басшылығына береді;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы құжаттар түскен күні 20 минут ішінде қарар жазады және құжатты көрсетілетін қызметті берушінің басқарма басшысына береді;
      3) көрсетілетін қызметті беруші басқармасының басшысы құжаттар түскен күні 15 минут ішінде қарар жазады және құжатты көрсетілетін қызметті беруші басқармасының жауапты орындаушысына береді;
      4) көрсетілетін қызметті беруші басқармасының жауапты орындаушысы құжаттарды алған күннен бастап 2 жұмыс күні ішінде толықтығын, сондай-ақ Стандарттың 9-тармағында көрсетілген тізбеге сәйкестігін тексереді;
      ұсынылған құжаттардың толық болмау фактілері анықталған жағдайда:
      басқарманың жауапты орындаушысы өтінішті одан әрі қараудан бас тарту туралы дәлелді жауап дайындайды;
      көрсетілетін қызметті беруші басқармасының басшысы 15 минут ішінде өтінішті одан әрі қараудан бас тарту туралы дәлелді жауапты келіседі;
      көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы 20 минут ішінде өтінішті одан әрі қараудан бас тарту туралы дәлелді жауапқа қол қояды;
      көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері өтінішті одан әрі қараудан бас тарту туралы дәлелді жауапты көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы қол қойған күні тіркейді және оны көрсетілетін қызметті алушыға жібереді;
      ұсынылған құжаттар толық болған жағдайда:
      басқарманың жауапты орындаушысы сұрауды Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне және (немесе) Қазақстан Республикасының қорғанысы мен ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мүддесі бар өзге де мемлекеттік органдарға (бұдан әрі – мүдделі мемлекеттік органдар) олардың құзыреті шегінде қарауға және келісуге дайындайды;
      сұрауды мүдделі мемлекеттік органдарға келісуге жолдау үшін көрсетілетін қызметті беруші басқармасының басшысы 15 минут ішінде келіседі;
      мүдделі мемлекеттік органдарға келісуге жолдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы 20 минут ішінде сұрауға қол қояды;
      көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы сұрауға қол қойған күні оны мүдделі мемлекеттік органдарға келісуге жолдау үшін тіркейді;
      басқарманың жауапты орындаушысы 4 жұмыс күні ішінде құжаттарды мүдделі мемлекеттік органдарға жолдайды;
      5) мүдделі мемлекеттік органдар 15 жұмыс күні ішінде құжаттарды қарайды, өз құзыреттері шегінде көрсетілетін қызметті беруші басқармасының жауапты орындаушысына уәжді қорытынды жолдайды.
      Қорытындыларды мерзімінде ұсынбаған жағдайда, қорытындылар оң болып саналады;
      6) басқарманың жауапты орындаушысы мүдделі мемлекеттік органдардың оң не теріс жауабы кезінде 3 жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін дайындайды;
      мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін көрсетілетін қызметті беруші басқармасының басшысы 15 минут ішінде келіседі;
      көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы 20 минут ішінде мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесіне қол қояды;
      7) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері 1 жұмыс күні ішінде мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беруді жүзеге асырады.
      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 09.11.2016 № 468 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      6. Мынадай рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастауға негіз болатын мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімдердің (іс-қимылдардың) нәтижесі:
      1) кіріс нөмірі бар тіркелген өтініш;
      2) танысқан және салынған бұрыштама;
      3) қаралған құжаттар топтамасы;
      4) ұсынылған құжаттардың толықтығы;
      5) бас тарту туралы дәлелді жауап:
      бұрыштама қойылған бас тарту туралы дәлелді жауап;
      қол қойылған бас тарту туралы дәлелді жауап;
      тіркелген шығыс нөмірі бар бас тарту туралы дәлелді жауап;
      6) мүдделі мемлекеттік органдарға сұрауды жолдау:
      мүдделі мемлекеттік органдарға бұрыштама қойылған сұрау;
      мүдделі мемлекеттік органдарға қол қойылған сұрау;
      мүдделі мемлекеттік органдарға тіркелген шығыс нөмірі бар сұрау;
      7) мүдделі мемлекеттік органдар жауабына талдау жүргізу;
      8) мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі:
      бұрыштама қойылған мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі;
      қол қойылған мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі;
      тіркелген шығыс нөмірі бар мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі.
      Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға өтініш:
      электрондық тәсілмен берілген жағдайда нәтижесі электрондық құжат нысанында ресімделеді;
      қағаз тәсілмен берілген жағдайда нәтижесі электрондық құжат нысанында ресімделеді, басылып шығарылады, көрсетілетін қызметті берушінің басшысы қол қояды және мөрмен расталады.
      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 13.11.2015 № 693 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің)өзара іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы

      7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушілердің мынандай құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлері):
      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы;
      3) көрсетілетін қызметті берушінің басқарма басшысы;
      4) көрсетілетін қызметті беруші басқармасының жауапты орындаушысы;
      5) мүдделі мемлекеттік органдар тартылған.
      8. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігінің сипаттамасы:
      1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттар түскен күні 20 минут ішінде оларды қабылдауды, тексеруді және тіркеуді жүзеге асырады, құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің басшылығына береді;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы құжаттар түскен күні 20 минут ішінде қарар жазады және құжатты көрсетілетін қызметті берушінің басқарма басшысына береді;
      3) көрсетілетін қызметті беруші басқармасының басшысы құжаттар түскен күні 15 минут ішінде қарар жазады және құжатты көрсетілетін қызметті беруші басқармасының жауапты орындаушысына береді;
      4) көрсетілетін қызметті беруші басқармасының жауапты орындаушысы құжаттарды алған күннен бастап 2 жұмыс күні ішінде толықтығын, сондай-ақ Стандарттың 9-тармағында көрсетілген тізбеге сәйкестігін тексереді;
      ұсынылған құжаттардың толық болмау фактілері анықталған жағдайда:
      басқарманың жауапты орындаушысы өтінішті одан әрі қараудан бас тарту туралы дәлелді жауап дайындайды;
      көрсетілетін қызметті беруші басқармасының басшысы 15 минут ішінде өтінішті одан әрі қараудан бас тарту туралы дәлелді жауапты келіседі;
      көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы 20 минут ішінде өтінішті одан әрі қараудан бас тарту туралы дәлелді жауапқа қол қояды;
      көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері өтінішті одан әрі қараудан бас тарту туралы дәлелді жауапты көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы қол қойған күні тіркейді және оны көрсетілетін қызметті алушыға жібереді;
      ұсынылған құжаттар толық болған жағдайда:
      басқарманың жауапты орындаушысы сұрауды мүдделі мемлекеттік органдарға олардың құзыреті шегінде қарауға және келісуге дайындайды;
      сұрауды мүдделі мемлекеттік органдарға келісуге жолдау үшін көрсетілетін қызметті беруші басқармасының басшысы 15 минут ішінде келіседі;
      мүдделі мемлекеттік органдарға келісуге жолдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы 20 минут ішінде сұрауға қол қояды;
      көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы сұрауға қол қойған күні оны мүдделі мемлекеттік органдарға келісуге жолдау үшін тіркейді;
      басқарманың жауапты орындаушысы 4 жұмыс күні ішінде құжаттарды мүдделі мемлекеттік органдарға жолдайды;
      5) мүдделі мемлекеттік органдар 15 жұмыс күні ішінде құжаттарды қарайды, өз құзыреттері шегінде көрсетілетін қызметті беруші басқармасының жауапты орындаушысына уәжді қорытынды жолдайды.
      Қорытындыларды мерзімінде ұсынбаған жағдайда, қорытындылар оң болып саналады;
      6) басқарманың жауапты орындаушысы мүдделі мемлекеттік органдардың оң не теріс жауабы кезінде 3 жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін дайындайды;
      мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін көрсетілетін қызметті беруші басқармасының басшысы 15 минут ішінде келіседі;
      көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы 20 минут ішінде мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесіне қол қояды;
      7) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері 1 жұмыс күні ішінде мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беруді жүзеге асырады.
      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 09.11.2016 № 468 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      9. Әрбір рәсімдердің (іс-қимылдардың) ұзақтығын көрсете отырып, әрбір іс-қимылды (рәсімді) өткізу рәсімдерінің (іс-қимылдарының) реттілігін сипаттау блок-схемасы "Аэротүсiрiлiм жұмыстарын жүргізуді тiркеу, есепке алу және оларға рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне (бұдан әрі - Регламент) 1-қосымшада келтірілген.
      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 09.11.2016 № 468 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      10. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөліністерінің (қызметкерлерінің) рәсімдерінің (іс-қимылдарының), өзара іс-қимыл жасасуы дәйектілігінің нақты сипаттамасы осы Регламентке 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі.
      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 09.11.2016 № 468 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

4. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде халыққа қызмет көрсету орталықтарымен және (немесе) өзге көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібінің, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібінің сипаттамасы

