Жер қатынастары саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 355 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 3 маусымда № 11251 тіркелді

Қолданыстағы

      «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 2)-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса берілген:
      1) «Жер учаскесіне сәйкестендіру құжатын дайындау туралы ақпарат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес;
      2) «Жер учаскесіне кадастрлық ақпарат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес;
      3) «Жер учаскесінің тиесілілігі туралы ақпарат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес;
      4) «Жер учаскесіне бастапқы құқық беруге құқық белгілейтін құжат туралы ақпарат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы бұйрықтың 4-қосымшасына сәйкес бекітілсін;
      5) «Жер учаскесіне жеке меншік құқығына актілерді ресімдеу және беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы бұйрықтың 5-қосымшасына сәйкес;
      6) «Тұрақты жер пайдалану құқығына актілерді ресімдеу және беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы бұйрықтың 6-қосымшасына сәйкес;
      7) «Уақытша өтеулі (ұзақ мерзімді, қысқа мерзімді) жер пайдалану (жалдау) құқығына актілерді ресімдеу және беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы бұйрықтың 7-қосымшасына сәйкес;
      8) «Уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығына актілерді ресімдеу және беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы бұйрықтың 8-қосымшасына сәйкес;
      9) «Жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын анықтау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы бұйрықтың 9-қосымшасына сәйкес;
      10) «Жер учаскесінің сапалық жағдайы және бағалау құны туралы мәлімет беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы бұйрықтың 10-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрінің «Мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы № 138/НҚ және № 139/НҚ (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9526 және № 9523 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2014 жылғы 13 қарашадағы № 222 (27445) жарияланған) бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
      3. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитетіне заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелген күнінен бастап он күнтізбелік күн ішінде оның мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің жетекшілік ететін вице-министріне жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Ұлттық экономика министрі                            Е. Досаев

Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 24 сәуірдегі
№ 355 бұйрығына
1-қосымша

«Жер учаскесіне сәйкестендіру құжатын дайындау туралы ақпарат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1. Жалпы ереже

       1. «Жер учаскесіне сәйкестендіру құжатын дайындау туралы ақпарат беру» мемлекеттік қызметті (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және жер ресурстарын басқару комитетінің «Жер кадастры ғылыми-өндірістік орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынмен (бұдан әрі - қызмет беруші), Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 272 бұйрығымен бекітілген «Жер учаскесіне сәйкестендіру құжатын дайындау туралы ақпарат беру» мемлекеттік қызмет стандартына (2015 жылғы 15 мамырда нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне № 11050 болып тіркелді) (бұдан әрі - стандарт) сәйкес көрсетіледі.
      2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (толық автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
      3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі - жер учаскесіне сәйкестендіру құжатын дайындау туралы ақпарат анықтама (бұдан әрі - ақпарат).

2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) әрекет ету тәртібін сипаттау

      4. Стандартқа сәйкес мемлеккеттік қызмет көрсету рәсімін (әрекетін) бастаудың негізі:
      ХҚКО өтініш білдірген кезде - стандарттың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш;
      «электронды үкімет» порталы арқылы өтініш білдірген кезде - қызмет алушының ЭЦҚ қол қойылған электронды құжат нысанындағы сұрауы;
      5. Мемлекеттік қызмет көрсету рәсімінің құрамына кіретін әр рәсімнің (әрекеттің) мазмұны, орындау ұзақтығы:
      1) «электронды үкімет» порталынан электронды құжат нысанында қызмет алушының өтінішін (сұрауын) автоматты түрде «Мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесіне» (бұдан әрі - МЖК ААЖ) беру 3 (үш) минут ішінде;
      2) қызмет алушының сұрауы бойынша сұралып отырған ақпараттың болуын тексеру 2 (екі) минут ішінде;
      3) қызмет берушінің мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесіне ЭЦҚ қол қою 3 (үш) минут ішінде;
      4) автоматты режимде мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін «электронды үкімет» порталына» қызмет алушыға жіберу (беру) 7 (жеті) минут ішінде.
      6. Мемлекеттік қызмет көрсету рәсімінің (әрекетінің) нәтижесі, ол келесі рәсімді (әрекетті) орындауды бастау үшін негіз болады:
      1) автоматты режимде қызмет алушыдан МЖК ААЖ өтініш қабылдау;
      2) мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін немесе автоматты режимде бас тарту туралы негізді жауапты дайындау;
      3) мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесіне немесе автоматты режимде бас тарту туралы негізді жауапқа автоматты режимде қызмет берушінің ЭЦҚ қол қоюы;
      4) қызмет алушыға мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін автоматты режимде МЖК ААЖ-дан «электронды үкімет» порталына жіберу.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара әрекет ету тәртібін сипаттау

      7. Қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (ақпараттық жүйелерінің) тізімі, олар мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысады:
      1) МЖК ААЖ;
      2) «электронды үкімет» шлюзі (бұдан әрі - ЭҮШ);
      3) «электронды үкімет» порталы (бұдан әрі - ЭҮП);
      4) орталықтың ақпараттық жүйесінің автоматтандырылған ақпараттық жұмыс орны (бұдан әрі - ХҚКО ААЖ АЖО).
      8. Әр рәсімнің (әрекеттің) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелер (ақпараттық жүйелер) арасындағы рәсімдердің (әрекеттердің) жүйелілігінің сипаттамасы осы регламенттің 1-қосымшасында (құрылымды-функционалды бірліктердің әрекетін сипаттау) келтірілген.

4. Халыққа қызмет көрсету орталығымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау

      9. Орталықта құжаттарды қабылдау «кедергісіз қызмет көрсету» арқылы операциялық залда жүзеге асырылады, онда орталық қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) және лауазымы көрсетіледі.
      Қызмет алушының құжаттарды тапсыру үшін ең ұзақ күту уақыты - 15 минуттан көп емес.
      Қызмет алушыға ең ұзақ қызмет көрсету уақыты - 15 минуттан көп емес.
      Мемлекеттік қызметті алу үшін қызмет беруші стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынады.
      Орталықта құжаттарды қабылдаған кезде мемлекеттік қызметті алушыға стандарттың 10-тармағына сәйкес тиісті құжаттарды қабылданғаны туралы қолхат беріледі.
       10. Мемлекеттік қызметті ЭҮП арқылы көрсеткен кезде қызмет берушінің және қызмет алушының өтініш беру тәртібінің және рәсімдердің (әрекеттердің) жүйелілігінің сипаттамасы:
      1) Көрсетілетін қызметті алушы өзінің тіркеу куәлігінің көмегімен көрсетілетін қызмет алушы компьютерінің интернет-браузерінде сақталатын электрондық цифрлық қолтаңбамен (бұдан әрі - ЭЦҚ) ЭҮП-да тіркелуді жүзеге асырады (ЭҮП-те тіркелмеген көрсетілетін қызметті алушылар үшін жүзеге асырылады);
      2) 1-процесс - мемлекеттік қызметті алу үшін ЭЦҚ тіркеу куәлігін көрсетілетін қызмет алушы компьютерінің интернет-браузеріне бекіту, көрсетілетін қызмет алушының ЭҮП парольді енгізу процесі (электрондық ЭҮП-да ЖСН немесе БСН және парольді енгізеді (авторизациялау процесі);
      3) 1-шарт - ЭҮП-да жеке сәйкестендіру нөмірінің (бұдан әрі - ЖСН) немесе бизнес сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі - БСН) логині және пароль арқылы көрсетілетін көрсетілетін қызметті алушы туралы тіркелген деректердің дұрыстығын тексеру;
      4) 2-процесс - ЭҮП-да көрсетілетін қызметті алушының деректерінде қателіктердің болуына байланысты авторизациялаудан бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
      5) 3-процесс - көрсетілетін қызметті алушының осы регламентте көрсетілген қызметті таңдауы, оның құрылымы мен форматтық талаптарын ескере отырып, сұрау нысанына стандарттың 9-тармағында көрсетілген қажетті құжаттарды электронды түрде сұрау нысанына бекіте отырып, көрсетілетін қызметті алушының нысанды толтыруы (деректерді енгізу) және қызмет көрсету үшін сұрау салу нысанын экранға шығару;
      6) 4-процесс - көрсетілетін қызметті алушының сұрауды куәландыру (қол қою) үшін ЭЦҚ тіркеу куәлігін таңдау;
      7) 2-шарт - ЭЦҚ тіркеу куәлігінің қолдану мерзімін және қайтарылған (жойылған) тіркеу куәліктерінің тізімде болмауын, сондай-ақ сұрауда көрсетілген сәйкестендіру деректерінің ЖСН және ЭЦҚ тіркеу куәлігінде көрсетілген ЖСН сәйкестігін тексеру;
      8) 5-процесс - көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ түпнұсқалылығының расталмауына байланысты сұрау салынған қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
      9) 6-процесс - қызметті көрсету үшін сұраудың толтырылған нысанын (енгізілген деректерді) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ арқылы куәландыру;
      10) 7-процесс - МЖК ААЖ электрондық құжатты тіркеу (көрсетілетін қызметті алушының сұрауы) және МЖК ААЖ сұрауды өңдеу;
      11) 3-шарт - қызмет берушінің стандарттың 9-тармағында көрсетілген қоса берілген құжаттарға және қызмет көрсету негіздемелеріне сәйкестігін тексеру;
      12) 8-процесс - сұрау салынған деректердің МЖК ААЖ-де болмауына байланысты сұрау салынған қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастырылады;
      13) 9-процесс - көрсетілетін қызметті алушының нәтижені нәтижені (электрондық құжат нысанында жер учаскесіне сәйкестендіру құжатын дайындау туралы анықтама ақпарат беру, қызмет берушінің ЭЦҚ қойылған немесе электронды құжат нысанында мемлекеттік қызмет беруден бас тарту туралы дәлелді жауап) алуы. Электрондық құжат қызмет берушінің ЭЦҚ қолдануымен қалыптастырылады.
      11. Қызмет көрсету кезінде функционалды өзара әрекет етудің ХҚКО арқылы (№ 3-диаграмма) қызмет берушінің адымдық әрекеттері мен шешімдері:
      1) 1-процесс - ХҚКО АЖ АЖО операторының қызмет көрсету үшін логин мен парольді енгізуі (авторизациялау процессі);
      2) 2-процесс - оператордың осы регламентте берілген қызметті таңдауы, қызмет көрсету үшін экранға сұрау нысанын шығару және орталық операторының көрсетілетін қызметті алушының деректерін енгізуі, сондай-ақ көрсетілетін қызмет алушының сенімхат бойынша өкілінің деректерін (сенімхатты нотариалды куәландырған кезде, сенімхатты басқаша куәландырған кезде - сенімхат деректері толтырылмайды);
      3) 3-процесс - көрсетілетін қызметті алушының деректері туралы сұрауды ЭҮШ арқылы ЖТ МДҚ (ЗТ МДҚ) жіберу, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушы өкілінің сенімхаты туралы деректерді БНАЖ-не жіберу;
      4) 1-шарт - көрсетілетін қызметті алушының деректерін ЖТ МДҚ-да (ЗТ МДҚ), сенімхат деректерін БНАЖ-де тексеру;
      5) 4-процесс - ЖТ МДҚ (ЗТ МДҚ) көрсетілетін қызметті алушының деректерінің, БНАЖ-де сенімхат деректерінің жоқ болуына байланысты деректерді алу мүмкін еместігі туралы хабарламаны қалыптастыру;
      6) 5-процесс - көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың қағаз нысанда болуы және құжаттарды сканерлеу туралы орталық операторының сұрау салу нысанын толтыруы, оларды сұрау салу нысанына бекіту және қызмет көрсету сұрауының толтырылған нысанын (енгізілген деректер) ЭЦҚ арқылы куәландыру;
      7) 6-процесс - орталық операторының ЭЦҚ куәландырылған (қол қойылған) электрондық құжатты (көрсетілетін қызметті алушының сұрауын) ЭҮШ арқылы МЖК ААЖ жіберуі;
      8) 7-процесс - МЖК ААЖ электрондық құжатты тіркеу;
      9) 2-шарт - қызмет берушінің көрсетілетін қызметті алушы қоса берген құжаттарының аталған стандартта берілген құжаттарға және қызмет көрсету үшін негіздерге сәйкестігін тексеру;
      10) 8-процесс - көрсетілетін қызметті алушының құжаттарында кемшіліктердің болуына байланысты сұрау салынған қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
      11) 9-процесс - көрсетілетін қызметті алушының орталық операторы арқылы қызмет нәтижесін (жер учаскесіне сәйкестендіру құжатын дайындау туралы анықтама ақпарат беру (электронды тасығышта) немесе МЖК ААЖ қалыптасқан қызмет көрсетуден бас тарту туралы жазбаша дәлелді жауап.
      12. Сұрауды өңдеп болған соң қызмет алушға өңдеу нәтижесін қарап шығудың келесі үлгідегі мүмкіндігі беріледі:
      «ашу» батырмасын басқан соң - сұрау нәтижесі дисплей экранына шығарылады;
      «сақтау» батырмасын басқан соң - сұрау нәтижесі көрсетілетін қызметті алушы берген Adobe Acrobat форматында магнитті тасығышта сақталады.
      13. Қызмет көрсету туралы қажетті ақпарат пен кеңесті 1414 call-центр телефоны бойынша алуға болады.
      14. Мемлекеттік қызмет көрсету процессінде процедуралардың (әрекеттердің) жүйелілігінің, қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлердің) өзара әрекет етуін толық сипаттау, сондай-ақ басқа да қызмет берушілермен және (немесе) халыққа қызмет көрсету орталығымен өзара әрекет ету тәртібін және мемлекеттік қызмет көрсету процессінде ақпараттық жүйелерді қолдану тәртібі осы регламенттің 2-қосымшасына сәйкес көрсетілетін мемлекеттік қызметтің бизнес-процесстерінің анықтамалығында көрсетіледі.

«Жер учаскесіне сәйкестендіру
құжатын дайындау туралы ақпарат
беру» мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентіне
1-қосымша

      Әр рәсімнің (әрекеттің) ұзақтығын көрсете отырып әр әрекеттің (рәсімнің) өту жүйелілігін сипаттау блок-схемасы

 

«Жер учаскесіне сәйкестендіру
құжатын дайындау туралы ақпарат
беру» мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентіне
2-қосымша

ЭҮП арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі функционалды өзара әрекет ету диаграммасы № 1-диаграммасы


«Жер учаскесіне сәйкестендіру
құжатын дайындау туралы ақпарат
беру» мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентіне
3-қосымша

ХҚКО арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі функционалды өзара әрекет ету № 2 диаграммасы       

«Жер учаскесіне сәйкестендіру
құжатын дайындау туралы ақпарат
беру» мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентіне
4-қосымша

«Жер учаскесіне сәйкестендіру құжатын дайындау туралы ақпарат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің бизнес-процесстерінің анықтамалығы

Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 24 сәуірдегі
№ 355 бұйрығына
2-қосымша

«Жер учаскесіне кадастрлық ақпарат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1. Жалпы ереже

       1. «Жер учаскесіне кадастрлық ақпарат беру» мемлекеттік қызметті (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және жер ресурстарын басқару комитетінің «Жер кадастры ғылыми-өндірістік орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынмен (бұдан әрі - қызмет беруші), Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 272 бұйрығымен бекітілген «Жер учаскесіне кадастрлық ақпарат беру» мемлекеттік қызмет стандартына (2015 жылғы 15 мамырда нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне № 11050 болып тіркелді) (бұдан әрі - стандарт) сәйкес көрсетіледі.
      2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (толық автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
      3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі - жер учаскесіне кадастрлық ақпарат анықтама (бұдан әрі - ақпарат).

2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау

      4. Стандартқа сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету рәсімін (әрекетін) бастаудың негізі:
      ХҚКО өтініш білдірген кезде - стандарттың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш;
      «электронды үкімет порталы арқылы өтініш білдірген кезде - қызмет алушының ЭЦҚ қол қойылған электронды құжат нысанындағы сұрауы.
       5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әр рәсімнің (әрекеттің) мазмұны, орындау ұзақтығы:
      1) «электронды үкімет» порталынан электронды құжат нысанында қызмет алушының өтінішін (сұрауын) автоматты түрде «Мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесіне» (бұдан әрі - МЖК ААЖ) беру 3 (үш) минут ішінде;
      2) қызмет алушының сұрауы бойынша сұралып отырған ақпараттың МЖК ААЖ-да болуын тексеру 2 (екі) минут ішінде;
      3) қызмет көрсетушінің мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесіне ЭЦҚ қол қою 3 (үш) минут ішінде;
      4) автоматты режимде мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін «электронды үкімет» порталына» қызмет алушыға жіберу (беру) 7 (жеті) минут ішінде;
      6. Мемлекеттік қызмет көрсету рәсімінің (әрекетінің) нәтижесі, ол келесі рәсімді (әрекетті) орындауды бастау үшін негіз болады:
      1) автоматты режимде қызмет алушыдан МЖК ААЖ өтініш қабылдау;
      2) мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін немесе автоматты режимде бас тарту туралы дәлелді жауапты дайындау;
      3) мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесіне немесе автоматты режимде бас тарту туралы дәлелді жауапқа автоматты режимде қызмет көрсетушінің ЭЦҚ қол қоюы;
      4) қызмет алушыға мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін автоматты режимде МЖК ААЖ-дан «электронды үкімет» порталына жіберу.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау

      7. Қызмет көрсетушінің мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын құрылымдық бөлімшелерінің (ақпараттық жүйелерінің) тізімі, олар:
      1) МЖК ААЖ;
      2) «электронды үкімет» шлюзі (бұдан әрі - ЭҮШ);
      3) «электронды үкімет» порталы (бұдан әрі - ЭҮП);
      4) орталықтың ақпараттық жүйесінің автоматтандырылған ақпараттық жұмыс орны (бұдан әрі - ХҚКО ААЖ АЖО).
      8. Әр рәсімнің (әрекеттің) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелер (ақпараттық жүйелер) арасындағы рәсімдердің (әрекеттердің) жүйелілігінің сипаттамасы осы регламенттің 1-қосымшасында (құрылымды-функционалды бірліктердің әрекетін сипаттау) келтірілген.

