Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы үлгілік келісімді бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 390 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 2 маусымда № 11246 тіркелді.

Қолданыстағы

      "Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы" 2012 жылғы 13 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 17) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса берiлiп отырған Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы үлгілік келісім бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті (А.Қ. Ержанов):

      1) осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық ол алғаш ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

Қазақстан Республикасының


Инвестициялар және даму министрі

Ә. Исекешев

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрі

      ______________ Б. Сұлтанов

      2015 жылғы 28 сәуір

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      ______________ Е. Досаев

      2015 жылғы 20 сәуір



  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрінің
2015 жылғы 31 наурыздағы
№ 390 бұйрығымен
бекітілген

Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы
үлгілік келісім

      ____________________ 20__ жылғы "__"________________

      (қол қойылған қала) (жасалған күні)

      Бұдан әрі "уәкілетті орган" деп аталатын

      ____________________________________________________________атынан

      (энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы

      уәкілетті органның атауы)

      ______________________________________________негізінде әрекет

      ететін (ереже немесе бұйрықтың)

      _________________________________________________________________,

      (уәкілетті тұлғаның лауазымы, Т.А.Ә.А.)

      бұдан әрі "облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың

      жергілікті атқарушы органы" деп аталатын

      ____________________________________________________________атынан

      (облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті

атқарушы органы)


      ______________________________________________негізінде әрекет ететін

      (қаулы, шешім, өкім)

      _________________________________________________________________

      (уәкілетті тұлғаның лауазымы, Т.А.Ә.А.)

      және бұдан әрі "Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектісі" деп

      аталатын

      ____________________________________________________________атынан

      (мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектісінің атауы)

      ______________________________________________негізінде әрекет ететін

      (жарғы, сенімхат, заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу

      (қайта тiркеу) туралы анықтама,

      жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлік)

      __________________________________________________________________,

      (уәкілетті тұлғаның лауазымы, Т.А.Ә.А.)

      бұдан әрі бірлесіп "Тараптар" деп аталатындар, "Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы" 2012 жылғы 13 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес (бұдан әрі – Заң) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы осы келісімді (бұдан әрі – Келісім) жасасты.

      1. Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектісінің энергия тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын іске асыру есебінен бес жыл ішінде кемінде жиырма бес пайыз көлемінде өнім бірлігіне меншікті энергия тұтынуды төмендету бойынша міндеттемелер қабылдауы осы Келісімнің мәні болып табылады.

      2. Осы Келісімді жасайтын Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектісі энергия аудитінің қорытындысы бойынша өнім бірлігіне меншікті энергия тұтынуды азайтудың он бес пайызына тең немесе одан асатын айқындалған энергия аудитінің қорытындысын уәкілетті органға ұсынуға міндетті.

      3. Осы Келісімді жасасқан Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектісі:

      1) есептіден кейінгі жылдың 31 наурызына дейін, жыл сайын уәкілетті органға энергия тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын іске асыру есебінен бес жыл ішінде кемінде он бес пайыз көлемінде өнім бірлігіне меншікті энергия тұтынуды төмендету туралы мәліметті және энергия аудитінің қорытындысы бойынша әзірленген энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында айқындалған қаржы қаражатын игеру туралы есеп беруге;

      2) осы Келісімді жасасқан кезден бастап бес жыл ішінде энергия тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын іске асыру есебінен өнім бірлігіне меншікті энергия тұтынуды он бес пайызға төмендетуге қол жеткізуге;

      3) осы Келiсiмнiң шартын орындамаған жағдайда, тиісті жергілікті бюджетке "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" (Салық кодексi) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексiнің 495-бабында белгіленген ставкалар бойынша есептелетін қоршаған ортаға эмиссия үшін төлем сомасын Қазақстан Республикасы Салық кодексінің көрсетілген бабының 9-тармағының екінші бөлігінің ережесін ескермей төлеуге, сондай-ақ осы Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектісі үшін қоршаған ортаға эмиссия үшін жоғарылатылмаған төлем ставкасын жергілікті уәкілетті орган бекіткен сәттен бастап қоршаған ортаға эмиссия үшін жоғарылатылмаған төлем ставкасын белгілеу есебінен үнемделген қоршаған ортаға эмиссия үшін төлем сомасын тиісті жергілікті бюджетке төлеуге;

      4) энергия үнемдеу және энергия тиiмдiлiгін арттыру туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын және осы Келiсiмнің шарттарын сақтауға міндетті.

      4. Уәкілетті орган:

      1) осы Келiсiмде көзделген Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектісінің мiндеттемелердi орындау мониторингін жүргізуге;

      2) осы Келiсiмнiң шарттарын Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектісінің орындауын бақылауды жүзеге асыруға;

      3) осы Келісімнің шартын Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектісінің бұзғаны туралы салық органын хабардар етуге;

      4) Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектісінің энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы мамандарының оқуына жәрдем көрсетуге міндетті.

      5. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы:

      1) осы Келісімде көзделген талаптарды сақтауға;

      2) осы Келiсiм шеңберінде тек қана объектілер бойынша осы Келiсiмді жасасқан субъекті үшiн Қазақстан Республикасының Салық кодексінде белгіленген қоршаған ортаға эмиссия үшін төлем ставкасын көтермеу туралы мәселені жергiлiктi өкiлеттi органдардың қарауына ұсынуға міндетті.

      6. Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектісі:

      1) уәкілетті органға және облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органына энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыруды қамтамасыз ету бойынша ұсыныстар енгізуге;

      2) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру мәселелері бойынша ақпаратты уәкілетті органнан алуға құқылы.

      7. Өзара келісім бойынша Тараптардың осы Келісімге жазбаша нысанда қосымша келісімдер жасасу арқылы өзгерістер мен толықтырулар енгізуге құқығы бар.

      8. Келісімнің қолданысын тоқтату Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасының нормаларына сәйкес жүзеге асырылады.

      9. Егер бұл форс-мажорлық мән-жайлардың, яғни осы Келісім шарттарының орындалмауына немесе тиісінше орындалмауына әкеп соққан еңсерілмейтін күш мән-жайларының (дүлей апат немесе болжауға немесе алдын алуға болмайтын өзге де мән-жайлар) салдары болып табылса, тараптар осы Келісім бойынша міндеттемелерді орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін жауапкершіліктен босатылады. Форс-мажор жағдайында, зардап шеккен Тарап екінші Тарапты форс-мажор оқиғасы туралы жазбаша нысанда хабардар етеді.

      10. Заңды тұлға түрінің және/немесе Тараптардың ұйымдық-құқықтық нысанының өзгеруі шарттың қолданылуын тоқтатпайды және Тараптар Келісімді бұзуға, оны өзгертуге ниет білдірген не құқық нормалары оны қайта ресімдеуді талап еткен жағдайларды қоспағанда, барлық құқықтар мен міндеттер тиісті құқықтық мұрагерлерге өтеді. Бұл ретте Тараптар құқықтық мәртебесінің, орналасқан жерінің және өзге де деректемелерінің өзгергені туралы 3 күн мерзімде бірін-бірі жазбаша нысанда хабардар етуге міндетті.

      11. Келісім Тараптардың әрқайсысы үшін және бірдей заңды күші бар мемлекеттік және орыс тілдерінде ___ түпнұсқа данада жасалды.

      12. Осы Келісім оған тараптар қол қойған күннен бастап күшіне енеді және ___ жыл (кемінде бес жыл) ішінде қолданыста болады.

      Тараптардың мекенжайы мен деректемелері:

      _____________________ ________________________ ____________________

      _____________________ ________________________ ____________________

      _____________________ ________________________ ____________________