      11. Мемлекеттік қызметін көрсеткен кезде көрсетілетін қызметті алушының халыққа қызмет көрсету орталығына жүгіну мүмкіндігі көзделмеген.
      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 09.11.2016 № 468 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      12. ЭҮП арқылы көрсетілетін қызметті алушының жүгіну тәртібінің және мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібінің сипаттамасы:
      1) көрсетілетін қызметті алушы ЖСН/БСН және пароль көмегімен ЭҮП-те тiркеудi жүзеге асырады (ЭҮП-те тiркелмеген алушылар үшiн жүзеге асырылады);
      2) 1-процесс – көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті алушы үшін ЭҮП-те ЖСН/БСН және парольді енгiзуі (авторландыру процесi);
      3) 1-шарт - ЖСН/БСН және пароль арқылы тiркелген көрсетілетін қызметті алушы туралы деректердiң дұрыстығын ЭҮП-те тексеру;
      4) 2-процесс – ЭҮП-тің көрсетілетін қызметті алушының деректерiнде бұзушылықтардың болуымен байланысты авторландыру хабарламасын қалыптастыру;
      5) 3-процесс - көрсетілетін қызметті алушы Регламентте көрсетiлген қызметтi таңдауы, қызмет көрсету үшін сұраныс нысаны экранына шығару және оның Стандарттың 9-тармағында көрсетiлген құрылымы мен форматтық талаптарын ескере отырып көрсетілетін қызметті алушының нысанды (деректер енгізуді) толтыруы, сондай-ақ сұрауды куәландыру (қол қою) үшін көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ тiркеу куәлiгiн таңдауы;
      6) 2-шарт – ЭҮП-да ЭЦҚ тiркеу куәлiгiнiң әрекет ету мерзiмiн және тiзiмде қайтарып алынған (күшi жойылған) тiркеу куәлiктерiнiң болмауын, сондай-ақ сәйкестендіру деректерінің (сұрауда көрсетілген ЖСН/БСН және ЭЦҚ тiркеу куәлiгiнде көрсетiлген ЖСН/БСН) сәйкестігін тексеру;
      7) 4-процесс - көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ түпнұсқаларының расталмауына байланысты сұралатын көрсетілген қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
      8) 5-процесс - қызметті көрсету үшін сұрауды көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ арқылы куәландыруы және электрондық құжатты (сұрауды) ЭҮШ арқылы көрсетілетін қызметті беруші өңдеуі үшін көрсетілетін қызметті берушінің автоматтандырылған жұмыс орнына (бұдан әрі - АЖО) жолдау;
      9) 6-процесс - электрондық құжатты көрсетілетін қызметті берушінің АЖО-да тіркеу;
      10) 3-шарт - көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушы берген cтандартта көрсетілген құжаттарды және қызметті көрсетуге арналған негіздерге сәйкестігін тексеру (өңдеу);
      11) 7-процесс - осы Регламенттің 5-тармағына сәйкес мүдделі мемлекеттік органдардан уәжді қорытынды негізінде сұратылып отырған көрсетілетін қызметке хабарлама дайындау;
      12) 8-процесс - көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушінің АЖО қалыптастырылған көрсетілетін қызметтің нәтижесiн (аэротүсірілім жұмыстарын жүргізуге рұқсат беру) алуы. Электрондық құжат көрсетілетін қызметті берушінің жауапты тұлғасының ЭЦҚ пайдалана отырып қалыптастырылады.
      Мемлекеттік қызмет көрсетуге тартылған ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-қимыл диаграммасы графикалық нысанда Регламентке 1-қосымшада келтірілген.
      Ескерту. 12-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 09.11.2016 № 468 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      13. Әрбір рәсімдердің (іс-қимылдардың) ұзақтығын көрсете отырып, әрбір іс-қимылды (рәсімді) өткізу рәсімдерінің (іс-қимылдарының) реттілігін сипаттау блок-схемасы Регламентке 2-қосымшада келтірілген.
      14. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөліністерінің (қызметкерлерінің) рәсімдерінің (іс-қимылдарының), өзара іс-қимыл жасасуы дәйектілігінің нақты сипаттамасы осы Регламентке 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі.
      Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 09.11.2016 № 468 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

"Аэротүсірілім жұмыстарын жүргізуді
тіркеу, есепке алу және оларға рұқсат
беру" мемлекеттік көрсетілген қызмет
регламентіне 1-қосымша     

      Ескерту. 1-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 09.11.2016 № 468 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Мемлекеттік қызмет көрсетуге тартылған ақпараттық жүйеслердің функционалдық өзара іс-қимылының нысандағы диаграммасы

"Аэротүсірілім жұмыстарын жүргізуді
тіркеу, есепке алу және оларға рұқсат
беру" мемлекеттік көрсетілген қызмет
регламентіне 2-қосымша     

Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, әрбір
іс-қимылды (рәсімді) өткізу рәсімдерінің (іс-қимылдарының)
бірізділігін сипаттау блок-схемасы

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 09.11.2016 № 468 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

"Аэротүсірілім жұмыстарын жүргізуді
тіркеу, есепке алу және оларға рұқсат
беру" мемлекеттік көрсетілген қызмет
регламентіне 3-қосымша     

Аэротүсірілім жұмыстарын жүргізуді тіркеу, есепке алу және оларға рұқсат беру" мемлекеттік қызметін көрсетудің бизнес-процестері анықтамалығы

      Ескерту. 3-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы және атауы жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 09.11.2016 № 468 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 13.11.2015 № 693 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Шартты белгілер:

Қазақстан Республикасы   
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 24 сәуірдегі № 357
бұйрығына 2-қосымша    

«Геодезиялық пункттерді бұзуға немесе қайта салуға (ауыстыруға) рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1. Жалпы ережелер

      1. «Геодезиялық пункттерді бұзуға немесе қайта салуға (ауыстыруға) рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитеті (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушысының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 272 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11050 болып тіркелген) «Геодезиялық пункттерді бұзуға немесе қайта салуға (ауыстыруға) рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес (бұдан әрі - Стандарт) геодезиялық пункттерді бұзуға немесе қайта салуға (ауыстыруға) рұқсат беру арқылы көрсетеді.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 13.11.2015 № 693 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: электронды (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
      3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі Стандартқа 1-қосымшаға сәйкес геодезиялық пункттерді бұзуға немесе қайта салуға (ауыстыруға) рұқсат (бұдан әрі рұқсат) не осы Стандартының 9-1-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру болып табылады.
      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: электрондық.
      www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі ЭҮП) арқылы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілген қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанында жолданады.
      Көрсетілген қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қағаз жеткізгіште жүгінген жағдайда, мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі электрондық нысанда ресімделеді, басып шығарылады және көрсетілген қызметті берушінің мөрімен және уәкілетті адамының қолымен куәландырылады.
      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 09.11.2016 № 468 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы

      4. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімін бастау үшін негіздеме Стандарттың 9-тармағына сәйкес құжаттарды (бұдан әрі - құжаттар) қоса бере отырып Стандартқа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш болып табылады.
      5. Процесс құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, орындау ұзақтығы:
      1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттар түскен күні 20 минут ішінде оларды қабылдауды, тексеруді және тіркеуді жүзеге асырады, құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің басшылығына береді;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы құжаттар түскен күні 20 минут ішінде қарар жазады және құжатты көрсетілетін қызметті берушінің басқарма басшысына береді;
      3) көрсетілетін қызметті беруші басқармасының басшысы құжаттар түскен күні 15 минут ішінде қарар жазады және құжатты көрсетілетін қызметті беруші басқармасының жауапты орындаушысына береді;
      4) көрсетілетін қызметті беруші басқармасының жауапты орындаушысы құжаттарды алған күннен бастап 2 жұмыс күні ішінде толықтығын, сондай-ақ Стандарттың 9-тармағында көрсетілген тізбеге сәйкестігін тексереді;
      ұсынылған құжаттардың толық болмау фактілері анықталған жағдайда:
      басқарманың жауапты орындаушысы өтінішті одан әрі қараудан бас тарту туралы дәлелді жауап дайындайды;
      көрсетілетін қызметті беруші басқармасының басшысы 15 минут ішінде өтінішті одан әрі қараудан бас тарту туралы дәлелді жауапты келіседі;
      көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы 20 минут ішінде өтінішті одан әрі қараудан бас тарту туралы дәлелді жауапқа қол қояды;
      көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері өтінішті одан әрі қараудан бас тарту туралы дәлелді жауапты 20 минут ішінде тіркейді және оны көрсетілетін қызметті алушыға жібереді;
      ұсынылған құжаттар толық болған жағдайда:
      басқарманың жауапты орындаушысы сұрауды көрсетілетін қызметті берушінің ведомстволық бағынысты кәсіпорнына (бұдан әрі – ведомстволық бағынысты кәсіпорын) қарауға дайындайды;
      сұрауды ведомстволық бағынысты кәсіпорынға қарауға жолдау үшін көрсетілетін қызметті беруші басқармасының басшысы 15 минут ішінде келіседі;
      ведомстволық бағынысты кәсіпорынға қарауға жолдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы 20 минут ішінде сұрауға қол қояды;
      көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері сұрауды көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы қол қойған күні тіркейді және ведомстволық бағынысты кәсіпорынға қарауға жолдайды;
      5) ведомстволық бағынысты кәсіпорын 15 жұмыс күні ішінде құжаттарды қарайды, зерттеп қарайды және олар бойынша, өз құзыреті шегінде, басқарманың жауапты орындаушысына қорытынды жолдайды;
      6) басқарманың жауапты орындаушысы 3 жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін дайындайды;
      мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін көрсетілетін қызметті беруші басқармасының басшысы 15 минут ішінде келіседі;
      көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы 20 минут ішінде мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесіне қол қояды;
      7) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері 20 минут ішінде көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беруді жүзеге асырады.
      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 09.11.2016 № 468 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      6. Мынадай рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастау үшін негіз болатын мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімдердің (іс-қимылдардың) нәтижесі:
      1) кіріс нөмірі бар тіркелген өтініш;
      2) танысқан және салынған бұрыштама;
      3) қаралған құжаттар топтамасы;
      4) ұсынылған құжаттардың толықтығы;
      5) бас тарту туралы дәлелді жауап:
      бұрыштама қойылған бас тарту туралы дәлелді жауап;
      қол қойылған бас тарту туралы дәлелді жауап;
      тіркелген шығыс нөмірі бар бас тарту туралы дәлелді жауап;
      6) ведомстволық бағынысты кәсіпорынға сұрауды жолдау:
      ведомстволық бағынысты кәсіпорынға бұрыштама қойылған сұрау;
      ведомстволық бағынысты кәсіпорынға қол қойылған сұрау;
      ведомстволық бағынысты кәсіпорынға тіркелген шығыс нөмірі бар сұрау;
      7) ведомстволық бағынысты кәсіпорын жауабына талдау жүргізу;
      8) мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі:
      бұрыштама қойылған мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі;
      қол қойылған мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі;
      тіркелген шығыс нөмірі бар мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі.
      Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға өтініш:
      электрондық тәсілмен берілген жағдайда нәтижесі электрондық құжат нысанында ресімделеді;
      қағаз тәсілмен берілген жағдайда нәтижесі электрондық құжат нысанында ресімделеді, басылып шығарылады, көрсетілетін қызметті берушінің басшысы қол қояды және мөрмен расталады.
      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 13.11.2015 № 693 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 09.11.2016 № 468 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің)өзара іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы

      7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушілердің мынадай құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлері):
      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы;
      3) көрсетілетін қызметті берушінің басқарма басшысы;
      4) көрсетілетін қызметті беруші басқармасының жауапты орындаушысы;
      5) ведомстволық бағынысты кәсіпорын тартылған.
      Ескерту. 7-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 09.11.2016 № 468 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      8. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігінің сипаттамасы:
      1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттар түскен күні 20 минут ішінде оларды қабылдауды, тексеруді және тіркеуді жүзеге асырады, құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің басшылығына береді;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы құжаттар түскен күні 20 минут ішінде қарар жазады және құжатты көрсетілетін қызметті берушінің басқарма басшысына береді;
      3) көрсетілетін қызметті беруші басқармасының басшысы құжаттар түскен күні 15 минут ішінде қарар жазады және құжатты көрсетілетін қызметті беруші басқармасының жауапты орындаушысына береді;
      4) көрсетілетін қызметті беруші басқармасының жауапты орындаушысы құжаттарды алған күннен бастап 2 жұмыс күні ішінде толықтығын, сондай-ақ Стандарттың 9-тармағында көрсетілген тізбеге сәйкестігін тексереді;
      ұсынылған құжаттардың толық болмау фактілері анықталған жағдайда:
      басқарманың жауапты орындаушысы өтінішті одан әрі қараудан бас тарту туралы дәлелді жауап дайындайды;
      көрсетілетін қызметті беруші басқармасының басшысы 15 минут ішінде өтінішті одан әрі қараудан бас тарту туралы дәлелді жауапты келіседі;
      көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы 20 минут ішінде өтінішті одан әрі қараудан бас тарту туралы дәлелді жауапқа қол қояды;
      көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері өтінішті одан әрі қараудан бас тарту туралы дәлелді жауапты 20 минут ішінде тіркейді және оны көрсетілетін қызметті алушыға жібереді;
      ұсынылған құжаттар толық болған жағдайда:
      басқарманың жауапты орындаушысы сұрауды көрсетілетін қызметті берушінің ведомстволық бағынысты кәсіпорнына қарауға дайындайды;
      сұрауды ведомстволық бағынысты кәсіпорынға қарауға жолдау үшін көрсетілетін қызметті беруші басқармасының басшысы 15 минут ішінде келіседі;
      ведомстволық бағынысты кәсіпорынға қарауға жолдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы 20 минут ішінде сұрауға қол қояды;
      көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері сұрауды 20 минут ішінде тіркейді және ведомстволық бағынысты кәсіпорынға қарауға жолдайды;
      5) ведомстволық бағынысты кәсіпорын 15 жұмыс күні ішінде құжаттарды қарайды, зерттеп қарайды және олар бойынша, өз құзыреті шегінде, басқарманың жауапты орындаушысына қорытынды жолдайды;
      6) басқарманың жауапты орындаушысы 3 жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін дайындайды;
      мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін көрсетілетін қызметті беруші басқармасының басшысы 15 минут ішінде келіседі;
      көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы 20 минут ішінде мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесіне қол қояды;
      7) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері 20 минут ішінде көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беруді жүзеге асырады.
      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 09.11.2016 № 468 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      9. Әрбір рәсімдердің (іс-қимылдардың) ұзақтығын көрсете отырып, әрбір іс-қимылды (рәсімді) өткізу рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігін сипаттау блок-схемасы «Геодезиялық пункттерді бұзуға немесе қайта салуға (ауыстыруға) рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне(бұдан әрі - Регламент) 1-қосымшада келтірілген.
      10. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдары рәсімдері (іс-қимылдары) реттілігінің егжей-тегжейлі сипаттамасы, сондай-ақ өзге көрсетілетін қызметті берушілермен және (немесе) халыққа қызмет көрсету орталықтарымен өзара іс-қимыл тәртібінің және мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді қолдану тәртібінің сипаттамасы Регламентке 2-қосымшаға сәйкес «Геодезиялық пункттерді бұзуға немесе қайта салуға (ауыстыруға) рұқсат беру» мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестері анықтамалығында көрсетілген.

4. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде халыққа қызмет көрсету орталықтарымен және (немесе) өзге көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібінің, сондай-ақ ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібінің сипаттамасы