4. Халыққа қызмет көрсету орталығымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау

      9. Орталықта құжаттарды қабылдау «кедергісіз қызмет көрсету» арқылы операциялық залда жүзеге асырылады, онда орталық қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) және лауазымы көрсетіледі.
      Қызмет алушының құжаттарды тапсыру үшін ең ұзақ күту уақыты - 15 минуттан көп емес.
      Қызмет алушыға ең ұзақ қызмет көрсету уақыты - 15 минуттан көп емес.
      Мемлекеттік қызметті алу үшін қызмет беруші стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынады.
      Орталықта құжаттарды қабылдаған кезде мемлекеттік қызметті алушыға стандарттың 10-тармағына сәйкес тиісті құжаттарды қабылданғаны туралы қолхат беріледі.
       10. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ЭҮП арқылы көрсеткен кезде қызмет көрсетушінің және қызмет алушының өтініш беру тәртібінің және рәсімдердің (әрекеттердің) жүйелілігінің сипаттамасы:
      1) көрсетілетін қызметті алушы өзінің тіркеу куәлігінің көмегімен көрсетілетін қызмет алушы компьютерінің интернет-браузерінде сақталатын электрондық цифрлық қолтаңбамен (бұдан әрі - ЭЦҚ) ЭҮП-да тіркелуді жүзеге асырады (ЭҮП-те тіркелмеген көрсетілетін қызметті алушылар үшін жүзеге асырылады);
      2) 1-процесс - мемлекеттік қызметті алу үшін ЭЦҚ тіркеу куәлігі көрсетілетін қызметті алушы компьютерінің интернет-браузеріне бекіту, көрсетілетін қызметті алушының ЭҮП парольді енгізу процесі (авторизациялау процесі);
      3) 1-шарт - ЭҮП-да жеке сәйкестендіру нөмірінің (бұдан әрі - ЖСН) немесе бизнес сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі - БСН) логині және пароль арқылы көрсетілетін көрсетілетін қызметті алушы туралы тіркелген деректердің дұрыстығын тексеру;
      4) 2-процесс - ЭҮП-да көрсетілетін қызметті алушының деректерінде қателіктердің болуына байланысты авторизациялаудан бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
      5) 3-процесс - көрсетілетін қызметті алушының осы регламентте көрсетілген қызметті таңдауы, оның құрылымы мен форматтық талаптарын ескере отырып, сұрау нысанына стандарттың 9-тармағында көрсетілген қажетті құжаттарды электронды түрде сұрау нысанына бекіте отырып, көрсетілетін қызметті алушының нысанды толтыруы (деректерді енгізу) және қызмет көрсету үшін сұрау салу нысанын экранға шығару;
      6) 4-процесс - көрсетілетін қызметті алушының сұрауды куәландыру (қол қою) үшін ЭЦҚ тіркеу куәлігін таңдауы;
      7) 2-шарт - ЭЦҚ тіркеу куәлігінің қолдану мерзімін және қайтарылған (жойылған) тіркеу куәліктерінің тізімде болмауын, сондай-ақ сұрауда көрсетілген сәйкестендіру деректерінің ЖСН және ЭЦҚ тіркеу куәлігінде көрсетілген ЖСН сәйкестігін тексеру;
      8) 5-процесс - көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ түпнұсқалылығының расталмауына байланысты сұрау салынған қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
      9) 6-процесс - қызметті көрсету үшін сұраудың толтырылған нысанын (енгізілген деректерді) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ арқылы куәландыруы;
      10) 7-процесс - МЖК ААЖ электрондық құжатты тіркеу (көрсетілетін қызметті алушының сұрауы) және МЖК ААЖ сұрауды өңдеу;
      11) 3-шарт - қызмет берушінің стандарттың 9-тармағында көрсетілген қоса берілген құжаттарға және қызмет көрсету негіздемелеріне сәйкестігін тексеру;
      12) 8-процесс - МЖК ААЖ-да қызмет алушының деректерінде кемшіліктердің болуына байланысты сұрау салынған қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастырады;
      13) 9-процесс - көрсетілетін қызметті алушының нәтижені (электрондық құжат нысанында жер учаскесіне кадастрлық ақпарат беру, қызмет берушінің ЭЦҚ қойылған немесе электронды құжат нысанында мемлекеттік қызмет беруден бас тарту туралы дәлелді жауап) алуы. Электрондық құжат қызмет берушінің ЭЦҚ қолдануымен қалыптастырылады.
      11. қызмет көрсету кезінде функционалды өзара әрекет етудің ХҚКО арқылы (№ 3-диаграмма) қызмет берушінің адымдық әрекеттері мен шешімдері:
      1) 1-процесс - ХҚКО АЖ АЖО операторының қызмет көрсету үшін логин мен парольді енгізуі (авторизациялау процессі);
      2) 2-процесс - оператордың осы регламентте берілген қызметті таңдауы, қызмет көрсету үшін экранға сұрау нысанын шығару және орталық операторының көрсетілетін қызметті алушының деректерін енгізуі, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушының сенімхат бойынша өкілінің деректерін (сенімхатты нотариалды куәландырған кезде, сенімхатты басқаша куәландырған кезде - сенімхат деректері толтырылмайды);
      3) 3-процесс - көрсетілетін қызметті алушының деректері туралы сұрауды ЭҮШ арқылы ЖТ МДҚ (ЗТ МДҚ) жіберу, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушы өкілінің сенімхаты туралы деректерді БНАЖ-не жіберу;
      4) 1-шарт - көрсетілетін қызметті алушының деректерін ЖТ МДҚ -да (ЗТ МДҚ), сенімхат деректерін БНАЖ-де тексеру;
      5) 4-процесс - ЖТ МДҚ (ЗТ МДҚ) көрсетілетін қызметті алушының деректерінің, БНАЖ-де сенімхат деректерінің жоқ болуына байланысты деректерді алу мүмкін еместігі туралы хабарламаны қалыптастыру;
      6) 5-процесс - көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың қағаз нысанда болуы және құжаттарды сканерлеу туралы орталық операторының сұрау салу нысанын толтыруы, оларды сұрау салу нысанына бекіту және қызмет көрсету сұрауының толтырылған нысанын (енгізілген деректер) ЭЦҚ арқылы куәландыру;
      7) 6-процесс - орталық операторының ЭЦҚ куәландырылған (қол қойылған) электрондық құжатты (көрсетілетін қызметті алушының сұрауын) ЭҮШ арқылы МЖК ААЖ жіберу;
      8) 7-процесс - электрондық құжатты МЖК ААЖ тіркеу;
      9) 2-шарт - қызмет берушінің көрсетілетін қызметті алушы қоса берген құжаттарының аталған стандартта берілген құжаттарға және қызмет көрсету үшін негіздерге сәйкестігін тексеру;
      10) 8-процесс - көрсетілетін қызметті алушының құжаттарында кемшіліктердің болуына байланысты сұрау салынған қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
      11) 9-процесс - көрсетілетін қызметті алушының орталық операторы арқылы қызмет нәтижесін (жер учаскесіне сәйкестендіру құжатын дайындау туралы анықтама ақпарат беру (электронды тасығышта) немесе МЖК ААЖ қалыптасқан қызмет көрсетуден бас тарту туралы жазбаша дәлелді жауап.
      12. Сұрауды өңдеп болған соң қызмет алушға өңдеу нәтижесін қарап шығудың келесі үлгідегі мүмкіндігі беріледі:
      «ашу» батырмасын басқан соң - сұрау нәтижесі дисплей экранына шығарылады;
      «сақтау» батырмасын басқан соң - сұрау нәтижесі көрсетілетін қызметті алушы берген Adobe Acrobat форматында магнитті тасығышта сақталады.
      13. Қызмет көрсету туралы қажетті ақпарат пен кеңесті 1414 call-центр телефоны бойынша алуға болады.
      14. Мемлекеттік қызмет көрсету процессінде процедуралардың (әрекеттердің) жүйелілігінің, қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлердің) өзара әрекет етуін толық сипаттау, сондай-ақ басқа да қызмет берушілермен және (немесе) халыққа қызмет көрсету орталығымен өзара әрекет ету тәртібін және мемлекеттік қызмет көрсету процессінде ақпараттық жүйелерді қолдану тәртібі осы регламенттің 2-қосымшасына сәйкес көрсетілетін мемлекеттік қызметтің бизнес-процесстерінің анықтамалығында көрсетіледі.

«Жер учаскесіне кадастрлық
ақпарат беру» мемлекеттік
көрсетілетін қызметтер
регламентіне
1-қосымша

Әр рәсімнің (әрекеттің) ұзақтығын көрсете отырып әр әрекеттің (рәсімнің) өту жүйелілігін сипаттау блок-схемасы

«Жер учаскесіне кадастрлық
ақпарат беру» Мемлекеттік
көрсетілетін қызметтер
регламентіне
2-қосымша

Электронды үкімет» веб-порталы арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі функционалды өзара әрекет ету диаграммасы № 1-диаграммасы

«Жер учаскесіне кадастрлық
ақпарат беру» мемлекеттік
көрсетілетін қызметтер
регламентіне
3-қосымша

ХҚКО арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі функционалды өзара әрекет ету № 2 диаграммасы

«Жер учаскесіне кадастрлық ақпарат беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламентіне
4-қосымша

«Жер учаскесіне кадастрлық ақпарат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің бизнес-процесстерінің анықтамалығы

Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 24 сәуірдегі
№ 355 бұйрығына
3-қосымша

«Жер учаскесінің тиесілігі туралы ақпарат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

2. Жалпы ереже

       1. «Жер учаскесінің тиесілігі туралы ақпарат беру» мемлекеттік қызметті (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және жер ресурстарын басқару комитетінің «Жер кадастры ғылыми-өндірістік орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынмен (бұдан әрі - қызмет көрсетуші), Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 272 бұйрығымен бекітілген «Жер учаскесінің тиесілігі туралы ақпараттарды беру» мемлекеттік қызмет стандартына (2015 жылғы 15 мамырда нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне № 11050 болып тіркелді) (бұдан әрі - стандарт) сәйкес көрсетіледі.
      2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (толық автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
      3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі - жер учаскесінің тиесілігі туралы ақпарат анықтама (бұдан әрі - ақпарат).

2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау

      4. Стандартқа сәйкес мемлеккеттік қызмет көрсету рәсімін (әрекетін) бастаудың негізі:
      ХҚКО өтініш білдірген кезде - стандарттың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш;
      «электронды үкімет порталы арқылы өтініш білдірген кезде - қызмет алушының ЭЦҚ қол қойылған электронды құжат нысанындағы сұрауы.
       5. Мемлекеттік қызмет көрсету рәсімінің құрамына кіретін әр рәсімнің (әрекеттің) мазмұны, орындау ұзақтығы:
      1) «электронды үкімет» порталынан электронды құжат нысанында қызмет алушының өтінішін (сұрауын) автоматты түрде «Мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесіне» (бұдан әрі - МЖК ААЖ) беру 3 (үш) минут ішінде;
      2) қызмет алушының сұрауы бойынша сұралып отырған ақпараттың МЖК ААЖ-да болуын тексеру 2 (екі) минут ішінде;
      3) қызмет көрсетушінің мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесіне ЭЦҚ қол қою 3 (үш) минут ішінде;
      4) автоматты режимде мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін «электронды үкімет» порталына» қызмет алушыға жіберу (беру) 7 (жеті) минут ішінде.
      6. Мемлекеттік қызмет көрсету рәсімінің (әрекетінің) нәтижесі, ол келесі рәсімді (әрекетті) орындауды бастау үшін негіз болады:
      1) автоматты режимде қызмет алушыдан МЖК ААЖ өтініш қабылдау;
      2) мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін немесе автоматты режимде бас тарту туралы негізді жауапты дайындау;
      3) мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесіне немесе автоматты режимде бас тарту туралы негізді жауапқа автоматты режимде қызмет көрсетушінің ЭЦҚ қол қоюы;
      4) қызмет алушыға мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін автоматты режимде МЖК ААЖ-дан «электронды үкімет» порталына жіберу.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау

      7. Қызмет көрсетушінің мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын құрылымдық бөлімшелерінің (ақпараттық жүйелерінің) тізімі, олар:
      1) МЖК ААЖ;
      2) «электронды үкімет» шлюзі (бұдан әрі - ЭҮШ);
      3) «электронды үкімет» порталы (бұдан әрі - ЭҮП);
      4) орталықтың ақпараттық жүйесінің автоматтандырылған ақпараттық жұмыс орны (бұдан әрі - ХҚКО ААЖ АЖО).
      8. Әр рәсімнің (әрекеттің) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелер (ақпараттық жүйелер) арасындағы рәсімдердің (әрекеттердің) жүйелілігінің сипаттамасы осы регламенттің 1-қосымшасында (құрылымды-функционалды бірліктердің әрекетін сипаттау) келтірілген.

4. Халыққа қызмет көрсету орталығымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау

      9. Орталықта құжаттарды қабылдау «кедергісіз қызмет көрсету» арқылы операциялық залда жүзеге асырылады, онда орталық қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) және лауазымы көрсетіледі.
      Қызмет алушының құжаттарды тапсыру үшін ең ұзақ күту уақыты - 15 минуттан көп емес.
      Қызмет алушыға ең ұзақ қызмет көрсету уақыты - 15 минуттан көп емес.
      Мемлекеттік қызметті алу үшін қызмет беруші стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынады.
      Орталықта құжаттарды қабылдаған кезде мемлекеттік қызметті алушыға стандарттың 10-тармағына сәйкес тиісті құжаттарды қабылданғаны туралы қолхат беріледі.
       10. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ЭҮП арқылы көрсеткен кезде қызмет көрсетушінің және қызмет алушының өтініш беру тәртібінің және рәсімдердің (әрекеттердің) жүйелілігінің сипаттамасы:
      1) көрсетілетін қызметті алушы өзінің тіркеу куәлігінің көмегімен көрсетілетін қызмет алушы компьютерінің интернет-браузерінде сақталатын электрондық цифрлық қолтаңбамен (бұдан әрі - ЭЦҚ) ЭҮП-да тіркелуді жүзеге асырады (ЭҮП-те тіркелмеген көрсетілетін қызметті алушылар үшін жүзеге асырылады);
      2) 1-процесс - мемлекеттік қызметті алу үшін ЭЦҚ тіркеу куәлігін көрсетілетін қызметті алушы компьютерінің интернет-браузеріне бекіту, көрсетілетін қызметті алушының ЭҮП парольді енгізу процесі (электрондық ЭҮП-да ЖСН немесе БСН және парольді енгізеді (авторизациялау процесі);
      3) 1-шарт - ЭҮП-да жеке сәйкестендіру нөмірінің (бұдан әрі - ЖСН) немесе бизнес сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі - БСН) логині және пароль арқылы көрсетілетін көрсетілетін қызметті алушы туралы тіркелген деректердің дұрыстығын тексеру;
      4) 2-процесс - ЭҮП-да көрсетілетін қызметті алушының деректерінде қателіктердің болуына байланысты авторизациялаудан бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
      5) 3-процесс - көрсетілетін қызметті алушының осы регламентте көрсетілген қызметті таңдауы, оның құрылымы мен форматтық талаптарын ескере отырып, сұрау нысанына стандарттың 9-тармағында көрсетілген қажетті құжаттарды электронды түрде сұрау нысанына бекіте отырып, көрсетілетін қызметті алушының нысанды толтыруы (деректерді енгізу) және қызмет көрсету үшін сұрау салу нысанын экранға шығару;
      6) 4-процесс - көрсетілетін қызметті алушының сұрауды куәландыру (қол қою) үшін ЭЦҚ тіркеу куәлігін таңдауы;
      7) 2-шарт - ЭЦҚ тіркеу куәлігінің қолдану мерзімін және қайтарылған (жойылған) тіркеу куәліктерінің тізімде болмауын, сондай-ақ сұрауда көрсетілген сәйкестендіру деректерінің ЖСН және ЭЦҚ тіркеу куәлігінде көрсетілген ЖСН сәйкестігін тексеру;
      8) 5-процесс - көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ түпнұсқалылығының расталмауына байланысты сұрау салынған қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
      9) 6-процесс - қызметті көрсету үшін сұраудың толтырылған нысанын (енгізілген деректерді) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ арқылы куәландыруы;
      10) 7-процесс - МЖК ААЖ электрондық құжатты тіркеу (көрсетілетін қызметті алушының сұрауы) және МЖК ААЖ сұрауды өңдеу;
      11) 3-шарт - қызмет берушінің стандарттың 9-тармағында көрсетілген қоса берілген құжаттарға және қызмет көрсету негіздемелеріне сәйкестігін тексеру;
      12) 8-процесс - МЖК ААЖ-да қызмет алушының деректерінде кемшіліктердің болуына байланысты сұрау салынған қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастырады;
      13) 9-процесс - көрсетілетін қызметті алушының нәтижені (электрондық құжат нысанында жер учаскесіне сәйкестендіру құжатын дайындау туралы анықтама ақпарат беру, қызмет берушінің ЭЦҚ қойылған немесе электронды құжат нысанында мемлекеттік қызмет беруден бас тарту туралы дәлелді жауап) алуы. Электрондық құжат қызмет берушінің ЭЦҚ қолдануымен қалыптастырылады.
      11. қызмет көрсету кезінде функционалды өзара әрекет етудің ХҚКО арқылы (№ 3-диаграмма) қызмет берушінің адымдық әрекеттері мен шешімдері:
      1) 1-процесс - ХҚКО АЖ АЖО операторының қызмет көрсету үшін логин мен парольді енгізуі (авторизациялау процессі);
      2) 2-процесс - оператордың осы регламентте берілген қызметті таңдауы, қызмет көрсету үшін экранға сұрау нысанын шығару және орталық операторының көрсетілетін қызметті алушының деректерін енгізуі, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушының сенімхат бойынша өкілінің деректерін (сенімхатты нотариалды куәландырған кезде, сенімхатты басқаша куәландырған кезде - сенімхат деректері толтырылмайды);
      3) 3-процесс - көрсетілетін қызметті алушының деректері туралы сұрауды ЭҮШ арқылы ЖТ МДҚ (ЗТ МДҚ) жіберу, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушы өкілінің сенімхаты туралы деректерді БНАЖ-не жіберу;
      4) 1-шарт - көрсетілетін қызметті алушының деректерін ЖТ МДҚ -да (ЗТ МДҚ), сенімхат деректерін БНАЖ-де тексеру;
      5) 4-процесс - ЖТ МДҚ (ЗТ МДҚ) көрсетілетін қызметті алушының деректерінің, БНАЖ-де сенімхат деректерінің жоқ болуына байланысты деректерді алу мүмкін еместігі туралы хабарламаны қалыптастыру;
      6) 5-процесс - көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың қағаз нысанда болуы және құжаттарды сканерлеу туралы орталық операторының сұрау салу нысанын толтыруы, оларды сұрау салу нысанына бекіту және қызмет көрсету сұрауының толтырылған нысанын (енгізілген деректер) ЭЦҚ арқылы куәландыру;
      7) 6-процесс - орталық операторының ЭЦҚ куәландырылған (қол қойылған) электрондық құжатты (көрсетілетін қызметті алушының сұрауын) ЭҮШ арқылы МЖК ААЖ жіберу;
      8) 7-процесс - электрондық құжатты МЖК ААЖ тіркеу;
      9) 2-шарт - қызмет берушінің көрсетілетін қызметті алушы қоса берген құжаттарының аталған стандартта берілген құжаттарға және қызмет көрсету үшін негіздерге сәйкестігін тексеру;
      10) 8-процесс - көрсетілетін қызметті алушының құжаттарында кемшіліктердің болуына байланысты сұрау салынған қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
      11) 9-процесс - көрсетілетін қызметті алушының орталық операторы арқылы қызмет нәтижесін (жер учаскесіне сәйкестендіру құжатын дайындау туралы анықтама ақпарат беру (электронды тасығышта) немесе МЖК ААЖ қалыптасқан қызмет көрсетуден бас тарту туралы жазбаша дәлелді жауап.
      12. Сұрауды өңдеп болған соң қызмет алушға өңдеу нәтижесін қарап шығудың келесі үлгідегі мүмкіндігі беріледі:
      «ашу» батырмасын басқан соң - сұрау нәтижесі дисплей экранына шығарылады;
      «сақтау» батырмасын басқан соң - сұрау нәтижесі көрсетілетін қызметті алушы берген Adobe Acrobat форматында магнитті тасығышта сақталады.
      13. Қызмет көрсету туралы қажетті ақпарат пен кеңесті 1414 call-центр телефоны бойынша алуға болады.
      14. Мемлекеттік қызмет көрсету процессінде процедуралардың (әрекеттердің) жүйелілігінің, қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлердің) өзара әрекет етуін толық сипаттау, сондай-ақ басқа да қызмет берушілермен және (немесе) халыққа қызмет көрсету орталығымен өзара әрекет ету тәртібін және мемлекеттік қызмет көрсету процессінде ақпараттық жүйелерді қолдану тәртібі осы регламенттің 2-қосымшасына сәйкес көрсетілетін мемлекеттік қызметтің бизнес-процесстерінің анықтамалығында көрсетіледі.

«Жер учаскесінің тиесілігі туралы
ақпарат беру» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
регламентіне
1-қосымша

Әр рәсімнің (әрекеттің) ұзақтығын көрсете отырып әр әрекеттің (рәсімнің) өту жүйелілігін сипаттау блок-схемасы

«Жер учаскесінің тиесілігі туралы
ақпарат беру» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
регламентіне
2-қосымша

«Электронды үкіметтің» веб-порталы арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі функционалды өзара әрекет ету № 1-диаграммасы


 

«Жер учаскесінің тиесілігі туралы
ақпарат беру» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
регламентіне
3-қосымша

ХҚКО арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі функционалды өзара әрекет ету № 2-диаграммасы

«Жер учаскесінің тиесілігі туралы ақпарат беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
регламентіне

Жер учаскесінің тиесілігі туралы ақпарат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің бизнес-процесстерінің анықтамалығы

Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 24 сәуірдегі
№ 355 бұйрығына
4-қосымша

«Жер учаскесіне бастапқы құқық беруге құқық белгілейтін құжат туралы ақпарат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1. Жалпы ереже

       1. «Жер учаскесіне бастапқы құқық беруге құқық белгілейтін құжат туралы ақпарат беру» мемлекеттік қызметті (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және жер ресурстарын басқару комитетінің «Жер кадастры ғылыми-өндірістік орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынмен (бұдан әрі - қызмет көрсетуші), Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 272 бұйрығымен бекітілген «Жер учаскесіне құқықтың алғаш берілуінің құқық белгілеуші құжаты туралы ақпарат беру» мемлекеттік қызмет стандартына (2015 жылғы 15 мамырда нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне № 11050 болып тіркелді) (бұдан әрі - стандарт) сәйкес көрсетіледі.
      2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (толық автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
      3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі - жер учаскесіне құқықтың алғаш берілуінің құқық белгілеуші құжаты туралы ақпарат анықтама (бұдан әрі - ақпарат).

2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің)  іс-қимыл тәртібін сипаттау

      4. Стандартқа сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету рәсімін (әрекетін) бастаудың негізі:
      ХҚКО өтініш білдірген кезде - стандарттың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш;
      «электронды үкімет порталы арқылы өтініш білдірген кезде - қызмет алушының ЭЦҚ қол қойылған электронды құжат нысанындағы сұрауы.
       5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әр рәсімнің (әрекеттің) мазмұны, орындау ұзақтығы:
      1) «электронды үкімет» порталынан электронды құжат нысанында қызмет алушының өтінішін (сұрауын) автоматты түрде «Мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесіне» (бұдан әрі - МЖК ААЖ) беру 3 (үш) минут ішінде;
      2) қызмет алушының сұрауы бойынша сұралып отырған ақпараттың МЖК ААЖ-да болуын тексеру 2 (екі) минут ішінде;
      3) қызмет көрсетушінің мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесіне ЭЦҚ қол қою 3 (үш) минут ішінде;
      4) автоматты режимде мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін «электронды үкімет» порталына» қызмет алушыға жіберу (беру) 7 (жеті) минут ішінде.
      6. Мемлекеттік қызмет көрсету рәсімінің (әрекетінің) нәтижесі, ол келесі рәсімді (әрекетті) орындауды бастау үшін негіз болады:
      1) автоматты режимде қызмет алушыдан МЖК ААЖ өтініш қабылдау;
      2) мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін немесе автоматты режимде бас тарту туралы негізді жауапты дайындау;
      3) мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесіне немесе автоматты режимде бас тарту туралы негізді жауапқа автоматты режимде қызмет көрсетушінің ЭЦҚ қол қоюы;
      4) қызмет алушыға мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін автоматты режимде МЖК ААЖ-дан «электронды үкімет» порталына жіберу.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау

      7. Қызмет көрсетушінің мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын құрылымдық бөлімшелерінің (ақпараттық жүйелерінің) тізімі, олар:
      1) МЖК ААЖ;
      2) «электронды үкімет» шлюзі (бұдан әрі - ЭҮШ);
      3) «электронды үкімет» порталы (бұдан әрі - ЭҮП);
      4) Орталықтың ақпараттық жүйесінің автоматтандырылған ақпараттық жұмыс орны (бұдан әрі - ХҚКО ААЖ АЖО).
      8. Әр рәсімнің (әрекеттің) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелер (ақпараттық жүйелер) арасындағы рәсімдердің (әрекеттердің) жүйелілігінің сипаттамасы осы регламенттің 1-қосымшасында (құрылымды-функционалды бірліктердің әрекетін сипаттау) келтірілген.

4. Халыққа қызмет көрсету орталығымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау

      9. Орталықта құжаттарды қабылдау «кедергісіз қызмет көрсету» арқылы операциялық залда жүзеге асырылады, онда орталық қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) және лауазымы көрсетіледі.
      Қызмет алушының құжаттарды тапсыру үшін ең ұзақ күту уақыты - 15 минуттан көп емес.
      Қызмет алушыға ең ұзақ қызмет көрсету уақыты - 15 минуттан көп емес.
      Мемлекеттік қызметті алу үшін қызмет беруші стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынады.
      Орталықта құжаттарды қабылдаған кезде мемлекеттік қызметті алушыға стандарттың 10-тармағына сәйкес тиісті құжаттарды қабылданғаны туралы қолхат беріледі.
       10. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ЭҮП арқылы көрсеткен кезде қызмет көрсетушінің және қызмет алушының өтініш беру тәртібінің және рәсімдердің (әрекеттердің) жүйелілігінің сипаттамасы:
      1) көрсетілетін қызметті алушы өзінің тіркеу куәлігінің көмегімен көрсетілетін қызмет алушы компьютерінің интернет-браузерінде сақталатын электрондық цифрлық қолтаңбамен (бұдан әрі - ЭЦҚ) ЭҮП-да тіркелуді жүзеге асырады (ЭҮП-те тіркелмеген көрсетілетін қызметті алушылар үшін жүзеге асырылады);
      2) 1-процесс - мемлекеттік қызметті алу үшін ЭЦҚ тіркеу куәлігін көрсетілетін қызметті алушы компьютерінің интернет-браузеріне бекіту, көрсетілетін қызметті алушының ЭҮП парольді енгізу процесі (электрондық ЭҮП-да ЖСН немесе БСН және парольді енгізеді (авторизациялау процесі);
      3) 1-шарт - ЭҮП-да жеке сәйкестендіру нөмірінің (бұдан әрі - ЖСН) немесе бизнес сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі - БСН) логині және пароль арқылы көрсетілетін көрсетілетін қызметті алушы туралы тіркелген деректердің дұрыстығын тексеру;
      4) 2-процесс - ЭҮП-да көрсетілетін қызметті алушының деректерінде қателіктердің болуына байланысты авторизациялаудан бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
      5) 3-процесс - көрсетілетін қызметті алушының осы регламентте көрсетілген қызметті таңдауы, оның құрылымы мен форматтық талаптарын ескере отырып, сұрау нысанына стандарттың 9-тармағында көрсетілген қажетті құжаттарды электронды түрде сұрау нысанына бекіте отырып, көрсетілетін қызметті алушының нысанды толтыруы (деректерді енгізу) және қызмет көрсету үшін сұрау салу нысанын экранға шығару;
      6) 4-процесс - көрсетілетін қызметті алушының сұрауды куәландыру (қол қою) үшін ЭЦҚ тіркеу куәлігін таңдауы;
      7) 2-шарт - ЭЦҚ тіркеу куәлігінің қолдану мерзімін және қайтарылған (жойылған) тіркеу куәліктерінің тізімде болмауын, сондай-ақ сұрауда көрсетілген сәйкестендіру деректерінің ЖСН және ЭЦҚ тіркеу куәлігінде көрсетілген ЖСН сәйкестігін тексеру;
      8) 5-процесс - көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ түпнұсқалылығының расталмауына байланысты сұрау салынған қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
      9) 6-процесс - қызметті көрсету үшін сұраудың толтырылған нысанын (енгізілген деректерді) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ арқылы куәландыруы;
      10) 7-процесс - МЖК ААЖ электрондық құжатты тіркеу (көрсетілетін қызметті алушының сұрауы) және МЖК ААЖ сұрауды өңдеу;
      11) 3-шарт - қызмет берушінің стандарттың 9-тармағында көрсетілген қоса берілген құжаттарға және қызмет көрсету негіздемелеріне сәйкестігін тексеру;
      12) 8-процесс - МЖК ААЖ-да қызмет алушының деректерінде кемшіліктердің болуына байланысты сұрау салынған қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастырады;
      13) 9-процесс - көрсетілетін қызметті алушының нәтижені (электрондық құжат нысанында жер учаскесіне сәйкестендіру құжатын дайындау туралы анықтама ақпарат беру, қызмет берушінің ЭЦҚ қойылған немесе электронды құжат нысанында мемлекеттік қызмет беруден бас тарту туралы дәлелді жауап) алуы. Электрондық құжат қызмет берушінің ЭЦҚ қолдануымен қалыптастырылады.
      11. Қызмет көрсету кезінде функционалды өзара әрекет етудің ХҚКО арқылы (№ 3-диаграмма) қызмет берушінің адымдық әрекеттері мен шешімдері.
      1) 1-процесс - ХҚКО АЖ АЖО операторының қызмет көрсету үшін логин мен парольді енгізуі (авторизациялау процессі);
      2) 2-процесс - оператордың осы регламентте берілген қызметті таңдауы, қызмет көрсету үшін экранға сұрау нысанын шығару және орталық операторының көрсетілетін қызметті алушының деректерін енгізуі, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушының сенімхат бойынша өкілінің деректерін (сенімхатты нотариалды куәландырған кезде, сенімхатты басқаша куәландырған кезде - сенімхат деректері толтырылмайды);
      3) 3-процесс - көрсетілетін қызметті алушының деректері туралы сұрауды ЭҮШ арқылы ЖТ МДҚ (ЗТ МДҚ) жіберу, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушы өкілінің сенімхаты туралы деректерді БНАЖ-не жіберу;
      4) 1-шарт - көрсетілетін қызметті алушының деректерін ЖТ МДҚ -да (ЗТ МДҚ), сенімхат деректерін БНАЖ-де тексеру;
      5) 4-процесс - ЖТ МДҚ (ЗТ МДҚ) көрсетілетін қызметті алушының деректерінің, БНАЖ-де сенімхат деректерінің жоқ болуына байланысты деректерді алу мүмкін еместігі туралы хабарламаны қалыптастыру;
      6) 5-процесс - көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың қағаз нысанда болуы және құжаттарды сканерлеу туралы орталық операторының сұрау салу нысанын толтыруы, оларды сұрау салу нысанына бекіту және қызмет көрсету сұрауының толтырылған нысанын (енгізілген деректер) ЭЦҚ арқылы куәландыру;
      7) 6-процесс - орталық операторының ЭЦҚ куәландырылған (қол қойылған) электрондық құжатты (көрсетілетін қызметті алушының сұрауын) ЭҮШ арқылы МЖК ААЖ жіберуі;
      8) 7-процесс - электрондық құжатты МЖК ААЖ тіркеу;
      9) 2-шарт - қызмет берушінің көрсетілетін қызметті алушы қоса берген құжаттарының аталған стандартта берілген құжаттарға және қызмет көрсету үшін негіздерге сәйкестігін тексеру;
      10) 8-процесс - көрсетілетін қызметті алушының құжаттарында кемшіліктердің болуына байланысты сұрау салынған қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
      11) 9-процесс - көрсетілетін қызметті алушының орталық операторы арқылы қызмет нәтижесін (жер учаскесіне сәйкестендіру құжатын дайындау туралы анықтама ақпарат беру (электронды тасығышта) немесе МЖК ААЖ қалыптасқан қызмет көрсетуден бас тарту туралы жазбаша дәлелді жауап.
      12. Сұрауды өңдеп болған соң қызмет алушға өңдеу нәтижесін қарап шығудың келесі үлгідегі мүмкіндігі беріледі:
      «ашу» батырмасын басқан соң - сұрау нәтижесі дисплей экранына шығарылады;
      «сақтау» батырмасын басқан соң - сұрау нәтижесі көрсетілетін қызметті алушы берген Adobe Acrobat форматында магнитті тасығышта сақталады.
      13. Қызмет көрсету туралы қажетті ақпарат пен кеңесті 1414 call-центр телефоны бойынша алуға болады.
      14. Мемлекеттік қызмет көрсету процессінде процедуралардың (әрекеттердің) жүйелілігінің, қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлердің) өзара әрекет етуін толық сипаттау, сондай-ақ басқа да қызмет берушілермен және (немесе) халыққа қызмет көрсету орталығымен өзара әрекет ету тәртібін және мемлекеттік қызмет көрсету процессінде ақпараттық жүйелерді қолдану тәртібі осы регламенттің 2-қосымшасына сәйкес көрсетілетін мемлекеттік қызметтің бизнес-процесстерінің анықтамалығында көрсетіледі.