      11. «Геодезиялық пункттерді бұзуға немесе қайта салуға (ауыстыруға) рұқсат беру» мемлекеттік қызметін көрсеткен кезде көрсетілетін қызметті алушының халыққа қызмет көрсету орталығына жүгіну мүмкіндігі көзделмеген.
      12. ЭҮП арқылы көрсетілетін қызметті алушының жүгіну тәртібінің және мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібінің сипаттамасы:
      1) көрсетілетін қызметті алушы ЖСН/БСН және пароль көмегімен ЭҮП-те тiркеудi жүзеге асырады (ЭҮП-те тiркелмеген алушылар үшiн жүзеге асырылады);
      2) 1-процесс – көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті алушы үшін ЭҮП-те ЖСН/БСН және парольді енгiзуі (авторландыру процесi);
      3) 1-шарт - ЖСН/БСН және пароль арқылы тiркелген көрсетілетін қызметті алушы туралы деректердiң дұрыстығын ЭҮП-те тексеру;
      4) 2-процесс – ЭҮП-тің көрсетілетін қызметті алушының деректерiнде бұзушылықтардың болуымен байланысты авторландыру хабарламасын қалыптастыру;
      5) 3-процесс - көрсетілетін қызметті алушының «Геодезиялық пункттерді бұзуға немесе қайта салуға (ауыстыруға) рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде (бұдан әрі - Регламент) көрсетiлген қызметтi таңдауы, қызмет көрсету үшін сұраныс нысаны экранына шығару және оның Стандарттың 9-тармағында көрсетiлген құрылымы мен форматтық талаптарын ескере отырып көрсетілетін қызметті алушының нысанды (деректер енгізуді) толтыруы, сондай-ақ сұрауды куәландыру (қол қою) үшін көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ тiркеу куәлiгiн таңдауы;
      6) 2-шарт – ЭҮП-да ЭЦҚ тiркеу куәлiгiнiң әрекет ету мерзiмiн және тiзiмде қайтарып алынған (күшi жойылған) тiркеу куәлiктерiнiң болмауын, сондай-ақ сәйкестендіру деректерінің (сұрауда көрсетілген ЖСН/БСН және ЭЦҚ тiркеу куәлiгiнде көрсетiлген ЖСН/БСН) сәйкестігін тексеру;
      7) 4-процесс - көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ түпнұсқаларының расталмауына байланысты сұралатын көрсетілген қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
      8) 5-процесс - қызметті көрсету үшін сұрауды көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ арқылы куәландыруы және электрондық құжатты (сұрауды) ЭҮШ арқылы көрсетілетін қызметті беруші өңдеуі үшін көрсетілетін қызметті берушінің автоматтандырылған жұмыс орнына (бұдан әрі - АЖО)жолдау;
      9) 6-процесс - электрондық құжатты көрсетілетін қызметті берушінің АЖО-да тіркеу;
      10) 3-шарт - көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушы берген cтандартта көрсетілген құжаттарды және қызметті көрсетуге арналған негіздерге сәйкестігін тексеру (өңдеу);
      11) 7-процесс - осы Регламенттің 5-тармағына сәйкес геодезиялық пункті зерттеу туралы акт негізінде сұратылып отырған көрсетілетін қызметке хабарлама дайындау;
      12) 8-процесс - көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушінің АЖО-да қалыптастырылған көрсетілетін қызметтің нәтижесiн (геодезиялық пункттерді бұзуға немесе қайта салуға (ауыстыруға) рұқсат беру) алуы. Электрондық құжат көрсетілетін қызметті берушінің жауапты тұлғасының ЭЦҚ пайдалана отырып қалыптастырылады.
      Мемлекеттік қызмет көрсетуге тартылған ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-қимыл диаграммасы графикалық нысанда Регламентке 1-қосымшада келтірілген.
      13.Әрбір рәсімдердің (іс-қимылдардың) ұзақтығын көрсете отырып, әрбір іс-қимылды (рәсімді) өткізу рәсімдерінің (іс-қимылдарының) реттілігін сипаттау блок-схемасы Регламентке 2-қосымшасында келтірілген.
      14. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдары рәсімдері (іс-қимылдары) реттілігінің егжей-тегжейлі сипаттамасы, сондай-ақ өзге көрсетілетін қызметті берушілермен және (немесе) халыққа қызмет көрсету орталықтарымен өзара іс-қимыл тәртібінің және мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді қолдану тәртібінің сипаттамасы Регламентке 3-қосымшаға сәйкес«Геодезиялық пункттерді бұзуға немесе қайта салуға (ауыстыруға) рұқсат беру» мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестері анықтамалығында көрсетілген.

«Геодезиялық пункттерді бұзуға
немесе қайта салуға (ауыстыруға)
рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентіне 1-қосымша

Мемлекеттік қызмет көрсетуге тартылған ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-қимылының графикалық нысандағы диаграммасы

"Геодезиялық пункттерді бұзуға   
немесе қайта салуға (ауыстыруға) 
рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілген
қызмет регламентіне 2-қосымша   

Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, әрбір
іс-қимылды (рәсімді) өткізу рәсімдерінің (іс-қимылдарының)
бірізділігін сипаттау блок-схемасы

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 09.11.2016 № 468 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

"Геодезиялық пункттерді бұзуға   
немесе қайта салуға (ауыстыруға) 
рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілген
қызмет регламентіне 3-қосымша   

"Геодезиялық пункттерді бұзуға немесе қайта салуға
(ауыстыруға) рұқсат беру" мемлекеттік қызметін көрсетудің
бизнес-процестері анықтамалығы

      Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 09.11.2016 № 468 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 24 сәуірдегі № 357
бұйрығына 3-қосымша

"Геодезиялық және картографиялық қызмет субъектілеріне жоспарланып отырған жұмыс учаскелерінде жергілікті жерлердің геодезиялық және картографиялық жағынан зерделенгендігі туралы тиісті мәліметтер беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

      Ескерту. Регламенттің тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 09.11.2016 № 468 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Жалпы ережелер

      1. "Геодезиялық және картографиялық қызмет субъектілеріне жоспарланып отырған жұмыс учаскелерінде жергілікті жерлердің геодезиялық және картографиялық жағынан зерделенгендігі туралы тиісті мәліметтер беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитеті (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші), Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушысының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 272 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11050 болып тіркелген) "Геодезиялық және картографиялық қызмет субъектілеріне жоспарланып отырған жұмыс учаскелерінде жергілікті жерлердің геодезиялық және картографиялық жағынан зерделенгендігі туралы тиісті мәліметтер беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес (бұдан әрі - Стандарт), геодезиялық және картографиялық қызмет субъектілеріне жұмыс жоспарланған учаскелердегі жергілікті жерлердің геодезиялық және картографиялық зерттелгендігі туралы мәліметтер беру арқылы көрсетеді.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 09.11.2016 № 468 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      2. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: қағазша.
      3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – Стандарттың 6-тармағына сәйкес жергілікті жердің геодезиялық және картографиялық зерттелгендігі туралы мәліметтер, не Стандарттың 9-1-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру.
      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: қағаз түрінде.
      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 09.11.2016 № 468 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің)іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы

      4. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімін бастау үшін негіздеме Стандарттың 9-тармағына сәйкес құжаттарды (бұдан әрі - құжаттар) қоса бере отырып Стандарттың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының өтініші болып табылады.
      5. Процесс құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, орындау ұзақтығы:
      1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттар түскен күні 1 сағат ішінде оларды қабылдауды, тексеруді және тіркеуді жүзеге асырады, құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің басшылығына береді.
      Көрсетілетін қызметті алушы Стандарттың 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері құжаттарды қабылдаудан бас тартады;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы құжаттар түскен күні 1 сағат ішінде қарар жазады және құжатты көрсетілетін қызметті берушінің басқарма басшысына береді;
      3) көрсетілетін қызметті берушінің басқарма басшысы құжаттар түскен күні 1 сағат ішінде қарар жазады және құжатты көрсетілетін қызметті беруші басқармасының жауапты орындаушысына береді;
      4) көрсетілетін қызметті беруші басқармасының жауапты орындаушысы құжаттарды 5 сағат ішінде оларды көрсетілетін қызметті берушінің ведомстволық бағынысты кәсіпорнына қарауға жолдайды не Стандарттың 9-1-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша көрсетілетін қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап береді;
      5) көрсетілетін қызметті берушінің ведомстволық бағынысты кәсіпорны 2 жұмыс күні ішінде жұмыс көлемін айқындайды және көрсетілетін қызметті беруші басқармасының жауапты орындаушысына төлеу есеп-шотын жолдайды;
      6) көрсетілетін қызметті беруші басқармасының жауапты орындаушысы көрсетілетін қызметті алушыға төлемақы жүргізу қажеттілігі туралы хабарлама жолдайды, көрсетілетін қызметті алушы төлем құжатын (квитанциясын) тапсырғаннан кейін көрсетілетін қызметті берушінің ведомстволық бағынысты кәсіпорнына жұмыс жоспарланып отырған учаскеде жергіліктігі жердің геодезиялық және картографиялық зерттелгендігі туралы мәліметтерді беру хабарламасын жолдайды;
      7) көрсетілетін қызметті берушінің ведомстволық бағынысты кәсіпорны жергіліктігі жердің геодезиялық және картографиялық зерттелгендігі туралы мәліметтерді бергені үшін көрсетілетін қызметті төлеу туралы материалдар мен төлем құжаттарын (квитанциясын) беруге арналған хабарлама түскен сәттен бастап 12 жұмыс күні ішінде жергіліктігі жердің геодезиялық және картографиялық зерттелгендігі туралы мәліметтерді іріктеуге немесе дайындауға кіріседі және 15 жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушыға материалдарды беруді жүргізеді.
      Ескерту. 5-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 09.11.2016 № 468 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      6. Мынадай рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастау үшін негіз болатын мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімдердің (іс-қимылдардың) нәтижесі:
      1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері құжаттарды қабылдайды, тексереді, тіркейді және көрсетілетін қызметті берушінің басшылығына береді.
      Көрсетілетін қызметті алушы Стандарттың 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері құжаттарды қабылдаудан бас тартады;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы қарар жазады және құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің басқарма басшысына береді;
      3) көрсетілетін қызметті берушінің басқарма басшысы қарар жазады және құжаттарды көрсетілетін көрсетілетін қызметті беруші басқармасының жауапты орындаушысына береді;
      4) көрсетілетін қызметті беруші басқармасының жауапты орындаушысы құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің ведомстволық бағынысты кәсіпорнына қарауға жолдайды не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап береді;
      5) көрсетілетін қызметті берушінің ведомстволық бағынысты кәсіпорны жұмыстар көлемін айқындайды, көрсетілетін қызметті беруші басқармасының жауапты орындаушысына төлеу есеп-шотын жолдайды;
      6) көрсетілетін қызметті беруші басқармасының жауапты орындаушысы көрсетілетін қызметті алушыға төлемақы жүргізу қажеттілігі туралы хабарлама жолдайды және көрсетілетін қызметті берушінің ведомстволық бағынысты кәсіпорнына материалдар беру хабарламасын жолдайды;
      7) көрсетілетін қызметті берушінің ведомстволық бағынысты кәсіпорны жергіліктігі жердің геодезиялық және картографиялық зерттелгендігі туралы мәліметтерді іріктеуге немесе дайындауға кіріседі мәліметтер беруді жүргізеді.
      Ескерту. 6-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 09.11.2016 № 468 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің)өзара іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы

      7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде мынадай құрылымдық бөлімшелер:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы;
      3) көрсетілетін қызметті берушінің басқарма басшысы;
      4) көрсетілетін қызметті беруші басқармасының жауапты орындаушысы;
      5) ведомстволық бағынысты кәсіпорны.
      8. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігінің сипаттамасы:
      1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері көрсетілетін қызметті алушы берген құжаттар түскен күні 1 сағат ішінде оларды қабылдауды, тексеруді және тіркеуді жүзеге асырады, құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің басшылығына береді.
      Көрсетілетін қызметті алушы Стандарттың 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері құжаттарды қабылдаудан бас тартады;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы құжаттар түскен күні 1 сағат ішінде қарар жазады және құжатты көрсетілетін қызметті берушінің басқарма басшысына береді;
      3) көрсетілетін қызметті берушінің басқарма басшысы құжаттар түскен күні 1 сағат ішінде қарар жазады және құжатты көрсетілетін қызметті беруші басқармасының жауапты орындаушысына береді;
      4) көрсетілетін қызметті беруші басқармасының жауапты орындаушысы құжаттарды 5 сағат ішінде оларды көрсетілетін қызметті берушінің ведомстволық бағынысты кәсіпорнына қарауға жолдайды не Стандарттың 9-1-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша көрсетілетін қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап береді;
      5) көрсетілетін қызметті берушінің ведомстволық бағынысты кәсіпорны 2 жұмыс күні ішінде жұмыстар көлемін айқындайды және көрсетілетін қызметті беруші басқармасының жауапты орындаушысына төлеу есеп-шотын жолдайды;
      6) көрсетілетін қызметті беруші басқармасының жауапты орындаушысы көрсетілетін қызметті алушыға төлемақы жүргізу қажеттілігі туралы хабарлама жолдайды, көрсетілетін қызметті алушы төлем құжатын (квитанциясын) тапсырғаннан кейін көрсетілетін қызметті берушінің ведомстволық бағынысты кәсіпорнына жұмыс жоспарланып отырған учаскеде жергіліктігі жердің геодезиялық және картографиялық зерттелгендігі туралы мәліметтерді беру хабарламасын жолдайды;
      7) көрсетілетін қызметті берушінің ведомстволық бағынысты кәсіпорны жергіліктігі жердің геодезиялық және картографиялық зерттелгендігі туралы мәліметтерді бергені үшін көрсетілетін қызметті төлеу туралы материалдар мен төлем құжаттарын (квитанциясын) беруге арналған хабарлама түскен сәттен бастап 12 жұмыс күні ішінде жергіліктігі жердің геодезиялық және картографиялық зерттелгендігі туралы мәліметтерді іріктеуге немесе дайындауға кіріседі және 15 жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушыға материалдарды беруді жүргізеді.
      Ескерту. 8-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 09.11.2016 № 468 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      9. Әрбір рәсімдердің (іс-қимылдардың) ұзақтығын көрсете отырып, әрбір іс-қимылды (рәсімді) өткізу рәсімдерінің (іс-қимылдарының) реттілігін сипаттау блок-схемасы   «Геодезиялық және картографиялық қызмет субъектілеріне жұмыс жоспарланған учаскесіндегі жергілікті жерлердің геодезиялық және картографиялық зерттелгендігі туралы мәліметтер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне(бұдан әрі - Регламент) 1-қосымшада келтірілген.
      10. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдары рәсімдері (іс-қимылдары) реттілігінің егжей-тегжейлі сипаттамасы, сондай-ақ өзге көрсетілетін қызметті берушілермен және (немесе) халыққа қызмет көрсету орталықтарымен өзара іс-қимыл тәртібінің және мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді қолдану тәртібінің сипаттамасы Регламентке 2-қосымшаға сәйкес «Геодезиялық және картографиялық қызмет субъектілеріне жұмыс жоспарланған учаскесіндегі жергілікті жерлердің геодезиялық және картографиялық зерттелгендігі туралы мәліметтер беру» мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестері анықтамалығында көрсетілген.

4. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде халыққа қызмет көрсету орталықтарымен және (немесе) өзге көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібінің, сондай-ақ ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібінің сипаттамасы

      11. «Геодезиялық және картографиялық қызмет субъектілеріне жұмыс жоспарланған учаскесіндегі жергілікті жерлердің геодезиялық және картографиялық зерттелгендігі туралы мәліметтер беру» мемлекеттік қызмет көрсеткен кезде мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушының халыққа қызмет көрсету орталығына және (немесе) өзге мемлекеттік көрсетілетін қызметті берушіге жүгіну мүмкіндігі көзделмеген.

"Геодезиялық және картографиялық қызмет
субъектілеріне жоспарланып отырған жұмыс
учаскелерінде жергілікті жерлердің  
геодезиялық және картографиялық жағынан
зерделенгендігі туралы тиісті мәліметтер
беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет 
регламентіне 1-қосымша      

Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, әрбір рәсімді (іс-қимылды) өткізу рәсімдерінің (іс-қимылдарының) бірізділігін сипаттау блок-схемасы

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 09.11.2016 № 468 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

"Геодезиялық және картографиялық қызмет
субъектілеріне жоспарланып отырған жұмыс
учаскелерінде жергілікті жерлердің  
геодезиялық және картографиялық жағынан
зерделенгендігі туралы тиісті мәліметтер
беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет 
регламентіне 2-қосымша      

"Геодезиялық және картографиялық қызмет субъектілеріне жоспарланып отырған жұмыс учаскелерінде жергілікті жерлердің геодезиялық және картографиялық жағынан зерделенгендігі туралы тиісті мәліметтер беру" мемлекеттік қызметін көрсетудің бизнес-процестері анықтамалығы