«Жер учаскесіне бастапқы құқық
беруге құқық белгілейтін құжат
туралы ақпарат беру» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
регламентіне
1-қосымша

Әр рәсімнің (әрекеттің) ұзақтығын көрсете отырып әр әрекеттің (рәсімнің) өту жүйелілігін сипаттау блок-схемасы

«Жер учаскесіне бастапқы құқық
беруге құқық белгілейтін құжат
туралы ақпарат беру» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
регламентіне
2-қосымша

«Электронды үкіметтің» веб-порталы арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі функционалды өзара әрекет ету № 1-диаграммасы

«Жер учаскесіне бастапқы құқық
беруге құқық белгілейтін құжат
туралы ақпарат беру» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
регламентіне
3-қосымша

ХҚКО арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі функционалды өзара әрекет ету № 2-диаграмма

«Жер учаскесіне бастапқы құқық
беруге құқық белгілейтін құжат
туралы ақпарат беру» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
регламентіне
4-қосымша

«Жер учаскесіне бастапқы құқық беруге құқық белгілейтін құжат туралы ақпарат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің бизнес-процесстерінің анықтамалығы

Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 24 сәуірдегі
№ 355 бұйрығына
5-қосымша

«Жер учаскесіне жеке меншік құқығына актілерді ресімдеу және беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1. Жалпы ережелер

      1. «Жер учаскесіне жеке меншік құқығына актілерді ресімдеу және беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндеттерін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 272 бұйрығымен бекітілген «Жер учаскесіне жеке меншік құқығына актілерді ресімдеу және беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі стандартына (бұдан әрі - Стандарт) (2015 жылғы 15 мамырда нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне № 11050 болып тіркелді) сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитетінің «Жер кадастры ғылыми-өндірістік орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнымен, оның филиалдарымен және аудандық бөлімшелерімен (бұдан әрі - қызмет беруші) жергілікті жерде көрсетіледі.
      2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (жартылай автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
      3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі жер учаскесіне жеке меншік құқығына актілерді (бұдан әрі - сәйкестендіру құжаты) беру болып табылады.
      «Электронды үкімет» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі - ЭҮП) арқылы өтініш білдірген кезде мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі қызмет көрсетушінің өкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі - ЭЦҚ) қойылған электронды құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» жіберіледі.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау

      4. Мемлекеттік қызмет көрсету рәсімін (іс-қимылын) бастауға негіздеме қызмет көрсетушімен стандарттың 4-қосымшасындағы нысанға сәйкес өтінішті стандарттын 9-тармағында көрсетілген тиісті құжаттармен (бұдан әрі - құжаттар) қоса қабылдау болып табылады.
      5. Процесс құрамына кіретін әр рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, орындау ұзақтығы:
      1) қызмет көрсетушінің құжаттарды қабылдау және беру бөлімінің қызметкері қызмет алушымен немесе Халыққа қызмет көрсету орталығымен (бұдан әрі - ХҚКО) ұсынылған құжаттарды түскен күні 15 минут ішінде оларды қабылдауды, тексеруді және тіркеуді жүзеге асырады;
      2) қызмет көрсетушінің құжаттарды қабылдау және беру бөлімінің қызметкері құжаттар түскен күні 30 минут ішінде оларды қызмет көрсетушінің құжаттарды жүйелендіру және сақтау бөліміне (техникалық мұрағатқа) тапсырады;
      3) қызмет көрсетушінің құжаттарды жүйелендіру және сақтау бөлімінің (техникалық мұрағатының) қызметкері қабылданған құжаттарды 1 жұмыс күн ішінде тіркеуге алады, мұрағаттан инвентарлық жер-кадастрлық істерді көтеріп, оларға материалдарды қоса тіркейді және оларды 1 жұмыс күні ішінде қызмет көрсетушінің мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесі (бұдан әрі - МЖК ААЖ) бөліміне тапсырады;
      4) МЖК ААЖ бөлімінің қызметкері 3 жұмыс күн ішінде тапсырыс бланкілерін толтырады, жер-кадастрлық істерді қалыптастырып тігеді, атрибутивті және графикалық деректерді МЖК ААЖ базасына енгізеді, кадастрлық нөмір береді, сәйкестендіру құжатын басып шығарады және қызмет көрсетушінің басшысына қол қоюға ұсынады;
      5) қызмет көрсетушінің басшысы 4 сағат ішінде сәйкестендіру құжатына қол қояды және оны құжаттарды қабылдау және беру бөліміне тапсырады.
      6) құжаттарды қабылдау және беру бөлімінің қызметкері 4 сағат ішінде сәйкестендіру құжатын елтаңбалы мөрмен куәландырады және тіркейді.
      7) қызмет берушінің құжаттарды қабылдау және беру бөлімінің қызметкері мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін 1 жұмыс күн ішінде қызмет алушыға береді немесе 4 сағат ішінде ХҚКО-ның курьеріне тапсырады. Бұл ретте, ХҚКО-ның курьері қызмет берушіден құжаттарды алғаны туралы уақыты мен күнін көрсетіп, белгі қояды.
      ЭҮП арқылы өтініш берген кезде қызмет берушінің маманы мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін тіркеуге алады және қызмет көрсетушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ қойылған электронды құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» жібереді.
       6. Келесі рәсімді (әрекетті) орындауды бастау үшін негіз болатын мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімдердің (әрекеттердің) нәтижесі:
      1) құжаттарды қабылдау және беру бөлімінің құжаттарды қабылдауы және тексеруі, оның нәтижесі кіріс нөмірі бар тіркелген құжат болып табылады (15 минут);
      2) қабылданған құжаттарды жүйелендіру және сақтау бөліміне (техникалық мұрағат) тапсыру (30 минут);
      3) қабылданған құжаттарды жүйелендіру және сақтау бөлімінде (техникалық мұрағатта) тіркеу, мұрағаттан инвентарлық жер-кадастрлық істерді көтеру, оларға материалдарды қосып тіркеу және оны МЖК ААЖ бөліміне тапсыру (1 жұмыс күні);
      4) МЖК ААЖ бөлімінде тапсырыс бланкілерін толтыру, жер-кадастрлық істерді қалыптастырып тігу, атрибутивті және графикалық деректерді МЖК ААЖ базасына енгізу, кадастрлық нөмір беру, сәйкестендіру құжатын басып шығару және қызмет көрсетушінің басшысына қол қоюға ұсыну (3 жұмыс күні);
      5) қызмет көрсетуші басшысының сәйкестендіру құжатына қол қойып және оны құжаттарды қабылдау және беру бөліміне тапсыруы (4 сағат);
      6) сәйкестендіру құжатын құжаттарды қабылдау және беру бөлімінде тіркеу;
      7) мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін көрсетілетін қызмет алушыға беру (1 жұмыс күні) немесе ХҚКО-ның курьеріне тапсыру (4 сағат).
      Электрондық түрде өтініш берген кезде қызмет берушінің маманы мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін тіркейді және қызмет көрсетушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ қойылған электронды құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» жібереді (1 жұмыс күні).

3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара әрекет ету тәртібін сипаттау

       7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет процесіне қатысатын қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
      1) қызмет берушінің құжаттарды қабылдау және беру бөлімінің қызметкері;
      2) құжаттарды жүйелендіру және сақтау бөлімінің (техникалық мұрағаттың) қызметкері;
      3) қызмет көрсетушінің МЖК ААЖ бөлімінің қызметкері;
      4) қызмет көрсетушінің басшысы;
      5) ХҚКО қызметкері (операторы, курьер) - қызмет алушы көрсетілетін мемлекеттік қызметті алу үшін ХҚКО-ға өтініш білдірген жағдайда.
      8. Әрбір рәсімнің (әрекеттің) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдердің (әрекеттердің) реттілігінің сипаттамасы:
      1) қызмет көрсетушінің құжаттарды қабылдау және беру бөлімінің қызметкері көрсетілетін қызметті алушымен немесе ХҚКО ұсынылған құжаттарды түскен күні 15 минут ішінде оларды қабылдауды, тексеруді және тіркеуді жүзеге асырады;
      2) қызмет көрсетушінің құжаттарды қабылдау және беру бөлімінің қызметкері құжаттар түскен күні оларды 30 минут ішінде қызмет көрсетушінің құжаттарды жүйелендіру және сақтау бөліміне (техникалық мұрағатқа) тапсырады;
      3) қызмет көрсетушінің құжаттарды жүйелендіру және сақтау бөлімінің (техникалық мұрағатының) қызметкері 1 жұмыс күн ішінде қабылданған құжаттарды тіркеуге алады, мұрағаттан инвентарлық жер-кадастрлық істерді көтеріп, оларға материалдарды қоса тіркейді және қызмет көрсетушінің МЖК ААЖ бөліміне тапсырады;
      4) МЖК ААЖ бөлімі 3 жұмыс күн ішінде тапсырыс бланкілерін толтырады, жер-кадастрлық істерді қалыптастырып тігеді, атрибутивті және графикалық деректерді МЖК ААЖ базасына енгізеді, кадастрлық нөмір береді, сәйкестендіру құжатын басып шығарады және қызмет көрсетушінің басшысына қол қоюға ұсынады;
      5) қызмет көрсетушінің басшысы 4 сағат ішінде сәйкестендіру құжатына қол қояды және оны құжаттарды қабылдау және беру бөліміне тапсырады;
      6) құжаттарды қабылдау және беру бөлімінің қызметкері 4 сағат ішінде сәйкестендіру құжатын елтаңбалы мөрмен куәландырады және тіркейді;
      7) құжаттарды қабылдау және беру бөлімінің қызметкері мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін көрсетілетін қызмет алушыға 1 жұмыс күн ішінде береді немесе ХҚКО-ның курьеріне 4 сағат ішінде тапсырады. Бұл ретте, ХҚКО-ның курьері қызмет берушіден құжаттарды алғаны туралы уақыты мен күнін көрсетіп, белгі қояды.
      ЭҮП арқылы өтініш берген кезде қызмет берушінің маманы мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін тіркейді және бір жұмыс күні ішінде қызмет көрсетушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ қойылған электронды құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» жібереді.
      Әр рәсімнің (әрекеттің) ұзақтығы көрсетілген әрбір әрекеттің (рәсімнің) өту рәсімдерінің (әрекеттерінің) реттілігі сипатының блок-схемасы «Жер учаскесіне жеке меншік құқығына актілерді ресімдеу және беру» мемлекеттік қызметі регламентінің (бұдан әрі - Регламент) 1-қосымшасында келтірілген.

4. Халыққа қызмет көрсету орталығымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-әрекет ету тәртібінің, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібінің сипаты

      9. Көрсетілетін қызметті алушының ХҚКО арқылы өтініш беру тәртібінің сипаттамасы, қызмет алушының өтінішін өңдеу ұзақтығы:
      1) ХҚКО-ның операциялық залының қызметкері (операторы) көрсетілетін қызмет алушы берген құжаттарды олар келіп түскен күні 15 минут ішінде қабылдап тексереді, тіркейді;
      Көрсетілетін қызметті алушы стандарттың 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, ХҚКО қызметкері стандарттың 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тартылғаны туралы қолхат береді;
       2) операциялық залдың қызметкері (операторы) көрсетілетін қызмет алушыдан қабылданған құжаттарды олар келіп түскен күні 15 минут ішінде ХҚКО жинақтау секторының қызметкеріне (маманына) тапсырады;
      3) ХҚКО жинақтау секторының қызметкері (маманы) құжаттарды дайындап қызмет берушіге жіберу үшін ХҚКО-ның курьеріне тапсырады. Бұл ретте, ХҚКО-ға жүгінген кезде құжаттарды қабылдаған күн мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді (құжаттарды қабылдау күні бойы);
      4) қызмет көрсетуші 5 (бес) жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін дайындайды;
      5) құжаттарды қабылдау және беру бөлімінің қызметкері мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін ХҚКО-ның курьеріне 4 сағат ішінде тапсырады. Бұл ретте, ХҚКО-нің курьері қызмет берушіден құжаттарды алғаны туралы уақыты мен күнін көрсетіп, белгі қояды;
      6) ХҚКО-нің курьері ХҚКО-ның жинақтау секторының қызметкеріне (маманына) мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін тапсырады (2 сағат);
      7) ХҚКО-ның жинақтау секторының қызметкері (маманы) мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін қабылдайды және ХҚКО-ның беру секторының маманына жолдайды (1 сағат);
      8) талон негізінде және жеке куәлігін және (немесе) сенімхат ұсынған жағдайда, ХҚКО-ның беру секторының қызметкері қызмет алушыға мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін береді (15 минут);
      9) егер де қызмет алушы көрсетілген қызметтің қорытындысын алуға көрсетілген мерзімде келмеген жағдайда, ХҚКО оның бір ай бойы сақталуын қамтамасыз етеді, содан кейін оны әрі қарай сақтау үшін қызмет берушіге тапсырады.
      10. Қызмет алушының ЭҮП арқылы өтініш беру тәртібінің сипаттамасы және мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібі:
      мемлекеттік қызмет қызметті алушының ЭЦҚ бар болған жағдайда көрсетіледі;
      1) қызмет алушы ЭҮП-на өзін тіркеуді жеке сәйкестендіру немесе бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі - ЖСН (БСН) арқылы жүзеге асырады (порталда тіркелмеген қызмет алушылар үшін жүзеге асырылады);
      2) 1-процесс - қызмет алушы мемлекеттік қызметті алу үшін ЭҮП-да ЖСН (БСН) және парольді енгізеді (авторизациялау процесі);
      3) 1-шарт - ЭҮП-де ЖСН (БСН) және пароль арқылы қызмет алушы туралы тіркелген деректердің дұрыстығын тексеру;
      4) 2-процесс - ЭҮП көрсетілетін қызметті алушының деректерінде қателіктердің болуына байланысты авторизациялаудан бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыруы;
      5) 3-процесс - мемлекеттік қызмет алушының осы регламентте көрсетілген қызметті таңдауы, қызметті көрсету және оның құрылымы мен форматтық талаптарды ескере отырып, стандарттың 9-тармағында көрсетілген қажетті құжаттарды электронды түрде қыстырумен қызмет алушының нысанды толтыру үшін өтініш нысанын экранға шығару, өтінішті куәландыру (қол қою) үшін ЭЦҚ тіркеу куәлігін таңдауы;
      6) 2-шарт - ЭҮП-да ЭЦҚ тіркеу куәлігінің қолдану мерзімін және қайтарылған (жойылған) тіркеу куәліктерінің тізімінде болмауын, сондай-ақ сәйкестендіру деректерінің сәйкестігін (сұранымда көрсетілген ЖСН (БСН) және ЭЦҚ тіркеу куәлігінде көрсетілген ЖСН (БСН) арасындағы) тексеру;
      7) 4-процесс - ЭҮП қызмет алушының ЭЦҚ түпнұсқалылығының расталмауына байланысты сұрау салынған қызметтен бас тартылғаны туралы хабарламаны қалыптастырады;
      8) 5-процесс - ЭҮП электрондық құжатты (өтінішті) МЖК ААЖ-ға тексеру үшін ЭҮШ арқылы жібереді;
      9) 3-шарт - қызмет көрсетуші 2 (екі) жұмыс күні ішінде стандарттың 9-тармағында көрсетілген тізімнің толықтығын тексереді;
      10) 6-процесс - қоса берілген құжаттар стандарттың 9-тармағында көрсетілген тізімге сәйкес келмеген жағдайда, қызмет беруші оның уәкілетті тқлғасының ЭЦҚ қойылған, бас тарту туралы жауапты дайындайды;
      11) 7- процесс - қызмет көрсетуші оның өкілетті тұлғасының ЭЦҚ қойылған мемлекеттік қызмет көрсетудің төлем шотын қалыптастырады;
      12) 4-шарт - қызмет алушы 2 (екі) жұмыс күні өткеннен кейін өтінішті тексерудің қорытындысын алады;
      13) 9- процесс - қызмет алушы қызмет көрсетудің төлем шотын алғаннан кейін «электрондық үкімет» төлем шлюзі ақпараттық жүйесі (бұдан әрі - ЭҮТШ АЖ) арқылы төлем жүргізу нысанына өтеді, төлем картасының (есеп шотының) қажетті деректерін толтырады;
      14) 10- процесс - қызмет көрсетуші ЭҮТШ АЖ-ден жүргізілген төлем туралы растауын алғаннан кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін дайындайды;
      15) 11- процесс - қызмет алушы көрсетілген қызметтің нәтижесін (сәйкестендіру құжатын) қызмет көрсетушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ қойылған электронды құжат нысанында алады.
      Мемлекеттік қызмет көрсетуде тартылған ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-әрекет ету диаграммасы графикалық нысанда осы Регламенттің 2-қосымшасында келтірілген.
      12. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдердің (әрекеттердің) реттілігінің, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-әрекеттерінің толық сипаттамасы, сонымен қатар өзге қызмет берушілер және (немесе) халыққа қызмет көрсету орталықтарының өзара әрекет ету тәртібінің және мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді қолдану тәртібінің сипаттамасы осы Регламенттің 3-қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетілген.

«Жер учаскесіне жеке меншік
құқығына актілерді ресімдеу және
беру» мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентіне 1-қосымша

Әр рәсімнің (іс-әрекеттің) ұзақтығы көрсетіле отырып, әр іс-әрекеттің (рәсімнің) өту рәсімдерінің (іс-әрекеттердің)  реттілік сипатының блок-схемасы

«Жер учаскесіне жеке меншік
құқығына актілерді ресімдеу және
беру» мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентіне 2-қосымша

Мемлекеттік қызмет көрсетуде тартылған ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара әрекеттерінің графикалық нысандағы диаграммасы

«Жер учаскесіне жеке меншік құқығына актілерді
ресімдеу және беру» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет регламентіне
3-қосымша

«Жер учаскесіне жеке меншік құқығына актілерді ресімдеу және беру» мемлекеттік қызметін көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы

Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 24 сәуірдегі
№ 355 бұйрығына
6-қосымша

«Тұрақты жер пайдалану құқығына актілерді ресімдеу және беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1. Жалпы ережелер

      1. «Тұрақты жер пайдалану құқығына актілерді ресімдеу және беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндеттерін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 272 бұйрығымен бекітілген «Тұрақты жер пайдалану құқығына актілерді ресімдеу және беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі стандартына  (2015 жылғы 15 мамырда нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне № 11050 болып тіркелді) (бұдан әрі - Стандарт) сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитетінің «Жер кадастры ғылыми-өндірістік орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнымен, оның филиалдарымен және аудандық бөлімшелерімен (бұдан әрі - қызмет беруші) жергілікті жерде көрсетіледі.
      2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (жартылай автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
      3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі жер учаскесіне тұрақты жер пайдалану құқығына актіні (бұдан әрі - сәйкестендіру құжаты) беру болып табылады.
      «Электронды үкімет» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі - ЭҮП) арқылы өтініш білдірген кезде мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі қызмет көрсетушінің өкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі - ЭЦҚ) қойылған электронды құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» жіберіледі.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау

     4. Мемлекеттік қызмет көрсету рәсімін (әрекетін) бастауға негіздеме қызмет берушінің стандарттың 4-қосымшасындағы нысанға сәйкес өтінішті стандарттын 9-тармағында көрсетілген тиісті құжаттармен (бұдан әрі - құжаттар) қоса қабылдауы болып табылады.
      5. Процесс құрамына кіретін әр рәсімнің (әрекетін) мазмұны, орындау ұзақтығы:
      1) қызмет көрсетушінің құжаттарды қабылдау және беру бөлімінің қызметкері қызмет алушымен немесе Халыққа қызмет көрсету орталығымен (бұдан әрі - ХҚКО) ұсынылған құжаттарды түскен күні 15 минут ішінде оларды қабылдауды, тексеруді және тіркеуді жүзеге асырады;
      2) қызмет көрсетушінің құжаттарды қабылдау және беру бөлімінің қызметкері құжаттар түскен күні 30 минут ішінде оларды қызмет көрсетушінің құжаттарды жүйелендіру және сақтау бөліміне (техникалық мұрағатқа) тапсырады;
      3) қызмет көрсетушінің құжаттарды жүйелендіру және сақтау бөлімінің (техникалық мұрағатының) қызметкері қабылданған құжаттарды 1 жұмыс күн ішінде тіркеуге алады, мұрағаттан инвентарлық жер-кадастрлық істерді көтеріп, оларға материалдарды қоса тіркейді және оларды 1 жұмыс күні ішінде қызмет көрсетушінің мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесі (бұдан әрі - МЖК ААЖ) бөліміне тапсырады;
      4) МЖК ААЖ бөлімінің қызметкері 3 жұмыс күн ішінде тапсырыс бланкілерін толтырады, жер-кадастрлық істерді қалыптастырып тігеді, атрибутивті және графикалық деректерді МЖК ААЖ базасына енгізеді, кадастрлық нөмір береді, сәйкестендіру құжатын басып шығарады және қызмет көрсетушінің басшысына қол қоюға ұсынады;
      5) қызмет көрсетушінің басшысы 4 сағат ішінде сәйкестендіру құжатына қол қояды және оны құжаттарды қабылдау және беру бөліміне тапсырады.
      6) құжаттарды қабылдау және беру бөлімінің қызметкері 4 сағат ішінде сәйкестендіру құжатын елтаңбалы мөрмен куәландырады және тіркейді.
      7) қызмет берушінің құжаттарды қабылдау және беру бөлімінің қызметкері мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін 1 жұмыс күн ішінде қызмет алушыға береді немесе 4 сағат ішінде ХҚКО-ның курьеріне тапсырады. Бұл ретте, ХҚКО-ның курьері қызмет берушіден құжаттарды алғаны туралы уақыты мен күнін көрсетіп, белгі қояды.
      ЭҮП арқылы өтініш берген кезде қызмет берушінің маманы мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін тіркеуге алады және қызмет көрсетушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ қойылған электронды құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» жібереді.
        6. Келесі рәсімді (іс-әрекетті) орындауды бастау үшін негіз болатын мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімдердің (іс-қимылдың) нәтижесі:
      1) құжаттарды қабылдау және беру бөлімінің құжаттарды қабылдауы және тексеруі, оның нәтижесі кіріс нөмірі бар тіркелген құжат болып табылады (15 минут);
      2) қабылданған құжаттарды жүйелендіру және сақтау бөліміне (техникалық мұрағат) тапсыру (30 минут);
      3) қабылданған құжаттарды жүйелендіру және сақтау бөлімінде (техникалық мұрағатта) тіркеу, мұрағаттан инвентарлық жер-кадастрлық істерді көтеру, оларға материалдарды қосып тіркеу және оны МЖК ААЖ бөліміне тапсыру (1 жұмыс күні);
      4) МЖК ААЖ бөлімінде тапсырыс бланкілерін толтыру, жер-кадастрлық істерді қалыптастырып тігу, атрибутивті және графикалық деректерді МЖК ААЖ базасына енгізу, кадастрлық нөмір беру, сәйкестендіру құжатын басып шығару және қызмет көрсетушінің басшысына қол қоюға ұсыну (3 жұмыс күні);
      5) қызмет көрсетуші басшысының сәйкестендіру құжатына қол қойып және оны құжаттарды қабылдау және беру бөліміне тапсыруы (4 сағат);
      6) сәйкестендіру құжатын құжаттарды қабылдау және беру бөлімінде тіркеу;
      7) мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін көрсетілетін қызмет алушыға беру (1 жұмыс күні) немесе ХҚКО-ның курьеріне тапсыру (4 сағат).
      Электрондық түрде өтініш берген кезде қызмет берушінің маманы мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін тіркейді және қызмет көрсетушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ қойылған электронды құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» жібереді (1 жұмыс күні).

3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара әрекет ету тәртібін сипаттау

      7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет процесіне қатысатын қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
      1) қызмет берушінің құжаттарды қабылдау және беру бөлімінің қызметкері;
      2) құжаттарды жүйелендіру және сақтау бөлімінің (техникалық мұрағаттың) қызметкері;
      3) қызмет көрсетушінің МЖК ААЖ бөлімінің қызметкері;
      4) қызмет көрсетушінің басшысы;
      5) ХҚКО қызметкері (операторы, курьер) - қызмет алушы көрсетілетін мемлекеттік қызметті алу үшін ХҚКО-ға өтініш білдірген жағдайда.
      8. Әрбір рәсімнің (іс-әрекеттің) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдердің (іс-әрекеттердің) реттілігінің сипаттамасы:
      1) қызмет көрсетушінің құжаттарды қабылдау және беру бөлімінің қызметкері көрсетілетін қызметті алушымен немесе ХҚКО ұсынылған құжаттарды түскен күні 15 минут ішінде оларды қабылдауды, тексеруді және тіркеуді жүзеге асырады;
      2) қызмет көрсетушінің құжаттарды қабылдау және беру бөлімінің қызметкері құжаттар түскен күні оларды 30 минут ішінде қызмет көрсетушінің құжаттарды жүйелендіру және сақтау бөліміне (техникалық мұрағатқа) тапсырады;
      3) қызмет көрсетушінің құжаттарды жүйелендіру және сақтау бөлімінің (техникалық мұрағатының) қызметкері 1 жұмыс күн ішінде қабылданған құжаттарды тіркеуге алады, мұрағаттан инвентарлық жер-кадастрлық істерді көтеріп, оларға материалдарды қоса тіркейді және қызмет көрсетушінің МЖК ААЖ бөліміне тапсырады;
      4) МЖК ААЖ бөлімі 3 жұмыс күн ішінде тапсырыс бланкілерін толтырады, жер-кадастрлық істерді қалыптастырып тігеді, атрибутивті және графикалық деректерді МЖК ААЖ базасына енгізеді, кадастрлық нөмір береді, сәйкестендіру құжатын басып шығарады және қызмет көрсетушінің басшысына қол қоюға ұсынады;
      5) қызмет көрсетушінің басшысы 4 сағат ішінде сәйкестендіру құжатына қол қояды және оны құжаттарды қабылдау және беру бөліміне тапсырады;
      6) құжаттарды қабылдау және беру бөлімінің қызметкері 4 сағат ішінде сәйкестендіру құжатын елтаңбалы мөрмен куәландырады және тіркейді;
      7) құжаттарды қабылдау және беру бөлімінің қызметкері мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін көрсетілетін қызмет алушыға 1 жұмыс күн ішінде береді немесе ХҚКО-ның курьеріне 4 сағат ішінде тапсырады. Бұл ретте, ХҚКО-ның курьері қызмет берушіден құжаттарды алғаны туралы уақыты мен күнін көрсетіп, белгі қояды.
      ЭҮП арқылы өтініш берген кезде қызмет берушінің маманы мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін тіркейді және бір жұмыс күні ішінде қызмет көрсетушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ қойылған электронды құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» жібереді.
      Әр рәсімнің (іс-әрекеттің) ұзақтығы көрсетілген әрбір іс-әрекеттің (рәсімнің) өту рәсімдерінің (іс-әрекеттерінің) реттілігі сипатының блок-схемасы «Тұрақты жер пайдалану құқығына актілерді ресімдеу және беру» мемлекеттік қызметі регламентінің (бұдан әрі - Регламент) 1-қосымшасында келтірілген.

4. Халыққа қызмет көрсету орталығымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-әрекет ету тәртібіің, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібінің сипаты

      9. Көрсетілетін қызметті алушының ХҚКО арқылы өтініш беру тәртібінің сипаттамасы, қызмет алушының өтінішін өңдеу ұзақтығы:
      1) ХҚКО-ның операциялық залының қызметкері (операторы) көрсетілетін қызмет алушы берген құжаттарды олар келіп түскен күні 15 минут ішінде қабылдап тексереді, тіркейді;
      Көрсетілетін қызметті алушы стандарттың 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, ХҚКО қызметкері стандарттың 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тартылғаны туралы қолхат береді;
       2) операциялық залдың қызметкері (операторы) көрсетілетін қызмет алушыдан қабылданған құжаттарды олар келіп түскен күні 15 минут ішінде ХҚКО жинақтау секторының қызметкеріне (маманына)тапсырады;
      3) ХҚКО жинақтау секторының қызметкері (маманы) құжаттарды дайындап қызмет берушіге жіберу үшін ХҚКО-ның курьеріне тапсырады. Бұл ретте, ХҚКО-ға өтініш берген кезде құжаттарды қабылдаған күн мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді (құжаттарды қабылдау күні бойы);
      4) қызмет көрсетуші 5 (бес) жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін дайындайды;
      5) құжаттарды қабылдау және беру бөлімінің қызметкері мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін ХҚКО-ның курьеріне 4 сағат ішінде тапсырады. Бұл ретте, ХҚКО-нің курьері қызмет берушіден құжаттарды алғаны туралы уақыты мен күнін көрсетіп, белгі қояды;
      6) ХҚКО-нің курьері ХҚКО-ның жинақтау секторының қызметкеріне (маманына) мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін тапсырады (2 сағат);
      7) ХҚКО-ның жинақтау секторының қызметкері (маманы) мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін қабылдайды және ХҚКО-ның беру секторының маманына жолдайды (1 сағат);
      8) талон негізінде және жеке куәлігін және (немесе) сенімхат ұсынған жағдайда, ХҚКО-ның беру секторының қызметкері қызмет алушыға мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін береді (15 минут);
      9) егер де қызмет алушы көрсетілген қызметтің қорытындысын алуға көрсетілген мерзімде келмеген жағдайда, ХҚКО оның бір ай бойы сақталуын қамтамасыз етеді, содан кейін оны әрі қарай сақтау үшін қызмет берушіге тапсырады.
      10. Қызмет алушының ЭҮП арқылы өтініш беру тәртібінің сипаттамасы және мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібі:
      мемлекеттік қызмет қызметті алушының ЭЦҚ бар болған жағдайда көрсетіледі;
      1) қызмет алушы ЭҮП-на өзін тіркеуді жеке сәйкестендіру немесе бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі - ЖСН (БСН) арқылы жүзеге асырады (порталда тіркелмеген қызмет алушылар үшін жүзеге асырылады);
      2) 1-процесс - қызмет алушы мемлекеттік қызметті алу үшін ЭҮП-да ЖСН (БСН) және парольді енгізеді (авторизациялау процесі);
      3) 1-шарт - ЭҮП-де ЖСН (БСН) және пароль арқылы қызмет алушы туралы тіркелген деректердің дұрыстығын тексеру;
      4) 2-процесс - ЭҮП көрсетілетін қызметті алушының деректерінде қателіктердің болуына байланысты авторизациялаудан бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыруы;
      5) 3-процесс - мемлекеттік қызмет алушының осы регламентте көрсетілген қызметті таңдауы, қызметті көрсету және оның құрылымы мен форматтық талаптарды ескере отырып, стандарттың 9-тармағында көрсетілген қажетті құжаттарды электронды түрде қыстырумен қызмет алушының нысанды толтыру үшін өтініш нысанын экранға шығару, өтінішті куәландыру (қол қою) үшін ЭЦҚ тіркеу куәлігін таңдауы;
      6) 2-шарт - ЭҮП-да ЭЦҚ тіркеу куәлігінің қолдану мерзімін және қайтарылған (жойылған) тіркеу куәліктерінің тізімінде болмауын, сондай-ақ сәйкестендіру деректерінің сәйкестігін (сұранымда көрсетілген ЖСН(БСН) және ЭЦҚ тіркеу куәлігінде көрсетілген ЖСН (БСН) арасындағы) тексеру;
      7) 4-процесс - ЭҮП қызмет алушының ЭЦҚ түпнұсқалылығының расталмауына байланысты сұрау салынған қызметтен бас тартылғаны туралы хабарламаны қалыптастырады;
      8) 5-процесс - ЭҮП электрондық құжатты (өтінішті) МЖК ААЖ-ға тексеру үшін ЭҮШ арқылы жібереді;
      9) 3-шарт - қызмет көрсетуші 2 (екі) жұмыс күні ішінде стандарттың 9-тармағында көрсетілген тізімнің толықтығын тексереді;
      10) 6-процесс - қоса берілген құжаттар стандарттың 9-тармағында көрсетілген тізімге сәйкес келмеген жағдайда, қызмет беруші оның уәкілетті тқлғасының ЭЦҚ қойылған, бас тарту туралы жауапты дайындайды;
      11) 7- процесс - қызмет көрсетуші оның өкілетті тұлғасының ЭЦҚ қойылған мемлекеттік қызмет көрсетудің төлем шотын қалыптастырады;
      12) 4-шарт - қызмет алушы 2 (екі) жұмыс күні өткеннен кейін өтінішті тексерудің қорытындысын алады;
      13) 9- процесс - қызмет алушы қызмет көрсетудің төлем шотын алғаннан кейін «электрондық үкімет» төлем шлюзі ақпараттық жүйесі (бұдан әрі - ЭҮТШ АЖ) арқылы төлем жүргізу нысанына өтеді, төлем картасының (есеп шотының) қажетті деректерін толтырады;
      14) 10- процесс - қызмет көрсетуші ЭҮТШ АЖ-ден жүргізілген төлем туралы растауын алғаннан кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін дайындайды;
      15) 11- процесс - қызмет алушы көрсетілген қызметтің нәтижесін (сәйкестендіру құжатын) қызмет көрсетушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ қойылған электронды құжат нысанында алады.
      Мемлекеттік қызмет көрсетуде тартылған ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-әрекет ету диаграммасы графикалық нысанда осы Регламенттің 2-қосымшасында келтірілген.
      12. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдердің (іс-әрекеттердің) реттілігінің, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-әрекеттерінің толық сипаттамасы, сонымен қатар өзге қызмет берушілер және (немесе) халыққа қызмет көрсету орталықтарының өзара әрекет ету тәртібінің және мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді қолдану тәртібінің сипаттамасы осы Регламенттің 3-қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетілген.

«Тұрақты жер пайдалану құқығына
актілерді ресімдеу және беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
регламентіне 1-қосымша

Әр рәсімнің (әрекеттің) ұзақтығы көрсетіле отырып, әр іс-әрекеттің (рәсімнің) өту рәсімдерінің (әрекеттердің) реттілік сипатының блок-схемасы

«Тұрақты жер пайдалану құқығына
актілерді ресімдеу және беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
регламентіне 2-қосымша

Мемлекеттік қызмет көрсетуде тартылған ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара әрекеттерінің графикалық нысандағы диаграммасы

«Тұрақты жер пайдалану құқығына актілерді ресімдеу
және беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет
регламентіне 3-қосымша

«Тұрақты жер пайдалану құқығына актілерді ресімдеу және беру» мемлекеттік қызметін көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы

Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 24 сәуірдегі
№ 355 бұйрығына
7-қосымша

«Уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығына актілерді ресімдеу және беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1. Жалпы ережелер

       1. «Уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығына актілерді ресімдеу және беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндеттерін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 272 бұйрығымен бекітілген «Уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығына актілерді ресімдеу және беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі стандартына (2015 жылғы 15 мамырда нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне № 11050 болып тіркелді) (бұдан әрі - Стандарт) сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитетінің «Жер кадастры ғылыми-өндірістік орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнымен, оның филиалдарымен және аудандық бөлімшелерімен (бұдан әрі - қызмет беруші) жергілікті жерде көрсетіледі.
      2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (жартылай автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
      3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі жер учаскесіне уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығына актіні (бұдан әрі - сәйкестендіру құжаты) беру болып табылады.
      «Электронды үкімет» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі - ЭҮП) арқылы өтініш білдірген кезде мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі қызмет көрсетушінің өкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі - ЭЦҚ) қойылған электронды құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» жіберіледі.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің)іс-қимыл тәртібін сипаттау

       4. Мемлекеттік қызмет көрсету рәсімін (әрекетін) бастауға негіздеме қызмет берушінің стандарттың 4-қосымшасындағы нысанға сәйкес өтінішті стандарттың 9-тармағында көрсетілген тиісті құжаттармен (бұдан әрі - құжаттар) қоса қабылдауы болып табылады.
      5. Процесс құрамына кіретін әр рәсімнің (әрекеттің) мазмұны, орындау ұзақтығы:
      1) қызмет көрсетушінің құжаттарды қабылдау және беру бөлімінің қызметкері қызмет алушымен немесе Халыққа қызмет көрсету орталығымен (бұдан әрі - ХҚКО) ұсынылған құжаттарды түскен күні 15 минут оларды қабылдауды, тексеруді және тіркеуді ішінде жүзеге асырады;
      2) қызмет көрсетушінің құжаттарды қабылдау және беру бөлімінің қызметкері құжаттар түскен күні 30 минут ішінде оларды қызмет көрсетушінің құжаттарды жүйелендіру және сақтау бөліміне (техникалық мұрағатқа) тапсырады;
      3) қызмет көрсетушінің құжаттарды жүйелендіру және сақтау бөлімінің (техникалық мұрағатының) қызметкері қабылданған құжаттарды 1 жұмыс күн ішінде тіркеуге алады, мұрағаттан инвентарлық жер-кадастрлық істерді көтеріп, оларға материалдарды қоса тіркейді және оларды 1 жұмыс күні ішінде қызмет көрсетушінің мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесі (бұдан әрі - МЖК ААЖ) бөліміне тапсырады;
      4) МЖК ААЖ бөлімінің қызметкері 3 жұмыс күн ішінде тапсырыс бланкілерін толтырады, жер-кадастрлық істерді қалыптастырып тігеді, атрибутивті және графикалық деректерді МЖК ААЖ базасына енгізеді, кадастрлық нөмір береді, сәйкестендіру құжатын басып шығарады және қызмет көрсетушінің басшысына қол қоюға ұсынады;
      5) қызмет көрсетушінің басшысы 4 сағат ішінде сәйкестендіру құжатына қол қояды және оны құжаттарды қабылдау және беру бөліміне тапсырады;
      6) құжаттарды қабылдау және беру бөлімінің қызметкері 4 сағат ішінде сәйкестендіру құжатын елтаңбалы мөрмен куәландырады және тіркейді;
      7) қызмет берушінің құжаттарды қабылдау және беру бөлімінің қызметкері мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін 1 жұмыс күн ішінде қызмет алушыға береді немесе 4 сағат ішінде ХҚКО-ның курьеріне тапсырады. Бұл ретте, ХҚКО-ның курьері қызмет берушіден құжаттарды алғаны туралы уақыты мен күнін көрсетіп, белгі қояды.
      ЭҮП арқылы өтініш берген кезде қызмет берушінің маманы мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін тіркеуге алады және қызмет көрсетушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ қойылған электронды құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» жібереді.
      6. Келесі рәсімді (іс-әрекетті) орындауды бастау үшін негіз болатын мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімдердің (іс-қимылдың) нәтижесі:
      1) құжаттарды қабылдау және беру бөлімінің құжаттарды қабылдауы және тексеруі, оның нәтижесі кіріс нөмірі бар тіркелген құжат болып табылады (15 минут);
      2) қабылданған құжаттарды жүйелендіру және сақтау бөліміне (техникалық мұрағат) тапсыру (30 минут);
      3) қабылданған құжаттарды жүйелендіру және сақтау бөлімінде (техникалық мұрағатта) тіркеу, мұрағаттан инвентарлық жер-кадастрлық істерді көтеру, оларға материалдарды қосып тіркеу және оны МЖК ААЖ бөліміне тапсыру (1 жұмыс күні);
      4) МЖК ААЖ бөлімінде тапсырыс бланкілерін толтыру, жер-кадастрлық істерді қалыптастырып тігу, атрибутивті және графикалық деректерді МЖК ААЖ базасына енгізу, кадастрлық нөмір беру, сәйкестендіру құжатын басып шығару және қызмет көрсетушінің басшысына қол қоюға ұсыну (3 жұмыс күні);
      5) қызмет көрсетуші басшысының сәйкестендіру құжатына қол қойып және оны құжаттарды қабылдау және беру бөліміне тапсыруы (4 сағат);
      6) сәйкестендіру құжатын құжаттарды қабылдау және беру бөлімінде тіркеу;
      7) мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін көрсетілетін қызмет алушыға беру (1 жұмыс күні) немесе ХҚКО-ның курьеріне тапсыру (4 сағат).
      Электрондық түрде өтініш берген кезде қызмет берушінің маманы мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін тіркейді және қызмет көрсетушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ қойылған электронды құжат  нысанында көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» жібереді (1 жұмыс күні).

3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара әрекет ету тәртібін сипаттау

       7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет процесіне қатысатын қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
      1) қызмет берушінің құжаттарды қабылдау және беру бөлімінің қызметкері;
      2) құжаттарды жүйелендіру және сақтау бөлімінің (техникалық мұрағаттың) қызметкері;
      3) қызмет көрсетушінің МЖК ААЖ бөлімінің қызметкері;
      4) қызмет көрсетушінің басшысы;
      5) ХҚКО қызметкері (операторы, курьер) - қызмет алушы көрсетілетін мемлекеттік қызметті алу үшін ХҚКО-ға өтініш білдірген жағдайда.
      8. Әрбір рәсімнің (іс-әрекеттің) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдердің (әрекеттердің) реттілігінің сипаттамасы:
      1) қызмет көрсетушінің құжаттарды қабылдау және беру бөлімінің қызметкері көрсетілетін қызметті алушымен немесе ХҚКО ұсынылған құжаттарды түскен күні 15 минут ішінде оларды қабылдауды, тексеруді және тіркеуді жүзеге асырады;
      2) қызмет көрсетушінің құжаттарды қабылдау және беру бөлімінің қызметкері құжаттар түскен күні оларды 30 минут ішінде қызмет көрсетушінің құжаттарды жүйелендіру және сақтау бөліміне (техникалық мұрағатқа) тапсырады;
      3) қызмет көрсетушінің құжаттарды жүйелендіру және сақтау бөлімінің (техникалық мұрағатының) қызметкері 1 жұмыс күн ішінде қабылданған құжаттарды тіркеуге алады, мұрағаттан инвентарлық жер-кадастрлық істерді көтеріп, оларға материалдарды қоса тіркейді және қызмет көрсетушінің МЖК ААЖ бөліміне тапсырады;
      4) МЖК ААЖ бөлімі 3 жұмыс күн ішінде тапсырыс бланкілерін толтырады, жер-кадастрлық істерді қалыптастырып тігеді, атрибутивті және графикалық деректерді МЖК ААЖ базасына енгізеді, кадастрлық нөмір береді, сәйкестендіру құжатын басып шығарады және қызмет көрсетушінің басшысына қол қоюға ұсынады;
      5) қызмет көрсетушінің басшысы 4 сағат ішінде сәйкестендіру құжатына қол қояды және оны құжаттарды қабылдау және беру бөліміне тапсырады;
      6) құжаттарды қабылдау және беру бөлімінің қызметкері 4 сағат ішінде сәйкестендіру құжатын елтаңбалы мөрмен куәландырады және тіркейді;
      7) құжаттарды қабылдау және беру бөлімінің қызметкері мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін көрсетілетін қызмет алушыға 1 жұмыс күн ішінде береді немесе ХҚКО-ның курьеріне 4 сағат ішінде тапсырады. Бұл ретте, ХҚКО-ның курьері қызмет берушіден құжаттарды алғаны туралы уақыты мен күнін көрсетіп, белгі қояды.
      ЭҮП арқылы өтініш берген кезде қызмет берушінің маманы мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін тіркейді және бір жұмыс күні ішінде қызмет көрсетушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ қойылған электронды құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» жібереді.
      Әр рәсімнің (іс-әрекеттің) ұзақтығы көрсетілген әрбір іс-әрекеттің (рәсімнің) өту рәсімдерінің (іс-әрекеттерінің) реттілігі сипатының блок-схемасы «Уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығына актілерді ресімдеу және беру» мемлекеттік қызметі регламентінің (бұдан әрі - Регламент) 1-қосымшасында келтірілген.

3. Халыққа қызмет көрсету орталығымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-әрекет ету тәртібінің, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібінің сипаты

       9. Көрсетілетін қызметті алушының ХҚКО арқылы өтініш беру тәртібінің сипаттамасы, қызмет алушының өтінішін өңдеу ұзақтығы:
      1) ХҚКО-ның операциялық залының қызметкері (операторы) көрсетілетін қызмет алушы берген құжаттарды олар келіп түскен күні 15 минут ішінде қабылдап тексереді, тіркейді;
      көрсетілетін қызметті алушы стандарттың 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, ХҚКО қызметкері стандарттың 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тартылғаны туралы қолхат береді;
      2) операциялық залдың қызметкері (операторы) көрсетілетін қызмет алушыдан қабылданған құжаттарды олар келіп түскен күні 15 минут ішінде ХҚКО жинақтау секторының қызметкеріне (маманына) тапсырады;
      3) ХҚКО жинақтау секторының қызметкері (маманы) құжаттарды дайындап қызмет берушіге жіберу үшін ХҚКО-ның курьеріне тапсырады. Бұл ретте, ХҚКО-ға өтініш берген кезде құжаттарды қабылдаған күн мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді (құжаттарды қабылдау күні бойы);
      4) қызмет көрсетуші 5 (бес) жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін дайындайды;
      5) құжаттарды қабылдау және беру бөлімінің қызметкері мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін ХҚКО-ның курьеріне 4 сағат ішінде тапсырады. Бұл ретте, ХҚКО-нің курьері қызмет берушіден құжаттарды алғаны туралы уақыты мен күнін көрсетіп, белгі қояды;
      6) ХҚКО-нің курьері ХҚКО-ның жинақтау секторының қызметкеріне (маманына) мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін тапсырады (2 сағат);
      7) ХҚКО-ның жинақтау секторының қызметкері (маманы) мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін қабылдайды және ХҚКО-ның беру секторының маманына жолдайды (1 сағат);
      8) талон негізінде және жеке куәлігін және (немесе) сенімхат ұсынған жағдайда, ХҚКО-ның беру секторының қызметкері қызмет алушыға мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін береді (15 минут);
      9) егер де қызмет алушы көрсетілген қызметтің қорытындысын алуға көрсетілген мерзімде келмеген жағдайда, ХҚКО оның бір ай бойы сақталуын қамтамасыз етеді, содан кейін оны әрі қарай сақтау үшін қызмет берушіге тапсырады.
      10. Қызмет алушының ЭҮП арқылы өтініш беру тәртібінің сипаттамасы және мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібі:
      мемлекеттік қызмет қызметті алушының ЭЦҚ бар болған жағдайда көрсетіледі;
      1) қызмет алушы ЭҮП-на өзін тіркеуді жеке сәйкестендіру немесе бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі - ЖСН (БСН) арқылы жүзеге асырады (порталда тіркелмеген қызмет алушылар үшін жүзеге асырылады);
      2) 1-процесс - қызмет алушы мемлекеттік қызметті алу үшін ЭҮП-да ЖСН (БСН) және парольді енгізеді (авторизациялау процесі);
      3) 1-шарт - ЭҮП-де ЖСН (БСН) және пароль арқылы қызмет алушы туралы тіркелген деректердің дұрыстығын тексеру;
      4) 2-процесс - ЭҮП көрсетілетін қызметті алушының деректерінде қателіктердің болуына байланысты авторизациялаудан бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыруы;
      5) 3-процесс - мемлекеттік қызмет алушының осы регламентте көрсетілген қызметті таңдауы, қызметті көрсету және оның құрылымы мен форматтық талаптарды ескере отырып, стандарттың 9-тармағында көрсетілген қажетті құжаттарды электронды түрде қыстырумен қызмет алушының нысанды толтыру үшін өтініш нысанын экранға шығару, өтінішті куәландыру (қол қою) үшін ЭЦҚ тіркеу куәлігін таңдауы;
      6) 2-шарт - ЭҮП-да ЭЦҚ тіркеу куәлігінің қолдану мерзімін және қайтарылған (жойылған) тіркеу куәліктерінің тізімінде болмауын, сондай-ақ сәйкестендіру деректерінің сәйкестігін (сұранымда көрсетілген ЖСН (БСН) және ЭЦҚ тіркеу куәлігінде көрсетілген ЖСН (БСН) арасындағы) тексеру;
      7) 4-процесс - ЭҮП қызмет алушының ЭЦҚ түпнұсқалылығының расталмауына байланысты сұрау салынған қызметтен бас тартылғаны туралы хабарламаны қалыптастырады;
      8) 5-процесс - ЭҮП электрондық құжатты (өтінішті) МЖК ААЖ-ға тексеру үшін ЭҮШ арқылы жібереді;
      9) 3-шарт - қызмет көрсетуші 2 (екі) жұмыс күні ішінде стандарттың 9-тармағында көрсетілген тізімнің толықтығын тексереді;
      10) 6-процесс - қоса берілген құжаттар стандарттың 9-тармағында көрсетілген тізімге сәйкес келмеген жағдайда, қызмет беруші оның уәкілетті тқлғасының ЭЦҚ қойылған, бас тарту туралы жауапты дайындайды;
      11) 7- процесс - қызмет көрсетуші оның өкілетті тұлғасының ЭЦҚ қойылған мемлекеттік қызмет көрсетудің төлем шотын қалыптастырады;
      12) 4-шарт - қызмет алушы 2 (екі) жұмыс күні өткеннен кейін өтінішті тексерудің қорытындысын алады;
      13) 9- процесс - қызмет алушы қызмет көрсетудің төлем шотын алғаннан кейін «электрондық үкімет» төлем шлюзі ақпараттық жүйесі (бұдан әрі - ЭҮТШ АЖ) арқылы төлем жүргізу нысанына өтеді, төлем картасының (есеп шотының) қажетті деректерін толтырады;
      14) 10- процесс - қызмет көрсетуші ЭҮТШ АЖ-ден жүргізілген төлем туралы растауын алғаннан кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін дайындайды;
      15) 11- процесс - қызмет алушы көрсетілген қызметтің нәтижесін (сәйкестендіру құжатын) қызмет көрсетушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ қойылған электронды құжат нысанында алады.
      Мемлекеттік қызмет көрсетуде тартылған ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-әрекет ету диаграммасы графикалық нысанда осы Регламенттің 2-қосымшасында келтірілген.
      12. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдердің (іс-әрекеттердің) реттілігінің, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-әрекеттерінің толық сипаттамасы, сонымен қатар өзге қызмет берушілер және (немесе) халыққа қызмет көрсету орталықтарының өзара әрекет ету тәртібінің және мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді қолдану тәртібінің сипаттамасы осы Регламенттің 3-қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетілген.

«Уақытша өтеусіз жер пайдалану
құқығына актілерді ресімдеу және
беру» мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентіне 1-қосымша

Әр рәсімнің (әрекеттің) ұзақтығы көрсетіле отырып, әр іс-әрекеттің (рәсімнің) өту рәсімдерінің (әрекеттердің)  реттілік сипатының блок-схемасы

«Уақытша өтеусіз жер пайдалану
құқығына актілерді ресімдеу және
беру» мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентіне 2-қосымша

Мемлекеттік қызмет көрсетуде тартылған ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара әрекеттерінің графикалық нысандағы диаграммасы

«Уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығына
актілерді ресімдеу және беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
регламентіне 3-қосымша

«Уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығына актілерді ресімдеу және беру» мемлекеттік қызметін көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы

Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 24 сәуірдегі
№ 355 бұйрығына
8-қосымша

«Уақытша өтеулі (ұзақ мерзімді, қысқа мерзімді) жер пайдалану (жалдау) құқығына актілерді ресімдеу және беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1. Жалпы ережелер

      1. «Уақытша өтеулі (ұзақ мерзімді, қысқа мерзімді) жер пайдалану (жалдау) құқығына актілерді ресімдеу және беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі –мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндеттерін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 272 бұйрығымен бекітілген «Уақытша өтеулі жер пайдалану құқығына актілерді дайындау және беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі стандартына (2015 жылғы 15 мамырда нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне № 11050 болып тіркелді) (бұдан әрі - Стандарт) сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитетінің «Жер кадастры ғылыми-өндірістік орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнымен, оның филиалдарымен және аудандық бөлімшелерімен (бұдан әрі - қызмет беруші) жергілікті жерде көрсетіледі.
      2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (жартылай автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
      3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі жер учаскесіне уақытша өтеулі жер пайдалану құқығына актіні (бұдан әрі - сәйкестендіру құжаты) беру болып табылады.
      «Электронды үкімет» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі - ЭҮП) арқылы өтініш білдірген кезде мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі қызмет көрсетушінің өкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі - ЭЦҚ) қойылған электронды құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» жіберіледі.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау

      4. Мемлекеттік қызмет көрсету рәсімін (әрекетін) бастауға негіздеме қызмет берушінің стандарттың 4-қосымшасындағы нысанға сәйкес өтінішті стандарттын 9-тармағында көрсетілген тиісті құжаттармен (бұдан әрі - құжаттар) қоса қабылдауы болып табылады.
      5. Процесс құрамына кіретін әр рәсімнің (әрекеттің) мазмұны, орындау ұзақтығы:
      1) қызмет көрсетушінің құжаттарды қабылдау және беру бөлімінің қызметкері қызмет алушымен немесе халыққа қызмет көрсету орталығымен (бұдан әрі - ХҚКО) ұсынылған құжаттарды түскен күні 15 минут оларды қабылдауды, тексеруді және тіркеуді ішінде жүзеге асырады;
      2) қызмет көрсетушінің құжаттарды қабылдау және беру бөлімінің қызметкері құжаттар түскен күні 30 минут ішінде оларды қызмет көрсетушінің құжаттарды жүйелендіру және сақтау бөліміне (техникалық мұрағатқа) тапсырады;
      3) қызмет көрсетушінің құжаттарды жүйелендіру және сақтау бөлімінің (техникалық мұрағатының) қызметкері қабылданған құжаттарды 1 жұмыс күн ішінде тіркеуге алады, мұрағаттан инвентарлық жер-кадастрлық істерді көтеріп, оларға материалдарды қоса тіркейді және оларды 1 жұмыс күні ішінде қызмет көрсетушінің мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесі (бұдан әрі - МЖК ААЖ) бөліміне тапсырады;
      4) МЖК ААЖ бөлімінің қызметкері 3 жұмыс күн ішінде тапсырыс бланкілерін толтырады, жер-кадастрлық істерді қалыптастырып тігеді, атрибутивті және графикалық деректерді МЖК ААЖ базасына енгізеді, кадастрлық нөмір береді, сәйкестендіру құжатын басып шығарады және қызмет көрсетушінің басшысына қол қоюға ұсынады;
      5) қызмет көрсетушінің басшысы 4 сағат ішінде сәйкестендіру құжатына қол қояды және оны құжаттарды қабылдау және беру бөліміне тапсырады.
      6) құжаттарды қабылдау және беру бөлімінің қызметкері 4 сағат ішінде сәйкестендіру құжатын елтаңбалы мөрмен куәландырады және тіркейді.
      7) қызмет берушінің құжаттарды қабылдау және беру бөлімінің қызметкері мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін 1 жұмыс күн ішінде қызмет алушыға береді немесе 4 сағат ішінде ХҚКО-ның курьеріне тапсырады. Бұл ретте, ХҚКО-ның курьері қызмет берушіден құжаттарды алғаны туралы уақыты мен күнін көрсетіп, белгі қояды.
      ЭҮП арқылы өтініш берген кезде қызмет берушінің маманы мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін тіркеуге алады және қызмет көрсетушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ қойылған электронды құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» жібереді.
       6. Келесі рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастау үшін негіз болатын мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімдердің (іс-қимылдың) нәтижесі:
      1) құжаттарды қабылдау және беру бөлімінің құжаттарды қабылдауы және тексеруі, оның нәтижесі кіріс нөмірі бар тіркелген құжат болып табылады (15 минут);
      2) қабылданған құжаттарды жүйелендіру және сақтау бөліміне (техникалық мұрағат) тапсыру (30 минут);
      3) қабылданған құжаттарды жүйелендіру және сақтау бөлімінде (техникалық мұрағатта) тіркеу, мұрағаттан инвентарлық жер-кадастрлық істерді көтеру, оларға материалдарды қосып тіркеу және оны МЖК ААЖ бөліміне тапсыру (1 жұмыс күні);
      4) МЖК ААЖ бөлімінде тапсырыс бланкілерін толтыру, жер-кадастрлық істерді қалыптастырып тігу, атрибутивті және графикалық деректерді МЖК ААЖ базасына енгізу, кадастрлық нөмір беру, сәйкестендіру құжатын басып шығару және қызмет көрсетушінің басшысына қол қоюға ұсыну (3 жұмыс күні);
      5) қызмет көрсетуші басшысының сәйкестендіру құжатына қол қойып және оны құжаттарды қабылдау және беру бөліміне тапсыруы (4 сағат);
      6) сәйкестендіру құжатын құжаттарды қабылдау және беру бөлімінде тіркеу;
      7) мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін көрсетілетін қызмет алушыға беру (1 жұмыс күні) немесе ХҚКО-ның курьеріне тапсыру (4 сағат).
      Электрондық түрде өтініш берген кезде қызмет берушінің маманы мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін тіркейді және қызмет көрсетушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ қойылған электронды құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» жібереді (1 жұмыс күні).

3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара әрекет ету тәртібін сипаттау

      7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет процесіне қатысатын қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
      1) қызмет берушінің құжаттарды қабылдау және беру бөлімінің қызметкері;
      2) құжаттарды жүйелендіру және сақтау бөлімінің (техникалық мұрағаттың) қызметкері;
      3) қызмет көрсетушінің МЖК ААЖ бөлімінің қызметкері;
      4) қызмет көрсетушінің басшысы;
      5) ХҚКО қызметкері (операторы, курьер) - қызмет алушы көрсетілетін мемлекеттік қызметті алу үшін ХҚКО-ға өтініш білдірген жағдайда.
      8. Әрбір рәсімнің (іс-әрекеттің) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдердің (іс-әрекеттердің) реттілігінің сипаттамасы:
      1) қызмет көрсетушінің құжаттарды қабылдау және беру бөлімінің қызметкері көрсетілетін қызметті алушымен немесе ХҚКО ұсынылған құжаттарды түскен күні 15 минут ішінде оларды қабылдауды, тексеруді және тіркеуді жүзеге асырады;
      2) қызмет көрсетушінің құжаттарды қабылдау және беру бөлімінің қызметкері құжаттар түскен күні оларды 30 минут ішінде қызмет көрсетушінің құжаттарды жүйелендіру және сақтау бөліміне (техникалық мұрағатқа) тапсырады;
      3) қызмет көрсетушінің құжаттарды жүйелендіру және сақтау бөлімінің (техникалық мұрағатының) қызметкері 1 жұмыс күн ішінде қабылданған құжаттарды тіркеуге алады, мұрағаттан инвентарлық жер-кадастрлық істерді көтеріп, оларға материалдарды қоса тіркейді және қызмет көрсетушінің МЖК ААЖ бөліміне тапсырады;
      4) МЖК ААЖ бөлімі 3 жұмыс күн ішінде тапсырыс бланкілерін толтырады, жер-кадастрлық істерді қалыптастырып тігеді, атрибутивті және графикалық деректерді МЖК ААЖ базасына енгізеді, кадастрлық нөмір береді, сәйкестендіру құжатын басып шығарады және қызмет көрсетушінің басшысына қол қоюға ұсынады;
      5) қызмет көрсетушінің басшысы 4 сағат ішінде сәйкестендіру құжатына қол қояды және оны құжаттарды қабылдау және беру бөліміне тапсырады;
      6) құжаттарды қабылдау және беру бөлімінің қызметкері 4 сағат ішінде сәйкестендіру құжатын елтаңбалы мөрмен куәландырады және тіркейді;
      7) құжаттарды қабылдау және беру бөлімінің қызметкері мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін көрсетілетін қызмет алушыға 1 жұмыс күн ішінде береді немесе ХҚКО-ның курьеріне 4 сағат ішінде тапсырады. Бұл ретте, ХҚКО-ның курьері қызмет берушіден құжаттарды алғаны туралы уақыты мен күнін көрсетіп, белгі қояды.
      ЭҮП арқылы өтініш берген кезде қызмет берушінің маманы мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін тіркейді және бір жұмыс күні ішінде қызмет көрсетушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ қойылған электронды құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» жібереді.
      Әр рәсімнің (іс-әрекеттің) ұзақтығы көрсетілген әрбір іс-әрекеттің (рәсімнің) өту рәсімдерінің (іс-әрекеттерінің) реттілігі сипатының блок-схемасы «Уақытша өтеулі (ұзақ мерзімді, қысқа мерзімді) жер пайдалану (жалдау) құқығына актілерді ресімдеу және беру» мемлекеттік қызметі регламентінің (бұдан әрі - Регламент) 1-қосымшасында келтірілген.

3. Халыққа қызмет көрсету орталығымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-әрекет ету тәртібінің, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібінің сипаты

      9. Көрсетілетін қызметті алушының ХҚКО арқылы өтініш беру тәртібінің сипаттамасы, қызмет алушының өтінішін өңдеу ұзақтығы:
      1) ХҚКО-ның операциялық залының қызметкері (операторы) көрсетілетін қызмет алушы берген құжаттарды олар келіп түскен күні 15 минут ішінде қабылдап тексереді, тіркейді;
      Көрсетілетін қызметті алушы стандарттың 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, ХҚКО қызметкері стандарттың 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тартылғаны туралы қолхат береді;
       2) операциялық залдың қызметкері (операторы) көрсетілетін қызмет алушыдан қабылданған құжаттарды олар келіп түскен күні 15 минут ішінде ХҚКО жинақтау секторының қызметкеріне (маманына) тапсырады;
      3) ХҚКО жинақтау секторының қызметкері (маманы) құжаттарды дайындап қызмет берушіге жіберу үшін ХҚКО-ның курьеріне тапсырады. Бұл ретте, ХҚКО-ға өтініш берген кезде құжаттарды қабылдаған күн мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді (құжаттарды қабылдау күні бойы);
      4) қызмет көрсетуші 5 (бес) жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін дайындайды;
      5) құжаттарды қабылдау және беру бөлімінің қызметкері мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін ХҚКО-ның курьеріне 4 сағат ішінде тапсырады. Бұл ретте, ХҚКО-нің курьері қызмет берушіден құжаттарды алғаны туралы уақыты мен күнін көрсетіп, белгі қояды;
      6) ХҚКО-нің курьері ХҚКО-ның жинақтау секторының қызметкеріне (маманына) мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін тапсырады (2 сағат);
      7) ХҚКО-ның жинақтау секторының қызметкері (маманы) мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін қабылдайды және ХҚКО-ның беру секторының маманына жолдайды (1 сағат);
      8) талон негізінде және жеке куәлігін және (немесе) сенімхат ұсынған жағдайда, ХҚКО-ның беру секторының қызметкері қызмет алушыға мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін береді (15 минут);
      9) егер де қызмет алушы көрсетілген қызметтің қорытындысын алуға көрсетілген мерзімде келмеген жағдайда, ХҚКО оның бір ай бойы сақталуын қамтамасыз етеді, содан кейін оны әрі қарай сақтау үшін қызмет берушіге тапсырады.
      10. Қызмет алушының ЭҮП арқылы өтініш беру тәртібінің сипаттамасы және мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібі:
      мемлекеттік қызмет қызметті алушының ЭЦҚ бар болған жағдайда көрсетіледі;
       1) қызмет алушы ЭҮП-на өзін тіркеуді жеке сәйкестендіру немесе бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі - ЖСН (БСН) арқылы жүзеге асырады (порталда тіркелмеген қызмет алушылар үшін жүзеге асырылады);
      2) 1-процесс - қызмет алушы мемлекеттік қызметті алу үшін ЭҮП-да ЖСН (БСН) және парольді енгізеді (авторизациялау процесі);
      3) 1-шарт - ЭҮП-де ЖСН (БСН) және пароль арқылы қызмет алушы туралы тіркелген деректердің дұрыстығын тексеру;
      4) 2-процесс - ЭҮП көрсетілетін қызметті алушының деректерінде қателіктердің болуына байланысты авторизациялаудан бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыруы;
      5) 3-процесс - мемлекеттік қызмет алушының осы регламентте көрсетілген қызметті таңдауы, қызметті көрсету және оның құрылымы мен форматтық талаптарды ескере отырып, стандарттың 9-тармағында көрсетілген қажетті құжаттарды электронды түрде қыстырумен қызмет алушының нысанды толтыру үшін өтініш нысанын экранға шығару, өтінішті куәландыру (қол қою) үшін ЭЦҚ тіркеу куәлігін таңдауы;
      6) 2-шарт - ЭҮП-да ЭЦҚ тіркеу куәлігінің қолдану мерзімін және қайтарылған (жойылған) тіркеу куәліктерінің тізімінде болмауын, сондай-ақ сәйкестендіру деректерінің сәйкестігін (сұранымда көрсетілген ЖСН (БСН) және ЭЦҚ тіркеу куәлігінде көрсетілген ЖСН (БСН) арасындағы) тексеру;
      7) 4-процесс - ЭҮП қызмет алушының ЭЦҚ түпнұсқалылығының расталмауына байланысты сұрау салынған қызметтен бас тартылғаны туралы хабарламаны қалыптастырады;
      8) 5-процесс - ЭҮП электрондық құжатты (өтінішті) МЖК ААЖ-ға тексеру үшін ЭҮШ арқылы жібереді;
      9) 3-шарт - қызмет көрсетуші 2 (екі) жұмыс күні ішінде стандарттың 9-тармағында көрсетілген тізімнің толықтығын тексереді;
      10) 6-процесс -қоса берілген құжаттар стандарттың 9-тармағында көрсетілген тізімге сәйкес келмеген жағдайда, қызмет беруші оның уәкілетті тқлғасының ЭЦҚ қойылған, бас тарту туралы жауапты дайындайды;
      11) 7- процесс - қызмет көрсетуші оның өкілетті тұлғасының ЭЦҚ қойылған мемлекеттік қызмет көрсетудің төлем шотын қалыптастырады;
      12) 4-шарт - қызмет алушы 2 (екі) жұмыс күні өткеннен кейін өтінішті тексерудің қорытындысын алады;
      13) 9- процесс - қызмет алушы қызмет көрсетудің төлем шотын алғаннан кейін «электрондық үкімет» төлем шлюзі ақпараттық жүйесі (бұдан әрі - ЭҮТШ АЖ) арқылы төлем жүргізу нысанына өтеді, төлем картасының (есеп шотының) қажетті деректерін толтырады;
      14) 10- процесс - қызмет көрсетуші ЭҮТШ АЖ-ден жүргізілген төлем туралы растауын алғаннан кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін дайындайды;
      15) 11- процесс - қызмет алушы көрсетілген қызметтің нәтижесін (сәйкестендіру құжатын) қызмет көрсетушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ қойылған электронды құжат нысанында алады.
      Мемлекеттік қызмет көрсетуде тартылған ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-әрекет ету диаграммасы графикалық нысанда осы Регламенттің 2-қосымшасында келтірілген.
      12. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдердің (іс-әрекеттердің) реттілігінің, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-әрекеттерінің толық сипаттамасы, сонымен қатар өзге қызмет берушілер және (немесе) халыққа қызмет көрсету орталықтарының өзара әрекет ету тәртібінің және мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді қолдану тәртібінің сипаттамасы осы Регламенттің 3-қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетілген.

«Уақытша өтеулі (ұзақ мерзімді, қысқа
мерзімді) жер пайдалану (жалдау)
құқығына актілерді ресімдеу және
беру» мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентіне 1-қосымша

Әр рәсімнің (іс-әрекеттің) ұзақтығы көрсетіле отырып, әр іс-әрекеттің (рәсімнің) өту рәсімдерінің (іс-әрекеттердің)  реттілік сипатының блок-схемасы

Уақытша өтеулі (ұзақ мерзімді, қысқа
мерзімді) жер пайдалану (жалдау)
құқығына актілерді ресімдеу және
беру» мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентіне 2-қосымша

Мемлекеттік қызмет көрсетуде тартылған ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара әрекеттерінің графикалық нысандағы диаграммасы

«Уақытша өтеулі (ұзақ мерзімді, қысқа мерзімді) жер
пайдалану құқығына (жалдау) актілерді ресімдеу және беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
регламентіне 3-қосымша

«Уақытша өтеулі (ұзақ мерзімді, қысқа мерзімді) жер пайдалану (жалдау) құқығына актілерді ресімдеу және беру» мемлекеттік қызметін көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы

Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 24 сәуірдегі
№ 355 бұйрығына
9-қосымша

«Жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1. Жалпы ережелер

      1. «Жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындау» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі -мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндеттерін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 272 бұйрығымен бекітілген ««Жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындау» мемлекеттік көрсетілетін қызметі стандартына (2015 жылғы 15 мамырда нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне № 11050 болып тіркелді) (бұдан әрі - Стандарт) сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитетінің «Жер кадастры ғылыми-өндірістік орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнымен, оның филиалдарымен және аудандық бөлімшелерімен (бұдан әрі - қызмет беруші) жергілікті жерде көрсетіледі.
      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижелерін беру:
       1) қызмет көрсетушінің кеңсесі (құжаттарды қабылдау және беру бөлімі);
      2) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - ХҚКО) арқылы жүзеге асырылады.
      2. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: қағаз түрінде.
      3. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын анықтау актісін (бұдан әрі - кадастрлық құнның актісі) беру болып табылады.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде қызмет көрсетушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) әрекет ету тәртібінің сипаты

      4. Мемлекеттік қызмет көрсету рәсімін (іс-әрекет) бастауға негіздеме қызмет көрсетушінің немесе ХҚКО-ның стандарттың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтінішті стандарттың 9-тармағында көрсетілген тиісті құжаттармен бұдан әрі - құжаттар) қоса қабылдауы болып табылады.
      5. Процесс құрамына кіретін әр рәсімнің (іс-әрекеттің) мазмұны, орындау ұзақтығы:
      1) қызмет көрсетушінің кеңсесінің (құжаттарды қабылдау және беру бөлімінің) қызметкері немесе ХҚКО қызметкері қызмет алушымен ұсынылған құжаттар келіп түскен күні оларды 15 минут ішінде қабылдайды, тексереді және тіркеуге алады;
      Қызмет алушы ХҚКО-на өтініш білдірген жағдайда, ХҚКО қызметкері құжаттар келіп түскен күні курьер арқылы оларды қызмет берушіге жолдайды.
       2) қызмет көрсетушінің кеңсесінің (құжаттарды қабылдау және беру бөлімінің) қызметкері құжаттар келіп түскен күні 30 минут ішінде оларды жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын анықтау және кадастрлық құнының актісін дайындау үшін қызмет көрсетушінің жерді бағалау бөліміне береді;
      3) қызмет көрсетушінің жерді бағалау бөлімінің қызметкері қабылданған құжаттарды 12 жұмыс күні ішінде тіркейді, жер учаскесін Мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің (бұдан әрі - МЖК ААЖ) деректер базасы бойынша сәйкестендіреді, қажет болған жағдайда қызмет көрсетушінің құжаттарды сақтау және жүйелеу бөлімінен (техникалық мұрағаттан) инвентарлық жер-кадастрлық істерді сұратады, бағалы аймақтарды және аймақтылық коэффициентін анықтайды, кадастрлық құнының актісін дайындайды;
      4) дайындалған кадастрлық құнның актісін қызмет көрсетушінің жерді бағалау бөлімінің қызметкері 30 минут ішінде қызмет көрсетушінің басшысына қол қоюға береді;
      5) қызмет көрсетушінің басшысы 1 жұмыс күні ішінде кадастрлық құнның актісіне қол қояды және қызмет көрсетушінің кеңсесіне (құжаттарды қабылдау және беру бөліміне) береді;
      6) қызмет көрсетушінің кеңсесінің (құжаттарды қабылдау және беру бөлімінің) қызметкері 4 сағат ішінде кадастрлық құнның актісін елтаңбалық мөрмен куәландырады және тіркеуге алады.
      7) қызмет көрсетушінің кеңсесінің (құжаттарды қабылдау және беру бөлімінің) қызметкері мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін қызмет алушыға 1 жұмыс күні ішінде немесе ХҚКО курьеріне 4 сағат ішінде береді. Бұл ретте, ХҚКО-ның курьері қызмет берушіден құжаттарды алғаны туралы уақыты мен күнін көрсетіп, белгі қояды.
      6. Келесі рәсімді (іс-әрекетті) орындауды бастау үшін негіз болатын мемлекеттік қызметті көрсету рәсімінің (іс-әрекеттің) нәтижесі:
      1) кеңсенің (құжаттарды қабылдау және беру бөлімінің) немесе ХҚКО-ның құжаттарды қабылдауы және тексеруі, оның нәтижесі кіріс нөмірі бар тіркелген құжат болып табылады (15 минут);
      2) қабылданған құжаттарды жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын анықтау және кадастрлық құнының актісін дайындау үшін жерді бағалау бөліміне беру (30 минут);
      3) қабылданған құжаттарды жерді бағалау бөлімінде тіркеу, жер учаскесін МЖК ААЖ деректер базасы бойынша сәйкестендіру, қажет болған жағдайда құжаттарды жүйелендіру және сақтау бөлімінен (техникалық мұрағаттан) инвентарлық жер-кадастрлық істерді алу, бағалы аймақтарды және аймақтылық коэффициентін анықтау, кадастрлық құнының актісін дайындау (12 жұмыс күн);
      4) дайындалған кадастрлық құнның актісін жерді бағалау бөлімінің қызметкерінің басшыға қол қоюға беруі (30 минут);
      5) басшының кадастрлық құнның актісіне қол қойып, кеңсеге (құжаттарды қабылдау және беру бөліміне) беруі (1 күн);
      6) кеңсенің (құжаттарды қабылдау және беру бөлімінің) қызметкерінің кадастрлық құнның актісін тіркеуі (4 сағат);
      7) мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін қызмет алушыға (1 жұмыс күні) немесе ХҚКО курьеріне (4 сағат) беру.

3. Мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде қызмет көрсетушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлердің) өзара әрекет ету тәртібінің сипаты

      7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізімі:
      1) қызмет берушінің кеңсесінің (құжаттарды қабылдау және беру бөлімінің) қызметкерлері;
      2) қызмет көрсетушінің жерді бағалау бөлімінің қызметкері;
      3) қызмет көрсетушінің басшысы;
      4) ХҚКО қызметкерлері (оператор, курьер) - мемлекеттік қызметті алу үшін қызмет алушы ХҚКО-ға өтініш білдірген жағдайда.
      8. Әр рәсімнің ұзақтығы көрсетіле отырып, құрылымдық бөлімшелердің (қызметкерлердің) арасындағы рәсімдердің (іс-әрекеттің) жүйелілігінің сипаттамасы:
      1) қызмет көрсетушінің кеңсесінің (құжаттарды қабылдау және беру бөлімі) немесе ХҚКО-ның қызметкері қызмет алушының ұсынған құжаттары келіп түскен күні оларды 15 минут ішінде қабылдайды, тексереді және тіркеуге алады;
      2) қызмет көрсетушінің кеңсесінің (құжаттарды қабылдау және беру бөлімі) қызметкері құжаттар келіп түскен күні құжаттарды жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын анықтау және кадастрлық құнның актісін дайындау үшін қызмет көрсетушінің жерді бағалау бөліміне 30 минут ішінде береді;
      3) жерді бағалау бөлімінің қызметкері қабылданған құжаттарды 12 жұмыс күні ішінде тіркейді, жер учаскесін мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің деректер базасы бойынша сәйкестендіреді, қажет болған жағдайда қызмет көрсетушінің құжаттарды сақтау және жүйелеу бөлімінен (техникалық мұрағаттан) инвентарлық жер-кадастрлық істерді сұратады, бағалы аймақтарды, аймақтылық коэффициентін анықтайды, кадастрлық бағалау актісін дайындайды;
      4)дайындалған кадастрлық құнның актісін қызмет көрсетушінің жерді бағалау бөлімінің қызметкері 30 минут ішінде қызмет көрсетушінің басшысына қол қоюға береді;
      5) қызмет көрсетушінің басшысы 1 жұмыс күні ішінде кадастрлық құнның актісіне қол қояды және кеңсеге (құжаттарды қабылдау және беру бөліміне) береді;
      6) кеңсенің (құжаттарды қабылдау және беру бөлімінің) қызметкері 4 сағакт ішінде кадастрлық құнның актісін тіркейді;
      7) қызмет көрсетушінің кеңсесінің (құжаттарды қабылдау және беру бөлімінің) қызметкері мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін қызмет алушыға 1 жұмыс күні ішінде немесе ХҚКО курьеріне 4 сағат ішінде береді.
      Әр рәсімнің (іс-әрекеттің) ұзақтығы көрсетілген әр іс-әрекеттің (рәсімнің) өту рәсімдерінің (іс-әрекеттерінің) реттілігі сипатының блок-схемасы «Жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын анықтау» мемлекеттік қызметі регламентінің (бұдан әрі - Регламент) 1-қосымшасында келтірілген.

4. Халыққа қызмет көрсету орталығымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібінің сипаты

      9. Көрсетілетін қызметті алушының ХҚКО арқылы өтініш беру тәртібінің сипаттамасы, қызмет алушының өтінішін өңдеу ұзақтығы:
      1) ХҚКО-ның операциялық залының қызметкері (операторы) қызмет алушы берген құжаттарды олар келіп түскен күні 15 минут ішінде қабылдап тексереді, тіркейді.
      Көрсетілетін қызметті алушы стандарттың 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, ХҚКО қызметкері стандарттың 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тартылғаны туралы қолхат береді;
       2) операциялық залдың қызметкері (операторы) көрсетілетін қызмет алушыдан қабылданған құжаттарды олар келіп түскен күні 15 минут ішінде ХҚКО жинақтау секторының қызметкеріне (маманына) тапсырады;
      3) ХҚКО жинақтау секторының қызметкері (маманы) құжаттарды дайындап қызмет берушіге жіберу үшін ХҚКО-ның курьеріне тапсырады. Бұл ретте, ХҚКО-ға өтініш берген кезде құжаттарды қабылдаған күн мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді (құжаттарды қабылдау күні бойы);
      4) қызмет көрсетуші 15 (он бес) жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін дайындайды;
      5) құжаттарды қабылдау және беру бөлімінің қызметкері мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін ХҚКО-ның курьеріне 4 сағат ішінде тапсырады. Бұл ретте, ХҚКО-нің курьері қызмет берушіден құжаттарды алғаны туралы уақыты мен күнін көрсетіп, белгі қояды;
      6) ХҚКО-нің курьері ХҚКО-ның жинақтау секторының қызметкеріне (маманына) мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін тапсырады (2 сағат);
      7) ХҚКО-ның жинақтау секторының қызметкері (маманы) мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін қабылдайды және ХҚКО-ның беру секторының маманына жолдайды (1 сағат);
      8) талон негізінде және жеке куәлігін және (немесе) сенімхат ұсынған жағдайда, ХҚКО-ның беру секторының қызметкері қызмет алушыға мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін береді (15 минут);
      9) егер де қызмет алушы көрсетілген қызметтің қорытындысын алуға көрсетілген мерзімде келмеген жағдайда, ХҚКО оның бір ай бойы сақталуын қамтамасыз етеді, содан кейін оны әрі қарай сақтау үшін қызмет берушіге тапсырады.

«Жер учаскесінің кадастрлық
(бағалау) құнын айқындау»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
регламентіне 1-қосымша

Әр рәсімнің (іс-әрекеттің) ұзақтығы көрсетіле отырып, әр іс-әрекеттің (рәсімнің) өту рәсімдерінің (іс-әрекеттердің) реттілік сипатының блок-схемасы

«Жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын
айқындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет
регламентіне 2-қосымша

«Жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындау» мемлекеттік қызметін көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы

Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 24 сәуірдегі
№ 355 бұйрығына
10-қосымша

«Жерлердің сапалық жағдайы және жер учаскесінің бағалау құны туралы мәліметтерін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1. Жалпы ережелер

      1. «Жерлердің сапалық жағдайы және жер учаскесінің бағалау құны туралы мәліметтерін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндеттерін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 271 бұйрығымен бекітілген ««Жерлердің сапалық жағдайы және жер учаскесінің бағалау құны туралы мәліметтерін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі стандартына (2015 жылғы 15 мамырда нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне № 11052 болып тіркелді) (бұдан әрі - Стандарт) сәйкес Мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесі арқылы (бұдан әрі - МЖК ААЖ) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитетінің «Жер кадастры ғылыми-өндірістік орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнымен, оның филиалдарымен және аудандық бөлімшелерімен (бұдан әрі - қызмет беруші) жергілікті жерде көрсетіледі.
      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижелерін беру қызмет көрсетушінің кеңсесі (құжаттарды қабылдау және беру бөлімі немесе аудандық бөлімшелер) арқылы жүзеге асырылады.
       2. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: қағаз түрінде.
      3. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі ауыл шаруашылығы алқаптарының сапалық күй-жайы (топырақтың мелиоративтік күй-жайы, бонитет балы және мал-азықтық алқаптардың мәдени-техникалық күй-жайы) мен жер учаскесінің бағалау құны туралы мәлімет болып табылады.

2.Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде қызмет көрсетушінің
құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) әрекет ету тәртібінің сипаты

      4. Мемлекеттік қызмет көрсету рәсімін (іс-әрекет) бастауға негіздеме қызмет көрсетушінің стандарттың 9-тармағында көрсетілген тізімге сәйкес құжаттарының болуы болып табылады.
      5. Қызмет алушының өтініші негізінде мемлекеттік қызметті көрсеткен кезде процесс құрамына кіретін әр рәсімнің (іс-әрекеттің) мазмұны және оларды орындау ұзақтығы:
      1) кеңсенің (құжаттарды қабылдау және беру бөлімінің немесе аудандық бөлімшенің) қызметкері стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттардың толықтығын тексереді, журналға тіркейді және қызмет алушыға құжаттарды алғаны туралы қолхат береді немесе құжаттарды қабылдаудан дәлелді бас тартады (15 минут);
      2) кеңсенің (құжаттарды қабылдау және беру бөлімінің немесе аудандық бөлімшенің) қызметкері қабылданған құжаттарды жер учаскесінің сапалық күй-жайын және бағалау құныны анықтау үшін қызмет берушінің жерді зерттеумен және бағалаумен айналысатын құрылымдық бөлімшесіне береді (30 минут);
      3) қызмет көрсетушінің құрылымдық бөлімшесінің қызметкері қабылданған құжаттарды тіркейді, жер учаскесін МЖК ААЖ деректер базасы бойынша сәйкестендіреді, қажет болған жағдайда қызмет көрсетушінің құжаттарды жүйелендіру және сақтау бөлімінен (техникалық мұрағаттан) инвентарлық жер-кадастрлық істерді сұратады, қолда бар топырақ, топырақ-мелиоративтік, геоботаникалық зерттеу материалдарын, топырақ бонитировкасы материалдарын іріктейді, түзету коэффициентін анықтайды, жер учаскесінің сапалық күй-жайы мен бағалау құны туралы ақпаратты дайындайды (1 күн);
      4) жер учаскесінің сапалық күй-жайы мен бағалау құны туралы мәліметтерді қызмет берушінің құрылымдық бөлімшесінің қызметкері қызмет берушінің басшысына қол қоюға береді (1 күн);
      5) қызмет берушінің басшысы жер учаскесінің сапалық күй-жайы мен бағалау құны туралы мәліметтерге қол қояды және қызмет көрсетушінің кеңсесіне (құжаттарды қабылдау және беру бөліміне немесе аудандық бөлімшелерге) береді (30 минут);
      6) қызмет берушінің кеңсесінің (құжаттарды қабылдау және беру бөлімінің немесе аудандық бөлімшесінің) қызметкері жер учаскесінің сапалық күй-жайы мен бағалау құны туралы мәліметтерді тіркейді және оны қызмет алушыға береді (1 күн).
      6. Келесі рәсімді (іс-әрекетті) орындауды бастау үшін негіз болатын мемлекеттік қызметті көрсету рәсімінің (іс-әрекеттің) нәтижесі:
      1) қызмет берушінің кеңсесінің (құжаттарды қабылдау және беру бөлімінің немесе аудандық бөлімшесінің) қызметкерінің құжаттарды қабылдауы, оның нәтижесі кіріс нөмірі бар тіркелген құжат болып табылады (15 минут);
      2) қабылданған құжаттарды жер учаскесінің сапалық күй-жайы мен бағалау құны туралы мәліметтерді дайындау үшін қызмет берушінің құрылымдық бөлімшесіне беру (30 минут);
      3) қабылданған құжаттарды қызмет берушінің құрылымдық бөлімшесінде тіркеу, жер учаскесін МЖК ААЖ деректер базасы бойынша сәйкестендіру, қажет болған жағдайда құжаттарды жүйелендіру және сақтау бөлімінен (техникалық мұрағаттан) инвентарлық жер-кадастрлық істерді алу, топырақ, топырақ-мелиоративтік, геоботаникалық зерттеу материалдарын, топырақ бонитировкасы материалдарын іріктеу, түзету коэффициентін, бағалы аймақтарды анықтау, аймақтылық коэффициентін анықтау, жер учаскесінің сапалық күй-жайы мен бағалау құны туралы ақпаратты дайындау (1 күн);
      4) қызмет берушінің құрылымдық бөлімшесі қызметкерінің жер учаскесінің сапалық күй-жайы мен бағалау құны туралы дайын ақпаратты қызмет берушінің басшысына қол қоюға берулері (1 күн);
      5) қызмет берушінің басшысының басшының жер учаскесінің сапалық күй-жайы мен бағалау құны туралы мәліметтерге қол қойып, кеңсеге (құжаттарды қабылдау және беру бөліміне немесе аудандық бөлімшелерге) беруі (30 минут);
      6) кеңсенің (құжаттарды қабылдау және беру бөлімінің немесе аудандық бөлімшенің) қызметкері жер учаскесінің сапалық күй-жайы мен бағалау құны туралы мәліметтерді тіркейді және қызмет алушыға береді (1 күн).

3. Мемлекеттік қызметтерді көрсету процесінде қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлердің) өзара әрекет ету тәртібінің сипаты

      7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізімі:
      1) қызмет берушінің кеңсесінің (құжаттарды қабылдау және беру бөлімінің немесе аудандық бөлімшенің) қызметкері;
      2) қызмет берушінің жерді зерттеумен және бағалаумен айналысатын құрылымдық бөлімшесі;
      3) қызмет берушінің басшысы.
      8. Әр рәсімнің ұзақтығы көрсетіле отырып, құрылымдық бөлімшелердің (қызметкерлердің) арасындағы рәсімдердің (іс-әрекеттің) жүйелілігінің сипаттамасы:
      1) қызмет берушінің кеңсесінің (құжаттарды қабылдау және беру бөлімінің немесе аудандық бөлімшенің) қызметкері стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттардың толықтығын тексереді, журналға тіркейді және қызмет алушыға құжаттарды алғаны туралы қолхат береді немесе құжаттарды қабылдаудан дәлелді бас тартады (15 минут);
      2) қызмет берушінің кеңсесінің (құжаттарды қабылдау және беру бөлімі немесе аудандық бөлімшесінің) қызметкері қабылданған құжаттарды жер учаскесінің сапалық күй-жайы мен бағалау құны туралы мәліметтерді дайындау үшін қызмет көрсетушінің құрылымдық бөлімшесіне береді (30 минут);
      3) қызмет көрсетушінің құрылымдық бөлімшесінің қызметкері қабылданған құжаттарды тіркейді, жер учаскесін МЖК ААЖ деректер базасы бойынша сәйкестендіреді, қажет болған жағдайда құжаттарды жүйелендіру және сақтау бөлімінен (техникалық мұрағаттан) инвентарлық жер-кадастрлық істерді сұратады, қолда бар топырақ, топырақ-мелиоративтік, геоботаникалық зерттеу материалдарын, топырақ бонитировкасы материалдарын іріктейді, түзету коэффициентін, бағалы аймақтарды анықтайды, аймақтылық коэффициентін анықтайды, жер учаскесінің сапалық күй-жайы мен бағалау құны туралы ақпаратты дайындайды (1 күн);
      4) жер учаскесінің сапалық күй-жайы мен бағалау құны туралы мәліметтерді қызмет көрсетушінің құрылымдық бөлімшесінің қызметкері қызмет көрсетушінің басшысына қол қоюға береді (1 күн);
      5) қызмет берушінің басшысы жер учаскесінің сапалық күй-жайы мен бағалау құны туралы мәліметтерге қол қояды және кеңсеге (құжаттарды қабылдау және беру бөліміне немесе аудандық бөлімшелеріне) береді (30 минут);
      6) кеңсенің (құжаттарды қабылдау және беру бөлімінің немесе аудандық бөлімшенің) қызметкері жер учаскесінің сапалық күй-жайы мен бағалау құны туралы мәліметтерді тіркейді және қызмет алушыға береді (1 күн).
      9. Мемлекеттік қызметті көрсетуге кедергі болатын еңсерілмейтін күш жағдаяттары (төтенше жағдайлар, табиғи апаттар, электр энергиясының уақытша өшірлуі, сондай-ақ қызмет берушінің болжап білуі мүмкін емес және өз күшімен жоя алмайтын басқа да жағдайдар) туындаған жағдайда, оны орындау аталған жағдайлар жойылғанға дейін тоқтатылады.
      Әр рәсімнің (іс-әрекеттің) ұзақтығы көрсетілген әр іс-әрекеттің (рәсімнің) өту рәсімдерінің (іс-әрекеттерінің) реттілігі сипатының блок-схемасы осы регламенттің 1-қосымшасында келтірілген.

«Жерлердің сапалық жағдайы және
жер учаскесінің бағалау құны туралы
мәліметтерін беру» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет регламентіне
1-қосымша

Әр рәсімнің (іс-әрекеттің) ұзақтығы көрсетіле отырып, әр іс-әрекеттің (рәсімнің) өту рәсімдерінің (іс-әрекеттердің)реттілік сипатының блок-схемасы

«Жерлердің сапалық жағдайы және жер учаскесінің бағалау құны туралы мәліметтерін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 2-қосымша

«Жерлердің сапалық жағдайы және жер учаскесінің бағалау құны туралы мәліметтерін беру»
(көрсетілетін мемлекеттік қызметтің атауы)
мемлекеттік қызметін көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығы